131
Магманың жер бетіне шығуы жанартау өңештері арқылы жүзеге
асады. Атқылап шыққан балқыған лавалар жəне
олардың қатты
бөлшектері жер бетінде конус тəрізді жанартау пішінін құрайды.
Оның төбесі дөңестеу келеді де, орта тұсында тостаған тəрізді ойыс
–
жанартау кратері пайда болады (
54,55-суреттер).
54-сурет. Кавказ тауындағы Эльбрустың қос кратерлі жотасы
Кратер түбіндегі көмей магманың сыртқа шығу каналымен
ұштасады.
Қазіргі жанартау жүйелері Тынық мұхит жағалауындағы гео-
синклинальды белдеулер мен мұхит
табандарындағы суасты орта
жоталары аймақтарында орналасқан.
55-сурет. Исландиядағы Лаки жанартауы
132
Метаморфизм – жер қыртысындағы басты эндогендік
əрекеттердің бірі болып саналады. Оның нəтижесінде тау жыныс-
тары
алғашқы сипатын жоғалтып, дəлірек айтқанда, жердің терең
қойнауындағы əртүрлі термодинамикалық жағдайлар əсерінен
(жоғары қысым, температура, балқыған магма жəне т.б.) минералдық
құрамы, құрылымы жəне құрылысы өзгерістерге ұшырап қайта кри-
сталданады.
Бұл əрекеттердің барысында тау жыныстары қатты күйін
сақтайды. Ал жер қыртысының терең қабаттарында жүретін мета-
морфизм əрекеттері олардың толықтай
қайта балқуын қамтамасыз
етеді.
Метаморфизмнің жүруіне тікелей ықпал жасайтын факторларға
температура, жоғары қысым жəне химиялық заттар жатады. Ме-
таморфизм ықпалымен жер қыртысындағы, тіпті оның терең
қойнауындағы кез келген тау жыныстары өзгеріске ұшырайды.
Метаморфтық процестер кезінде температура неғұрлым жоғары
болса, соғұрлым химиялық реакция шапшаңдығы артады. Темпера-
тура 10
0
С көтерілсе, химиялық реакция жылдамдығы екі есеге арта-
ды, ал 100
0
С жоғарылайтын болса мың есеге артады.
Температураның жоғарылауына екі жағдай тікелей себепші бо-
лады, тау жыныстарының тереңге қарай шөгіп, алғашқы орындары-
нан
ауысып орналасуы жағдайында, геотермиялық градиент (33 м
сайын 1
0
С жоғарылайды. Екінші жағдайда жоғары қабаттарға қарай
көтерілген ыстық магманың қызу əсеріне тікелей байланысты. Со-
нымен қатар терең қабаттардағы ыстық ерітінділер де өзіндік əсерін
тигізеді.
Жер бедерін қалыптастырудағы барлық əрекеттердің қозғаушы
күші – Күн сəулесінің түсу мөлшері мен соған сəйкес климаттағы
өзгерістер. Сонымен қатар ішкі тектоникалық қозғалыстарға да
тəуелді. Климаттық жағдай ылғалды
немесе құрғақ сипатқа ауыс-
са, таулардың биіктеуі бəсеңдейді. Керісінше тез арада материктік
гипсометриялық деңгей қарқынды түрде биіктесе сыртқы күш
əрекеттерінің жүру сипаты мен жылдамдығы да өзгереді.
Демек, қазіргі жер бедерінің қалыптасуы ішкі жəне сыртқы
күштердің ұзақ геологиялық уақыт аралығындағы өзара əрекетінің
нəтижесі болып табылады.