A + V to broadcast радиодан хабарлау
2. Конверсия
Бір сөз табының басқа сөз табына ауысуы.
а) сөздердің оқылуы және жазылуы өзгермей:
V – N – A to light- light-light жарық беру- жарық (шам)- жарық
V – N to work –work жұмыс істеу –жұмыс
V – A to free- free босату –бос
б) соңғы дыбыс немесе екпіннің өзгеруі арқылы:
N – V ‘increase- to in’crease ұлғаю- ұлғайту
use [ju:s] – to use [ju:z] қолданыс- қолдану
3. Префиксация
Жаңа сөздерді префикстердің (приставкалар) көмегімен жасау:
а) re – [ri:] қайталау мағынасын білдіреді:
re + A/N/V recurrent қайталанатын
to re-read қайтадан оқу
б) со – [kou] жалпылау мағынасын білдіреді:
co + A/N/V co-ordinate барабар
co-existence қатар өмір сүру
co-operate ынтымақтасу
в) out –[aut] бір нәрсенің шамадан тыс шығу мағынасын білдіреді:
out+A/N/V outstanding атақты
outhouse флигель
to outweight іліп қою
г) over – [ouver] «жоғары», «шамадан тыс» (сверх, над, пере-) дегенді білдіреді:
over+N overload шамадан тыс
д) pre – «алдында», «дейін» мағынасын білдіреді:
pre+N prewar соғысқа дейін
е) sub – «астында» мағынасын білдіреді
sub+N subsoil топырақ асты
ж) болымсыздық мағынасын білдіретін префикстер (non-, un-, mis-, dis-, in-, il-, im-, ir-):
non+N/A non-agression шабуыл емес
non- existent жоқ болу
un+A uncommon әдеттегі емес
mis+V misunderstand дұрыс түсінбеу
dis+N disarmament қарусыздану
in/il/im/ir+A/N incomplete толық емес
illiterate сауатсыз
impossible мүмкін емес
irregular жүйелі емес
Суффиксация
Жаңа сөздерді суффикстардың көмегімен жасау;
а) іс-әрекет жасаушының мамандығын, ұлтын білдіретін нақты зат есімдердің сөз жасау құрылымы:
V/R+er/or/ent teacher мұғалім
elevator элеватор
student студент
N/R+ary/ist/ian revolutionary революционер
artist артист
librarian кітапханашы
Russian орыс
б) дерексіз түсінікті білдіретін зат есім құрылымы:
V/R+sion/ation/tion/ssion explosion жарылыс
introduction кіріспе
transmission берілім
V/A/N +ance/ence/dom/ment/ness/ship/ure/hood
appearance сыртқы келбет
difference айырмашылық
freedom бостандық
payment төлем
darkness қараңғылық
friendship достық
pressure қысым
childhood балалық шақ
в) сын есім құрылымдары:
V/R+al/a(i)ble/ful/ic/a(e)nt/ive/ish/y
central орталық
changeable өзгермелі
powerful мықты
patriotic патриоттық
distant алыс
active белсенді
Polish польшалық
icy мұздай
г) сын есім құрылымдары:
Num+teen/ty(e)th
fourteen он төрт
fourty қырық
fourth төртінші
fourtieth қырқыншы
д) үстеу құрылымдары:
N+ly namely атап айтқанда
A+ly hardly мүмкін емес
е) етістік құрылымдары:
R/N/A+ate/ute/ish/(i)fy/ize/en
to graduate бітіру (ЖОО-нын т.б.)
to contribute үлесін енгізу
to finish аяқтау
to purify тазалау
to specialize мамандану
to harden тұрақтану
ж) есімше құрылымдары:
V+ing/ed studying оқушы
played ойнаушы
Cуффикстардың көмегімен сөз жасау
Сөз табы
|
Суффикс
|
Сөзжасам
|
Зат есім
|
- ance (-ence)
|
to perform - performance
|
- er
|
to work - worker
|
- ing
|
to build - building
|
- (t)ion
|
to decorate - decoration
|
- ism
|
social - socialism
|
- ist
|
social - socialist
|
- (i)ty
|
active - activity
|
- ness
|
happy - happiness
|
- ment
|
to developed - development
|
Сын есім
|
- able (- ible)
|
to enjoy – enjoyable
|
- an (-ian)
|
Russia – Russian
|
- ant (- ent)
|
to differ – different
|
- al
|
continent – continental
|
- ful
|
help – helpful
|
- ic
|
hero – heroic
|
- ish
|
yellow – yellowish
|
- ive
|
to act – active
|
- less
|
help - helpless
|
- ous
|
mountain – mountainous
|
- y
|
rain - rainy
|
Етістік
|
- ize (- ise)
|
to organize - organise
|
- en
|
less – to lessen
|
Үстеу
|
- ly
|
nice - nicely
|
Бекіту жаттығулары
Жаттығу №1
Берілген суффикстардан жаңа сөздер құрастырыңыз:
-ful – beauty, wonder, care
-less –fruit, help, care
-ous –fame, glory, cure
-ab/e/-ible-convert, comfort, depend
-al –clinic, practice, experiment
- er/-or-work, teach, recard
-ment- require, treat, require
-ance/-ence-enter, exist; evident
-ing-teach, build, admire
-ness-bitter, backward, aware
-tion/- sion-fix, prepare, add
-ist- science
Жаттығу №2
Сөздерді аударып, суффикстардв атаңыз:
Baseless, careless, famous, dangerous, eatable, responsible, clinical, cultural, numerous, noxious, mournful, speakable.
Жаттығу №3
Суффикстар мен префикстерді атап, сөздерді аударыңыз:
Untrue, prehistoric, ultramodern, postwar, ex-champion, anti-body, decompose, decode, deform, depart, discover, disappearance, reread, reconstruct, coauthor, unequal, misunderstand, undress, disarm, anti-fascist, cooperation, co-existence, interaction, superhuman, ultra-violet.
Жаттығу №4
Төмендегі сөздер қай сөз табына жататынын анықтаңыз және аударыңыз:
1. Achievement - achieve, resistance - resistant, assistance - assist - assistant, celebration - celebrate, difference - different, city - citizen, nation - national - nationality, measure - measurement, develop - development, act - active - activity, contain - container, discover - discovery - discoverer, literature – literary.
2. British, foolish, understandable, heartless, pitiless, successful, experiment, function, musician, socialist, artist, capitalism, professional, fundamental, industrial, doubtful, useful, different, treatment, creative, attractive, peaceful, dangerous, elementary, childish, active, economic, director, worker.
3. React, reaction, reactor, reactivity; science, scientific, scientist; industry, industrial, industrious; cold, coldly, coldness; dark, darkness, darken; happy, happily, happiness, unhappy; equal, equally, unequal, equality; free, freedom, freely; attention, attentive, attentively; sun, sunny, sunless; care, careful, careless, carefully, carelessness.
Жаттығу №5
Төмендегі етістіктерден -еr немесе –or суффикстары арқылы зат есім жасаңыз. Қазақ тіліне аударыңыз:
To lead, to write, to read, to visit, to speak, to sleep, to act, to direct, to conduct, to drive, to fight, to mine, to report, to sing, to skate, to swim, to teach, to travel, to sail, to invent, to found, to compose.
Жаттығу №6
-ful, -less және -able, -ible суффикстарының көмегімен сын есім жасаңыз, қазақ тіліне аударыңыз:
Beauty, thank, hope, doubt, care, aim, use, shape, fruit, power, thought, harm, colour. Change, convert, prevent, break, compare, desire, profit, read, comfort, respect, expect.
Жаттығу №7
Сын есімдерді 3 топқа бөліп жазыңыз: 1) адам, 2) жер, 3) зат:
Obstinate, unspoilt, hand-made, waterproof, easy-going, breathtaking, aggressive, deserted, overgrown, overcrowded, cunning, picturesque, arrogant, long-lasting, spoilt, automatic, accurate, artificial.
Жаттығу №8
Төмендегі зат есімдерден етістік жасаңыз. Аударыңыз:
Turn, smile, smoke, snow, start, stay, step, stop, study, talk, visit, rest, air, paper, cover, handle, cause, watch, act, address, answer, brush, clean, cross, crowd, wave, wish, work, dance, doubt, dress, end, fight, help, hope, joke, laugh, lift, light, love, mind, paper, pencil, place, plan, play, post, reply, report, return, sail, show. Red, tight, soft, deep, short, dark, bright, weak, black, white, sweet, sharp, strength.
Етістік
The Verb
Іс-әрекет пен қимыл-сынды білдіретін сөз табы етістік деп аталады.
Ағылшын тілінде етістіктің (Finite) жіктелген және (Non-Finite) жіктелмейтін түрлері бар. Етістіктің жіктелген түріне жақтар, жекеше, көпше түрлер, шақтар, етіс формалары және рай жатады.
Мысалы: «I speak English every day - Мен күнде ағылшынша сөйлеймін» деген сөйлемде етістік 1-жақты, жекеше түр, белгісіз осы шақты, өздік етісті, ашық райды білдіреді. Бұйрық райдағы етістік те жіктеледі және сөйлемде to демеулігінсіз жасалады. Мысалы: Stand up! Go to the blackboard! Write!
Етістіктің жіктелмейтін түріне инфинитив (the Infinitive), герундий (the Gerund) және есімше (Participle I, II) жатады. Олар сөйлемде жақты, түрді, райды білдіре алмағандықтан, жеке өзі баяндауыш қызметін атқара алмайды.
Мысалы: I want to speak English. Менің ағылшынша сөйлегім келеді.
Етістіктер сөйлемдегі мағынасына және синтактикалық рөліне қарай 3- ке бөлінеді: негізгі, көмекші және модальды. Мысалы:
1. We work at school. Біз мектепте жұмыс істейміз.
To work етістігінің жеке мағынасы бар.
2. Көмекші етістіктерге: to be, to have, to do, shall, will жатады.
He is a worker. He will work tomorrow. Ол жұмысшы. Ол ертең жұмыс істейді.
3. Модальды етістіктерге (modal verbs): can, may, must және т.б. етістіктері жатады. Олар тікелей іс-әрекеттің өзін білдірмей әрекет істеушінің істелетін жұмысқа қатынасын, қабілетін, мүмкіндігін, ықтималдық қажеттігін білдіреді.
Көмекші to be (болу) етістігінің осы шақта жіктелуі
ЖЕКЕШЕ
Жақ
|
Болымды
|
Сұраулы
|
Болымсыз
|
1-ж
|
I am a doctor.
Мен дәрігермін
|
Am I a doctor?
Мен дәрігермін бе?
|
I am not a doctor.
Мен дәрігер емеспін.
|
2-ж
|
You are a doctor.
Сен дәрігерсің.
Сіз дәрігерсіз.
|
Are you a doctor?
Сен дәрігерсің бе?
Сіз дәрігерсіз бе?
|
You are not a doctor.
Сен дәрігер емессің.
Сіз дәрігер емессіз.
|
3-ж
|
He (she) is a doctor.
Ол дәрігер.
It is a table.
Ол үстел.
|
Is he (she) a doctor?
Ол дәрігер ме?
Is it a table?
Ол үстел ме?
|
He (she) is not a doctor.
Ол дәрігер емес.
It is not a table.
Ол үстел емес.
|
КӨПШЕ
Жақ
|
Болымды
|
Сұраулы
|
Болымсыз
|
1-ж
|
We are doctors.
Біз дәрігерміз.
|
Are we doctors?
Біз дәрігерміз бе?
|
We are not doctors.
Біз дәрігер емеспіз.
|
2-ж
|
You are doctors.
Сендер дәрігерсіңдер.
Сіздер дәрігерсіздер.
|
Are you doctors?
Сендер дәрігерсіңдер ме?
Сіздер дәрігерсіздер ме?
|
You are not doctors
Сендер дәрігер емессіңдер.
Сіздер дәрігер емессіздер.
|
3-ж
|
They are doctors.
Олар дәрігерлер.
|
Are they doctors?
Олар дәрігерлер ме?
|
They are not doctors.
Олар дәрігерлер емес.
|
Көмекші етістіктер
To be, to have, to do, shall, will етістіктері көмекші етістіктер деп аталады, өйткені олардың көмегімен етістіктің көптеген күрделі формалары жасалады.
Олар ағылшын етістіктерін шақтарға байланысты жіктеуде маңызды рөл атқарады. Көмекші етістіктер жеке өзі қолданылмайды және мағынасы жоқ.
To be, to have, to do, shall (should), will (would) етістіктері кейбір кездерде модальдық мағынаны білдіреді.
To be, to have, to do етістіктері сонымен қатар мағыналық етістік ретінде де қолданылады: to be – болу, to have – бар болу, to do – істеу.
To be етістігінің қолданылуы:
1. Көмекші етістік ретінде.
|
He is reading a book.
|
Ол кітап оқып отыр.
|
2. Сөз бен сөзді байланыстырушы ретінде.
|
This room is good.
|
Бұл бөлме жақсы.
|
3. Мағыналық етістік ретінде, «болу» мағынасында.
|
He is at home.
|
Ол үйде.
|
4. Бір нәрсені істеу міндеттілігі ретінде
|
We are to meet at noon.
|
Біз түсте кездесуіміз керек.
|
Present Indefinite – те to be етістігі басқа етістіктерге қарағанда формалары әр жақта әр түрлі: I am, he (she, it) is, we (you, they) are.
Past Indefinite – те to be етістігі жекеше және көпше түрде формалары әр түрлі: I (he, she, it) was, we (you, they) were.
To be етістігінің жіктелу кестесі
Present
|
Indefinite
|
Continuous
|
Perfect
|
I am ...
He (she, it) is ...
We are ...
You are ...
They are ...
|
I am being ...
He (she, it) is being ...
We are being ...
You are being ...
They are being ...
|
I have been ...
He (she, it) has been ...
We have been ...
You have been ...
They have been ...
|
Am I ...?
|
Am I being...?
|
Have I been...?
|
I am not...
|
I am not being...
|
I have not been...
|
Past
|
Indefinite
|
Continuous
|
Perfect
|
I was ...
He (she, it) was...
We were...
You were...
They were...
|
I was being...
He (she, it) was being...
We were being...
You were being...
They were being...
|
I had been...
He (she, it) had been...
We had been...
You had been...
They had been...
|
Was I...?
|
Was I being...?
|
Had I been...?
|
I was not...
|
I was not being...
|
I had not been...
|
Future
|
Indefinite
|
Continuous
|
Perfect
|
I shall be...
He (she, it) will be...
We shall be...
You will be...
They will be...
|
|
I shall have been...
He (she, it) will have been...
We will have been...
You will have been...
They will have been...
|
Shall I be ...?
|
|
Shall I have Been...?
|
I shall not be...
|
|
I shall not have been...
|
Future in the Past
|
Indefinite
|
Continuous
|
Perfect
|
I should be...
He (she, it) would be...
We should be...
You should be...
They should be...
|
|
I should have been...
He (she, it) would have been...
We would have been...
You would have been...
They would have been...
|
I should not be...
|
|
I should not have been...
|
to have етістігі
-
Көмекші етістік ретінде:
He has returned to Moscow. – Ол Москваға қайтып келді.
-
Мағыналық етістік ретінде, «бар болу» мағынасында:
He has a sister. – Оның әпкесі бар.
-
Зат есімдермен тіркесіп:
I usually have dinner at home. – Мен әдетте түскі асты үйде ішемін.
-
Бір нәрсені істеу міндеттілігін көрсету үшін:
I have to go to the library. – Менің кітапханаға баруым керек.
-
to have + зат есім н/е есімдік + Past Participle құрылымымен:
I had the letters posted yesterday. – Мен хаттарды кеше жібердім.
-
to have + зат есім н/е есімдік + Инфинитив құрылымымен:
I have something to tell you. – Мен сізге бір нәрсе айтқым келіп тұр.
Present Indefinite –те to have етістігі 1-інші және 3- інші жақта жекеше түде формалары әр түрлі: I have, he (she, it) has. Көпше түрде бәріне бірдей: we (you, they) have. Көмекші етістік ретінде to have Perfect шақтарын жасау үшін өткен шақтағы есімшемен (Participle II) тіркесіп қолданылады. I have read this book. – Мен бұл кітапты оқыдым.
To have етістігінің жіктелу кестесі
Present
|
Indefinite
|
Continuous
|
Perfect
|
I have
He (she, it) has
We have
You have
They have
|
I am having
He (she, it) is having
We are having
You are having
They are having
|
I have had
He (she, it) has had
We have had
You have had
They have had
|
Have I?
|
Am I having?
|
Have I had?
|
I have not
|
I am not having
|
I have not had
|
Past
|
Indefinite
|
Continuous
|
Perfect
|
I had
He (she, it) had
We had
You had
They had
|
I was having
He (she, it) was having
We were having
You were having
They were having
|
I had had
He (she, it) had had
We had had
You had had
They had had
|
Had I?
|
Was I having?
|
Had I had?
|
I had not
|
I was not having
|
I had not had
|
Future
|
Indefinite
|
Continuous
|
Perfect
|
I shall have
He (she, it) will have
We shall have
You will have
They will have
|
I shall be having
He (she, it) will be having
We shall be having
You will be having
They will be having
|
I shall have had
He (she, it) will have had
We will have had
You will have had
They will have had
|
Shall I have?
|
Shall I be having?
|
Shall I have had?
|
I shall not have
|
I shall not be having
|
I shall not have had
|
Future in the Past
|
Indefinite
|
Continuous
|
Perfect
|
I should have
He (she, it) would have
We should have
You would have
They would have
|
I should be having
He (she, it) would be having
We should be having
You would be having
They would be having
|
I should have had
He (she, it) would have had
We would have had
You would have had
They would have had
|
I should not be
|
I should not be having
|
I should not have had
|
To be, to have етістіктерінің келер шақта жіктелуі
to be
|
Future
|
Indefinite
|
Continuous
|
Perfect
|
I shall be
He (she, it) will be
We shall be
You will be
They will be
|
|
I shall have been
He (she, it) will have been
We will have been
You will have been
They will have been
|
Shall I be?
|
|
Shall Ihave been?
|
I shall not be
|
|
I shall not have been
|
Future in the Past
|
Indefinite
|
Continuous
|
Perfect
|
I should be
He (she, it) would be
We should be
You would be
They would be
|
|
I should have been
He (she, it) would have been
We would have been
You would have been
They would have been
|
I should not be
|
|
I should not have been
|
to have
|
Future
|
Indefinite
|
Continuous
|
Perfect
|
I shall have
He (she, it) will have
We shall have
You will have
They will have
|
I shall be having
He (she, it) will be having
We shall be having
You will be having
They will be having
|
I shall have had
He (she, it) will have had
We will have had
You will have had
They will have had
|
Shall I have?
|
Shall I be having?
|
Shall I have had?
|
I shall not have
|
I shall not be having
|
I shall not have had
|
Future in the Past
|
Indefinite
|
Continuous
|
Perfect
|
I should have
He (she, it) would have
We should have
You would have
They would have
|
I should be having
He (she, it) would be having
We should be having
You would be having
They would be having
|
I should have had
He (she, it) would have had
We would have had
You would have had
They would have had
|
I should not be
|
I should not be having
|
I should not have had
|
To be, to have етістіктерінің өткен шақта жіктелуі
to be
|
Past
|
Indefinite
|
Continuous
|
Perfect
|
I was
He (she, it) was
We were
You were
They were
|
I was being
He (she, it) was being
We were being
You were being
They were being
|
I had been
He (she, it) had been
We had been
You had been
They had been
|
Was I?
|
Was I being?
|
Had I been?
|
I was not
|
I was not being
|
I had not been
|
to have
|
Past
|
Indefinite
|
Continuous
|
Perfect
|
I had
He (she, it) had
We had
You had
They had
|
I was having
He (she, it) was having
We were having
You were having
They were having
|
I had had
He (she, it) had had
We had had
You had had
They had had
|
Had I?
|
Was I having?
|
Had I had?
|
I had not
|
I was not having
|
I had not had
|
to do етістігі
Қолданылуы:
1.Көмекші етістік ретінде:
|
а) күрделі етістік формаларын жасау үшін
|
Do you speak English?
He doesn’t learn French.
Don’t go there.
|
Ағылшын тілінде сөйлейсіз бе?
Ол француз тілін оқымайды.
Онда бармаңыз.
|
б) іс-әрекеттің маңыздылығын көрсету үшін
|
But I do know him.
Do come tonight.
|
Бірақ мен оны білемін ғой.
Бүгін кешке келіңіз.
|
2. Мағыналық етістік ретінде, «істеу» мағынасында.
|
He will do his work in the evening.
|
Ол сөз жұмысын кешке істейді.
|
To do етістігі көмекші етістік ретінде қолданылады:
-
Present және Past Indefinite сұраулы және болымсыз формаларын жасау үшін:
Did yo see him? – Сен оны кеше көрдің бе?
He doesn't work here. – Ол мұнда жұмыс істемейді.
-
Бұйрық райдың болымсыз түрін жасау үшін:
Don't go there. – Онда бармаңыз.
Don't open the window. – Терезені ашпаңыз.
-
Present жєне Past Indefinite – те тұрған іс-әрекеттің маңыздылығын көрсету үшін:
I am sorry you don’t know my brother. – Сіздің менің ағамды білмегеніңіз өкінішті-ақ.
shall етістігі
shall етістігі келер шақ формаларын жасау үшін қолданылады және кейбір кездерде модальдық мағынада да қолданылады.
Қолданылуы:
1. Келер шақты білдіру үшін:
|
а) 1 – інші жақпен
|
I shall have no English lesson tomorrow.
|
Менде ертең ағылшын тілі болмайды.
|
б) 2, 3 жақтармен бұйрық, уәде, қорқыту, сақтандыру ретінде
|
You shall have the books tomorrow.
|
Сіздер ертең кітап аласыздар.
|
в) 2-інші жақпен сұрақтарда
|
Shall you be eighteen or nineteen tomorrow?
|
Сіз ертең 18 әлде 19 жасқа толасыз ба?
|
2.1 және 3 жақтармен сұрақтарда бұйрық алу мағынасында:
|
|
Shall I read?
Where shall he wait for you?
|
Оқиын ба?
Ол сізді қайда күтсін?
|
will етістігі
will етістігі shall етістігі сияқты келер шақ формаларын жасау үшін қолданылады және кейбір кездерде модальдық мағынанда да қолданылады:
Қолданылуы:
1. Келер шақты білдіру үшін:
|
а) 2 және 3 жақтармен жекеше және көпше түрде
|
He will be free tomorrow?
|
Ол ертең бос болады.
|
б) 1 және жақпен тілек – талап ету ретінде
|
I will go there with pleasure.
|
Мен онда сүйсіне барамын.
|
2. Өтініш ету үшін:
|
Will you open the window?
|
Терезені ашыңызшы.
|
Бекіту жаттығулары
Жаттығу №1
I. Сіздің әңгімешіңіз Англиядан келген қонақ деп елестетіңіз. Төменде онымен әңгімелесуге бірнеше сұрақтың үлгісі берілген:
1. Where are you from? 2. Are you a student or a worker? 3. What is your name? 4. Are you in Russia as a tourist or an expert? 5. Is it your first visit to Russia? 6. Were you in Russia last year? 7. Where were you yesterday? 8. Are you busy now? 9. When will you be in the hotel tomorrow? 10. When will you be free?
II. Досыңыздан сұраңыз:
1. Ол студент пе екен? 2. Жасы қаншада? 3. Ол немен айналысады? 4. Ол кеше институтта болды ма? 5. Кітапханада қашан болды? 6. Әдебиеттен лекцияда сейсенбі күні болды ма? 7.Сенбі күні үйде болды ма? 8. Жексенбі күні кинода болды ма? 9. Ол дерекеті фильм болды ма? 10. Фильм қызықты болды ма? 11. Ол ертең институтқа барады ма? 12. Жексенбі күні оның әпкесі үйде болады ма?
Жаттығу №2
to be етістігін қажетті формаға қойыңыз.
Hello! I (1) ____ a boy. My name (2) ____ Frank. I (3) ___ a pupil of the 4th form. I like animals. I have got two pets. They (4) ____ a cat and a dog. The cat's name (5) ____ Pussy and the dog's name (6) ____ Spot. They (7) _____ funny, because they (8) ____ a kitten and a puppy. They like playing together. Pussy (9) ___ white and Spot (10) ___ black. Their tails (11) ___ long. The cat's tail (12) ___ bushy and the dog's one (13) ___ not. I love my pets very much.
And what about you? What (14) ___ your name? How old (15) ___ you? Have you got any pets? If you have, what (16) ___ they?
Write soon! Best wishes, Frank.
Жаттығу №3
To be етістігін Present Indefinite-ке қойыңыз:
1. She___ a doctor.
2. My friend___ not a scientist, he__ a journalist.
5. My brother___ a financial manager. He___ at work.
3. ___your friend a doctor? - Yes, she___.
4. ___you at home? — No, I___ not at home, I and my husband___ at work.
5. My brother___ a financial manager. He___ at work.
6. ___she a doctor? — Yes, she ___
7. ___your sister an artist? No, she ___ not an artist, she ___a teacher.
8. ___your brother at work? — Yes, he___.
9. ___your sister at work? - No, she___ at school.
10. My___ mother___ at work.
11. ___this her painting? • Yes, it___.
12. She___ an artist.
13. This___ my car.
14. My friend ___a designer.
15. I ___ at work.
Жаттығу №4
To be етістігін Present Indefinite-ке қойып ағылшын тіліне аударыңыз:
1. Ол студент. Ол университетте.
2. Менің досым суретші. Ол дәрігер емес.
3. Олар колледжде оқиды. Олар студенттер.
4. Мен инженермін.
5. Бұл жақсы шаңсорғыш.
6. Оқушылар мектепте.
7. Есік ақ. Ол жабық.
8. Олардың көліктері жаңа.
9. Менің әкем ұшқыш. Оның ұшағы үлкен.
10. Оның әпкесі медбике. Ол дәрігер емес. Ол өз жұмысын жақсы көреді.
11. Біз үйде жұмыс істейміз.
The Imperative mood
(Бұйрық рай)
Өтініш пен бұйыру бұйрық рай арқылы беріледі. Бұйрық райдың хабарлы түрі етістіктің to қосымшасы жоқ инфинитивке сәйкес келеді:
Write. – Жаз. Жазыңдар.
Write him a letter. – Оған хат жаз. (жазыңдар).
Ағылшын тіліндегі бұйрық райдың жекеше және көпше түрде бір ғана формасы бар.
Open the window. – Терезені аш (ашыңдар).
Болымсыз түрі do көмекші етістігі және not қосымшасының (do not немесе don’t) тіркесуі арқылы жасалады:
Do not write. – Жазба (жазбаңдар)
Don’t listen to him. – Оны тыңдамаңдар!
Әдетте бұйрық рай екінші жаққа байланысты айтылған. Өтініш пен бұйрық 3-жаққа байланысты айтылса let етістігі, ал 1-жаққа let’s етістігі қолданылады:
Let him read the text. – Ол мәтінді оқысын.
Let’s go for a walk. – Қыдырып келейікші.
Imperative – те тұрған етістік бұйрық емес өтінішті білдірсе, онда сөйлемде please сөзін қолдану керек:
Write him a letter, please. – Оған хат жазыңызшы, өтінемін.
Бекіту жаттығулары
Жаттығу №1
Ағылшын тіліне аударыңыз.
1. Маған қалам жіберіңіз. 2. Анна мен Петрды қарсы алыңызшы. 3. Маған қарындаш беріңізші. 4. 46 бетті ашыңыз. 5. Мәтінді аударыңыз. 6. Мына мәтінді оқыңыз. 7. Кешікпеңіз! 8. Қазір барыңыз! 9. Есікті жап. 10. Кітапты тап.
Жаттығу №2
Қазақ тіліне аударыңыз.
-
Let me see! 2. Spell it. 3. Let me spell it. 4. Send me my test. 5. Meet me. 6. Let me meet Ted. 7. Tell her my name. 8. Tell me the truth. 9. Please, give me my bag. 10. Take your copybook and copy out these sentences.
Жай сөйлемнің құрылымы
Бір ғана ойды білдіріп, бір ғана интонациямен айтылатын сөйлем жай сөйлем деп аталады.
Қазақ тілінде сөйлемдегі сөздер тәртібі өзгерсе де сөйлем мағынасы өзгермейді.
Мысалы: Кеше аңшы аюды өлтірді.
Аюды кеше аңшы өлтірді.
Сөйлемдегі сөздер тәртібі өзгергенмен сөйлемнің мағынасы өзгерген жоқ. Ал ағылшын тілінде септік жалғауларының жүйесі толық бұзылған және сөздің қызметі және оның басқа сөздермен байланысы оның сөйлемдегі орнымен анықталады.
Мысалы: Yesterday the hunter killed a bear.
Yesterday a bear killed the hunter.
Екінші сөйлемнің мағынасы бірінші сөйлемнің мағынасына қарама-қарсы. Сөздердің тәртібі өзгерсе, сөйлемнің мағынасы бұзылады. Сондықтан ағылшын тілінде сөйлемдегі сөздер тәртібі қатаң.
Ағылшын тілінде сөйлем айтылу мақсаты мен интонациясына қарай хабарлы, сұраулы, болымсыз және лепті сөйлем болып бөлінеді.
Хабарлы сөйлемнің құрылымы (Declarative)
Айтылу мақсаты хабарлау, суреттеу, баяндауды білдіретін сөйлемнің түрін хабарлы сөйлем дейміз.
Хабарлы сөйлемде ең бірінші орында бастауыш, екінші орныда баяндауыш, содан кейін басқа сөйлем мүшелері тұрады, яғни толықтауыш, пысықтауыш және т.б.
Ағылшын тілінде хабарлы сөйлемдегі сөздер тәртібі
Пысықтауыш
|
Бастауыш
|
Баяндауыш
|
Толықтауыш
|
Пысықтауыш
|
|
I
|
read
|
a book
|
Yesterday
|
0
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Пысықтауыш сөйлемнің басында немесе соңында келе береді. Анықтауыш қай сөзді анықтайды сол сөздің алдында келеді.
Жай осы шақ
The Present Indefinite Tense
Ағылшын тілінің патшасы, сөйлеу барысында 70% -де қолданылады. Ағылшын тілінде қазақ тілінде сияқты 3 шақ бар: осы шақ, келер шақ, өткен шақ, әрбір шақтың аспектілері бар. Анықталмаған және ауыспалы осы шақ бар.
Present Indefinite күнделікті (every, day), жиі (often), кей кезде (sometimes), әрқашан (always), әдетте (usually) қайталанып отыратын іс-әрекеттерді білдіреді.
Жасалу жолы: Қарапайым деген атына байланысты қарапайым жасалады. Infinitive-те тұрған етістікті to – сіз қолдану. 3 жақ жекеше түрде –s, -es жалғаулары жалғанады.
Сұраулы сөйлем: Қазақ тілінде сұраулы сөйлемдер ма, ме, ба, бе, па, пе тіркесуі арқылы болса, ағылшын тілінде көмекші етістіктер арқылы болады. Do/does деген көмекші етістіктер арқылы жасалады: Do I work? Does she work?
Болымсыз сөйлем: Do/does деген көмекші етістікке not көмекші сөзі жалғанады: I don’t work. She doesn’t work.
Формасы
|
Хабарлы
|
Сұраулы
|
Болымсыз
|
I work
You work
He works
She works
It works
We work
You work
They work
|
Do I work?
Do you work?
Does he work?
Does she work?
Does it work?
Do we work?
Do you work?
Do they work?
|
I do not work
You do not work
He does not work
She does not work
It does not work
We do not work
You do not work
They do not work
|
|
|
|
Қолданылуы:
1. Әдеттегі, қайталанатын іс-әрекетте: They go to the country every weekend.
2. Жалпыға белгілі ақиқат: The Neva flows into the Baltic Sea.
3. Жалпы істелетін: I read a book.
4. Іс-қимыл етістіктері come, go leave, starts, arrive – пен болатын іс-әрекетті көрсетсе: The train starts in half an hour.
5. Созылыңқы осы шақта қолданылмайтын етістіктер: I see George at the window.
Орфография емлесі: Егер етістіктің соңғы дыбысты ұяң дауыссыз d дауыссызға аяқталсы «s» жалғауы қосылғанда [z] болып оқылады. Мысалы: reads [ridz].
Егер соңғы дыбыс қатаң дауыссыз дыбыс болса, «s» жалғауы [s] болып оқылады. Мысалы: writes [raits[.
Ал -ss, -ch, -x әріптерінен кейін «es» қосылып, [iz] болып оқылады. Мысалы: teaches [ti:tSiz].
Етістік «у» әрпіне аяқталып ,оның алдындағы әріп дауыссыз болса, онда «y» әрпі «і» әрпіне айналып es қосылады: to study [studies].
Егер ертістіктегі «у» әрпінің алдындағы әріп дауысты болса, онда «s» әрпі тікелей қосылады: says.
Ескерту: Present Indefinite сонымен бірге келешекте орындалатын істі білдіретін бағыныңқы мезгіл және шартты пысықтауыш сөйлемдерде қолданылады.
Мысалы: If you come earlier, you will meet her.
Бекіту жаттығулары
Жаттығу №1
Жақшаны ашып, етістікті қажетті формаға қойыңыз:
1. I often________ (to tell) a story about animals.
2. We often __________ (to tell) the truth.
3. Mary often ____________ (to tell) a lie.
4. They usually___________ (to go) to the park on Sunday.
5. Mary and I usually ____________ (to go) to the concert on Monday.
6. Ben usually _____________ (to go) to the cinema on Wednesday.
7. My mother always ____________ (to watch) TV shows at noon.
8. I always _____________ (to watch) in the New Year.
9. We always _______________ (to watch) the weather forecast in the morning.
10. The boys sometimes______________ (to work) in the shop.
11. His friends sometimes ______________ (to work) in the office.
12. Janet sometimes ______________ (to work) at school.
13. His uncle________________ (to play) basketball every weekend.
14. Ann’s daughters _____________ (to play) tennis every year.
15. Her stepson_______________ (to play) by ear every concert.
Жаттығу №2
Жақшаны ашып, етістіктерді болымсыз түрге қойыңыз:
1. I _______ often _______ (not to tell) a story about animals.
2. We _______ often ______ (not to tell) the truth.
3. Mary _____ often ______ (not to tell) a lie.
4. Mary and Peter ______ often ______ (not to tell) jokes.
5. My friends ________ often ________ (not to tell) tales.
6. His father ________ often _______ (not to tell) secrets.
7. Mary and I________ usually _______ (not to go) to the concert on Monday.
8. Ben________ usually ________ (not to go) to the cinema on Wednesday.
9. My mother ________ always_______ (not to watch) TV shows at noon.
10. I _________ always__________ (not to watch) in the New Year.
11. Your aunt _________ always_________ (not to watch) films in the evening.
12. Her uncle ________ always______ (not to watch) football on TV at weekend.
13. Her children ________ always_________ (not to watch) cartoons at 10 a.m.
14. His friend _________ (not to play) the violin every Monday.
15. Ann’s daughters ___________(to play) tennis every year.
Жаттығу №3
Жақшаны ашып, етістіктерді сұраулы түрге қойыңыз:
1. _______ you often __________ (to tell) a story about animals?
2. ________ Mary often __________ (to tell) a lie?
3. _________ Mary and Peter often ________ (to tell) jokes?
4. ________ my friends often __________ (to tell) tales?
5. _________ his father often _________ (to tell) secrets?
6. ________ they usually___________ (to go) to the park on Sunday?
7. __________ their parents usually_________ (to go) to the theatre on Tuesday?
8. _____ my sisters usually__________ (to go) to school on Friday?
9. _______ his relatives usually __________ (to go) to the picnic on Saturday?
10. ________ my mother always ________ (to watch) TV shows at noon?
11. ________ I always_________ (to watch) in the New Year?
12. _________ your aunt always_________ (to watch) films in the evening?
13. ________ our cousin always_________ (to watch) TV programs at 10 p.m.?
14. ________ her children always________ (to watch) cartoons at 10 a.m.?
Жаттығу №4
Жақшаны ашып, етістікті қажетті формаға қойыңыз:
-
David _______ (to be) an English teacher.
-
He _______ (to work) at school.
-
He usually _______ (to get up) at 7 o'clock in the morning and _______ (to have) a shower.
-
David _______ (to leave) home at 8 o'clock and _______ (to go) to school by bus.
-
It _______ (to take) him 20 minutes to get it.
-
Yesterday he _______ (to miss) the bus, so he _______ (to catch) a taxi.
-
He _______ (to be) in time at school.
-
Next weekend he _______ (to go) on a hike with his students.
-
They _______ (to take) everything for their trip.
-
David _______ (to hope) that the trip _______ (to be) a success.
Келер шақ
The Future Indefinite Tense
Келер шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен, мезгілден кейін болатынын білдіреді:
Жасалу жолы: shall/will + V
I shall work. We shall work.
You will work. You will work.
He, she, it will work. They will work.
Сұраулы сөйлем: Көмекші етістік shall/will бастауыштың алдына шығады: Shall we go home?
Болымсыз сөйлем: shall/will етістігіне not көмекші сөзі қосылады (will not = won’t, shall not =shan’t). I shan’t work.
Формасы
|
Хабарлы
|
Сұраулы
|
Болымсыз
|
I shall work
You will work
He will work
She will work
It will work
We will work
You will work
They will work
|
Shall I work?
Will you work?
Will he work?
Will she work?
Will it work?
Will we work?
Will you work?
Will they work?
|
I shall not work
You will not work
He will not work
She will not work
It will not work
We will not work
You will not work
They will not work
|
Қолданылуы:
-
Жақын арада болатын, орындалатын іс-әрекет: He’ll come back in 2 days.
-
Қайталанатын іс-әрекет: She will take English lessons twice a week.
Tomorrow – ертең, next week (month, year, summer) – келесі аптада (айда, жылы, жазда) сияқты мезгіл пысықтауыштары қолданылады.
Бекіту жаттығулары
Жаттығу №1
Жақшаны ашып, етістіктерді Future Indefinite-ке қойыңыз
Hello! My name is Peter. Next summer I (1) ______ (to go) to my granny's house. She lives near the Black sea. I (2) ______ (to go) there with my mother and my younger sister by train. Every day we (3) ______ (to bathe) in the sea. I think my brother (4) ______ (to gather) shells, because he collects them. I (5) ______ (to cut) grass, water flowers in front of the house. My brother(6) ______ (to help) granny about the garden too. He (7) ______ (plant) apple-trees and peach-trees. Our granny's house is not far from the town. There (8) ______ (to be) a summer circus next summer in it. We (9) ______ (to visit) the town circus, because we like watching animals very much.
Жаттығу №2
Көп нүктенің орнына shall немесе will көмекші етістігін қойыңыз.
-
I … give you a call in the evening.
-
They … come in a few days.
-
The film … begin in 5 minutes.
-
… the boots be ready by Wednesday next?
-
We … stay at our friends’.
-
We … dine out tonight.
Өткен шақ
The Past Indefinite Tense
Өткен шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып, істеліп кеткенін білдіреді. Мен терезені аштым. – I opened the window.
Жасалу жолы: V+ed
Өткен шақ етістіктің екінші негізгі формасы болып табылады. Барлық ағылшын етістіктері Past Indefinite (екінші негізгі формасы) және Participle II (үшінші негізгі формасы) жасалуына байланысты дұрыс және бұрыс етістіктер болып екі топқа бөлінеді. Дұрыс етістіктердің екінші және үшінші формаларын жасау үшін етістікке – ed жалғанады. Мысалы:
to open – opened
to answer – answered
Ал бұрыс етістіктердің екінші және үшінші формалары ережеге бағынбай жасалады, оларды жaттап алу қажет.
Сұраулы сөйлем: Көмекші етістік did бастауыштың алдына шығады. Did we go home?
Болымсыз сөйлем: did етістігіне not көмекші сөзі қосылады. I didn’t work.
Формасы
|
Хабарлы
|
Сұраулы
|
Болымсыз
|
I worked
You worked
He worked
She worked
It worked
We worked
You worked
They worked
|
I wrote
You wrote
He wrote
She wrote
It wrote
We wrote
You wrote
They wrote
|
Did I work?
Did you work?
Did he work?
Did she work? Did it work?
Did we work?
Did you work?
Did they work?
|
Did I write?
Did you write?
Did he write?
Did she write? Did it write?
Did we write?
Did you write?
Did they write?
|
I did not work
You did not work
He did not work
She did not work It did not work
We did not work
You did not work
They did not work
|
I did not write
You did not write
He did not write
She did not write
It did not write
We did not write
You did not write
They did not write
|
Yesterday – кеше, the day before yesterday – алдыңғы күні, last week (month, year, night, time, summer) - өткен аптада (айда, жылы, түні, жолы, жазда), two days ago – екі күн бұрын, in 1917-1917 жылы сияқты мезгіл пысықтауыштары қолданылады.
Орфография емлесі: - ed оқылуы:
[t] - қатаң дауыссыз дыбыстардан кейін: walked [wo:kt];
[d] - дауысты және ұяң дауыссыз дыбыстардан кейін: played [pleid], called [ko:ld];
[id] - және кейін: decided [di’saidid].
Алдында дауыссыз дыбысы бар –y-ға аяқталған етістіктерге –ed жалғанған кезде y i-ға айналады және -ied [id] деп оқылады. Мысалы: to study – studied [‘stɅdid].
Егер –y алдында дауысты дыбыс тұрса онды ештеңе өзгермейді: to stay – stayed. Егер етістік l әрпіне аяқталса, онда ол екіленеді: to travel – travelled.
Бекіту жаттығулары
Жаттығу №1
Төмендегі етістіктердің өткен шағын жасаңыз және жалғауларының оқылуына байланысты үш бағанға бөліп жазыңыз
Walk, dream, wash, drop, hope, stop, spell, dry, cry, watch, dust, cook, play, open, talk, want, clean, work, cover.
Жаттығу №2
Төмендегі етістіктердің екінші формасын жасаңыз:
See, read, cut, hear, stand, put, sing, take, write, run, bring, eat, drink, speak, go, be, have, give, teach, sleep, know, buy, get, come.
Жаттығу №3
Төмендегі етістіктерді 2 топқа бөліп жазыңыз: Regular Verbs және Irregular Verbs:
begin, leave, see, have, come, make, lose, visit, travel, stay, start, buy, take, drive, paint, write, do, enjoy, speak, meet.
Жаттығу №4
Берілген сөйлемдерді өткен шақта жазыңыз:
1. I play in the field. 2. He wants to go home. 3. The driver stops the car. 4, He drinks tea every day. 5. It begins to rain. 6. They like our house. 7. I dream every night. 8. My sister cleans the room. 9. The teachers gives us dictation. 10. He sits at his desk and writes a letter. 11. Mary comes early. 12. The cat catches the fish in the river. 13. The dogs eats its dinner. 14. The boys go for a holiday. 15. Richard knows George.
Жаттығу №5
Үлгі бойынша хабарлы және болымсыз сөйлем құраңыз: I didn't go to New York. I went to Chicago.
1. We ... Jim, we ... Max (meet. 2. He ... last Tueday, he ... last Thursday. (leave) 3. We ... Jack, we ... David. (see) 4. They ... a Volvo, they ... a Fiat. (buy) 5. You ... the answer, Tom ... the answer. (know) 6. I ... my passport, I ... my ticket. (lose) 7. We ... the pizza, we ... hot dogs. (have) 8. He ... a letter, he ... a posrcard. (write) 9. The film ... at 6.30 p.m., it ... at 7.30 p.m. (begin)
Жаттығу №6
Төмендегі сөздерден сұрақ құрастырыңыз
1. morning / you / time / get / up / what / in / the / did?
2. dinner / night / have / what / last / you / for / did?
3. did / train / last / you / by / when / travel?
4. do / what / Sunday / you / last / did?
5. did / summer / go / where / last / you?
6. visit / you / art gallery / an / last / did / when?
7. travel / on / you / how / work / did / to / Monday?
Жаттығу №7
Төмендегі мәтінді өткен шақта жазыңыз.
On Monday we have five lessons. The first lesson is Russian. At this lesson we write a dictation and do some exercises. Nick goes to the blackboard. He answers well and gets a "five". Pete does not get a "five" because he does not know his lesson. After the second lesson I go to the canteen. I eat a sandwich and drink a cup of tea. I do not drink milk. After school I do not go home at once. I go to the library and take a book. Then I go home.
Жаттығу №8
Жақшаны ашып етістіктерді Past Indefinite-ке қойыңыз. Тақпақты жаттап алыңыз.
-
Yesterday when I (to be) _____ at the Zoo.
-
I (to watch) _____ the mother Kangaroo.
-
Inside her skin she (to have) _____ a pocket.
-
She (to put) _____ her baby there to rock it.
Аяқталған осы шақ
The Present Perfect Tense
The Present Perfect Tense қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып, осы шақпен байланысты екенін көрсетеді. Бұл байланыс өткен іс-әрекеттің осы шақта қандай да бір нәтижесі болады. Аяқталған осы шақ қолданылған сөйлемдерде істің аяқталғаны баяндалып, бірақ уақыт көрсетілмеуі мүмкін.
Present Perfect-те, Past Indefinite-те өткен іс-әрекетті білдіріп, қазақ тіліне бірдей аударылады. Мысалы: I’ve read many books by Dickens. – Мен Диккенстің көп кітаптарын оқып шықтым.
Last year I read many books by Dickens. – Өткен жылы мен Диккенстің көп кітаптарын оқыдым.
Present Perfect пен Past Indefinite арасындағы айырмашылық мынада: Past Indefinite қимылдың, іс-әрекеттің белгілі бір уақытта өткен шақта болып өткен және осы шақпен еш байланысы жоқ екенін білдіреді. Ал Present Perfect осы шақта нәтижесі бар және өткен шақта белгілі бір уақытқа тәуелді емес өткен шақта болған іс-әрекетті білдіреді.
The Present Perfect осы шақта тұрған to have көмекші етістігі және Participle II–де тұрған негізгі етістік арқылы жасалады.
Формасы
|
Хабарлы
|
Сұраулы
|
Болымсыз
|
I have worked
You have worked
He has worked
She has worked
It has worked
We have worked
You have worked
They have worked
|
Have I worked?
Have you worked?
Has he worked?
Has she worked?
Has it worked?
Have we worked?
Have you worked?
Have they worked?
|
I have not worked
You have not worked
He has not worked
She has not worked
It has not worked
We have not worked
You have not worked
They have not worked
|
The Present Perfect қолданылады:
-
Сөйлеп тұрған сәттен бұрын болған және онымен нәтижесі арқылы байланысқан іс-әрекетті білдіру үшін: Look, I’ve brought you some flowers. – Қара, мен саған гүл әкелдім.
-
Іс-әрекеттің орындалу мерзімі белгісіз, сөйлеушінің назары іс-әрекеттің осы шақта орындалғанына және нәтижесіне сүйенген: A terrorist has killed the bank manager. - Террорист банк басқарушысын өлтірді.
-
Мезгіл пысықтауыштары жоқ сөйлемдерде: Has the bell gone? – Қоңырау соғылды ма?
-
Белгісіз уақыт үстеулері бар сөйлемдерде: ever, never, already, often(not) yet, always. He has just come.- Ол жаңа ғана келді.
-
The Present Perfect мынадай пысықтауыштары бар сөйлемдермен: today, this week, this morning, this month, this year, just: He has often met Alice this week.
-
The Present Perfect мынадай үстеулері бар сөйлемдермен: lately, for a long time, how long, so far, up to now, up to the present, fo three hours (days, months, years) и др.
The Present Perfect сонымен қатар since және for предлогтарымен қолданылады және қандай да бір уақыт аралығында болған іс-әрекетті көрсету үшін қолданылады (since – the beginning og the period, for – period).
How long have you been here?–I have been here for two weeks.–екі апта бойы.
since Monday. – дүйсенбіден бері.
Бекіту жаттығулары
Жаттығу №1
Сөйлемдерді оқып, не істеп болғаныңызды айтыңыз.
Example: Open your book, please. - I have already opened it.
-
Write down these new English words into your notebooks. ___________________
-
Recite the poem "Autumn" by Pushkin, please. ____________________________
-
Read "The Adventures of Tom Sawyer" by M. Twain. It's very interesting. _____
-
It's an interesting educational program on TV today. I think you'd better watch it. _
-
Help your sister about the house.____________
-
Write a letter to your granny._______________
Жаттығу №2
Басқалары қазір істеп жатқан іс-әрекетті сіз әлдеқашан немесе жаңа ғана істеп болғандығыңызды айтып, сөйлемдерді аяқтаңыз. Present Perfect-ті қолданыңыз.
-
He is reading a magazine but I ______ .
-
They are watching the second film of a new American serial on TV now but I ____ .
-
She is doing her homework but he _____ .
-
We are learning new English words now but they ____ .
-
They are reciting poems now but we ______ .
-
My brother is having dinner now but I _____ .
-
My friends are sending a message via e-mail now but I _____ .
Жаттығу №3
Достарыңызбен бөлісу: |