Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


-сурет. Гималай тау жүйесі мен оған жалғасқан жазықтар Жер бедерінде мұндай белдеудердің орнында биік қатпарлы



Pdf көрінісі
бет101/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

58-сурет. Гималай тау жүйесі мен оған жалғасқан жазықтар
Жер бедерінде мұндай белдеудердің орнында биік қатпарлы 
жəне қатпарлы-жақпарлы тау жоталарының жүйелері пайда бо-
лады. Эпиплатформалық орогенді белдеулер жоғары бағытталған 
қозғалыстардың қарқынды жүруімен байланысты қатпарлы-
жақпарлы таулардың түзілуімен сипатталады.
Материктер жер бедерінің 64%-ға жуығын жазық-платформалық 
аймақтар, 36%-ға жуығын таулы аймақтар алып жатыр.
Мұхит түпкі жер бедері құрылымдары. Мұхит түбінің 
геотектоникалық құрылымы оны құрайтын жер қыртысының 
қасиеттеріне тəуелді. Дүниежүзілік мүхит табанында материктік 
жер қыртысы мұхит табанының материкке жалғас жатқан шеткі 
бөліктерін алып жатса, мұхиттық жер қыртысы мұхит табанының 
негізгі бөлігін алып жатыр. 
Мұхиттық жер қыртысы əдетте, салыстырмалы түрде жұқа 
болып келеді, басым түрде екі: базальт жəне шөгінді жыныс 
қабаттарынан тұрады. 
Мұхиттық жер қыртысының орташа қалыңдығы 5-15 км дейін 
жетеді. Алайда соңғы геофизикалық зерттеулер нəтижесінде 
мұхиттық жер кыртысы құрамынан өтпелі жəне рифтілік жер 
қыртысы типтерін ажыратып жүр. Мұндай жер қыртысының күрделі 
құрылымды типтерінің қалыптасуы литосфералық тақталар 
қозғалысы немесе глобалды тектоника тұжырымдамасына 
сəйкес жүзеге асады. 
Бұл тұжырымдама бойынша мұхиттық жер қыртысы бірінші 
қалыптасып, Жер ғаламшары эволюциясы нəтижесінде спрединг 
(ажырау шекарасы) жəне субдукция (жымдасу шекарасы) зоналары 


140
аймағында қасиеттері əртүрлі екі типтегі жер қыртысы бір күйден 
екінші күйге үнемі ауысып, өзгеріп отыратындығы қарастырылады. 
Оған Атлант мұхитының екі жағында орналасқан материктердің 
2000 м изобат сызығы бойымен бір-бірімен сəйкес келетіндігі 
дəлел болады. Ежелгі Панталассо (Тынық мұхит аналогы) мұхиты 
мен Пангея (Лавразия мен Гондвана) алып құрлығының жағалық 
сызықтарының өзгерісі ұзақ геологиялық кезең аралығында жүзеге 
асты. 
Бұл құбылыстар дүниежүзілік мұхит табанындағы суасты орта 
жоталары мен материктік жəне мұхиттық плиталардың шекаралас 
аймағында жүріп жатқан белсенді тектоникалық қозғалыстар салда-
рынан айқын көрінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет