Педагогикалық институты аманжол күзембайұлы еркін әбіл тарихнам а



бет24/124
Дата19.03.2023
өлшемі0.67 Mb.
#470947
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   124
Kuzembayuly-A-Abil-E-Tarikhnama

Грек тарихшылары. Біздің жыл санауымызға дейнгі VII ғасырда Гре­ция жерінде тарихи шығармалар әдеби жанрдың бір түріне айналды. «Тарих­тың атасы» аталған грек тарихшысы Геродот, одан кейінгілер Фукидид, По­либий т.б. өз шығармаларында болған оқиғаларды шын­дық­­­қа сәйкес жазуға тырысып, кей­­бір процестердің себебін, ішкі мәнін анық­тау­ға талаптанды. Де­ген­мен, олар­дың тарихи еңбектері баяндау әді­сімен жа­зы­лып, заманының бел­гілі адамдары­ның өмірін баяндаумен шек­телді.
Олардан кейін өмір сүрген Рим тарихшылары Тит Ливий, Тацит, Све­то­вий т.б. да осылардың кебін киді. Тарихи шығарма неше түрл ішытыр­ман оқиға­лар­мен көркемделіп, қызғылықты етіп жазылды. Ол кез­де тарих көркем шығар­маның, өнердің бір түрі болып қала барді. Ерте­дегі гректер тарихтың құдайын «Клио» деп атады. Ол гректердің тоғызыншы музасы бо­лып есеп­тел­ді.
Геродот – ежелгі дәуірдегі грек тарихшысы, «тарихтың атасы» деп таныл­­ған жиһанкез. Ол шамамен біздің заманымыздан бұрынғы 484 – 425 жыл­дары өмір сүрген. Кіші Азияның оңтүстігіндегі Галикарнас қаласында дү­ниеге келді.
Барлық кіші­ азиялық гректер парсы билігінен босап шыққанда, Гали­кар­нас тұр­ғындары да жат жерлік билеушілерден құтылғысы келеді. Бі­рақ, олар­дың көтерілісі жеңіліс табады да, қайтадан басып–жаншу ке­зін­­де Ге­родот­тың ағасы, әйгілі эпик ақын Паниассий қаза табады.
Өз отанының саяси өміріне жас кезінен–ақ белсенді түрде араласқан Ге­­ро­­дот Галикарнастағы Лигдамида тиранды тақтан құлату жөніндегі сәт­­­сіз әре­­кет­терінен кейін елден кетуге мәжбүр болды. Бірнеше жыл­дар­­­дан ке­йін Геродот еліне оралып, тағы да азаттық көтеріліске қа­ты­сады. Ол б.з.б. 454 жылы г­аликарнастықтардың жеңісімен аяқталады. Осы­­­­дан бас­тап, Галикар­нас Афина қаласының сенімді серіктесіне айна­лып, сонымен бірге аттикалық бас­қарушылардың бір мүшесі болады.
Геродот б.з.б. 40–жылдардан бастап Грекияның көптеген өлке­лерін­де, тіпті парсы патшалығының өзінде болып сол жерлерді мекендеген әртүрлі халық­тардың тарихы мен этнографиясын зерттеді. Кейінірек ол солтүстік Қара теңіз жаға­лауында, Египетте, Финикияда, Вавилонда жә­не Грекия­ның еуропалық бөлігінде болды деген де мәліметтер бар. Ал ен­­ді Афина оның екінші рухани ота­нына айналды. Афинада сол дәуірдің танымал қай­рат­керлері Периклмен және Софоклмен танысты. Дүниетанымы, өмірлік көз­қарас­тары сәйкес келген­діктен, әсіресе Софоклмен жақсы қарым–қаты­нас­та болды.
Грек әлемінде қабылданған қағида бойынша әрбір адам туған же­рін­де ғана, яғни сол елдің азаматы болғанда ғана саясатпен айналысуға құ­қы­лы болатын. Геродот болса Самоста да, Афинада да шетелдік болып есептел­ді. Осы жағдай­лар оның өмірлік ұстанымы саясат емес, тарих болуына әсер ет­кен болуы мүм­кін.
Б.з.б. 444 жылы оңтүстік Италияда барлық гректерге ортақ Фурия ко­ло­ниясы құрылғанда Геродот сол жақтан жер алып, азамат болу құ­қығы­на ие бол­ды. Протогор Абдерский жаңа колония үшін бірқатар заң­дар жазса, архи­тек­тор Гипподам Мипетский қаланың жоспарын сызды.
Геродоттың осыдан кейінгі өмірі туралы мәлімет жоқтың қасы. Фу­рия­­да ол өзінің тарихи еңбегін аяқтаған болуы керек. Бір қызығы оның «Та­­рих» еңбегі кей­де «...Геродот Галикарнастан жинап, жазды...», ал кей­­­де «Геродот Фуриядан жи­нап, жазды...» сөздерімен басталатын. Та­рих­шы өзін Фурия азаматы деп атау–атамауын көп ойланды. Тіпті оның өмірінің соңын Фурия­да өткізді деп ай­ту қиын.
Белгілі бір мәліметтерге сүйенетін болсақ, ол кейін Афинаға оралды де­ген болжам бар, бірақ ол да анық емес. Бүкіл грек елінің қатысуымен бол­­ған, көп жылдарды қамтыған Афина мен Спартаның арасындағы Пело­пон­нес соғысы кезінде б.з.б. 425 жылы Геродот дүниеден өтті. 
Геродот Элладаның әлсіреп, Афинаның құлап, Кіші Азияның Пер­сия­­ның қол астына қайта өткенін көре алған жоқ. Оның заманында Гре­кия дәуір­ле­ген мемлекет болды. Геродоттың еңбегі эллиндер рухының кө­тері­луі­­не күш бер­ерлік әнұран болды. Бірақ тарихшы еңбегі аяқ­тал­май қалды, ол дүние­­ден өткен­нен кейін сол аяқталмаған күйінде жарық көр­ді.
Геродот көрген, естіген, оқыған материалдарын жинақтап, артына «Та­­рих» атты үлкен еңбек қалдырды. Кейіннен оның еңбегін тоғыз му­за­ға сәйкес­тен­діріліп, тоғыз кітапқа бөлген.
Геродот алғашқы төрт кітабында Лидия, Мидия мемлекеттері, Ахе­мен әулеті жөнінде жазып, олардың Мысырға, Вавилонға, сақтарға қар­сы жо­рық­тарына тоқталады. Қалған бес кітабы грек–парсы соғысына (біз­дің за­маны­­мыз­дан бұрынғы 500 – 449) арналған. Онда халықтардың та­­рихымен қатар этногр­­афия­сы, діні, әдебиеті, мемлекеттердің ішкі–сырт­қы саясаты, экономи­ка­сы бер­ілген.
Шығарманың төртінші кітабында парсыпатшасы Дарийдің сақтарға қарсы жорығы баяндалған. Онда сақтар елі жөнінде аса құнды мәлі­мет­тер кездеседі. Қолжазбаларының ішінде бізге жеткен Флоренция нұс­қа­сы ағыл­шын, орыс, т.б. тілдерге аударылған.
Тұңғыш рет антикалық әдебиетте скифтердің географиялық орнала­суы, саяси тарихы, әдет–ғұрпы, тұрмысы суреттеледі. Ол скифтердің Шы­­­­­­­ғыс­­­тағы да­ла­лық көшпелі тайпалар арасынан келгенін айтады. Геродот грек автор­ла­рының көпшілігі сияқты қазақ жерін мекендеген тайпаларды "азиялық скиф­тер" деп атайды. Скиф атауы Солтүстік Қара теңіз өңірі мен Алдыңғы Азия­ның көшпелі тайпаларына қатысты қол­да­ны­лады. Олардың тайпалық құрамы беріледі.
Мысалы, массагеттер, сарматтар(савроматтар), аргиппейлер, аримас­пылар, исседондаржәне т.б. Геродот массагеттерді Каспий теңізінен шы­­­ғыс­­қа қа­рай, Сырдарияның (Аракстің) арғы жағына орналастырады. Сақ­тар­мен мас­­сагеттер еліне жасалған Дарийдің, Кирдің жорықтарын егжей–тегжейлі әң­гі­мелейді.
Сақтар мекендеген жердің солтүстігіне қарай орналасқан сайримдер туралы барынша толығырақ деректер бар. Ол: "Танаис өзенінің (қазіргі Дон) арғы жағы сарматтардың қолында", – дейді. Сарматтартайпа бірлесті­гі құ­ра­мына солтүстік–батыс Қазақстан өңірінен шыққан аорс­тар да енген. Жа­йық–Елекөзендері аралығынан табылған археологи­ялық ес­­кер­­­т­кіш­терде аор­стар­дың сарматтармен мәдени ұқсастықтары бар екен­­дігін анықтады. Геро­дот Дарийдің Скифияға жорығы туралы айта келіп: "Сарматтар скифтер жағында белсенді түрде соғысты", деп жазды. Оларды әйелдер басқара­тындығын айта келіп, амазонка әйел­дер – тайпа­сы тура­лы аңыз­ды баян­­дай­ды.
"Сармат әйелдері садақ атады, сапы лақтырады, аттың үстінде жү­ре­ді. Барлық саны үш жауды өлтіргенше қыз күйеуге шықпайды", – деп көр­се­те­ді. Халықтардың шығыстан батысқа қарай көшуін айта келіп Геродот: Сол­түс­тік–шығыс Қазақстанды мекендеген «...аримас­пы­лар исседондар­ды өз же­рінен ығыстырып шығарды. Ал исседондар скиф­терді отыр­ған орны­нан қозғады, ал киммериліктер скифтердің теп­кісіне төтеп бере алмай, өз елін тастап кетті", – деп жазды. Ге­ро­дот: "Осынау көші-қон біздің за­м­анымызға дейін VII–VI ғасыр­лар­да жүзеге асты" деп көрсетеді.
Геродот келтірген "алтын қырыққан құзғындар" туралы аңыз Алтай өңірі­мен байланысты шықса керек. Себебі бұл өңір алтын кенішіне бай екендігі бе­­л­­гілі, онда алтынға бай аримаспылар Алтай баурайын мекен­деген деп топ­шылау­ға болады. Ірі алтын кені бар Алтай өңірін, Зайсан көлімаңын арги­п­пей және аримаспы тайпалары мекендегенін археоло­гиялық қазбалар да айғақ­тай­ды.
Геродот скифтерінің шығыстан қоныс аударған далалық көшпелі тай­па­лар екендігін хабарлайды. Ал біздің елдің шығысындағы сақтар­дың Берел, Пазы­рық, Ші­лікті қорымдарынан табылған жәдігерлер бұл жердеежелгі өркениеттіңқанат жайғандығын дәлелдейді. Геродоттың баяндауынан сақтайпалары ішінен массагеттермен исседондардың бір–біріне ұқсас тайпаларекендігін байқауға болады. Оның айтуынша, мас­сагет­терАракс (Сырдария) өзенінен шығысқа қар­ай исседондарға қарама–қарсы мекендеген ірі әрі күшті тайпа болған.
Геродот «Менің міндетім – айтылғандарды қайталау, бірақ мен ол айтыл­ған­дардың барлығына сенуге міндетті емеспін» деп жазды. Геро­дот бір ғана халықтың, бір ғана мемлекеттің тарихын жазумен шектел­менген әмбе­бап тарихшы.
Көне Грекияның келесі бір тарихшысы Фукидид (460 – 399 / 396 гг. до н. э.) өз заманында болған тарихи оқиғаларды қағаз бетіне түсіріп кет­кен көрнекті ғалымдардың бірі. Оның өмірбаяны жөнінде толық мәлімет жоқ. Оның өмірі туралы кейбір дәйектерді біз өзінің шығар­ма­ла­рынан кез­дес­тіреміз. Ақсүйектер әулетінің өкілі ретінде ол сол замандағы Грекия қоғамының саяси өмірінің көп­теген жағдайларынан хабардар болған. Фра­кия­дағы ірі жериеленуші және ал­тын шығатын кеніштердің қожасы бол­ған оның әкесі баласының жақсы тәрбие және терең білім алуына жағдай жасады.
Жас кезінде ол Геродотпен кездесіп, оның лекциясын тыңдады деген мәлі­мет­те бар. Осы жағдай оның келешектегі өмір ұстанымының қалып­тасуына үл­кен әсер еткен сияқты. Оның ғылым жолына түсуіне белгілі Афи­на шешені Ан­ти­фонт және философ Анаксагордан алған сабақтары да өз шарапатын тигізді.
Бірақ ол ғылымға бірден келген жоқ. Ат жалын тартып есейген ша­ғын­­да, ол сол кездегі саяси өмірге белсене араласып кетті. Бұл кезде Афи­на мен Спар­та арасында Пелопоннес соғыстары жүріп жатыр еді. Мі­­не осы науқанға Фуки­дидте Афина жағынан әскер басшысы ретінде қаты­на­суға мәжбүр болды. Соғ­ыс ұзаққа созылды. Оның әскер басшы ретіндегі қызметі жөнінде ғылымда бір­ың­ғай көзқарас жоқ. Бір белгілісі оны Амфи­поль қаласы үшін болған шайқаста Афиналықтардың жеңі­лі­сінің себеп­кері болды деп кіналап, өмірлік қуғынға ұшыратады.
Афинаны тастап ол өзінің ата қонысы Фракияға қайта оралады. Осы жер­де ол өмірінің қалған 20 жылын өткізеді. Өзі басынан өткізген Пело­пон­­­ес соғыс­тары туралы материал жинауға кіріседі.
Грекияны және оның айналасындағы елдерді аралайды. Б.э.д. 404 жылы соғыс Афинаның жеңілісімен айяқталды. Бүкіл қуғын–сүргінге ұшы­раған саяси қайраткерлерге кешірім жарияланады. Сөйтіп, Фуки­дид б.э.д. 400 жылы Афинаға қайта оралады. Оның өлімі жөнінде де толық мәлімет жоқ. Павсаний деген тарихшы ол айдаудан Афинаға ке­ле жат­қанда кісі қолынан қаза тапты дейді. Плутарх және басқа да та­рих­шылар ол Фракияда қайтыс болған деген мәлімет береді. Бірі оны өз өлімімен дүниеден озды дейтін болса, екіншілері оның қанын бөгде біреулердің мойынында деп жазады. Кім не деседе ол Афина қала­сын­да­ғы ақсүйектер қорымына жерленген.
Пелоппонес соғыстары Фукидид өмірінің мәніне айналды. Ол оның бі­рінші күнінен бастап материал жинай бастады. Ол соғысты куәгер ре­тін­де ба­ян­дап қана қоймай, оның ішкі себептерін түсінуге тырысты. Та­рих­шы ретінде ол дерек жинап, оны ғылыми жұмыста пайдаланудың үл­гі­сін көрсетті. Соғыс­тың барысын күнделікті бақылау, соған қаты­нас­­­қандар­­дан мәлімет жи­нау, тіпті кейбір ресми құжаттардың түп нұс­қа­сы­нан үзінділер келтіру сияқты деректанулық әдіс–тәсілдерді пай­да­ланады. Жиналған мәліметтерді бір бірімен салыстыра отыра қарас­ты­ру нә­ти­же­сінде ол әрбір тарихи оқиғаның себеп–салдарлық қатынас­та­рын түсі­нуге тырысты.
Фукидид тарихтағы жеке тұлғалардың роліне де тоқталады. Олар­дың ел үшін жасаған еңбектері бағалай келіп,өз кітабында белгілі тұл­ға­лар­дың көп алдындағы сөздерінен үзінді келтіреді. Фукидид шығар­ма­сының құндылығы – ондағы дерек ретінде пайдаланған келісім–шарт­тар, қарар­лар сияқты ресми құжаттар. «Менің тарих жазғандағы негізгі мақ­са­тым оқырманның көңілін көтеру емес, оған ой салу, жа­зыл­ған дүниені ғасырлардың мұрасы ету» – дейді автор. Бүкіл жаз­ғанын автор сегіз кітапқа бөлді. Зерттеу жұмыстары аяқталмай қал­ған. Оқиғаның баянда­луы б.э.д. – 411 жылмен бітеді. Автор кіта­бына ат та беріп үлгірмеген. Фу­кидид еңбегі өзі өлгеннен кейін «Тарих»деген атпен жарық көрді. Ке­йін бірнеше тілдерге аударылды. 1452 жылы Рим папасы Бесінші Нико­лай­­дың бұйрығымен кітап латын тіліне аударыл­ды. Ал 1502 жылы Вене­ция­да типографиялық әдіспен басылып шықты. Осы күнге шейін Фуки­дит­тің бұл еңбегі көне Эллада тарихынан зор мәлімет беретін құнды ең­бек болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет