ПӘннің ОҚУ – Әдістемелік кешені «Мамандыққа кіріспе»


Жер сілкіністер тектоникалық процесстері, вулкандардың атылуы, опырылма және техногендік әсерлерінен болады



бет12/15
Дата12.06.2016
өлшемі1.93 Mb.
#129827
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Жер сілкіністер тектоникалық процесстері, вулкандардың атылуы, опырылма және техногендік әсерлерінен болады.

Жер сілкіністерінің ішінде ең кең жайылғаны тектоникалық жер сілкіністер болады. Жер астында күрделі процесстері үнемі жүріп жатады, тереңгі тектоникалық күштерінің әсерінен жер қыртыстары деформацияға ұшырап, жиырылып қыртыстанады, шамадан тыс әсерлерінен үзіліп, қозғалып жер қыртысы опырылады және болашақ жер сілкіністің ошағы пайда болады. Жанартауларлық жер сілкіністер.  Бүкіл Жерде 522 әрекет ететін вулкандар бар, онын ішінде 2/3 бөлігі Тынық мұқиттың аралдарымен жағалауларында орналасқан (Камчатка, Курил аралдары, Жапон аралдары).   Опырылмалық жер сілкіністер көбінесе тау кеңшілік жұмыстарын жұргізгенде немесе жер астында құыстар пайда болғанда болады. Топырақтың қозғалуына шахталардың немесе үңгірлердің құлауы әсер етеді. Техногендік жер сілкіністер адамдардың ісіне байланысты болады, ол жасанды жер сілкіністерге жатады.

 Жер сілкіну ошағы жер қыртысында 20-30 км тереңдікте немесе жердің жоғарғы мантиясында болады. Дүмпу басталған жерді жер сілкініу ошағы деп атаса, оның ортасындағы нүктені гипоцентр деп атайды. Гипоцентрдің жер бетіндегі проекциясы эпицентр деп аталады.

Қазақстан Республикасында жер сілкінісінің қарқындылығын аңықтау кезінде МSК-64 12-баллды халықаралық шкала қолданылады (авторлары тегінің бірінші әріпі бойынша). Ол төмендегі көрсеткіштермен сипатталады:

- 1 балл - мүлдем байқалмайтын жер сілкінісі;

- 2 балл - дірілді жоғары қабаттағы кейбір адамдар ғана сезеді;

- 3 балл - дүмпу аз адамға ғана білінеді, терезе дірілдеп, ілме шамдар теңселеді;

- 4 балл - дүмпуді ғимарат ішіндегі адамдардың бәрі сезеді, ыдыс-аяқ сылдырлайды;

- 5 балл - дүмпуді барлық адам сезеді, адамдар оянады, ілулі тұрған заттар шайқалады;

- 6 балл - діріл жүруге кедергі келтіреді, ғимараттеңселеді, сөрелерден ыдыс-аяқ құлайды, сылақтарда жарықшақ пайда болады;

- 7 балл - адамдарды үрей билейді, діріл жүруге кедергі келтіреді, жиһаз құлайды, көптеген кірпіш үйлерде, ғимараттарда, қабырғаларда жарықшақ пайда болады, блоктар, панельдер, каркастар арасындағы қиылыстар жарылады;

- 8 балл - адамдар өзін-өзі зорға үстайды, беткейдегі топырақта жарықшақ пайда болады, ғимараттар қатты зақымдалады, қабырғалар мен қоршаулар қирайды;

- 9 балл - адамдар жүре алмайды, топырақ беті жарылады, ғимараттар жаппай зақымдалады;

- 10 балл - ғимараттар толық кирайды;

- 11 балл - апат;

- 12 балл - жер бедерінің (ландшафтың) қатты өзгерісі.


Қазақстан территориясынын айтарлықтай бөлігі (оңтүстік және оңтүстік-шығыс) сейсмикалық аудандастыру картасына сәйкес, қарқындылығы 6-9 балл болатын күшті және қираткыш жер сілкінісі аймағында орналасқан.

Келесі бір табиғи сипаттағы төтенше жағдай көздерінің басым көпшілігі сыртқы (экзогенді) геологиялық процесстерге, геологиялықтан басқа, жер қыртысында жүретін процестерге жатады.

Опырылу (сусыма, тас құлау) – бұл ең алдымен тау жыныстарының желге мүжілу есебінен олардың байланысының, жер үсті және жер асты сулары қызметінің әлсіреуінен туындайтын құлама және тік жарға тау жынысының үлкен массасының, өзен алқабы мен теңіз жағалауына бөлініп, құлауы.

Сырғыма – тау баурайымен өз салмағының әсерінен және тау баурайының шайылуы, тау жынысының шамадан тыс сулануынан болатын қосымша ауыртпалықтар, сейсмикалық дүмпудің және басқа да процестердің нәтижесінде тау жынысы массасының жылжуы.

Сырғымаға қарсы қорғанысқа жататындар: қар көшкіні процесінің пайда болуы мен дамуын тоқтатуға, халық пен территорияны қорғауға, сондай -ақ, атқарушы билік пен жергілікті атқару органдарын сырғыманың қаупі туралы казіргі заманғы құралдардың көмегімен хабарландыруға бағытталған күзету – шектеулі және инженерлі – техникалық іс-шаралар жиынтығы.

Апаттық салдары бар сырғымалар Қазақстанның таулы аймақтарындағы жиі кездесетін құбылыс болып табылады. Соңғы мысал -2004 жылдың көктеміндегі Алматы облысы, Талғар ауданыңдағы 29 адамның өмірі мен көп пәтерлі тұрғын үйдің толық қирауына алып келген сырғымалар

Сел. Сел сияқты төтенше жағдайдың көзі гидрологиялық құбылыспен тығыз байланысты болса да, соның өзінде де оларды толық негізбен Жердің бетін сыртқы өзгерістерге ұшырататын экзогенді геологиялық процесстерге жатқызуға болады. Бұл тау жынысының күйзелуі мен өзгеруінің геологиялық процесстері, әдеттегідейі сыртқы агенттер әсері -тау жыныстарының мүжілуі, желдің жұмысы, жер асты және жер үсті сулары, өзендер, мұздықтардың салдарынан болады.

Сел - тау жартастарының сынықтары мен су қоспасынан тұратын, қатты жауын немесе қардың қарқынды еруінен, сондай -ақ, қар үйіндісі мен мұзды теңіздердің еруінің нәтижесінде таулы өзендер мен өзеншіктер арнасында кенеттен пайда болатын үлкен қиратушы күштің қарқынды тасқыны.

Сел (араб тілінен алғанда сайль - қарқынды тасқын ) – төмен қарай үлкен жылдамдықпен жүріп өтетін және орасан зор қиратушы күшке ие лайтасты су тасқыны, Қазақстаннның оңтүстік және оңтүстік - шығыс аймағындағы таулы аудандардағы жиі болатын құбылыс, республиканың жалпы ауданының 13% құрайды.



Сел қаупі бар аймақ – селдік процесстердің даму қарқындылығымен сипатталатын, адамдарға, экономика нысандарына және қоршаған табиғи ортаға қауіп төндіретін аймақ.

Селге қарсы қорганыс – селдік процестердің пайда болуының алдын алу мен дамуына, сондай-ақ атқарушы билік органдары мен жергілікті өзін - өзі басқару органдарын және халықты селдің туу қаупінен алдын-ала хабарландыруға бағытталған құтқару – шектеулі және инженерлі – техникалық іс-шаралар жиынтығы.

Қауіпті гидрологиялық құбылыстар мен процесстер Қауіпті гидрологиялық құбылыстар - әр түрлі табиғи немесе гидродинамикалық факторлардың немесе екеуінің қосындысының әсер етуінен пайда болатын, адамдарға, ауылшаруашлық малдары мен дәнді дақылдарына, экономика нысандары мен қоршаған табиғи ортаға зақым келтіретін, шығу тегі гидрологиялық болып келетін оқиға немесе гидрологиялық процесстердің нәтижесі.

Су басу – құрғак жерді уақытша су алу, апаттық құбылыс болып табылатын судың жоғарғы деңгейі. Су басу су тасу немесе тасқын кезіңдегі су деңгейінің көтерілу нәтижесінде, жинақтау, жел толқыту нәтижесіңде, сондай-ақ гидротехникалық құрылғылардың бұзылу кезінде болуы мүмкін.

Су басулар адам өлімімен, тұрғын және кәсіпорын нысандарының қирауымен байланысты, мал басының өлім - жітімі мен дәнді дақылдардың құруымен, сондай-ақ қоршаған ортаға кері әсерін тигізумен айтарлықтай шығынға ұшыратады.

Су тасу – жыл сайын белгілі бір климаттық жағдайда мерзім сайын қайталанатын, шағын су көлемімен, жоғарғы және ұзақ мерзімді су деңгейінің көтерілуімен сипатталатын және қардың еруімен немесе қар мен мұздықтың бірге еруінен болатын өзеннің сулық тәртібінің фазасы.Су тасуларды көктемдік, көктем – жаздық, жаздық деп бөледі.

Тасқын – жылдың бір мезгілінде бірнеше peт қайталанатын, жиілігімен, әдетте, қысқа мерзімді су шығыны мен су деңгейлермен сипатталатын және жауын – шашыннан немесе жылымық кезіңдегі қардың еруінен болатын өзеннің сулық тәртібінің фазасы.

Апаттық тасқын - қирау мен құрбандыққа алып келетін, көлемі жағынан көрнекті, қайталануы жағынан сирек тасқын. Апаттық тасқын түсінігі, сондай — ақ салдары қиратуға алып келген су тасуға да қатысты қолданылады.

Цунами – су асты және жағалаулардағы жер сілкінісі кезінде пайда болатын теңіз толқындары. Қазақстан үшін орын алуы екіталай құбылыс, алайда Каспий теңізі айлағында орын алу мүмкіндігін естен шығаруға болмайды.

Қар көшкіні – адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, экономика нысандарына және қоршаған табиғи ортаға шығын келтіретін, жылдам әрі кенеттен болатын қардың және (немесе) мұздың таудың тік баурайымен қозғалуы.

Қар көшкіні қауіпі бар аймақ – адамдардың өмірі мен денсаулығына, экономика нысандарына және қоршаған табиғи ортаға зақым келтіретін немесе келтіруі мүмкін қар көшкіні қауіпі бар таулы аймақ.

Қар көшкінінің тууына ықпал ететін маңызды факторлар қалың қар мен таудың тік баурайлары болып табылады.



Қар көшкініне қарсы қорганыс қар көшкіні тектес процесстердің тууының алдын алуға бағытталған, сондай-ақ атқарушы билік немесе өзін -өзі басқару органдарын және халықты қар көшкіні қаупі туралы дер кезінде хабарлаңдыруға бағытталған күзету – шектеулі және инженерлі - техникалық іс – шаралардың жиынтығы.

Қауіпті метеорологиялық құбылыстар мен процесстер. Қауіпті метеорологиялық құбылыстар – адамдарға, ауьлшаруашылық малдарына және өсімдіктерге, экономика нысандарына және қоршаған табиғи ортаға зақым келтіретін немесе келтіруі мүмкін атмосферада әртүрлі табиғи факторлардың немесе олардың қосыңдысының ықпалынан туындайтын табиғи процесстер мен құбылыстар.

Дауыл – жылдамдығы 32 м/с асатын (115 км/с аса), айтарлықтай ұзақтығы мен қираткыш күші бар жел.

Теңіз дауылы — ұзақ уақытты, 20м/с аса жылдамдықпен соғатын өте күшті, теңізде қатты толқын және құрғақ жерде қирату тудыратын жел.

Дауыл (кенеттен соққан) - жел бағытының өзгерісімен қоса жүретін конвекциялық процестермен байланысты 20-30 м/с жылдамдықпен соғатын желдің кенеттен қысқа мерзімді күшеюі.

Күшті жел – ауаның жер бетімен салыстарғандағы 14м/с аса жылдамдықпен қозғалуы.

Ала құйын – ауаның айналмалы тік немесе көлбеу ось бойымен қозғалатын атмосфералық түзілісі. Құйындағы ауаның қозғалыс жылдамдығы шамамен 100м/с.

Құйын - айналу жылдамдығы 100 м/с және одан жоғары, диаметрі 1000 м болатын, үлкен қиратқыш күшке ие ұсақ масштабты атмосфералық күшті ала құйын.

Ұзаққа созылған жауын – бірнеше тәулік тоқтамай немесе ұзақ дерлік мерзімде жауатын, тасқынға, су алу мен су астында қалуға алып келетін сұйық атмосфералық шөгінділер.

Қатты қар басу - көру мүмкіндігін айтарлықтай нашарлататын және көлік қозғалысын қиындататын қардың қарқынды ұзақ жаууы. Жауын-шашын мөлшері 12 сағатта және одан төмен уақытта 20мм және одан аса болады.

Қатты боран (күртік қар) – көру мүмкіндігін айтарлықтай нашарлататын және көлік магистралын қар басуға алып келетін, қардың жаууымен бірге болатын қатты желдің жер бетіне қарды тасымалдауы. Ұзақтығы 12 сағ. және одан да жоғары, басым жағдайда желдің жылдамдығы 15 м/с және одан да жоғары.

Қатты көк тайғақ – салқындаған тұман немесе жауын тамшыларының қатуы кезіндегі жердің немесе заттардың бетіндегі мұздың қалың қабаты. Желілер бойындағы қатқан мұздың диаметрі 20 мм және одан да көбірек болады.

Бұршақ – жылдың жылы мезгілінде қатты мұз түрінде, әдетте найзағай кезіндегі нөсер жауынмен бірге жауатын атмосфералық шөгінділер. Бөлшектердің диаметрі 5 мм – ден 15 см – ге дейін жетеді.

Нөсер (қатты жауын) – үлкен қарқынды қысқа мерзімді атмосфералық шөгінділер, әдетте жаңбыр түрінде (кейде қар түрінде) жауады. Жауын-шашын 12 сағат және одан аз, мөлшері 50 мм және одан да көп болады; таулы, сел және қар көшкіні қауіпі бар аймақтарда 12 сағ. 30мм және одан аса.

Найзагай – түйдек – жауын бұлттарының дамуымен байланысты бұлттар мен жер беті арасындағы дүркін – дүркін электр зарядтарымен, дыбыстық құбылыстармен, қатты жауын – шашынмен, бұршақпен қоса жүретін атмосфералық құбылыс.

Қатқақ - ауаның қолайлы орташа тәуліктік температурасы кезіңдегі жер бетіндегі ауа температурасының 0°С – ге дейін және одан да төмендеуі.

Ауа температурасының күрт төмендеуі, жоғарылауы – қысқа уақыт кезеңі ішіндегі ауа температурасының аномалды төмендеуі немесе жоғарылауы. Ауа температурасының 1-2 тәулік ішінде 10°С-ге және одан аса өзгеруі.

Қатты тұман - 12 сағ. Және одан ұзақ уақытта 100 м – ге дейін және одан да төмен болатын, жер бетіндегі ауаға тікелей асылған, көру мүмкіндігінін айтарлықтай нашарлауымен қоса жүретін, сұйық түрге айналған заттардың тамшы немесе кристалл түрінде топталуы.

Шаңды дауыл – көру мүмкіндігінің төмендеуімен, тұқым және жас өсімдіктермен қоса топырақтың жоғарғы қабатының үрленуімен, егістікті және көлік магистралдарын құм басумен сипатталатын үлкен көлемдегі шаңның немесе құмның қатты желмен тасымалдануы. Ұзақтығы – желдің басым кезінде 15 м/с және одан да жоғары жылдамдықпен 12 сағ. және одан да жоғары.

Құрғақшылық – жоғарғы температура және ауа ылғалдығының төмендеуін қоса алғандағы, ұзақ мерзімді жауын – шашынның болмауы түріндегі метеорологиялық факторлардың жиынтығы, өсімдіктердің сулы тепе – теңдігінің бұзылуына және олардың қурауына алып келеді. Ауаның салыстырмалы ылғалдығы 20 күннен астам сақталып тұруы, (күндіз) ылғалдық қоры жердің метрлік қабатында 35 мм және одан төмен болған кезінде 30% - дан аз.

Аңызақ жел – ұзақ уақыт бойы жоғарғы температураның сақталуы. Орташа тәуліктік ауа температурасы желдің жылдамдығы 5 м/с және одан да жоғары ауаның ылғалдығы 30% аз болады.
Өзін өзі тексеру сұрақтары

  1. ТЖ негізгі ұғымдары мен анықтамалары.

  2. Техногенді сипатты төтенше жағдайлар, олардың түрлері

  3. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың классификациясы

4 Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы: қауіпті нысандардағы авария кезінде іс-қимыл жасау тәртібі


Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

Жоспар: Техногенді апаттар, радиациялық және химиялық қауіпті нысандардағы авария кезінде халықтың өзін-өзі ұстау және іс-қимыл жасау тәртібі туралы үйрету
«БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА!» ескерту дабылы берілген бойда (электросирена, гудок т.б.) радионы, теледидарды қосып радиоактивті заттар шығуымен болған авария туралы хабарды ести сала екі нұскадан тұруы мүмкін барлық ескерту шараларын тез орындау кажет.

Бірінші нұскада  көрсетілген уақыт  бойында  қажет шараларды орындау (1 сур.):

- тұрғын үй мен өндірістік ғимараттарды және сумен жабдықтау көздерін қымтау жөніндегі жұмыстарды орындау;

- жеке қорғаныс құралдарын сауатты пайдалану;

- қорғаныс ғимараттарын пайдалану;

- қозғалысты шектеу;

- цистамин таблеткасын қабылдау арқылы сәуле ауруынан сактандыру (РС-І АИ-2);

- йодтың немесе калий йодының 3-5% тұнбасын пайдаланып, йодтық сақтандыруды жүргізу (ересектерге  калий йодының 5-6 тамшысын қосып беру,  балаларға - жарты мөлшерін, 10 күн бойында төулігіне бір рет тамақтан кейін 100 мл суға немесе сүтке косып ішкізу).

- суды, азық-түлікті қорғау, оларды шаң мен өтпейтен ыдысқа сақтау;

- тағам өнімдерін жуып-шаю;

- радио мен теледидарды қосып кою;

- ыктимал көшуге даярлану (жеке қорғаныс құралдарын, азық-түлік қорын, дәрі-дәрмекті, маусымдық киім мен аяқ киімді, іш киімді, құжаттарды, ақшаны, басқа аса қажетті заттарды әзірлеу.

Барлык шектеу шаралары хабарланып, түсіндіріледі.

Екінші нұскада көшу шараларына қатысу қажет, яғни шекті нормадан жоғары зақымдалуы мүмкін аймақтан кету. Ғимараттан шығар алдында барлық электр және газ приборларын ажыратып бұдан әрі ТЖ бөлімінің нұсқауына сәйкес қимылдау керек.


ХИМИЯЛЫҚ ҚАУІПТІ КӘСІПОРЫНДАҒЫ АВАРИЯ КЕЗІНДЕГІ ХАЛЫҚТЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІ

Өндірістік авариялардың немесе ХҚН-дағы апат, зілзала салдарынан қоршаған ортаға ӘКУЗ-дің шығуы (төгілуі) мүмкін.

Авария кезінде ХҚН-дағы байланыс пен хабарландыру құралдары жұмысшыларды, қызметшілерді және төніректегі халықты зақымдану қауіпі туралы дер кезінде құлақтандыруға мүмкіндік беруге тиіс.

Хабарлау үшін электр дабылдары, радиохабары мен теледидар желісі, ішкі телефон байланысы мен жылжымалы қатты сөйлейтін кондырғылар пайданылады.                                         '

Қала халқы, елді мекенді ХҚН-дағы авария туралы хабарлау үшін сиреналар мен басқа да дабыл қүралдары қосылады, бұл «БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА!» ескерту дабылын білдіреді. Осы дабыл бойынша халық радио торабын, жергілікті теледидарды, шұғыл хабарды тыңдау үшін қосуға міндетгі.

Хабардың   үлгілік   мәтіні   мынадай:   «Тыңдаңыздар!   Сөйлеп   тұрған төтенше  жағдайлар   жөніндегі   қалалық  басқарма.   Азаматтар!   Мақта-мата комбинатында хлордың әсері күшті улы заттың шығуынан авария болды. Зақымдалған   ауаның   бұлты   (мынадай)   бағыттарда   таралуда.   Химиялык зақымдану аймағына мыналар кіреді: (көше, квартал, аудандар тізбеленеді). Мына көшелердің (көшелер тізімі) тұрғындары ғимараттан шықпаңыздар, есікті, терезені жабыңыздар, (пәтерді) үйді қымтаңыздар. Хлор ауадан ауыр, демек, үйдің төменгі  бөліктеріне  шөгеді,  сондықтан,  төменгі  қабатқа,  жертөлеге жасырынбаңыздар.

Мына көшелердің (көшелер тізімі) тұрғындары үйден (пәтерден) шығып, көрсетілген ауданға барыңыздар.

Бұл туралы көршілеріңізге ескертіп, біздің хабарымызды тыңдаңыздар. Бұдан кейін төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма нұсқауына сәйкес қимылдаңыздар».

ХКҢ төңірегінде тұратын халық хабарландыруды естіген бойда тыныс алу мүшелерін қорғауды қамтамасыз етіп, есік пен терезені жабуға, электр қыздырғыш және тұрмыстық аспаптарды ажыратуға, пешті сөндіруге, балаларды киіндіруге, қажетті киім мен азық-түлік табуға, абыржымай көрсетілген бағытта желге көлденең (перпендикуляр) бойынша үйден жылдам шығып тез арада жақсы желдетілетін ауданға баруға тиіс.

Газқағар жоқ жағдайда бірнеше секунд бойы демалмай, зақымдану аймағынан жылдам шығу қажет. Тыныс алу мүшелерін қорғау үшін, суға немесе аммиак төгілгенде лимон қышқылының 5%-тік ерітіндісіне, не болмаса хлор төгілгенде ас содасының 2%-тік ерітіндісіне шайылған қолда бар мата бұйымдарын (орамал, бөкебай және басқалар), киімнің тері және мақталы жерлерін пайдалануға болады. Ғимараттан шығар алдында бас киім, тығыз сыртқы киім, ең жақсысы плащ киіп, бүкіл түймесін салып, аяққа рәзеңке етік киіп көрсетілген ауданға барған дұрыс.

Хабарландыруда көрсетілген аймаққа қозғалған бойда мына ережелерді сақтау керек:

- Желге   көлденең   (перпендикуляр   бойынша)   бағытта   жылдам қозғалу, алайда жүгіріп шаңдатпау қажет;

- Жабык аулаларды, шұнқырды, тығыз құрылысты ауданды айналып өту;

- Ғимаратқа сүйенбеу және айналадағы затқа тиіспеу;

- Теріде, киімде, аяқ киімде ӘКУЗ тамшысын байқаған бойда кағаз ширатпасымен немесе бет орамалмен сүртіп тастау;

- Мүмкіндігінше зардап шеккендерге, балаларға, қарттарга немесе өз бетімен қозғала алмайтындарға жәрдем көрсету.

Жердің зақымданғаны - белгісіз жағдайда, ең тиімдісі, ол зақымданғандай іс-әрекет еткен жөн. Зақымдану аймағынан шыққаннан кейін санитарлық өңдеуден өту қажет, зақымданғандар медицина мекемелеріне баруға тиіс.

Химиялық зақымдану қауіпін жою және алдағы іс-әрекет тәртібі туралы халыққа ТЖ жөніндегі басқарма хабарлайды.


Өзін – өзі тексеру сұрақтары:

  1. Радиациялық авария кезіндегі іс –әрекеттер?

  2. Химиялық авария кезіндегі іс-әрекеттер?



Тәжірбиелік сабақтың тақырыбы №6 Радиациялық зақымдану түрлері, радиациялық зақымдану профилактикасы. Жеке дәрігерлік қобдишаның құрылымы және мағынасы
Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар

Жоспар: Радиация ұшырау қауіпіне байланысты жергілікті жерде радиацияның жоғары деңгейі болғандықтан алғашқы медициналық көмекті көрсетуге болмайды. Бұл жағдайда өз-өзіне және өз ара көмек көрсетудің, зақымданған аумақтағы өзін-өзі ұстау тәртібін сақтаудың маңызы зор. 
8 жасқа дейінгі балаларға толық дозада беретін № 1 радиациядан қорғау құралын қоспағанда АИ-2-дегі медициналық құралдарды бір рет қабылдауға ересектерге 1/4, 8-15 жастағы балаларға 1/4 дозасын береді. 
Іс жүзінде иондаушы сәулелену үшін адам организімінде кедергі жоқ. Организмге еніп, өз энергиясын бере отыра олар денедегі заттың кез келген молекуласын иондайды, олардың химиялық байланысын бұзады, бұл организмдегі биологиялық процестердің қалыпты ағысы мен зат алмасуын бұзады. Бұл, өз кезегінде мидың, асқазанның, қалқанша бездің, орталық нерв жүйесінің және басқалардың жұмыс істеуін тоқтатуға алып келеді. 
Адам сәуле ауруына ұшырайды, оның ауыртпалық деңгейі сәулеленудің қуаты мен мөлшеріне байланысты. Сонымен қатар организм клеткаларында қауіпті ісіктердің пайда болуына алып келетін өзгерістөр өтеді. 
I дәрежелі сәуле ауруы (жеңіл) - 100 - 200 рад сәлелену дозасы кезінде. Жасырын мерзімі 3-5 апта, бұдан кейін әлсіздік, бастың ауруы, температураның көтерілуі, лоқсу, пайда болады. Ауруды емдеуге болады. 
2 дәрежелі сәуле ауруы (орташа) - 200 - 400 рад сәулелену дозасы кезінде. Жасырын мерзімі 3-4 апта. Ауру белгілері анық білінеді. Өте жақсы емделген жағдайда екі—үш ай ішінде сауығады. 
III дәрежелі сәуле ауруы (ауыр) - 400 - 600 рад сәлелену дозасы кезінде. Алғашқы белгісі анық білінеді. 30 минуттан кейін қайта-қайта құстыртып, дененің температурасы 33 градусқа жетеді. Ауру жедел және ауыр өтеді. Алғашқы аптаның өзінде ауыз кілегейі зақымдалып, гиперемия болуы мүмкін (қан белгілі бір орынға немесе ұлпа учаскесіне қатты аққанда оның бір жердегі мөлшері артады немесе оның ағуы қиындайды), ауыз бен жұтқыншақ зақымданады, тері қабаттары қызарады. Терінің жәй немесе шектен тыс қызаруы. Жасырын мерзімі 10-20 апта, бұдан кейін бас қатты ауырып, іш өтеді, есінен айрылады. Сәтті жағдайда бірнеше айдан кейін сауығуы мүмкін.
IV дәрежелі сәуле ауруы (өте ауыр) - 600 - радтан жоғары сәлелену дозасы кезінде 20-30 минуттан кейін алғашқы белгілері біліне бастайды. Дене температурасы 40° градустан асып, тері зақымданады. Дәрет сұйылады. Емдеусіз екі-үш апта бойында өледі. Аурудың барлығы дерлік өліммен аяқталады.

Радиациялық заттармен уланған аумақта тамақ ішуге, ластанған су көздерінен су ішуге, жерге жатуға болмайды. Халықтың азық-түлік пен тамақ даярлау тәртібін Азаматтық қорғаныс органдары жердің радиоактивті ластану деңгейін ескере отырып анықтайды. 


Иондағыш сәулеленумен зақымданған кезде алғашқы көмек жылдам көрсетілуге тиіс. Бірінші кезекте одан әрі сәулеленуді жояды немесе барынша азайтады. Бұл үшін радиациялық затпен зақымдалған аумаққа, киімге ішінара дезактивация және терінің ашық жеріне ішінара санитарлық тазалау жүргізеді, бұдан кейін зақымдаушыны радиациялық зат өтпеген панаханаға (радиацияға қарсы немесе жай панахана) жеткізеді. Зақымданған жерде болған кезде зардап шегуші жеке қорғаныс құралдарын киюге тиіс. 
Радиоактивті заттар зақымданушыға тамақпен немесе су арқылы өткендігі туралы күмән болса, оны шығару үшін шаралар қабылдау қажет. Бұл үшін зақымданушыға ацорбент береді (25-30г. активтелген көмір, күкірт қышқылды барий - 50г.) береді; ацорбент радиациялық заттың маталуына ықпал етеді және мұның қанға өтуіне кедергі келтіреді. 15-20 минуттан соң су беріп, асқазанды шаяды және құстырады. Бұдан кейін ацорбентті қайта ішкізіп, оған тыныштандырушы дәрі-дәрмек беру қажет. 
Ядролық зақымдану ошағынан (радиоактивті зақымдану ошағынан) шыққаннан кейін ішінара дезактивация мен санитарлық тазалауды мүмкіндігінше жылдам жүргізу керек: дезактивация кезінде -киімнен, аяқ киімнен, жеке қорғаныс құралдарынан; РЗ түседі санитарлық тазалау кезінде дененің ашық жерлері мөн көздің кілегейлі қабығын, ауыз бен мұрынды жабады.

Жеке және медициналық қорғаныс қүралдарын қолдану осы заманғы зақымдау қүралдарының зақымдағыш факторларының ықпалын әлсірете алады. Жеке қорғаныс қүралдары радиоактивтік, улағыш, қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалдық қүралдармен зақымданудан қорғауға арналған. Медициналық қорғаныс қүралдары қазіргі қарудың зақымдағыш факторларының ықпалын ескертуге немесе әлсіретуге арналған. Оларға радиациядан қорғайтын препараттар, антидоттар және АИ-2 жеке дәрі-дәрмек қобдишасындағы өзге бактериядан қорғау қүралдары мен жеке химиядан қорғау пакеті жатады.

Халықты радиациядан қорғау радиациялық қауіп туралы хабарды, ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын, радиоактивті заттармен ластанған аумақта өзін-өзі ұстау тәртібін, азық-түлік пен суды радиоактивті ластанудан қорғауды, медициналық жеке қорғаныс құралдарын пайдалануды, аумақтың ластану деңгейін анықтауды, халықтың сәулеленуін дозиметрлік бақылауды және радиоактивті ластанған азық-түлік пен суға сараптама жүргізуді қамтиды.

Хабарлау дабылы бойынша ТЖ және АҚ органдарының ақпаратын тындағаннан кейін халық панаханаға жасырынуға тиіс. 
Радиациялық зақымданудан сақтану жеке дәрі-дәрмек қобдишасындағы радиациядан қорғау құралдарымен жүргізіледі. 
Жеке дәрі-дәрмек қобдишасы өз-өзіне және дара көмек көрсетуге және өткіш радиациямен, улағыш заттармен және бактериалдық құралдармен зақымданудың алдын алуға арналған. Ол медициналық құралдар тұратын массалық пеналдарды орналастыруға арналған жеті ұясы бар қорапшадан тұрады. 
АИ-2 пластмасса қорапшасындағы ұялар бойынша бөлінген медициналық құралдардың жиыны. Көлемі - 90x100x20 мм, массасы -ІЗкг.

Қобдиша ұяларында мынадай медициналық құралдар орналасқан:



  • 1ұя- резервтік, ауруды басатын дәрмектөрі бар шприц-түтікті салуға арналған. Сүйек сынғанда, үлкен жарақат алған және дене күйген кезде пайдаланылады. 

  • қызыл түсті пеналды (фосфорлы-органикалық заттарға 
    қарсы антидот таблеткалары). Зақымдану ошағына шығардың алдында жеке сақтандыру дәрмегі ретінде бір таблеткадан пайдаланылады. Алғашқы зақымдану пайда болған кезде тағы бір таблетканы қабылдайды. 

  • 3 ұя - үлкен ақ пеналды № 2 бактерияға қарсы дәрі-дәрмек, 
    таблетканы асқазан-ішік ауруы кезінде радиациялық сәулеленуден 
    кейін қабылдайды алғашқы тәуліктерде жеті таблеткадан 
    қабылдайды, екі және үш күннен кейін тәулік сайын төрт таблеткадан. 

  • 4 ұя - алқызыл түсті екі пеналда II радиациядан қорғау дәрмегі, барлығы 12 таблетка. Таблеткаларды сәулелену басталғаннан - 60 мин бұрын радиоактивтік зақымдану қауіпі кезінде жеке сақтандыру үшін қабылдайды. Бірден, 6 таблетка қабылдайды. 6 таблетканы қайта қабылдауға тек 5-6 сағаттан кейін рүқсат етіледі. 

  • 5 ұя - екі ақ пеналда, кеңінен қолданылатын антибиотик 11 
    бактерияға қарсы дәрі-дәрмек барлығы 10 таблетка. Таблетканы 
    жараланған және күйген кезде қабылдайды - алғашқыда 5 таблет- 
    кадан, ал 6 сағаттан кейін тағы да 5 таблеткадан. 

  • 6 ұя - ақ түсті пеналда № 1 радиациядан қорғау дәрмегі. Таблетканы адам радиоактивті затпен зақымданған аумақта жайылған сиырдың сүтін ішкен жағдайда қабылдайды 10 күн бойында күн сайын бір таблеткадан. Барлығы 10 таблетка. 

  • 7 ұя - көк түсті пеналда құсуға қарсы дәрі-дәрмек, барлығы 5 таблетка. Бас сыдырылғанда, қатты соққы тигенде және контузия алғанда сәуленің бастапқы әсері кезінде бір таблеткадан қабылдайды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет