Көпбергенова Сәнбибі Сабырбайқызы рефлексивті практик: ТӘжірибе мен нәтиже



Pdf көрінісі
бет1/66
Дата07.02.2024
өлшемі7.81 Mb.
#491054
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66
Жинақ (Тамыз Кеңесі)




Педагогикалық шеберлік орталығының
Ақтау қаласындағы филиалының менеджері,
педагогика ғылымының магистрі,
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Көпбергенова Сәнбибі Сабырбайқызы
РЕФЛЕКСИВТІ ПРАКТИК: ТӘЖІРИБЕ МЕН НӘТИЖЕ
Lesson Study – мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге
бағытталған, сабақты зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық
тәсіл.
Lesson Study – қазіргі кезде оқыту әдістемесін жетілдіру, оқушылардың
бастауыш және орта мектептегі негізгі пәндер бойынша білім деңгейін арттыру
екені белгілі.
Lesson Study тәсілі тиімді, себебі ол мұғалімдерге:
 Әдеттегіге қарағанда білім алушылардың білім алғандығының анағұрлым
анық, әртүрлі қырларынан және егжей-тегжейлі дәлелін көруге;
 Мұғалімнің пікірі бойынша білім алушыларды оқыту барысында не болуға
тиіс, ал шындығына келетін болсақ арасындағы айырмашылықты көруге;
 Оқытуды нәтижесінде білім алушылардың қажеттіліктерін барынша
қанағаттандыратындай етіп қалай жоспарлау керектігін түсінуге;
Lesson Study-дің басты мақсаты: Оқушыларға білім алуға көмектесу және
топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал ету болып табылатын мұғалімдердің
желілік қоғамдастығы аясында іске асырылады. (Dudley, P. 2011). [1].
Lesson Study мүмкіндіктерін өзінің педагогикалық тәжірибесінде қолдануға
көмектеседі. (Dudley, P. 2011). [2].
Негізгі жетістік әдісі Lesson Study тәсілі болады. Бұл мұғалімдердің бірлескен
жұмысы болғандықтан, оқу үдерісінің сапасын арттыру мақсатында өз
сабақтарымызды сынап көргіміз келеді деген педагогтар «оқытудағы/оқудағы
жаңа тәсілді» айқындау, білім алушыларға лайықты, нақты күтілетін оқу
нәтижесін анықтау, үлгерімнің динамикасын реттеу жұмыстары пән
мұғалімдерінің кәсіби дамуына, ұжым мүшелерінің кәсіби дамуына, ұжым
мүшелерінің ынтымақтастығына үлкен әсер ететін коллаборативті тәсіл.
Мұғалімдер сыни достар ретінде, зерттеу сабақтарын жоспарлау, өткізу әрі
талқылау барысында бақылаушы ретінде шығады. Ұстаздар қауымы үздіксіз
ізденетін, өмір бойы білім аушы тұлғалар. Осы тұрғыда мектеп басшылығы
мақсаттар мен кәсіби нәтижелерді байланыстыратын тұтас мектептік жүйелерді
құруға мол мүмкіндіктері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет