ПОӘК 042-14-3-01.1.20.10/03-2012
|
Басылым №2______
|
-бет беттен
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
СМЖ 3-деңгейдегі құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042-14-3-01.1.20.10/03-2012
|
«Бухгалтерлік есеп негіздері» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары
|
№2- басылым
|
« БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІНІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ 5В070300 «АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР» МАМАНДЫҒЫ ҮШІН
ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей 2012
| Мазмұны |
|
|
|
|
|
1
|
Глоссарий
|
4
|
2
|
Лекциялар
|
4
|
3
|
Тәжірибелік сабақтар
|
4
|
4
|
Студенттердің өздік жұмыстары
|
5
|
|
3
4
45
50
|
-
ГЛОССАРИЙ
Бухгалтерлік есеп шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық қорытындыларын
міндеттемелері мен есеп айрысуларын, мүліктің қозғалысын бейнелейтін ақпараттық жүйе
Есеп саясаты – бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есеп берушілікті құрау үшін қолданылатын бухгалтерлік есептің әдістерінің, ережелерінің, тәсілдерінің жиынтығы.
Қаржылық есеп берушілік - шаруашылық қаржылары мен олардың қайнар көздерімен болатын шаруашылық операцияларын ақшалай бағада бейнелеу, ағымдағы бақылау және топтаудың тәсілі
Бухгалтерлік баланс шаруашылық құралдары мен олардың көздерін белгілі бір мерзімге ақшалай өлшемде топтастыруды білдіреді.
Баланс валютасы - баланс активті мен пассивінің жиыны.
Бухгалтерлік есеп шоты – шаруашылық қаржылары мен олардың қайнар көздерімен болатын шаруашылық операцияларын ақшалай бағада бейнелеу, ағымдағы бақылау және топтаудың тәсілі.
Синтетикалық шоттар - қаржылардың біртекті топтары мен олардың қайнар көздері жекелеген элементтерге бөлінбей, жинақталған көрсеткіштерде есептелетін, есеп жалпылама және құндық бейнеде ғана есептелетін шоттарды атайды.
Талдамалы шоттар - синтетикалық шоттардың мазмұнын бөлшектеп, даралап, детальді түрде есепке алатын шоттарды атайды.
Шоттар жоспары - бухгалтерлік есеп жүйесінде қабылданып қолданылатын шоттар тізімін айтады.
Есеп регистрлері - есеп процесінде қолданылатын бухгалтерлік құжаттар .
Бос беттер - типографиялық жолмен жеке қағаз беттерінде басылған есеп регистрлері. Бос бет түріндегі есеп регисгрлерінің көлемдері және ондағы бағана мен жолдар саны әртүрлі болады және міндетті түрде сәйкес атауы бар (журнал-орден, тізімдеме, және т.б.)- Есеп регистрлері белгілі бір есептік кезеңге арналады (ай, тоқсан).
Карточкалар - бос беттердің бір түрі болып саналады. Олар да типографиялық тәсілмен, үлкен емес форматқа қатты қағаздан жасалады. әрбір карточка жазбалардың белгілі санына арналған.
Картотека - карточкаларды сақтауға арналған арнайы жәшік. Материалдық бағалықтар есебі, есеп айрысу есебі және басқа да есеп түрлеріне жеке карточкалар пайдаланылған дұрыс. Картотекада карточкалар көрсетілген шот шифрларының ретімен орналасады.
Хронологиялық регистрлар операцияларды хронологиялық жазу үшін арналған, яғни, операцияларды бейнелеу толықтығын тексеруде бақылау функциясын атқарады.
Жүйелік регистрлар операцияларды жүйелі түрде жазуға арналған. Оларда операциялар белгілі белгілері бойынша топталады.
Есептік цикл- қаржылық есеп берушілікке апаратын оның алдында жасалатын бірізді қадамдардың сериясы
Чек - -шот иесінің банкке көрсетілген соманы нақты ақшамен жалақыға, іссапар, шаруашылық операциялары және басқа да шығындарға беру жөніндегі бұйрығы.
Аккредитив – сатып алушыға қызмет ететін банк мекемесінің осы кәсіпорынды жабдықтайтын шаруашылық субъектісіне қызмет көрсететін банк мекемесіне тауарлардың жіберілгендігін немесе қызметтердің көрсетілгенін дәлелдейтін құжататр бойынша төлем төлеу жайлы тапсырмасы.
Инвестициялар - өнеркәсіптің, кұрылыстың, ауыл шаруашылығының және экономиканың баска да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығы.
Нақты инвестициялар — бұл кәсіпорынның негізгі капиталын және материалдық-өндірістік корын өсіруге салынатын салымдар.
Қаржылық инвестициялар — бұл субъектінің табыс алу мақсатында пайдаланатын активі (мысалға, пайыздар, роялтилер, дивидендтер және жалға ақысы), инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа да олжалар (мысалға, коммерциялық мөміленің нәтижесі).
Саудалық дебиторлық қарыздар – негізгі қызмет нәтижесінде сатылған тауарлар мен қызметтер үшін сатып алушылардың міндететмелі сомалары.
Саудалық емес дебиторлық қарыздар- басқа да қызмет түрлері нәтижесінде пайда болады.
Материалдық емес активтер - табиғи негізі жоқ, бірақ құндық бағасы бар және табыс әкелетін қасиеттері бар ұзақ мерзімді пайдаланылатын объектілер.
Негізгі құралдар - ұзақ уақыт жұмыс істейтін материалдық-заттық құндылықтар (ғимараттар, өткізгіш тетіктер машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, құрал-саймандар, өндірістік және шаруашылық мүлкі, жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал және басқалар).
Актив – бұл құндық бағасы бар субъекттің құқығы мен жеке мүліктік және мүліктік емес игілігі. Активтер болашақта жүзеге асатын экономикалық олжа ретінде көрсетіледі.
Міндеттемелер – бұл өткен мәміленің нәтижесі, ол жүзеге асқандықтан қарызданушының міндеттемесінің пайда болғанын, белгілі бір әрекеттің кредитор пайдасына жасалатындығын көрсетеді
Табыстар – бұл ұйымның негізгі және негізгі емес қызметінің нәтижесі.
Шығындар - өнімді өндірумен, жұмысты атқарумен, қызметті көрсетумен байланысты шығындар, негізгі және негізгі емес қызметтен шеккен зияндар және төтенше жағдайдан туындаған шығындары.
Қаржылық есеп берудің элементтерін тану – бұл бухгалтерлік балансқа енгізу процесі немесе қаржылық – шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп берудің бабы, ал ол элементтерге берілген анықтамаларына сәйкес келеді және мынадай тану тұжырымдамасын қанағаттандырады.
2. ДӘРІСТІК МАТЕРИАЛ
1.Тақырып: Бухгалтерлік есеп-ақпарат жүйесі ретінде
-
Бухгалтерлік есептің пайда болу тарихы.
-
Бухгалтерлік есептің объектілері.
-
Бухгалтерлік есептің ақпарат жүйесі.
1.Махаббат, музыка және бухгалтерлік есеп – мәңгілік! Бухгалтерлік есеп адамзат дамуымен бірге қалыптасып, дамып келе жатыр. Ежелгі Египетте, Месопатамиде, Вавилонда, Иранда шаруашылық есеп жүргізетін есепшілердің болғаны анық. Египетте - папирустарға, Вавилонда - қыш кестелерге жазбалар жазылған. Біздің уақытқа дейін келіп жеткен есеп регистрлары ретіндегі бос парақтар сол уақытта – ақ қалыптасқан.Шамамен 5-6 мың жыл бұрын бухгалтерлік есептің әдіс – тәсілдері пайдаланыла бастаған.
Ежелгі Греция мен Римде шаруашылық есеп жүргізідің деңгейі едәуір жоғары болды. Ағаш тақтайшаларға есеп жазып, оларды кодекс деп атаған. Шаруашылық қатынастардың болуы, адамзаттың дамуы өздігінен есептің дамуын қажет етті. Қажеттіліктен туындаған есеп жүргізудің ежелгі әдістері бүгінгі бухгалтерлік есептің негізін құрайды.
Орта ғасырдың соңында бухгалтер сөзі пайда болды. 1498 жылы Әулие Рим империясының императоры Максимилиан 1 алғашқы бухгалтер етіп Христоф Штехерді сайлады. Сол уақыттан бері есепті арнайы кітаптарда жүргізу қалыптасқан.
Бухгалтерлік есеп бойынша алғашқы кітапты 1494 жылы белгілі математик, монах Лука Пачоли жазды. Бұл кітап математикадан болатын, «Арифметика, геометрия сомалары, пропорциялар мен қатынастар туралы ілім» деп аталған.
Онда «Жазбалар мен шоттар туралы трактат» деп аталатын бөлім қосарлы бухгалтерияны жүргізудің тәсілдерін сипаттайды. Итальяндық қосарлы бухгалтерия есептің дамуына үлкен үлес қосты.
Ежелгі Ресейде есепті шіркеулер мен монастырларда жүргізді.Жазба кітаптарында мал саны, жер өлшемдері сияқты деректер болды. Петр І Ресейдегі есептің дамуына үлес қосты.Арнаулы мектептерде есеп жүргізетін адамдарды даярлап, есеп кітаптарын жүргізуді ұйымдастырды. Петр І мемлекеттің табыстары мен шығындарына ғана есеп жүргізіп қана қоймай, қазыналық зауыттарда да есеп жүргізуді талап етті. Одан кейінірек орыс тілінде бухгалтерлік есеп туралы баспа кітаптар шыға бастады. 1783 жылы бухгалтерлік есеп туралы «Коммерция және сауданың кілті, немесе бухгалтерия ғылымы, көпестер шоттарының шығуы » деген алғашқы кітап шықты.
Адамзат қоғамы сияқты, бухгалтерлік есеп те ежелден дамып келеді.
2. Республикамызда халық шаруашылық негізін мемлекеттік кәсіпорындарымен қатар, басқа да әртүрлі бірлестіктер, акционерлік қоғамдар, кооперативтер, бірлескен немесе жеке меншіктелген кәсіпорындар құрайды. Ал, осы кәсіпорындар жұмысында көптеген шаруашылық процестері орындалады. Сол процестердің мазмұны тек қана шаруашылық есепте көрсетіліп, бір жүйеге келтіріп топталады. Сондықтан шаруашылық есептің атқаратын міндеті өте зор. Себебі, шаруашылық процесін нарықты қатынас жолымен даму кезінде тиімді жүргізу үшін шаруашылық есептің нақты мәліметтер қажет. Сонымен қатар сол мәліметтер шаруашылық процестерінің мазмұнын және санын көрсететін болғандықтан, сол мәліметтер одан әрі қарай сол шаруашылық процестерінің финанстық қорытындысын шығаруға, экономикалық талдау жасауға және келешек даму жоспарын жасауға бірден-бір негіз екені анық.
Бухгалтерлік есеп шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық қорытындыларын міндеттемелері мен есеп айрысуларын, мүліктің қозғалысын бейнелейтін ақпараттық жүйе. Бухгалтерлік есеп шаруашылық құбылыстардың сандық жағын саналық жағымен үздіксіз байланыстырып, шаруашылық операцияларды табиғи және ақшалай бейнеде тіркейді.
Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп туралы Заңында (1995 жылы қабылданған) бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен жүргізудің негізгі принцип-тері, шаруашылық жүргізуші субъектілердің міндеттері мен құқықтары белгіленген. Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық заңды тұлғалар, соның ішінде коммерциялық, өндірістік, сақтық, ғылыми - зерттеу, қоғамдық, саяси ұйымдар т.б. бухгалтерлік есепті жүргізуге міндетті.
Бухгалтерлік есептің жүйесінде бейнеленетін объекттер:
қозғалатын және қозғалмайтын мүліктер, оның ішінде арендаға алынған, сыйға алынған.
интеллектуальді және өндірістік меншікті пайдалану құқығы, табыс әкелетін материалдық емес сипаттағы шығындар, товарлық белгілер.
ақша қаржылары, бағалы қағаздар заңды және жеке тұлғалармен есеп айрысу, негізгі құралдарға инвестициялар салу.
амортизациялық бөлулер және негізгі қаржылар тозуы
табыстар мен шығындар, пайда, зиянды жабу, пайданы пайдалану, тарату.
кредиттер мен қарыздар бойынша міндеттемелер.
жарғылық капитал, к/о-ғы қорлар.
Бухгалтерлік есептің міндеттері.
-
шаруашылық жүргізуші субъектінің қызметі туралы толық ақпарат жинау.
-
ақшалай, материалдық, еңбек, отын – энергетикалық ресурстарды норма мен нормативтерге сәйкес бақылау жасау.
-
қаржылық - өндірістік қызметтік тиімділігін арттырып, жоғалтулардың алдын алу.
-
өндірілген өнім, көрсетілген қызметтің іс жүзіндегі құнын анықтау.
-
шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық қорытындыларын анықтау.
Бухгалтерлік есептің деректері ғылыми негізделген, нақтылы, өз уақытын да жинақталған болуы керек.
3.Бухгалтерлік есептің пәні болып шарушылық опреациялардың негізі болып табылатын мүлік, оның қозғалысы табылады. Мүліктер (шикізат, материалдар, негізгі қаржылар) міндеттемелер, шаруашылық операциялар іс жүзіндегі шығындарды қосу жолымен ақшалай бағалауда бейнеленеді.
Шаруашылық операция – жеке шаруашылық істі сипаттайды. Ол, мүлік құрамындағы өзгерісті, таратуды және құрылу қайнар көздердегі өзгерістерді білдіруі мүмкін. Шаруашылық операциялар кәсіпорын мүмкін (баланс активі) немесе оның құрылу қайнар көздерін (баланс пассиві) және бір мезгілде екеуін де бейнелеуі мүмкін. Шарушылық опреациялар негізгі қорларды, материалдық бағалықтарды, өнім өндірісінің шығындарын анықтау сияқты сипаттарда болады. Шаруашылық операция – мүлік пен оның құрамына өзгеріс әкелетін процесс.
Есеп саясаты – бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есеп берушілікті құрау үшін қолданылатын бухгалтерлік есептің әдістерінің, ережелерінің, тәсілдерінің жиынтығы.
Бухгалтерлік есеп жүйесін жүргізудің жалпы қағидасы мен ережесі нормативтік-қүқықтық қүжаттарда белгіленген.
Оларды жүзеге асыру барысында нақты кәсіпорынның есептік саясаты келесідей жорамалдардан алынғаны жөн:
- кәсіпорын өз мүлкімен өзімен-өзі болушылығы (кәсіпорын өз балансында тек заң бойынша танылған мүліктерді ғана көрсетеді, ал қалған барлық қүндылықтар мен міндеттемелер баланстан тыс шоттарда есепке алынады);
- толассыз қызметі (есеп саясатының мәселесі бойынша қандай да бір қабылданатын шешім, кәсіпорын өз қызметін болашақ кезеңде тоқтатпайтындығы немесе қызмет масштабын қысқартпайтындығы басшылыққа алынуы керек);
- есеп саясатын пайдаланудың жүйелілігі (шаруашылық операциясын көрсету әдісінің түрақтылығы, есеп беру жылының барысында міндеттеме мен мүлікті бағалау, сондай-ақ бір есептік жылдан басқасына өткен кезде де);
- шаруашылық қызметіндегі фактілердің мерзімділік анықтылығы (әр фактілердің түскен немесе төленген кезіне қарамастан, олар өзінің орындалған немесе орын алған кезеңіне жатқызылуы керек).
Пайдаланатын есеп саясатының басты міндеті мен негізгі арналымы — кәсіпорынның қызметін барынша пара-пар көрсету, іс мүддесі үшін осы қызметтің тиімділігін реттеу мақсатында толық, объективті және шынайы ақпаратпен қаптастыру.
Ол есеп процесінің барлық тараптарын қамтуы керек: әдістемелік, техникалык, ұйымдық жақтарын.
Есеп саясатының әдістемелік бөлігі нақты шаруашылық ахуалынан, олардың қолдану тәртібінде белгіленген және бухгалтерлік есеп стандартының біршама рұқсатымен бухгалтерлік есепті жүргізудің белгілі бір әдістерінен тандап алу жолымен қалыптасады. Егер де стандартта бухгалтерлік есепті жүргізудің кейбір объектілері көрсетілмесе, онда бухгалтерлік есеп бойынша нормативтік актілер мен заң талаптарына сәйкес, кәсіпорынның өзі есеп жүргізудің процедурасын дербес әзірлей алады.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
1.Бухгалтерлік есептің даму тарихы қандай?
2.Бухгалтерлік есеп – ақпарат көзі ретінде қандай қызмет атқарады?
3.Бухгалтерлік есептің объектілері қандай?
4.Кәсіпорынның есеп саясаты дегеніміз не?
5.Бухгалтерлік есеп қандай ережелерге сүйенеді?
2 тақырып. Бухгалтерлік есептің концепциялары мен қағидалары
Дәріс сұрақтары:
1. Бухгалтерлік есептің концепциялары
2. Бухгалтерлік есептің қағидалары
1. Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың әдістемелік негізін құжаттау, инвестиция, бухгалтерлік баланс екі жақты жазуды пайдалананып аналитакалық және синтетикалық счеттар жүйесі, мүлік пен міндеттемені бағалау, калькуляция, есеп берушілік сияқты тәсілдер құрайды. Құжаттау – жасалған уақытта шаруашылық опреацияны алғашқаны тіркеу. Бухгалтерлік есепің айрықша белгісінің өзі осы – құжаттау. Бухгалтерлік есепте шаруашылық операция құжаттарда бейнеленуі керек. Қазіргі уақыттағы жетілген бағдарламалардың арқасында (1-С бухгалтерия Лука-компакт) құжаттаудың барлығы компьютерлерде жүргізіледі.
Түгендеу – іс жүзіндегі мүліктің бухгалтерлік есеп мәліметтерімен сәйкестігін тексерудің тәсілі. Түгендеу кәсіпорын мүлкінің дұрыстығын анықтау үшін қажет. Түгендеуге негізгі құралдар, материалдық – товарлық бағалықтар, ақшалай қаржылар жатқызылады. Түгендеу белгіленген уақытта, материалды жауапты адам ауысқанда, тергеу орындарының, аудитордың талабымен өткізіледі.
Бухгалтерлік баланс – қасіпорының мүлкі туралы ақпаратты жинақтау және топтау тәсілі. Кәсіпорын қаржылары бухгалтерлік баланста ақшалай бейнеде екі топта бейнеленеді. Біріншісі кәсіпорын қандай қаржымен иеленеді, екіншісі қандай қайнар көздерден құралғанын көрсетеді. Бухгалтерлік баланстың екі бөлігі де тең болуы керек.
Шоттар жүйесі және қосарлы жазу - бухгалтерлік есепте шаруашылық операциялар счеттар көмегімен (синтетикалық және аналитикалық) қосарлы жазу әдісімен жүргізіледі.
Шот – мүлік және оның құрылу көзі туралы ағымдағы ақпарат жинақталатын экономикалық топтама. Бухгалтерлік есеп әдісінің элементі бола отырып, счет біртекті экономикалық белгілер бойынша шаруашылық операцияларды топтауда маңызды роль атқарады. Қосарлы жазу – бухгалтерлік есеп счеттарында шаруашылық операцияны тіркеудің тәсілі.
Шаруашылық операция бір сомада екі счетта жазылады.
Бағалау – кәсіпорын мүлкін және олардың қайнар көздерін ақшалай өлшеу тәсілі. Бухгалтерлік есеп жүйесінің дұрыс құрылуы үшін бағалау процесі дұрыс жүруі керек. Мүлікті бағалаудың негізінде нақты шығынлар жатады.
Калькуляция - өзіндік құнды анықтау мен шығындарды топтау тәсілі. өнімнің өзіндік құнын есептеу - өнімнің бір өлшеміне кеткен шығындарды ақшалай формада көрсету.
Есеп берушілік – белгіленген кезеңде (ай, квартал, жыл) кәсіпорынның, өндірістік – шаруашылық, қаржылық қызметін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі.
Есеп берушіліктің көрсеткіштері кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау үшін қажет.
Бухгалтерлік есептің тәсілдері мен әдістері бір-бірімен тығыз байланысты. Бухгалтерлік есеп жүйесі үздіксіз қызмет істеп, қажетті ұйымдарды нақты ақпараттармен қамтамасыз етуі үшін осы әдістері орындалуы керек.
Ақшалай, еңбек, табиғи өлшеуіштерде берілетін мұліктердің біртекті топтамасы, олардың счеттарда жазылуы және бағалануы бухгалтерлік есеп жүйесін құрайды.
Кәсіпорындарда бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуі есеп принциптеріне сай, объективті, дұрыс та нақты мәліметтерді қолдану арқылы іске асырылады.
Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп халықаралық есеп стандарттарына жақын, еліміздегі ерекшеліктерді еске ала отырып ел нарығына икемделіп жасалған.
Қазіргі өркениетті нарық капиталдық, товардың жұмыс күшінің еркін қозғалысын қалайды. Елімізге шетел инвестицияларын тарту бухгалтерлік есеп ұйымдастырудың халықаралық стандарттарға сәйкес болуын талап етеді.
2. Бухгалтерлік есеп туралы әдебиеттерде оның қағидалары туралы сөз болып жүр, Қағидалар - бухгалтерлік есепті ғылым ретінде қалыптастыратын негіздер. Бухгалтерлік есепті ұйымдастырған кезде қабылданған белгілі бір қағидаларға сүйенеді. Олар заң жүзінде бекітіліп, үйлестіруші ұйымдармен пайдалануға ұсынылады. Қағидалар бухгалтерлік есепің жалпы концепцияларының негізі болып, қаржылық есеп берушілікті пайдаланушылардың мүдделеріне қарай стандарттарды жасауға көмектеседі. Отандық тәжірибеде нормативті түрде бекітілген бухгалтерлік есептің төмендегідей негізгі қағидалары.
Үздіксіздік.. Кез-келген кәсіпорын ұзақ уақыт ағымында үздіксіз қызмет етеді. Бұл егер кәсіпорын жабылып жатса, оның активтерін ағымдағы нарықтық құнымен қайта бағалау мүмкін болады дегеннен туындаған. Жұмыс ісгеп тұрған кәсіпорын концепцияларына сәйкес, мұның қажеттігі шамалы. Бұл қағида егер кәсіпорын тұтасымен сатылса, алғашқыда, ликвидациялық та баланстар жасалмайды дегенді мегзейді. Меншік иесі ауысқанмен кәсіпорын басқа болып кетпейді, ол өзінің есеп жүйесін толығымен сақтайды.
Есептеу. Бухгалтерлік есепте қаржылық есеп берушілікте ақша қаржылары түскенде немесе төленгенде емес, табыстар пайда болғанда, шығындар қажет болғанда танылып, бейнеленеді.
Түсініктілік. Шаруашылық сүбъектісінің қаржылық есеп берушілігінде көрсетілетін ақпарат барлық тұтынушыларға түсінікті болуы керек.
Мағыналылық. Қаржылық ақпарат шаруашылық қызметті бағалау кезінде дұрыс шешімдер қабылдау үшін тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға мағыналы болуы қажет.
Мәнділік. Бұл қағида ақпарат мәнді және мәнсіз болатынын көрсетеді. Мәнді ақпараттың болмауы экономикалық шешімдер қабылдауға әсер етеді.
Нақтылық. Егер ақпаратта қателер жоқ болса ғана, ол нақты бола алады да, тұтынушылар сенімін туғызады.
Байыптылық. Шаруашылық қызмет ағымындағы шешімдер байыппен қабылданғаны дұрыс. Активтер мен табыстар артық бағаланып, ал міндеттемелер мен шығындар кем бағаланбауы қажет.
Салыстырмалылық. Қаржылық ақпарат қажетті де мазмұнды болуы үшін, бір есепті кезеңді екінші есептік кезеңмен салыстырып, сәйкестілік, бір ізділік негізінде қарау керек.
Тұтастылық. Қаржылық есептегі ақпарат тұтас, толық болуы керек.
Бірізділік. Есептің таңдалған әдістері мен қабылданған әдістемесі оны өзгертуге нақты себептер туындамайынша өзгермеуі керек.
Дұрыс, шын түсінік қалыптастыру. Қаржылық есеп берушіліктер тұтынушыларға субъектінің қаржылық жағдайы, қаржылық-шаруашылық қызмет қорытындылары және ақша қаржыларының қозғалысы туралы шындықты, айқын түсінікті қалыптастыруы қажет.
Уақыттылық. Ақпарат өз уақытында қалыптасып, ұсынылуы қажет.
Бухгаптерлік есеп концепциясы мынаны айқындайды:
Бухгалтерлік есепте қалыптасатын ақпарат тұтынушыларға пайдалы болуы керек.
Бухгалтерлік есепте қалыптасатын ақпарат мүдделі тұтынушыларға пайдалы болуы үшін, ол сенімді де салыстырмалы болуы керек. Бухгалтерлік есепте қалыптасатын ақпараттың пайдалылығын анықтайтын талаптарды ұйымның басшылығы бекітеді,
Нарықтық экономика шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп жүйесі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп берушіліктің Халықаралық стандарттарына сәйкес жүргізіліп, ұйымдастырылуы үшін бухгалтерлік есепті мемлекеттік нормативтік ретеу жүйесі қалыптасқан.
Қазіргі уақытга елімізде бухгалтерлік есепті нормативті реттеудің төрт деңгейлі жүйесі қызмет етеді.
Бірінші деңгей - Қазақстан Республикасының заңдары мен ҚР Президентінің жарлықтары,
Екінші деңгей - Ұлттық бухгалтерлік стандарттар жүйесі - бухгалтерлік есеп бойынша ережелер.
Үшінші деңгей- салалық ерекшеліктерді ескеретін әдісгемелік нұсқаулар.
Төртінші деңгей- кәсіпорынның ішкі жұмыс құжаттары.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
1.Бухгалтерлік есептің қандай қағидалары бар?
2.Бухгалтерлік есептің қандай әдістері бар?
3.Бухгалтерлік есептің концепциясы неден тұрады?
4.Бухгалтерлік есепті реттеу қандай деңгейлерден тұрады?
Достарыңызбен бөлісу: |