202
Желдердің екінші
тобын пассаттар мен
батыс желдер, мус-
сондар мен
шығыс желдері құрайды.
Пассаттар – атмосфералық
қысым жоғары болатын тропиктік
ендіктерден қысымы төмен
экваторға бағытталатын тұрақты желдер,
олардың орташа
жылдамдығы 5-8 м/с болады. Кориолис күші əсерінен пассаттар
солтүстік жарты шарда оңға, оңтүстік жарты шарда солға бұрылыс
жасайды (
105-сурет).
105-сурет. Пассат желдерінің бағыты
Жоғары қысымды субтропиктік
белдеулер Жер шарындағы
негізгі «желайрықтар» болып табылады,
субтропиктік белдеу пас-
сатттар мен батыс желдері арасындағы шеп болып табылады.
Батыс желдер екі жарты шардың 40-60
0
ендіктерінде басым
болады. Батыс желдер негізінен мұхиттар үстінде айқын байқалады,
материктер үстінде жел режимі əлдеқайда күрделі, өзгермелі сипатта
болады. Полярлық аудандардағы жоғары қысымды орталықтар по-
люстерден жан-жаққа қарай бағытталатын шығыс желдер жүйесін
қалыптастырады (
106-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: