Пәндердің оқу-әдістемелік кешенінің тізімдемесі


Тақырып №1: Жасанды интеллект негіздері. Жасанды интеллект түсінігі



бет14/85
Дата11.10.2023
өлшемі2.35 Mb.
#480347
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   85
Сараптаушы жүйелер

Тақырып №1: Жасанды интеллект негіздері. Жасанды интеллект түсінігі.
Жасанды интеллект даму тарихы мен бағыттары. Логикаға кіріспе.

Информатика ЭЕМ көмегімен ақпарат қасиеттерін және оның көрсетілуі мен автоматты түрде өңдеу әдістерін зерттейтін комплексті ғылым. Модельдеудің негізі де информатика ретінде қарастырылады және ол жорамалдарды тікелей тексеру құралы деп қарастырылады. Ал, жасанды интеллект, сараптаушы жүйе облысындағы негізгі мәселе – білімді зерттеу, іздеу және оны ыңғайлы түрде көрсету. Зерттеудің негізгі мақсаты – теориялық құрылымдар құру ғана емес, оны компьютерде өңдей алатын арнайы программа дайындау. Оның әдеттегі программадан өзгешелігі – ол білімдермен, ал әдеттегі программалар – берілгендермен әрекет етеді.


Информатиканың өзекті мәселерінің бірі – адамның ойлау қабілетін формальдандыру, ақпараттық технологияны интеллекттендіру (интеллекет – ой, ақыл, сана) бұл бағыттағы ілімі – жасанды интеллект (ЖИ) деп аталады. ЖИ адамның интеллектуалды ойлау қабілетінің кейбірін ЭЕМ-де орындауға мүмкін түрде модельдеу, программалу не адам орындайтын іс-әрекеттерді орындайтын сияқты мәселелермен айналысады. Яғни, ЖИ – компьютерде интеллектуалды программаны дайындауға байланысты информатика бөлімі.
Жасанды интеллекет информатика салаларының бірі, бірақ оның ғылым ретінде қарастырыла бастағанына 40-50 жылдай ғана уақыт өтті. Жасанды интеллект 50 жылдары кибернетика, лингвистика, психология және программалардың тоғысуы нәтижесінде пайда болған ғылыми пән. Жасанды интеллект облысындағы зерттеулер 2 бағыт бойынша жүргізіледі.
Біріншісі (бионикалық) – жасанды ақыл-ойды құру мақсатында адам ойының психофизиологиялық қызметін жасанды жүйелер көмегімен модельдеуге ұмтылыстар.
Екіншісі (прагматикалық) – ЭЕМ-ді қолдану арқылы ойлағыштық қызметтің өзін емес, оның нәтижесі болып табылатын процессетерді шығару мүмкіндігін беретін программаларды құру.
ЖИ жүйенің негізгі ерекшелігі білімдермен жұмыс болып табылады. Егер қарапйым программалар үшін деректерді сипаттау алгоритмі программалау тілін бейнелеу деңгейінде анықталса, ал ЖИ жүйелері үшін білімдерді қою бірқатар мәселелермен байланысты болады.
Үлкен білімді білім қорын дайындау күрделі жұмыс, себебі, ол үшін білімді тек таңдаған тәсіл бойынша жинау емес, білімнің жиналу толықтығының және оларды ақиқатқа қайшы болмауының тексерілуі тиіс.
Жасанды интеллект негізінен алгоритмі белгілі емес мәселермен айналысады. Мысалы, шахмат ойнауды қарастырайық.. Ойын шектеулі жүрістермен аяқталғанымен әр кезеңде дұрыс жүрістерді табу және жеңіске жеткізу жолдарын дәл анықтау көптеген, тіпті мыңдаған жылдарды қажет ететініне көз жеткізу қиын емес. Сол сияқты медициналық диагноз қоюдың, құжатты басқа тілге аударудың дәл алгоритмі, күрделі мәселені дәл шешудің әдісі жоқ. Мұнда шешім көптеген нұсқаулығы анықталмаған жағдайлардың қажеттілерін таңдау, іріктеп алу арқылы орындалады. Бұл тәсіл - әрекеттер еркіндігі деп аталады.
Жалпы комплекстік әдеттегі программалар мен жасанды интеллект жүйелер програмаларының айырмашылығы жеткілікті.
Біріншіден, әдеттегі программалар есепті шешуде дайын операцияларды орындайды. Ал, сараптаушы жүйе әр жаңа мақсатты орындау үшін шамамен болса да, шешімдер ағашын құрып, кеңістікте кез келген символдық өрнектерді өңдеумен айналысады. Әдеттегі програмалардың мақсаты – сандық мәндерді есептеу, тұрақтыларды жинақтау және берілгендерді жадтан алу. Ал, сараптаушы жүйенің мақсаты – оқиғалар ағымы және байқалған оқиғаның болжанған беталысы жөнінде кеңес беру.
Екіншіден, әдеттегі программалар барлық жағдайда белгілі фактілермен жұмыс істейді, ал сараптаушы жүйе тәжірибеге негізделген түсініктер мен оқиғаларды сипаттайтын байланыстарды өңдейді (түсініктер мен оқиғалар – бұл нақты облыста сараптаушы адамдардың жинастырған білімдері).
Үшіншіден, әдеттегі программалар нақты математикалық ережелерге сүйеніп құрылады, ал сараптаушы жүйенің жұмысы шындықты анықтау үшін логикалық және т.б. тәсілдерді пайдаланып, символдық өрнектерді өңдеуден тұрады. Онда пайдаланылатын кейбір фактілер мен ережелер шындықты толық түрде көрсетпеуі де мүмкін. Мысалы, егер...онда ережесі арқылы құрылған «Егер жәндік ұшатын болса, онда ол - құс» ережесі дәл емес.
Бір салада сараптаушы жүйе программасын құру үшін адамның жақсы программалаушы болуы жеткіліксіз. Оған осы салада терең білімі, тәжірибесі бар сраптаушының көмегі қажет. Программаға сараптаушыдан алған білімді шамамен болса да толық, таңдалған түрде кірістіру үшін де программалаушының сараптаушы маманмен ұзақ бірлесе жұмыс істеуі міндетті.
Жасанды интеллект жүйелерін зерттеушілер жүйеге әдеттегі программада жоқ мәліметтерді де қосу қажеттігіне көз жеткізді. Жасанды интеллект программалары кейде бір ақпаратты өзі жинай алуы тиіс екені анықтады.
Жасанды интеллекттің мұндай ерекшелігі өте маңызды. Себебі сараптаушы маман жүйені тек жеке фактілермен ғана қамтамасыз етеді де, оларды қай кезде пайдалану керектігін біле бермейді. Алғашқы кезде бір күрделі сараптаушы жүйе дайындау үшін 20-30 жыл уақыт кететін, сараптаушы жүйе дайындауға болатын ақпараттық құралдар пайда болып, олар дамытылған соң бұл үшін бөлінетін уақыт 4-5 есеге азайды. Мұндай құралдарға әдеттегі программалау тілдері (Бейсик, Турбо Паскаль, С++, Visual Basic, т.б.) жасанды интеллект дайындалатын тілдер (ЛИСП, Пролог т.б.) және сараптаушы жүйелердің арнайы дайындалған қабықшалары жатады. Бір есепті шешу үшін дайындалған сараптаушы жүйе программасын сол типті басқа есепті шешу үшін де пайдалануға болады. Ол үшін программалардың білімдер қосылған блогын алып тастап, оның орнына жаңа есептің білім қорын ыңғайлы түрде қосса жеткілікті. Осылайша білім қорынсыз құрылған программаны қабықша жүйе деп атайды.


Бақылау сұрақтары

  1. Жасанды интеллект деген не?

  2. Жасанды интеллект жүйелерінің даму бағыттары қандай?

  3. Жасанды интеллект жүйелерінің басқа жүйелерден қандай айырмашылығы бар?

  4. Жасанды инттелект жүйелерімен жұмыс жасауға арналған программалар қандай тілдер көмегімен іске асырылады?

  5. Қабықша жүйе деген не?

  6. Прагматикалық жасанды интеллект қандай қызмет атқарады?

  7. Бионикалық жасанды интеллект деген не?

  8. Сараптаушы жүйе деген не? Олар қандай қызмет атқарады?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет