110
Екі жасыл дигетерозиготалы өсімдіктерді
өзара будандастырса,
Ғ
2
-де белгілердің ажырауы 9:3:4 болады (10-сурет). Демек А-гені
сары түске жауап берсе, ааВ жəне aabb ақ түстің дамуына жауап
береді.
Белгілердің 9:3:3:1 қатынасында ажырауы. Егер комплемен-
тарлы гендердің əрқайсысы фенотипте
өз белгілерін көрсете алса,
белгілердің ажырауы 9:3:3:1 қатынасына тең болады. Мысалы, сары
түсті жемісті қызанақты қызғылт сары түсті жемісті қызанақпен
будандастырған. Ғ
1
-де алынған будандардың түсі қызыл (А-B-
) болған. Ал Ғ
2
-де 9 қызыл (A-B-), 3 сары (A-bb), 3 қызғылт сары
(aaB-), 1 сары-қызғылт сары (aabb) жемісті будандар алынған.
Белгілердің 9:6:1 қатынасында ажырауы.
Комплементар-
лы гендердің фенотипте əрқайсысы бір-бірінен тəуелсіз
жағдайда
бірдей белгілерді анықтаса, белгілердің ажырауы 9:6:1 қатынасында
болады. Бұған мысал ретінде асқабақтың
пішінін анықтайтын ком-
плементарлы гендерді алуға болады. Екі доминантты ген өзара
əсерлескенде (A-B-) асқабақ тегершік пішінді,
гомозиготалы
рецессивті (aabb) жағдайда сопақша, ал комплементарлы гендер же-
ке-жеке кездескенде (А-bb жəне ааВ-)
асқабақтың пішіні дөңгелек
болған.
Достарыңызбен бөлісу: