1.3.Әлеуметтік – экономикалық саясаттағы шағын кәсіпкерліктің рөлі мен салатын орны
Атап көрсеткендей, XXI ғасырдың қарсаңында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалык саясатында шағын кәсіпкерліктің дамуына ерекше назар аударылады. Оның рөлі әлеуметгік ахуалды жаксартуда жетекші орын алады. Бірінші кезекте осы салада халықты жұмыспен қамтамасыз ету тезірек өседі және қоғамның тұрақтылығы үшін жағдай жасалады. Осыдан аталған мәселеге толық талдау керек.
Батыс елдерінің экономикалық әдебиетінде шағын бизнесті «өсу үстіндегі бала» деп қарау орын алған. Жеке жағдайда, «шағын бизнес-бұл өсу үстіндегі бала ретінде, сондықтан ол барлық уақытта сәби бесігінде қала алмайды. Ол үлкен мекен-жайға мұқтаж, бұл үшін ол кәсіпкерлік қызметпен бел шешіп айналысуы қажет».
Шағын кәсіпкерлік халықаралық тәжірибе көрсеткендей, ең алдымен капитал тезірек айналатын салаларда, атап айтқаңда саудада, қоғамдық тамақтаңдыру және қызметтер салаларында туады. Бірақ, нарықтық экономиканы реформалау бойынша жүргізілген жеделдетілген экономикалық саясат бағаларды ырқына жіберуден және осымен байланысты өскелең инфляциямен басталды, бұл пайыз өсімінің күрт өсуінен және халықтың жинағының құнсыздануынан шағын бизнестің қаржы базасының жоюына әкелді, бұл өз кезегінде шағын бизнестің қалыптасуының және оның инвестициялық қызметінің заңсыз қалуына соқтырды. Шағын кәсіпкерлік көп қатарлы жииаулар мен үлкен салықтардың астында қалды[ 11].
Осы уақытта қалыптасқан экономикалық жағдайда кәсіпкерлік кызметке ынта үзілді, онсыз нарық экономикасының қалыптасуы мүмкін емес.
Қазіргі кездегі әлемдік экономиканың одан әрі даму жағдайында, ірі компаниялардын айбынынын артуы ғылыми-техникалық революциянын болуымен шағын және орта фирмалардың сақтатуымен және дамуымен қоса жүрді. Жаңа өнімдердің коптеген түрлерінің өндірісі атап айтқанда, шағын және орта компаниялардың кәсіпорындарында басталады, себебі олар «күн» астындағы орын үшін. тұтыныстың өзгеруіне икемді сезімтал болуға, өндіріспен әлі канағаттандырылмаған жаңа кажеттіліктерді іздеуге можбүр. Сондыктан шағын фирмалардын бір жүмыс істеушіге есептегендегі, ғылыми-зерттеу мен конструкторлык жүмыстарға шығындары, ірі компаниялардың осындай шығындарынан жиі асып түсуі кездейсоқ емес[ 8].
Қазіргі уакытта шағын бизнестің рөлі нарыққа ендірілген жаңа «өнімдсрдің ортақ санында айтарлыктай мол.
АҚШ-тың сатып алу федералы басқармасының акпараты бойынша, 50-інші жылдардың ортасынан 70-інші жылдардың ортасына дейін шағын фирмалар (жүмысшылар саны 1000 адамнан аз) әртүрлі жаңалык енгізулердің жартысынан көбін енгізген. Жаңалык енгізулердің төрттен бірі жүмыс істеушілер саны 100 адамдык фирмаларға келеді. Атап айтқанда, шағын компания «Аррlе» жеке компьютерлік өндірісін алғашқылар қатарында енгізді, кейін оларды негізгі өндірушілерлің біріне айналды.
Шағын бизнес капиталистік елдерде халықты жұмыспен қамтуды кеңейтуде айтарлықтай рөлі бар. АҚШ-та соңғы 10 жылда жаңа жұмыс орындарының 60%-і 20 адамнан аз жұмыскерлері бар компанияларға келеді. 80-ші жылдардың басында жүмыссыздыктың зор өсуі жағдайында көптеген ғалымдар, экономистер мен мемлекет қайраткерлсрі шағын бизнестен ірі компаниялардағы жұмыс орындары қысқаруының орнын толтыруға қабілетті жаңа жұмыс орындарын құратын құрал деп санады. Сондықтан капиталистік
Елдердің үкіметтері тарапынан шағын бизнеске әртүрлі көмек көрсетіледі
[ 2].
Шағын және орта бизнестің болуы және де ірі компаниялардың (монополияның) мүдделеріне сай келсді. Қазір дайын өнімді жасау үшін мындаған әртүрлі детальдар кажет етіледі. Олардың өндірісіне концеріндер мен келісім шарт жүйелерімен байланысқан көптеген шағын және орташа фирмалар маманданады. Электротехника, автомобиль және басқа салалардың кейбір ірі монополияларында 20-30 мыңға дейін шағын компаниялар жүмыс істейді. Атап көрсету керек, шағын және орташа фирмалардың басым көпшілігі ірі компаниялармен келісім қатынастары арқасында жүмыс істейді. Францияда, мысалы, шағын және орташа кәсіпорындардың 40%-ы ірі монополиялармен байланысты. АҚШ-та осындай келісім шарттар жүйесімен 400 мың шамасында немесе 25% шағын кәсіпорындар камтылған, оларда 4,5 млн. адам жұмыспен қамтылған. Жапонияда да осындай жағдай коздеседі.
Шағын бизнес кәсіпорынды ашу ісі аз мөлшерде капитал қажет етеді. Техникалық қызмет көрсету саласында кең өріс алады. Өте жиі жағдайда өз ісін өндірістен шығып қалған немесе жұмыс таба алмағандар ашады[ 10].
80-ші жылдардың басында шағын кәсіпорындар иелерінің тек өз жанұяларындағы адамдардың еңбектерін қолдануы Жапониядағы барлық жұмыспен камтылғаңдардың 32%, Италияда - 29%, Францияда - 21% құрады.
Монополистік емес фирмалар жаңа салалар қатарында, әсіресе ақпарат кешенінде өздерінің жағдайларын әжептәуір нығайтады. ҒТП негізінде іскер қызметтер (электронды есептеу машинасы базасында ақпаратты өңдеу, бағдарламаны қамтамасыз ету, инженеринг, кеңес беру бизнесі және осы тәріздес) спектрі калыптасқан. Осындай қызмст ресурстардың айтарлықтай жинақталуын кажет етпейді және де шағын компания шеңберіңде де табысты жүзеге асуы мүмкін. Жеке атағанда, Германияда бағдарламаны қамтамасыз ету саласында 3700 фирмалар жұмыс істейді, олардың көпшілігі (70% шамасында) жұмыскерлер саны 10 адамнан аз компаниялардан құралған
[ 12].
Өтпелі экономикада жаңа өркен жайған шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау үшін мынадай жағдайлар қажет:
— еркін бәсекені құру негізі ретінде шағын кәсіпкерлікті дамытудын кешенді мемлекеттік ғылыми негізделген бағдарламаларын жасау;
— оныц дамуы мен қаржылық жеңілдіктер үшін қаржы базасын қалыпастыру жеңілдетілген несиелер, жеңілдетілген салықтар, ақысыз сипатты жәрдем ақшалар);
— бағдарламада ғылыми-техникалық прогрестің басымдық бағыттарында шағын кәсіпкерліктің орны ерекше анықталуы керек;
— шағын бизнесті ұйымдастыруда, елдің әртүрлі аймақтарында (область орталықтарында) шағын кәсіпорындардың арнайы орталықтары басты рөлде болуы керек;
— ірі және шағын бизнес ынтымақтастығының жүйесі негізінде, әсіресе сауда мен қызметтер саласында шағын бизнесті дамыту мақсатыңда ірі кәсіпорындардың ресурстарын тарту[ 16].
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытуда Қазақстан Республикасы Президентінің «Шағын кәсіпкерліктің дамуын жандандыру мен мемлекеттік қолдауды күшейту бойынша шаралар туралы» 1997 жылдың наурызындағы қаулысынын үлкен рөлі бар. Құжат өзінің мазмұны бойынша өтпелі экономика жағдайында шағын кәсіпкерлікті дамытудың мемлеттік бағдарламасы болып табылады.
2001 жылдың басында Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің 348 мың субъектілірі тіркеледі, бұл елдің жүмыспен қамтылғандардың жалпы санының төрттен бірін құрайды. Шағын кәсіпорындар санын 500 мыңға дейін, оларда жұмыс істеушілер саны халықтың жұмыспен қамтылғанының 40%-на жеткізу міндеті қойылды.
Өтпелі экономикада шағын және ірі кәсіпкерліктің дамуы көп деңгейде мемлекет меншігін жекешелендірумен байланысты, себебі жоспарлы экономикада барлық орта және ірі кәсіпорындар мемлекет меншігінде болды және тек жекешелендіру оларды дербес және тәуелсіз етеді [ 7]. Өтпелі экономикада орта және ірі кәсіпкерліктің жұмыс істеуі ең қиын және ең өткір мәселе болып қалады, себебі оның өркен жаюы қоғамдық сананың стериотиптерін жоюмен тікелей байланысты. Барлық мемлекеттік кәсіпорындар 1985 жылдан, қайта құрудын басталу жылынан бастап, толық шаруашылық есепте болды, яғни өзін өзі басқару мен өзін-өзі қаржыландыруда, бірақ, тек жоспардың орындалуы үшін күресті, өнімді өткізу мен өзінің сатып алушысын табу мәселелері берілген кәсіпорындар қамқорлығына кірмеді.
Осындай құнды бағдарлар бірнеше ұрпақтар өмірлері бойына қалыптасқан бір сағатта өзгере алған жоқ және нарықтық сипаттағы түсінік пен құндылықтар қалыптаса алған жоқ. Кәсіпкерлік психологиясы тек бір уақытта нарық қатынастарының құрылуымен қалыптасады, ТМД және шығыс Еуропаның көптеген орта және ірі кәсіпорындары үшін кәсіпкерлікке жылжу үшін үлкен кедергі тез өсудегі төлем төлеу алмаушылық пен зор ішкі қарыз болды. Жоспарлы жүйенің тездетіле алынуы мен мемлекеттік және нарықтық басқарудын жаңа құрлымдарынын пайда болуы, олардың копетенциялары, құқтары, міндеттері мен статусы қаңдай екеніне дұрыс анықтамалар енгізбеді. Пайда болған басқару дағдарысы бұрынгы мемлекеттік кәсіпорындардың өзін өзі басқаруға және өзін өзі дамытуға қабілетті және қабілетсіз деп бөлді[ 1].
1.4. Қазақстанның 2030 жылға дейін даму стратегиясының экономикалық құбылысы
Еліміздің жетістігі түбінде дұрыс құрылған стратегиялық жоспардың барына жөне оның шартты түрде орындалуына байланысты. Басшылар (чиновниктер) күнделікті әрекеттерінде көптеген ұсақ және ірі, белгілі және жаңа, күрделі емес және күрделі проблемалармен шұғылдануда. Осы жағдайда олар жеңіл және дағды жолдармен проблемаларды шешуге ұмтылады. Нәтижесінде туған жағдайларды реттеу үшіп басшылар олардың тәуелді болуга мәжбүр болады, аяғында дағдарысқа ұшырайды. Халықаралық тәжрібе бойынша ұзақ мерзімді стратсегиялық жоспарлау қоғамды және мемлекетті әлеуметтік-экономикалық саяси, ғылыми-техникалық проблемаларды шешугс тұжырымдалады.
Сонымен ағымды әрекеттерді ұзақ мерзімді стратегиялық жоспармен ұштастыру келесі мүмкіндіктер туғызды:
- стратегиялық мақсатқа сәйкестілігін бақылау;
- жағдайдың жетегімен жүрмей, оны реттеу;
- күнделікті әрекеттерді маңызды мәселелерді шешуге бағыттау;
Қазақстанның даму стратегиясын 2030 ж дейін анықтау келесі жағдайлармен түсіндіріледі: біріншіден, республикада бюджетке түсетін кірістің үлкен бөлшегін мұнайдан түсетін табыстар. Ал ғылыми-техникалық болжау бойынша, 2030 ж. дейін мүнай және газды жалпылай басқа энергия көздерімен ауыстыру байқалмайды және мұнайға баға тұрақты болады. Бұл экономикалық саясатқа неғүрлым дәл құруға мүмкіндік береді; екіншіден, 30 жыл бір ұрпақтың өмірінің әлеуметгік белсенді кезеңі; үшіншіден, демографиялық құбылыстар, жаңа капиталдың ұдайы дамуы, дамудың индустриалды-техникалық кезеңдері де ескерілген. Әлемдік тәжрибе бойынша елдер атап айтқанда 30 жыл арасында елеулі нәтижеге жетеді[ 15].
Қазақстанның 2030 ж. дейін даму стратегиясы келесі стартегиялық жоспарлар құру жүйесіне негізделеді:
- әр 5 жылда анықталып отыратын 30 жылдық ұзақ мерзімді стартегиялық жоспар;
- ұзақ мерзімді жоспарлардың алғашқы кезеңдерін айқындау мақсатпен 10 жылдық даму жоспары;
- мемлекеттік органдарға деректі және міндетті сипаты бар 5 жылдың стратегиялық жоспарлар;
- 1998 ж. бастап министрліктердің және мекемелердің жұмыстарының жылдық стратегиялық жоспары.
Сонымен, даму стратегиясы төрт кезендер бойынша іске асырылатын - бағдарлама құжаты:
I. 1998-2000 ж.ж. - Алғашқы, (нольдік) кезең. Бүл кезеңде аралық мақсаттарға жету және стратегиялық орындалуын тексеру арқылы тұрақсыздық даму сатысынан, тұрақты даму сатысына көшу жүзеге асырылады. Мысалы, жекешелендіру аяқтау 1998 ж. ортасын, қаржы секторын реформалау - 1998 ж, төлем дағдарыста жою, ауыл кәсіпорындарын реформалау - 2000ж. белгіленген. Осы кезенде экспорттық мұнай құбырлары іске қосылады.
II. 2001-2010 ж.ж. бес жыл және он жылдық стратегиялық жоспарларға негізделген бірінші кезең. Бұл кезеңнің міндеттері; жедел әлеуметтік (кедейлік, жұмыссыздық) мәселелерді шешу; енбек - қаржы сыйымды өндірістерді дамыту; инфрақұрылымды дамыту жабдықтарын іске қосу т.б. Екінші және үшінші: экспорттық құбырларды іскс қосу, экономикалық өсуді жеделдету, қолайсыз демографиялық өзгерістерді жою, қоғамда орта топты қалыптастыру ұсынылады.
III. 2011-2020 ж.ж. екінші кезең технологиялық өндіріске көшумен, адамдардың дамуына интенсивті инвестиция жұмсаумен, инфрақұрылымды жетілдірумен байланысты. Осы шаралардың арқасында келесі жетістіктер көзделіп отыр.
- интенсивті экономикалық өсу;
- қуатты жалпы ағарту потенциалды құру;
- демографиялық саясатты белсендіру;
- инфрақұрылымды жаңғырту;
- экологиялық проблемаларға ерекше көңіл бөлу.
IV. 2021-2030 ж.ж. Үшінші кезең ғылым жетістіктерін кеңінен пайдаланатын өндірістерге жалпылай көшуді және таза жан-жақты өндіріс кәсіпорындарына бет бұруды, Қазақстанның экспортқа шығаратын өнімдердің түрлерін көбейтуге көздсйді. Бұл кезеңде алдынғы қатардағы әскери күш қалыптасады[ 13].
Сондықтан, еліміздің ұзақ мерзімді даму мақсаты тәуелді өркендеген және саяси тұрақты Қазақстанды қалыптастыру. Осымен қатар ұлттық бірлестікті, әлеуметтік әділеттікті сақтай отырып, барлық халықты экономикалық әл-ауқатын көтеру.
Стратегияның басты экономикалық мақсаты - еліміздің халық шаруашылық құрылымын жайсыз экологиялық жағдайда бірыңғай шикі заттар өндіруден, экологиялық таза аграрлық-индустриялық елдердің қатарына енгізу.
Еліміздің 2030 ж. дейін даму стратегиясында Қазақстан Президентінің қойылған мақсаттарға жеткізетін келесі 7 (жеті) ұзақ мерзімдерді жеті басымдықты іске асыру кажеттігін атап кетті.
1. Ұлттық қауіпсіздік, яғни аумақтық тұтастығын толық сақтай отырып, Қазақстанның тәуелсіз егемсн мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз ету.
2. Ішкі саяси түрақтылық пен қоғамдық топтасуы.
3. Шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу.
4. Қазақстан азаматтарының рынок денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты.
5. Энергетика ресурстары.
6. Инфрақүрылым, әсіресе көлік және байланыс.
-
Кәсіби мемлекет, яғни ісіне адал әрі басты мақсаттарымызга қол жеткізуде халықтық өкілдері болуға қабілетті Қазақстанның мемлекеттік қызметшілерінің және осы заманға ықпалды корпусын жасақтау[ 6].
Қазақстанның әлем шаруашылығына енуі
2.1. Қазақстанда сыртқы экономикалық байланыстың қалыптасуы мен дамуы
Әрбір мемлекетте оның табиғи, тарихи және экономикалық жағдайларына сәйкес бір бірімен байланысты және бірін бірі толықтыратып халық шаруашылық салаларының кешені құралады: өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы; қазып шығаратын және өңдеу салалары; өндіріс құралдарын және халық тұтынатын заттар шығаратын т.б. Бірақта бұл жеке бір ел шеңберінде тұйықталған экономика құруға шарт емес. Қазіргі жағдайда әлем шаруашылығынан тыс өзінің әлеуметтік-экономикалық құрылысы және даму деңгейіне қарамастан, бірде бір мемлекет ойдағыдай дамый алмайды. Осыған қарағанда халықаралық ынтымақтастықтың негізгі бір өрісі әр түрлі мемлекеттердің сыртқы экономикалық байланыстарын дамыту болып саналады[ 18].
Дүние жүзілік тәжірибе бойынша бір елдің ішіңде экономикалық реформалар, халық шаруашылығының құрылымын қайта құру, оның ұлттық жағдайлары, проблемалары мен міңдеттеріне мәжбүр. Сонымен бірге халықаралық еңбек бөлісу негізінде әлемдік шаруашылық байланысқа сәтті және тиімді еңбек ішкі қайта құру процесі қалаған нәтиже бермейді.
Экономикалық егемендік және нарыққа ену кезінде Қазақстанның сыртқы экономикалық әрекетінің негізгі міндеті халық шарушылығының құрылымын жетілдіру, технологиялық артта қалғанды жою, және республиканың региондардың, кәсінорындарының валюталық қорын қалыптастыру мақсатымен халықаралық еңбек бөлісуіне ынталана қатысу[ 9].
Қазақстан КСРО құрамында болған кезінде республика КСРО сыртқы экономикалық байланыс министрлігі және одақтық сыртқы экономикалық бірлестіктері делдалдығымсн тек Одақтың экспорт жәнс импорт операцияларын қатысып қана отырды. Ал осыдан түскен валюта осы мекеме елде қала берді.
Бүкіл одақтық экспортта Қазақстанның үлесі хромит кені бойынша -100%, қорғасын жәнс фосфор – 90%, мырыш және феррохром - 70%, астық (қатты бидай) 60%, ет консервісі - 25-30% болды. Республика шетке негізінен шикізат тасымалдады, ал дайын өнімінің экспорттық көлемі мәз болмады. Мысалы, дайын өнімінің экспорттық мөлшері жалпы шеткс шығарылған өнімнің - 10%, ал Қазақстапның халық шаруашылығының жалпы өнімінің тек 1,5% ғана тең болды[ 4].
Баға қайшылығының нәтижесінде ақшалай есептегендс шеттен әкелінген өнімдердің қүны шетке шығарған өнімдердің құнынан көп есе асып отырды. Басқаша айтқанда республиканың сатқанынан сатып алуы көп болды.
Қазақстан өнімдерін тұтынушылар бойынша экспорттық құрыдымы да тиімсіз болды. Экспорттық өнімнің 30% валюталары еркін айырбасталымды елдерге шығарылды, ал 70% бұрынғы социалистік елдерге женілдік жағдайда төмен бағамеи жіберіліп отырды. Экспорттық өнімнің айтарлықтай бөлігін шығаратын металлургия кешенінің кәсіпорындарын тек мемлекеттік тапсырманы орындаған жағдайда валюта түсімінің 30% - ақ қалдырып отырылды. Ал мұнай өндірісі бойынша республика қорына валюта жалпы бөлінбеді.
Сыртқы экономикалық саясаттың негізгі қағидаларын, оны мемлекеттік реттеу тәртіптерін және республиканың нарықтық қатынасқа көшу жағдайында сыртқы экономикалық әрекетте ұйымдарының уәкілдік құқығын анықтау үшін "Сыртқы экономикалық әрекетінің негізгі қағидалары туралы" ҚР заңы қабылданды[ 12].
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық әрекеті әлем елдерінің бірлестіктерімен экономикалық, сауда, валюталық, ғылыми-техникалық, мәдени жәнс басқа қатынастарды қамтиды. Меншіктің түрлеріне тәуелсіз сыртқы экономикалық әрскет субъектілері бар. ҚР тіркелуге алынған сыртқы экономикалық әрекетке қатысатын Қазақстанның занды ұйымдары және азаматтары, шетел заңды ұйымдары және азаматтары саналады.
Нарықтық қатынастың қалыптасуы жағдайында сыртқы экономикалық байланыстарды, реформалау; мынадай шараларды іске асыруды көздейді:
- өндірісті және сыртқы экономикалық өріс әрекетін тікелей, тұрақты және ұзақ мерзімге біріктіру, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық кешенін өсінкілік, тепе-теңдес және орнықты жұмыс істейтін жүйеге өзгерту;
- өндірістің әлемдік шаруашылық байланыстарға енуіне мүмкіндік туғызу үшін оны коммерцияландыру;
- әлем шаруашылыгына қатысты ашық типтес эконо-мика қалыптастыру;
- Қазақстанның экспорттық мүмкіншілігін өсіре беру және ортақ кәсіпкерліктің әр түрлі формаларын дамыту.
Мемлекет сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту негізінде ҚР тепе-тендес әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатымен мынадай әрекеттер жасайды: сыртқы экономикалық әрекет істеушілерді тіркейді; мемлекеттік шекара арқылы өтетін товарлар және басқа мүліктер туралы мағлұмдама жасайды; экспорт және импорт реттерін белгілейді[ 2].
Сыртқы экономикалық әрекет субъектері меншік түрлеріне тәуелсіз жұмыстарының түрлерін, көлемін және бағыттарын дербес анықтайды. Олардың ҚР және шетел банкілерінде есеп шот ашуға құқылары бар. Субъектілердің өздерінің әрекеттерінен түскен пайдасы қажетігі салықтар төлегеннен кейін толық өз қарауларында қалады. Сонымен олар оөндірістік әрекеттерін, ұқсас әрекетте қолданатын халықаралық нормалары және ережелерін сақтай жұмыс істеуге міндетті. Маңызды бір жағдай, сыртқы экономикалық әрекеттер табиғат сақтандыру туралы заңарды қатаң сақтауы, жұмыс және іздеулер жүргізгенде қауіпсіздікке кепілдемелі болуы керек [ 5].
Нарыққа өтпелі кезеңде республиканың төлем қабілетсіздігін жою, халықаралық еңбек бөлісу жүйесінде Қазақстанның жағдайын жақсарту және Қазақстан товарларын сату нарықтарын кеңейту қажет. ҚР экономикалық саясатының бір бағыты - ол сыртқы экономикалық әрекеттерін жандандыра түсу. Осыған байланысты отын, металлургия және химия өнеркәсіптерінің стратегиялық өнімдерінен басқа экспорттық өнімдерге мемлекеттік монополиялық қағидадан бас тартылды. Экспорттық товарлар шетелдердегі сауда үйлері және басты әлем сауда биржасы арқылы сатылатын болады.
Республиканың сыртқы экономикалық әрекетін жандандыру үшін сыртқы сауда көлеміне шек қою жойылды, мұның мәні шектелетін товарлардың санын күрт қысқарту. Шектелмеген товарлар ішкі нарықта бәсеке негізінде және аукциондарда сатылады. Сыртқа сатылатын өнімдергс рұқсат беру міндеті салааралық лицензия комитетіне берілді, ол экспорт жәнс импорт өзара шартгарга сараптау жүргізеді, ең алдымен олардың әлем бағасына сәйкестігі және ұсынылған технологиялар мен товарлардың сапасының деңгейі бойынша анықталады[ 4].
Сыртқы экономикалық байланысты дамыту және шетел инвесторлары мен несие берушілерді тарту үшін инвестициялық жобалардың тізімін жедел жасап оларды тиісті техника-экономикалық дәлелдеу қажет. Негізгі сауда серіктестері мен инвестицияны өзара қоргау үшін екі жақты келісімдерді дамыту және сонымен қатар осы салада іске асырылып жатқан халықаралық келісімдерге қосылу керек.
Шетел инвесторларының іс-әрекеттері тұрақты болғаны және енгізілген өзгерістер қазіргі кездегі жұмыс істеп жатқан инвесторлардың жобалары ақталғанға шейін жағдайларын нашарлатпаған орынды. Қазақстан Республикасының нарыққа өтуі жәнс сыртқы экономикалық әрекеттерді реформалау әлем шаруашылығы бірлестігіне ену үшін қажетті жағдай жасауға шаралар жүргізуді талап етеді. Олар мынадай:
- кәсіпкерлікті дамыту және инвестицияға тарту үшін жағдай жасау;
- инфрақұрылымды жедел дамыту – көлік және байланыс, қаржы нарығы, банк жүйесі, қазіргі заманға сай ақпарат жүйесі;
- халықаралық құқық және маркетинг, қаржы, банк салаларын кадрлар және сыртқы экономикалық әрекеттерге басқа мамандар дайындау;
- сыртқы экономикалық байланыс орісінс заңдар жинағын жасап еңдіру және олардың орындалуын бақылау т.т.
Сыртқы экономикалық байланыстарды реформалау кезеңдер бойынша жүргізіледі[ 12].
Бірінші кезеңде сыртқы экономикалық әрекеттерді ұштастыру және басқа елдермен экономикалық байланыстарды кеңіту негізінде сыртқы экономикалық байланыстарының нарықтық реформаның жүру және макроэкономикалық тұрақтануға ынталандыруға әсеріне ерекше көңіл бөлінеді. Екінші кезеңде Қазақстанның сыртқа шығаратын өнімдерін әлем нарығына шығаруға ерекше көңіл бөлінеді, бұл болса ұлттық экономикалық бәсекелесу қабілетін көтеруді қажет етеді. Бұл кезең еліміз макроэкономикалық және қаржы тұрақтылығына жетіп, өндіріске қарқынды инвестиция процесі басталғанда туады.
Қазақстанның негізгі сауда аймақтары болған КСРО және СЭВ (экономикалық өзара көмек кеңесі) ыдырауына байланысты сыртқы сауданың құрылымы да өзгерді. Республикада маңыздары бірдей сыртқы экономикалық даму бағыттары анықталған - олар ТМД елдері, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония және басқа Оңтүстік-Шығыс Азия елдсрі кіретін "Азия-Тынықмұхит", Түркия, Шығыс Араб елдері кіретін - Азия, Германия, Швейцария, Англия және басқалар кіретін "Европа", негізінен АҚШ кіретін "Америка" региондары. Сонымен, Қазақстан экономикасын шетелдер банкілеріне кіруін жеңілдету, неғүрлым икемді валюта тәртібін ентізу, айқын ұлттық жобаларды іске асыру үшін шетел капиталын "портфель инвестиция" түрінде көбірек тарту қажет[ 7].
2.2. Қазақстан Республикасында сыртқы сауданың дамуы
Қазақстанның жеткілікті экспорт-импорттық мүмкіншілігі бар. Республика жерінде бұрынғы КСРО хром кені қорының 98%,
вольфрамның -53%, қорғасынның- 47%, мырыштың - 40%, фосфориттің - 65%-тейі, мыстың - 30% және т.б. қорлар шоғырланған. АӨК-де өсіресе астық және мал шаруашылық өнімдері бойынша едәуір айтарлықтай экспорттык мүмкіншілігі бар. Қазақстанның жер қойнауында әлемде зерттелген пайдалы қазыналардың 1/15 бөлігі орналасқан. Республика вольфрам қоры бойынша әлемде бірінші орында, хромит және фосфорит қорлары - екінші, марганец рудасы - үшінші, қорғасын және молибден қорлары бойынша - төртінші орын алады. Темір рудасы қорынын да әлемдік маңызы бар[ 6].
Қазақстан Республикасының жалпы товар айналым көлемінің 64% ТМД елдерімен сауда жүргізуге келеді, олардың ішінде негізгі серіктестер Ресей, Түркменстан, Өзбекстан. Европалық елдердің сыртқы саудадағы үлесі 22% тей, негізгі серіктестеріміз Германия, Нидерландия, Швейцария, Англия. Азия регионының сыртқы саудадағы сыбағалы үлесі товар айналымының 13% тең, ең тығыз қарым-қатынас жасайтын елдер Қытай, Оңтүстік Корея және Түркия.
Қазақстан экспортының құрылымында басым өнімдср металлургия өнімі - 36%, минералды өнімдері - 32%, дәм-тағам жәнс оларды өңдіруге қажет шикізатгар - 12%, химия өнімдері - 11%. Импорттық құрылымында басым түсетін отын-энергетикалық қорлар және минералды шикізаттар 38%, машина, құрал - жабдықтар және транспорт жабдықтары -23%. Экспорттың жалпы көлемінде еркін айырбасталымды валюта бойынша шетке шығарылатын өнімнің 58% сатылады, 30% тұйық валюта бойынша, ал 7% товарлар айырбастау жолымен жүргізіледі[ 11].
Сыртқы экономикалық байланыстарды басқару үшін алғашында Қазақ КСР сыртқы экономикалық байланыс (СЭБ) Комитеті құрылды. Соңынан ол ҚР СЭБ Министрлігі деп аталды, оны қазір сыртқы сауда индустрия, экономика және сауда министрлігі басқарады. Ол облыстарда сыртқы экономикалық байланыс комитеттері арқылы жұмыс жүргізеді.
Министрліктің негізгі міндеттері мына төмендегіге саяды:
- лицензия беру және экспорттық және импорттық товарларға шектеу қою жөнінде ұсыныстар дайындау;
- республика территориясында жұмыс істейтін СЭБ қатысушыларға шетел серіктестерімен сауда, валюта- қаржы, ғылыми-техникалық қарым-қатынас жасауға көмек көрсету;
- СЭБ қатысушыларға қажетті жағдайда бәсекелестіктері туралы және әлем нарығындағы бағалар туралы ақпараттар беру т.б.
Республикада сыртқы сауданың және халықаралық экономикалық байланыстың дамуына қолғабыс ету үшін ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасы (СӨП) - қоғамдық ұйым құрылды.
Палатаның негізгі мақсаты мемлекетке экономикалық реформа жүргізуіне көмек көрсету, ал негізгі міндеті отандық кәсәпкерліктің мүддесін қорғау[ 3].
СӨП елімізде 400 астам әр түрлі меншік бойынша жұмыс істейтін акционерлік қоғамдарды, фирмаларды, корпорацияларды, компанияларды біріктіреді және оларға қызмет істейді. Палатаның міндетіне ақпарат жинау, сараптау жүргізу, инвесторлар іздеу, іскер әлеммен байланыс жасау жатады.
СӨП орталық аппаратының ұйымдасу құрылымына 5 бөлім кіреді: сыртқы байланыс, ақпарат, инвестиция, құқық-шарт қызметі және еркін төлем сенімді өкілі.
СӨП жанында СЭБ қатысушыларының дауларын және келіспеушіліктерін қарайтын тұрақты арбитраж (төрелік) комиссия жұмыс істейді. Республиканың облыс орталықтарында 14 регионалды Қазақстанның СОП жұмыс істейді. Олар "Қазақстан сараптану" фирмасымен бірігіп сыртқы сауда мәміле және халықаралық шарттар жағдайларымен үйлесімді республика кәсіпорындарын келесі сараптау қызметін көрсетеді:
- сыртқы экономикалық әрекеттерді құқық жағынан қамтамасыз ету;
- форс-мажор жағдайларда (алапат жағдайларда) куәлік беру;
- сыртқы сауда және халықаралық байланыс жүргізгсн кезде туған дауларды арбитраж сотта қарау;
- республикада халықаралық және ұлттық көрмелерді, презентацияларды (таныстыру рәсімін), семинарларды, симпозиумдарды дайындау және жүргізу;
- Қазақстандағы халықаралық жәнс шетсел көрмелсрі және республиканың шетелдегі көрмелері туралы ақпарат беру;
- тауардың, шикізаттардың жәнс құрал-жабдықтардың сапасын және санын сараптау;
- тауардың пайда болу куәлігін куәландыру;
- тікелей байланыстарды орнату және бірлескен кәсіпорындарын құру үшін серіктестер іздеу;
- Қазақстанның кәсіпорындарын, бірлестіктерін, ұйымдарын және жеке фирмаларды "Сенімді серіктестер тізіміне' кіргізу;
- Қазақстанның басшы кадрларын және мамандарын шетелдерде оқытуды және дайындауды ұйымдастыру;
- сыртқы экономикалық әрекетшіліктер туралы ақпарат-анықтамалық құжаттармен қамтамасыз ету[ 14].
СӨП ҚР Еңбек министрлігі және Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетімен бірігіп үұлттық кадрларды қайта дайындау орталығын құру. Жақын және алыс шет елдермен сауда-экономикалық байланыстың дамуына, экспорттық тауарлардың көлемінің өсуіне ТАСИС бағдарламасы шеңберінде құрылған Қазақстан іскер қарым-қатынас орталығында айтарлық үлес қосады. Осы орталықтың территориясында Алматы қаласында ҚР Президентінің Указымен "Атакент" еркін сауда аймағы ашылды, оның міндеттері мынадай:
- халықаралық маңызы бар бірыңғай сауда экономикалық жөне
көрме- ақпарат кешенін қалыптастыру;
- өзара тиімді іскерлік қарым-қатынастардың, өнсркәсіп-технологиялық кооперацияларының дамуына шетел инвестицияларын тартуға қолайлы жағдайлар жасау;
- сыртқы сауда операциялары өрісінің кеңеюіне және жеделдетуіне, отандық өнімдердің ,кең көлемде сыртқы нарыққа шығуына жәрдем жасау;
- ақпаратгық, маркетингтік және басқа ұйымдасқан қызмет көрсету орындарын дамыту.
"Атакент" сауда аймағында шаруашылықпен айналасқан субъектілерге 5 жыл мерзімге салық және экспорттық баж алымын төлеуге жеңілдік беріледі. Сауда аймағы территориясында шеттен әкелінген тауарлар лицензиядан және квотадан босатылады[ 10]
Достарыңызбен бөлісу: |