ШЕМІРШЕКТІ-СҮЙЕКТІ БАЛЫҚТАРДЫҢ СИСТЕМАТИКАСЫ МЕН ЭКОЛОГИЯСЫ
Қазір тіршілік ететін шеміршекті сүйекті балықтардың бекіре тәрізділер деп аталатын бір ғана отряды бар.
Бекірелер тұқымдасының (Асірепsегісіае) рострумы үшкір, аузы кішкене, ересектерінің тісі болмайды. Сырдария мен Амударияны ғана мекендейтін жалған қалақ-ша тұмсықтылар деген ерекше түрі кездеседі. Олардың тұмсықтары жалпақ, ұзын болады. Ұсақ, салмағы бір килограмдай болатын, кәсіптік маңызы жоқ организм.
Экологиясы. Шеміршекті сүйектілердің бірқатары тұщы суда тіршілік етеді де, кейбір түрлері өткінші балықтар болып саналады. Стерлядь пен америкалық көл бекірелері көп миграция жасамай өздерінің барлық өмірін тұщы суда өткізеді. Қортпа, орыс, сибирьлік бекірелер және қызыл балықтар теңіз жағалауына жақын жерлерінде тіршілік етеді де уылдырық шашу үшін өзендерге шығады. Көпшілігі жануарлар тектес азықпен қоректенеді. Қортпа балық-жыртқыш, олар басқа балықтарды, кейде жас
тюленьдермен де қоректенеді. Бекірелер моллюскалармен, стерлядьтер насекомдармен қоректенеді. Бекіре тұқымдас балықтардың кәсіптік маңызы өте зор. Кас-пий теңізі мен Қара теңізде ауланады.
-
4-класс тармағы. ҚАУЫРСЫН немесе СӘУЛЕҚАНАТТЫЛАР (Асtiорtегуgіі)
Осы уақытта тіршілік ететін балықтардың, түрінің 90 про-центінен астамы осы класс тармағына жатады. Бұлар барлық суларға тараған, барлық теңіздер мен мұхит суларының әр түрлі қабаттарын мекендейді. Сонымен қатар көптеген түрлерін әр алуан тұщы сулардан — өзендерден, бұ-лақтардан, көлдерден, бөгеттерден кездестіруге болады. Қауырсын қанаттылардын, барлық түрлеріне тән дене құрылысында мынандай белгілері
бар. Дене скелеті .толығынан сүйектен тұрады, ал шеміршек кейбір жерінде ғана сақталған. Көкірек қанаттарының, әдетте базалиялары болмайды, қауырсындары бірден иық белдеуіне бекиді. Сондыктан балықтың, бұл класс тармағын қауырсын қанатты балықтар деп атайды. Қауырсын қанаттылардың өкілі ретінде алабұға балығының, құрылысын қарастырамыз.
Алабұға сүйекті балықтар өкілі. Алабұға (Регса fluviаtilis) тез жүзетін, көбінесе ұсак. шабақтармен қоректенетін жыртқыш балық. Алабұғаның денесі екі бүйірінен қысыңқы келген, ұршық тәрізді болады. Басы сүйірленіп тұтасып келіп, кеудеге жалғасады, ал кеудесі арт жағына қарай бірте-бірте сүйірлене келе құйрық бөліміне айналады. Құйрық пен құрсактың шекарасын-да артқы аналь тесігі, ал оның арт жағында жыныс және зәр шығаратын тесіктер болады.
О м ы р т қ а ж е л і с і. Амфицельді сүйекті омыртқалардан тұрады. Ол кеуде, құйрық болып екі бөлімге бөлінеді. Кеуде бөлімінің жоғарғы доғасы қосылып, жұлын каналын құрайды, құй-рық бөлімінде ондай құбылыс байқалмайды.
Бас сүйегі. Алабұғаның бас сүйегінің өзіне тән ерекше-ліктері бар. Сондықтан да біз ең алдымен жалпы сүйекті балықтардың бас сүйегінін, құрылысына тоқталамыз. Сүйекті балықтардың бас сүйегінің едәуір бөлімдері сүйектерден құралған. Бас сүйегі тері (dіегmосгапіиm) және шеміршек (сһопdгосгапіиm) тектес сүйектерден пайда болған. Ми сауыты шеміршекті сүйектерден тұрады. Ми сауытының артқы бөлімі, қарақұс тесігін көмкере орналасқан төрт шүйде сүйектерінен құралған. Қарақүс тесігінің төменгі жағында не-гізгі шүйде сүйегі, осы тесіктің екі бүйірінде, парлы бүйір сүйегі, ал жоғарғы жағынан жоғарш шүйде сүйегі қоршап жатады. Есту капсуласының маңында бас сүйегінің екі жағына бес-бестен орналасқан құлақ сүйегі болады. Көз маңайында дара сына тәрізді негізгі сүйек көз ұясының төменгі артқы бұрышын құрайды. Қос қанат сына тәрізді және көз сынасы тәрізді сүйектер бар. Бұл сүйектер көз қуысының жоғарғы артқы және орта бөлімдерін қалыптастырады.
Аяқ скелеті: Кеуде қанаттарының скелетінде базалиялар болмайды, ол тек қана сүйекті радиалиядан және қанаттың сүйекті қауырсындарынан құралады. Радиалиялар бірден ба-рып иық белдеуіне жалғасады. Алдыңғы аяқ белдеуі басқа сүйекті балықтардікі сияқты нашар дамыған және ол кішірек “жауырын” мен коракоид деген сүйекшелерден тұрады. Бұл алғашқы ретте пайда болған шеміршек тектес сүйектерден қалыптасқан белдеуге тері тектес сүйектерден тұратын екінші рет пайда болған белдеукеліп бекиді. Бұл белдеудің сүйектерінің ішіндегі ең ірісі, орақ тәрізді — клейтрум деп аталатын сүйек. Ол сүйек ұсақ сүйектер арқылы бас сүйегінің сауытымен жалғасады.
Ет системасы. Кеудесі мен кұйрық бөлімінің ет системасы, минога мен акулалардікі сияқты миосепталармен бөлініп бұнақталған миомерлерден құралады. Жеке миомерлер воронка тәрізді болып бір-біріне еніп тұрады. Қанаттарының еттері жекеленіп, жіктелген.
Жүйке жүйесі. Миы кейбір қарапайым белгілері бо-йынша, шеміршекті, шеміршекті-сүйекті балықтардың миына қарағанда әлде қайда қарапайым болады. Біріншіден, сүйекті, балықтардың миынын. көлемі кішірек келеді. Екіншіден, олардың алдыңғы миы кішірек және сүйекті балықтардың көпшілігінде ол үстіңгі жарынан нерв заттары жоқ эпителиймен капталған. Жарты шарлардың қуыстары перде арқылы бөлінбеген. Керісінше ортаңғы ми мен мишық басқаларына қарағанда көлемді болады. Алдыңғы мидан кішірек иіс бөлімдері тарайды. Бұларға алдыңғы мидың жұп өсінділері келіп енеді. Аралық ми өте кішкене және алдыңғы мидан айқын бөлінбеген. Аралық мидың қақпағынан эпифиз бөлінеді. Ортаңғы миы басқа сүйекті балықтардікі сияқты, басқа ми бөлімдерімен салыстырғанда өте үлкен болады. Ал мишығы да өте үлкен және сүйекті балықтардағыдай бір сызықтың бойында және ортаңғы миға жанасып жатады.
Бас миынан 10 пар нерв тарайды (I—X). ХІІ-пары бас сауытынан тысқары жерден шығады.
Көру органдары. Көздерінің құрылысы, балықтардың көпшілігінікі сияқты дөңгелек, хрусталигі және жалпақ қасаң (роговица) қабығы болады, сондықтан да көздің алдыңғы камерасы кішкене келеді. Бұл қабықтың екі жағы көз ұясында болып, ал алдыңғы жағының ортасы ашық қалады. Осы қалпында ол хрусталикке екі жағынан тиер-тимес болып тұрады. Көздің белокты қабығы шеміршекті болады. Балықтардың көз алмасының қан тамырлы қабатынан оның қуысына орақ тәрізді өсінді келеді. Бұл жіңішке дәнекер тканьнен қалыптасқан қатпар деуге болады. Мұның өзі көздің тамырлы қабатының көру нерві енетін жерінен басталып, көздің торлы қабатын басып өтіп, көз хрусталигіне барып бекиді. Көз алмасының күміс түсті қабығы белокты қабықтың астыңғы жағында орналасқан. Көз ұясының қабырғаларынан келіп, көздің белокты қабығына алты бөлек ет бекиді. Еттердің жиырылып-жазылуы нәтижесінде, көз алмасы қозғалып отырады. Орақ тәрізді өсіндінің жиырылып-жазылуы хрусталиктің қозғалуына әсер етеді, сонымен қатар көруге бе-йімделуіне себепші болады. Көз қабақтары болмайды.
Есту органдары. Сүйек капсуласының ішіне орналасқан бір ғана ішкі құлақтан тұрады. Басқа омыртқалылардікі сияқты, бұларда да иірімді жарғақтар скелеттің иірімді қуысының ішінде жатады. Бұл екеуінің ортасындағы қуыста сұйық зат (перилимфа) болады. Сөйтіп, иірімді жарғақтар сұйық заттың ішінде тұрады. Мүйіз тәрізді әрбір жартылай шеңбер каналдың бір ұшы кеңейіп барып, тұйықталып бітеді. Бұл тұйықты ампула деп атайды. Дөңгелек қапшықтан тұйық болып бітетін— эндолимфа жолы және қуыс өскін (улитка) шығады. Иірімді жарғақтардың ішіндегі эндолимфада бірнеше ұсақ отолиттер-мен бірге сүйекті балықтарда есіту тастары, яғни ірі отолиттер де болады. Алабұғаларда және сүйекті балықтардың көпішлігін-де мұндай ірі отолиттер үшеу. Ең үлкен есіту тасы дөңгелек қапшықша-ның ішіне еніп және оның ішкі қуысын толтырып тұрады. Қалған екі есіту тастары бұдан анағұрлым кіші. Оның біреуі қуыс өскін ішінде тұрады, ал екіншісі — сопақ қапшықшаның. арнаулы, кеңірек тұйықтамасында жатады. Бұл тұйықтама алдыңғы және сыртқы жартылай шеңбер каналдардың ампуласының, манайында орналасқан.
Дәм сезу органы. Алабұғалардың дәм сезу органдары микроскоп арқылы ғана көрінетін ұсақ, дәм айыратын бүршікшелерден құралады. Жеке дәм айыратын бүршікшелер — бір-біріне жақын жатқан дәм айыратын клеткалардан және олардың арасындағы тірек клеткалардан құралады. Әрбір сезгіш клетканы нерв талшықтары қоршап тұрады. Сүйекті балықтардың бәрінде де дәм айыру бүршікшелері тек ауызда ғана орналасып қоймай, сонымен қатар бүкіл сыртқы тері қабатында да болады.
Иіс органдары — екі тесікті (танау) жұп қапшықшадан кұралады.
А с қ о р ы т у о р г а н д а р ы. Ауыз қуысы мен жұтқыншақ айқын бөлінбеген. Сондықтан да ауыз бен жұтқыншақ қуысын бірге қосып, ауыз жұтқыншақ қуысы деп атайды. Алабұғаның аузында бірнеше ұсақ тістері бар. Тістері жоғарғы жақ, жақа- ралық тіс сүйектеріне орналасумен қатар, таңдай сүйектеріне, өре сүйекке және тіл асты шеңберінде де орналасады. Тістердің барлығының формасы бірдей болады. Ұш жағы сүйір, конус тәрізді. Тістерімен керекті затын ұстайды, бірақ оны майдалап, ұсақтай аламайды. Алабұғалар басқа жыртқыш балықтар сияқты қоректік затын бүтіндей жұтады. Тілі болмайды. Жұтқыншақ қысқа өңешке келіп жалғасады. Өңеш үлкен және өте созылмалы қарынға барып жалғасады. Одан нағыз ішек басталады. Ішектің алдыңғы бөлімі иіріліп барып шумақ шығарады. Одан кейін ішек ешқандай шумақталмастан денесінің арт жағына карай созылып барып дербес тесік болып сыртқа ашылады. Бірақ ішектің басталған жерінде тұйық, кейде пилорикалық деп аталатын өсінділер пайда болады. Бұл өсінділер шеміршекті балықтардағы спираль тәрізді қақпақшалар сияқты ішектен тамақтың жүруін баяулатады және ішектің ас қорыту бетін арттырады. Тұйық өсіндінің саны түрлі балықтарда турліше болады. Мәеелен алабұғада — 3, ласосьта — 40, скумбрияда — 200 жуық (12-сурет).
12 - с у р е т. Алабұғаның ішкі құрылысы: I — желбезектер; 2 —жүрек; 3 —бауыр; 4 — жүзу торсылдаш; 5 —талақ; 6 —аналық безі; 7 —қарын; 8 —ішектің пилорикалық өсіндісі; 9“”ішек; 10 — қуық; 11- артқы тесік; 12 — несеп-жыныс тесігі.
Тыныс алу органдары. Алабұғалардың басқа балықтардікі сияқты, төрт пар жетілген желбезектері болады. Сонымен қатар желбезек қақпағының ішкі жағында жалған желбезек деп аталатын жетілмеген желбезегі болады. Сүйекті балықтардың желбезек аралық перделері болмайды, желбезек талшықтары желбезек шеңберлеріне ғана бекиді. Желбезек қуысын сыртқы жағынан желбезек кақпағы жауып тұрады. Сүйекті балықтар — желбезек қақпақшаларын қозғалту ар-қылы тыныс алады. Балық желбезек қақпағын ептеп көтере бастағанда, желбезек қақпақшасының жиегіндегі жұқа тері перде сыртындағы судың қысымының әсерінен желбезек саңылауларына жабысады. Мұның нәтижесінде желбезек қақпағының астында бос қуыс пайда болады және ауыз-жұтқыншақ қуысына қарай су өтеді. Желбезек қақпағы төмен орнына түскенде, су қысылып барып, желбезек саңылауларынан сыртқа шығады. Балықтардың тыныс алуы суды ауыз арқылы жұту салдарынан емес, желбезек қақпақтарының қимылы арқылы орындалатынын мына тәжірибеден байқауға болады. Ыдыста (аквариумда) жүзіп жүрген балықты алып, аузының ішіне кергіш салып керіп қойса да, олардың тыныс алып, тіршілік ететіндігін көруге болады.
Қан айналу органдары. Алабұғалардың жүрегі үш камера-дан тұрады: вена қолтығы, жүрекше және қарынша. Сөйтіп, алабұғаның акуладан айырмасы, алабұғада артерия конусы болмайды. Оның орнына алабұғада қолқа түйіні болады. Бұл құрсақ қолқасының басталған жері. Мұның артерия конусынан өзгешелігі — қабырғасы тура ет тканьдерінен құралған. Сондықтан да ол жүрек секілді өз бетінше қызмет ете алмайды. Тіл асты жартылай желбезектің шала дамуының салдары-нан, оған қан әкелетін артерия жойылып кеткен. Сөйтіп, қан әкелуші желбезек артерияларының төрт пары ғана сақталған. Осыған сәйкес сүйекті балықтарда қан әкететін желбезек артерияларының төрт-ақ пары болады. Бұлар арқа қолқасының тү-біне келіп кұяды. Арқа қолқасы алдынан және арт жағынан са-бақталып бір-бірімен қосылуынан пайда болады. Осының нәтижесінде артериялық бас шеңбері пайда болады. Бұл сүйекті балықтардың басқа балықтардан ерекшелігі болып есептелінеді. Алдыңғы қолқасы бас бөлімін қанмен қамтамасыз етсе, ар-қа қолқасы денесінің артына қарай барып басқа органдарды қанмен қамтамасыз етеді.
В е н а. Акуланың вена жүйесімен салыстырғанда бұлардың мынадай өзгешелігі бар:
1) бүйір веналары болмайды; 2) сүйекті балықтардың көп-шілігінде, тек кана сол жағындағы артқы кардиналь венасы тікелей келіп кювьер өзегіне жалғасады. 3) кұйрық венасы бауыр қақпа вёнасымен бірігіп кетеді.
Зәр шығару органдары. Омыртқа жотасының екі жағында торсылдақтарының үстіңгі жағына орналасқан лента тэрізді мезонефрикалық бүйректерден тұрады. Бүйрёктерінің ішкі жи-ектерін қуалай орналасқан вольфов қаналшаларына ұқсас, зәр түтікшелері болады. Зәр түтікшелері сыртқа ашылатын жерде бір-бірімен қосылып, бір ғана каналға айналады. Қейбір түрлерінде қуығы болады, оған зәр шығару каналы арқа жағынан келіп ашылады.
Ж ы н ы с о р г а н д а р ы н ы ң қ ұ р ы л ы с ы — шеміршекті балықтардан гөрі өзгеше болады. Қос аталық және аналық жыныс бездерінің ішінде қуысы болады да, олар ерекше каналдар арқылы зәр тесігінен басқа тесік арқылы зәр-жыныс каналына келіп ашылады, Сөйтіп, шеміршекті балықтардай, ұрғашыларында жұмыртқа жолының қызметін атқаратын — мюллеров каналдары болмайды. Еркектерінде жыныс бездерінің бүйрек-пен
байланысы жоқ, ал вольфов каналдары зәр шығару каналының қызметін атқарады.
Уылдырықтары ұсақ, оның сыртында жұқа мөлдір қабығы болады. Ұрықтану аналық организмнен тыс, су ішінде болады. Тек қана аздаған түрлерінде ұрықтану іште және “тірі жұмырт-қа” туушылық байқалады. Мысалы, Американың субтропиктік суларында мекендейтін тісті карп тэрізділері (Сургіпоdіопtіdіае) және аквариумдарда өсіретін — гамбузия балығы тірі шабақ туып, көбейеді. Балықтарда гермафродиттік өте сирек кездеседі. Бірақ та теңіз алабұғасы нағыз гермафродит болып саналады.
ҚАУЫРСЫН ҚАНАТТЫ БАЛЫҚТАРДЫҢ СИСТЕМАТИКАСЫ
Қауыреын қанатты балықтар үш отряд үстіне бөлінеді: 1-отряд үсті — сүйекті ганоидалар (Ноіоsіеі), 2-отряд үсті — көп канатты балықтар (Роіурtегі), 3-отряд үсті — сүйекті балықтар (Теіеоstіеі).
-
Қалақанатты балықтар (Сгоssорtегуgіі).
Саусақ қанаттылар — өте ескі, әрі толығынан дерлік құрып біткен балықтардың ерекше тобы. Девон мен карбон дәуірінде кеңінен таралып, мезозойда олардың түрлері азайып, тараған ауданы да қысқарған. Бұл таңғажайып балықты ең бірінші рет 1938 жылы 70 м терендіктен Үнді мұхитынан Африканың оңтүстік жағалауынан, Халумна өзенінің сағасына жақын жерден ұстады. Бұл ұзындығы 150 см, салмағы 57 кг болатын ірі түрі болатын. Оны латимерия (Lаtimегіа Сһаlиmпае) деп атады. Екінші данасында 1952 ж. сол Үнді (Иидия) мұхитының Анжуан аралына жақын маңнан жағадан- 200 метрдей қашықтықтан 15 м тереңдіктен ұстаған. Кейін де осы ауданнан бірнеше рет саусақ қанатты балықтар ауланған. Саусақ қанаттылардың қос тынысты балықтар сияқты желбезек-терімен қатар өкпелері де болған, бірақ олар өзгеріске ұшыраған ішкі танау тесіктері жоқ. Олардың мезозойда тіршілік еткен саусақ қанаттылардан айырмашылығы ауадағы оттегімен тыныс ала алмайды.
-
БАЛЫҚТАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯСЫ
Су — тіршіліктік орта болғандықтан тіршілік ету үшін қо-лайлы жағдайлар жасайтын өзіндік көптеген ерекшеліктері де болады. Ондай ерекшеліктеріне: 1. Судың қозғалыста болуы. 2. Су температурасының өзгергіштігі. 3. Газдарды еріту қасиеттері. 4. Мұз қабатының пайда болуы (судың қатуы).
1. Су орталығының қозғалыста болуы. Судың үздіксіз козғалуы, өзен мен теңіздің ұдайы ағуынан және тайыз, тұйық су қоймаларының өзінде де өзіндік ағыстардың болуынан. Сонымен қатар, жылудың әсерінен су қабаттары төменнен жоғары, жоғарыдан төмен қарай қозғалып тұрады.
Температураның өзгергіштігі. Жер бетіне қарағанда судың температурасының өзгеруі азырақ болады. Мысалы, ауаның максимальды температурасы +58° болады (Кіші Азияда), ал минимальды температура —70° (Якутияда). Сонда, ауадағы температураның амплитудасы шамамен 130 градусқа тең болады. Су орталығының температурасы балық организміне тікелей және жанама жолмен әсер етумен қатар судағы газдарды еріту арқылы да әсер етеді.
Балықтар “салқын қанды'” жануарларға жатады. Сондықтан олардың дене температурасы “жылы қанды” жануарлардың дене температурасындай түрақты болмай, тіршілік еткен ортасының (судың) температурасына байланысты өзгеріп отырады. Бұл организмдердің физиологиялық ерекшеліктеріне, анығырақ айтқанда жылу пайда болу процесіне байланысты. Балықтарда жылу пайда болу процесі өте баяу орындалады. Қорыта келгенде түрлі балықтардың оттегіне мұқтаждығы түрліше болады. Осы ерекшеліктеріне қарай, оларды төрт топқа бөлуге болады.
а) Оттегін өте көп керек ететін балықтар. Олардың тіршілік етуіне қалыпты жағдай болу үшін, бір литр суда 7—11 см3 оттегі болу керек, мысалы, құмжа (Sаlmо tгиttа), гольян (Рһохіnіз рһохіnus), голец (Nеmасһіlиs ЪагbаtuІиs) балықтары.
б) Оттегін көп керек етуші балықтар. Бұлар балықтар тірші-лік ету ушін бір литр суда 5—7 см3 оттегінің ертіндісі болу керек: хариус (Тһуmаllиs tһуmаllиs), голавль (Lеисіsсиs серһа-Іиз), аққайран (GаЬіо gаbіо) т. б.
в) Оттегін басқалардан гөрі азырақ мөлшерде қажет ететін яғни 1 л суда 4 см3 оттегінің ертіндісі жеткілікті болатын балықтарға: плотва (Rиtilиз rutilиз), алабұға (Регса Паvіаtilіз), тау-тан балықтары (Асегіпа сегпио) жатады.
г) Су ішіндегі оттегінің ертіндісі өте аз болса да тіршілік ете алатын балықтар да бар. Мысалы, сазан, қарабалық, карась. Бұлар 1 л суда 0,5 см? оттегі болса да тіршілік ете береді.
Суда мұз қабатының пайда болуы. Сулардың бетінде мұздың пайда болуы балықтардың тіршілігі үшін үлкен маңызы бар. Мұз қабаты балықтардың тіршілігіне қажеті жоқ, төменгі температураны жібермейді.
Балықтардың негізгі экологиялық топтары. Балықтарды экологиялық жөнінен топтастыруда белгілі көзқарас жоқ. Бірақ көптеген орыс оқымыстылары : Қ. Ф. Кисслер (1877), Н. А. Смирнов (1912—1924), А. А. Браунер (1923), В. И. Майснер (1933) зерттеулеріне сүйене отырып бірнеше' экологиялық топтарға топтастырған.
1. Т е ң і з б а л ы қ т а р ы. Өзінің барлық өмірін тұзды теңіз суында өткізетін балықтардың көптеген түрлері жатады. Әр түрлі горизонттарда тіршілік етеді, осы белгісіне қарай мынандай топтарға бөлуге болады.
1. Пелагикалық балықтар. Судың терең қабатында тіршілік етеді. Көбеюіне қолайлы орын немесе қоректерін іздеуде өз ара араласып жататын балыктар. Денесі ұзынша, ұршық тәрізді болып келеді де, көбінесе актив жүзеді. Оларга акулалар, сардиналар, макрелдер жатады. Кейбір түрлері мысалы айбалык судың қозғалысына байланысты пассив қозғалады.
2. Литоральдық — су түбі балықтары. Су түбіне жақын кабатта немесе су түбінде тіршілік етеді. Осы жерде кебейеді, жауларынан қорғанады және коректерін табады. Әр түрлі те-реңцікте таралған (скаттар, кейбір камбалалар, тана балықтар) өте тайыз жерлерде, (химералар) бірсыпыра тереңдікте кездеседі. Алдағы топтың өкілдеріне қарағанда нашар жүзеді. Пассив қорғануына байланысты тікен” қылқан тәрізді (скаттар, тана балықтар) өсінділер пайда болған, кейбіреуінде (кузовкалар) қалың сауыт негізделген.
3. Абиссиальдық балықтар. Теңіздер мен мұхиттардың терең қабаттарын (200 метрден төмен) мекендейтін балықтардың аз ғана топтары. Олардың тіршілігі жалпы қолайсыз, әрі өте ерекше. Ол үлкен тереңдікте жарықтың болмауы, температураның төмендігі, күшті қысым, өте тұздылық, өсімдіктердің болмауымен сипатталады. Абиссиальдық балықтарда көз болмайды, болса өте үлкен, кейбір түрлерінде жарық шығаратын қабілеті болады.
Жыртқыштықпен немесе өлексемен қоректенеді.
II. Т ұ щ ы с у б а л ы қ т а р ы. Тек қана тұщы суларда тіршілік ететін, тіпті теңіздің тұзсызданған өзен сағасына шықпай-тын балықтар жатады. Су қоймаларының типтеріне қарай тұ-щы су балықтарын төмендегідей топтарға бөлуге болады.
1. Ақпайтын көлдер мен тоспа суларда тіршілік ететін балықтар (табан, қарабалық, кейбір сигалар).
2. Жалпы тұщы, ақпайтын және ағын су балықтары (шортан, алабұға).
3. Ағынды су балықтары (форель, аққайран).
III. Өткінші балықтар. Тіршілік стадияларының циклдеріне байланысты бір мезгілінде теңізде, екінші мезгілінде өзенде тіршілік етеді. Барлық өткінші балықтар өсу, жыныс продуктыларының жетілу кезеңін теңізде өткізеді де, уылдырық шашу үшін өзенге шығады. Бұған лосось тәрізділер (кета, горбуша, семга), бекіре балықтар (бекіре, құртпа балық), кейбір майшабақтар мысал болады. Керісінше өзен угрларының көбеюі теңізде болады да, уылдырық шашуға дайындалу мерзімі өзенде өтеді.
IV. Жартылай өткінші балықтар. Теңіздердің езен құятын, тұщы бөліктерінде тіршілік етеді. Көбею, кейде қыстап шығу үшін өзенге шығады. Бірақ, нағыз өткінші балықтардан айыр-машылығы, олар өзен бойлап жоғары көтерілмейді. Мұндай балықтарға: қаракөз, табан, сазан, жайын жатады. Бұл балықтар кейбір жерлерде миграция жасамай тұщы суларда тұрақты тіршілік ете береді.
Балықтардың қоректенуі. Балықтардың қоректік заттары алуан түрлі болады. Олар суда тіршілік ететін барлық тіршілік иелерін қорек етеді. Кейбір түрлері тек қана өсімдік тектес, кейбір түрлері жануар тектес, үшінші тобы аралас қоректік заттармен қоректенеді. Балықтарды жыртқыштар және жыртқыш еместер деп бөлу шартты емес. Өйткені олардың корегінін, түрі жыл маусымына, су қоймасының жағдайына байланысты өзгеріп отырады. Қорегінің дені өсімдік тектес заттар болатын балықтарға қы-зыл қанаттар (Sсагdіnius), маринка (Sсһіzоtһогах) және храмлалар (Vагісогһіnus) жатады. Балықтардың көпшілігі аралас азықпен қоректенеді. Әйткенмен, барлық балықтардың шабақтары планктондармен қоректенеді де, даму стадиясының белгілі бір кезінде қоректік заттардын, өзіне тән түріне ауысады (бентос, нектон, планктон) т. б. Жыртқыш балықтардың шабақтары өзінің даму стадиясының белгілі бір мезгілінде балықтармен қоректенуге көшеді. Мысалы, шортан шабақтарының денесінің ұзындығы 25—33 миллиметрге, ал көксерке шабағынық ұзындығы 33—35 миллиметрге жеткенде балықтардың шабақтарына шабуыл жасап, жыртқыштыққа ауысады.
Қоректерінің сипатына қарай, балықтардың тістерінің құ-рылысы ғана өзгеріп қоймай, бүкіл ауыз аппаратының құрылысы да өзгеріп отырады. Балықтардың ауыз аппараттарының көптеген типтері белгілі. Олардың негізгілері:
1. Қ а р м а л а ғ ы ш ( х в а т а те л ь н ы й) а у ы з. Қоректерін аузымен ұстайтын балықтардың жақ сүйектерінде, көбінесе желбезек пен таңдай сүйектерінде өткір тістері болумен қатар аузы кең болады. Аузының құрылысы осындай болатын балықтарға: шортан, көксерке, жайын т. б. жатады.
2. П л а н к т о н д ы ж е у г е и к е м д е л г е н а у ы з. Үлкендігі орташа, тістері аз немесе тіпті болмайды. Желбезектерінің жапырақтары ұзын, сүзгінің қызметін атқарады. Оларға сигам және майшабақтар т. б. жатады.
3. С о р ғ ы ш а у ы з. Бұлардың аузы түтік сияқты болады. Ұсақ планктондармен, су түбіндегі омыртқасыздармен қоректенгенде сорғыш түтіктің қызметін атқарады. Бұған тыран, теңіз инесі сияқты балықтардың аузы мысал бола алады.
4. Б е н т о с ж е у г е и к е м д е л г е н а у ы з. Скаттың, камбаланың, бекіре балықтарының аузының құрылысы мысал болады. Ауыздары су түбінен қоректерін алуға ыңғайланып, басының астыңғы жағына орналасқан. Кейбір түрлерінің аузында, қатты сауыттар мен қабыршақтарды ұсатуға бейімделген, тиірменнің тасы тәрізді күшті тістері
болады.
5. С е м с е р т ә р і з д і ж а қ т ы а у ы з. Ауыздың мұндай түріне саргандар, аратұмсықтылар және ара тұмсықты аку-лалардың ауыздары жатады (Веіопdіае, Ргізtіз, Ргізtіорһогиs). Ауыздың басқа көптеген типтері бар. Бірақ олардың барлығын айтудың кажеті жоқ. Тіпті систематикалық жағынан өте жақын балықтардың қоректену тәсіліне, қорегінің сипатына қарай ауыз аппараты түрліше болып келеді.
Ішектерінің ұзындығы қоректік заттарының түріне қарай ор түрлі болады. Жыртқыш балықтардың ішектері қысқа, қарыны үлкен әрі жақсы жетілген болады. Аралас қоректермен немесе өсімдік тектес азықпен қоректенетін балықтардың ішегі керісінше ұзын, қарыны нашар жетілген, немесе тіпті болмайды.
Балықтардың көбеюі. Балықтардың көпшілігі дара жыныс-ты. Тек біраз ғана сүйекті балықтар — теңіз алабұғасы (Sеrrапиs sсгіЬа), дорабтар (Сһуsорһгуs), тағы бірнеше балықтар ға-на қос жынысты. Гермафродитті балықтарда жыныс без бірде аталық, бірде аналық бездің қызметін атқарып отырады. Сондықтан, ондай балықтар өздерін өздері ұрықтандыра алмайды. Тек қана теңіз алабүғасының гонадасының әр түрлі бөлігі бір мезгілде жұмыртқа да, сперматозойд та бөліп шығара алады. Кейде майшабақтың, макрелдердің, трескалардың қос жынысты особьтары да кездеседі (13-сурет).
Аталық жыныс бездері ұрғашыларының жыныс бездерінен бір жыл ерте жетілетіндігі жиі кездеседі. Каспий теңізінің килька, хамса балықтарының жыныс бездері бірақ жылдың ішінде жетіледі. Тірі туатын гирардинус балығын жақсы күтшімен аквариумдарда (20° С температурасында) үстаса, туғаннан кейін үш-төрт айда жыныс бездері толығынан жетіледі. Қерісінше, кейбір балықтардын, жыныс бездерінің жетілуіне бірнеше жыл-дар керек. Мысалы, қызыл балық 7—8 жылда, бекіре 12— 13 жылда (Амурдың бекірөсі 8—10 жылда), ал белуга және калугалардың жыныс бездерінің жетілуіне 16—17 жыл керек.
13 -сур е т. Уылдырығын салып жаткан горчак балығы.
Достарыңызбен бөлісу: |