2.5. Жүсіп Баласағұнның
тәрбиелік мұралары
Жүсіп Баласағұн 1017 жылы
Қыз-Орду атымен белгілі Бала-
сағұн қаласында дүниеге келген.
Бұл қаланың орналасқан жері
жөнінде түрлі пікір бар. Біріншісі
Жетісуда, Шу жағалауында, Тоқ-
мақ қаласынан алыс емес жерде
десе, екіншісі Жамбыл облысының
аумағында, Ақтөбенің жоғарғы
жағы дейді. Кейбір деректерде Ба-
ласағұн қаласы Қарахан мемле-
кетінің қолөнер сауда орталығы
болғанын айтады. Қағанаттың
әлеуметтік-экономикалық
өмі-
рін отырықшы да көшпенді ара-
лас шаруашылық құрады. Жүсіп
Отырар, Шаш (Ташкент), Тараз,
Шу жазығы, Ыстықкөл, Ферға-
на, Қашғар шаһарларында өркен
жайған мәдени ортадан шыққан
еді.
Ж. Баласағұн Фараб (Отырар),
Қашғар, Бұхара қалаларында бі-
лім алады. Араб, парсы тілдерін-
де еркін сөйлейді. Өзінің атақты
философиялық-диалектология-
лық «Құтты білік» дастанын Қа-
рахан әулетінен шыққан Табғаш
Қара Боғраханға арнаған. Бұл
үшін ақынға Хас Хаджиб (сарай
министрі) атағы берілді. Поэманы
толық көлемінде неміс тіліне ау-
дарысымен және түпнұсқасымен
1891-1900 жылдары В.В. Радлов
ғылым әлеміне паш етті. Бұл
еңбекті 1896 ж. К. Керимов өзбек
тіліне аударды, ал 1971 жылы
Н. Гребнев «Бақытты болу ғы-
лымы» деген атпен еркін аударма
жасады. 1983 жылы С.Н. Иванов
«Благодатное знание» деген атпен
орыс тілі оқырмандарына ұсынды.
Ал 1986 жылы бұл дастанды ақын
А. Егеубаев қазақ тіліне аударды.
«Құтты білік» поэмасы түрік ті-
Достарыңызбен бөлісу: |