Оқулық Алматы, 2014 Әож кбж ш түсінік хат



бет61/85
Дата16.03.2023
өлшемі0.55 Mb.
#470850
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   85
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар

Бақылау сұрақтары:

  1. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясын сипаттап беріңіз.

  2. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының түрлерін атап, оларға сипаттама беріңіз.

  3. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының төрт деңгейін ашып көрсетіңіз.

  4. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының ерекшеліктерін айқындаңыз.

  5. Бастауыш мектепте деңгейлеп саралап оқыту технологиясын пайдалану мүмкіндіктерін анықтаңыз.

Өзіндік жұмыс тапсырмалары:

  1. Бастауыш мектептің оқу-тәрбие үдерісінде деңгейлеп- саралап оқыту технологиясын қолдану жағдайын анықтыңыз.

  2. Бастауыш мектепте деңгейлеп-саралап оқытуды қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктерін айқындаңыз. Оны Венн диаграммасы арқылы кескіндеңіз.


  1. Деңгейлеп оқытудағы мұғалімнің орнын көрсетіп, бастауыш мектепте оқытылатын кез келген пән бойынша деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын пайдаланып сабақ жоспарын құрыңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Қараев Ж., Қуанбаев Б. Жетірілдірілген педагогикалық жүйені жобалаудың дидактикалық шарттары. - «Ізденіс» республикалық ғылыми-педагогикалық журналы. - №1, 2004.

  2. Қараев Ж. Оқушылардың шығармашылық қабілетін деңгейлеп оқыту технологиясы арқылы дамыту жолдары. - Алматы, 2008.

  3. Кобдиқова Ж. У Оқытудың педагогикалық жүйесін технологиялық негізде жетілдіру». - Алматы, 2005.

  4. Сейтқазиев Ж. Деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу. - Тараз, 2013.

  5. Таубаева Ш. Т., Барсай Б. Т Оқытудың қазіргі технология- лары. Алматы, 2005.

  6. Әбдіғалиев Қ. Осы заманғы педагогикалық технологиялар. - Алматы, 2004.

  7. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары. - Алматы, 2007.

  8. Жүнісбек Ә. Қазіргі заманғы педагогикалық технология негізі - сапалы білім. - //Қазақстан мектебі, №4, 2008.

  9. Педагогические технологии: Методические рекомендации /Сост. А. П. Чернявская. - Ярославль: изд-во ЯГПУ им. К. Д. Ушинского, 2002.

  10. Селевко Г. К. Современные образовательные технологии. - М.: Народное образование, 1998.

  11. Монахов В. Проектирование и внедрение новых технологий обучения. - М.: Педагогика, 1990 г.

  1. Дифференциалды оқыту технологиясы

Дифференциациялап оқытудың мәні. Қазіргі әлеуметтік- экономикалық жағдай мұғалімдердің алдында тұрған оқу-тәрбие жұмысын жетілдіруде, оқушының өзіндік, шығармашыл ойлауын дамыту және білім деңгейін жоғарылатуды қамтамасыз ету міндеттерін маңызды күрделендірді. Көп уақытқа дейін барлық оқыту және тәрбие әдістемесі оқушының орташа деңгейіне бағытталды.


218


219




Онда оқушылар сыныбы жекелеген тұлғалардан тұрады, яғни олардың әрқайсысының өзіне тән психологиялық және адамгершілік ерекшеліктері, өзінің қызығушылығы және бейімділігі, шындықты көруі болды. Мұндай құбылыстың себебі тәрбиелей және дамыта отырып оқыту тұлғаға тікелей емес, оның дамуында «ішкі жағдай» арқылы әсер етті.
Ішкі әлемнің әртүрлілігі әр баланың ерекшелігін анықтайды. Оқушылардың оқуын ұйымдастыруда, мұндай факторларды жеткіліксіз есептеу «орташа оқушының» пайда болуына әкелді. Әрбір оқушының ішкі дүниесінің бірегейлігі, оның ерекше дүниетануы оқушының танымдық мүмкіндіктерінің пайда болуын қамтамасыз етеді. Мектепте мұндай ерекшеліктерді ескеру оқытудың қызметтік және мотивациялық аспектілерін жоғарылатуда көрінетін әрбір оқушының дұрыс нәтижелерге жетуінде басты рөл атқарды. Оқытуда, оқушылардың барлық ерекшеліктерін ескеруді жүзеге асыратын құрал - дифференциация болып табылады.
Дифференциациялап оқыту - бұл әр оқушының қабілетін, бейімділігін, қызығушылығын ескере отырып жеке басын дамытуды қамтамасыз ететін білім берудің жүйесі.
Оқыту және білім берудегі дифференциация дегеніміз:

  • білім берудің мазмұнын, түрін, әдісін, темпін, көлемін таңдау арқылы әр оқушыға білім меңгеруіне қолайлы жағдай жасалатын оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

  • әр түрлі білім алу қажеттіліктерді қамтамасыз етуге арнап оқыту жүйесін бағдарлау.

Дифференциацияның мәні - оқушыларды бөлу емес, оларды біріктіруде дер кезінде дифференциалды көмек көрсету.
Дифференциацияның тиімділігі - мұғалім оқушылардың жұмысын бақылап қана қоймай, осы уақытта жеке оқушылармен жекеше жұмыс жасайды. Оқушылар үш режимде жұмыс істей алады: мұғаліммен бірігіп, жеке және өз бетімен мұғалімнің жетекшілігімен.
Дифференциалды оқыту технологиясының тарихи даму кезеңдері. Мектептің білім беру тарихы, дифференциация барлық жағдайда оқушыларды оқытуда қолданылғандығын дәлелдейді. Мектептік білім беру пайда болғанда, мемлекеттен жеке алынған, әрбір дәуір талаптарына сәйкес дифференциалды оқыту мәселесі де дамыды. Мысал ретінде біздің отандық мектептерімізде, бұл мәселесінің пайда болу жолын үш кезеңге бөлуге болады:


бірінші кезең - 1918-1930 жылдары, дифференциалды оқытуды ұйымдастыруға жалпы амал, тәсіл іздеу; екінші кезең - 1930-1990 жылдар, мектептік білім беруді ұйымдастыруда эгалитарлы амал контекстінде дифференциалды оқыту пікірінің дамуы; үшінші кезең

  • 1990-2000 жылдар, мектептік білім беруді бұқарашылдандыру жағдайында дифференциалды оқытуды жүзеге асыру үшін жаңа амалдарды анықтау.

XX мыңжылдықтың 20 жылында, яғни алғашқы кезеңде

  • бұл мектеп тәжірибесінде және педагогикалық теорияда дифференциалды оқыту пікірін жүзеге асырудың бастамасы 1922 жылы Дальтон-план бойынша жұмыс басталады. Дальтон-планының көмегімен оқыту үдерісіне оқушылардың мүмкіндіктерін ескеретін бағдарламалар енгізілді және құрылды. Оқу бағдарламаларын күрделілік деңгейіне бөлу, нақты пән бойынша біліміне нұсқау, оқушылардың жеке ерекшеліктерін қамтамасыз ету және олардың дальтон-план бойынша жұмысы дифференциалды оқыту принципіне жауап береді. Сонымен қоса, ол оқушыларды деңгейлік дайындаудың қазіргі талаптарына үндес.

20 жылдардың ортасына қарай өмірге енгізілген жаңа тәсіл өңделді. Кеңестік мектепте дифференциалды оқытудың алғашқы формасы дарынды дәрежесі бойынша дифференциация болып табы- лады. Дарынды балалармен жұмыстың тәжірибесінде әдебиеттер мен әдістемелер болмағандықтан дифференциалды оқытудың аталған формасы баланың психикасына, яғни тым ашушаң, қызбалы болуына әкелді. Бірақ оның жағымды да жақтары болды: үлгерімі нашар және даму жағынан кем балаларды есіркеу және соған байла- нысты әдістемелер қолданылды.
Дифференциалды оқытудың келесі формасы - еңбекке баулу курсымен үйлестіруде қабілеті бойынша дифференциация. Бұл тәсілдің негізгі кемшілігі: жалпы білімділігін бағаламау.
Бұл кезең дифференциалды оқытудың екі формасымен ерекшеленеді:

30 жылдары кеңестік үкімет барлық оқу-тәрбие үдерісінде қатаң тәртіп белгілеуді жою туралы қаулы қабылдайды. Барлық орта білім беру мекемелеріндегі оқушыларды жалпы білім беруге


220


221




дайындауға және толық емес орта мектептер үшін бірыңғай талаптар бекітіледі. Бұл жылдарда мектеп қызметінің бірыңғай оқу жоспары бойынша оқу-тәрбие үдерісін құруға және оқу пәндерінің мазмұнын қалыптастыруға бағытталды. Педагогика ғылымында келешек үшін дифференциалды оқыту пікірін өңдеу жалғасты.
Осыған байланысты дифференциалды оқыту пікірін өңдеу білім берудің регламенттік мазмұны негізінде жүзеге асты. Бірақ ғылыми көзқараста дифференциалды оқытудың шекарасын анықтау қажет болды. Осы мәселеге алғаш рет 1946 жылы Н.К. Гончаров назар аударды. Ол дифференциалды оқытудың шекарасын ғылымның екі тобы - табиғат және қоғам негізінде анықтау керек деді. 50 жылдың ортасында, орта мектепте дифференциалды оқыту бойынша эксперимент жүргізудің дайындық жұмысы басталады. Бұл жұмысты бастаушылар М.А.Мельников, А.М.Арсеньев, Н.К.Гончаров болды. Дифференциалды оқыту бойынша жүргізілген экспериментті жұмысты ұйымдастырудың негізгі принципі келесілер болды: «мектеп үш бірыңғай міндетті шешу керек, яғни кәсіптік, политехникалық және жалпы білім беру, дифференциацияны жалпы білім берумен шектемеу керек».
Үйлесімді бағдарламалар және пәндер циклдері бойынша бөлімдер құрылғанда дифференциалды оқыту басталды. Жалпы білім берудің бірыңғай көлемі сақталды, дифференциация жалпы білім беру пәндерімен бірге арнайы және тәжірибелі өндірістік дайындық пәндерін қамтыды. Осымен, кеңестік мектептегі дифференциалды оқыту шет мемлекеттерінің фуркациясынан ерекшеленді, яғни мұнда дифференциация екі бағыт бойынша: математикалық және гуманитарлық жүргізілді. Мектеп практикасына пәндерді тереңдетіп, оқыту бойынша сыныптарды және факультативтерді енгізу ниеттерінің негізін эксперименттік тексеруге байланысты жүргізілген жұмысы 50 жылдың аяғында дифференциалды оқыту тұжырымдамасын өңдеумен аяқталды.
1966 жылы Кеңес министрінің «орта жалпы білім беру мектептерінің жұмыстарын әрі қарай жалғастыру» қаулысы бойын- ша дифференциалды оқытудың екі формасы енгізілді: тереңдетілген білім, оқушылардың қабілеттерін, қызығушылықтарын, кәсіптік хабарын жан-жақты дамыту.
Сонымен, 60-70 жылдары мектеп тәжірибесінде оқу үдерісіндегі дифференциацияның келесі түрлері: факультативтік сабақ, арнайы


кластар және гуманитарлық пәндердің агробиология, физика, есептеу техникасы, математика пәндерін тереңдетіп оқытатын арнайы мектептер пайда болды.
Теоретиктердің берген бағасы практикаға факультативтердің енгізілуі дифференциалды оқытудың берілген формаларын орындауда дидактикалық және әдістемелік жағынан толық өңделмегендігін дәлелдеді.
Бірақ зерттеудің әр түрлі (әдістемелік, дидактикалық, психологиялық) аспектілерінің қарқынды жүргізілген жұмыстарының нәтижесінде дифференциалды оқытудың аталған формаларын енгізуде жетістіктерге жетті. Сонымен, В.А.Орлов қорытындылай келе, «факультативтер оқушыларда білімнің жоғары деңгейін қалыптастыруда өзінің кең қажеттілігін және өмірлік қабілетін көрсетті», - деді.
Ал, 70-жылдың басында дифференциалды оқытудың тиімді формасы ретінде арнайы мектеп және сынып шегінде пәндерді тереңдетіп оқыту болып табылады. Дифференциалды оқытудың осы формасының кеңінен таралуы үшін қиыншылықтар болды. Сондықтан өз уақытында В.А.Орлов пен Э.И.Унт пікірі бойынша, пәндерді тереңдетіп оқыту оқушыларға терең білім береді.
Кеңестік мектепте дифференциалды оқыту пікірі құрылуының екінші кезеңін, мектептік білім беруді ұйымдастыруда эголитарлық тәсіл контекстінде дифференциалды оқыту пікірінің даму кезеңі деп атауға болады. Ол дифференциалды оқытудың екі формасымен ерекшеленеді:

  • факультативтік сабақтар;

  • пәндерді тереңдетіп оқытуда арнайы кластар мен мектептерге бөлу.

Осы екі форманың да мақсаты: білімді тереңдету, оқушылардың қабілеттерін, қызығушылықтарын, кәсіптік хабарын жан-жақты дамыту.
Дифференциалды оқытудың барлық формаларын ұйымдастырудағы жетістіктер, олардың барлығы негізінен оқушылардың типологиялық ерекшеліктеріне ғана бағытталған еді, ал оқушылардың жеке ерекшеліктері толығымен ескерілмеді.
1895 жылы білімдегі педагогикалық дағдарыс, сонымен қатар мектептік білім беру практикасындағы дифференциалды оқытудың жағдайы, мектептегі дифференциалды оқытуды жүзеге асыруда жаңа амалдарды іздеуге итермеледі.


222


223




1990 жылдың басы дифференциалды оқыту тұжырымдамасы және жаңа пікірлердің тууы, мектептік білім беруде дифференциа- ция мәселесінің дамуындағы жаңа кезең деп есептеледі.
Тұжырымдама авторлары дифференциалды оқытудың қажетті шартын халықтық білім беру жүйесінде пайда болған әлеуметтік келісілген тенденция және екі объективті, яғни кеңестік мектепке бірыңғай талап және тұлғаның дамуына қолайлы жағдай жасауды атап көрсетті.
Дифференциациялап оқытудың мақсаттары:

  • психологиялық-педагогикалық;

  • әлеуметтік;

  • дидактикалық.

Біз үшін дифференциалды оқыту мақсатының бірінші және үшінші бағыты қажет.
Дифференциациялап оқытудың психологиялық-педагогикалық көзқарастағы мақсаты: әр оқушының қызығушылығы мен бейімділігін дамыту және талаптарды анықтауға тиімді жағдай жасауға негізделген оқытуды даралау.
Әлеуметтік көзқарас бойынша дифференциациялап оқытудың мақсаты: ол әрбір қоғам мүшесінің социуммен өзара әрекет бейімділігін ұтымды пайдалану мақсатымен шығармашылық, интеллектуалдық, кәсіби қоғам потенциалын қалыптастыруына мақсаттылықпен әсер ету.
Дидактикалық көзқарас бойынша оқушыларды дифференциациялап оқыту үшін жаңа әдістемелік жүйені жасау жолымен толғағы жеткен мектеп проблемаларын шешу.
Дифференциация түрлері. В.М.Монахов, В .А.Орлов, В .В .Фирсов дифференциалды оқытудың келесі формасын ұсынады:
Сыртқы дифференциация (арнайы мектептер ұйымдастыру, тереңдетіп оқыту және коррекциялық сыныптар, факультативтер, таңдау курстарын, т.б. ашу).
Ішкі дифференциация - әдеттегі сынып көлемінде әр оқушының даралық ерекшелігін ескере отырып сабақ барысындағы жұмыстың ұтымды түрін анықтау.
Элективті дифференциация - бұл оқушыларға міндетті оқу пәндерімен қатар бірнеше пәндерді қосымша ретінде оқуға құқық беру.
Сыртқы дифференциация - біршама тұрақты топтарды арнайы принциптер негізінде (қызығушылық, бейімділік, қабілет, жетістік


нәтижелері, жобаланған мамандық) құрау болып табылады. Мұнда білім мазмұны мен оқушыларға қойылатын талаптар өзгеше болады. Сыртқы дифференциация селективті жүйе көлемінде (профильді сынып және пәндерді тереңдетіп оқыту сыныбын таңдау) немесе элективті жүйе көлемінде іске асырылады.
Сыртқы дифференциацияның мәні білім беруде оқушыларды таңдаған бағытта максимал дамыту мақсатымен олардың тұрақты қызығушылықтарын бейімділіктерінің және қабілеттерінің көлемінде мамандануға бағыттау болып табылады.
Қазіргі кезеңде мектепте 2 түрлі сыртқы дифференциация қолдануда: факультативті сабақтар және жеке пәндерді тереңдетіп оқыту сыныптары.
Ішкі дифференциация - бұл кездейсоқ белгілер арқылы жиналған оқушылардың үлкен тобын әр түрлі оқыту. Бұл түр оқушылардың дара және топтық ерекшелігін толық ескеруге мүмкіндігіне негізделген. Ол материалды оқыту темпін, оқу тапсырмаларының дифференциациясын, әр түрлі іс-әрекетті таңдау, мұғалім тарапынан көмектің мазмұны мен дәрежесін мөлшерлеу вариативтілігін болжайды. Бұл әр түрлі деңгеймен әр түрлі әдістер арқылы оқыту жұмысын жүзеге асыру мақсатымен сыныптағы оқушыларды әр түрлі топтарға бөлуге мүмкіндік туғызады. Әдетте бұл топтар мобильді, икемді, жылжымалы болады. Қазіргі кездегі ішкі дифференциацияның ерекшелігі ол тек оқуда қиындық сезген оқушыларға ғана емес, сонымен бірге дарынды балаларға бағытталған. Ішкі дифференциация оқушылардың даралық ерекшелігін ескере отырып дәстүрлі түрде немесе оқыту нәтижелерін жоспарлау негізіндегі деңгейлік дифференциация жүйесі түрінде жүзеге асады.
Ішкі дифференциацияның мәні әдетте бағдарламалық материалды бірде-бір меңгеру деңгейіне оқушылардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін ескере отырып индивидуалдық жолмен оқыту түрлері мен әдістерін қолдану болып табылады.
Авторлар алғаш рет ішкі дифференциацияны оқытудың нәтижесін жоспарлауда деңгейлік дифференциация жүйесінің формасын да жүзеге асыру мүмкіндігін көрсетті.
Деңгейлік дифференциация оқушыларды бірдей бағдарламамен оқытып отырып, әр түрлі жоспарланған деңгейде меңгеру құқығы


224


225




және мүмкіндігі бар (бірақ міндетті деңгейден төмен емес) оқытуды ұйымдастыруын ойластырады.
Дифференциалды оқытудың әдістемелік принциптері. Өңделген тұжырымдама оқу пәндерін оқытуда дифференциалды оқытудың әдістемелік принциптер жүйесін, оқу жоспарын қалыптастыру және білім беру мазмұнын сұрыптау принципін, қазіргі кезеңде дифференциалды оқытудың негізгі мәселесін шешуде жалпы амалды және дифференциация жүйесін мақсатты құруды анықтады.
Сонымен, үшінші яғни дифференциалды оқыту пікірін дамытудың қорытынды кезеңін мектептік білім беруді бұқарашылдандыру жағдайында дифференциалды оқытудың жүзеге асуы үшін, жаңа амалдарды анықтау кезеңі деп атауға болады және дифференциацияның сыртқы формасын әрі қарай жетілдіру және дамытумен сипатталады.
Дифференциалды оқытудың әдістемелік принциптері оның формаларының жаңа типологиясын жүзеге асырумен байланысты. Оның мәні мынада:

  • оқушылардың ерекшелігінің типологиясы негізінде тұрақты сынып немесе топ құру;

  • оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеріп, жан-жақты дайындықты жүзеге асыру.

Барлық оқушылардың оқуға қабілеттілігінің дамуы мен дайындық деңгейі бірдей болмаған жағдайда дифференциалды оқыту технологиясы қолданылады.
Жеке қабілеттері ескерілмей, тек жас ерекшелігіне байланысты жиналған 25-30 оқушы білімді бірдей және тең меңгермейді. Кейбір оқушыларда өз жасына сай ойлауға икемділігі, ширақтылығы болмайды, жинақтап қорыта білмейді, осыдан кейін оқу материалдарынан қала бастайды. Бұндай оқушылардың білімге деген қызығушылығы жоғалады, оқуға деген теріс көзқарасы пайда болады. Бұл үлгермеушілікке әкеліп соғады. Жақсы оқитын оқушылармен де жұмыс істеу қиын, себебі, мұғалім сабақты «орташа» оқитын оқушының қабілетіне негіздейді. Олар біртіндеп оқу тапсырмаларын орындауда жеңілдіктерге үйренеді және бірінші қиындықтар өз-өзіне сенбеушілік, сасқалақтау туады. Ал, бұл үлгерімнің төмендеуіне әкеледі. Сондықтан әрбір оқушының жоғары үлгерімділігіне жетудің міндеті дифференциалды оқытуда оқушының жеке ерекшелігін ескеру негізінде шешіледі. Оқыту және білім берудегі дифференциация туралы түсінік.


Дифференциалды оқыту топтық оқу деңгейіне байланысты бірдей салыстырмалы топты бөлу формасын ұсынады.
Топты құрылымдық талдау схемасы.
Бірінші топ, жоғары оқу қабілеті бар оқушылар:
а) жоғары деңгей, даму және жұмысқа жоғары қабілеттілігі;
ә) орташа деңгей, даму және жұмысқа жоғары қабілеттілігі;
б) жоғары деңгей, даму және жұмысқа орташа қабілеттілігі.
Бұл топ оқушылары оқу міндеттерін өз бетімен шешуге және белгісіз жағдайда қажетті білімді қолдануды талап ететін қиын материалдармен жұмыс жасайды.
Екінші топ, орташа қабілеттері бар оқушылар:
а) орташа деңгей, оқуға қабілеті және жұмысқа орташа қабілеттілігі;
ә) төменгі деңгей, дамыту және жұмысқа жоғары қабілеттілігі;
б) төменгі деңгей, дамыту және жұмысқа орташа қабілеттілігі.
Бұл топтағы оқушылар бірінші топтың тапсырмасын, мұғалімнің және тірек схемасының көмегімен орындайды.
Үшінші топ, оқу қабілеттері төмен оқушылар:
а) жоғары деңгей, дамыту және жұмысқа төмен қабілеттілігі;
ә) орташа деңгей, дамыту және жұмысқа төмен қабілеттілігі;
б) төменгі деңгей, дамыту және жұмысқа төмен қабілеттілігі.
Бұл топтағы оқушылар оқу тапсырмаларына шек қоюды, сабақта қосымша түсіндірулерді және жаттықтыратын жұмыстарды қажет етеді.
Дифференциалды оқытуда әлсіз оқушылармен жұмыста сабақтан соң қосымша дайындалуды қажет етпейді. Дифференциалды оқыту үдерісінде оқушылардың бір топтан, екінші топқа көшуі мүмкін. Көшу немесе ауысу оқушының даму деңгейінің өзгеруінен, сабақта білім алуда қызығушылығының тууына талаптануда, оқу бағыттылығының жоғарылауы және кемшіліктерді толықтыруында қамтамасыз етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет