«Химия және биология» факультеті
“Биология” кафедрасы
Бекітемін:
Факультет оқу әдістемелік бюросының кеңесі
“-------------“-----------------------200------ж
“Микробиология және вирусология” пәні бойынша
050113 -биология мамандықтарының студенттері үшін.
ОБСӨЖ сабақтарының әдістемелік нұсқауы
Оқу түрі: күндізгі
Курс 3 семестр 5
Кредит саны 3
Топ: Био - 15,25,35,45
Жетісай 2007ж.
Алғы сөз.
Оқу әдістемелік кешен «Микробиология» пәні бойынша 050113 «Биология» мамандықтарының студенттеріне осы курс бойынша оқытушының жұмыстан неғұрылым тиімді ұйымдастыруға арналған барлық қажетті оқу-әдістемелік материалдарды құрайды. Білім беруде кредиттік технологияны пайдаланып, барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре отырып, пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін, машықтануын және біліктілігін жоғарғы деңгейге көтеру мақсаты көзделініп отыр.
ОБСӨЖ – оқытушының басшылығымен студенттің өзіндік жұмысы, СӨЖ- студенттердің өзіндік жұмысы.
Оқыту бағдарламасы (Syllabus), семестрдің басында әрбір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып, одан әрі дамуына себебін тигізеді деп күтілуде.
Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыпты қарастыруда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдар мен терминдерді енгізеді. Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысының барлық көлемін орындауы қажет.
Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге кредиттерді тапсыруда пән бойынша өз білімдерін тексеруге және рейтингтік бақылауды тапсыруға, сынақ/емтиханды алуға арналған.
3. Пәнді оқытудың мақсаты
Курстық мақсаты – студенттерді прокариоттардың басты қасиеттерімен, олардың физиологиясы және биохимиясымен таныстыру.
Микробиология өте ұсақ тірі организмдер – микроптар жөніндегі ғылым. Ол микроорганизмдердің құрылысын, биологиялық қасиетін, табиғатта жүріп жататын әр түрлі процестерді олардың ролін, жоғары сатыдағы күрделі организмдермен қарым-қатнасын және бұлардың зиянды әрекетінің әсерін зерттейді. Микробиологияның дамуы басқа ғылым салалары сияқты өндіріс тәсілдеріне, практикалық жұмыстардың талабына, жалпы ғылым мен техниканың дамуына тығыз байланысты.
Бұл курсты оқыту барысында студенттерге өсімдік қауымдарының құрылысын, олардың табиғат және адам әрекеттеріне байланысты факторлардың белгілі уақыт аралығында кеңістіктегі өзгеруін зерттеу арқылы объективті заңдылығын ашуға көмектесу.
№ 1 ОБСӨЖ
ОБСӨЖ тақырыбы: Микробиология пәнінің зерттелу обьектілері. Микробиологияның дамуына үлес қосқан ғалымдардың еңбектері.
ОБСӨЖ жоспары:
1. Микробиология пәнінің қалыптасуы.
2. Микробиология іліінің дамуына үлес қосқан ғалымдардың еңбектері.
3. Микробиология халық шаруашылығындағы маңызы.
ОБСӨЖ мақсаты:
Микробиология пәнінің қалыптасуын, оның қысқаша тарихын, ілімге үлес қосқан ғалымдардың еңбектерін талқылауды және микроорганизмдердің құрылысын, биологиялық қасиетін, табиғатта жүріп жататын әр түрлі процестердегі олардың ролін, жоғары сатыдағы күрделі организмдермен қарым - қатынасын және бұлардың зиянды әрекетінің әсерін қарастырады.
Пайдаланатын әдебиеттер :
а) негізгі :
-
Гусев М.В. , Минеев Л.А. Микробиология.- М.: Изд-во Москва ун-та, 1985.
-
Cтейниер Р., Эдельберг Э., Ингрем Д. Микр микробов: в 3-х т . М. Мир 1979
-
Колешко О.И. Микробиология.-Минск:Бышэйшая школа, 1977.
-
Шлегель Г. Общая микробиология М: Мир 1987 567 стр
-
Шигаева М.Х. Экология бактерий Учебное пособие А. Наука 2002 170 с.
-
Березин В.Э. Основы вирусологии Учебное пособие . А. Наука 2002
-
Заварзин Г.А. Колотилова Н.Н. Введание в природоведческую микробиологию Учебное пособие Книж дом Унив 2001 г. – 256 с.
-
Мищустин Е.Н., Емцев В.Т. Микробиология. –М.: Колос, 1878.
-
Пименова М.Н. Гречушкина И.Н. Азова Л.Г. Руководства к практическим занятием по микробиологии – М.МГУ 1983 302 стр.
Қосымша
-
Бродо П. Плазмиды . М. – Наука 1989 , 688 с.
-
Букринская А.Г. Вирусология М. Наука 1986 326 с.
-
Готтшалк Г.А. Метобализм бактерий М. Мир 1982 г. 310 с.
-
Елинов Н.П. Химимческая микробиология М. Выш школа 1989 г. 448 с.
-
Елинов Н.П. Основы биотехнологии – СПб Наука 1995 600с
-
Калакуцкий Л.В. Агре Н.С. Развитие актиномицетов – М. МГУ 1983 177с
-
Кондратьева Е.Н. Хемолитотрофы и метилотрофы М. МГУ 1983 г.
-
Перт С.Дж Основы культивирование микроорганизмов и клеток М.Мир 1978 г.
-
Шигаева М.Х. Цзю В.Л. Систематика бактерий – А. КазНУ 140 стр.
-
Громов Б.В. Строение бактерий.-Л.: Изд-во Ленингр. Ун-та,1985.
-
Заварзин Г.А. Водородные бактерий и карбоксидобактерия.-М.: Наука,1978.
-
Жизнь микробов а экстрмальных условиях.-М.: Мир, 1981.
ОБСӨЖ мазмұны:
Микробиология ( гректің “ микрос”- кішкене “ биос” тіршілік, “ логос” – ілім деген сөзінен шыққан) өте ұсақ тірі организмдер – микробтар жөніндегі ғылым. Ол микроорганизмдердің құрылысын, биологиялық қасиетін, табиғатта жүріп жататын әр түрлі процестердегі олардың ролін, жоғары сатыдағы күрделі организмдермен қарым- қатынасын және бұлардың зиянды әрекетінің әсерін зерттейді. Микроорганизмдердің басым көпшілігі - бактериялар. Бактериялардан басқа микробиология актиномицеттерді, ашытқыларды, зең саңырауқұлақтарын, ұсақ балдырларды, қарапайым организмдерді, вирустарды, риккетсияларды зерттейді. Өйткені бұлардың сыртқы пішіні, құрлысы бір- біріне өте ұқсас әрі тіршілік ортасына биохимиялық әсері жағынан алып қарағанда да ортақтығы мол.
Микроорганизмдер әлемі өте бай және әр қилы. Олар топырақта, суда, және ауада кең тараған. Микроорганизмдердің табиғатта өтіп жататын көптеген өзгерістерге тікелей қатысы бар. Олардың белсенді әрекетінің жануарлар мен өсімдіктердің күрделі органикалық заттарға бай өлекселері, қалдықтары минералды қосылыстарға айналады. Ол қайтадан табиғаттағы заттар айналымына енеді. Қазір ғылымда бүкіл микробтар дүниесінің он-ақ проценті белгілі. Ал қалғандарын тауып, олардың пайдалы жақтарын адам баласы игілігіне кеңінен қолдану, зиянды түрлерімен тиімді жолдармен күресу - микробиология ғылымының бүгінгі таңдағы төл ісі. Микроорганизмдерді алғаш көріп, сипаттап жазған Голландия ғалымы Антон Ван Левенчук (1632-1723). Ол заттарды 160-300 есе үлкейте алатын алғашқы оптикалық құрал, яғни “жабайы” микроскоп жасады. Осы микроскоптың көмегімен ол ет тағамдарында өскен зенді, тұрып қалған қақ сулардағы тірі организмдерді көрді, олардың пішінің, түрін және қозғалысын сипаттап жазды.
Микробиология ғылымының одан әрі дамуына орыс ғалымы М.М.Тереховский (1740-1796) көп еңбек сіңірді. Ол Ресейде бірінші болып микроорганизмдерді бақылап, зерттеді.
Өз зерттеулерінде микроорганизмдерге температураның, химиялық заттардың, электр тоғының тигізетін әсерін зерттеді. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында оба ауруын ұзақ жылдар зерттеген орыс ғалымы Д.Самойлович (1724-1810) осы ауруды қоздырғыштардың көзге көрінбейтін микроорганизмдер екенін дәлелдеді.
Микробтар морфологиясы және онда эволюциялық принциптерді қолдану жөнінен бірқатар еңбек сіңірген орыс ғалымы Л.С. Ценковскийді де (1822-1887) атап өту қажет. Микробиология тарихында Л.Пастер (1822-1895) ашқан жаңалықтардың мәнісі аса зор. Ол 1857 жылы ашу процесін зерттеп, оның табиғатын таныды, 1868 жылы жібек құртының індетін ашты. 1891 жылы жұқпалы аурулар қоздырғыштарын зерттеп, онымен күресу үшін пайдасы мол микроорганизмдерден вакцина жасады. Сібір жарасы ( топалаң) микробын тауып, бөліп алып, зерттеген Л.Пастер, ал одан кейін Роберт Кох (1843-1910) болды. Р.Кох микробиологияда зерттеу жұмысына арнап көптен әдіс –тәсілдерді ұсынды. Әсіресе, оның белгілі бір микробты зерттеу үшін, арнайы қоректік орта дайындау керек деген пікірі өте құнды және ол іс жүзінде қазір микробиологиялық практикада қолданылады. Р.Кох өз әдісін қолдана отырып, өкпе ауруын қоздырушы микробтарды тапты. Микробиология дамуына айта қаларлықтай үлес қосқан орыс ғалымы И.И. Мечников (1845-1916) болды. Оның фагацитоз жөніндегі ілімі бүкіл әлемге әйгілі.
Ғалым ашқан жаңалық қазір медицинада кеңінен қолданылады. И.И. Мечников ілімін одан әрі жалғастырушы академик Н.Ф. Гамолея (1859-1949). Ол көп жылдық еңбектің нәтижесінде микробтар әлеміндегі ерекше организмдер – бактериофагтарды ашып, зертеді. Сөйтіп қазіргі кезде зор қарқынмен дамыған вирусология ғылымының негізін қалады. Микробиология тарихында орыс ғалымы Д.И. Ивановскийдің (1864-1920) қосқан үлесі мол. Ол осыған дейін ешкім зерттемеген темекі теңбілі мен рябуха деген ауруларды зерттеп, олардан қоздырғыштарын тапты.
Топырақ саласында микробиологиялық жұмыстармен көзге түскен ғалымдардың бірі С.Н.Виноградский (1856-1953) еді. Бастапқы кезде ол табиғатта кездесетін күкірт бактерияларының күкіртті сутегін күкірт қышқылына дейін тотықтыра алатынын дәлелдеді. Бұл құбылысты С.Н. Виноградский хемосинтез деп атады. С.Н. Виноградскийдің ашқан елеулі жаңалықтарының біріне топырақта тіршілік етуші ерекше бактериялар тобы жатады. Оларды нитрификациялаушы бактериялар деп атайды.
Бақылау сұрақтары:
-
Микробиология нені зерттейді?
-
Микробиология іліміне үлес қосқан ғалымдар?
-
Р.Кохтың микробиологияға қосқан үлесі?
-
С.Н.Виноградскийдің ашқан жаңалықтары?
№ 2 ОБСӨЖ
ОБСӨЖ тақырыбы:
Бактериялардың негізгі формалары. Қозғалатын және қозғалмайтын бактериялар. Микроорганизмдердің мөлшері.
ОБСӨЖ жоспары:
-
Микроорганизмдер морфологиясы.
-
Микроорганизмдер, қозғалысы.
-
Микроорганизмдерді зерттеу.
ОБСӨЖ мақсаты:
Микроорганизмдердің - көбінесе бір клеткалы, өте ұсақ, жай көзге көрінбейтін тірі организмдер. Олардың клеткалары миллиметтердің мыңнан бір бөлігімен өлшенуін. Микроорганикалық құрылысын, сыртқы пішінін және қозғалысын зерттеу үшін кем дегенде 100 есе үлкейтіп көрсететін арнаулы құрал – микроскоптарды қолдану.
Пайдаланатын әдебиеттер :
а) негізгі :
-
1 Гусев М.В. , Минеев Л.А. Микробиология.- М.: Изд-во Москва ун-та, 1985.
-
Cтейниер Р., Эдельберг Э., Ингрем Д. Микр микробов: в 3-х т . М. Мир 1979
-
Шлегель Г. Общая микробиология М: Мир 1987 567 стр
-
Шигаева М.Х. Экология бактерий Учебное пособие А. Наука 2002 170 с.
-
Березин В.Э. Основы вирусологии Учебное пособие . А. Наука 2002
-
Заварзин Г.А. Колотилова Н.Н. Введание в природоведческую микробиологию Учебное пособие Книж дом Унив 2001 г. – 256 с.
-
Мищустин Е.Н., Емцев В.Т. Микробиология. –М.: Колос, 1878.
-
Пименова М.Н. Гречушкина И.Н. Азова Л.Г. Руководства к практическим занятием по микробиологии – М.МГУ 1983 302 стр.
Қосымша
-
Бродо П. Плазмиды . М. – Наука 1989 , 688 с.
-
Букринская А.Г. Вирусология М. Наука 1986 326 с.
-
Готтшалк Г.А. Метобализм бактерий М. Мир 1982 г. 310 с.
-
Елинов Н.П. Химимческая микробиология М. Выш школа 1989 г. 448 с.
-
Елинов Н.П. Основы биотехнологии – СПб Наука 1995 600с
-
Калакуцкий Л.В. Агре Н.С. Развитие актиномицетов – М. МГУ 1983 177с
-
Кондратьева Е.Н. Хемолитотрофы и метилотрофы М. МГУ 1983 г.
-
Перт С.Дж Основы культивирование микроорганизмов и клеток М.Мир 1978 г.
-
Шигаева М.Х. Цзю В.Л. Систематика бактерий – А. КазНУ 140 стр.
-
Блохина И.Н., Леванова Г.Ф. Генсистематика бактерии.-М.: Наука, 1976.
-
Громов Б.В. Строение бактерий.-Л.: Изд-во Ленингр. Ун-та,1985.
-
Заварзин Г.А. Водородные бактерий и карбоксидобактерия.-М.: Наука,1978.
-
Жизнь микробов а экстрмальных условиях.-М.: Мир, 1981.
ОБСӨЖ мазмұны:
Микроорганизмдер- көбінесе бір клеткалы, өте ұсақ, жай көзге көрінбейтін тірі организмдер. Олардың клеткалары иллиметтердің мыңнан бір бөлігімен өлшенеді. Микроорганикалық құрылысын, сыртқы пішінін және қозғалысын зерттеу үшін кем дегенде 100 есе үлкейтіп көрсететін арнаулы құрал – микроскоптар қолданылуда. Микроорганизмдердің ішкі құрылысын зерттеуге арналған, ол-ы 10000 есе, кейде жүз мың есе үлкейте алатын электронды микроскоптар да бар. Бұл микроскопта зерттеу үшін, клетканы алдын-ала түрлі бояу заттары флуорхромдармен бояйды. Микроорганизмдер бір ортада топталып тіршілік етсе, онда колониялар түзеді. Кейде осы колонияның пішініне, сыртқы түріне, түсіне қарап, ол микроорганизмнің қай топқа жататынын анықтауға болады.
Бактериялардың негізгі формалары. Сыртқы пішіміне қарай бактериялар үш топқа бөлінеді. Олар шар тәріздер, таяқша тәріздер және ирек формалар.
Шар тәрізделерді коккалар деп аталады. Коккалардың өзі өзара орналасқанына қарай бірнеше топқа бөлінеді.
Екі – екіден арпаласса – диплококкалар деп аталады.
Стрептококкалар – клеткалар өзара тіркескен моншақ тәрізділер.
Сарциналар – жүзімнің орналауы сияқты шоқ-шоқ болып орналасады.
Таяқша тәрізді формалар ұзындығына, диаметріне, клеткалар ұшынан пішіміне, спораларының түзілуіне қарай бірнеше топқа бөлінеді.
Спора түзетіндерін- бациллалар , ал түзбейтіндерін бактериялар да. Таяқша тәрізді бактериялар да орналасу тәртібіне қарай бірнеше топқа бөлінеді.
Диплобациллалар және диблобактериялар – екі екіден
Стрептобактериялар – клеткалары моншақ тәрізді орн-н таяқ-а бак-р
Кейде пішіні шар тәрізді қысқа, жұмыр таяқша тәрізді бактерияларды кездестіруге болады. Ал спора, түзетін тізбектеле орналасқан бактериялар стрептобациллалар деп аталады. Иректеле орналасқан бактерияның ішінде ұзыны мен қысқасы ғана емес, ондағы ирек санына қарай да ажыратуға болады. Ал жүзіп қозғалатын бактерияларда ерекше жіпше тәрізді орган-жіпше болады. Бір жіпшесі бар бактерияны – монотрихтар, бірнеше жіпшесі болса клеткаларын түгел алып жатса – перитрихтар деп атайды. Ал жіпше клетканың екі ұшында ғана орналасса, онда оны амфитрихтар деп атайды.
Бактериялардағы жіпшелер саны олардың әр түрінде бірдей емес. Мәселен, спираллаларда жіпше 5-тен 30-ға дейін, вибриондарға бір немесе 2-32 жіпше клетканың бір шетінде орналасады. Жіпшелердің жуандығы 0,01-0,03 миллимикрон шамасында. Жіпшелен басқа , дәл соған тым уқсас бактерия клеткаларында бекініс органы – фимбриялар болады. Олар жіпшеден қысқа және жіңішке. Бірақ оның саны жіпшеден көп. Қозғалатын және қозғалмайтын бактериялар да кездеседі. Фимбриялар арқылы клеткалар басқа клеткаларға немесе субстраттарға бекиді.
Глоссари:
1. Стрептококкалар
2. Перитрихтар
3. Амфитрихтар
4. Сарциналар
5. Бациллалар
6. Монотрихтар
Бақылау сұрақтары:
1. Бактериялардың негізгі формаларының ерекшеліктері?
2.Бақтериялардың мөлшерінің бір – бірінен айырмашылықтары?
3. Бактериялар қозғалыстарының түрлері және ерекшеліктері?.
4.Диплококкалар қандай бактериялар тобына жатады?
5. Стрептобактериялар қандай бактериялар тобына жатады?
6. Шар тәрізделерді атаңыз?
№ 3 ОБСӨЖ
ОБСӨЖ тақырыбы:
Қарапайымдылардың түрлері. Физиологиялық құрылысы. Эвглена. Ауру қоздырғыш амеба.
ОБСӨЖ жоспары:
1. Клетка қабықшасы.
2.Цитоплазманың қызметі
-
Нуклеотидтердің ерекшеліктері
ОБСӨЖ мақсаты:
Барлық бактерия клетка қабықшасының цитоплазмалық мембранадан және цитоплазмадан тұратынын анықтауды уйрету. Цитоплазмада нуклеотидтер, мезосомдар, рибосомдар және зат алмасу процесі кезінде түзілетін түрліше заттардың ерекшеліктері мен әсер ету , қызметтерімен таныстыру болып табылады.
Пайдаланатын әдебиеттер :
а) негізгі :
-
Гусев М.В. , Минеев Л.А. Микробиология.- М.: Изд-во Москва ун-та, 1985.
-
Cтейниер Р., Эдельберг Э., Ингрем Д. Микр микробов: в 3-х т . М. Мир 1979
-
Шлегель Г. Общая микробиология М: Мир 1987 567 стр
-
Шигаева М.Х. Экология бактерий Учебное пособие А. Наука 2002 170 с.
-
Березин В.Э. Основы вирусологии Учебное пособие . А. Наука 2002
-
Заварзин Г.А. Колотилова Н.Н. Введание в природоведческую микробиологию Учебное пособие Книж дом Унив 2001 г. – 256 с.
-
Мищустин Е.Н., Емцев В.Т. Микробиология. –М.: Колос, 1878.
-
Дарқанбаев Т.Б., Шоқанов Н.Қ. Микробиология және вирусология негіздері. Алматы, “Қайнар”, 1982.
-
Пименова М.Н. Гречушкина И.Н. Азова Л.Г. Руководства к практическим занятием по микробиологии – М.МГУ 1983 302 стр.
Қосымша
-
Бродо П. Плазмиды . М. – Наука 1989 , 688 с.
-
Букринская А.Г. Вирусология М. Наука 1986 326 с.
-
Готтшалк Г.А. Метобализм бактерий М. Мир 1982 г. 310 с.
-
Елинов Н.П. Химимческая микробиология М. Выш школа 1989 г. 448 с.
-
Елинов Н.П. Основы биотехнологии – СПб Наука 1995 600с
-
Калакуцкий Л.В. Агре Н.С. Развитие актиномицетов – М. МГУ 1983 177с
-
Кондратьева Е.Н. Хемолитотрофы и метилотрофы М. МГУ 1983 г.
-
Перт С.Дж Основы культивирование микроорганизмов и клеток М.Мир 1978 г.
-
Шигаева М.Х. Цзю В.Л. Систематика бактерий – А. КазНУ 140 стр.
-
Блохина И.Н., Леванова Г.Ф. Генсистематика бактерии.-М.: Наука, 1976.
-
Громов Б.В. Строение бактерий.-Л.: Изд-во Ленингр. Ун-та,1985.
-
Заварзин Г.А. Водородные бактерий и карбоксидобактерия.-М.: Наука,1978.
-
Жизнь микробов а экстрмальных условиях.-М.: Мир, 1981.
ОБСӨЖ мазмұны:
Құрылысы жағынан алғанда бактерия клеткасы қарапайым деуге болады. Бірақ оның құрылысының көптеген сыры әлі күнге дейін толық зерттеліп біткен жоқ. Бұған басты себеп олардың өте ұсақтығы және қоректену, тіршілік ету жағдайларына байланысты, тез өзгеріп отыратындығында. Сондықтан бактерия клеткаларын зерттегенде, оның тіршілік ету жағдайларының біршама бірдей және тұрақты болуын қатаң сақтаған жөн. Клетка қабығы өте маңызды қызмет атқаратын күрделі құрылысты органоид. Ол шырышты заттардын тұрады. Бұл шырыш қабықша клетканың негізгі бөлігіне жатпайды. Кейде клеткаға өте төменгі немесе жоғары температура әсер еткенде пайда болады да, клетканы құрғап қалудан және басқа да зиянды заттардың әрекетінен қорғайды. Қанты мол ортада шырыш қабықшалар қалыңдап, клетка сыртында капсула түзеді.
Клетка қабықшасын түрлі химиялық заттармен, ферментпен және ультрадыбыспен бұзуға болады. Сонда цитоплазмалық мембранамен қоршаған цитоплазманың пішіні шар тәрізді болып көрінеді. Сонымен клетка қабықшасы оның белгілі бір пішінін, ұстап тұрады және оны қолайсыз жағдайлардан аман сақтайды.
Клетка қабықшасы жалпы клетка құрақ затының 20 процентіне тең. Бактерия клеткасының әр түрлі бояуларды сіңіріп, боялуының өзі де осы клетка қабықшасына байланысты. Сонда боялған клеткаларды Грам- оң, ал боялмағандарын Грам- теріс деп атайды. Бұл 1884 жылы Дания оқымыстысы Грам ұсынған тәсіл. Клетка қабықшасында бояуды сіңіріп, ұстап тұратын зат - глюкопептид – муреин (ацети-глюкон).
Клетка қабықшасына іргелес цитоплазмалық мембрана орналасқан. Ол липидтердің екі қабатынан тұрады. Бұл қабаттың беттері ерекше белокпен қапталған. Мембрана клетка құрғақ затының 8-15 процентін алады. Сөйтіп ол клеткаға заттардың түсуін бақылайды, осмостық қысымды реттейді. Мембраның ойысуынан барып мезосома деп аталатын ерекше дене сонда клетканың құрғақ заты мен ферменттер орналасады. Бактерия клеткаларының қабықшасы полисахаридтер мен май тектес - липоидтардан тұрады. Кейбір бактериялар қабықшасында хитин деп аталатын азотты зат кездеседі.
Цитоплазма - химиялық құрамы күрделі, түссіз, қоймалжын зат. Оның құрамында белок, май, су, түрлі минерал заттар және ферменттер болады. Жас бактериялар клеткасында цитоплазма бүкіл клетканы алып жатады. Ал өскен клеткаларда қуыстар – вакуолялар көбірек түзіледі. Бактериялар цитоплазмасында басқа да заттар бар : олар гранулиза, гликоген, волшин, күкірт т.б. Бұлардың ішінде гранулиза мен гликоген азотсыз заттар. Олар ыдыраған кезде түрлі қанттарға айналады. Ал волшин азотты зат. Кейбір бактериялар клеткасында күкірт те болады. Тамшы түрінде кездесетін күкірт – клетканың қор заты болып есептеледі. Бактерия цитоплазмасында жоғары сатыдағы өсімдіктер клеткаларында кездесетін амин қышқылдарының барлығы дерлік бар. Осымен қатар онда рибонуклеин (РНҚ) және дезоксирибонуклеин (ДНҚ) қышқылдары болады. Рибонуклеин қышқылы цитоплазмадағы митохондрийде орналасады. Цитоплазманың ең маңызды қасиеті, онда белок синтезі жүреді. Цитоплазма – құрамы өне-бойы өзгеріп, жаңарып отыратын тірі материя. Мұнда тірі организмге тән ассимиляция және диссимиляция құбылыстары жүріп жатады. Цитоплазма қоршаған орта жағдайларының өзгеруіне өте сезімтал келеді. Орта температурасы 60 градус жылыдан асқанда, ол ұйыйды. Қышқылдар, сілтілер және улы заттар оған қатты зиянын тигізеді.
Фотосинтездеуші бактериялардың цитоплазмасында тилокоид деген зат бар. Қышқыл күкірт бактерияларында олар клетка массасының 40-50% алып жатады. Бактериялардың кейбір түрлерінде ядро заттары (хроматин) цитоплазмада ұсақ дәндер күйінде шашырап жатады (диффузиялық ядро). Кейбір бактериялар клеткаларында хроматин дәндері белгілі бір жерге шоғырланып, кәдімгі ядро, яғни жекеленген ядро түзеді. Миксобактерияларда осындай жекелеген ядроларды кездестіруге болады. Ядроның құрамы күрделі. Мұны басқаша нуклеотид деп те атап жүр. Ол клетканың орта шенінде орналасқан. Оның басты бөлігі дезоксинуклеопротеидтер. Нуклеопротеидтер екі бөліктен тұрады. Олардың бірі – ерекше белок болса, екіншісі тимонуклеин қышқылы. Соңғы жылдардағы зерттеулерге қарағанда ядро бір немесе бірнеше сопақша заттар – дезоксирибонуклеин қышқылынан (ДНҚ) тұратыны анықталды.
Мұның бактериялардың құрғақ затына шаққандағы 20-40 % дейін барады. ДНК-ны бактериялар хромосомы деп те атайды.
Нуклеин қышқылдары суда ыдырағанда фосфор қышқылына, пентозаға және құрамында азоты бар органикалық қалдыққа ажырайды.
Бақылау сұрақтары:
1. Клетка қабықшасын бұзу жолдары?
2. Миксобактериялар ядросының ерекшеліктері?
3. Цитоплазманың ең маңызды қасиеті?
Бактериялар цитоплазмасындағы заттар түрлері?
Грам- оң және грам- теріс әдістері қалай жүреді?
6. Цитоплазма - химиялық құрамы?
7. Клетка қабығының өте маңызды қызметі?
№ 4 ОБСӨЖ
ОБСӨЖ тақырыбы:
Бактериялардың көбеюі. Балдырлардың жалпы құрылысы. Балдырларды пайдалану.
ОБСӨЖ жоспары:
1. Жынысты көбею
2. Жыныссыз көбею
3. Вегетативтік көбею
4. Балдырлардың таралуы.
ОБСӨЖ мақсаты:
Бактериялардың жыныссыз, жай бөліну арқылы көбейетінін және микроорганизмдердің осылай көбейіп, өскенде микробтар колониясын пайда етуін. Әр көбею жолдарының өз ерекшеліктерімен жолдарымен таныстыру болып табылады.
Пайдаланатын әдебиеттер :
а) негізгі :
-
Гусев М.В. , Минеев Л.А. Микробиология.- М.: Изд-во Москва ун-та, 1985.
-
Cтейниер Р., Эдельберг Э., Ингрем Д. Микр микробов: в 3-х т . М. Мир 1979
-
Шлегель Г. Общая микробиология М: Мир 1987 567 стр
-
Шигаева М.Х. Экология бактерий Учебное пособие А. Наука 2002 170 с.
-
Березин В.Э. Основы вирусологии Учебное пособие . А. Наука 2002
-
Заварзин Г.А. Колотилова Н.Н. Введание в природоведческую микробиологию Учебное пособие Книж дом Унив 2001 г. – 256 с.
-
Мищустин Е.Н., Емцев В.Т. Микробиология. –М.: Колос, 1878.
-
Дарқанбаев Т.Б., Шоқанов Н.Қ. Микробиология және вирусология негіздері. Алматы, “Қайнар”, 1982.
-
Пименова М.Н. Гречушкина И.Н. Азова Л.Г. Руководства к практическим занятием по микробиологии – М.МГУ 1983 302 стр.
Қосымша
-
Бродо П. Плазмиды . М. – Наука 1989 , 688 с.
-
Букринская А.Г. Вирусология М. Наука 1986 326 с.
-
Готтшалк Г.А. Метобализм бактерий М. Мир 1982 г. 310 с.
-
Елинов Н.П. Химимческая микробиология М. Выш школа 1989 г. 448 с.
-
Елинов Н.П. Основы биотехнологии – СПб Наука 1995 600с
-
Калакуцкий Л.В. Агре Н.С. Развитие актиномицетов – М. МГУ 1983 177с
-
Кондратьева Е.Н. Хемолитотрофы и метилотрофы М. МГУ 1983 г.
-
Перт С.Дж Основы культивирование микроорганизмов и клеток М.Мир 1978 г.
-
Шигаева М.Х. Цзю В.Л. Систематика бактерий – А. КазНУ 140 стр.
-
Блохина И.Н., Леванова Г.Ф. Генсистематика бактерии.-М.: Наука, 1976.
-
Громов Б.В. Строение бактерий.-Л.: Изд-во Ленингр. Ун-та,1985.
-
Заварзин Г.А. Водородные бактерий и карбоксидобактерия.-М.: Наука,1978.
-
Жизнь микробов а экстрмальных условиях.-М.: Мир, 1981.
ОБСӨЖ мазмұны:
Бактериялар әдетте жыныссыз, жай бөліну арқылы көбейеді. Әр клеткадан екі клетка, одан әрі олардың әр қайсысы тағы екі клетка, сөйтіп бөліне береді. Бұл процесте алдымен нуклеотид бөлінсе, дәл осы кезде клетка ортасында цитоплазмалық мембрананың екі қабатынаң тұратын қалқанша пайда болады. Осы екі қабаттан клетканың болашақ қабықшасы түзіледі.
Клетка қабырғасы ажыраған кезде олар бір-бірінен бөлініп кетеді.
Миксобактериялардың кейбіреулерінде бұл құбылыс байқалмайды. Таяқша тәрізде бактериялар бөлінер алдында ұзынынан ұзарады. Клетка диаметрі өзгермейді. Клетка ұзыны екі клетка ұзындығына тең болғанда, таяқша клетканың орта жері жіңішкеріп, екіге бөлініп кетеді.
Көптеген бактериялар, ашытқылар, саңырауқұлақтар, қарапайымдар және басқа да организмдер бөлініп көбейді. Міне микроорганизмдер осылай көбейіп, өскенде микробтар колониясы пайда болады. Осымен қатар таяқша бактериялар бөлінгенде тең екі клетка пайда болса, оны изоморфты ал бір клетка үлкен, екіншісі кішкене болса гетероморфты бөліну деп атайды.
Бөлінудің соңғы түрі өскен бактерияларда байқалады. Микроорганизмдер өте тез шапшаңдықпен көбейеді. Бұл үшін ортада қоректік заттардың жеткілікті болуы, жылу, орта реакциясы қолайлы болып, аэропты бактериялар үшін от-тегі мол болса, әрбір клетканың көбеюі 20-30 минут сайын қайталанып отырады. Міне бұдан көбею шапшаңдығы мен сыртқы жағдайларының арасында белгілі бір тәуелділік бар деп айта аламыз. Сөйтіп, азғана уақыт ішінде көлемі 1-2 микрондай клеткадан орасан көп клеткалар пайда болады.
Ғылымда бактериялар көбеюінің бірнеше фазаларын ажыратады.
Лаг-фаза - көбею процесі аздап тенеледі. Мұнда жаңадан жасалған қоректік ортаға жіберілген бактериялар көбеймейді, қайта бейімделеді. Бұл фаза 1-2 сағатқа созылады. Фаза аяқталар кезде клеткалар көбею бастайды. Қоректік ортаны пайдалану қуатты түрде жүреді.
Даму фазасы - кобеюдің ең активті фазасы. Онда бактериялар қарқынды дамиды, өсу шапшандығы да арта түседі. Бұл екі сағаттай уақытқа созылады. Кейбір клеткалар тіршілігі тежеле бастайды.
Стационарлық фаза – жаңадан пайда болған клеткалар мен қырылған клеткалар саны теңелді. Сондықтан тірі клеткалар саны біраз уақыт тұрақты болып қала береді. Кобею күінде түзілген өнімдер микробтар тіршілігіне нұқсан келтіре бастайды. Бұл фаза бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін созылады.
Қырылу фазасы – пайда болған клеткалар санынан өлген клеткалар саны басым болады. Қоректік ортаның физикалық – химиялық қасиеті мүлде өзгеріп, бактериялар тіршілігіне зиянды күйге көшеді. Клеткалардың қырылу жылдамдығы арта түседі Бұл фазаның ұзақтығы түрлі микроорганизмдер үшін түрліше болады. Мәселен сүт қышқылы бактериялары +30о температурада 5-7 күн өткен соң қырылатын болса, елірету бактериялары одан ұзағырақ тіршілік етеді. Жоғарыда айтылған микроорганизмдердің даму фазалары бір ыдыс ішінде жүргенде орын алатын жағдай. Мұнда қоректік заттар таусылған соң, бактериялар тіршілігі де бәлсендеп, ақыр аяғында олар қырылып қалады.
Соңғы жылдары бактериялар дүниесінде жыныстық жолмен көбейетін жағдай анықталды. Ішек таяқшасы бактериясында осындай құбылыс болады. Мұны коньюгация деп атайды. Коньюгация кезінде зигота пайда болады. Бірақ бактериялардың осылай ұрықтануы толық емес. Өйткені мұнда жыныс клеткалары арқылы тұқым қуалаушылықтың барлық қасиеті түгел ұрпаққа берілмейді. Бұлай жоғары және төменгі сатыдағы организмдер деп ажыратылуына әкеліп соқты. Бұлай жоғары және төменгі сатыдағы организмдері клетка типтерінің ерекшеліктеріне қарай эукариот және прокариот деп атайды.
Клетка ішінде белгілі бір қызмет, атқаратын, элементарлық мембранамен шектелген клеткалық структураларды органелалар деп атайды. Ядро, митохондрий, хлоропластар – клетка органеллалары. Прокариот клеткаларында эукариодтарға тән органеллалар болмайды. Ядролық Д.Н.К оларда цитоплазмадан оқшауланбаған. Цитоплазманың ішінде атқаратын қызметі жөнінен маманданған құрылымдар болады, бірақ олар мембрана көмегімен цитоплазмадан оқшауланбаған, сондықтан олар жеке қуыстар түзбейді. Р. Меррей барлық клеткалы организмдерді олардың клетка құрылысының типіне қарай 2-ге бөлінуді ұсынды.Олар Prokaryot және Euocaryot дүниесінің классификациясына тоқталамыз.
Тест тапсырмалары:
1 . Микробиология нені зерттейді?
А. Балдырларды
Б. Мүктерді
В. Өсімдіктерді
Г. Қыналарды
Д. Ашытқыларды
2. Риккетицилерді зерттейтін ғылым
А. Зоология
Б. Ботаника
В. Микробиология
Г. Биохимия
Д.Биотехнология
3. Микроорганизмдердің басым көпшілігі нелер?
А. Бактериялар
Б. Вирустар
В. Балдырлар
Г. Қыналар
Д. Мүктер
4. Микроскопты алғаш рет қай елде жасап шығарды?
А. Англия
Б. Америка
В. Дания
Г. Голландия
Д. Франция
5. Микроорганизмдерді алғаш көріп, сипаттаған ғалым кім?
А. Л. Пастер
Б. А. В. Левенгук
В. А.Кирхер
Г. Р.Кох
Д. И. Мечников
№ 5 ОБСӨЖ
ОБСӨЖ тақырыбы:
Микроорганизмдер классификациясы. Актинамицеттер. Актинамицеттердің құрылысы, көбеюі және таралуы.
ОБСӨЖ жоспары:
1. Прокариоттар классификациясын құру принципі.
2. Бактерияларды классификациялауда қолданылатын негізгі белгілердің топтары: морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық т.б.
3. Актиномицеттер.
ОБСӨЖ мақсаты:
Прокариоттар классификациясын құру принциптерін, микроорганизмдер классификациясын, актинамицеттердің құрылысын, көбеюі және таралуы жайлы толық мәліметтер беру.
Пайдаланатын әдебиеттер :
а) негізгі :
-
Гусев М.В. , Минеев Л.А. Микробиология.- М.: Изд-во Москва ун-та, 1985.
-
Cтейниер Р., Эдельберг Э., Ингрем Д. Микр микробов: в 3-х т . М. Мир 1979
-
Шлегель Г. Общая микробиология М: Мир 1987 567 стр
-
Шигаева М.Х. Экология бактерий Учебное пособие А. Наука 2002 170 с.
-
Березин В.Э. Основы вирусологии Учебное пособие . А. Наука 2002
-
Заварзин Г.А. Колотилова Н.Н. Введание в природоведческую микробиологию Учебное пособие Книж дом Унив 2001 г. – 256 с.
-
Мищустин Е.Н., Емцев В.Т. Микробиология. –М.: Колос, 1878.
-
Дарқанбаев Т.Б., Шоқанов Н.Қ. Микробиология және вирусология негіздері. Алматы, “Қайнар”, 1982.
-
Пименова М.Н. Гречушкина И.Н. Азова Л.Г. Руководства к практическим занятием по микробиологии – М.МГУ 1983 302 стр.
Қосымша
-
Бродо П. Плазмиды . М. – Наука 1989 , 688 с.
-
Букринская А.Г. Вирусология М. Наука 1986 326 с.
-
Готтшалк Г.А. Метобализм бактерий М. Мир 1982 г. 310 с.
-
Елинов Н.П. Химимческая микробиология М. Выш школа 1989 г. 448 с.
-
Елинов Н.П. Основы биотехнологии – СПб Наука 1995 600с
-
Калакуцкий Л.В. Агре Н.С. Развитие актиномицетов – М. МГУ 1983 177с
-
Кондратьева Е.Н. Хемолитотрофы и метилотрофы М. МГУ 1983 г.
-
Перт С.Дж Основы культивирование микроорганизмов и клеток М.Мир 1978 г.
-
Шигаева М.Х. Цзю В.Л. Систематика бактерий – А. КазНУ 140 стр.
-
Блохина И.Н., Леванова Г.Ф. Генсистематика бактерии.-М.: Наука, 1976.
-
Громов Б.В. Строение бактерий.-Л.: Изд-во Ленингр. Ун-та,1985.
-
Заварзин Г.А. Водородные бактерий и карбоксидобактерия.-М.: Наука,1978.
-
Жизнь микробов а экстрмальных условиях.-М.: Мир, 1981.
ОБСӨЖ мазмұны:
Жоғары сатыдағы организмдер классификациясы белгілі бір дәрежеде олардың эволюциялық байланысын қамтитын болса, осындай негізде прокариоттар, яғни микроорганизмдер классификациясын жасау едәуір қиындықтар келтіреді. Систематика - дегеніміз көп түрлі организм топтарының (таксондар) өзара-қарым-қатынасын зерттейтін ілім; ал-классификация-көп түрлі организмдерің топтарға (таксондар) бөлінуін, ал таксономия-организмдер топтарының (таксондар) аттары мен олардың өзара шектесуін және тәуелділік қарым-қатынасын анықтайды. Таксондар- белгілі дәрежеде бір текті қасиеті бар организмдер топтары.
Таксономиялық категория ретінде түрді алуға болады. Түр –дегеніміз дәл сол кезеңдегі эволюцияда белгілі бір морфологиялық, биохимиялық және физиологиялық белгілері бар, басқа түрлерден сұрыптау нәтижесінде оқшауланған, белгілі бір ортада тіршілік етуге бейімделген, жалпы шығу тегі бір өзара туыстық қатысы бар организмдер топтары.
Микробиологияда “штамм” және “клон” деген терминдерді жиі қолданады. Штамм - деген түрге қарағанда біржақты түсінік. Әдетте штамм деген әр түрлі (топырақ, су, организм т.б) немесе бір түрлі табиғи ортадан бөлініп алынған, бір түрге жататын микроорганизмдердің әр түрлі культураларын айтады. Бір түрге жататын штамдардың қасиеттері жағынан жақындығы немесе кейбір жеке қасиеттері жағынан айырмашылығы болады. Соның өзінде әр түрлі штамдардың қасиеттері түр қасиеттерінің шегінен шықпауы тиіс.
Клон дегеніміз – бір клеткадан алынған культура. Бір түрдің особьтарынан тұратын микроорганизмдер жиынтығын таза культура деп атайды. Барлық прокариоттық микроорганизмдер Procaryotae дүниесіне біріктірілгенде төрт бөлімге ажыратылған. Ол бөлімдер тиісінше класстарға, қатарларға, тұқымдастарға, туыстарға және түрлерге бөлінеді.
І-бөлім. Грациликутес Gracilicutes - бұл бөлімге клетка қабырғалары грамм әдісімен теріске боялатын коккалар, таяқшалар немесе жіпшелер жатады. Олар қозғалғыш және қозғалмайтын клетка ішінде спора түзбейтін болып келеді. Екіге бөліну, бүршіктену арқылы көбейеді. Бұл бөлімге фототрофтар және фототрофты еместер, аэробты, анаэробты және факультативті анаэробты микроорганизмдер жатады. Кейбір түрлері облигатты анаэроб, клетка ішілік паразиттер болып есептеледі.
І-класс. Скотобактерия Scotobacteria
1-топ спирохетталар. Оған бір ғана спирохета қатары жатады. Оның спирохета және лептоспира деген тұқымдастары бар. Клеткалары иректелген, шиыршықтанып қозғалады. Жекеленген ядросы жоқ. Спора түзбейді. Көлденеңінен бөліну арқылы көбейеді, қозғалғыш. Факультативті анаэроб немесе тек анаэроб. Ірі спирохеталары Spirochaetales және Grirtispira майдалары, Trepanema,Borrelis және leptospika туыстарына жатады. Алғашқы екі туыс сапрофиттер, одан кейінге үшеуі паразиттер, адам мен жануарларда жұқпалы ауыруларды қоздырады.
2-топ Спираль тәрізді, клеткалары иректелген, Грамм теріс, Spiriliaceae, тұқымдасына біріккен бактериялар тобы. Клетка қабығы қатты сондықтан ол өз пішінін өзгертпейді. Клетканың бір немесе екі ұшына бірдей орналасқан бір және бірнеше жіпшелер арқылы қозғалады. Бұлардың аэробты және анаэробты өкілдері бар.
Spirillum туысына негізінен сапрофиттер, ағынсыз, лас суларда, өсімдіктер шірінділері мен жануарлар өлекселерінде тіршілік етеді.
Azospirillum туысына жататындары-ауа азотын қармай алады.
3-топ Аэробты, Грамм теріс таяқшалар және коккалар. Бұл топқа жататын бактериялар жеті тұқымдастан тұратын. Оның үшеуінің практикалық маңызы бар. Pseudomonadaceae тұқымдасына Pseudomonas туысы, спорасыз тік немесе ептеп иілген таяқша бактериялар жатады. Олар ауада, топырақта тұщы және теңіз суларында, су астындағы балшығында кездеседі.
4-топ Грамм теріс, факультативті анаэроб таяқшалар. Бұған Enterobacteriaceae және Vibrionaceae деген екі тұқымдас, бірінші тұқымдасқа Грамм теріс, қозғалатын немесе қозғалмайтын спорасыз аэробты немесе факультативті анаэробты немесе факультативті анаэробты таяқшалар жатады.
Адамда аса ауыр ауыруларды қоздырғыштар қатарына Salmonella және Shigella жатады.
5-топ Грамм теріс, түзу, кейде иректелеген және спираль тәрізді (бұйра) таяқшалар бұл топ тек қана Bacteroidaceae тұқымдасынан тұрады. Оған Bacteroides,Pusobacterium және Zeptotrichia туыстары жатады.
6-топ Грамм теріс, хемолитотрофты бактериялар. Құрамында екі тұқымдас және 15 туысы бар.
Аммиякты нитритке дейін тотықтыратындары Nitrosomonas,Nitrosospira, Nitrosocaeus және Nitrosolobus туыстары, ал нитриттерді нитраттарға дейін тотықтратындарға Nitrobacter, Nitrosuspura, және Nitrosocooceus туыстары жатады.
Топырақта, түрлі суларда, табиғи күкірт бұлақтарында кездеседі-Thiobacterium, Thiospira туыстары да белгілі.
7-топ. Шырыш бактериялары. Бұған Myxobacteriales және Cyxophagales қатары жатады.
Myxococcaceae тұқымдасы, оған бір ғана Myxococcus туысы жатады. Сонымен бірге Archagum туысы бар Arhangiaceae тұқымдасы, Polyangium туысы бар Polyangiaceae тұқымдасы да осы қатарға кіреді.
8-топ. Шырыш қабық бактериялар (хлимидобактериялар) олардың ішінде көп тарағаны Sphaerotilles және Zeptothriz. Грамм теріс, аэробтар, тущы суларда тіршілік етеді. Бұлардың Streptthrix, Crenothrix, Clonothrix, және басқа да туыстары бар.
9-топ Бүршіктенуші және сабақ тәріздес бактериялар. Hyphomicobium туысы шеттері үшкір, таяқша бактериялар (аэробтар). Бұл топқа бүршіктену арқылы көбейетін, бірақ бүйір өсінді түзбейтін Seliberia, Pasteuria, Blastobacter туыстары жатады.
10-топ. Реккетсийлер мен хламидиялар микроорганизмдердің бұл тобына Rickettsieles пен Chlamydiales қатарлары жатады.
Басым көпшілік бактериялары – анаэробтар, ал олардың ішінде аэробтары да кездеседі. Қолайсыз жағдайларда да тіршілік ете алады. Бұл бөлім Archeobacteria класынан тұрады. Метан түзуші бактерияларға methanobacterium, methahcoccus, methanosarcina және басқа да туыстар жатады.
Бақылау сұрақтары:
1.Tenericutes бөлімінің бактериялары?
2. Mendolosicutes бөлімінің бактериялары?
3. Систематика – дегеніміз не?
4. Эндоспора түзетін таяқша тәрізділер?
5. Грамм оң, грамм теріс бактериялар?
6. Микробиологияда штамм, клон терминдері?
№6 ОБСӨЖ
ОБСӨЖ тақырыбы:
Қарапайымдар және балдырлар. Зең саңырауқұлақтары. Саңырауқұлақтардың физиологиясы.
ОБСӨЖ жоспары:
1.Қарапайымдылардың клеткасының құрылысы.
2. Қарапайымдылардың көбеюі.
3.Балдырлардың құрылысы.
4. Саңырауқұлақтардың түрлері.
ОБСӨЖ мақсаты:
Қарапайымдылармен балдырлардың саңырауқұлақтардың түрлеріне, морфологиясына, физиологиясы жайлы толық мәліметтер беру.
Пайдаланатын әдебиеттер :
а) негізгі :
-
Гусев М.В. , Минеев Л.А. Микробиология.- М.: Изд-во Москва ун-та, 1985.
-
Cтейниер Р., Эдельберг Э., Ингрем Д. Микр микробов: в 3-х т . М. Мир 1979
-
Шлегель Г. Общая микробиология М: Мир 1987 567 стр
-
Шигаева М.Х. Экология бактерий Учебное пособие А. Наука 2002 170 с.
-
Березин В.Э. Основы вирусологии Учебное пособие . А. Наука 2002
-
Заварзин Г.А. Колотилова Н.Н. Введание в природоведческую микробиологию Учебное пособие Книж дом Унив 2001 г. – 256 с.
-
Мищустин Е.Н., Емцев В.Т. Микробиология. –М.: Колос, 1878.
-
Дарқанбаев Т.Б., Шоқанов Н.Қ. Микробиология және вирусология негіздері. Алматы, “Қайнар”, 1982.
-
Пименова М.Н. Гречушкина И.Н. Азова Л.Г. Руководства к практическим занятием по микробиологии – М.МГУ 1983 302 стр.
Қосымша
-
Бродо П. Плазмиды . М. – Наука 1989 , 688 с.
-
Букринская А.Г. Вирусология М. Наука 1986 326 с.
-
Готтшалк Г.А. Метобализм бактерий М. Мир 1982 г. 310 с.
-
Елинов Н.П. Химимческая микробиология М. Выш школа 1989 г. 448 с.
-
Елинов Н.П. Основы биотехнологии – СПб Наука 1995 600с
-
Калакуцкий Л.В. Агре Н.С. Развитие актиномицетов – М. МГУ 1983 177с
-
Кондратьева Е.Н. Хемолитотрофы и метилотрофы М. МГУ 1983 г.
-
Перт С.Дж Основы культивирование микроорганизмов и клеток М.Мир 1978 г.
-
Шигаева М.Х. Цзю В.Л. Систематика бактерий – А. КазНУ 140 стр.
-
Блохина И.Н., Леванова Г.Ф. Генсистематика бактерии.-М.: Наука, 1976.
-
Громов Б.В. Строение бактерий.-Л.: Изд-во Ленингр. Ун-та,1985.
-
Заварзин Г.А. Водородные бактерий и карбоксидобактерия.-М.: Наука,1978.
-
Жизнь микробов а экстрмальных условиях.-М.: Мир, 1981.
ОБСӨЖ мазмұны:
Қарапайымдар – бір клеткалы организмдер. Олардың шамасы, пішіні әр қилы, өзіндік даму циклдары болады. Қазіргі кезде қарапайымдалардың 15000 түр белгілі. Олардың басым көпшілігі паразиттік тіршілік етеді, адам мен жануарларға зиянды, жұқпалы аурулары қоздырады.
Олардың пішіні әр түрлі. Біреулері шар тәрізді, басқалары – ұзынша, сопақша келеді. Ал кейбіреулерінің пішіні тұрақты болмайды. Қарапайымдылардың мөлшері 2-4 мкм-ден 3см-ге дейін барады.
Цитоплазмалары сыртқы – эктоплазма және ішкі – эндоплазма деп бөлінеді. Эндоплазмада көпдеген қуыстар – вакуолялар және басқа да заттар (крахмал, гликоген, майлар, белок түйірлері, волютин) кездеседі. Цитоплазмада митохондрий өне бойы болады. Ядросының құрылысы жағынан көп клеткалы организмдердің ядросына тым ұқсас болады. Жалпы оларда ядро саны біреу. Ядроның өзі шар тәрізді, сопақша, жалпақ лента тәрізді болып келеді. Қарапайымдылардың қабығы қатты кутикула, яғни мүйізденген заттан тұрады. Ол әрі тірек әрі қорғаныс міндетін атқарады.
Барлық қарапайымдыларда кірпікше, жірше және жалған аяқшалар болады. Олардың көмегімен қарапайымдылар біршама жақсы қозғалады.
Қалапайымдылар жай бөліну арқылы көбейеді. Сонымен олар жыныстық жолмен көбейуі де байқалады. Қолайсыз жағдай туғанда қарапайымдылар бактериялардың спорлары сияқты циста деп аталатын дене түзеді. Циста қоректенбейді, қимылдамай тыныштық күйде жатады. Ол көбінесе топырақта, суда жиі кездеседі.
Топырақтағы қарапайымдылар саны түрліше. Мәселен, шымды-күлгін топырақта олар кездеспейді, ал егер мұндай топырақ жақсы өңделсе, олардың тек саны ғана емес түрлері де көбейеді.
Қарапайымдылар аэробты организмдер. Сондықтан олар топырақтың беткі қабатында тіршілік етеді. Олар топырақ реакциясына сезімтал. Бейтарап реакциялы топырақта олар жақсы өніп - өссе, рН 3,5-тен төмендегенде немесе 9,8-ден жоғарылағанда олардың тіршілігі баяулап, ақыр аяғында өліп қалады. Қарапайымдылардың кейбір топтары төменгі температурада тіршілік етуге бейімделген. Олардың фитомастинга деген түрі қыста, қар бетінде де тіршілік ете алады.
Қарапайымдылардың біразы автотровты организмдер, яғни олар көмір қышқыл газын және минерал тұздарды тікелей сіңіре алады. Сонымен қатар олардың белокты көмірсуды, майды және клетчатканы ыдырататын қабілеттері де бар. Олатдың кейбір топтары күйіс қайтаратын жануарлардың қарнында тіршілік етеді. Ондағы клетчатканы ыдыратып, мал организмне оңай сіңетін өнімге айналады.
Қарапайымдылардың пайдалы жақтарының бірі – олар топыраққа түскен түрлі ауру қоздырғыш микробтарды құртып, топырақтың тазаруына зор көмегін тигізеді. Олар 1 сағат ішінде 30 мыңға жуық бактеряларды жұтып қоятыны анықталды. Зерттеулерге қарағанда қарапайымдылардың топырақтағы күрделі органикалық қосылыстарды ыдыратып, өсімдіктерге қоректік заттарды дайындайтыны мәлім болып отыр.
Бақылау сұрақтары:
1. Қарапайым организмдер?
2. Зең саңырауқұлақтары?
3. Саңырауқұлақтар түрлерінің ерекшеліктері?
4. Қарапайымдылардың пайдалы жақтары?
5. Қарапайымдылардың автотровты организмдері?
6. Топырақтағы қарапайымдылар?
7. Қарапайымдылардың мөлшері?
№7 ОБСӨЖ
ОБСӨЖ тақырыбы:
Микроскоптық саңырауқұлақтар. Ашытқылар. Ашытқылардың түрлері. Ашытқылардың көбеюі.
ОБСӨЖ жоспары:
-
Саңырауқұлақтардың жалпы құрылысы.
-
Саңырауқұлақтардың классификациясы.
3. Ашытқылар.
ОБСӨЖ мақсаты
Микроскоптық саңырауқұлақтар классификациясына, жалпы құрылысына, ашытқылардың түрлеріне және көбею жолдары жайлы жалпы мәлімет беру
Пайдаланатын әдебиеттер :
а) негізгі :
-
Гусев М.В. , Минеев Л.А. Микробиология.- М.: Изд-во Москва ун-та, 1985.
-
Cтейниер Р., Эдельберг Э., Ингрем Д. Микр микробов: в 3-х т . М. Мир 1979
-
Шлегель Г. Общая микробиология М: Мир 1987 567 стр
-
Шигаева М.Х. Экология бактерий Учебное пособие А. Наука 2002 170 с.
-
Березин В.Э. Основы вирусологии Учебное пособие . А. Наука 2002
-
Заварзин Г.А. Колотилова Н.Н. Введание в природоведческую микробиологию Учебное пособие Книж дом Унив 2001 г. – 256 с.
-
Мищустин Е.Н., Емцев В.Т. Микробиология. –М.: Колос, 1878.
-
Дарқанбаев Т.Б., Шоқанов Н.Қ. Микробиология және вирусология негіздері. Алматы, “Қайнар”, 1982.
-
Пименова М.Н. Гречушкина И.Н. Азова Л.Г. Руководства к практическим занятием по микробиологии – М.МГУ 1983 302 стр.
Қосымша
-
Бродо П. Плазмиды . М. – Наука 1989 , 688 с.
-
Букринская А.Г. Вирусология М. Наука 1986 326 с.
-
Готтшалк Г.А. Метобализм бактерий М. Мир 1982 г. 310 с.
-
Елинов Н.П. Химимческая микробиология М. Выш школа 1989 г. 448 с.
-
Елинов Н.П. Основы биотехнологии – СПб Наука 1995 600с
-
Калакуцкий Л.В. Агре Н.С. Развитие актиномицетов – М. МГУ 1983 177с
-
Кондратьева Е.Н. Хемолитотрофы и метилотрофы М. МГУ 1983 г.
-
Перт С.Дж Основы культивирование микроорганизмов и клеток М.Мир 1978 г.
-
Шигаева М.Х. Цзю В.Л. Систематика бактерий – А. КазНУ 140 стр.
-
Блохина И.Н., Леванова Г.Ф. Генсистематика бактерии.-М.: Наука, 1976.
-
Громов Б.В. Строение бактерий.-Л.: Изд-во Ленингр. Ун-та,1985.
-
Заварзин Г.А. Водородные бактерий и карбоксидобактерия.-М.: Наука,1978.
-
Жизнь микробов а экстрмальных условиях.-М.: Мир, 1981.
ОБСӨЖ мазмұны:
Бұл микроорганизмдердің ішіндегі ең үлкен тобы саңырауқұлақтар класына жатады, клеткасында хлорофилі болмайды. Олар төменгі сатыдағы өсімдіктерге жатады, дайын органикалық заттармен қоректенеді, хемооргонтрофты, аэробты организмдер. Қоректік заттар бетінде колония түзіп орналасады. Бактериялардан айырмашылығы – олардың құрылысы күрделілеу және көбею тәсілі жетілген.
Табиғатта кең тараған. Көптеген саңырауқұлақтарды, өнеркәсіпте түрлі антибиотиктерді, ферменттерді, витамирдерді, бірқатар органикалық қышқылдарды алуда және сырдың ерекше түрлерін (рокфнр, тіске басар сыр) дайындауда кеңінен қолданылады.
Көптеген саңырауқұлақтардың денесі бір-бірімен шатаса орналасқан жіңішке жіпшелерден тұрады. Мұны мицелей деп атайды. Көптеген саңырауқұлақтардың мицелийі буын-буыннан тұрады, бүйір бұтақшалары болады. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарда мицелийдің өзі клеткаға бөлінбеген, бір клеткадан ғана тұрады. Саңырауқұлақтар әртүрлі жолдармен көбейеді. Жай вегетативтік жолмен көбейгенде мицелий бөлшектерге бөлінеді.. Бұл бөлшектер қолайлы жағдайға тап болғанда дами бастайды, шамасы өсіп бұтақшаланады, сөйтіп жас мицелийлер пайда болады. Жоғары сатыдағы саңырауқұлақтар жыныссыз жолмен көбейгенде мицелийлері үзіліп, одан оидий және хламидоспора түзіледі. Оидийлер цилиндр, шар және эллипс тәрізді болады. Хламидоспоралар – мицелийдің жуандаған жері. Хламидоспорлар тыныштықтағы клеткалар, қолайсыз сыртқы ортаға төзімді.
Микроскоптық саңырауқұлақтардың классификациясы: Нағыз саңыруқұлақтар негізінен алты класқа бөлінеді:
1-класс. Chytridimyces. Бұларда мицелиийінің мүлде болмауы, ал кейде клетка сыртына мицелийлердің кездесуі мүмкін. Өкілдері жыныстық және жыныссыз жолмен (зооспора) жолдармен көбейе алады. Зооспоралар мен гаметалар (плантогаметалар), клетка шетінде қамшы сияқты бір ғана жіпшесі болады. Бұлардың көпшілігі су организмдері, тек кейбіреулері топырақта, өсімдік ткандерінде паразиттік тіршілік етеді немесі өсімдіктердің өлі қалдықтарында да кездеседі.
2-класс. Oomyces Бұл класс өкілдеріне жыныстық жолмен көбейю қасиетті тән. Сонымен бірге олардың кей біреулерінде екі жіпшесі бар қозғала алатын зооспоралары болады. Ол жыныссыз жолмен көбейюдің белгісі болып есептеледі. Көптеген оомицеттер - өзінің тіршілік циклын түгелімен өсімдікте өткізетін облигатты паразиттер.
Оомицеттер класына көптеген өсімдіктерде ауру қоздыратын Pithium, Phytoptora жатады.
3-класс.Lugomyces өзінің даму барысында қозғалу сатысынан мүлде айырылған организмдер тобы. Бұл класс өкілдерінде жыныстық көбейу басым. Ал жыныссыз жолмен көбею конидийлер немесе спорангийлерде орналасқан споралар көмегімен жүзеге асады. Бұл класқа Mucorales қатары жатады. Олар табиғатта кең тараған. Mucorales қатарына жататын саңырауқұлақтарда өте жақсы дамыған бір клеткалы мицелий болады. Сол мицелий ұшында жеміс гифі – спорангийносцылары бар. Спорангий қозғалмайтын споралар арқылы жыныссыз көбейеді. Mucorales қатары топырақта кездеседі, бірнеше тұқымдастары бар. Солардың ішінде Mucor, Thamnidium, Rhizopus туыстары белгілі. 4-класс. Ascomycis класына көп клеткалы мицелийі бар саңырауқұлақтар жатады. Конидий арқылы көбейеді. Жыныстық жолмен көбейгенде аскоспоралар түзеді. Бұл кластың 20 мыңнан астам түрі белгілі. Даму циклы өте күрделі.
Аскомицеттерге аспегиллус, пенициллум, склеротиния т.б. жатады. Ашытқы саңырруқұлақтар (ашытқылар) да осы кластың өкілі болып есептеледі. Оладың техникалық ерекше маңызы болғандықтан жеке қарастырылады.
Аспергиллус (қара зең) жануарлар мен өсімдіктерден жасалған тағамды бүлдіреді. Ал олардың кейбір өкілі лимон қышқылын, түрлі ферменттер өндіруде, спирт дайындауда солод ретінде қолданылады.
5.класс. Пенициллум (көк жасыл зең) Конидионосцылары қол саусағындай тарамдала орналасқан. Тағамдық заттарды бүлдіреді.
Пенициллум саңынауқұлақтарының кейбір өкілдерінен пенициллин деп аталатын дәрі алынады. Мұның медицинада зор маңызы бар.
Склеротиния – ақ түсті, шіріген жемістер мен көкөністерде кездеседі. Көбейген жерінде мицелийлері шоғырланып мақта тәріздене дамиды.
6-класс.Deuteromyces (ғungi imperfecti жетілменген саңырауқұлақтар. Олардың денесі мөлдір немесе бөялған көп буын-буынды көпклеткалы гифтерден, ал кейде бүршіктелген клеткалардан тұрады. Көбею тек қана жыныссыз жолмен жүреді. Топталған конидийлерде немесе пикиидий деп аталатын арнаулы денелерде орналасқан.
Бұл класқа Sphaeropsidales, Melaconiales және Hyphomycetals (Monilias) деп аталатын топырақта кең тараған үш қатар жатады. Sphaeroptidales қатарына кониидийлері тек пикнидийлерде түзілетін Phoma деп аталатын туыс жатады. Бұл туыс өкілдері кейбір өсімдіктер тамырында микориза (түйнек) құрап олармен бірлесіп тіршілік етеді.
Бұл клкстың табиғатта 25 мыңнан астам түрі бар. Олар тағамды бүлдіріп, екпе дақылдарды зақымдайды. Бұларға фузариум ботритис, альтернария, триходрема т.б. жатады. Осы саңырауқұлақтардың өсімдіктерге зиянды әсерін зерттеп, оларға қарсы шараларды белгілейтін – фитопатология ғылымы.
Ашытқылар мен соларға ұқсас саңырауқұлақтар: Ашытқы клеткаларының сыртқы қабығы, цитоплазмасы, жекелеген айқын ядросы бар. Кейбір ашытқының қабығы шырыштанғыш келеді, қоректік орта түбіне мақта сияқтанып шөгіп қалады. Бұларды сыра қайнатуға кеңінен қолданады. Цитоплазмада 1-2 вакуоля кездеседі. Ол цитоплазмадан жұқа қабықпен ажырытылады. Цитоплазмада ұзынша немесе жіпше дене – митохондрий орналасады. Клеткада гликоген, валютин заттары да бар. Белок – альбумин, глобулин, фосфопротеин, нуклеопротеин түрінде, ал май тамшы түрінде кездееді. Кейбір ашытқы клеткаларында май мөлшері оның массасының 30-50 процентіндей мөлшерін алады. Бұл ашытқылар өндірісте қолданылады. Ашытқыда көп мөлшерде фосфор және калий қосылыстары кездеседі. Фосфоттар, яғни фосфор қышқылы тұздары ашу процесінде үлкен роль атқарады.
Кейбір ашытқылар бактериялар сияқты жай бөліну жолмен көбейеді. Бұлай көбею шизосахаромицес тұқымдастарындағы ашытқыларға тән. Ашытқыларды классифилациялау олардың вегетативтік көбеюіне, спора түзіуіне және басқа ірқатар физиологиялық белгілеріне нгізделген.
Олардың ертеден келе жатқан классификациясында нағыз және жалған ашытқы деп бөлінеді. Нағыз ашытқылар бүршктелу жолмен көбейеді және олар спора түзеді. Ал жалған ашытқылар көбейгенде тек бүршіктенеді. Олар спора түзе алмайды. Кейбір зерттеушілер жалған ашытқыларды жетілмеген саңырауқұлақтарға жатқызады. Нағыз ашытқы қалталы саңырауқұлақтарға жатады, жалпы оларды бір тұқымдастарға , яғни сахаромицетерге жатқызады.
1. Saeharomyces тұқымдасы бүршіктну жолмен көбейеді. Кейбіреулері даму кезінде аскоспоралар түзеді.
2. Shizocacharomyсes тұқымдасы, бұған жататын ашытқылардың клеткаары таяқша тәрізді, бөліну жолымен көбейеді. Қолайсыз жағдайда төрт, ал кейде сегіз спора түзеді. Кейбір өкілдері өздігінен ашыған жеміс – жидек шырынында кездеседі. Спирт ашу процесін де қоздыра алады . Олардың кейбіреулері сыра жасауда қолданылады.
Бақылау сұрақтары:
1. Табиғатта таралуы?
2. Микодерма туысына жататын ашытқылар клеткасы?
3. Аскомицеттер класы?
4. Нағыз ашытқы қалталы саңырауқұлақтар?
5. Ашытқыдағы спора түзілу процесі?
6. Ашытқылар мен соларға ұқсас саңырауқұлақтар?
7. Склеротиния қай жерлерде кездеседі?
№ 8 ОБСӨЖ ОБСӨЖ тақырыбы: Микроорганизмдердің физиологиясы мен биохимиясы. Аспергиллус (қара зең). Пенициллум (көк жасыл зең)
ОБСӨЖ жоспары:
1.Микроорганизмдердің химиялық құрамы.
2. Прокариот организмдердің клеткасындағы компоненттердің мөлшері.
3. Зең саңырауқұлақтарының ерекшеліктері. ОБСӨЖ мақсаты:
Микроорганизмдердің физиологиясын, оған қоса биохимиясын және қара зең саңырауқұлақтарының ерекшеліктерін, пайдалы жақтарын ашып беру жайлы мәлімет беру.
Пайдаланатын әдебиеттер :
а) негізгі :
-
Гусев М.В. , Минеев Л.А. Микробиология.- М.: Изд-во Москва ун-та, 1985.
-
Cтейниер Р., Эдельберг Э., Ингрем Д. Микр микробов: в 3-х т . М. Мир 1979
-
Шлегель Г. Общая микробиология М: Мир 1987 567 стр
-
Шигаева М.Х. Экология бактерий Учебное пособие А. Наука 2002 170 с.
-
Березин В.Э. Основы вирусологии Учебное пособие . А. Наука 2002
-
Заварзин Г.А. Колотилова Н.Н. Введание в природоведческую микробиологию Учебное пособие Книж дом Унив 2001 г. – 256 с.
-
Мищустин Е.Н., Емцев В.Т. Микробиология. –М.: Колос, 1878.
-
Дарқанбаев Т.Б., Шоқанов Н.Қ. Микробиология және вирусология негіздері. Алматы, “Қайнар”, 1982.
-
Пименова М.Н. Гречушкина И.Н. Азова Л.Г. Руководства к практическим занятием по микробиологии – М.МГУ 1983 302 стр.
Қосымша
-
Бродо П. Плазмиды . М. – Наука 1989 , 688 с.
-
Букринская А.Г. Вирусология М. Наука 1986 326 с.
-
Готтшалк Г.А. Метобализм бактерий М. Мир 1982 г. 310 с.
-
Елинов Н.П. Химимческая микробиология М. Выш школа 1989 г. 448 с.
-
Елинов Н.П. Основы биотехнологии – СПб Наука 1995 600с
-
Калакуцкий Л.В. Агре Н.С. Развитие актиномицетов – М. МГУ 1983 177с
-
Кондратьева Е.Н. Хемолитотрофы и метилотрофы М. МГУ 1983 г.
-
Перт С.Дж Основы культивирование микроорганизмов и клеток М.Мир 1978 г.
-
Шигаева М.Х. Цзю В.Л. Систематика бактерий – А. КазНУ 140 стр.
-
Блохина И.Н., Леванова Г.Ф. Генсистематика бактерии.-М.: Наука, 1976.
-
Громов Б.В. Строение бактерий.-Л.: Изд-во Ленингр. Ун-та,1985.
-
Заварзин Г.А. Водородные бактерий и карбоксидобактерия.-М.: Наука,1978.
-
Жизнь микробов а экстрмальных условиях.-М.: Мир, 1981.
ОБСӨЖ мазмұны:
Микробтар клеткасы жоғары сатыдағы өсімдіктер мен жануарлар клеткасының химиялық құрамына тым ұқсас элементтерден тұрады. Оның 75-85 % судан, 13-25 % құрғақ заттан құралады. Көміртегінің мөлшері 45-55 %, оттегі 30 %, сутегі 6-8 %. Ал фосфор, калий, магний, күкірт, темір сияқты элементтер үлесінен небәрі 3-10 % тиеді.
Су микробтар класына аса қажетті зат. Онда түрлі химиялық, биохимиялық процестер жүріп жатады. Жалпы микроб клеткасынан түсетін заттар мен зат алмасу әсерінен тысқа шығарылатын қалдықтар да су көмегімен жүреді. Судың бір бөлігі клеткада бос күйінде кездеседі, ал қалғаны байланысқан түрінде болады. Байланысқан су цитоплазмада берік қосылыс күйінде кездеседі. Ал бос су түрлі органикалық және минералды қосылыстарды ерітеді. Бұлардың ішінде көміртегі, азот, оттегі және сутегі құрғақ заттың 90-97 % алады.
Минералды заттар көмегімен клетка ішіндегі осмостық қысым реттеледі, протоплазманың күйі, ондағы биохимиялық реацияның жылдамдағы белгілі бір тәртіппен жүреді.
Прокариот организімінің клеткасындағы негізгі компоненттердің мөлшерін:
Клеткадағы құрғақ заттардың мөлшері 10 % шамасында болса, соның 95 % белоктардан, полисахаридтерден, липидтерден және нуклейн қышқылдарынан тұрады.
4.Прокариот организмнің клеткасындағы негізгі компоненттердің мөлшері
-
Заттар | Клеткадағы құрғақ заттардың мөлшері % |
Белоктар
Полисахаридтер
Липидтер
РНК
ДНК
|
52
17
9
16
3
|
Достарыңызбен бөлісу: |