Педагогтің кәсіби стандарты



бет2/110
Дата02.05.2023
өлшемі452.43 Kb.
#473122
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   110
PS pedagog kz

«іскерлік пен дағдылар» көрсеткішінде дербестік дәрежесі көрсетілген;

  • «тұлғалық және кәсіби құзыреттілік» көрсеткішінде жауапкершілік дәрежесі көрсетілген;

  • «білім» көрсеткішінде педагог мамандығының күрделілік дәрежесі көрсетілген, педагог еңбегінің күрделілігі оның «адам-адам» мамандығымен байланысты. Педагогикалық қызмет – бұл адамның бір-біреуіне ықпалы емес, олардың өзара әрекеттесуі. Сондықтан педагог қызметінің объектісі педагогикалық үдеріс болып саналады, ал білім алушы ықпал жасау объектісінен қызмет субъектісіне ауысады.

        1. Кәсіби стандартта бес еңбек қызметі белгіленген:

    1. оқыту;

    2. тәрбиелеу;

    3. әдістемелік;

    4. зерттеушілік;

    5. әлеуметтік-коммуникативтік.

        1. Кәсіби стандартта екінші еңбек қызметінің дескрипторлары деңгей бойынша ретке келтірілген. Бұл қызмет «ортақ» барлық деңгей бойынша және педагогикалық қызметтің құндылығын көрсетеді. Педагогтің қызметі бұл құндылықтарсыз тұлғаның психикалық және дене дамуына қауіпті, сонымен қатар, жас ұрпақтың рухани-адамгершілік саулығы үшін де.

        2. Кәсіби стандарттың тұжырымдамалық негізгі деңгейінде заманауи педагогтің үлгісі бейнеленген.

        3. Кәсіби стандарт педагогикалық біліктіліктің дамуы бойынша дескрипторлармен толығады және осы станлартқа қосымша ретінде маманның жеке карточкасында көрсетіледі.

    1. Педагогикалық мамандықтың құндылығы

    Педагогтің еңбек күрделілігі оның «адам-адам» мамандық/кәсіп түріне жатқызуына байланысты. Педагогтік іс-әрекет – бұл бір адамның басқа адамға тікелей әрекет жасауы емес, олардың өзара әрекеттесуі. Сондықтан педагогтің әрекет объектісі педагогикалық үдеріс болып табылады, ал білім алушы әрекет жасау объектісінен әрекет субъектісіне ауысады. Осының негізінде педагогикалық кәсіп құндылықтары айқындалды:



    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   110




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет