Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы. І, ІІ том. – Алматы: 2008. – 646 б.
Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. І-ІІ том. – Алматы: Қазақ университеті, 1997, 1998.
Ісімақова А. Алаш әдебиеттануы. – Алматы: 2009. – 560 б.
Қазақ әдебиетінің тарихы. 10 томдық. – Алматы: Ғылым, 2005-2010.
Ысқақұлы Д. Сынталқы. – Алматы: Сөздік-Словарь, 2005. – 416 б.
Ысқақұлы Д. Сынсонар. – Алматы: Рауан,1994. 238 б.
Смағұлов Ж.Қ. Ұлттық әдебиеттану әлемі. – Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2005. – 232 б.
Ысмайылов Е. КПСС ХХІ съезі қарарларына байланысты қазақ әде- биеттану ғылымының негізгі міндеттері // Әдеби мұра және оны зерттеу. – Ал- маты: Ғылым, 1961. 19-44 бб.
«Қазақ халқының әдеби-поэзиялық және мәдени мұрасын зерттеудің, сын тұрғысынан қарап пайдаланудың жәйі және оларды жақсарту шаралары тура- лы». Социалистік Қазақстан. 1957, 8 маусым.
Ысқақұлы Д. Сынсонар. – Алматы: Рауан,1994. 238 б.
Қирабаев С. Тәуелсіздік рухымен. – Астана: Фолиант, 2002. – 504 б.
Тоғжанов.Ғ. Әдебиет және сын мәселелері. – Қызылорда: Қазақстан, 1929. – 192 б.
20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті. – Алматы: Ғылым, 1961. 512 б.
15. 40-50 және 60 жылдардағы қазақ әдебиеті. – А. – Алматы: Ғылым, 1998. 400 б.
рихы және ғылыми мектептер
V БӨЛІМ. Әдеби сын та
2-ТАРАУ. Қазақ әдебиеттануындағы ғылыми мектептер
ХХ ғасыр қаламгерлерінің өзінің алдындағы да одан кейінгі де әдебиет- ке қарағанда қысқа мерзімде әдеби мұра қорына, көркем әдебиет да- муына, жанрларының ұлғаюына қос- қан үлестері – өз өресінде биік шың болып тұрарлық мұра. Жалпы ХХ ға- сыр – қазақ халқының тарихындағы күрмеуі көп, шешілмеген сауалдары мол, ұлт санасында қайғы-қасірет- ті іздер қалдырып, дегенмен бола- шаққа деген үмітін жандыруға жол ашқан, ірі саяси тұлғаларды туды- рып, мәдени өркендеуге бастаған дәуір. Осы ғасырдағы әдеби-көркем шығармалар және ғылыми зерттеу- лер туралы тәуелсіздік алғаннан бе- рі жазылып пайымдалған ғылыми, публицистикалық, әдеби, тарихи ең- бектердің саны көп, сапасы әрқилы. Ал ол еңбектердің әдебиеттану ғылы- мында өз бағасын алып, жарық көр- ген жылдарының әдеби бағыттары мен әдіснамасын анықтап көрсетуге мүмкіндік беретіндігіне қоса, қазақ әдебиеттануында тарихнаманың өр- кендеуіне жол ашатыны анық.
Тарихта қаншалықты заман қыс- пағы болса да, кезең қаламгерле- рінің шығармашылығын талдап, таратып, өзіндік ерекшелігін айқын- даған әдебиетшілеріміздің арқасын- да қазақ әдебиеттану ғылымының қазіргі жеткен биігін көреміз. Де- генмен, әдебиеттануда көркем әде- биетті тудырушылардың есімдері қадап-қадап аталады да, оларды та- нып, өзгелерге танытуда ерен еңбек еткен әдебиеттанушы ғалымдардың есімдері қалтарыста қалып отыра- ды. Осы кезең әдебиетін қарастыр- ған ғалымдардың ғылыми тұжырым- дамаларын жеке-жеке пайымдаудың арқасында әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолындағы әр жылдар әдебиеттануының ерекшеліктері мен концепциясын, сол жылдардағы әде- биеттанудың даму өзгешелігін са- ралауға мүмкіндік туады. Ол өз алдына әдебиеттанудағы ғылыми тәлім, дәстүр жалғастығы, ізденіс арналастығы, мектептердің қалып- тасуы сияқты мәселелердің түйін- дерін шешеді. Бұларды талдау мен
сараптаудың небір үлгілерін, шығар- машылық шеберханаларын көрсете алады. Бұл – әдебиет тарихы мен теориясының ілгері дамуына қол- ғабыс тигізіп, әдебиеттанудың арна- сын кеңітпек.
ХХ ғасырда қазақ әдебиетінің та- рихын ғылыми тұрғыдан жүйелеп жазуда кеңес дәуірі кезінде жасалған жұмыстар аз емес. Дегенмен, олар- ды қазіргі күн талаптарына сай қайта қарап, таразылау аса қажет. Өйтке- ні, ол әдебиет тарихының ақиқат таразысына түсуіне сеп болмақ. Ол үшін ұлттық әдебиеттануда кешенді зерттеу саласын қалыптастырған ға- лымдардың еңбектеріндегі басты концепциялар ғылыми мектеп негі- зін қалағанына сай сараланып, өз бағасын алуы шарт.
Уақыт пен кеңістік өлшемін ұлт- тық әдебиеттану ғылымына, оның та- рихы мен дәуірленуіне байланысты қарастырар болсақ, оларға лайықты деңгейдегі ғылыми пікірдің кеңдігі, биіктігі, тереңдігі мәселесі туын- дайды. Бұл үш санат кез келген гу- манитарлық ғылымдар саласының болмыс-бітімін танытады десек, ар- тық айтқандық емес. Ал оларды ұлт- тық әдебиеттану ғылымының тари- хи өткен жолына сай таразыласақ, мән-маңызы жоғарылай түседі. Се- бебі, әр ұлт әдебиеті өзіне тән ғана ерекшелікпен қалыптасатын болса, оны тексеретін ғылым саласы да бас- қа елдің әдебиет туралы ғылымын
қайталамайтыны сөзсіз нәрсе. Әдеби мұраны игерудегі жалпы заңдылық- тары мен зерттеу әдіс-тәсілдері ортақ болғанмен әр ұлт өз әдебиетінің та- рихы, теориясы, сыны, библиогра- фиясы, текстологиясы мен тарих- намасын тек өзі ғана тексереді. Бұл жерде әдебиеттану ғылымы белгілі бір дәрежеде жоғары елдің ориен- талист-фольклорист және әдебиет- танушы ғалымдарының басқа ұлт әдебиетін зерттеген еңбектері сол елдің әдебиеттануына қосылған үлес болып табылмайтынын естен шы- ғармаған абзал. Олардың зерттеулері сол өзі өкіл болып табылатын ел- дің әдебиеттануына қосылатын үлес болып табылады. Сондықтан тек ұлттық зерттеушілік таным-білік ая- сындағы ізденістерін белгілі бір дәре- жеде саралап алған соң ғана барып әлемдік әдебиеттану табыстарына көз салатыны анық.
Ендеше қандай да болсын ұлт өзі- нің әдебиеттану ғылымы мен сынын тудыруда және қалыптастыруда әлем- дік ғылыми-зерттеушілік әдіснама- лық ізденістерден шет қалуы мүмкін емес. Қандай да болсын халықтың әдебиеттану ғылымы өзіне ғана тән ерекшелікпен туып-қалыптасатынын ескеретін болсақ, әлемдік ғылы- ми мектептер мен теорияларға қа- рама-қатысы анықталар еді. Себебі олар әдеби мұраларды зерттеуде өз кезінде кеңінен таралған әдіс-тә- сілдерді қолдана отырғанымен, еш-
бір ұлттың әдебиет сыны мен әде- биеттану ғылымы басқадан үйреніп барып жасалмақ емес. Әдеби және фольклорлық мұраны жинап-жария- лаудағы танымдық сипатта көріне- тін қарапайым жұмыстардың өзі-ақ филологиялық мектептің әдіс-тә- сілдерінің алғышарттары болып та- былары анық. Егер әлемдік әде- биеттану ғылымының тарихына көз жіберсек, онда оның зерттеу бағыт- тары мен салаларына сай бірнеше түрлі теориялар мен ғылыми мектеп- тердің қалыптасқанын байқар едік. Ең көп тарағандарын атасақ: а) фило- логиялық мектеп; ә) эстетикалық догматизм мектебі; б) биографизм; в) мәдени-тарихи мектеп; г) тари- хи салыстырмалық мектеп (компа- ративизм); д) психологиялық мек- теп; е) психо-аналитикалық мектеп (фрейдизм); ж) формализм мектебі; з) социологиялық мектеп деген атау- лармен белгілі. Ал теорияларға ке- летін болсақ, олар фольклортануда мифологиялық және ауысып алу тео- риясы деп аталады. Социализм дәуі- рі өз идеологиясы мен саясатының ықпалын жүргізу үшін маркстік-ле- ниндік методология деген зерттеу әдістерін, социалистік реализм де- ген көркемдік әдісті қолдан жасап насихаттағаны да тарихи шындық.
Әдебиет туралы ғылым әдісна- масы әдебиеттанудың салыстырма- лы түрде жас саласына жатады. По- этика ерте кезде, әдебиет тарихы мен
әдебиеттерді салыстырмалы түрде қарастыру ХVІІІ және ХІХ ғасырдың бірінші жартысында пайда болды. Ал әдебиеттанудың спецификалық белгілерін білу мәселесі және соған сәйкес оған тән зерттеу әдістерінің міндетін, анализді, баға беруді ғылы- ми анықтау – ғалымдардың назарын ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр- дың басында ғана өзіне аударды.
Әдебиеттану әдіснамасының пә- ні мен міндеттерін түсінуде акаде- мик А. С. Бушминнің еңбегіне на- зар аударуымыздың маңызы зор. Ғалым әдебиет теориясы мен әде- биеттану әдіснамасының өзіндік ерекшеліктеріне тоқталады. Әдебиет теориясы мен әдебиет туралы ғы- лымның әдіснамасы бір-бірімен ты- ғыз байланысты, дегенмен өздерінің қызметтерімен міндеттері тұрғы- сынан ерекшеленетін теориялық әдебиеттанудың екі бөлім немесе екі аспектісі ретінде қарастырылуы керек. Әдебиет теориясы көркем әде- биеттің заңдарына және категория- ларына қатысты болса, әдебиеттану әдіснамасы осы заңдар мен катего- рияларға сүйене отырып, нақты тари- хи-әдеби процестегі олардың ғылыми зертеу принциптерін анықтайды.
Теория әдебиетке қатысты болса, методология тікелей әдебиет туралы ғылымға бағытталған. Әдебиет тура- лы ғылым тарихында, мәселен, мы- надай бірнеше әдістер қалыптасқан: филологиялық, эстетикалық, фор-
мальдық, ғұмырнамалық, тарихи-са- лыстырмалы, социологиялық әдістер. Осы әдістердің әрқайсысына немесе олардың қандай да бір үндестігіне сәйкес ерекше мектептер немесе ба- ғыттар туындаған. Осы әдіснамалық бағыттар кездейсоқ пайда болған жоқ. Олар басқаларынан бөлек алын- ған әдеби-көркем шығармашылық- тың белгілі бір ерекшелігімен шығып отырды.
Ұлттық әдебиеттанудың ішкі са- лаларын анықтау үшін әлемдік ғы- лыми мектептер мен олардың ғылы- ми зерттеу жұмыстарындағы негізгі бағыттары, теорияларына тоқталу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |