Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет110/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   205
Акмеология

214
215
Сонымен, студенттердің психологиялық-кəсіби айналымдағы 
пəндерге жəне педагогика, психология жəне акмеология саласын-
дағы ғылыми-зерттеу іс-əрекетіне деген қызығушылықтары 
объективті түрде артады, болашақ мамандардың педагогикалық 
бағыттылығы жəне кəсіби өзіндік санасы қалыптасады. 
Акмеологиялық тұғырда кəсіпқойларды даярлау мен жетілдіру-
дің алуан түрлі аспектілерін ескеріп, шығармашылық қабілеттерін 
дамыту мəселесі басым болады: 
1. Зерттеудің жас аспектісі педология құралдары арқылы (ба-
лалар мен жастарды зерттейді), ересектер андрогогикасы (сту-
денттер мен кəсіпқойларды зерттейді) жəне геронтология (еңбек 
ардагерлерін зерттейді) құралдары арқылы нышандар мен 
қабілеттерді диагностикалауға бағытталған. 
2. Білім беру аспектісі жалпы, кəсіби жəне үздіксіз білім беру 
жүйесінде білім жəне біліктерді диагностикалауға жəне дамытуға 
бағытталған. 
3. Кəсіби аспект кəсіби жарамдылықты анықтау, аталған еңбек 
түріне жəне оның үдерісі мен нəтижесіне əлеуметтік жауапкершілік 
дəрежесіне психологиялық дайындықты айқындау арқылы еңбек 
іс-əрекетін жүзеге асырудың мүмкіндіктерін жəне нəтижелерін 
анықтауға бағытталған. 
4. Креативті аспект – шығармашылық үдерісінде алынған 
инновациялардың əлеуметтік мəнділігін бағалау, рефлексивті-
инновациялық əлеуетті шеберлік дəрежесіне жетілдіру, кəсібиліктің 
деңгейін айқындау жолы арқылы жұмсалатын күш-қуаттың жəне 
оны жүзеге асырудың жетістігін анықтауға бағытталған. 
5. Рефлексивті аспект, тұлғаның дамушы «Мен» ретінде 
өзіндік санасымен жəне кəсіби іс-əрекет үдерісінде коммуникация 
серіктестерін түсінумен байланысты, ол адамды кəсібилендірудің 
айқындалған акмеологиялық аспектілерінің оңтайлы өзара сəй-
кестігін қамтамасыз етіп, жүйе құраушы болып саналады. 
Ойын рефлексиясының құрастырылған дара, диалогты жəне 
топтық тəсілдері, білімгерлердің, студенттер мен кəсіпқойлардың 
кəсіби-шығармашылық міндеттерді шешу рефлексияны наси-
хаттаудың интенсивті-ойын əдістерін қолдану жағдайында 
шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. 
Жаңа мүмкіндіктер мен ресурстарды іздеудің конструктивті 
жолдарының бірі, инновациялық жоғары технологияларды құрумен 
байланысты, ол байланыс дəстүрлі өндірістік салада ғана емес
сонымен бірге, адамзат іс-əрекетінің басқа салаларында, атап 
айтсақ акмеологияда болады. Мамандардың жоғары кəсібилігі 
жəне шығармашылық шеберлігі – өзекті мəселелерді оңтайлы 
шешудің факторы болатын маңызды адамзат ресурстарының бірі 
болып табылады. Əлеуметтік-мəдени контексте жаңа интегративті-
кешенді ғылым – акмеология ерекше мəнге ие болады, ол кəсіби-
лікті жəне шығармашылықты дамытудың заңдылықтарын жəне 
технологияларын зерттейді. 
Акмеология адам өмірінің əртүрлі сатыларында кəсіби іс-
əрекетінің (шығармашылық жетістік, əлеуметтік танылу, жеке 
жетістік түрінде) нəтижелілігіне ерекше зейін аударып, адам 
болмысының диахрондық аспектісін зерттейді. Акмеологияның 
тіректі мəселелерінің бірі ретінде, адамның кəсіби іс-əрекеттің 
алуан түрлерінде шығармашылық əлеуетін қалыптастыру жə-
не дамыту мəселесі алынады. Акмеологиялық мəселелер жиын-
тығындағы жас ерекшелік тұғырдың үлгілеріне сəйкес, кəсіби 
шығармашылықтың 
нəтижелілігі, 
əлеуметтік 
факторлармен
негізделген (білім беру, мансап жəне т.б.), адамның жас ерекшелік 
мүмкіндіктерін ашудан туындаған кумулятивті əсер ретінде 
түсіндіріледі. Мұнда акмеологиядағы жүйелі-функционалды тұғыр 
балама қызметін атқарады, соған сəйкес аталған тұғыр, өзінің 
дамуында шығармашылық шеберліктің оңтайлы сатыларына 
жəне белгілі қоғамдық танылуға жететін, кəсіби іс-əрекетте (оның 
мəдениеттанушы, əлеуметтанушы, психологиялық, физиологиялық, 
генетикалық жəне басқа детерминанттарын ескеріп) жетістікке 
жетелейтін, адамның шығармашылық əлеуетін қалыптастыру 
үдерістерін 
зерттеуге 
бағытталған. 
Жетістіктің 
маңызды 
психологиялық ерекшелігі ретінде, оның əрдайым нақты болатыны, 
іс-əрекет субъектісінің ұзақ, қарама-қайшылықты, кикілжіңді 
дамуының нəтижесі болатыны алынады. 
Қазіргі кезде «субъект» жəне «субъектілік» ұғымдары 
психологияда ғана емес, сонымен бірге акмеологиядағы жетекші 
ұғымдар болып табылады. Соған байланысты, салалас ғылыми 
пəндерде қолданылатын, классикалық акмеологияның құрылымын-
да тұрақталған категориялар ретінде, «субъект» жəне «субъектілік» 
ұғымдарын талдау жəне саналы ұғынуды қамтитын əдіснамалық 
рефлексиядағы қажеттілік артып келеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет