265
3-тарау. Жалпы білім беретін орта
мектепте тәрбие сағаттарын
ұйымдастырудың әдістемесі
сүймепті, табысына бүкіл ел ортақ
болыпты. Керқұла атты Кендебай
батыр атанып, әлемге аян болыпты.
Күндерде бір күн Кендебай аң аулап,
алысқа ұзап кетіпті.
(Сахнаға батыр киімін киген Кен-
дебай шығады, оған қарсы бір бала
кездеседі. Баланың киімі өрім-өрім,
жылап жүр.)
Кендебай (балаға жақындап): Кө-
зің жасты, көкірегің қайғылы не ет-
кен жансың?
Бала: Ардақтаған анаңды алса,
төгілмей ме ырысың. Асқар таудай
әкеңді алса, көрген күнің құрысын.
Кендебай: Не болды? Жөндеп айт-
шы?
Бала (жылап, күрсініп): Мен Мер-
генбай деген батырдың жалғыз ба-
ласы едім. Қазір алтыға шықтым.
Биыл
төртінші жыл, елімізге жау
тиіп, жылқы біткеннен тігерге тұяқ
қалдырмай айдап кетіпті. Әкем алып
ұйқылы батыр еді. Ұзақ жортуыл-
дан келгенде алты күн қатарынан
ұйықтайтын.
Осы ұйқыда жатқанда
әкемді жау әскерлері байлап әкетті.
Әкемді арашаламақшы болып же-
тіп барған шешемді қайырымсыз
жау алдына өңгеріп әкетті. Мен же-
тім қалдым. Амалсыздан Тасқара
байдың қозысын бағып жүрмін. Мен
әке-шешеме жылаймын, бай
малына
жылайды.
Кендебай: Олай болса, жылама.
Мен әке-шешеңді іздеп тауып бере-
мін.
Бала (қуанып): Рақмет, аға, онда
біздің қойшылардың қасына екі-үш
күн жатып тынығыңыз, содан кейін
жүрерсіз.
Кендебай: Мақұл,
тілегенің бол-
сын.
(Шымылдық жабылады.)
Достарыңызбен бөлісу: