Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Литосфера – астеносферадан жоғары орналасқан аймақ. Жер  қыртысымен қоса есептегенде литосфера деп аталады. Литологиялық əдіс –



Pdf көрінісі
бет250/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

Литосфера астеносферадан жоғары орналасқан аймақ. Жер 
қыртысымен қоса есептегенде литосфера деп аталады.
Литологиялық əдіс – бірнеше зерттеулер (минералогиялық, 
петрографиялық, гранулометриялық жəне т.б.) жиынтығынан 
тұрады. 
Шөгінді 
жыныстардың 
фациялық-генетикалық 
ерекшеліктерін, олардың географиялық зоналар бойынша таралуы 
мен жинақталу уақытын, ондағы палеогеографиялық жағдайды 
анықтауға мүмкіндік береді.
Литосфералық тақталар теориясы бүкіл Жер шарын 
қамтып – құрастыратын мобилизм тұрғысында негізделген те-
ория. Магмалық тау жыныстарымагманың кейінде қатып 
кристалдануынан пайда болады. Магмалық тау жыныстары кремний 
қышқылының тұздарынан құралады.
Магма – грек. “магма” - қамыр, қоймалжың деген мағына 
береді. Құрамы күрделі силикаттардан тұрады.
Магматизм – жердің ішкі геосфераларында өтетін күрделі 
эндогендік геологиялық процесс. Жер қыртысының қалыптасуында 
алатын рөлі зор.
Мантия – шартты түрде жоғарғы мантия, ортаңғы мантия, 


395
төменгі мантия болып үшке бөлінеді. Ал оның қалыңдығы жер 
қыртысының табаны (бұл деңгей Мохоровичич деңгейі деп аталады) 
мен 2900 км тереңдікте орналасқан Жер ядросы аралығын қамтиды.
Мантияның құрамы мантияны құрайтын заттардың 
құрамында темір мен магний элементтері басым, керісінше 
алюминий мен кремнийдің мөлшері аз.
Маржан рифтері тропиктік жылы теңіздердің тайыз 
жерлеріндегі бекініп тіршілік ететін маржан полиптерінің 
қаңқаларынан түзілген аралдар мен су бетінде жəне суастында 
таралған қырқалар тобы.
Материктік (континенттік) жер қыртысы шөгінді-
метаморфты қабат (5-20 км), тығыздығы 1,8-2,5 г/см
3
; гранитті 
қабат (10-30 км), тығыздығы 2,5-2,7 г/см
3
; базальтты қабат (5-40 км), 
тығыздығы 2,7-3,0 г/см
3
секілді тау жыныстарынан құралады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет