«Өзін-өзі тану» ПӘнінен оқу- әдістемелік кешен



бет2/8
Дата10.06.2016
өлшемі0.59 Mb.
#126890
1   2   3   4   5   6   7   8

Менталитет (діл) – этнос қабылдаған көзқарастар, пікірлер, стереотиптер, жүріс – тұрыс формалары мен әдістері осы этностың қауымға тән өмір сүру стилі, мәдениеті.

Мәдени релятивизм – даму деңгейіне қарамастан дербестік пен толық құндылық құнын мойындайтын түрлі халықтардың мәдени құндылықтарының салыстырылмаушылығы мен барлық моральді – бағалау критерийлерінің қатыстылығы туралы американдық этнологиядағы этнопсихологиялық бағыты.

Маргинал тұлға – екі ұлттың мәдени өмірі мен салттарына саналы түрде қатысып өмір сүретін адам.

Негізгі тұлға – осы этностық топтың жеке тұлғаларымен туыстастыратын әрбір жеке тұлғада бар қасиеттер ұғымы. Осы қоғамнан негізін және оның мәдени базасын құрайтын әрбір нақты қоғамда басым келетін адамдардың «орташа» психологиялық типі.

Тұлғаның этностық құрылымы– адамның ішкі мазмұнын білдіретін және іс– әрекетіне, жүріс–

тұрысына әсерін тигізетін иерархия түрінде құрылған белгілі ұлт өкілінің қасиеттер жиынтығы.



Топ – қоғамдағы адамдардың белгілі сипаттары мен ерекшеліктеріне орай бірлесіп атқаратын істеріне сәйкес бірлесуі.

Топ жетекшісі – жора – жолдастары мен қатар құрбыларына өзінің беделімен , іс-әрекетімен, мінез-құлқымен ықпал етіп отыратын адам.

Тәрбие – тәрбиеленетін адамда мінез-құлықтың, дүниеге көзқарастың, мінездің және ақыл-ой қабілеттілігінің қалыптасуы үшін мақсатқа бағытталған жүйелі ықпал жасау. Тәрбие оқылудың ажыратылмайды . Бірақ, оған дәлме-дәл де келмейді, тәрбие таптық сипатта болады.

Тума белгі – адамның дүниеге өзімен бірге келетін белгісі.

Тәртіптілік – адамның жеке басының дағдысы, үнемі тәртіп сақтауды қажет ететіндігі, өзі және қоғам алдындағы міндетін түсіне білуі.

Тианақталған сөйлеу - әрбір сөздің немесе сөйлемнің дәл анықталған, мазмұны жағынан аяқталған сөйлеу.

Түрлестік – 1) индивидке ықпал ететін топпен іштей немесе сырттай келісу; 2) жеке адамның ішкі позициясына қарамастан топпен сырттай келісу.

Түсіндіріп сөйлесу- заттың, құбылысты немесе ережені айқынырақ дәлірек түсінуге мүмкіндік беретін сөйлеу. Түсіндіру тәсілдер жиынтығы. Жағдайларға байланысты мұндай тәсілдер ретінде салыстыру, сипаттау, себебін көрсету, қарапайым модельді құрастыру т.б. атауға болады.

Түсінік – болмыстың заттары мен құбылыстарының өткен бір кездегі сезім мүшелеріне тигізген әсерінің сезім-көрнекілік бейнесі.

Шовинизм – ұлтшылдықтың жеткен формасы, ұлт араздық пен өшпенділік тудыруға бағытталған ұлт артықшылығын уағыздайтын саясат.

Халықтық психология – адамның тұрмыстағы және өмірдегі психологиялық әрекеті жайлы халықтың рухани мәдениетінде көрініс беретін білімдер жинағы.

Халық рухы – белгілі бір ұлтқа жататын жеке тұлғалардың психологиялық қасиетін білдіретін

ерекше білім, сол ұлттың тілін, фольклорын, дінін, мәдениетін салыстырмалы түрде зерттеу арқылы маңызы ашылады.



Ұғым – заттар мен құбылыстардың мәнді белгілері мен ерекшеліктерін бейнелейтін жалпылаушы ойлау формасы. Ғылыми пәндердің бәрі ұғымдар жүйесінен құралады. Кез келген ұғымның мазмұны мен көлемі болады және ол қолдану ретіне қарай өзге ұғымдармен түрліше байланыста болады. Ұғым дерексіз ойлау нәтижесі арқылы жасалып, оның мазмұны мен көлемі анықталады.

Ұғымталдық –сезімталдық, әсер етуші нәрселер мен құбылыстарды сезім мүшелері мен ақыл-ой арқылы тез қабылдап, олардың мән-мағынасын жете түсіну қабілеті.

Ұжым –қоғамдық пайдалы іспен шұғылданатын, жоғары деңгейде дамыған адамдардың ұйымдасқан тобы. Ұжымдағы адамдардың өзара қарым-қатынасы олардың бірлесіп атқаратын қоғамдық істері мен мақсат-мүдделерінің бірыңғай болуында.

Ұлттық мақтаныш- тілінің, дінінің, мәдениетінің ортақтылығын ұғыну арқылы өзінің белгілі бір

ұлтқа жататындығын саналы түрде зерттеу арқылы маңызы ашылады.



Ұлттық психология- қоғамдық сана сезімнің маңызды компоненті, қоғамдық психологияның

құрамды белгісі. Адамдармен топтардың қимыл әрекетінде көрінетін олардың қоғамдық сана – сезімінің барлық формасын қамтитын идеология, мораль, дін,ғылым, өнер,философия.



Ұлттық әдет-ғұрып – белгілі бір ұлт ортасында болатын және олардың мүшелеріне үйреншікті

тарихи қалыптасқан жүріс-тұрыс әдісі.



Ұлттық мінез құлық өмір сүрудің нақты жағдай барысында және адамдардың жүріс– тұрысын,

өмір сүру типін, олардың еңбекке, басқа халықтарға, өз мәдениетіне қарым– қатынасын белгілейтін тарихи қалыптасқан мінезінің этносқа тән психологиялық қасиеттерін анықтайтын жиынтықтары.



Ұлттық психологиялық ерекшеліктер –этнопсихологиялық ғылымның ұлттық психиканың

негізгі мағынасын ұлттық психикалық тұрпатын, ұлттық сипатын құраушы элементтерді білдіретін категория.



Ұлттық лидер (көшбасшысы) –белгілі бағдарламамен белгілі ұлт мүддесін жүзеге асыруда

практикалық әрекеттері үшін ұлтты ұйымдастыруда маңызды және жетекші ролі бар беделді тұлға.



Ұлт –аймақ, бірлігімен, экономиялық байланысымен, тіл ортақтығымен, мәдениетімен, кейбір

психиологиялық эрекшеліктерімен және рухани қасиеттерімен сипатталатын адамдардың тарихи қалыптасқан қауым түрі.



Ұлтшылдық – ұлттың ерекшелігі мен артықтылығы (үстемдік) туралы уағыздан тұратын кері тартпа идеология мен саясат. Бір ел ішінде ұлттар мен халықтар арасында ұлттық араздық тудыратын форма, сондай – ақ бір елдің халқын басқа елдің халқына қарсы шағыстыру формасы ретінде қолданылады.

Ұлттық мақтаныш – мәдениетінің, тілінің, дінінің ортақтылығын ұғыну арқылы өзінің белгілі бір ұлтқа жататындығын саналы түрде сезінуі, өз Отанына, халқына деген патриоттық сүйіспеншілік сезімі.

Ұлттық психология – қоғамдық сана сезімнің маңызды компоненті, қоғамдық психологияның құрамды белгісі. Бұл ақиқат құбылыс адамдар мен топтардың қимыл – әрекетіне және жүріс – тұрысында көрінетін олардың қоғамдық сана –сезімінің барлық формасын қамтитын идеология, мораль, дін, ғылым, өнер,философия.

Ұлттық өзіндік сана сезім – жеке тұлғаның белгілі бір әлеуметтік – этностық қауымдастыққа қатыстығы жататындығын сезінуі және идеяларда, көзқарастарда, сезімде, эмоцияда, көңіл– күйде көрінетін қоғамдық қатынастар жүйесіндегі оның орны.

Ұлттық лидер (көшбасшысы) –белгілі бағдарламамен белгілі ұлт мүддесін жүзеге асыруда практикалық әрекеттері үшін ұлтты ұйымдастыруда маңызды және жетекші рөлі бар беделді тұлға.

Ұлттық нигилист – барлық орнықтылық нормасын, өз этносының салт – дәстүрін терістейтін, өз халқына бөтен, патриоттық сезімі жоқ, халқының мәдениетін менсінбейтін адам.

Ұлттық әдет-ғұрып – дәстүр белгілі бір ұлт ортасында болатын және олардың мүшелеріне үйреншікті (әдетті) тарихи қалыптасқан таптауырынды жүріс-тұрыс әдісі.

Ұлттық соқыр сезім – этностық қауымның басқа қауымға олардың сипаттамасына қатысты жасайтын ақиқатты дәл жеткізбейтін, бұрмаланған нұсқаулар болып табылатын қоғамдық психологиялық құбылыс.

Ұлттық салт– тарихи қалыптасқан және ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан жүріс – тұрыс формасы тұрмыс санасында әбден тамырланған ережелер, құндылықтар, адамдардың қатысу түрлері.

Ұлттық сана сезім – адамдардың өз этностық қауымға, оның мүдделері мен құндылықтарына деген ұлттық қарым–қатынасы, олар жағымды да жағымсыз ренкте де болуы мүмкін.

Ұлттық ақыл тұрпаты – ұлттық өзіндік сол немесе басқа ұлт өкілдерінің көпшілігінің ойлау ерекшелігі.

Ұлттық мінезқұлық – өмір сүрудің нақты жағдай барысында және адамдардың үйреншікті жүріс – тұрысын, өмір сүру типін, олардың еңбекке, басқа халықтарға, өз мәдениетіне қарым– қатынасын белгілейтін тарихи қалыптасқан мінезінің этносқа тән психологиялық қасиеттерін анықтайтын жиынтықтары.

Ұлт – аймақ, бірлігімен, экономикалық байланысымен, тіл ортақтығымен, мәдениетімен, кейбір психологиялық және рухани қасиеттерімен сипатталатын адамдардың тарихи қалыптасқан қауым түрі.

Ұлт қатынастарының этикасы – этнос қауымдары мен топтар өкілдері арасындағы түрлі байланыстарды қалыпқа келтіретін ішкі ұлт аралық қатынастардың нормалар мен ережелер жиынтығы.

Үйлесім , сыйымдылық – бұл әлеуметтік психологиядағы түсініктер, яғни сырт қарағанда дара адамның өзінің ішкі қарсылығына қарамастан топтың ырқана саналы түрде бейімделіп, көнбістік көрсетуі.

Үнсіз сөйлесу – сөйлеу әрекетінің ерекше түрі. Үнсіз сөйлеуді кейде іштей сөйлеу дейді. Үнсіз

сөйлеуде адамның ойы мен білдірмек болған пікірі дыбыссыз айтылады. Іштей сөйлеуде сөйлемнің баяндауышы не бастауышы айтылады да, ой жүйесі үзінді-кесінді сипатта болады. Қарым-қатынас жасауда дауыстап сөйлеу тәсілі қолданылса , ал үнсіз, іштей сөйлеуде адамның ойлауы құрал қызметін атқарады да, ол өзінің іс-әрекетін реттейді.



Этникалық дискриминация (кемсіту) – нәсілдік немесе ұлтына қарай белгілі бір азаматтар

категориясының құқыларымен мүдделеріне қасақана қысым көрсету.



Этникалық бірігу – этникалық қауымдарды жақындату процесі.

Этносаралық мәміле (компромисс) – этностардың, этникалық топтар арасында олардың

өкілдерімен өзара келісімге келу.



Этникалық контакт – түрлі ақпараттар және мәдени құндылықтармен алмасу барысында нақты

халықтар өкілдерінің бір – біріне ықпалын тигізетін этносаралық әрекеттестіктің формасы.



Этносаралық қарым қатынас мәдениеті – әр түрлі этностық қауымдар өнімдерінің

тұлғааралық байланысында және өзара әрекетінде көрінетін тез және ешбір ауыртпашылықсыз өзара түсінушілік пен келісімге әкелетін арнайы білім мен дағдылар, сондай – ақ соларға тән іс – әрекеттердің жинағы.



Этностық маргинал – қос этностық өзіндік сана тудыратын екі этностық мәдинетке бірдей тән болу.

Этностық ұтқырлық – мақсатты түрде этностық өзіндік бекіту және өзіндік бағытталған жұмысты белгілеу үшін қолданылатын термин,

Халықтық педагогика – әр түрлі буын өкілдерінің өзара қарым – қатынасы мен әрекеттестігінің ұлтқа тән тиянақты формасы сақталған этностық мәдениеттік салт – дәстүрде, халықтық және көркем шығармашылықта сақталған білім мен тәрбие дағдысының жинағы.

Халықтық психология – адамның тұрмыстағы және өмірдегі психологиялық әрекеті жайлы халықтық рухани мәдениетінде көрінетін білімдер жинағы.

Халық рухы – белгілі бір ұлтқа жататын жеке тұлғалардың психологиялық қасиетін білдіретін ерекше тұйық білім сол немесе басқа этностың тілін, фольклорын моралін дінін, мәдениетін салыстырмалы түрде зерттеу арқылы манызы ашылады.

Этностық топтар – тілдің, діннің, мәдениеттің тұрмыстық маңызды ерекшеліктерін сақтаған ұлттың оқшау бөлігі.

Этностық ауызбірлік – этнос ішіндегі қарым – қатынастар нәтижесі, этностық топтардың, қауымдардың нығаюы.

Этностық сана – сезім – нақты ұлттар мен халықтардың өкілдері ретінде адамдардың іс әрекеттері арқылы этнос ерекшелігін зерттейтін әлеуметтің психология мен этнология қилысында пайда болған ғылымның дербес саласы.

Этномәдениеттік бейімделу – психологиялық немесе әлеуметтік дағдылануы, адамдардың жана мәдениетке, жаңа ұлттық әдет – ғұрыпқа, өмір салтына, тәртіпке бейімделуі.

Этникалық ассимиляция (үндесу) – бір халықтың екінші халықпен оның тілін әдет – ғұрпын, мәдениетін меңгеру арқылы өз тілін, мәдениетін және ұлттық сана сезімін жоғалту жолымен бірігу нәтижесінде ұлттық психологиялық ерекшеліктердің белгілі бір өзгерістері (трансформациясы) пайда болады.

Этностық топтар – тілдің, мәдениеттің, діннің, тұрмыстық маңызды ерекшеліктерін сақтаған халықтың немесе ұлттың оқшау бөлігі.

Этностық дифференциация – басқа халықтардың тарихына, мәдениетіне, ұлт салттарына, мүдделері мен құндылықтарына деген индифференттік қатынасы мен сипатталатын этнос белгілері бойынша адамдардың ажырасуындағы эмоционалды – когнитивті процесс.

Этностық ұқсастыру (идентификация)– субьекттің бір этностық топтағы басқа өкілімен бірігудегі эмоционалды – когнитивті процесі, содай–ақ оның тарихына, мәдениетке, ұлт салттары мен барлық халықтар дәстүрлеріне, оның идеалдарына, сезімі мен мүдделеріне, фольклоры мен тіліне, этностық мекендейтін аймағы мен оның мемлекеттілігіне деген жағымды көзқарасы.

Әлемнің этностық көрінісі – нақты этностық қауым мүшелерінің қоғамдық болмыс, өмір туралы оймен тұрақты, байланысты ой мен көзқарастар жиынтығы.

Этностық ауызбірлік – этнос ішіндегі қарым–қатынастар нәтижесі, этностық топтардың, қауымдардың нығаюы.

Этностық мәртебе – этносаралық қарым-қатынас құрылымындағы жеке тұлғаның, топтың, қауымның орнын белгілейтін әлеуметтік мәртебенің элементі.

Этностық таптауырындар– түрлі этностық қауымдар өкілдеріне тән моральдық ақыл–ой, физикалық сипаттары туралы салыстырмалы түрде тұрақты ұғым.

Этностық толеранттық – жалпы толеранттықтың жеке оқиғасы яғни адамның басқа этнос өкілдерінің бейтаныс өміріне, мінез–құлқына, салт–дәстүрлеріне, сезіміне, пікірлеріне, сенімдеріне шыдамдылық білдіретін қабілеті.

Этностық бағдарлар – тұлғаның ұлт өмірімен ұлтаралық қатынастарының сол немесе басқа құбылыстарын қабылдауға дайындығы және нақты бір жағдайда осы қабылдауына сәйкес әрекет жасау.

Этностық кикілжің – этностық белгі бойынша қарсы мүдделі топтардың қарама–қайшы келетін топ аралық кикілжің формасы. Қарулы қақтығыстарда және ашық соғыстарға дейін әкелетін өзара наразылығымен сипатталады.

Этностық сана сезім – нақты ұлттармен халықтардың өкілдері ретінде адамдардың іс–әрекеттері арқылы этнос ерекшелігін зерттейтін әлеуметтік психология мен этнология қиылысында пайда болған ғылымның дербес саласы.

Этностық мәдени біліктілік – өзара әрекеттестіктің өзгешелігі мен шарттарын басқа ұлт өкілдерімен араласу кезінде өзара келісімдік және сенімдік атмосферасын ұстану мақсатында ынтымақтастықтың барабар (адекватты) формасын табуға, дұрыс ұғынуға көмектесетін білім, дағды, тәжірибені пайдалану дәрежесі.

Этнопсихолингвистика – этнос психологиясының қалыптасуындағы негізгі фактор ретінде оның тарихи тәжірибесін көрсететін тілдің ықпалын қарастыратын психология, этнология және лингвистика қиылысында пайда болған ғылыми білім саласы.

Этнопсихология – адамдар психикасының этностық ерекшеліктерін зерттейтін психологияның саласы, түрлі нақты этностық бірлестіктерге жататын адамдардың психологиялық өзіндігі туралы ғылым.

Этнос – тілі бір, салыстырмалы түрде тұрақты мәдени және психика ерекшеліктері ортақ. сондай–ақ жалпы өзіндік атауы бар (өзінің бірлігі және өзгешелігі туралы түсінігі бар) тарихи қалыптасқан адамдардың тұрақты жиынтығы.

Этноцентризм – барлық өмірлік құбылыстарды жалпы этап болып өз этнос қауымының салт –дәстүрі және құндылықтарымен салыстыра отырып қабылдау және бағалау қабілеті, өзінің өмір сүруін басқалардан артық көру.

Эмпатия - өзге адамдардың жан дүниесінің сыры мен күй-жайын білу қабілеттілігі және оған жанашырлық білдіру. Эмпатияның айқын көрінісі – идентификация. Бұл – адамның өзге адамның психикалық жай-күйін өз басынан кешіргендей халде болуы.

Эгоизм (франц) – жеке басы мүддесін басқалардың, қоғамның мүддесін жоғары қоюшылық.

Эгоцентризм (латын) - өзімшілдік пен менменсудің шектен шыққан формалары.

Эйдетизм (грке) – бейнелерді еске өте дәл айқын түсіру.

Эйфория (грек) – шындыққа сәйкес клмейтін көңіл – күйдің шамадан тыс көтеріліп, шаттануы.

Эмоция (франц. emation, лат. enoveo — толғану) – адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым – қатынас негізінде пайда болатын көңіл – күй. \Эмпатия* (лат. empatheia — әсерлену) — өзге адамдардың жан дүниесінің сыры мен күй – жайын білу қабілеттілігі және оған жанашырлық білдіру. Эмпатияны алғаш американдық психолог Э.Титченер ашып көрсетті.
2. ДӘРІСТЕР

№2-дәріс

Тақырыбы: Өзін-өзі танудың мәні.

Жоспары:

  1. Өзін-өзі тану ұғымына жалпы түсінік

  2. Рухани-адамгершілік құндылықтар жайында жалпы түсінік.

  3. Өзін-өзі тану ғылымының обьектісі және пәні.

  1. Философиялық көзқарастар тарихындағы тұлғаның өзін-өзі тануының негіздерін Хилон мен Фалес аузынан шыққан дана сөз немесе даналық формуласы “өзіңді-өзің таны” ұғымы ретінде Сократқа дейін пайда болды. Ең алғаш Греция тарихында теориялық ойлаудың жаңа кезеңінде адам проблемасы, философия проблемасын өзін-өзі тану арқылы түсінуге болатындығына көз жеткізілді. Кейін бұл идея кімде-кім өзін -өзі тани білсе ол өзінің не істей алатынын және не істей алмайтынын түсіне біледі. Соның нәтижесінде бақытты өмір сүре отыра өзін қанағаттандыра алады, білмейтін нәрсесінен аулақ болып, өмірде қателікке бой алдырмай бақытсыздықтан айналып өте алады. Осы артықшылығының арқасында біреудің құндылығын көре алады және оны өз қажеттілігіне қолдана алады” - деп, Сократ еңбектерінде өз жалғасын тапты.

Өзін-өзі тану философиялық тұрғыда - бүкіл дүниені ойлау, оның шығу тегін білуге ұмтылу, адамның дүниедегі орнына үңілу, адамның ішкі дүниесінің сырын ашу, табиғат пен қоғамның негізгі заңдарын танып білу, адам өмірінің мәнін айқындау т.с.с. жүйе ретінде қарастырылады. Бұдан шығатын қорытынды сол кездегі көзқарастарға тоқтала келе, өзін-өзі тану көзқарастарын зерделей отырып, олардың адамның ішкі дүниесі мен сыртқы дүниенің бірлігі үндестік тапқанда ғана табиғат пен қоғамның талабына сай тұлғаның қалыптасуына көз жеткізуге болады. Өзін-өзі тану арқылы тұлғаның өзіндік дамуына, білімдік және танымдық әрекеттеріне ықпал ету, өзара адамгершілік құндылықтары мен өзіндік бағдарын таңдауға мүмкіндік жасалу идеялары алынатындығы белгілі болды.

Аристотель: “Адам өмірінің мақсаты бойындағы рахымшылдық сапаларын дамытса, онда ол мейірімділік мінез танытады”-деп, рақымшылдығы басым адам өзін үнемі дұрыс ұстай білетіндігін, ол табиғатынан мейірімді, сондықтан да өзін адамгершілікке бейім ұстайтындығын сипаттайды.

Әбунасыр әл-Фараби өзінің философиялық трактатында ақыл, қайрат, жүрек жайлы егжей-тегжейлі түсінік бере келіп: “Жүрек - басты мүше, мұны тәннің ешқандай мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ үстемдігі біріншісі емес”, -дей келе өзінің әлеуметтік, рухани құндылықтарының негізіне адамның ішкі сана сезімінің даму ерекшеліктерін алады. “Тек қана өзіндік еркін әрекеттене алатын белсенді пенде қоғамдық пайдалы қызметімен жеке бақытын жасай алады- деп, ... “бір халық екінші халықтан табиғи үш қасиетімен ерекшеленеді: болмысы, мінезі және тілі”. Ғұлама ғалым әртүлі халықтың музыкасын, мәдениетін, тілін, әдетін, болмысын, мінезін зерттегенде рухани құндылықтарға зор мән бере отырып адам бойындағы осы қасиеттердің дамуына ерекше көңіл қояды. Себебі адамның бойындағы ізгілігі, қайырымдылығы, мейірімділігі ол оның бойындағы өнері мен мәдениетінің дауына тікелей байланысты. Адам мінезге бай, болмысы биік, тілі құдіретті болатын болса оның рухани-адамгершілік даму сатысы өте жоғары болатындығын дәлелдейді.

  1. Ғылым - білім негіздері, негізгі принциптер мен жалпы заңдылықтарды қорытып шығаруға жұмылдырылған зерттеулер не пәндер саласы. Ғылым табиғат, қоғам, ой жүйесі туралы жаңа білімдерді жасауға бағытталады.

Ғылыми зерттеу - жаңа біліммен қаруландыру процесі, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың обьективті заңдылықтарын ашуға бағытталған танымдық іс-әрекеттің түрі. Ғылыми зерттеудің үш деңгейі сараланады: эмпирикалық - ғылымда жаңа фактілер белгіленеді, теориялық - бұрын ашылған фактілерді түсіндіруге және олардың дамуын болжауға мүмкіндік беретін негізгі, жалпы заңдылықтар ұсынылып қалыптастырылады; әдістемелік-тәжірибелік зерттеулер негізінде құбылыстарды зерттеудің жалпы қағидалары мен әдістері, теория құрылымы қалыптасады.

Өзін-өзі тану ғылымның объектісі - білім беру, тәрбиелеу.

Білім беруді тек өзін-өзі тану пәні ғана емес, сонымен қатар философия, педагогика, әлеуметтану, психология, экономика және т.б. зерттейді. Мысалы, экономист жұмысшылардың шынайы мүмкіншілік деңгейін зерттей отырып, оларды дайындауға қажетті шығынды есептейді. Әлеуметтанушы білім беру жүйесінің адамды әлеуметтік ортаға бейімделуге, ғылыми-техникалық прогрестің дамуына көмектесуге дайындайтынын білгісі келсе, философ білім берудің жалпы өмірдегі мақсаты, орны жайындағы мәселелерді қарастырады. Психолог білім берудің психологиялық жақтарын зерттейді. Саясаттанушы мемлекеттік білім саясатының тиімділігін анықтауға бағытталады.

Бұл ғылымдардың білім беру де, зерттеуде тигізер көмегі өте зор болғанмен, олардың біреуі де адамның өзін-өзі адами тұрғыдан тануы мен ішкі дүниесінің ізгілік бағытта тәрбиеленіп қалыптасу қырларын, осы қарым-қатынасқа түсу процестерімен байланысты білім берудің мәндік аспектілерін қарастырмайды. Осы аспектілерді зерттеу білім берудің белгілі саласы-пәні ретінде танылады.

Өзін-өзі тану пәні - жалпы білім беру мектептерінде, институттарда, университетте (жанұяда, білім беру, мәдени, тәрбиелеу орталықтары) ұйымдастырылатын педагогикалық процесс.

Осы мағынада, өзін-өзі тану -адамның өзін-өзі тануының факторы және құралы болып табылатын педагогикалық процестің мәнін, заңдылықтарын, дамуын зерттейтін ғылым.

Негізгі ұғымдар:

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар.



  1. «Өзін-өзі тану» ұғымына ерте ежелгі және қазіргі мағынада анықтама беріңіз.

  2. Өзін-өзі тану пәнін сіз қалай түсінер едіңіз?

  3. Өзін-өзі тану пәнінің ғылым ретінде дамуына не түрткі болды?

  4. Ғылымның обьектісі және пәні дегеніміз не?

  5. Өзін-өзі тану пәнінің тәжірибесі мен пәнін негіздеңдер.


№2-дәріс

Тақырыбы: Өзін- өзі тану тұлғаның өзін- өзі жүзеге асыруының шарты ретінде.

Жоспары:



  1. Өзін-өзі тану пәнінің ұғымдық аппараты.

  2. Өзін-өзі тану адам тану туралы ғылымдар жүйесінде.

  1. Өзін-өзі тану пәнін және оның зерттейтін салаларын толық түсіну үшін ең алдымен негізгі өзін-өзі тану ұғымдарын қарастырайық:

Өзін-өзі тану пәнінің болмыс ұғымдарына тәрбие, үйрету, оқыту жатады. Ұғымдар - объективтік құбылыстарды, қасиеттерді және қатынастарды бейнелейтін ойлау формасы. Өзін-өзі тану арқылы тұлғаның өзіндік дамуына, білімдік және танымдық әрекеттеріне ықпал ету, өзара адамгершілік құндылықтары мен өзіндік бағдарын таңдауға мүмкіндік жасалу идеялары алынатындығы белгілі болды. Өзін-өзі тану ұғымдары: Елімізде 2002 жылы шыққан «Педагогика және психология» саласының түсіндірме сөздігінде «Өзін-өзі тану» ұғымына төмендегідей түсінік берілген: «Өзін-өзі тану» - өзін-өзі бағалау секілді интероспекциядан маңызды өзекшелігі бар /өзін-өзі бақылау әдісі секілді, психиканы субъективтілік тұрғыдан танып білу/: 1/ интроспекцияның әдеттегі актілеріне қарағанда бұл процестер әлдеқайда күрделі және ұзағырақ, жинақталған және өңделген өзін-өзі бақылау мәліметтері бұларға тек бастапқы материал ретінде ғана енеді; 2/ адам өзі жайлы мәліметтерді өзін-өзі бақылау арқылы ғана емес, сондай-ақ сыртқы бастау-көздер - өз әрекеттерінің объективті нәтижелері, өзге адамдармен қарым- қатынасы арқылы да алады».

Өзін-өзі тану ұғымдары арқылы адамның ішкі дүние танымындағы құбылыстарды, олардың өзара байланысын көреміз. Өзін-өзі тануда «өзін-өзі тану», «өзін-өзі өзектілеу», «өзін-өзі жетілдіру», «өзін-өзі тәрбиелеу» «өзін-өзі басқару», «даму» және «қалыптасу» «саналы пайымдау», «өзінді талдау» сияқты ұғымдар да кездеседі. Педагогика ұғымдарының бірі - өзін-өзі тәрбиелеу. Өзін-өзі тәрбиелеу - жеке тұлға болып қалыптасудың негізгі маңызды бөлігі. Оның нәтижесі қоғамдық талаптарға адамның өзіндік жауап қайтаруы, яғни реакциясы арқылы көрінеді. Өзін-өзі тәрбиелеу - ол моральдық және этикалық нормалардың қалыптасуы және олардың әдетке айналуы.

Өзін-өзі тәрбиелеу - адамды дамытуға арналған тәрбие үрдісі. Кез-келген тәрбие жүйесінде адам өзін әлеуметтік тұлға ретінде сезініп, қоғаммен және табиғатпен біртұтас тіршілік етеді. Өзін-өзі тәрбиелемей жеке тұлға қалыптаспайды. Өзін-өзі тәрбиелеу барысында адам өз білімін дамытады. Өздігінен білім алу - мәдени мұраны игерудің өзіндік жүйесін жасау, өзін дамытушы жүйе құру. Өздігінен білім алу білімді дамытушы қозғаушы күш болып табылады. Өздігінен оқу- адамзат тәжірибесін өзінің ынтасымен, өзі таңдаған әдіспен игеру үрдісі. Осы өздігінен білім, тәрбие алу, оқу адамның ішкі жан-дүниесінің қажеттілігінен туындап, өздігінен дамуға өзін-өзі жетілдіруге тұлғаны бағыттайды.

Өзін-өзі оқытуды оқу орындарының оқу бағдарламасы мен оқу жоспарынан тыс қоғамдық және өзіндік қажеттіліктер негізінде жүйелі және белгілі бір мақсатқа құрылған жеке тұлғаның танымдық іс-әрекеті деп тануға болады. Өзін-өзі оқыту - жалпы және кәсіби білімнің үздіксіз жалғасы, өйткені білімнің жан-жақты болып кеңеюіне және адамның рухани баюының жетілуіне септігін тигізеді. Сонымен қатар интеллектуальдық арсеналының үнемі жаңалануына, кәсіби шеберлігінің шыңдалуына әсер етеді.

Өзін-өзі тануды өзін-өзі тәрбиелеуден ажыратып қарауға болмайды. Ол педагогиканың негізігі бөлігі ретінде қарастырылады және ол берілген тәрбиенің қорытындысы. Ол жалпы жеке тұлғаның рухани даму үрдісінде де байқалады. Өзін-өзі тану түсінігінен жалпы мәдени дамуды да бөліп қарастырмаймыз. Өзін-өзі оқыту мәселесінде теориялық материалдарға анализ жасау және өзін-өзі тәрбиелеу барысында анықталғаны жоғары курс студенттерінің көбінесе өзін- өзі басқару тәртібі сәйкес келсе, ал қалған пайызы өз-өзімен жалпы жүйесіз жұмыс жасайды. Сонымен бірге өз-өзімен жүйелі жұмыс жасау қатары университет ішіндегі студенттердің бойында күннен күнге сиреп барады. Оның себебі, студенттер өзін-өзі басқару үрдісіне даярланғанымен, оның әдіс-тәсілдері үйретілмейді. Егер мұғалім мектеп оқушыларының өзін-өзі тәрбиелеуіне басшылық жасауда қиындықтар сезінсе, онда оның өзі де өзін-өзі дамытуды дұрыс біле бермейді. Мұның себебі, педагогикалық курстарда өзін- өзі тәрбиелеу мәселесі бойынша дәріс өте аз оқылады, ал практикалық-тәжірибелік сабақтар дұрыс жүргізілмейді. Осы тұрғыдан студенттердің өзіне өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі тануға қатысты тәжірибе аз екенін ескерген жөн.

Тәрбие - қоғамның негізгі жеке адамды мақсатты жүйелі қалыптастыру принципі болып табылады. Тәрбие жайында осы уақытқа дейін әр түрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді. Тәрбиені ересек адамдардың балаларға ықпал жасауы деп

түсіңдірушілерде бар. Бұл жағдайда бала пассивті обьект түріңде қарастырылады. Ол субъекті бола алмайды, яғни, өздігінен ойланып, белсенді іс - әрекет жасау рөлін атқармайды.

Студенттердің өзін-өзі тану және өздігінен оқу, өзін-өзі тәрбиелеуді қалыптастыру өзінің жеке даму жолында пайдалану үшін мыналарды білуі қажет:

  1. Осы үрдісті басқару принциптерін;

  2. Оның негізгі салаларын;

  3. Өзін-өзі тану мен өзін-өзі тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін.

Студенттерді өз таңдаған жолында даярлауда өзін-өзі оқыту мен өзін-өзі тәрбиелеу, оқытудың ролі мен мәнін студенттерге жеткізу; ақпараттандыру (педагогикалық-психологиялық білім беру); Оларды өзін-өзі жетілдіруде бағытталған іскерлікпен және дағдымен қаруландыру; өзін-өзі тану мен

тәрбиелеудің жолдарын қалыптастыру; студенттердің өзін-өзі тану мен тәрбиелеу барысындағы жұмыстарын ынталандыру, қанағаттандыру.

Негізгі ұғымдар:



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Өзін-өзі тану ұғымына анықтама беріңіз.

  2. Адамның өмір сүру мен мақсат-міндеттерін атаңыз.

  3. Адам мақсатының анықталуына қандай факторлар әсер етеді?

  4. Мақсат пен міндет терминдерінің айырмашылығы неде?


№3-дәріс


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет