ПӘнінен оқУ-Әдістемелік кешен


Қозғалысты ұйымдастырудың ең маңызды ұстанымдары



бет2/4
Дата15.06.2016
өлшемі405.5 Kb.
#138040
1   2   3   4

1. Қозғалысты ұйымдастырудың ең маңызды ұстанымдары;


2. Теміржол көлігінің қызметін белгілейтін негізгі құжаттардың тізімі.

2 тақырып. Пойыз және оның тасымалдау құжаттары туралы түсінік. Пойыздардың түрлері (2 сағат) .

Дәріс жоспары:

1. Жалпы түсінік

2. Негізгі тасымалдау құжаттары

3. Пойыздардың түрлері


Пойыз - деп салмағы мен ұзындығ теміржол желісінің талаптарына сәйкес келетін, бір немесе бірнеше іске қосылған локомотивтері немесе моторлы вагондары бар, түріне сәйкес жеке нөмері және арнайы белгілері бар жылжымалы құраманы айтамыз.

Пойыздар негізгі құрамы жолаушы паркінің вагондарынан тұратын (оның ішінде почта жүгін тасушы вагондар да бар) жолаушылар пойызы мен жүк вагондарынан құралған жүк пойыздары деп бөлінеді. Сонымен қатар, іс-әрекеті аз жол телімдерінде жүк және жолаушы паркінің вагондарынан құрастырылған жүк-жолаушы пойыздары да болады.

Пойыз құрастырылатын стансада оның құрамындағы вагондар туралы негізгі мәліметтер жинақталған анқықтауыш парақшасы (натурный лист) толтырылады. Онда пойыздың нөмері, құрастырған және баратын стансалар, құраманың ұзындығы және салмағы, жөнелту уақыты, сонымен бірге әрбір вагон туралы мәліметтер (нөмері, түрі және осі, жүктікң атауы және салмағы, вагонның таза самағы т.б.) жазылады.

Әрбір жөнелтілетін жүк үшін жүк жөнелтуші жапсырма қағазын (накладной), ал станса жолдық тізбектерді (дорожный ведомость, корошек дорожный ведомости) толтырады. Жүкті тиеу орындарында тиелген жүктерге вагон парақшасы толтырылып, онда вагонның сипаттамалары және осы вагонға тиелген жүктердің тізімі, жүктерге арналған жапсырма қағазының нөмері, жөнелтуші және қабылдаушы стансалар көрсетіледі.

Анықтауыш қағазы, вагон парақшасы, жапсырма қағазы және жолдық тізбектер құрастыру стансасынан бастап жүкті қабылдаушы стансаға дейін пойызбен бірге жүретін негізгі тасымалдау құжаттары. Пойыз баратын стансасына жеткен соң барлық құжаттар мәліметтерді тіркеу және өңдеу үшін қажетті жерлерге жіберіледі.

Құрамының үлкендігіне байланысты пойыздар кезексіз және кезекті болып екі топқа бөлінеді. Кезексіз пойыздарға қалпына келтіруші, өрт сөндіргіш, қар тазалағыш және жеке локомотивтер жатады.

Кезекті пойыздар өз ішінде құрамы бойынша бірнеше түрге жіктеледі: алыс және жергілікті қатынастағы жолаушы (жүрдек және жай жолаушылық) және қаламаңындағы пойыздар; жүк-почталық, әскери, жүк-жолаушылық, жүрдек, өте жалдам жүретін (тез бүлінетін жүктері бар вагондар, контейнерлер т.б.) және адамдарға арналған пойыздар; жүктік пойыздар (өтпелі, телімдік, шығарымдық және берілістік) және шаруашылық пойыздары деп бөлінеді.

Жүктік пойыздар белгілеріне байланысты келесі топтарға жіктеледі:



  • құрастыру шарты бойынша жөнелтілуші (оның ішінде сатылы) және техникалық маршруттар;

  • құрамадағы вагондар тобының санына байланысты бір топты және топтасқан;

  • вагондардың күйіне байланысты: жүктелген, бос және аралас.

Құрамының жалпы салмағы қалыпта салмақтан аспайтын және жолаушы пойызының жылдамдығымен жүретін жүк пойызы жүрдек жүк пойыздары деп аталады. Бұл пойыздармен негізінен аса бағалы және тез жеткізуді қажет ететін жүктер мен үлкен салмақтағы контейнерлер тасымалданады.

Кем дегенде бір телімдік немесе сұрыптау стансасынан өңдеусіз өтетін жүк пойызы тоқтаусыз өтетін жүк пойызы деп аталады. Ал телімдік пойыз тек қана бір жол телімінен өтетін пойыз. Жинақталған пойыз дегеніміз ортааралық стансаларға жіберілетін вагондар мен осы стансаларда тиелген және түсірілген вагондардан тұратын құрама пойыз. Өткерме пойыздар дегеніміз аралық ортааралық стансалар мен кірме жолдардан вагондарды шығаратын немесе оларға жақын арадағы телімдік және сұрыптау стансаларынан ірі көлемді вагон топтарын беретін пойыздар. Бір теміржол торабына кіретін стансалардың аралығында вагондарды жеткізетін пойыздар берілістік пойыздар деп аталады. Жолды жөндеу және құрылыс жұмыстарына, стансаны қажеттіліктерімен жабдықтауға т.б. арналған пойыздар шаруашылық пойыздары деп аталады.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Кочнев Ф.П., Сотников И.Б. Управление эксплуатационной работой железных дорог. – М.: Транспорт, 1990. – 423с.

2.Заглядимов Д.П., Петров А.П. и др. Организация движения на железнодорожном транспорте. – М.: Транспорт, 1985. – 285с.

3.Кочнев Ф.П., Акулиничев В.М. и др. Организация движения поездов на железнодорожном транспорте. – М.: Транспорт, 1979. – 567с.


СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (2- тақырып) [1, 2]

Пойыз және оның тасымалдау құжаттары туралы түсінік. Пойыздардың түрлері - 6 сағат.

1. Негізгі тасымалдау құжаттарының тізімі ;

2. Пойыздардың түрлері және олардың ерекшеліктері;

3. Жүк пойыздарының түрлері, оларды құрастыру аймақтары.

3 тақырып. Басқару жүйесінің сипаттамасы. Әртүрлі көлік түрлерін кешенді түрде қолдану (2 сағат).
Дәріс жоспары:


  1. Жалпы ұғым

  2. Сандық көрсеткіштер

  3. Сапалық көрсеткіштер

Теміржолдың ағымдағы пайдалану қызметін жоспарлау, есептеу және шұғыл бақылап тұру үшін тасымалдың, жылжымалы құраманың және басқа да техникалық жабдықтардың жұмысы мен оларды қолданудың көсеткіштері сандық және сапалық көрсеткіштер деп екіге бөлінеді.



Сандық көрсеткіштер: жүктер мен жолаушыларды тасымалдау көлемі және сәйкесінше жүк-км мен жолаушы-км орындалған жұмыс. Вагон паркінің жұмысы жүктелген, түсірілген, қабылданған және тапсырылған вагондар санымен, жүрістің вагон-км және вагон-сағатымен сипатталады. Осыған сәйкес көрсткіштер локомотив (локомотив-км, локомотив-сағат) пен пойыз (пойыз-км, пойыз-сағат) жұмысын сипаттайды. Станса жұмыс вагон айналымымен, қайта өнделген вагондар санымен, қабылданған, жөнелтілген таратылған және құрастырылған пойыздар мен вагондар санымен сипатталады.

Сапалық көрсеткіштер: вагондар мен локомотивтер айналымы, орта тәуліктік жүріс және олрдың өнімділігі, пойыздардың жүріс жылдамдығы, вагон жүктемесі, теміржолдарды қарқынды пайдалану, жол тармағының пайдаланылатын ұзындығының 1км-не келетін тонна –км сонымен өлшенетін жүккернеулік көрсеткішімен сипатталады.

Жылжымалы құраманы қолданудың негізгі көрсеткіштері төмендегідей:



Техникалық жылдамдық – аралық стансалардағы аялдамаларды есепке алмайтын, ал телімдік жылдамдық – дегеніміз осы стансаларда аялдау уақытын есепке алатын, жол теліміндегі пойыздардың орташа жүріс жылдамдығы.

Теміржол желісіндегі вагон айналымы – бұл вагонды тиеп біткеннен келесі тиеу біткенге дейінгі орташа уақыт. Бұл уақытта стансаларда вагондарды тиеп-түсіру операциялары орындалады, және жол теліміндегі пойыз құрамында жүетелген және бос вагондар болады.



Вагонның статистикалық жүктемесі - жөнелту бойынша жұмыс паркінің бір физикалық вагонына сәйкес келетін жүктің нетто орташа салмағы;

Динамикалық жүктеме - вагон жүрісінің бір вагон км-не келетін тасымалдау жұмысының тонна километрлерінің орташа саны. Динамикалық жүктеме жүктелген вагонға және жұмыс паркінің вагонына (бос вагондардың жүрісін есепке алғанда) деп бөлінеді.

Орта тәуліктік жүріс - айналым уақыты ішінде вагонның бір тәулікте жүрген орташа қашықтығы, км.

Жүк вагонының өнімділігі -бір тәулікте жұмыс паркінің бір вагонына келетін тонна-км. нетто санымен анықталады.

Локомотивтің өнімділігі - бір тәулік ішінде пайдаланылатын парктің бір локомотивіне келетін тонна-км. брутто санымен өлшенеді және толық локомотив паркі бойынша анықталғандағыдай, жетек түрлері бойынша да анықталады.

Локомотивтің (электровоз, тепловоз) орта тәуліктік жүрісі- бір тәулік ішіндегі локомотив-км. жүрісін, пайдаланатын парктің шамасына бөлу арқылы анықталады.

Жылжымалы құраманы пайдалану көрсеткіштері теміржол бөлімшелерінің жұмысын талдау үшін, жылжымалы құрамаға қажеттілікті, сонымен қатар теміржол көлігінің экономикалық тұрғыдан алып қарағандағы нәтижелерін: еңбек өнімділігін және тасымалдаудың өздік құнын анықтау үшін қолданылады. Жылжымалы құрамаларды пайдаланудың сапалық көрсеткіштерін жақсарту еңбек өнімділігін арттыруға және тасымалдаудың өздік құнын төмендетуге жол ашады.

Әртүрлі көлік түрлерінің тұтас жүйесін құрайтын көліктік жүйе, екі немесе одан да көп көлік түрлерінен құралатын және ол жүйені құраушы элементтердің өзар байланыстағы жұмысына тікелей тәуелді. Сондықтан өнеркәсіптік көлік жүйелерінің пайдалану тиімділігін жоғарлату үшін өнеркәсіптік көлік жүйесіне қатынасатын барлық ішкі жүйелерді біріктіріп, өзара байланыста ұстау керек. Сонымен бірге, ірі өнеркәсіптік кешенді құру үшін белгілі бір аумақтағы өнеркәсіптер әртүрлі ұйымдықтарға, кәсіпорындарға және бірлестіктерге қарайтындықтан, осы өнеркәсіптік кәсіпорындардың біртұтас үзіліссіз байланысып қамтамасыз ететін өнеркәсіп кешенін құру керек.

Өнеркәсіптің әртүрлі түрлерінің жүк айналымын, тасымалдау қашықтығын және басқа да мүмкіншіліктерін ескеретін шарттардың жиынтығына сәйкес әрбір көлік түрінің өзінің тиімді қолданылу аумағы бар.

Зерттеулер көлік түрлерінің неғұрлым тиімді қолданылу аумағын жүк түріне, тасымал қашықтығына тәуелді келесідей тәртіппен анықталған:

- автокөлік - 5-10 км қашықтықта 0,5млн.т тасымалға дейін;

- конвейер көлігі -15 км қашықтыққа дейін 1:5 млн.т. аралығындағы тасымалда;

- аспалы-қанатты жол -10-12 км қашықтыққа дейін 0,5-0,25 млн.т. аралығындағы тасымалда;

- теміржол көлігі - 20км-ден алыс қашықтыққа, 5:50 млн.т. тасымал кезінде.

Тасымал көлемі және жол қашықтығының шамасы үлкен болғанда теміржол көлігін пайдалану тиімді. Алайда жұмыс шарты, тасымалданатын жүктің түрі, оның физикалық құрамы әртүрлі өнеркәсіп түрлерінің қолданылу аусағын өзгертеді. Көліктің белгілі бір түрін таңдау туралы мәселе талдау жасау, жобалау арқылы шешілуі керек. Республикамыздың өнеркәсіптік аудандары үшін басқа көлік түрлерімен өзара әрекеттістікті қамтамассыз ететін өнеркәсіптік теміржол көлігін кешенді дамытатын шаралардың маңыздылығы аса зор.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Заглядимов Д.П., Петров А.П. и др. Организация движения на железнодорожном транспорте. – М.: Транспорт, 1985. – 285с.

2.Кочнев Ф.П., Акулиничев В.М. и др. Организация движения поездов на железнодорожном транспорте. – М.: Транспорт, 1979. – 567с.

3.Управление эксплутационной работой и качеством перевозок на железнодорожном транспорте / Под ред. П.С. Грунтова. – М.: Транспорт, 1994. – 544с.


СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (3- тақырып) [1, 3, 5]

Басқару жүйесінің сипаттамасы. Әртүрлі көлік түрлерін кешенді түрде қолдану – 6 сағат.

1. Теміржол көлігінің сандық және сапалық көрсеткіштерін анықтау;

2. Тасымалдау үрдісінің негізгі техникалық мәліметтері;

3. Жылжымалы құраманы пайдалану көрсеткіштері, еңбек өнімділігі және тасымалдың өздік құны .

4 тақырып. Стансалардың тағайындалуы. Станса жұмыстарын реттейтін негізгі құжаттар (2 сағат).
Дәріс жоспары:


  1. Стансалардың анықтамасы

  2. Стансалардың қызметі және жұмыс сипатты

  3. Стансалардың сыныбы

  4. Станса жұмысын реттейтін құжаттар

Теміржол желісі құрамына станциялар, жолайрылымдары, оздырма қосындары, жол бекеттері сонымен қатар автоматтандырылған блокировкалы өтпелі бағдаршамдар кіретін жекелеген бекеттер мен жоларалықтардан тұрады. Қалыпты жағдайда жоларалықта тек бір ғана пойыз болады.



Жол айырылымы - дегеніміз дара жолды жол тармағында қарама-қарсы келе жатқан пойыздардың біреуін айырма жолында қалыптастыру арқылы екіншісін өткізуге және бір бағытта әр түрлі жылдамдықпен келе жатқан пойыздардың бірін-бірі басып озыуына арналған жол қосыны.

Оздырма қосындары -қос жолды жол тармағында негізінен пойыздардың бірін-бірі басып озуына, қажет болған жағдайда шағын көлемді жүк операцияларын атқаруға арналған жол қосыны.

Станса – деп жол таралымдары пойыздарды қабылдап жөнелтуді, қиылыстыруды және басып оздыруды, сонымен қатар жүктерді қабылдап – тапсыру, жолаушыларға қызмет көрсету операцияларын қамтамассыз ететін, ал дамыған жол құрылғылары құрамаларды құрастыруға және пойыздарға техникалық операциялар жасауға мүмкүншілік беретін жекелеген жол бекеті.

Негізгі қызметіне, жұмыс сипатына байланысты стансалар бірнеше түрге бөлінеді: аралық, телімдік, сұрыптау, жүк және жолаушы стансалары.



Аралық стансалар пойыздарды қабылдап жөнелтуді өткізу және айырылыстыру басып озу сонымен бірге жолаушыларды отырғызып түсіру, жүктерді тиеп түсіру жинақталған пойыдарды өндеу тәрізді опрерациялар атқарылып тж барлық желісінде орналыстыралатын ең көп станса түрі.

Телімдік стансалар – пойыз (жүк және жолаушы пойыздары) құрамындағы вагондарға техникалық және коммерциялық тексеру, жөндеу жұмыстары орындалатын және телімдік пойыздарды сұрыпталатын, негізінен транзиттік пойыздарды өндеумен айналысатын станса.

Сұрыпттау стансалары - негізінен бірнеше теміржол желісі түйіскен бекетте, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар, әкімшілік орталықтар, порттар орналысқан жерлерде немесе көп көлемді жүк тиелетін аудандарда орналасады. Сұрыпттау стансаларында негізінен алыс қашықтыққа арналған өтпелі яғни тоқтаусыз өтетін және де телімдік, жинақталған, өткермелік және берілістік пойыздар құрастырылады, сонымен қатар транзиттік, жүктік пойыздар өнделеді. Локомотивтерді, бригадаларды ауыстыру, техникалық тексеру т.б. жүктік және де жолаушыларға қатысты операциялар орындалады.

Жүктік стансалар - ірі өнеркәсіптік және әкімшілік орталықтарда, теңіз және өзен орналасқан бекеттерде, жүктерді көп көлемде тиеп-түсіретін жерлерде және де ауқымды өнеркәсіптік кәсіпорын құрылысы жүретін аймақтарда салынады. Бұл стансаларда тиеп-түсіру операцияларынан басқа келген құрамаларды өндеу, жөнетілген маршруттарды құрастыру жұмыстары атқарылады.

Жолаушы стансалары - негізінен транзиттік, жергілікті және қала аралық жолаушы қозғалысы қарқынды, тұрғыны көп мекендерде салынып жолаушы тасымалына қызмет көрсетуге арналған.

Телімдік және сұрыпттау стансалары атқаратын қызметтеріне және жұмыс сипаттарына байланысты техникалық станса деп те аталады.



Теміржол түйіспесі - деп кем дегенде үш теміржол бағытын біріктіретін біріктіруші жол тармақтары мен стансалар жиынтығын айтамыз

Жұмыс көлеміне байланысты стансалар сыныпсыз және I, II, III, IV, V сыныпты болып бөлінеді. Стансаның сыныбын анықтау үшін жұмыстың әр түрлі өлшемдерін ұпаймен бағалау жүйесі енгізілген. Егер станса жолында тәулігіне бес вагон артылса немесе түсірілсе екі ұпайға бағаланады; 50 вагонды қайта өндеу (сұрыптап құрастыру) 2- ұпай; ұсақ жөнелтілімді немесе контейнерлермен 5 вагонды сұрыптау -2 ұпай; 10 пойызды жөнелтсе немесе локомотивтермен бригаданы ауыстыру арқылы 10 пойызды өткізсе 1 ұпай т.б. Бұл ұпайлық жүйемен белгілеудің шарты мен тәртібін «ҚТЖ» ҰК АҚ бекітеді.

Жұмыс көлемі 85 ұпайдан жоғары болса, сыныпсыз стансаға жатады ал егер жұмыс көлемі:

- 32-85 ұпай болса, I сыныпты ;

- 14-32 ұпай болса II сыныпты ;

- 4-14 ұпай болса III сыныпты;

- 0,7-4 ұпай болса IV сыныпты;

- 0,7 - ге дейін болса V сыныпты станса қатарына жатады.

Сұрыптау стансалары, неғұрлым үлкен жолаушы және жүк стансалары негізінен сыныпсыз болып келеді

Стансаларда пойыздарды қабылдауға және өндеуге арналған жолдар мен парктер (парк деп қазметі бір атқаратын жолдар жиынтығын айтамыз мысалы, қабылдап-жөнелту паркі, сұрыптау паркі), құрамаларда сұрыптауға арналған арнайы құрылғылар (тартым жолдары, дөнестер т.б.) болады. Стансалардың жол таралымы олардың қызметіне және жұмыс сипатына байланысты болып келеді. Мысалы, аралық стансаларында 4-6 қабылдап- жөнелту жолдары, телімдік стансаларда 10-20, ал сұрыпттау стансаларында 3-6 парктерге топтастырылған 80-100 жолға дейін болады.

Әр түрлі стансаларда келу, сұрыптау және жөнелту парктерінің өзара орналасу түрлері:

- тізбектемелі – пойыздың жүріс бағыты бойынша парктердің бірінен кейін бірі тізбектеліп орналасуы;

- параллелді - парктердің өзара қапталдасып параллель орналасуы;

- біріктерілген - тізбекті және жартылай параллелді орналасуы.

Әртүрлі операцияларды орындау үшін стансаларда айлалық жабдықтар тиеп-түсіру механизмдері және қажетті жабдықтар қоданылады. Бағыттамалар мен берілетін белгілерді басқару, олардың жұмысын бақылау, сонымен бірге станса жұмысын оңтайландыру үшін стансалар бағыттамаларды орнталықтандыратын электрлік жабдықтармен, блокировка құрылғыларымен (белгі беру және байланыс) және қазіргі заманғы техникалық жабдықтармен жабдықталуы керек.

Станса жұмысын «ҚТЖ» ҰК АҚ - мен бекітілген «Теміржол стансалары туралы ережелер» арқылы реттейді. Бұл ереже стансаның өндірістік қызметін ұйымдастыру тәртібі мен міндеттерін, стансалық құрылғыларды материялдық-техникалық қамтамассыз ету тәртібін және қаржылық қызметін, сонымен қатар станса бағытының міндеттерін жаупкершілігін және құқын анықтайды. Станса Қазақстан Республикасының теміржол жарғысына, жүктерді тасымалдау ережелеріне және қолданыстағы теміржол тарифіне сәйкес жүктік және коммерциялық операциялардың орындалуын қамтамассыз етуге міндетті.

Станса жұмысы және стансадағы жекелеген технологиялық операцияларды орындау реті Теміржол жарғысына, Қазақстан Республикасының теміржолдарын техникалық пайдалану ережелеріне (ТПЕ), Кәсіпорындарының теміржол көлігін техникалық пайдалану ережесіне және «ҚТЖ» ҰК АҚ мен оның бөлімшелерінің нұсқаулықтарына өнеркәсіптік жолды пайдалану ережесіне сәйкес қойылатын талаптар негізінде жүзеге асады. Операцияларды орындау мерзімі және реті стансаның техникалық-тарқату актісі, өнеркәсіптік жол мен түйіспе стансаларының жұмысының біртұтас технологиялық үрдісінің құрастыру жоспары, қозғалыс керегені және пойыздардың нақтылы жүріс кестенің негізінде анықталады.

Техникалық-тарқату актісі жекелеген бекеттердің техникалық жабдықтары, техникалық және технологиялық операцияларды орындау тәртібі, стансадан пойыздарды өткізу, қабылдап-жөнелту қауыпсіздігін, сонымен қатар айлалық жұмыстар мен басқа да операцияларды қауіпсіз жасау тәртіптері туралы мәліметтерден тұрады. Оны қолданыстағы нұсқаулықтардың талаптары мен өндіріске қызмет көрсету сипатын ескере отырып, станса бастығы құрастырады да көліктік цехтің бастығы бекітеді. Стансаның өндірістік және шаруашылық қызметін станса бастығы басқарады.

Тәуліктік және ауысымдық жоспарлардың орындалу сапасын бақылау, қозғалыс қауыпсіздігі мен техника қауыпсіздігін қамтамассыз ету, техникалық жабдықтарды тиімді пайдалануды бақылау міндетін станса бастығының орынбасары, ал ол жоқ жерде станса бастығының өзі атқарады. Стансаның бос инженерінің міндеттеріне технологиялық үрдістерді оңтайландыру және оны қолданысқа енгізу, техникалық жабдықтардың қуатын арттыру және оларды тиімді қолдану шараларын орындау, сонымен қатар еңбектің алдынғы қатарлы әдістемелерін енгізу тәрізді манызды міндеттер кіреді.

Айлалық жұмыстардың ауқымы үлкен стансаларда барлық айлалық қозғалыстарға жетекшілік ету айлалық диспетчерге (ДСЦ) жүктеледі. Ол диспетчерлердің саны айлалық жұмыстардың көлеміне байланысты анықталады. Әдетте ірі стансалар мен ірі кәсіпорындардың қосылма жолдарында атқарылатын жұмыстар жекелеген аудандарға бөлініп басқарылады. Станса (жеке бекеттің) кезекшісі пойыздарды қабылдап- жөнелтуге, өткізуге және айлалық қозғалыстарға, сонымен қатар деподағы, пойыз құрамындағы локомивтерді қадағалауға жетекшілік жасайды

Станса жұмысының технологиялық үрдісі көбіне парктердің, вагондар мен тасымалдау құжаттарын өндеу бекеттерінің жұмыс технологиясын, олардың өзара байланысын тиімді жобалаудың сапасымен анықталады. Жұмыс технологиясын жақсартуға технологиялық үрдістерді басқару қызметкерлері арқылы орындалатын техникалық қызметтердің сапасын жатқызуға болады. Қазіргі уақытта стансалар үшін техникалық және технологиялық операцияларға шұғыл және тиімді жетекшілік жасауға арналған біріктіріліп орталықтандырылған бекеттерді салудың маңызы зор. Мұндай бекеттер жұмысқа тікелей араласпай-ақ оны шұғыл орындайтын жетекшілерді алып келеді және стансадағы ақппарат тасқынын азайтады.
Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Заглядимов Д.П., Петров А.П. и др. Организация движения на железнодорожном транспорте. – М.: Транспорт, 1985. – 285с.

2. Бекжанов З.С. Теміржолтану негіздері: Оқулық. – Алматы: Тамыр, 1995. – 320б.

3. Балғабеков Т.К. Управление эксплуатационной работой и организация перевозок на транспорте: Учебное пособие. Караганда: КарГТУ, 2003. – 223с.


СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (4- тақырып) [1, 2,3, 9]

Стансалардың тағайындалуы. Станса жұмыстарын реттейтін негізгі құжаттар – 6 сағат.

1. Стансаның барлық түрлерін анықтау және оларға сипаттама беру;

2. Стансаның сыныбын анықтау;

3. Стансаның техникалық – тарқату актісі.

5 тақырып. Станса жұмысын басқару құрылымы (2 сағат).
Дәріс жоспары:


  1. Станса бастығының маңызды міндеттері

  2. Басқару құрылымы (сұлбасы)

  3. Басқарманың міндеттері


Станса бастығы стансаға жүктелген барлық міндеттердің орындалуына жауапты адам. Ол станса жұмысың технологиялық үрдіс негізінде тиімді ұйымдастыруды, енбектің озық әдістемелерін енгізу және оны кең көлемде дамытуды, жүк қабылдаушылар мен жүк жөнелтушілерге, жолаушыларға жоғары дәрежеде қызмет көрсетуді техникалық жабдықтарды дұрыс қолдануды, шұғыл басқаруды қамтамасыз етуі керек. Станса бастығы стансаның барлық өндірістік және шаруашылық іс-әрекеттерін басқарады, еңбек өнімділігін арттыру, пойыздар мен вагондарды өңдеудің өздік құнын төмендету, техникалық құрылғыларды барынша ұтымды қолдану жүйесі мен оны жұмыс үрдісіне енгізу шараларын ұйымдастыруды және жобалауды іске асырып, осылардың барлығына тікелей жетекшілік жасау керек.

Станса бастығығының маңызды міндеттері :

- мамандарды дұрыс тандау және олардын техникалық кәсіби біліктігін жоғарылату;

- жұмыс күшін тиімді пайдалану :

- еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызметкерлердің техникалық қауіпсіздігі мен мәдени-тұрмыстық жағдайларын жақсарту шараларын жүргізу;



  • қызметткерлердің мемлекеттік және еңбек тәртіптерін тұрақты бақылап бекітіп отыру .

Станса бастығына «ҚТЖ» ҰК АҚ бекітілген заңдық ережелерге сәйкес жұмыскерлерді қабылдауға және қызметтен босатуға, жақсы жұмыс істегені үшін мадақтау немесе нашар жұмыс істегені үшін сөгіс беру құқықтары берілген. Ол өзінің қарамағындағы барлық жұмыскерлерге (жол мастеріне, электр механигіне, локомотив машинісіне, вагон тексерушілерге т.б.) стансаның қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті бұйрықтар бере алады.

Стансаның штаттық кестесі бойынша станса бастығының орынбасарының, станса кезекшісінің, бас инженердің сонымен қатар өндірістік-техникалық және басқа да бөлімшелер қызметкерлерінің міндеттері бекітіледі.

Сұрыптау, жолаушы станцаларында және жұмыс көлемі үлкен жүктік, телімдік стансаларда станса жұмысын диспетчерлік басқару жүзеге асырады. Стансаның барлық шұғыл жұмыстарына ауысымдық айлалық диспетчер басшылық жасайды, ал егер ол міндетті атқарушы болмаса, оның міндетін станса кезекші атқарады.

Айлалық диспетчер стансаның барлық цехтарының жұмысын үйлестіріп отырады. Жол бөлімшесінің кезекшісімен, локомотив депосының кезекшісімен, вагондарды техникалық тексеру бекетінің ауысымдық мастерімен бірге шұғыл жұмыс жоспарын жасайды және ол жоспарлардың орындалуын қамтамасыз етеді. Екі бағытты сұрыптау стансасында сұрыптау жүйесінің жұмысын станса диспетчері, ал сұрыптау жүйесіндегі айлалық жұмысты айлалық диспетчер үйлестіреді. Жүктік операциялары ірі көлемдегі кейбір стансаларда станса диспетчерінен басқа жүк операциялары жүргізілетін бекеттерде, осы бекеттерден вагондарды алуға, беруге шұғыл жетекшілік жасайтын, тиеп-түсіру жоспарының орындалуын, жергілікті вагондардың бос тұру уақытын қысқартуды қамтамасыз ететін жергілікті жұмысты атқаруға арналған айлалық диспетчер болады. Жергілікті жұмыстың айлалық диспетчері станса (айлалық) диспетчеріне тікелей бағынышты болады.

Станса кезекшісі пойыздарды қабылдап-жөнелтуге, өткізуге, стансаның бір ауданынан басқасына ауысатын айлалық жүріске, маршрут бойынша қозғалатын пойыздардың қиылысу арқылы және қиылыспай бас жолға шығуына толығымен жетекшілік етеді. Пойыздарды қабылдап жөнелтуге және айлалық локомотивтер қозғалысына қатысты станса кезекшісінің бұйрықтары станса жұмыскерлері мен бірге айлалық және пойыздық локомотив бригадалары мен вагондарды тексерушілер үшін де міндетті болып саналады.


Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Кочнев Ф.П., Сотников И.Б. Управление эксплуатационной работой железных дорог. – М.: Транспорт, 1990. – 423с.

2.Заглядимов Д.П., Петров А.П. и др. Организация движения на железнодорожном транспорте. – М.: Транспорт, 1985. – 285с.

3.Гоманков Ф.С. Технология и организация перевозок на железнодорожном транспорте: Учебник. – М.: Транспорт, 1994. – 209с.


СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (5- тақырып) [3,4]

Станса жұмысын басқару құрылымы – 6 сағат.

1. Станса бастығының маңызды міндеттері;

2. Станса бастығының және қызметкерлердің құқықиары мен міндеттері;

3. Станса жұмысын басқару құрылымы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет