Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары 1-тарау. Жалпы ережелер


-параграф. Білім беру ұйымдарының, оқу кабинеттерінің (орталықтарының) басшыларын, басшылардың орынбасарларын аттестаттау шарттары мен тәртібі



бет6/33
Дата27.03.2024
өлшемі142.43 Kb.
#496667
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Ереже аттестация ЖОБА

2-параграф. Білім беру ұйымдарының, оқу кабинеттерінің (орталықтарының) басшыларын, басшылардың орынбасарларын аттестаттау шарттары мен тәртібі

59. Білім беру ұйымының (әдістемелік кабинет (орталық)) бірінші басшысының, басшы орынбасарының біліктілік санаты үш жылға жарамды.


Білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталық) бірінші басшысы, білім беру ұйымы, әдістемелік кабинет (орталық) басшысының орынбасары біліктілік санатының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін алты ай бұрын осы Қағиданың 15-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Платформа арқылы аттестаттаудан өтуге өтініш береді.
60. Тиісті деңгейдегі аттестаттау органының персоналды басқару қызметі жыл сайын қыркүйектің бірінші онкүндігінде аттестатталатын білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) бірінші басшылардың, басшыларының орынбасарларының алдағы күнтізбелік жылға тізбесін айқындайды және Платформа арқылы сәйкес деңгейдегі Комиссияға жібереді.
61. Бастапқы аттестаттау рәсіміне қатысатын білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) бірінші басшысы, білім беру ұйымы, әдістемелік кабинет (орталық) басшысының орынбасары ПББ нәтижелеріне және қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтауға сәйкес кезектілікті сақтамай біліктілік санатын беруге өтініш беруге құқылы. Кейінгі аттестация бірізділік принципіне сәйкес жүргізіледі.
62. Комиссия білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған мерзімдерде аттестаттауды өткізу кестесіне сәйкес қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтауды жүргізеді.
63. Комиссия мүшелері осы Қағиданың 9-қосымшасына сәйкес нұсқаулық бойынша білім беру ұйымдары, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) бірінші басшыларының, басшысының орынбасарларының материалдарын (портфолио) бағалау парақтарын толтырады, осы Қағиданың 16-қосымшасына сәйкес аттестатталушының қызметінің нәтижелерін таныстырумен әңгімелесу өткізеді.
Портфолионы қарау кезінде аудио - немесе бейнежазба жүргізіледі, ол аттестаттаушы органда кемінде бір жыл сақталады.
64. Білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) бірінші басшыларын, басшылардың орынбасарларын кезекті аттестаттау нәтижелері бойынша Комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
мәлімделген біліктілік санатына сәйкес келеді (атқаратын лауазымына сәйкес келеді);
қолданыстағы біліктілік санатына сәйкес келеді (атқаратын лауазымына сәйкес келеді);
мәлімделген біліктілік санатынан төмен біліктілік санатына сәйкес келеді (атқаратын лауазымына сәйкес келеді);
біліктілік санатына сәйкес келмейді (қайта аттестаттауға жатады).
Егер аттестатталатын тұлға ПББ нәтижелері бойынша ең төменгі өту балына қол жеткізе алмаса, онда Комиссия «қайта аттестаттауға жатады» деген шешім қабылдайды.
Комиссияның шешімі осы Қағиданың 17-қосымшасына сәйкес нысан бойынша хаттамамен рәсімделеді.
65. Қайта аттестаттау шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кейін (бұл мерзімге еңбекке уақытша жарамсыздық және кезекті еңбек демалысы уақыты енгізілмейді) жүргізіледі. Комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
мәлімделген біліктілік санатына сәйкес (атқаратын лауазымына сәйкес);
мәлімделген біліктілік санатына сәйкес келмейді (атқаратын лауазымына сәйкес келмейді).
«Мәлімделген біліктілік санатына сәйкес келмейді (атқаратын лауазымына сәйкес келмейді)» шешімі қабылданған кезде Комиссия үш жұмыс күнінің ішінде осы Қағиданың 18-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Комиссия отырысы хаттамасының көшірмесін Платформадағы педагогтің «жеке кабинетіне» орналастырады. Комиссияның шешімі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы шеңберінде кадрлық- ұйымдастырушылық шешімдер қабылдау үшін аттестатталушы еңбек шартын жасасқан ұйымның бірінші басшысына тұлғаға жіберіледі.
66. Білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) бірінші басшысы, басшысының орынбасары қолданыстағы біліктілік санатының мерзімі өткенге дейін Платформадағы «жеке кабинетіне» екі жыл ішінде үздіксіз мәлімделген біліктілік санатына сәйкес қызмет нәтижелеріне қол жеткізілгені туралы хабарлама алу негізінде осы Қағиданың 15-қосымшасына сәйкес нысан бойынша келесі біліктілік санатын беру үшін тиісті деңгейдегі комиссияға өтініш беруге құқылы.
«Мәлімделетін біліктілік санатына сәйкес келмейді» шешімін қабылдаған кезде Комиссия үш жұмыс күні ішінде осы Қағиданың 19-қосымшасына сәйкес нысан бойынша комиссия отырысының хаттамасынан көшірмені Платформадағы «жеке кабинетте» орналастырады. Бұл ретте қолданыстағы біліктілік санаты сақталады.
67. «Басшы-ұйымдастырушы» біліктілік санаты «үшінші санаттағы басшы» біліктілік санатына; «басшы-менеджер» біліктілік санаты «екінші санаттағы басшы» біліктілік санатына; «басшы-көшбасшы» біліктілік санаты «бірінші санаттағы басшы» біліктілік санатына теңестіріледі.
68. Білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталықтың) бірінші басшысы, басшысының орынбасары бір білім беру ұйымынан екіншісіне ауысқан кезде қолданыстағы біліктілік санаты басшы, басшының орынбасары лауазымындағы қызмет мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.
Бірінші басшы білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымына және керісінше ауысқан кезде басшының (басшының орынбасарының) қолданыстағы біліктілік санаты келесідей лауазымдар бойынша біліктілік санаттары шеңберінде оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады:
«бірінші санатты басшы» - «бірінші санаттағы басшының орынбасары»;
«екінші санаттағы басшы» - «екінші санаттағы басшының орынбасары»;
«үшінші санаттағы басшы» - «үшінші санаттағы басшының орынбасары».




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет