Пәннің ОҚУ Әдістемелік кешені пәннің аталуы:«Қарым-қатынас психологиясы» Мамандығы: 020340- педагогика-психология


-дәріс: Мұғалім оқу-тәрбие процесінде оқушыларға белгілі талаптарды қойып негіздейді



бет9/17
Дата01.04.2024
өлшемі336.5 Kb.
#497261
түріСеминар
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
Силлабус курс4ж очно

8-дәріс: Мұғалім оқу-тәрбие процесінде оқушыларға белгілі талаптарды қойып негіздейді. Педагогикалық талаптарды саналы, байыптылықпен орындау, оқушыларға талап тақырыбы не танымдық тұрғысынан қызғылықты, іс-әрекетке пайдалы екенін мұғалім жеткізе білмесе талап тиімсіз болады. Педагогтық белгілі де айқын позиция қалыптасқанда ғана мұғалім оқушылармен өзара қарым-қатынастарындағы (сөйлесу, құпия сақтау, сыйлау) сенімділік, билік құрады. Қазіргі таңда мұғалім тек сабақ беріп қана қоймай, оқушымен оқу процесінде қарым қатынасты дұрыс жүйелі ұйымдастырса оқушы тұлғасының педагогикалық-психологиялық дамуына ықпал ететін міндеттер шешіледі:

  • оқушылардың базалық білім, ептілік дағдыларын (білім беру стандарты бойынша) игеру жүйесін жетілдіру;

  • оқу процсеінде оқушының теориялық және өнімділік ой құрастыру әрекеттерін , танымдық қабілеттерін белсендіру;

  • оқушылардың танымдық қызығуларын, оқуға деген мотивын дамыту;

  • белгілі бір мәселе шешуде оқушылардың ынтымақтастығын ұйымдастыру;

  • дамытушы оқытуғы арналған ойындарды қолдану,

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан жақты маман болу мүмкін емес. Оқыту технологиясы оқу процесіне қажетті әдіс, тәсіл, амал, дидактикалық талап секілді психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады. Сонымен қарым-қатынас оқу-тәрбие іс-әрекетінің нәтижесінен анықталатыны байқалды. Оқыту мен тәрбие процесінде өзара қарым-қатынас жүйесін бір ізді ұйымдастыруға арналған бірнеше кеңестерді ұсынамыз:

  • оқушылардың мұғаліммен өзара психологиялық түсінушілігін ұйымдастыру;

  • үлкен адамдарға жоғары өзіндік сана мен өзіндік бағамен бағдарлауға машықтандыру;

  • тәрбиеде авторитарлық форманың жоқтығының әсерін есепке алу;

  • тәрбие мен оқытуды басқаруда оқушылардың қызығушылық фаторы ретінде пайдалану;

  • іскерлік пен жеке тұлғалық қарым-қатынастың бірлігі;

  • педагогикалық қарым-қатынасты түрлі жүйеде, іс-әрекеттерде ұйымдастыру: кружок, конференция, іскерлік ойындар және т.б.

Жас ерекшелік деңгейінде тұлғада қарым-қатынастың қалыптасуында педагог мына ерекшеліктерді ескеруі тиіс:
1. Сыныпқа сенімді, қуатты, сергек кіруі;
2. Өзін жалпы қарым-қатынастың бастапқы кезеңінде сергек, сенімді, продуктивті сезіну;
3. Коммуникативті көңіл күй - қарым-қатынасқа түсудің анық бейнесі;
4. Эмоционалды көтеріңкі көңіл күй, оны сыныпқа бере білу,
5. Сөз (анық, бейнелі, жоғары мәдениетті);
6. Мимика (қуатты, анық, жүйелі);
7. Қарым-қатынастың қорытынды жалпы ерекшеліктерін ескеру.
Сонымен қорыта айтқанда жас ерекшелік деңгейінде қарым-қатынасты қалыптастыру жолдары мен әдістерін жүйелі үйлестірсе, жаңа тұрпатты мамандарды даярлауда, қарым-қатынас проблемасы өз деңгейінде дамиды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет