Тірек-қимыл жүйесі, тері мен оның қосымшалары
Есеп № 1
Қалқанша маңы бездерінің жеткіліксіздігі.
Тириодэктомия жасаған кезде қалқанша маңы бездері де алынып тасталған, осыдан паратгормонның жеткіліксіздігі дамыған – бүйрек түтікше-лерінде кальций реабсорбциясының бұзылуы, сүйектердің декальцификация-сының бұзылуы, қанда кальций деңгейінің төмендеуі – нервтік бұлшық еттік қозудың жоғарлауы – тонустық құрысулардың дамуы. Сонымен қатар, бүй-рек түтікшелерінде фосфордың реабсорбциясы күшейеді – бұл гиперфосфа-темияның дамуына әкеледі.
Есеп № 2
Қалқанша маңы безінің гиперфункциясы.
Қалқанша маңы бездерінің гиперфункциясы кезінде паратгормон-дардың мөлшері артады – осыдан сүйектердің декальцификациясы туын-дайды – остеопороз – деформация – сүйектердің сынуы. Фосфаттар реабсорб-циясының бұзылуы салдарынан олар артық мөлшерде екіншілік зәрге өтіп, тұңбаға түседі – осыдан зәр-тас ауруы дамиды.
Есеп № 3
Қалқанша маңы безінің гипофункциясы.
Мойнын жарақаттап алған кезде қалқанша маңы бездері зақымдалған – осыдан кальций төмендеп, фосфор деңгейі жоғарлаған.
Есеп № 4
Спазмофилия, гипокальциемиялық құрысу. Рахиттің II-ші дәрежесі, қызу кезеңі, жеделдеу ағымы. Жедел респираторлық вирустық инфекция.
Есеп № 5
Қалқанша маңы безінің гиперфункциясы.
Қалқанша маңы бездерінің гиперфункциясы кезінде паратгормон-дардың мөлшері артады – осыдан сүйектердің декальцификациясы туын-дайды – остеопороз – деформация – сүйектердің сынуы. Фосфаттар реабсорб-циясының бұзылуы салдарынан олар артық мөлшерде екіншілік зәрге өтіп, тұңбаға түседі – осыдан зәр-тас ауруы дамиды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақ тіліндегі «Патологиялық физиологии – 2» пәні бойынша ситуациялық есептер жинағы» атты оқу-әдістемелік құралы «Патологиялық физиология-2» пәнінен 8 жүйе бойынша 2006 жылғы МЖМБС-қа сәйкес типтік оқу бағдарламасы (Астана, 2008) негізінде жазылған.
Оқу-әдістемелік құралы жеке патофизиология курсын игеру кезіндегі студенттердің өздігінен аудиториялық және аудиториядан тыс жұмыстары үшін арналған. Бұл оқу-әдістемелік құралына жеке патофизиологияның 8 жүйесі бойынша есептер, оларға нақты, толық жауаптарымен бірге берілген: тыныс алу, жүректік-қантамырлық, несептік-жыныстық, нервтік, эндокриндік, асқорытулық, қан түзуші, тірек-қимылдық жүйелер бойынша. Оқу үрдісінде бұл оқу-әдістемелік құралын қолдану аталған жүйелердің қызметтерінің бұзылуы кезіндегі көріністердің патогендік даму механизмдерін тереңірек және көрнекті түрде игерілуін және студенттерде клиникалық ойлау, тұжырымдау қабілеттерінің дамуын қамтамасыз етеді.
Оқу-әдістемелік құралында жалпы қабылданған терминология қолданылған, барлық белгіленулер Бүкіл Әлемдік өлшем бірлігі жүйесімен берілген, қысқартылған сөздер тізімі бар. Негізгі әдебиет тізіміне пән бойынша 26 классикалық және қазіргі жаңа оқулықтар енгізілген.
Достарыңызбен бөлісу: |