ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«ТҰРАН-АСТАНА» УНИВЕРСИТЕТІ
Қорғауға рұқсат берілді:
«Психология» кафедрасының меңгерушісі:
п.ғ.к., доцент
__________ А.Ш.Танирбергенова
(қолы)
МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ
Мектеп жасына дейінгі мүмкіндіктері шектелген балаларға психологиялық көмек көрсету
Мамандығы: 6М010300 Педагогика және психология (ғылыми-педагогикалық)
Магистрант ______________
(қолы) (тегі, аты-жөні)
Ғылыми жетекші:
______________
(қолы) (тегі, аты-жөні)
Астана-2015
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.....................................................................................................
|
3
|
|
|
1. Кемістігі бар мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуметтік ортада бейімделуі
1.1. Кемістіктің психо-физиологиялық негіздері..................................
|
6
|
1.2 Мектеп жасына дейінгі балалар дамуы бұзылуының негізгі түрлері........................................................................................................
|
16
|
1.3 Ақыл-есі, көру, есту, сөйлеу, қимыл қозғалыс кемсітіктері бар мектеп жасына дейінгі балаларға психологиялық мінездемесі...........
|
26
|
1.4 Мектеп жасына дейінгі мүмкіндіктері шектелген балаларға психологиялық көмек көрсету................................................................
|
34
|
|
|
2. Мектеп жасына дейінгі мүмкіншілігі шектелген балалардың психологиялық даму ерекшелігін диагностикалау
2.1 Мектеп жасына дейінгі мүмкіншілігі шектелген балалардың даму ерекшелігін арнайы әдіс-тәсілдер арқылы зерделеу....................
|
42
|
2.2 Дамуында ауытқуы бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу жолдары және арнайы білім берудің ұйымдастырылу түрлері...........
|
51
|
2.3 Ақыл-ой кемістігі бар мектепке дейінгі балаларға клиникалық және психология – педагогикалық мінездеме......................................
2.4 Мектепке дейінгі жастағы дамуы қалыпты бала мен ақыл-ой кемістігі бар баланың салыстырмалы психологиялық педагогика- лық ерекшелігін ескере отырып оқытуды ұйымдастыру....................
|
|
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................
|
56
|
|
|
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР тізімі........................................
|
59
|
|
|
ҚОСЫМШАЛАР......................................................................................
|
61
|
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі таңда дүние жүзі бойынша көптеген психологтарды ерте балалық шақ мәселесі қызықтыруда. Бұл қызығушылық кездейсоқтық емес. Бала өмірінің алғашқы жылдары сол кезеңнің қарқынды даму сатысына жатады. Баланың денелік дамуы, психологиялық және денсаулық деңгейі дамуының негізін салады. Осының нәтижесінде мүмкіндіктер ағымы қалыптасады, баланың болашағы айқындалады. Әлі туылмаған бала - ол адамның кәдімгі тіршілік иесі. Ананың әлі туылмаған баланың дамуына тікелей қарым-қатынасы маңызды. Жүкті болғаннан кейінгі ананың балаға қарым-қатынасы, махаббаты оның туылуымен байланысты. Ананың туылмаған баламен қатынасқа түсуі, қалайда бала психикасының дамуына ықпал етеді.
1983 жылдың шілдесінде доктор Верни бес жүз әйелге сауалнама жүргізді, ондағы көрсекіш бойынша әрбір үш әйелдің біреуі көтеріп жүрген баласының психикасы туралы ойланбаған. Осы жағдайда дүниеге келген балада жүйке жүйесінің бұзылғандығы байқалған. Мұндай балалар нәресте кезінде басқа балалардан көбірек жылайды. Сондай-ақ олар бейімделу кезінде де қоршаған ортаға үйрене алмай, қиындықтар көрген. Нәресте кезінде балаға мүмкіндікті өз уақытында қалыптастыру мен психологиялық сапасын көтеру қажет. Әр кезеңде өзіндік ерекшелігі, қайталанбас қадірі, өзіне тән даму деңгейі қалыптасады. Осыған орай мектепке дейінгі балалар мекемесіндегі кеңес берушілер бала дамуындағы әртүрлі бұзылулардың диференциялды диагностикасынан хабардар болып, жаңа психология әдістерін жүргізу де маңызды болып табылады [1.140 б].
Адамның жеке басын біртұтас организм деп қарастыратын психологиялық жүйеде кемтарлықтың орнын толтыру туралы мақсатты ой басты орын алады.
Кемістік әлеуметтік жағдайда ғана болатын емес, сонымен қатар ол күш-қуатты, қабілетті екендігін психолог-педагогтар қорытқан тәжірибелері бойынша ғылыми тұрғыдан негізделіп заң ретінде қалыптасқан пікірлер, бала соқыр болса да, көруге ұмтылады, саңырау болса естуге ұмтылады, тіл кемістігі болса оны түзетіп сөйлегісі келеді. Осы органдық кемістіктерді анықтау жолында психологиялық әрекет келешекте жүзеге асырылатын маңызды істің бірі болып табылады.
Адлер адам бойындағы кемістіктің диалектикалық өзгеруіндегі психологиялық заңдылық оның өздігінен сезініп, сол кемістікткерінің орнын толтыруға ынталану әрекеттерін түсіндіріп береді. Бұл көзқараста психологияны биологиямен, әлеуметтік ғылымдармен жақындастыру ниеті айқын байқалады.
Кез-келген организімнің тіршілігі биологиялық жағдайға бейімделген. Ал адамның тіршілік бейнесі әлеуметтік жағдайдың талаптарына бағытталған. Осы орайда Адлер «Біз көздеген мақсатымызға жету үшін ойланып толғанамыз, сезіп- білуіміздің бәрі де қажеттігімізді қанағаттандыру болып саналады» дейді [14-28].
Жалпы кемістіктің орнын толтыруда жеке мүшелердің атқаратын қызметі жайында ертеден қалыптасқан биологиялық теріс түсініктерден арылту. Мұндай түсініктер жекелеген сезім мүшелері кеміс мүшелердің қызметін қатар атқарып кетеді деген пікірге тоқталады. Мысалы, сипау және есту сезімі көрмей қалған көздің қызметін атқарып, оны толықтырады дейді.
Бала кемістігін толықтырудың екі түрлі ерекшелігі бар. Оның бірі бала психикасының даму шамасына орай жасалынатын әдіс-тәсілдер және оның кемістігін толықтырудағы өз бойындағы мүмкіншіліктері. Осы жайтты ескеріп, олармен санасып отырғанда, кеміс баларадың бойындағы олқылықтарды толықтырудың әдіс-тәсілдерін қарастырып, оларды жүзеге асыру жолдары іздестіріледі.
Психологияда балалардың кемтарлығы жайындағы өзекті мәселені әлеуметтік маңызды мәселе ретінде қарастырып, оны әдеттегі екінші кезектегі іс деп санамай, адам тіршілігіндегі басты мәселе ретінде бағалауды қажет етеді. Біздің алдымызда тұрған ең маңызды мәселе - дене кемістігі жайында ғылымға жат түсініктерден арылуымыз керек. Жалпы бір сөзбен айтқанда психологиялық тұрғыдан мүмкіншілігі шектлген балалар мінез-құлқын дамыту жұмыстарының принцептері дені сау балалармен бірдей болып келуі де ықтимал [9-37].
Кеміс балаға тек ауру ретінде қарау біздің теориямыз бен практикамызды теріс бағытқа бұрып жібереді. Біз кемістікті жан-жақты алып мұқият тексереміз. Жиі кездесетін ауру түрлерін анықтап, олардың қаншасы соқыр, қаншасы саңырау, тағы басқа өзге де кемістіктерін анықтап, олардың денсаулық деңгейін жете білудің жолын іздейміз.
Өз тарапынан арнаулы мектеп әлеуметке кері, қоғамға қарсы тәрбие беретін сияқты. Біз кеміс балаларды мұндай ортадан кең әлеуметтік тіршілік ортасына алып шығуымыз керек. Келешекте кемтарлар сау адамдармен бірге өмір сүріп, олармен араласып, жалпы білімдік мектептерде оқулары тиіс.
Жалпы осы кемтарлықты жою мақсатына мектеп жасына дейінгі кезеңнен бастап олармен дұрыс қарым – қатынас жасау, анықтау, түзету жұмыстарын толыққанды ұйымдасытрылуы шарт болып отыр. Осы іс-әрекет жүзеге асырылған жағдайда ғана олардың өмір тіршілігіне көмектесу адамгершіліктің айқын көрінісін берген болар еді.
Зерттеудің мақсаты: Дамуында ауытқуы бар бала кемістігін, басқа мүшелердің көмегімен толықтырып психикасының дамыту шарасына орай тәрбие талаптарын ұйымдастыру, даму жолындағы қиыншылықтарды мүмкіндігінше жеңіп шығу жолына бағыттау.
Зерттеудің міндеттері:
1) Әр түрлі ауытқуы бар балаларды тәрбиелеу існде бір мезгілде болып отыратын процестерді жете түсініп олардың ауытқуларын психо- физиологиялық тұрғыдан толықтыру мүмкіндігін тудырып отыруды ұйымдастыру.
2) Мектеп жасына дейінгі мүмкіндіктері шектелген балаларға психологиялық көмек көрсету жолдарын қарастыру.
3) Мектеп жасына дейінгі мүмкіндігі шектелген балалардың әлеуметтік ортаға тез икемделіп араласып кетуін ұйымдастыру.
Зерттеу пәні: Мүмкіндігі шектелген балалардың даму ерекшелігін анықтауда әдістер мен шарттар жиынтығы .
Зертеу әдістері: Зерттеу мәселесі бойынша философиялық, педагогикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерге теориалық талдау жасау, белгіленген міндеттерді шешу, ғылыми болжамды тексеру үшін зерттеу әдістерін қолдану. Дамуында ауытқуы бар балалардың қабылдау деңгейін, бір-бірімен қарым-қатынасын, қоршаған ортадағы орнын анықтауда психологиялық әдістерді қолдану.
Зерттеу болжамы: Егер мектепке дейінгі балалар үйлерінде мүмкіншілігі шектелген балаларды тәрбиелеу ісінде, психолог, педагогтар баланың жан дүниесінің күйзелісіне терең ой жүгіртіп, баланың бойындағы аутқуын жетімсіздік деп қарамай, ынталандыру, кемістіктерді толықтыру, түзету жолында психологиялық әрекеттері жүзеге асырылса, онда мүмкіндігі шектелген балалардың әлеуметтік ортада өз орнын табуда, кемістіктерінің орнын толықтыруларына қиындық болмай, толық қанды жеке тұлға ретінде қалыптасқан болар еді.
Зерттеу базасы: Астана қаласы №64 «Асыл-Бөбек» балабақшасы жанынан құрылған «Үміт» сауықтыру орталығы. Мектепке дейінгі мүмкіндігі шектелген балалар.
Қорғауға ұсынылған қағидалар:
- Мектеп жасына дейінгі мүмкіншілігі шектелген балалардың психологиялық даму ерекшелігін диагностикалау;
- Мектеп жасына дейінгі мүмкіншілігі шектелген балалардың даму ерекшелігін арнайы әдіс-тәсілдер арқылы зерделеу;
- Дамуында ауытқуы бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу жолдары және арнайы білім берудің ұйымдастырылу түрлерін анықтау;
- Ақыл-ой кемістігі бар мектепке дейінгі балаларға клиникалық және психология – педагогикалық мінездеме беру;
- Мектепке дейінгі жастағы дамуы қалыпты бала мен ақыл-ой кемістігі бар баланың салыстырмалы психологиялық педагогика- лық ерекшелігін ескере отырып оқытуды жетілдіру.
Зерттеу кезеңдері: 2015 жылдың 26 қаңтардан 12 сәуір аралығындағы кезең.
Зерттеудің әдіснамалық негізі: Л.С.Выготский «Баланың жас ерекшеліктері және кемтар бала психологиясы», Г.Л.Пубовский «Аномальды балалар дамуының психодиагностикалық мәселесі», В.А.Запорожец «Баланың психологиялық дамуы», И.А.Соколянский «Нәрестенің психикалық дамуы» және т.б. зерттеулері.
Зерттеудің тәжірибелік маңызы: Зертеуде мектеп жасына дейінгі мүмкіндігі шектелген балалардың психикалық дамуы анықталынып сандық және сапалық нәтиже шығарылды.
Жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, көлемді екі тараудан, қорытындыдан, ұсыныстардан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
1. Кемістігі бар мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуметтік ортада бейімделуі
1.1. Кемістіктің психо-физиологиялық негіздері
Құлағының, көзінің тағы басқа мүшелерінің кемістігі бар балаларды тәрбиелеу, практикада еселі толықтыру жайындағы ілімді анықтауда психология оның іргетасы болып саналады. Кемістік әлеуметтік қана емес, сонымен қатар ол күш-қуат қабілеттілік екендігіне психолог, педагогтар дұрыс түсінік береді. Шын мәнінде психолгтар мен педагогтар қорытқан тәжірбелері бойынша, ғылыми тұрғыдан негізделіп, заң ретінде қалыптасқан пікірлер, бала соқыр болса да, көруге ұмтылады, саңырау болса да, естуге ынталанады, тіл кемістігі болса, оны түзетіп, сөйлегісі келеді. Осы организм кемістіктерін түзету жолында психологиялық әрекет келешекте жүзеге асырылатын тәрбие ісінің бірі болып табылады.
Ауытқуы бар баланы тәрбиелеу негізі оның жеке басының органикалық әрекет бірлігін жете түсіну нәтижесінде ғана жүзеге асатынын айқын көреміз. Жеке адамның жан дүниесінің құрылымына терең ой жүгіртіп, адамның бойындағы ауытқуын кемшілік деп қараудың дұрыс еместігін В.Штерн ерекше атап көрсетеді. Сонымен бірге одан әрі қарай жалғастырушы күш деп түсіндіреді [3-301].
Әр түрлі ауытқуы бар балаларды тәрбиелеу ісінде, бір мезгілде болып отыратын процестерді жете түсініп, ауытқуын неғұрлым еселеп толықтыруға мүмкіндік тудырып отыруды қажет етеді. Бұл мақсат әрі жоспарлы, әрі белгілі міндеттерді шешеуге бағдарланып отыруға тиіс. Дамуындағы ауытқуы бар балалардың психикалық даму жолындағы қиыншылықтырды мүмкіндігінше жеңіп шығуларына қолайлы жағдай тудырып отыру тиіс және міндетті.
Соқыр өзінің кеміс мүшесін толықтыру ниетімен психикасын дамытуға тырысады. Оның мақсаты көз кемістігін толықтыру. Саңырау түрлі амал айла туып кереңдікті жоюды ойлайды. Жалпы ауытқушылық, психикалық кемістік қана емес, ол есі бар нәрсенің бұлағы екендігінде әлсіздік қана емес, ауытқуды жеңуге үміт артатын болса, ал екінші жағы ондай үміт ақталмай, толықтыруды жүзеге асыра алмай құлдырау пайда болады. Осындай екі түрлі қиыншылық толықтыруды төменен жоғары қарай сатысы аралығында ауытқуы екендігін аңғартады. Адам бойындағы кемістікті діни наным тұрғысынан уағыздап, оны тәңірдің ісі деп мойындамау керек дейді. Егер осы қағиданы басшылыққа алсақ, онда кемістікті жеңу үшін күресудің қажеті жоқ, басқа түскен азапқа көну де төзу керек. Осы ретте Адлердің пікірі Нице пікірімен үйлесім тауып, адамның жеке басының психологиялық күш жігері тағдыр салымына бас имей, оны жетілдірудің түбегейлі мәні адам әлеуметтік ортада өмір сүруші ақыл-ой иесі екендігін көрсетеді.
Кемістіктің орнын толтыруда жеке мүшелердің атқаратын қызметі жайында ертеден қалыптасқан биологиялық теріс түсініктерден арылу. Мұдай түсініктер жекелеген сезім мүшелері кеміс мүшелердің қызметімен қатар атқарып кетеді деген уағыз айтады. Мысалы сипау сезімі мен есту сезімі көрмей қалған көздің қызметін атқарып оны толықтырады дейді. Мұндай жағдай шындыққа сай емес екендігі зерттеу нәтижелері арқылы анықталған. Соқырлар психологиясын зерттеген А.Пецельд адамның көре алмайтын мүшелерінің қызметін байыптап қарағанда оның әлеуметтік тәжірибесіне орай неғұрлым сөйлеу әрекетін дамытуына байланысты екендігін көрсетеді. Көптеген авторлар соқыр мен саңырауды оқытып, зертеу нәтижесінде соқыр бала көзі көретін бала тәрбиесі арасында алшақ жатқан айырмашылық жоқ, олар кез келген талдағыш арқылы жаңа шартты байланыстар жасай алады. Сөйтіп сыртқы ортаға бейімделуі оның өзіне деген сезімі мен күш-қуатын И.А Соколянский басқаратын үлкен бір мектеп кереңдер мен саңырауларды сөйлеуге үйретудің жаңа әдістерін жетілдіріп, зерттеу негізінде айтарлықтай практикалық және теориялық табыстарға қол жеткізді. Сөйтіп сурдопедагогика іліміндегі батыс зертеушілерінің іздестірген мәселесінің саңырау балалармен дені сау балалар тәрбиесінде теориялық жағынан елеулі айырмашылық жоқ.
Дегенмен олардың алға қойған мақсатының жолында өзіндік сипаты мен тәсілі болады. Сурдо және тифло педагогика тарихы осындай ерекшеліктерден тұрады. Сондықтан ауытқуы бар балалар даму ерекшелігімен үнемі санасып отыру қажет. Соқыр, саңырау балаларды дені сау балараға теңеу дұрыс, бұл шындық. Алайда оларды тәбиелеу басқа жолмен басқа тәсілмен іске асырылады. Шын мағынасында кемтар баланың психологиялық жүйесінде олардың болашақа деген үміт ынтасы бағдарланып отыру күнделікті тәрбие істерінен айқын көрінеді. Сонымен қатар И.А.Соколянский мына ерекше тұжырымға келді. Соқыр әрі мылқауды тәрбиелеу, саңырау-мылқауды тәрбиелеуден оңай, саңырау мылқауды тәрбиелеуден соқырды тәрбиелеу оңай , соқырды тәрбиелеуден дені сауды тәрбиелеу оңай. Педагогикалық және псхологиялық процестердің күрделілігі мен қиыншылығына қарай осы ретпен тізбектеліп көрсетіледі. Осы ретпен ол адамның бойындағы кемістігін анықтауға рефлексологияны қалай қолдану керектін түсіндіреді [4-14].
Соқыр, мылқау өзін қоршаған әлеуметтік ортаға тез икемделіп оп- оңай араласып кетеді. Дегенмен кереңдердің өз ортасы мен соқырлардың тәрбиеленетін интернаттары ешқашанда әлеуметтік араласу орталығы бола алмайды. Өйткені ауытқуы бар балалар мен дені сау балалардың тәрбиесімен оқытылуында өзіндік жүйе бар. Оларға қойылатын педагогикалық психологиялық талап, тілектің өзіндік сипат ерекшеліктері бар. Мұндай сипаттар бала дамуындағы табиғи ерекшелікпен кемістікке даярлаудың әрекетін ескертеді.
Дамуында ауытқуы бар бала кемістігін толықтыру екі түрлі ерекшелігі бар. Оның бірі, бала психикасының даму шарасына орай тәрбие талаптары, екінші, олардың кемістіктерінен толықтырудағы өз бойындағы мүмкіншіліктері. Осы жағдай ескеріліп, санасып отырғанда оған ауытқуы бар балалардың бойындағы ауытқуларды толықтыруды негізгі мақсат етіп қоямыз. Бірақ баланың бойындағы компенсациялық қоры жеткіліксіз және даму жолы да қиын.
Пецельд айтқандай, соқыр баланың біліп алу мүмкіндігі және өз танымын жан-жақты дамытуы, кеміс баланың белгілі шеңберде тұйықталып қалмай, өзінің психологиялық ерекшеліктерін барынша дамытуға ынталануына, сөйлеуге жаттығып, жеке басын дамыту әрекетіне байланысты. Осындай екі түрлі қозғаушы әсер кеміс баланың жеке басындағы ерекшеліктері мен азматтық қасиеттерін қалыптастырады. Жалпы дамуында ауытқуы бар баланың бойындағы мүмкіншіліктерді толық пайдалана алмайды. Алайда бұл факті болып табылады. Жалпы бала тәрбиесі үнемі мақсатты міндеттерді көздеуге тиіс [8-150].
Психикалық кеміс балалардың ертеден басталған дәстүрлі тәрбиесінде табандылық көрсету мен шыдамдылық жасауына ешқандай шек жоқ. Мұндай жетістіктердің адамға орынсыз аяушылық білдірмей, олардың ішкі мүмкіншіліктерін жете зерттеп, кемістіктерін толықтыру жолында нәтижелі істерді жүзеге асырып отыруды талап етеді. Ең алдымен, бұл мәселенің әлеуметтік бағытын жете түсіндіруді қажет етеді.
Дене кемістігінің қай түрі болса да, мейлі ол соқыр не саңырау болса, не туылғаннан ақылы кем болса да өмірге деген көзқарасын өзгертіп қана қоймай, айналасындағы адамдармен қарым-қатынас жасауды қиындатады.
Дене кемістігімен ауру адамның әлеуметтік өміріндегі мінез-құлқының ауруына әкеп соқтырыды. Отбасында ауытқуы бар балаға көбірек қамқорлық көрсетіп, оған басқа балаларға қарағанда ерекше көңіл бөледі. Бала басындағы бақытсыздық бәрінен бұрын оның маңындағы және жақын адамдардың жанашырлық сезімін оятып, оған деген көзқарасты өзгертеді. Кез келген жанұяда кеміс балаға басқа түскен масыл деп, не тағдыр жазасы деп санамай. қамқорлықпен қарау керек. Балаға деген мұндай қамқорлық оған көп әсер етіп, ол өзін басқа балалардан бөлектеуді сезінбейді.
Дене кемістігі бар бала, өзгелерге қарағанда өзіне деген ерекше әлеуметтік көзқарасты қажет етеді. В.М.Бехтеревтің пікірінше адам өміріндегі аз ғана өзгерістердің өзі әлеуметтік тепетеңдікке күшті әсер етеді. Сондай өзгеріс адамдармен қарым – қатынасты да, оның бағытында, тіршілік қалпында, жеке тұрғыдан да қайта құруға мәжбүр етеді. Табиғи кемістік адам тіршілігінде ақау туғызады, ол кәдәмгі адам денесінің бұзылуынан өзін ауыр сезінеді немесе жанына батып психикалық ауытқуға ұшырайды. Соқырлармен саңыраулардың мұндай жайттарды өздерінің үнсіз мойындауынан және олардың табиғи кемістігін күнделікті бақылау мен рухани өмірін жүйелі түрде зерттеу нәтижелері арқылы анықталып отырады.
Кемістік әлсіздік қана емес, сонымен қатар ол күш-қуат, қабілеттілік екендігін педагогтар жете түсінетін болса, олардың жемісті жұмыс істеуіне даңғыл жол ашылатын болады. Шын мәнісінде психологтар мен педагоггар қорытқан тәжірибелері бойынша ғылыми тұрғыдан негізделіп, заң ретінде қалыптасқан пікірлер бала соқыр болса да көруге ұмтылады, саңырау болса естуге ынталанады, тіл кемістігі болса оны түзетіп сөйлегісі келеді. Осы органикалық кемістіктерді толықтыру жолында психологиялық әрекет келешекте жүзеге асырылатын тәрбие істерінің негізі болып табылады. Егер біз аксақ бала жақсы жүгіретін болды десек, онда біз осы қағиданың іске асқанын айқын көреміз.
Кеміс баланы тәрбиелеу негізі оның жеке басының органикалық бірлігін жете түсіну нәтижесінде ғана жүзеге асатынын аңғаруымыз керек.Жеке адамның жан дүниесінің құрьшымына терең ой жүгіртіп, адамның бойындағы кемістігін жетімсіздік деп санаудың дүрыс еместігін В.Штерн ерекше атап көрсетеді. Сонымен бірге одан әрі қарай жалғастырушы күш деп түсіндіреді. Ал кемістікті еселі толықтыру үшін баланың тиісті Мүшесі сол кемістікті қалайда жеңу жолында қарқынды қызмет атқарады.Әр тұрлі кемістігі бар балаларды тәрбиелеу ісінде бір мезгілде болып отыратын процестерді жете түсініп, олардын кемістігін неғұрлым еселеп толықтыруына мүмкіндік тудырып оты-руды қажет етеді. Бұл мақсат әрі жоспарлы, әрі белгілі міндетгерді шешуге бағдарланып отыруға тиіс. Сөйтіп кеміс балалардың психикалық даму жолындағы қиыншылықтарды мүмкіндігінше жеңіп шығуларына қолайлы жағдай тудырып отыруды басты міндет етіп қояды. Соқыр өзінің кеміс мүшесін толықтыру ниетімен психикасын дамытуға тырысады. Оның мақсаты көз кемістігін толықтыру, саңырау түрлі амал-айла тауып кереңдікті жеңуді ойлайды. Біз осы кезге дейін балалардың өз кемістігін қалайда жеңуге деген күш-қуат жұмсауын есепке алмай келдік. Кемтарларды ойы төмен кеміс деп санадық. Сөйтіп олар өздерін тәрбиелеуден тыс қалды. Психологтар мен педагогтар Адлердің органикалық жетіспеушіліктің орнын толықтыру жайындағы психологаялық ынталану заңына мән бермеді. Олар бала кемістігін органикалық жетіспеушілік деп қана есептеді. Кемістік психикалық кедейлік қана емес, ол есі байлықтық бұлағы екеңдігіне әлсіздік қана емес, қайнаған кемістікті жеңуге үміт артатын болса, ал екінші жағы ондай үміт ақталмай еселі толықтандыруды жүзеге асыра алмай, жүйке ауруына ұшырап, көздеген мақсатыиа жете алмай торығуы пайда болады.
Кемістік әлсіздік қана емес, сонымен қатар ол күш-қуат, қабілеттілік екендігін педагогтар жете түсінетін болса, олардың жемісті жұмыс істеуіне даңғыл жол ашылатын болады. Шын мәнісінде психологтар мен педагоггар қорытқан тәжірибелері бойынша ғылыми тұрғыдан негізделіп, заң ретінде қалыптасқан пікірлер бала соқыр болса да көруге ұмтылады, саңырау болса естуге ынталанады, тіл кемістігі болса оны түзетіп сөйлегісі келеді. Осы органикалық кемістіктерді толықтыру жолында психологиялық әрекет келешекте жүзеге асырылатын тәрбие істерінің негізі болып табылады. Егер біз аксақ бала жақсы жүгіретін болды десек, онда біз осы қағиданың іске асқанын айқын көреміз.
Кеміс баланы тәрбиелеу негізі оның жеке басының органикалық бірлігін жете түсіну нәтижесінде ғана жүзеге асатынын аңғаруымыз керек.Жеке адамның жан дүниесінің құрьшымына терең ой жүгіртіп, адамның бойындағы кемістігін жетімсіздік деп санаудың дүрыс еместігін В.Штерн ерекше атап көрсетеді. Сонымен бірге одан әрі қарай жалғастырушы күш деп түсіндіреді. Ал кемістікті еселі толықтыру үшін баланың тиісті мүшесі сол кемістікті қалайда жеңу жолында қарқынды қызмет атқарады. Әр тұрлі кемістігі бар балаларды тәрбиелеу ісінде бір мезгілде болып отыратын процестерді жете түсініп, олардын кемістігін неғұрлым еселеп толықтыруына мүмкіндік тудырып отыруды қажет етеді. Бұл мақсат әрі жоспарлы, әрі белгілі міндетгерді шешуге бағдарланып отыруға тиіс. Сөйтіп кеміс балалардың психикалық даму жолындағы қиыншылықтарды мүмкіндігінше жеңіп шығуларына қолайлы жағдай тудырып отыруды басты міндет етіп қояды. Соқыр өзінің кеміс мүшесін толықтыру ниетімен психикасын дамытуға тырысады. Оның мақсаты көз кемістігін толықтыру; саңырау түрлі амал-айла тауып кереңдікті жеңуді ойлайды. Біз осы кезге дейін балалардың өз кемістігін қалайда жеңуге деген күш-қуат жұмсауын есепке алмай келдік. Кемтарларды ойы төмен кеміс деп санадық. Сөйтіп олар өздерін тәрбиелеуден тыс қалды. Психологтар мен педагогтар Адлердің органикалық жетіспеушіліктің орнын толықтыру жайындағы психологаялық ынталану заңына мән бермеді. Олар бала кемістігін органикалық жетіспеушілік деп қана есептеді. Кемістік психикалық кедейлік қана емес, ол есі байлықтық бұлағы екеңдігіне әлсіздік қана емес, қайнаған кемістікті жеңуге үміт артатын болса, ал екінші жағы ондай үміт ақталмай еселі толықтандыруды жүзеге асыра алмай, жүйке ауруына ұшырап, көздеген мақсатыиа жете алмай торығуы пайда болады.
Осындай екі түрлі қиыншылық еселі толықтыруды төменнен жоғарғы сатысы аралығында ауытқуы екендігін анғартады.
Екіншіден, адам бойындағы кемістікті діни наным тұрғысынан уағыздап, оны тәңірдің ісі деп мойындау керек дейді. Егер осы қағиданы басшьшылыққа алсақ, онда кемістікті жеңу үшін күресудің қажеті жоқ. Басқа түекен азапқа көну керек. Алайда адам мұндай дәрменсіздікке бас имей, оны жеңілдетудің жолын іздестіруі керек. Осы ретте Адлердің пікірі С.Ницше пікірімен үйлесім тауып, адамның жеке басының психологиялық күш-жігері тағдыр салымына бас имей, өз организмін жетілдіруде аянбай күресу керек дейді. Мұндай көзқарастың түбегейді мәні адам әлеуметгік ортада өмір сүруші ақыл-ой иесі екендігін көрсетеді.
Үшіншіден, кемістік орнын толықтыруда жеке мүшелердің атқаратын қызметі жайында ертеден қалыптасқан биологиялық теріс түсініктерден арылту. Мұндай түсініктер жекелеген сезім мүшелері кеміс мүшелердің қызметін қатар атқарып кетеді деген уағыз айтады. Мысалы, сипау сезімі мен есту сезімі көрмей қалған көздің қызметін атқарып, оны толықтырады дейді.Мұндай жағдай шындыққа сай еместігі зертгеу нәтижелері арқылы анықталған. Соқырлар психологиясын зерттеген А.Петцельд адамның көре алмайтьш мүшесінің, қызметін байыптап қарағанда, оның әлеуметтік тәжірибесіне орай неғұрлым сөйлеу әрекетін дамытуына байланысты екендігін көрсетеді. Осы бағытта А.Гризбах та шындыққа жуыспайтын соқырлар кемістігін өзге мүшелерінің есесімен толықтыра алмайтындығын тиісті фактілерге сүйене отырып бекерлейді. Ол адамның жеке басының психологиялық күшін арттырып жаңа бағыт алғанда ғана өз кемістігін толықтыра алады деген пікірге қосылады.
Төртінші – Адлер зерттеулері кейінгі жылдарда рефлексология іліміне негізделген советтік әлеуметтік емдеу педагогакасымен ұштастырылып отыратындығын байқаймыз. Өйткені тәрбие процесі мен кемістікгі толықтыру туралы ілімнің негізгі шартты рефлекстің жасалуы екендігін атап айтады. Көптеген авторлар соқыр мен саңырауды оқытып беру жолдарын зерттеу нәтижесінде соқыр бала мен көзі көретін бала тәрбиесі арасында алшақ жатқан айырмашылық жоқ, олар кез келген талдағыш арқылы жаңа шартты байланыстар жасай алады. Сөйтіп сыртқы ортаға бейімделуі оның өзіне деген сенімі мен күш-қуатын арттыруына ықпал етіп отырады деген тұжырым жасайды.
И.А.Соколянский басқаратын үлкен бір мектеп кереңдер мен саңырауларды сөйлеуге үйретудің жаңа әдістерін жетілдіріп зерттеу негізінде айтарлықтай практикалық және теориялық табыстарға қол жеткізді.
Сөйтіп сурдопедагогика іліміндегі батыс зерттеушілерінің іздестірген мәселелерінің саңырау балалар мен дені сау балалар тәрбиесінде теориялық жағынан алғанда өзара елеулі айырмашылық жоқ. Дегенмен, олардың алға қойған мақсатына жету жолында өзіндік сипаты мен тәсілі болады. Сурдо және тифлопедагогика тарихы осындай ерекшеліктерді анғар-тады. Сондықтан кемтар баланың даму ерекшелігімен үнемі санасып отыру керек. Соқыр, саңырау балаларды дені сау балаларға теңеу дұрыс, бұл шындық. Алайда оларды тәрбиелеу басқа жолмен, басқа тәсілмен іске асырылады.Шын мағынасында кемтар баланың психологиялық жүйесінде олардың болашаққа деген үміт-ынтасын бағдарлап отыру күнделікті тәрбие істерінен айқын көрінеді. Осындай тәрбиенің қарапайымдылығына баса көңіл аударған И.П.Павлов мектебі шартты рефлекстің жасалу механизміне ерекше көңіл бөледі. Павлов туа пайда болатын рефлеке ішінде мақсатты рефлекстің екі түріне баса мән береді. Біріншісі – рефлекторлық механизмнің жасалуы. Екшшісі, бұл механизмнің мақсатты әрекетке немесе болашақты түсінуге бағдарлануы.Павлов «бүкіл өмір бойы бір мақсатты жүзеге асыру, атап айтқанда өз өмірін қорғау», – дейді (1951, 308 б.). Бұл рефлексті «тіршілік рефлексі» деп атайды. Павлов іліміндегі бұл рефлекстің мақсаты тәрбиеісіндегі баланың, кемістігін толықтыруға арналған деуімізге болады. Мақсат рефлексінің мәнін Павлов былай түсіндіреді: Бұл рефлекс жолда кездесетін кедергіге көп күш жұмсап, ол қаншалықты қиын болса да, оны жеңіп шығу дейді.Павлов пікірлері өмірдің барлық салаларына, соның ішінде, күрделі тәрбие ісінде өте кажет (3 т., 311-312 бб.).Ч.Шеррингтон рефлекс туралы осы пікірді қолдай отырып, физиологтар рефлекторлық реакцияның мақсатын білмейтін болса, онда олар организмнің алуан түрлі қызмет атқара алатын ерекшеліктерін түсіне алмаған болар еді дейді. Автордың ойынша организмнін физиологиялық және психологиялық қызметтерінің өзара бірігуі нәітижесінде жүзеге асып отыратандығын көрсетеді, А.В.Залкиңд адлершілдердің ілімін клиникалық және психотерапиялық жағынан алып қарағанда жалпы физиологиялық сипаттан гөрі организм тіршілігінде толықтыру үшін басым қызмет атқарады деген ой түйеді (оның «Рефлексологиялық жаңалықтар» деген кітабын қараңыз. 1925, 6т.). Жоғарыда аталған зерттеулерде қарама-қарсы тітіркендірушілердің теңдігі мен күші жағынан алып қарағанда шапшаң серпіліс беріп отыратын доминанта құбылыс және толықтыру деп те саналады. Л.Л.Васильев, Л.С.Выготский бұл құбылысты доминанта процесі деп атайды. (В.Вехтерев, Л.Л.Васильев, 1926, Л.С.Выготский, 1982). В.П.Протопопов реакцияның тұрақтылығы мен шапшаңдығы неғүрлым жоғары болса, ол соматикалық кемістікті соғұрлым дені сау адамнан әлдеқайда тез жеңе алады дейді (1925, 26 б.). Бұл ерекшелікті ол доминанта құбылысымен байланысты түрде қарастырады. Мұндай жайт кеміс балалардың толықтандыру мүмкіншіліктері әлдеқайда жоғары екендігі көрсетеді.
И.А.Соколянский мынадай ерекше тұжырымға келеді: соқыр әрі мылқауды тәрбиелеу саңырау-мылқауды тәрбиелеуден оңай, саңырау-мылқауды тәрбиелеу соқырды тәрбиелеуден оңай, соқырды тәрбиелеу дені сауды тәрбиелеуден оңай. Педагогикалық процестің күрделігі мен қиыншылығына қарай осы ретпен тізбектеліп көрсетіледі. Осы ретпен ол адамның бойындағы кемістігін анықтауға рефлексологияны қалайша қолдану керектігін түсіндіреді. Соколянский бұл жайтқа таңдануға болмайды, өйткені адамның табиғаты мен оның сөйлеуінің мәнін жаңаша көзқарас түрғысынан түсінудің жолы осындай дейді. Протопопов та мұндай зертгеулерден туындайтын ой соқыр әрі мылқаулармен ой-оңай тілдесіп кетуге болады дейді (1925, 10 б.).
Осындай психологиялык жағдай педагогтарға нендей жаңалық ендіре алады? Кеміс бала мен сау бала тәрбиесінің күрделілігі қиындығын салыстыра отырып, педагогикалық мәселелерді шешу үшін тиісті мақсат койып, оларды түрлі жолмен іске асыру барынша тиімді болар еді және мұңдай жағдайда тәрбиенің өзіндік ерекшеліктерін олардың даму денгейімен ұштастырып отыру барынша нәтижелі болатыны даусыз. Көбейту кестесін сегіз жастағы талапты балаға үйрету оңай ма, әлде математикадан үлгерімі нашар студентке үйрету оңай ма дейтін қисынысыз сұрақ қою маңызды мәселе емес-ті. Бұл орайда баланың көбейту кестесін жаттап алуы оның қабілеттілігіне байланысты емес, тапсырманың қарапайымдылығында. Ал мылқау баланы оқыту мен оны тәрбиелеуге қойылатын талап оның даму деңгейіне сәйкес жеңілдетуінде деп білу керек. Осы бағытта, мысалы, дені сау мен кеміс балаларды мамандық түрлеріне даярлаудың өзіңдік ерекшеліктерін салыстырып қарастыруға болар еді.
Соқыр-мылқау өзін қоршаған әлеуметтік ортаға тез икемделіп оп-оңай араласып кетеді. Дегенмен, кереңдердің өз клубы мен соқырлардың тәрбиеленетін интернаты ешқашан да әлеуметтік араласу орталығы бола алмайды. Өйткені кеміс балалар мен дені сау балалардын тәрбиесі мен оқытуында өзіндік жүйе бар. Оларға қойылатын педагогикалық талап-тілектің өзіндік сипат-ерекшеліктері бар. Мұндай сипаттар бала дамуындағы табиғи ерекшелік пен келешектегі тіршілікке даярлаудын қам-қаракетін ескереді.
Достарыңызбен бөлісу: |