Әйелдер тұрғысында
40 хадис
және
Әйел әдебі
Алматы 2009
Мансұров Батыржан Берденұлы
Алғы сөз
Аса қамқор ерекше мейірімді Аллаһтың атымен бастаймын!
Адам баласын ана құрсағында бір тамшы судан жаратып, ең көркем
түрде бейнелеген, күллі
әлемнің жаратушысы, шексіз мейірімді, аса
жарылқаушы Аллаһ тағалаға сансыз мақтау-мадақ болсын!
Жаратылған ғаламға ұлы шапағатшы адамзаттың ардақ тұтар
тұлғасы, бүкіл ғұмырын Ислам жолына арнаған, ұлы мінез-құлық
танытқан, пайғамбарлардың ең соңғысы Мұхаммедке (с.а.у.)
сәлем
жолдап, салауат айтамын!
Қазақстан тәуелсіздігін алып, егеменді ел болғалы бері дініміз едәуір
дамып, әсіресе соңғы жылдары жалпы діннің де, діни мекемелердің
де ықпалы өсіп, қоғамымыздағы саяси мәдениеттің қалыптасуына
жәрдемші рөл атқарып келеді. Бұл дегеніміз
Қазақ халқының руха-
ни өмірінде Ислам мәдениетінің үлкен ізі бар екенінің айғағы. Ислам
шариғатының қайнар көзі – Құран. Ал, пайғамбар хадистері Құран
аяттарының астарлы, терең мағыналары мен түсу себептерін кеңінен
қарастыратын ғылым. Хадис араб тілінде «жаңа», «сөз», «әңгіме» деген
мағыналарды білдіреді. Яғни, хадис хазіреті пайғамбар Мұхаммедтің
(с.а.у.) айтқан сөздері, істеген амалдары мен бір іске немесе оқиғаға бай-
ланысты берген шарғи үкімдері.
Қадірменді оқырман! Қолыңыздағы бұл кітапша екі бөлімнен
тұрады. Бірінші бөлімінде сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.)
әйел затына қатысты айтқан қырық хадисі түсінігімен қоса қамтылды.
Сондықтан да бұл кітаптың бірінші бөлімін «Әйелдер
тұрғысында
40 хадис» деп атадық. Әрине әйел түрғысындағы барлық хадисті
толық қамтыдық деуден аулақпыз. Теңіздің бір тамшысындай болса
да халыққа пайдасы тиер деген мақсатпен өздеріңізге ұсынып отыр-
мын. Ал кітаптың екінші бөлімінде әйелдерге тән әдептілік нормалар
қарастырылды. Әсіресе, мұнда әйел кісілерге
талап етілетін шариғат
үрдісіне сай киім кию әдебі кеңінен сөз болды. Өйткені этикалық
тұрғыдан алғанда әйел баласына қойылатын талап ер кісілерге қарағанда
басым. Сонымен қатар ертеңгі келешек ұрпағымыз бүгінгі қыз балала-
рымыз бен аналарымыздың қолында болғандықтан өзге елдердің Ис-
лам мәдениетіне жат қылықтарына еліктегеннен гөрі, рухани болмы-
сы жоғары әйел затына мұқтаждық бар.
Сондықтан кітапшаның
екінші бөлімінде «Әйел әдебі» туралы барынша сөз қозғауға
тырыстық
Дегенмен Ислам дінінде әйел кісілердің орны ерекше. Ислам
аналарды, әпке-жеңге, қарындастарды өз орнымен құрметтеп
оларға қолдан келгенше жақсылық жасауға шақырады. Бұл
сөзімізге дәлел ретінде Абдуллаһ ибн Омар (р.а.) пайғамбарымызға
келіп: «Әй, Аллаһтың елшісі! Ең алдымен жақсылықты кімге жа-
сайын?» - деп сұрағанда, Аллаһтың елшісі (с.а.у.): «Анаңа» - деп
жауап береді. «Одан кейін ше?» - деп сұрағанда «тағы да анаңа»
- дейді. Қайта сұрағанда «анаңа» - деп тағы айтады. Төртінші рет
сұрағанда барып, «әкеңе» - дейді. Тағы бір хадисінде: «Жәннат
– аналардың аяғының астында» - деген.
Қазақ халқының да ұғымында отбасы,
ошақ қасының, үй-
іші тыныс-тіршілігінің берекесі, ұрпақ тәрбиесі адамгершілік
қасиеттерімен тікелей ұштасып жатады. Осыған орай әйелдерге ар-
нап дайындалған осы кітапша әйелдер қауымының имандылығын
арттыруға өз септігін тигізер деген үміттемін.
Пайғамбарымыздың хадистері иман жүзді, салиқалы да иба-
лы әйелдерді мәңгілік жұмақпен сүйіншілесе, аналық мейірімін
жоғалтқан, ар-ұят имандылықтан жұрдай болған жеңіл жүрістегі
әйелдерді
тозақ отымен ескертіп, жөнге келуді, түзу жолмен
жүріп, отбасын құруға, қоғамда өз орнын табуға үндейді. Осы
түрғыдан алғанда Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистерін халыққа
түсіндіріп-жеткізу қаншалықты маңызды екені айтпаса да түсінікті
болар.
Аллаһ тағаладан осы кішігірім еңбектің бұл дүниеде де, о
дүниеде де біздер үшін пайдалы болуын тілеймін. Сондай-ақ осы
кітапшаның жарыққа шығуына себепші болған кісілерге де шы-
найы алғысымды білдіремін.
Кітаптағы кейбір кемшіліктер жөнінде пікір туып, сын-ескерт-
пелер айтылса, алдын ала алғысымды білдіремін.