Шетел тілі
Жалпы орта білім беру деңгейі тілдерді меңгерудің жалпыеуропалық деңгейлеріне қатысты:
10-сынып – В1 («Қалыптасқан игерім 1»);
11-сынып – В1+ («Қалыптасқан игерім 1.2»).
Шетел тілін тәрбиелік, танымдық және басқа ұлттық мәдениетпен және оны жеткізушілермен өзара әрекет ету құралы ретінде оқу болашақта бәсекеге қабілетті маман даярлау үшін оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, болашақта шетел тілін меңгеру дағдысының артуын ілгерілетуге бағытталған. Орта мектептің жоғары сынып оқушыларына шет тілін оқытудың мақсаттары мен міндеттері осылайша шарттасады.
«Шетел тілі» оқу пәнін оқытудың мақсаттары оқушылардың коммуникативтік құзыреттерін жетілдіруден және өзінің мәдениетін әлемдік масштабта кеңінен насихаттай алатын, болашақ мамандығында шет тілін тәжірибе жүзінде қолдана алатын көпмәдениетті, көптілді тұлғаны қалыптастырудан тұрады.
10-11-сыныптарға арналған «Шетел тілі» оқу пәнін оқытудың міндеттеріне:
-
оқушылардың шетел тіліндегі жалпы мәдениаралық қарым-қатынаста әлеуметтік-тұрмыстық және оқу-кәсіптік саладағы коммуникативтік мәдениеті мен әлеуметтік білімін дамыту;
-
жалпы мәдени үлгіде түрлі мәдениттану ақпараттарын жинақтау, жүйелеу мен өңдей білуді дамыту және коммуникативті-танымдық мәселелерді шеше білуде түсіндіру, қолдана білу;
-
пікірталастық қарым-қатынаста ағылшынтілді елдер мен Қазақстанда адамдардың мәдениет, өмір сүру салты мен стилін шетел тілінде әдеп негізіне оқыту;
-
шетел тілінің вариативтілігі мен оның ағылшынтілді және әлемнің басқа елдеріндегі қызметіндегі ерекшелігін, ресми және бейресми қарым-қатынастағы ауызша және жазбаша мәтіндердің құрылымдық ерекшелігі туралы оқушылардың филологиялық білімдерін тереңдету;
-
оқушыларды тілдік, сөйлеу және әлеуметтік-мәдени құзыреттілік қалыптасу деңгейінде өзін-өзі бағалау негізіне оқыту және тілдік өз білімін жетілдіру қажеттілігін дамыту;
-
оқушыларды ағылшын тілін шетел тілі ретінде білу деңгейінің халықаралық талаптарымен таныстыру.
Орта мектепте ағылшын тілінде білім берудің аяқталу кезеңінің негізгі айырмашылығы – шетел тілі бейіндік оқытуды жүзеге асырудың құралы болып табылады. Нақты бейіндік бағыт, яғни оқу мазмұнын қайта құрылымдау есебінен, жалпы білім беру тақырыптарының қысқарту мен болашақ оқушының мамандыққа бағытталған түпнұсқалық оқу материалының кіріспесіне, коммуникативтік құзыреттілікті сөздік қорды байыту жолымен мәтіндік материал негізінде бейіндік бағытты жетілдіру арқылы қол жеткізіледі.
Сондай-ақ, жоғары сыныптарда «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру жалғасын табуы тиіс. Бұл орайда қазіргі әлемде және Қазақстанда шетел тілін білудің қажеттілігі мен маңыздылығы болашақта мансаптық өсуде кәсіби дамуға зор мүмкіндіктер ашатынын түсінуді қалыптастыру қажет. Шетел тілі сабақтарындағы тыңдау материалдарын пайдалану- жас ерекшеліктері мен жоғары сынып оқушыларының тұлғалық мүддесіне жауап беруі, елдегі оқытылатын тілдің олардың кәсіптік бағдарлық және қайта даярлаумен танысуды қамтамасыз етуге,таңдаған кәсіптің ерекшелігімен және шет тілінің болашақ мамандықты меңгерудегі ролімен танысуға, ғылыми-техникалық және мәдени өрлеуге қосылуға, таңдап алған салада кәсіби бағыттағы жалпы ой-өрісін кеңейтуді қамтамасыз етуі қажет.
Бейіндік бағыттағы оқу материалдарымен жұмыс істеу кейбір продуктивті, рецептивті тілдік минимумдарды ұлғайтуға, сондай-ақ білімін, сөйлеу қызметінің барлық түрінде шеберлігі мен дағдысын арттыруға, әрі қарай колледждер мен жоғары оқу орындарында бейіндік бағыттағы базаны жалғастырып оқытуға әкеліп соғуы тиіс.
Тұлғалық және бейіндік бағыттағы оқыту мазмұны мен шығармашылық-креативті оқыту деңгейін көтеруге мүмкіндігі бар қолданылған оқыту технологиялары жалпыеуропалық стандартқа сәйкес шетел тілдерін В1 деңгейінде білуді қамтамасыз етуі тиіс. Оқушылар тілдік және сөйлеу тақырыптарын игеруі тиіс, әңгімелесу барысында тілдік материалды пайдалану, оқу және нақты тақырыптар шеңберінде коммуникативтік міндеттерге сәйкес ауызша және жазбаша түрдегі монологтік және диалогтік сөйлесімдерді түсіну және ой қорыту.
Үлгілік оқу жоспарына сәйкес шет тілі бойынша сағат саны:
қоғамдық-гуманитарлық бағыт: 10-11-сыныптарда – аптасына 4 сағаттан, жылына жалпы сағат саны – әр сыныпта 136 сағатты құрайды;
жаратылыстану-математикалық бағыт: 10-11-сыныптарда аптасына 2 сағаттан, жылына жалпы сағат саны – әр сыныпта 68 сағатты құрайды.
4.2 «Математика және информатика» білім саласы
Математика
Жалпы орта білім деңгейінде математиканы оқыту келесі мақсаттарға жетуге бағытталған: салалас пәндер мен қолданбалы есептерді шығару және сипаттау үшін математикалық модельдерді құрастыру мен зерттеу; математикалық материалдар бойынша есептерді шығару алгоритмдерін өздігінен құру және орындау; практикалық сипаттағы есептеулерді орындау; математикалық формулаларды қолдану және жеке жағдайларды жалпылау негізінде математикалық формулаларды өздігінен құру.
10-11 сыныптарда математиканы саралап оқыту, яғни «Алгебра және анализ бастамалары» және «Геометрия» жүйелі курстары оқыту жүзеге асырылады.
10-11-сыныптарда алгебра және анализ бастамалары курсын оқытуға бөлінген сағат саны оқу жылының басында әрбір сыныпта алдыңғы курстарда игерілген математикалық білімдерін қайталауға, тереңдетуге және жүйелеуге уақыт бөлуге; 10-11-сыныптардың екі бағыты бойынша алгебра және анализ бастамаларының оқу бағдарламаларында бірдей тақырыптарды беру арқылы оқушылардың ҰБТ-ге дайындауда математикалық материал мазмұнын меңгеруге бірдей жағдай жасауды қамтамасыз етуге; математикалық материалдың мазмұнын беру ретін жетілдіруге, оқу бағдарламасындағы материалды игеруге көп уақыт бөлуге мүмкіндік береді.
Алгебра және анализ бастамалары
Алгебра және анализ бастамалары курсымен орта мектептегі алгебраны оқыту аяқталады. Берілген курс анализ бастамаларына қатысты ұғымдарды, тұжырымдар мен әдістерді мазмұндық ашумен, олардың тәжірибелік маңыздылығын айқындаумен сипатталады.
Алгебра және анализ бастамаларын игеру оқушылардың ой-өрісін, логикалық пайымдау, дәлелдеулер жүргізу, практикалық есептерді шығару барысында математикалық білімдерін қолдану біліктігін дамытуға бағытталған; математикалық оқу қызметіне оқушыларды қатыстыруға, олардың математикалық материалды түсінуіне бағытталған жұмыстардың белсенді түрлерін көбейтуді көздейді. Сонымен қатар математиканы оқытудың бір құрамдас бөлігі ретінде визуальды оқытуды күшейту мақсатында ақпараттық технологияларды қолдануға көңіл бөлінеді.
Қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптардың «Алгебра және анализ бастамалары»пәнін оқытудың мақсаты – оқушылардың табиғат құбылыстарын түсінуге, қоршаған ортаның нысаналарын және саралас пәндерді игеруге қажетті математикалық ұғымдармен және олардың қасиеттерімен таныстыру.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптарда математика курсын оқытудың ерекшелігі – адамның жалпы мәдени дамуына бағыттау, математика заңдарымен таныстыру және қазіргі өмірде еркін бағдар алуға қажетті адам қызметімен байланысты математикалық білім мен біліктілікті қалыптастыру болып табылады. Берілген курс үшін көптеген дәлелдеулері бар теориялық деректер берілмейді, теоремалардың қатаң түрде дәлелдеулері өте аз мөлшерде, негізінен, нақтылы пайымдаулардың үлгілері ретінде беріледі, түсіндірулер көрнекіліктермен негізделеді, жаттығулардың күрделілігі қарапайым деңгейімен шектеледі. Курстың кейбір дәстүрлі бөлімдері жалпыланған түрде (дәлелдеулерсіз, түсініктер деңгейінде) оқытылады.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы және математика тереңдетіліп оқытылатын сыныптарда тарихи мәліметтерді қарастырудың маңызы зор. Әсіресе тілдерді тереңдетіп оқытатын сыныптарда математикалық терминдердің шығуы мен дамуына ерекше назар аударылғаны жөн.
Жаратылыстану-математика бағытындағы сыныптарда математика пәнін оқыту математикадан білімі мен біліктілігінің белгілі деңгейін талап ететін мамандық бойынша оқу орнында оқушының оқуын жалғастыру мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
Жаратылыстану-математика бағыты бойынша математикадан білім беру мазмұны оқушылардың бойында қоршаған әлем туралы біртұтас түсініктің қалыптасуына, оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға ықпал ететін жалпы ғылыми біліктерді меңгеруіне бағытталған. Кейбір нақты математикалық жағдаяттардың математикалық моделін интерпретациялауда және құрастыруда қалыптасатын біліктілік жаратылыстану-математикалық бағытта шынайы үдерістер мен құбылыстарды, теориялық мәселелерді зерттеуде және қолданбалы есептер шығаруда қолданылады. Математиканы оқытуда қалыптасқан теориялық сұрақтар мен есептерді шешудің зерттеу аппараты жаратылыстану-математика пәндерін оқыту үшін үлкен рөл атқарады.
10-11-сыныптардағы алгебра және анализ бастамалары пәнінің қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математика бағыттары бойынша сағат саны: аптасына 3 сағаттан, әрбір сыныпта оқу жылында 102 сағатты құрайды.
Геометрия
Жалпы орта білім беру деңгейіндегі геометрия курсының мазмұны кеңістіктегі геометриялық фигураларды және олардың қасиеттерін, геометриялық шамаларды өлшеуді оқып білуді қарастырады.
10-11-сыныптарда геометрия курсын оқып білу интеллектуалды дамыған тұлғаны тәрбиелеуде логикалық ойлауды одан әрі дамыту; тұрақты кеңістіктік түсініктерді және кеңістіктік елестерді дамыту; кеңістіктік фигураларды кескіндеу дағдыларын дамыту; геометриялық білім негізінде практикалық және математикалық іс-әрекеттер дағдыларын дамыту; бейнелік ойлауды дамыту; функционалдық сауаттылықты дамыту; графикалық сауаттылықты, эстетикалық талғамды дамыту; геометрия тарихымен және оның ғылыми-техникалық прогрестің дамуына әсерін таныстыру арқылы тұлғаның мәдениетін тәрбиелеу мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған.
Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-11-сыныптарда геометрия курсын оқу пәні ретінде оқытудың мақсаты – барлық оқушыларды одан әрі жоғары мектепте оқуын жалғастыруы үшін геометрия аймағындағы математикалық дайындықтың қажетті деңгейімен қамтамасыз ету; оқушыларға сабақтас пәндерді оқып білуге қажетті геометриялық білім мен біліктер жүйесін меңгерту болып табылады.
Қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-11-сыныптарда геометрияны оқытудың міндеттері: болашақ практикалық қызметіне қажетті негізгі стереометриялық деректер мен әдістер туралы білім жүйесін қалыптастыру; дедукциялық ойлау (тура әдіс, қарсы ұйғару әдісі) дағдыларын дамыту; жазық және кеңістіктік фигуралардың қасиеттері туралы теориялық білім қорын кеңейту; кеңістіктік фигуралардың кескіндерін салу біліктігі мен дағдыларын дамыту; күрделілігі әртүрлі суреттердегі геометриялық фигураларды танып білу, есептерді шешу кезінде қосымша салулар мен көмекші сызбаларды пайдалану біліктігі мен дағдыларын дамыту; нақтылы объектіні бір немесе бірнеше геометриялық фигуралар түрінде бере білу біліктігі мен дағдыларын дамыту; есептеуге және дәлелдеуге арналған геометриялық есептерді шешу біліктігі мен дағдыларын дамыту; геометриялық есептерді шешуде алгебраны және тригонометрияны қолдану біліктігі мен дағдыларын дамыту; практикалық мазмұнды есептерді шешуде геометриялық әдістерді қолдану біліктігі мен дағдыларын қалыптастыру.
Жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11-сыныптарда геометрия курсын оқу пәні ретінде оқытудың мақсаты – барлық оқушыларды одан әрі математика облыстарында білім алуын жалғастыруы мен өздігінен әрекет етуі үшін, сонымен қатар болашақ кәсіби қызметі үшін геометрия аймағындағы математикалық дайындықтың қажетті деңгейімен қамтамасыз ету.
Жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11-сыныптарда геометрияны оқытудың міндеттері: кеңістіктік фигуралардың қасиеттері туралы білім жүйесін қалыптастыру; кеңістіктік фигуралардың қасиеттерін оқу барысында формалды-логикалық ойлау дағдыларын дамыту; кеңістіктік фигуралардың кескіндерін және осы кескіндерде қосымша салуларды салу біліктігі мен дағдыларын дамыту; сызбалардағы кескіндері бойынша жазық және кеңістіктік геометриялық фигураларды танып білу біліктігі мен дағдыларын дамыту; кеңістіктік фигуралардың симметриялары туралы тұрақты түсініктерін қалыптастыру; геометриялық шамаларды өлшеу туралы білім жүйесін қалыптастыру; есептеуге және дәлелдеуге арналған геометриялық есептерді шешу біліктігі мен дағдыларын дамыту; геометриялық есептерді шешуде алгебраны және тригонометрияны қолдану біліктігі мен дағдыларын дамыту; нақтылы объектіні бір немесе бірнеше геометриялық фигуралар түрінде бере білу біліктігін дамыту; практикалық мазмұнды есептерді шешуде геометриялық әдістерді қолдану біліктігі мен дағдыларын қалыптастыру; жазық және кеңістіктік геометриялық фигуралардың қасиеттері мен геометриялық шамаларды табу туралы ғылыми ақпараттарды жинақтай, талдай, өңдей және пайдалана білу біліктігін дамыту; жүргізілген зерттеулерді безендіру, түсіндіру және дәлелдеу үшін геометриялық модельдер мен көрнекі құралдарды түсіне және пайдалана білу біліктігін дамыту.
10-11-сыныптардағы геометрия курсында кеңістіктегі түзулер мен жазықтықтардың өзара орналасуы, екіжақты бұрыштардың геометриялық модельдерде (призма, пирамида, дұрыс көпжақтар және т.б.) қарастырылуы көрнекіліктермен баяндалуы қажет. Бұл «Геометрия» пәнін анағұрлым көрнекті етуге және стереометрияның теоремалары мен қасиеттерін иллюстрациялауға мүмкіндік береді. Кеңістіктегі фигуралардың жазықтықтағы кескіндеріне және олардың жазықтықпен қималарына назар аударған жөн. Есептерді шығару барысында оқушылар қандай формуланы пайдалану керектігін, яғни геометриялық фигураның оның өлшемімен байланысын анықтап алуы керек. Кейін есептің шартына байланысты немесе формулаға қажетті ішкі параметрлерінің барлық мәндерін тауып, формула бойынша есептеу жүзеге асырылады.
Қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы геометрия курсында оқушылар кеңістіктік геометриялық фигуралармен (екіжақты бұрыш, жартыкеңістік, көпжақтар, айналу денелері) және олардың қасиеттерімен танысады. Оқушылар кеңістіктегі геометриялық фигуралардың өзара орналасуын; геометриялық шамаларды (екіжақты бұрыштарды, беттің ауданын, геометриялық дененің көлемін) өлшеуді; көпжақтардың, айналу денелерінің және олардың жазықтықпен қималарының кескіндерін салуды; кеңістіктегі нүктелердің және векторлардың координаталарын оқып біледі. Бұл бағытта геометриялық білім мазмұнындағы көптеген теориялық деректер дәлелдеулерсіз қарастырылып, теоремалар мен қасиеттердің дәлелдеулері көрнекілік түсініктер негізінде берілуі және қарапайым деңгейдегі жаттығулармен шектелуі тиіс. Жекелеген тараулар түсініктермен, дәлелдеулерсіз және күрделі өзгеріссіз оқытылуы қажет.
Жаратылыстану-математикалық бағытындағы геометрия курсында оқушылар кеңістіктік геометриялық фигуралармен (екіжақты бұрыш, жартыкеңістік, көпжақтар, айналу денелері) және олардың қасиеттерімен танысады. Оқушылар кеңістіктегі геометриялық фигуралардың өзара орналасуын; кеңістіктік фигуралардың теңдігін; дөңес фигураларды; геометриялық шамаларды (екіжақты бұрыштардың өлшемі, беттің ауданын, геометриялық дененің көлемін) өлшеуді; көпжақтардың, айналу денелерінің және олардың жазықтықпен қималарының кескіндерін салуды; кеңістіктегі нүктелердің және векторлардың координаталарын; кеңістіктік геометриялық фигуралардың теңдеулермен және теңсіздіктермен берілуін; геометриялық фигураның симметрияларын (центрлік симметрияны, түзуге және жазықтыққа қатысты симметрияларды) оқып біледі. Бұл бағытта оқушылардың бойында математикалық мәдениеттің қалыптасуына, әр оқушының интеллектуалдық дамуына және олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға көңіл бөлу қажет. Сонымен қатар, кеңістіктік фигураларды салуға және денелердің беттерінің ауданы мен көлемін табуға арналған қолданбалы есептерді қарастыру ерекше орын алуы тиіс.
«Геометрия» пәні бойынша сағат саны:
қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша: 10-11 сыныптарда – аптасына
1 сағаттан, әр сыныпта оқу жылында 34 сағатты құрайды;
жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша: 10-11 сыныптарда – аптасына 2 сағаттан, әр сыныпта оқу жылында 68 сағатты құрайды.
Информатика
Бейіндік 10-11-сыныптарда информатиканы оқыту мақсаты қазіргі кездегі ақпараттық технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйесін және визуалды программалуды меңгеру, оқушыларды ақпараттық мәдениетке қалыптастыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарымен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, оқушылар жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды үнемі пайдалануға дағдыландыру, танымдық және зияткерлік қабілеттерін дамыту болып табылады.
Оқыту міндеттері:
-
қажетті нақты міндеттерді шешу үшін визуалды программалау және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, бастапқы теориялық білім мазмұның қалыптастыру;
-
визуалды программалау және мәтіндік, сандық, графикалық және дыбыстық ақпараттарды өңдеу бойынша ақпараттық технологиялар құралдарымен жұмыс істеуге дағдыландыру;
-
оқушыларда ақпараттық және коммуникациялық құзыреттілікті дамыту;
-
ақпараттық іс-әрекеттің этикалық және құқықтық нормаларын сақтауда жауапты қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Информатиканың бірінші сабағы, есептеуіш техника кабинетінде қауіпсіздік техниканың ережелерін және жұмыс орнын ұйымдастыруына қайталауға арналады. Интернет желісіндегі жұмыстармен байланысты тәжірибелік тапсырмаларды орындау барысында ҚР Заңнамасына сәйкес ақпараттармен бірге этикалық және құқықтық аспектілерге маңызды көңіл бөлінеді.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы сыныптарға арналған информатика курсында есептерді шешу негізінде жүйелік және алгоритмдік ойлауды дамыту жалғасады. Практикумдардағы жұмыс бұл іс-әрекеттің тікелей жалғасы болып табылады.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптардағы информатика курсының ерекшелігі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тереңдете оқыту болып табылады.
Әр тарау соңында жобалық іс-әрекетке сағаттар қарастырылған.
Информатиканы және оның тәжірибелік қосымшаларын терең оқуға қызығушылық танытатын оқушылар үшін таңдау курстарын ұйымдастыруға сағат сандарын көбейту мектептің құзырында.
«Информатика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 10-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат; 11-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.
4.3 «Жаратылыстану» білім саласы
География
Жалпы орта білім деңгейіндегі «География» оқу пәнінің мазмұны алдымен, оқушылардың бойында Жер адамзат ғаламшары ретінде екендігі туралы кешенді, жүйелі және әлеуметтік-бағдарлы түсінік қалыптастыратын, дүниетанымдық сипатымен анықталады.
Оқу пәнінің құрылымы мен мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып әзірленген ерекше дидактикалық құрылым ретінде қарастырылады.
«География» оқу пәнінің мазмұны оқушылардың бойында әлемнің географиялық бейнесі жайлы біртұтас дүниетанымдық және жалпы мәдениетін қалыптастыруда, сонымен қатар жалпы білімнің тәрбиелік және дамытушылық сұрақтарын шешуде, жеке тұлғаның әлеуметтенуі мен функционалдық сауаттылығын арттыруда үлкен рөл атқарады.
География оқу пәні ретінде табиғат заңдарын, қоғамның материалдық өмірін, қазіргі әлем бейнесін тануда биология, химия, физика және басқа да білімдердің өзара тығыз пәнаралық байланысын арттыруға көмектеседі.
10-11-сыныптарда географияны оқыту екі бағытта жүзеге асырылады: қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математика бағыттары.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы оқу материалының мазмұны өскелең ұрпақтың географиялық сауаттылығын арттыру, экономикалық-географиялық мәдениетін қалыптастыру үшін қажет білім мен біліктерді қамтиды.
Қоғамдық-гуманитарлық бағытта оқытудың мақсаты оқушылардың жан-жақты экономикалық-географиялық білімді, табиғат, қоғам және экономиканың өзара байланысын түсінуге, функционалдық сауаттылықты тереңдетуге және оқушылардың бейінді-мамандық бағытын анықтауға бағытталған.
Жаратылыстану-математика бағытындағы оқу материалының мазмұны, жалпы мәдениетті қалыптастыру үшін маңызы бар білім мен біліктіліктен басқа, болашақта мамандық алу үшін білімді жалғастыруға қажетті кең көлемді білім мен біліктілікке көп көңіл бөлінеді.
Мақсаты қазіргі әлемді оқу барысында оқушылардың жан-жақты экономикалық-географиялық білім алулары, функционалдық сауаттылықты тереңдету және оқушылардың бейінді-кәсіби бағытын анықтау.
Міндеттері: алдыңғы сыныптарда оқылған жалпы географиялық заңдылықтар туралы білім, ұғымдар мен идеялардың негізінде ғаламшар табиғатының біртұтастығы туралы білім және көзқарасты одан әрі дамыту; дүниежүзі саяси картасы және дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасу кезеңдерін оқып-білу үдерісінде саяси, географиялық білімнің қалыптасуын жалғастыру; табиғат және қоғамның өзара байланысын оның қазіргі даму кезеңі негізінде, қоршаған ортаны қорғау және тиімді пайдаланудың маңызын, Қазақстан және әлем деңгейінде тұрақты даму проблемаларын географиялық тұрғыдан түсіну; әлеуметтік-экономикалық, геоэкологиялық үдерістер мен құбылыстарды сипаттау және талдау үшін ғаламдық, аймақтық және жергілікті жағдайларды үйлесімді пайдалану біліктілігін меңгерту; ғаламшар мемлекеттерінің түрлерін оқып-білу, ұлттық шаруашылықтың даму деңгейі әр түрлі елдердің ерекшеліктерін анықтау; дүние жүзінің халықтарын, дүние жүзінің шаруашылық жүйесін, олардың құрамы, құрылымы және ерекшеліктері, халықаралық байланыстар және халықаралық экономикалық ынтымақтастық туралы оқып-білу барысында оқушылардың білімін одан әрі тереңдету; толеранттылыққа, өзге ұлттарды және олардың мәдениетін сыйлауға тәрбиелеу; оқушылардың бейінді-кәсіптік бағдарларын дамыту, болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға ықпал жасау; карталармен, сызбанұсқалармен, графиктермен, диаграммалармен, кестелермен, ғаламтормен, білім берудің цифрлық ресурстарымен жұмыс істеу кезінде ойлау қабілетінің одан әрі дамуына жағдай жасау, әр түрлі экономикалық-географиялық әдебиеттен қажетті материалдарды жинақтау және талдау барысында сөйлеу және көптілділік, статистикалық, картографиялық және басқа да мәліметтерді өздігінен өңдеу және түсіндіру дағдыларын меңгерту; жоғары патриоттық сезімді, Қазақстан Республикасының Конституциясын құрметтеуге, белсенді азаматтық, өмірлік ұстанымды тәрбиелеу.
«Тұрақты даму», «Жасыл экономика» ұғымдарының ғылыми-теориялық мәнін оқу, меңгеру және олардың дүниежүзілік, аймақтық, ғаламдық маңызын түсіну. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы туралы ғаламдық геоэкономикалық кеңістікте қарқынды дамып келе жатқан ел ретінде, ғылыми негізделген көзқарасты қалыптастыру және дамыту.
Бағдарламада берілген барлық практикалық іс-әрекеттер тәжірибелік дағдыларды дамытушы және қалыптастырушы болып табылады. Міндетті түрде бағаланатын практикалық жұмыстар нөмірмен белгіленген.
География пәнін оқыту арнайы жабдықталған және қажетті аспаптармен, құралдармен, географиялық карталармен, атластармен, баспа құралдарымен, аудио және бейне материалдармен, оқытудың техникалық жабдықтарымен қамтамасыз етілген кабинетте жүзеге асырылады.
География пәні бойынша сағат саны:
қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарда – аптасына 1 сағаттан, оқу жылында – 34 сағат;
жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарда – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында – 68 сағат.
Биология
«Жалпы биологияны» 10-11-сыныптарда жалпы орта білім деңгейінде оқып білу 6-9-сыныптарда негізгі орта білім деңгейінде меңгерген материалды тереңдетіп қарастыруға бағытталған.
Оқытудың мақсаты тірі материя, оның биологиялық құрылым деңгейлері, жасушалық теорияның негізгі қағидалары, өсімдік және жануар жасушаларының құрылысы, органикалық және бейорганикалық заттардың рөлі туралы негізге алынатын түсініктерді, организмдердің жеке даму заңдылықтары туралы түсініктерді, органикалық дүниенің дамуы (эволюциясы) негізіндегі генетикалық заңдылықтар туралы білімді, адамның тұқым қуалаушылығына қоршаған орта факторларының жағымсыз әсері туралы негізге алынатын түсініктерді қалыптастыру болып табылады.
Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарда «Жалпы биология» курсын оқу пәні ретінде оқып білудің мақсаты барлық оқушыларды келесі жоғары мектепте оқуы үшін биология саласында биологиялық дайындықтың қажетті деңгейімен қамтамасыз ету: тірі материя, оның биологиялық құрылым деңгейлері туралы негізге алынатын түсініктерді қалыптастыру; оқушылардың өлі және тірі материяның жалпы белгілерін ұғынуы; жасушалық теорияның негізгі қағидалары туралы білім қалытастыру.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарда биологияны оқытудың міндеттері былайша анықталған: органикалық табиғат туралы, оның өзгергіштігі және тұқым қуалаушылығы туралы білім жүйесін қалыптастыру; жасушадағы органикалық және бейорганикалық заттардың рөлі туралы білім қалыптастыру, биологиялық заңдылықтардың білімін қалыптастыруда өзбетінше жұмыс істеуге дағдылануды дамыту; организмдердің жеке даму заңдылықтары туралы көзқарастарын кеңейту; генетикалық есептерді, молекулалық биологияның есептерін, экологиялық есептерді шығаруда ептілік пен дағдыны дамыту; түр және оның критерийлері түсініктерінің мәнін ашып көрсету, эволюциялық ілім негіздерінің білімдерін қалыптастыру.
Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағыттағы 10-11-сыныптарда «Жалпы биология» курсын оқу пәні ретінде оқып білудің мақсаты барлық оқушыларды келесі, жоғары мектепте оқуы үшін биология саласында биологиялық дайындықтың қажетті деңгейімен қамтамасыз ету: тереңдетілген деңгейде тірі материя, оның биологиялық құрылым деңгейлері туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру; оқушылардың өлі және тірі материяның жалпы белгілерін ұғынуы; органикалық дүниедегі көбейу тәсілдерінің және жасушалардың бөліну типтерінің білімдерін қалыптастыру; жасушалық теорияның негізгі қағидаларының білімін қалытастыру; табиғатты қорғау бойынша Қазақстан Республикасы заңдарының білімін қалыптастыру.
Жаратылыстану-математика бағыттағы 10-11-сыныптарда биологияны оқытудың міндеттері былайша анықталады: органикалық табиғат туралы оның өзгергіштігі және тұқым қуалаушылығы туралы білім жүйесін қалыптастыру; биологиялық заңдылықтардың білімін қалыптастыруда өз бетінше жұмыс істеуге дағдылануды дамыту; органикалық дүниенің дамуы негізінде жатқан генетикалық көзқарастарды кеңейту; қоршаған ортаны қорғау жұмыстарында және генетикалық есептерді, молекулалық биологияның есептерін, экологиялық есептерді шығаруда ептілік пен дағдыны дамыту; пәннің және экологиялық факторлардың рөлін ашып көрсету; экожүйе, биоценоз, биосфера түсініктерінің мәнін ашып көрсету; адам әрекетінің әсерін және осы әсердің нәтижесін ашып көрсету; табиғатты қорғау бойынша қазақ халқының салт-дәстүрлерін ашып көрсету; эволюциялық ілім негіздерінің білімін қалыптастыру; тұқымқуалаушылықтың негізгі заңдылықтарын ашып көрсету; өзгергіштіктің негізгі заңдылықтарын ашып көрсету; селекцияның және биотехнологияның негіздерін сипаттау; биосферадағы тұрақты тепе-теңдікті сақтауға қажетті адамның антропогендік әрекетінің нәтижесін бағалау үшін биологиялық білімді қолдана білуді қалыптастыру, өздігінен білім алу уәжін қамтамасыз ету.
10-11-сыныптардағы биология курсында «Жалпы биология» бөлімін оқытумен ерекшеленеді.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптар үшін оқу материалының мазмұны болашақ ұрпақтың биологиялық сауаттылығын жетілдіруге бағытталған.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы сыныптар үшін оқу материалының мазмұны оқушылардың биологиялық мәдениетін дамытуға, алдыңғы сыныптарда меңгерген білімдерін тереңдетуге бағытталған.
Жалпы биологияны жаратылыстану-математикалық бағыт аясында оқыту бүгінгі күнде биологиялық ғылым дамуының негізгі бағыттарын бейнелейтін жуйелі оқытуды ұйымдастыруды ойластырады. Сонымен қатар биология сабақтарында өзекті экологиялық пролблемаларды шешу де қарастырылуы тиіс.
Биология пәнінің мазмұны оқытудың бағытына байланыссыз оқушылардың дүниетанымдық принципін дамытуды және олардың өздігінен кәсіби бағытын таңдай білуін дамытуды көздейді.
Биологияны оқыту арнайы жабдықталған сынып бөлмесінде және жалпы қолданылатын оқу-көрнекілік құралдар мен жабдықтар, көрнекілік және зертханалық аспаптар мен құрылғылар, интернет ресурстар, техникалық оқыту құралдармен дұрыс жабдықталған жағдайда жүзеге асырылады.
Үлгілік оқу жоспарына сәйкес биология пәні бойынша оқу жүктемесінен көлемі:
қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11- сыныптарда, аптасына – 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;
жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарда аптасына – 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат.
Достарыңызбен бөлісу: |