Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ


  Студенттерге өзін-өзі бақылау сұрақтары мен тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет37/140
Дата11.01.2023
өлшемі3.28 Mb.
#468309
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   140
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж (1)

131 
Студенттерге өзін-өзі бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:
1. Мəшһүр Жүсіп шығармашылығындағы діни-таным.
2. Мəшһүр Жүсіп поэзиясына шығыс əдебиетінің əсері.
3. Мəшһүр Жүсіп поэзиясындағы діни ұстанымнан туындаған 
азатшыл идея көрінісі.
4. Мəшһүр поэзиясындағы əдеби-көркемдік ізденістер.
5. Мəшһүр Жүсіптің шығыс сюжеттеріне жазған қисса-
дастандары.


132
5 ТАРАУ.
АҒАРТУШЫ-ДЕМОКРАТ АҚЫН-ЖАЗУШЫЛАР
5.1 Бағыттың басты сипаты 
Жаңа ғасыр басындағы қоғамдық-əлеуметтік дамуға сай қо ғам -
дық ой-сана мен озық идея саналуан өзгеріске ұшырап, жаңа өрлеуге 
бет алды. Бұл əдебиетке де өз əсерін тигізбей қойған жоқ. Жаңа 
ғасыр өрінде дүниеге келген түрлі бағыттар дың ішінде ағартушы-
демократтық бағыттың орны ерекше.
Ағартушы-демократтық бағыттың құрамында қаралатын ақын-
жазушылар ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ əдебиетінің өркендеуіне 
өлшеусіз үлес қосты. Олар қазақ əдебиетін шын мəніндегі өнери 
жазба əдебиет деңгейіне көтеріп, өмір, дəуір сырын шынайы сипат-
тап, терең ашуға ұмтылды.
Бұл бағыттағы ақын-жазушылардың білім деңгейлері түрліше 
сипатта болып келеді. Көбі сауатын қазақша-жаңаша (жадидше) 
оқумен ашып, кейін орыс мектептерінде оқып, дүниелік ғылым-
білімнен молынан хабардар болып өсті. Олар негізінен орыс-ба-
тыс əдебиетіне еліктеп, сол деңгейде шығарма жазуға талаптанды. 
Жазушылықпен бірге қоғам қайраткері ретінде де танылған оларды 
ұлтының ертеңі көбірек толғандырды. Қоғамдағы саяси өзгерістерді 
де жіті танып, соның нəтижесінде қазақ қоғамына қажетті жайлар-
ды дұрыс бағдарлай алды.
Бұл бағыттағы ақын-жазушылар өз шығармаларында ағарту-
шылыққа үндей отырып, қоғамдағы əлеуметтік теңсіздіктерді де 
көре білді. Сөйтіп демократиялық ой-пікірлерді алға шығарды. 
Қоғамдағы қайшылықтарды құрғақ сынап қоймай, əрқайсысы 
əл-қадырынша оның кесір-кесапатын жоюдың өзіндік жолда-
рын ұсынды. Қоғамдық-əлеуметтік өмірді, замана сипатын, дəуір 
шындығын кең көлемде суреттеуге ұмтылудың нəтижесінде қазақ 
əдебиетінің жанрлық тұрғыдан баюына өлшеусіз еңбек сіңірді.
Бұл бағыттағы ақын-жазушылар қазақ арасындағы ілгерішіл 
қоғамға жат ескілік қалдығын, теңсіздікті, отаршылдық саясат-
ты аяусыз сынады. Халықты оянуға, мəдени шаруашылық жақтан 
жетілуге, еңбекке, оқуға, алдыңғы қатарлы елдер мəдениетінен 
үйренуге, отырықшылдыққа, қала салуға үндеді. Əлеуметтік теңсіз-


133 
діктің басты көрінісі ретінде əйел теңсіздігін алып, өздерінің негізгі 
шығармаларына осы тақырыпты арқау етті.
Олардың жазба əдебиетті өркендету мақсатындағы жанрлық 
ізденістері жазба əдебиеттің құр еліктеу дəрежесінде қалып 
қоймай, ұлттық төл əдебиетіміздің қалыптасуына жол ашты. 
Сөйтіп жазушылық қолтаңбалары айқындала түсіп, əрқайсысының 
өзіндік тақырыбы, ой-пікірі, стилі, өзіне ғана тəн шеберлік мектебі 
қалыптасты.
Ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар шығар ма-
шы лығы шын мəніндегі сыншыл реалистік дəрежеге көтеріліп, дү ние 
құбылысын кең, терең негізде ашты. Бұл бағыттың өкілдеріне таза 
əдеби шығармашылықпен айналысып, кəсіптік деңгейдегі жа зушылық 
шеберлікке көтерілген Ш. Құдайбердиев, С. Торайғыров, М. Сералин, 
С. Дөнентаев сынды ақын-жазушылармен бірге шығар машылығы 
ағартушылық-ұстаздық қызметтерімен тығыз байланыс та өрістеген 
С. Көбеев, Б. Өтетілеуов, Т. Жомартбаев сынды тікелей ағар тушылық 
тақырыпта қалам тербеген ақын-жазушылар да жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   140




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет