Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


-тақырып ХІХ ғ. қисса-дастандар



бет2/3
Дата25.02.2016
өлшемі360 Kb.
#21629
1   2   3

8-тақырып ХІХ ғ. қисса-дастандар
«Сал-сал», «Зарқұм», «Сейфүлмәлік», «Бозжігіт», «Мұңлық-Зарлық», «Шәкір-Шәкірат», «Жүсіп-Зылиха», «Жұмжұма», «Зарқұм», т.б. Ежелгі нәзира дәстүрінде қайта жаңғырған қисса-дастандар (кітаби өлең) ХІХ ғасырдағы діни-ағартушылық бағыттың бір арнасы.

Қисса дастандардағы «Құран», «Мың бір түн», «Тотынама», «Шахнама» желілері.

ХІХ ғасыр әдебиетіндегі қисса-өлең дәстүрінің ғылыми негізделуі, жүйеленуі. Қисса- дастандардың түрге бөлінуі. Ш.Уәлиханов, В.Радлов, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедұлы, М. Әуезов, С.Мұқанов , Ә.Қоңыратбаев, Б.Кенжебаев, З.Ахметов, Ш.Сәтбаева, Р.Бердібай, М.Мырзахметов, Қ.Өмірәлиев, Ө.Күмісбаев, А.Қыраубайқызы, Б.Әзібаева, А.Жақсылықов, З. Сейітжанұлы, У. Қалижанұлы, т.б. қисса-дастандар туралы.

Кітаби-дастаншыл ақындар. Ақылбек иби Сабал, Шәді Жәңгірұлы, Мәулекей Жұмашев, Жүсіпбек Шайхисламұлы, Ораз молда, Мұса молда, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Кашафуддин бек Шахмардан, Мақыш Қалтаев, Ақмолда, т.б. ғұмырбаян деректері. Шығармашылық мұрасы.

ХІХ ғасырдағы қисса-дастандардың басылымы. Қисса-дастандардың ауызша әдебиет пен жазба әдебиетке қатысын айқындай түсүдің өзекті ғылыми мәселелері.
9-тақырып Зар заман поэзиясы. Қазақ әдебиеті тарихындағы зар заман ағымы
Зар заман – қазақ әдебиеті тарихындағы елеулі ағым. Ресей империясының отаршылдық саясаты туғызған бағыт. Зар заман – қазақ әдебиетінің ауызшадан жазбашаға ойысқан өтпелі кезеңнің әдебиеті. М.Әуезовтің қазақ әдебиеттану ғылымында зар заман ағымының ғылыми негіздемесін жасаудағы орны. Оның зар заманды 3 кезеңге бөлуі. Зар заман әдебиетінің негізгі сарын, көркемдік сипат жөніне зерттелу, бағалану жайы. Зар заман дәуірі әдебиетінің аса көрнекті өкілдері – Шортанбай, Дулат, Мұрат, Шернияз, Әбубәкір,т.б. шығармашылық мұрасының әдебиет тарихындағы орны. Радлов, Алтынсарин, Байтұрсынов, Х.Досмұхамедұлы, С.Сейфуллин, С.Мұқанов , Ә.Қоңыратбаев, Қ.Жұмалиев, Е. Ысмайылов, т.б. ғалымдар зар заман поэзиясы туралы. Зар заман ағымының көрнекті тұлғаларының шығармашылық мұрасын қазіргі кезеңде зерттеу. А.Шәріп, Б.Омарұлы, Қ.Раев, Қ.Мәдібай, т.б. зерттеу еңбектері.

10-тақырып Шортанбай Қанайұлының әдеби мұрасы
Шортанбай Қанайұлының өмірі (1818-1881). Шығармашылық мұрасы. Толғаулары, айтыстары. «Ағыбай батыр» дастаны.Ақынның 1880 жылғы «Бала зары» жинағы. «Зар заман», «Тар заман», т.б. толғауларындағы замана күйі. Ел мінезі. Отаршылдық саясатқа наразылық, қарсылық сарын. Шортанбай өлеңдеріндегі дін, иман жайы. Ақын толғауларының өлең құрылысы, тіл кестесі.

Шортанбай Қанайұлы шығармашылық мұрасының зар заман әдебиеті аясында зерттеліп, бағалануы. Шортанбай шығармашылығының зар заман ағымының туып, қалыптасуындағы орны жайлы М.Әуезов, С.Мұқанов, т.б. ғалымдардың тұжырымдары. Шортанбай ақынның қазақ әдебиеті тарихындағы орны.



11-тақырып Дулат Бабатайұлының шығармашылығы
Өмірбаян деректері (1802-1874). Шығармашылық мұрасының сақөталуы, басылым, жариялану, зерттелу жайы. Дулат ақынның «Сүлейменге», «Бараққа», «Кеңесбайға» арнауларындағы заман күйі, ел мінезі. «Ақжайлау мен Сандықтас», «Ата қоныс Арқадан», «Таудың жарып арасын» өлеңдеріндегі атақоныс, туған жер сарыны. Өлең, ақындық, сөз өнері жайлы шығармалары. «Тегімді менің сұрасаң», «Сүлейменге», «Сөзім бар да, көзім жоқ» өлеңдері. «Еспенбет» дастанындағы ерлік, елдік дәстүр. Мысалдары. Дулат және Абай поэзиясы. Дулат Бабатайұлы – Абайға шейінгі қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі. Қазақ поэзиясының дәстүрлі үлгілерін түлетіп түрлендірген, жаңа көкжиектерін көтерген суреткер. Х.Сүйіншәлиев және дулаттану ілімі. Дулаттың өлең өрімі, тіл кестесі жайлы Қ.Өмірәлиев, Р.Сыздықова пікірлері.


12-тақырып Мұрат Мөңкеұлының ақындық мұрасы
Мұраттың өмірбаяны (1843-1906). Ақынның әдеби мұрасының негізгі арналары. Арнау өлеңдері. Айтыстар. Эпикалық шығармалар. Толғаулар.

Ақынның заманға, отаршылдыққа наразылықтан туған жырлары. Батырлыққа, ерлікке, ізгілікке үндеуі. Мұрат ақынның «Үш қиян», «Сарыарқа» дастандарындағы атамекен зары, елден, жерден айрылу сарыны. «Жалпыға айтқаны» толғауы, «Арғымақ сайлап не керек», «Жігітті көркем көрсетші», «Айшықты ала ту тіккен», «Жалп-жалп ұшқан жапалақ» өлеңдері. Жантолы қызбен айтысы. «Шалгез», «Қазтуған», «Қарасай-Қази» жырлары.

Мұрат – Махамбет және басқа да ақын-жыраулар мұрасын сақтап, кейінгіге жеткізуші.

Мұрат Мөңкеұлының шығармашылық мұрасының басылым көру, көркемдік-теориялық жақтан негізделіп зерттелуіндегі Х.Досмұхаметұлы, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Х.Сүйіншәлиев, Б.Омарұлы еңбектері.



13-тақырып Шернияз Жарылғасұлы (1807-1867).
Ақынның өмірбаян деректері. Исатай - Махамбет көтерілісіне қатысы. Өлеңдерінің зерттелуі, жариялануы. Шығармаларының мазмұн-мәні. Өжет те өткір, ащы мысқылға құрылған өлеңдері. Баймағамбет сұлтанның ханымы мен ханшаларына арнауы. «Баймағамбетке айтқаны». Шернияздың көтерілістен кейінгі шер, мұң өлеңдері. Исатайды іздеуі. Шернияз өлеңдерінің көркемдік өрімі, тіл кестесі.
14-тақырып Алмажан Азаматқызы (1823-?).

Өмірі туралы деректер. «Жетім қыз» поэмасы. Шығармаларындағы Исатай-Махамбет көтерілісінің ізі.

Әбубәкір Кердері (1861-1965). Өмірбаяны. Шығармашылық мұрасы. Зерттелуі. Басылым жайы. Ақынның оқытушылық қызметі. «Әдебиет қазақия» жинағы. Ақынның заман, дін, оқу, қазақ тұрмысы жайлыөлең-жыр, толғау-термелері. Айтыстары. Ақмолланың халықты орысша оқуға үндеуі. Әбубәкір - әдебиет тарихындағы діни-ағартушылық бағыт өкілі.

Ақмолла (Мұфтахаддин) (1831-1895) Мұхамедиярұлы – қазақ, башқұрт, татар әдебиетіндегі ірі тұлға. Өмірбаяны. Ақынның ағартушылық қызметі. Ақмолла шығармаларындағы замана ағымы, қазақ тұрмысы, оқу-өнер, адамның мінез-құлқы жайлары. «Ақмолланың түрмеде жатып жазғаны», «Өзіме», «Көктем», «Жаз», «Күз», «Топырақ», т.б. өлең – толғаулары. Ақмолла шығармаларының көркемдік сипаты.


15 – тақырып ХІХ ғасырдағы жаңа жазба әдебиет.
ХІХ ғасырдағы оқу-ағарту, баспа ісі. Оның әдебиеттің дамуына ықпалы. ХІХ ғасыр әдебиетінің даму барысындағы көркемдік өзгеріс, бетбұрыс, бағыттар. Қазақ өлеңінің жаңа түрлері. Махамбет, Дулат әкелген өлеңдегі ерекшеліктердің Абаймен жалғасуы. Жаңа жанрлардың тууы. Мысал, сықақ, сатираның жандануы. Поэманың тууы. Лирика табиғатындағы еуропалық үрдіс, үлгі. Көркем аударма, көсемсөз.

ХІХ ғасырдағы ұлт оянушылығы және Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев. Олардың қазақтың жаңа жазба әдебиетінің, жаңа жазба әдеби тілінің қалыптасуы, кітаби тілді ығыстыру, тіл тазалығы мәселесіндегі орны. Дінге көзқарасы. Дүниетаным негіздері.


16-тақырып Шоқан Уәлиханов (1835-1865).

Өмірі. Шоқан өскен орта. Омбы кадет корпусындағы жылдар. Проф. И.Березинге хат.Омбы зиялыларымен арақатынасы. Шоқан Уәлихановтың Ресей география ғылымын дамытуға қосқан үлесі. Шоқан Уәлиханов – қазақтың әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мәдениетін, әдебиетін, тарихын зерттеуші. Әдебиет үлгілерін жинаушы. Ғалымның Тәтіқара, Шал ақын, Арыстанбай, Жанақ, т.б. ақын-жыраулар туралы мәліметтері. Едіге жырына назар аударуы.

«Манас» эпосына қатысты ғылыми тұжырымдары.

Шоқанның жолсапар, күнделік жазбалары.Хаттары. Олардың көркемдік құндылығы.

Шоқан Уәлихановтың саяси -әлеуметтік ұстанымдары. Қазақ қоғамының көкейкесті мәселелерін қорғауы.

Шоқан Уәлиханов жайлы зерттеу еңбектер. Әлкей Марғұлан жәнешоқантану ілімі. Шоқан Уәлихановтың қазақ тарихындағы орны.


17-тақырып Ыбырай Алтынсарин (1841-1889)

Ыбырай Алтынсариннің өмірі, ағартушылық қызметі. Қазақ балаларына арнап бастауыш, қолөнер мектептерін, қазақ қыздарына арналған оқу орындарын ашуы. Оқулық, оқу-әдістемелік еңбектері. Ыбырайдың қазақ әдебиет үлгілерін жинап бастыруы.

Ыбырайдың «Қазақ хрестоматиясы» оқулығы. «Қазақ хрестоматиясының» тарихи мәні. Ыбырай және миссионерлік саясат. Ислам негіздерін ұғындырған «Мұсылманшылықтың тұтқасы» еңбегінің қазақ қоғамындағы орны. Ыбырай Алтынсариннің әдеби шығармашылық мұрасы. Аудармалары. Өлеңдері. Көркем әңгімелері. Публицистикасы. Хаттары. Қазақ тіршілігін, тұрмыс-салтын көрсеткен этнографиялық жазбалары. Ыбырайдың қазақ тілінің тазалығы үшін жүргізген шаралары. Қазақтың жаңа жазба әдебиетін қалыптастырып дамытудағы, қазақтың жазба әдеби тілін жасаудағы тарихи еңбегі.

Ыбырай Алтынсарин шығармаларының көркемдік ерекшелігі. Жанр, түр, стиль жасаудағы әдеби үлгі-үрдісі. Ыбырай мұрасының зерттелу, басылым жайы. Ыбырайтанудың өзекті мәселелері.


18-тақырып Абай Құнанбайұлы (1845-1904).
Әдеби мұрасының сақталу, басылым жайы.

Абай өлеңдерін хатқа түсіру. Ә.Бөкейхановтың Абай мұрасына қатысты қолжазбалары. Кәкітай Ысқақұлы мен Тұрағұл Абайұлының Абай шығармаларын бастыруы. 1909 жылғы «Абай» жинағының құрылымы.

Абайдың 1922 жылғы Қазан, Ташкент басылымдары. 1933,1945,1955 жылғы жинақтары. М.Әуезовтің Абай өлеңдерін жинауы, толықтыруы. Абай қарасөздерінің басылымы.Абай шығармаларының кейінгі басылымдары.

Абайдың 1916 жылғы «Абай термесі» басылымы туралы тың деректер. Абай шығармаларының текстологиясы.

Абайтану ілімінің қалыптасып, дамуы және қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелері.

Абай ақындығы туралы ХІХ ғасыр соңындағы, ХХ ғасыр басындағы тұжырымдар. Ә.Бөкейханов, М.Дулатов Абай туралы. А.Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны» (1913) мақаласы. «Абай» журналы. 20 жылдардағы Абай ақындығы төңірегіндегі айтыстар. Ғ.Тоғжанов, І.Қабылов, І.Жансүгіров, Ғ.Сағди, Е.Ысмайылов, С.Мұқанов, Ы.Мұстамбаев, Б.Кенжебаев, т.б. Абай туралы.

Қ.Жұбановтың отызыншы жылдары жазылған «Абай қазақ әдебиетінің классигі» мақаласының Абайтанудағы орны.

М.Әуезов және абайтану. С.Мұқановтың абайтанудағы зерттеулері. Қ.Жұмалиевтің Абай поэзиясының тілін, жаңа түрін зерттеуі.

З.Ахметов – абайтанушы. З.Қабдоловтың Абай ақындығын зерттеуі. С.Қирабаев, Т.Кәкішев, М.Мырзахметов, А.Нұрқатов, Ш.Ысмағұлов, т.б. ғалымдардың абайтанудағы еңбектері.

Академик А.Жұбановтың Абайдың ән өлеңдері жайлы тұжырымдары. Тілші ғалымдар Қ.Өмірәлиев пен Р.Сыздықованың Абайдың тіл кестесін зерттеуі. Абайдың өлең құрылысын өлең теориясы тұрғысынан зерттеуі, жетілдіру. Абайтанудың өзекті мәселелері. Абай шығармаларының жанрын, оның ақындық мәселесімен, Абай ақындығының арғы арналарымен сабақтастықта зерттеу міндеттері,т.б.

Абай ақындығының айналасы. Абайдың алдындағы қазақ поэзиясы. Ол үйренген ақындық мектеп. Дулат және Абай. Абай және шығыс. Абайдың өлең құрылысына, ақындық әлеміне Шығыс әсері. Абайдың қазақ өлеңіне Европа үлгісін енгізуі. Абай және орыстың классикалық әдебиеті. Абайтанудағы Абай ақындығының айналасы, Абайдың ақындық мектебі. Абайдың ақындық дәстүрі ұғымдарын айқындай, ажырата түсу қажеттігі. Осы орайдағы М.Әуезов, Ғ.Сағди, С.Мұқанов, Қ.Мұхаметханов, А. Нұрқатов,М.Мырзахметов, Ө.Күмісбаев, т.б. ғалымдардың пікір-түйіндері.

Абай поэзиясының жанрлық қырлары. Өлең құрылысы. Сөз өрнегі.

Абайдың әлеуметтік, көңіл-күй лирикасы. Абайдың поэмалары. Нәзира дәстүрі және Абай. Абайдың қарасөздері.Арнау өлеңдері. Абай шығармаларының сатиралық қыры. Абайдың ән өлеңдері. Шешендік толғам, афоризмдері. Абайдың орыс әдебиетінен аудармалары. Абай өлеңдеріндегі ұйқас, буын, ырғақ. Абай поэзиясындағы ғаруз ұйқасы үлгісіндегі өлеңдер.

Абай қазақ өлеңіне әкелді деген жаңалықтардың ортағасырлық, жыраулық поэзиямен байланыс, сабақтастығы.

Абайдың ән өлеңдерінің құрылым үлгісі. Абай поэзиясына орыс, батыс әдебиетінен енген үрдіс. Абайдың қазақ өлеңіне енгізген жаңалық, өзгешелігі туралы А.Байтұрсынов, Ғ.Сағди, І.Жансүгіров, М.Әуезов,С.Мұқанов, Е.Ысмайылов, Қ.Жұмалиев, З.Ахметов, З.Қабдолов, т.б. ғалымдардың пікірлері.

Абайдағы алты буынды, сегіз буынды өлеңдер туралы Қ.Жұмалиев тұжырымдары.

Абай және қазақтың жазба әдеби тілі. Абайдағы сөзжасам. Абайдың фразеологизмі. Абай өлеңдеріндегі сөздердің орын тәртібі. Сөз құбылту, сөз ойнату тәсілдері. Абай шығармаларының тілін арнайы зерттеудегі Қ.Жұмалиев еңбегі. Абай поэзиясының тіл кестесін ғылыми негіздеудегі Р.Сыздықованың еңбегі.

Абайдың қарасөздері. Абайдағы дін, дүниетаным жайы. Абайдың қарасөздерге келу жайы. Абайдағы исламның ғылыми негіздерін ұғындыру.

Абай шығармаларындағы «Махаббатпен жаратқан адамзаттың», «Алланы сүю», «Алланың өзі де рас, сөзі де рас», «Өлсе, өлер табиғат, адам өлмес» өлеңдері. Абайдың «мені» мен «менікінің», жан мен тән жайлы өлеңдері мен қарасөздері. Абайдың 13,38 қарасөздеріндегі дін жайы. Абайдың дүниеге көзқарасына орта ғасырдағы түрік әдебиетінің ықпалы.

19-тақырып Абайдың ақын шәкірттері.

Ақылбай Абайұлы (1861-1904).Өмірі. Шығармалары. Әбдірахман өліміне жазған жоқтау өлеңі. «Дағыстан» («Қисса Жүсіп»), «Зұлыс», «Жаррах батыр» поэмалары. Ақылбай мұрасының зерттеліп, жариялануы.

Мағауия Абайұлы (1870-1904).Өмірі. Шығармалары.«Медғат-Қасым» поэмасы. Шығармаларының басылым, зерттелу жайы.

Көкбай Жанатайұлы (1863-1927). Өмірбаяны. Абай және Көкбай. Көкбайдың «Абай – ақындардың ұстазы» деген естелігі. «Абайға», «Дүтбайға», «Мұсажанға», «Сараң байға», т.б. арнау өлеңдері. «Сабалақ» дастаны.

Әріп Тәңірбергенов (1856-1924). Өмірі. Қоғамдық қызметі. Әдеби мұрасы. «Қалың мал туралы», «Еңбек туралы», «Ғылым туралы» дейтін өлең толғаулары. «Тәуірбек ьолысқа», «Замандасқа», «Шәкірттеріме», «Шұғбанға» арнаулары. Адам ғұмырын сипаттауы. Әріптің шығармашылық өмірбаянындағы шығыс әсері. Әріп ақынның «Біржан - Сара» айтысына қатысы.
20-тақырып ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетін зерттеудің өзекті мәселелері, алдағы міндеттері
ХІХ ғасыр әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармашылық мұрасын дәстүрлі сипаттар жөнінен, мәтіннамалық тұрғыда зерттеуді жалғастыру. ХІХ ғасыр әдебиетінің жанрлық-стильдік ерекшеліктерін зерттеуді дамыту. ХІХ ғасыр әдебиетіндегі жаңа үрдіс, үлгілердің көркемдік табиғатын ғылыми – теориялық негіздеудің көкейтесті мәселелерін назарда ұстау.


Тәжірибешілік сабақтардың мазмұны

1-тақырып

19 ғасырдағы қазақ тарихы және әдебиет.

ХІХ ғасырдағы нәзира дәстүрі
2-тақырып

ХІХ ғасырдағы қисса-дастандардың түрлері.Шығу тегі.

ХІХ ғасырдағы ұлт-азаттық күрес батырлары жайлы тарихи жырлардың жанрлық сипаты, зерттелуі.
3-тақырып

Нысанбай жыраудың «Кенесары –Наурызбай » жыры

Мұсабай жыраудың «Жанқожа батыр» жыры
4-тақырып

ХІХ ғасырдағы дәстүрлі айтыс өнері. ХІХ ғасырдағы суырып салма және жазба айтыстар. Айтыстың зерттелуі. Айтыс өнерінің ғылыми-көркемдік негіздемесі. «Біржан - Сара» айтысы.


5-тақырып

Сал-серілік өнер табиғаты. Ақан серінің ән мұрасы. Жаяу Мұса.Өмірі, шығармашылық мұрасы. ХІХ ғасырдағы ән өлеңнің зерттелуі.



6-тақырып

Махамбет және дәстүрлі жыраулық поэзия. Махамбет шығармаларының жанрлық сипаты.


7-тақырып

Шернияз ақынның әдеби мұрасы. Қазақ әдебиетіндегі зар заман ағымы. Зар заман әдебиетінің зерттелуі. Шортанбай Қанайұлы. Шортанбайдың отаршылық саясатқа наразылық толғаулары.


8-тақырып

Дулат Бабатайұлы – Абайға шейінгі қазақ поэзиясының көрнекті өкілі. Мұрат Мөңкеұлының шығармашылық мұрасы. «Үш қиян», «Сарыарқа» дастандары.


9-тақырып

ХІХ ғасыр әдебиетіндегі Қоқан хандығы езгісіне қарсылық сарыны. Мәделі, Құлыншақ, Майлықожа ақын мұрасы.

ХІХ ғасыр әдебиетіндегі жаңа жазба, европалық мәндегі әдебиеттің туып дамуының тарихи-әлеуметтік алғышарттары.
10-тақырып

Шоқан Уәлиханов – қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салушы. Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметі, әдеби мұрасы.


11-тақырып

Абайдың туысы мен өмірі. Шығармашылық мұрасының басылым, зерттелу жайы. Абайтану тарихы. Абай өлеңдерінің құрылысы, жанрлық сипаты, тіл кестесі. Абайдың қарасөздеріндегі дүниетаным, дін жайы. Абай ақындығының айналасы. Абайдың ақын шәкірттері.



4.4 Студенттің өздік жұмысының мазмұны

Студенттердің өздік жұмыстары

Пәнді игеру барысында тақырыптық жоспар мен бақылау шараларының күнтізбелік кестесіне сәйкес студенттер төмендегі дәрісханадан тыс жұмыстарды орындауы керек:

-әрбір тәжірибешілік сабаққа дайындалу керек, яғни, үй тапсырмаларын орындау керек;

-дәріс материалына кірмеген, бірақ міндетті болып саналатын курстың тақырыптарын меңгеріп, конспектілер дайындау керек.


3.4 СӨЖ мазм±ны




СӨЖ түрі

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Сағат көлемі


1

Дәріс сабақтарын өңдеу




Сабаққа қатысу

30 (1х30)

2

Практикалық сабақтарға

дайындалу (сабақтың тақырыбы бойынша материалды меңгеру, тапсырмаларды шешу және т.б.)



Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

15 (1х15)

3

Аудиториялық сабақтың мазмұнына кірмеген қосымша материалды меңгеру

Конспект

Коллоквиум

16

4

Семестрлік тапсырманы орындау

Конспект

Семестрлік

тапсырманы

қорғау


25

6

Бақылау шараларына дайындалу







4




Барлығы







90


Студенттерге өздігінен оқуға берілетін тақырыптар

1.19ғ. ұлт-азаттық қозғалыстарының тарихи өлеңдер мен дастандарда жырлануы

Ұсынылатын әдебиет: [1], [2], [14], [40]

2. Дулат Бабатайұлы өлеңдеріндегі адамгершілік-имандылық тәрбие

Ұсынылатын әдебиет: [1], [2], [16] ,[17], [40], [44]

3. Махамбеттің күрескерлік-жауынгерлік, азаматтық жырлары

Ұсынылатын әдебиет: [1] [2], [19] ,[38], [40], [55]

4. Махамбет өлеңдерінің бейнелілік жүйесі

Ұсынылатын әдебиет: [1], [2] ,[23] ,[52]

5. Махамбет өлеңдеріндегі философиялық-психологиялық ойшылдық

Ұсынылатын әдебиет: [1], [2]

6. Абайдың философиялық өлеңдері

Ұсынылатын әдебиет: [1], [2] ,[26] ,[48]

7. Ыбырайдың «Мұсылманшылық тұтқасы» кітабының маңызы

Ұсынылатын әдебиет: [1], [2] ,[30] [56]
Қорытынды бақылау және ағымдағы үлгерім түрлері бойынша үлес салмағын бөлу

Р/С

Қорытынды бақылау түрі

Бақылау түрі

Үлес салмағы

1.

Емтихан

Емтихан

0,4

Жіберу рейтингісі

0,6

2.

Сынақ

Сынақ

0,4

Жіберу рейтингісі

0,6

3.

Курстық жұмыс (жоба)

Курстық жұмыс (Курстық жоба)

0,4

Жіберу рейтингісі

0,6



Бақылау шараларының күнтізбелік кестесі

1 рейтинг (4 семестр)

Барлық

балл


Апта

1

2

3

4

5

6

7

8

Аптадағы максим. сағат

13

12

13

12

12

18

13

12

100

Дәріс сабағына қатысу

СӨЖ түрі

ҮТ 1

ҮТ2

ҮТ3

ҮТ4

ҮТ5

ҮТ6

ҮТ7

ҮТ8

32

Бақылау формасы

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Макс. балл

4

4

4

4

4

4

4

4

Үй тапсырмасын орындау

СӨЖ түрі

ҮТ 1

ҮТ2

ҮТ3

ҮТ4

ҮТ5

ҮТ6

ҮТ7


ҮТ 1

34

Бақылау формасы

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ


Қ

Макс. балл

4

4

4

4

4

4

5

5

Ќосымша материалдарѓа дайындыќ

СӨЖ түрі




ҚМ1




ҚМ2




ҚМ3




ҚМ4

18

Бақылау формасы

К

К

К

К

К

К

К

К

Макс. балл

2

2

2

2

2

2

3

3

Семестрлік тапсырманы орындау

СӨЖ түрі

СТ




СТ







СТ







16

Бақылау формасы

К

К

К

К

К

К

К

К

Макс. балл

2

2

2

2

2

2

2

2

Межелік

бақылау


Тақ. №

























100

Бақылау формасы



















МБ




Макс. балл



















100





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет