Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынады



Pdf көрінісі
бет20/195
Дата24.04.2024
өлшемі2.39 Mb.
#499686
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   195
кітап тарбие туралы

Негізгі әдебиеттер:
1. Наурызбаев Ж. Ұлттық мектептің ұлы мұраты. – Алматы: Ана тілі, 1995. – 192 б.
2. Нұрмұратов С. Рухани құндылықтар әлемі: әлеуметтік-философиялық талдау. – 
Алматы, 2000. – 240 б.
3. Оразбекова К.А. Жеке тұлға ұлттық тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық негіздері. 
Монография. – Алматы: Комплекс, 2000. – 330 б.
Қосымша әдебиеттер:
1. Серікқалиұлы З. Дүниетану даналығы. – Алматы: Білім, 1994. – 224 б.
2. Бекежан Ө.Қ. Қоғам және миф. Оқу құрлы. – Алматы, 2002. – 124 б.
3. Тайжанов А.Т. Этномәдени білім мен тәрбие /Оқу құралы. – Ақтөбе, 2009. – 122 б.
1.4. Тәрбиенің формалары 
мен әдістері
Жоспары:
1. Тәрбие әдістерінің анықтамасы 
және оның жіктелуі.
2. Адамгершілік сананы қалып-
тастыру әдістері.
3. Қоғамдық мінез-құлықты қа-
лып тастыру және іс-әрекетті ұйым-
дастыру әдістері.
4. Тәрбиедегі ынталандыру әдіс-
тері.
5. Өзін-өзі байқау және бақылау 
әдіс тері.
Негiзгi ұғымдар: тәрбие әдістері, 
тәрбие тәсілдері, тәрбие формалары, 
жарыс, мадақтау, жазалау.
Басқа пәндермен байланысы: 
философия, психология, тарих, этно-
педагогика.
1. Тәрбие әдістерінің анықта-
масы және оның жіктелуі. Тәр-
бие әдісі дегеніміз оқушы лар-
дың тұлғалық қасиеттерін қалып-
тастыруға бағытталған тәрбиеші-
лер мен тәрбиеленушілердің өзара 
байланысты педагогикалық жұмыс 
тәсілдері деп атауға болады. Әдіс-
терді мұғалім тәрбиенің мақсатына, 
мазмұнына, балалардың жас және 


47
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
дербес ерекшеліктеріне, тәрбиелік 
деңгейіне қарай іріктейді. Әдістер 
тәрбие мақсатына жетуге, оқушылар-
ды қоғамдағы тәртіп ережелерін үй-
ретуге, адамдармен қарым-қатынас 
жасауға, олардың жақсы тәлімдік тә-
жірибесін алуға көмектеседі. Қоғам-
дағы әлеуметтік-экономикалық өзге-
рістерге байланысты тәрбие мақсаты 
мен мазмұнының өзгеруі мүмкін. Қа-
зіргі кезде әдістер жүйесінің ондаған 
жіктеулері бар, олардың біреулерінің 
тәжірибелік, ал екіншілерінің теория-
лық маңызы басымырақ. 
Сипатына қарай топтастырылған 
тәрбие әдістері: сендіру, жаттықтыру, 
мадақтау және жазалау, іс-әрекетті 
ұйымдастыру, оқушының тәртібіне 
ықпал ету әдістері. 
Нәтижесіне қарай топтастырылған 
тәрбие әдістері:
– адамгершілікті қалыптастыруға 
бағытталған мотивтер, қатынастар
түсініктер, идеялар тудыратын әдіс-
тер;
– әдептілікті және тәртіптілікті 
қалыптастыратын әдістер. 
Профессор В.С. Сластенин тәр-
биені екі топқа бөліп, бірінші тобына 
педагогикалық ұзақ мерзімді әсер ету 
әдісін, ал екінші тобына өтпелі әдіс-
ті, яғни белгілі бір жағдайда нәти-
же беретін әдістерді енгізген. Жеке 
тұлғаны қалыптастыруда ұзақ мер-
зімді педагогикалық әдістер тиімді 
деп саналады. Олар: ұзақ мерзімді 
жаттықтыру, оқыту әдістерінің жүйе-
сі, тәрбиешінің жеке басының үлгісі. 
Қазіргі кезде тәрбие әдістерін жіктеу-
дің 11-ден астам түрлері бар. Солар-
дың ішінде Т.Е. Конникова, Г.И. Щу-
кина және В.С. Сластенин жасаған 
тәрбие әдістері жіктеуінде бірізділік 
байқалады. Бұл жіктеу мектептерде 
қолданылады.
Осыған орай тәрбие әдістері төрт 
топқа бөліп қарастырылады:
• адамгершілік сананы қалып тас-
тыратын әдістері;
• іс-әрекет және қоғамдық тәртіп 
тәжірибесін қалыптастыратын әдіс-
тер;
• тәртіпке, іс-әрекетке ынталан-
дыратын әдістер;
• мінез-құлық пен іс-әрекетке 
бақылау жасау, өзін-өзі бақылау, 
ұйымдастыру және өзіне-өзі баға бе-
руді, ұйымдастыруды жүзеге асыру 
әдістері.
Тәрбие тәсілдері дегеніміз – әдіс-
тің бір бөлігі. Тәрбие тәсілдеріне жа-
татындар:
тәрбиенің мақсаттарын, міндет-
терін, оларға жетудің жолдарын ұсы-
ну;
• бағдарлау іс-әрекеті;
• қарым-қатынас;
• бағалау.
Тәрбиенің мақсаттары мен мін-
деттерін және оларға жетудің жол-
дарын ұсыну тәсілін қолданып мұға-
лім оқушыларды идеялық адамгерші-
лік көзқарастармен қаруландырып, 
өз еңбегі мен ұжым еңбегін жоспар-


48
1-тарау. Тәрбиенің қалыптасу генезисі және оның қоғамдық мәні
лауға, ұйымдастыруға, іс-әрекеттің 
мақсаттарына жету жолдарын таң-
дауға, іс-әрекеттің сапасы мен нәти-
желерін олардың алдағы мақсат тар-
ға сәйкестігін анықтатуға үйретеді. 
Бағ дарлау іс-әрекеттік тәсіл оқу-
шыларды еңбекке даярлауға қызмет 
етіп, іс-әрекетке жауапкершілікпен 
қарауды, халық игілігін молайту жо-
лында еңбек ету қажеттігі сенімін 
қалыптастырады. Балалар күнделікті 
шараларға қатысып, қоғамның ма-
териалдық саласында адамгершілік 
және еңбек бағдарларын дұрыс таң-
дап дамытады. Қарым-қатынас тәсілі –
балалар мен ересектердің іс-әрекет 
кезіндегі қатынасына негізделіп, оқу-
шылардың қоғамдық мінез-құлық 
нормаларын игеруіне көмектесе-
ді. Оқушылар тәртіп ережелері жө-
ніндегі ақпаратты топта, сыныпта, 
мектепте құрастырып, оны төменгі 
және жоғары сынып оқушылары, 
мұғалімдер, ата-аналар, ересек адам-
дар арасында жетілдіреді. Бағалау 
тәсілі көмегімен мектеп оқушы ла-
ры адамдардың қимыл-әрекеттерін
көз қарастарын, сенімдерін, тәртіп 
ба ғыттарын айқындауға, негіздеу-
ге, оқу мен еңбектегі жетістіктерін, 
адамгершілік сапаларын өздері баға-
лауға үйренеді. Мұғалім бағалауды, 
өзіне-өзі баға беруді қалыптастырып, 
қамқорлық жасайды. Баға беру 
алынған білімді жеке тәжірибемен 
байланыстырып, оған жаңа қасиет 
береді. Тәрбие құралдары дегеніміз –
оқушының тұлғалық қасиеттерін қа-
лыптастыратын тағылымдық өнеге-
лер.
Тәрбие құралдарына жататындар: 
• іс-әрекет түрлері (ойын, еңбек);
• заттар (ойыншықтар, планшет, 
интерактивті тақта);
• рухани және материалдық мәде-
ниет (өнер, қоғам, өмір);
• бұқаралық ақпарат құралдары;
• педагогикалық ықпал жасау 
құралдары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   195




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет