Ветеринарлық биопрепараттарды қолдану және жою барысындағы қағидаларға жалпы сипаттама
КІРІСПЕ: Адам жəне жануарлардың бұрын қиын жолмен жазылатын ауруларының терапиясы үшін пайдаланылатын жаңа фармацевтік жəне ветеринарлық препараттарды өндіруді жүйелі түрде өсіру мақсатында медициналық жəне ветеринарлық биотехнологияның мүмкіндіктері кеңеюде. Осы жөнінде инфекцияға, қатерлі ісік жəне басқа да ауруларға қарсы адам организмінің қорғаныштық күштерінің деңгейін бақылайтын табиғи қосылыстар зерттелуде. Дамыған мемлекеттерде антибиотиктер, инсулин, интерферондар жəне интерлейкиндер, вакциналар мен моноклональды антиденелерді өндіру тұрақты жолға қойылған. Қазақстанда медициналық жəне ветеринарлық биотехнологияның даму тенденциясы нығаю үстінде. Республика экономикасының осы бағыттағы жетістіктеріне жету үшін жоғарғы дəрежелі мамандар қажет. Медициналық жəне ветеринарлық биотехнологияның əдістерінің көмегімен диагностикалық жəне дəрілік препараттарды жасаудың медико-биологиялық жəне ветеринарлық-биологиялық тəсілдерінің стратегиясын; практикалық денсаулықты сақтау жəне ветеринарияда пайдаланылатын, олардың ішінде гормондар, интерферондар, интерлейкиндер, антибиотиктер, антиденелер, вакциналар сияқты қазіргі дəрілік заттардың өндірістік деңгейдегі өндірілуінің негізін. Қазіргі заманғы биотехнологияның əр түрлі салаларындағы медициналық жəне ветеринарлық биотехнологияның орны жəне олардың міндеттері. Медициналық жəне ветеринарарлық биотехнологияның даму кезеңдері. Биотехнологиялық фармацевтік жəне ветеринарлық препараттарды жасаудағы негізгі ыңғайлы тəсілдер. Медициналық жəне ветеринарлық биотехнологияның объектілері – микроорганизмдер, вирустар, жануарлар ұлпалары мен клеткалары. Медициналық жəне ветеринарлық биотехнологияда рекомбинанттық ДНҚ əдістерін қолдану (микробиологиялық гендік-инженерлік өндіріс)Гендік инженерияның анықтамасы, гендік инженерия əдістерін пайдалана отырып микроорганизмдер штамдарын жəне биологиялық ырықты қосылыстар. Инсулин. Денсаулық практикасы үшін инсулин алудың екі тəсілі: шошқа инсулинін адам инсулиніне айналдыру (жартылай синтездік əдіс); гендік- инженерлік жолмен адам инсулинін алу. Гендік-инженерлік адам инсулинін кең көлемде өндірудің концептуалды жолдары: Антибиотиктер. Антибиотиктердің жаңа түрлерін жасау: жаңа штамм- продуценттерді іздеу; қазіргі антибиотиктерді химиялық u1084 модификациялау; Адам жəне жануарлардың иммундық жүйесін ырықтандыру үшін, грипп, А гепатиті жəне олардан басқа бірқатар аса қауіпті инфекциялардың профилактикасы үшін интерферондар мен интерлейкиндерді басқа да цитокиндермен бірге пайдалану. Онкологиялық ауруларды емдеу үшін интерферондар мен интерлейкиндерді пайдалану. Ортопоксвирустарға қарсы вакциналар – адам жəне жануарлар патогендері . АИВ жəне В гепатиті вирустарына қарсы тірі поливалентті вакцина: АИВ І, В гепатиінің вирусына жəне ортовирустарға қарсы гуморальдық жəне клеткалық иммундық жауаптың қалыптасуы. Жұқпалы ауруларды қоздырушы микроорганизмдерді генотипирлеу жүйелері. Табиғи аналогтарын анықтау үшін рекомбинантты антигендерге қарсы моноклональды антиденелерді пайдалану. Иммунологияның негізгі қағидалары. Иммунобиотехнология.
Антиденелердің құрылысы мен қызметі. Гибридомдар, олардың қасиеттері жəне алу жолдары. Моноклональды антиденелер. Моноклональды антиденелерді қолдану салалары – медициналық жəне ветеринарлық диагностика, терапия. Вакциналарды жасау.
-
Жаңа антибиотиктердің негізгі кластары; қасиеттері; əсер ету механизмі;терапевтік мақсатта қолданылуы.
-
Антибиотиктерді өндіру технологиялары. Жаңа антибиотиктерді іздеудің негізгі жолдары.
-
Гибридомдар мен моноклональды антиденелер алудың технологиялық схемалары.
-
Медициналық жəне ветеринарлық практикада моноклональды антиденелерді қолдану.
-
Интерферон. Интерферондарды алу.
-
Қазіргі заманғы иммунобиотехнологияның негізгі бағыттары.
Антиген-антидене реакциясы.
Гормональды препараттардың ветеринарлық мақсатта қолданылуына сипаттама
Ағзада гормоналды препараттар белгілі бір физиологиялық үрдістерге қатысты өзіне тән қатаң әсер етеді. Негізінен олар зат алмасудың барлық түрлеріне, мүшелер мен дифференциясына, жыныс белгілерінің дамуына, бұлшықеттің дамуына үлкен әсер етеді. Тәжірибеде таза гормондардан басқа (табиғи және синтетикалық) гормондардан құралған және эндокринді стандартталған және стандартталмаған деп аталатын әр алуан препараттар кең қолданылады. Стандартталған эндокриндердің белгілі бір белсенділігі бар, және оларды дәлме-дәл мөлшерлеуге болады; ал стандартталмағандардың белсенділік деңгейі айқындалмаған. Ағзада бұл және басқа да гормондардың жетіспеушілігі көптеген ағза жүйесінің қызметтеріне теріс әсер етеді және ауыр сырқаттарға әкеліп соқтырады. Мысалы, қалқанша бездің қызметінің төмендеуі тері асты жасушасының ісуіне, терінің ауырсынуына, орталық жүйке жүйесінің қысымына, ағза тұрақтылығының төмендеуіне және т.б. әкеліп соқтырады.
Қалқанша бездің қызметінің жоғарылауы барлық қолайсыз құбылыстарға әкеліп соқтырады. Ағзадағы гормондардың жетіспеушілігінің әр алуан негізі болуы мүмкін және оны әрдайым айқындап отыру қажет. Мысалы, инсуллиннің жетіспеушілігі оның ағзадағы аз мөлшерде өндірілуінен болуы мүмкін, ол жылдам инсулиназамен ериді, жаңа қосылыстарға енеді, одан басқа, эфферентті жүйенің құрылымы олармен өзара әсерлеспейді.
Гормонды препараттардың фармакодинамикасының бағытына сәйкес оларды аса жиірек ағзадағы жетіспейтін гормондарды толықтыру үшін (гормонның кетуі барысына көбінесе гормонға қарсы шығатын немесе гормон өндіретін бездің қызметін төмендететін фармакологиялық құралдар қолданылады);
Ағзадағы гормонның жетіспеушілігіне байланысты емес аурулар барысында арнайы фармакотерапия мен фармакостимуляция үшін қолданылады. Бұдан басқа, гормонды препараттарды қажет мезгілде жануарлардың табиғи ұрықтандырылуын жоғарылату үшін және де ауылшаруашылық жануарлардың таза салмағының өсімін арттыру үшін, азықтандыру шығындары мен азықтандыру мерзімдерін қысқарту үшін пайдаланылады.
Соңғы жылдары гормоналды препараттар фармакологиялық интенсивті түрде зерттелуде. Бұл бағыттың жетістіктері жаңа гормоналды препараттардың ашылуы мен синтезіне, қартаюдан бұл әсердің байланысын анықтауға, фармакодинамикасының биохимиялық негіздерін ашуға және т.б. септігін тигізеді.
Барлық гормоналды препараттар токсинді және көп жағдайларда олардың қауіптілігі бірден айқындалмайды, ол бірте-бірте дамиды және ұзақ уақыттан кейін айқындалады.
Гормоналды препараттар – арнайы әсері бар күшті фармакологиялық агенттер. Ағзаның физиологиялық көрсеткіштерін қайта тұрақтандыру үшін көбінесе теріс әсерін тигізбейтін препараттардың аздаған (доза) мөлшері керек.
Бірақ олардың тиімділігі тек қана, егер патологияның себептері белгілі болған жағдайда ғана жоғары болады.
Жануарлар ағзасындағы гормонның жетіспеушілігі келесі фактормен негізделген:
1. Ол ағзада аз мөлшерде өндіріледі;
2. Ол жылдам белсенділігін жоғалтады;
3. Жаңа қосылыстарға енеді;
4. Эфферентті жүйенің құрылымы олармен өзара әсерлеспейді.
Аталған төрт себептердің әрбіреуі, өз алдына, әр түрлі факторлармен шартталуы мүмкін:
а) өндіруші жасушалардың кемуі
б) өндіруші жасушалар қызметінің әр алуан токсин-мен басылуы
в) гармон синтезінің бөлек топтарының бұзылуы.
Гормоналды препараттардың кішігірім дозасы айтарлықтай көптеген физиологиялық процестерді өзгертеді, — біреулері белсенділікке қарай, басқалары төмендету жағына қарай оны білу қажет. Сондықтан гормоналды препараттарды қолдану бойынша нұсқауда олардың фармакологиясын, қолдану көрсетілімдері мен қарсы көрсеткіштерін нақты көрсетеді.
Жануарларға арналған дәрiлiк заттардың қауiпсiздiгiн бағалау мынадай тәуекелдердi көздеуi тиiс:
1) жануарларға арналған дәрiлiк зат құрамының, жекелеген құрамдастарының және (немесе) өзге де ингредиенттерiнiң сәйкес келмеуi;
2) жануарларға арналған дәрiлiк затты қолдану жөнiндегi нұсқаулықта көрсетiлген оны пайдалану ережесiнiң сақталмауы;
3) жануарларға арналған дәрiлiк затты ұсынылатын мөлшерде тағайындауы бойынша пайдалануға қарамастан, асқынулар мен жанама әсерлердiң пайда болуы;
4) жануарлар, сондай-ақ жануарлармен байланыста болған адамдар үшiн токсикологиялық қауiптiң туындауы;
5) иммунологиялық дәрiлiк заттарды пайдалану кезiнде жануарлар үшiн биологиялық қауiптiң туындауы;
6) жануарлар ағзасында дәрiлiк заттар мен биологиялық препараттар құрамының қалдықтары нормаларының асып кетуi.
Ветеринарияда пайдаланылатын дәрiлiк заттар мен биологиялық препараттар жануарлардан және мал шаруашылығы өнiмдерiнен жеке сақталуы тиiс. Дәрiлiк заттарды қабылдау мен босатудың есебi жүргiзiлуi тиiс.
Ветеринарияда пайдаланылатын дәрiлiк заттар мен биологиялық препараттар, сондай-ақ шығару және пайдалану (қолдану) процесiндегi шикiзаттың жануарлардың, ветеринариялық көмек көрсететiн немесе мал шаруашылығы өнiмдерiн қолданатын адамдардың денсаулығы мен өмiрiне зиян келтiру тәуекелi болады, олар мынадай тәуекелдердi қамтиды:
1) дәрiлiк заттар мен биологиялық препараттар конструкциясының жетiлмеуiне байланысты;
2) дәрiлiк заттар мен биологиялық препараттардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн технологиялық процестердiң, сапа көрсеткiштерiн бақылау жүйелерiнiң жетiлмеуiне байланысты;
3) қолданылатын шикiзатқа, құрамдастарға, химиялық заттарға, субстанцияларға байланысты дәрiлiк заттар қауiпсiздiгiнiң тәуекелi;
4) дайындау сатысында бөгде қосылулармен, микроорганизмдермен өнiмнiң ластануына, контаминациясына байланысты;
5) қоршаған ортаның ластануына және жануарлар мен адамдардың шығару кезiнде, дәрiлiк заттар мен биологиялық препараттарды кәдеге жарату мен жою процесiнде өндiрiстiк қалдықтардың шығарындыларын ықтимал жұқтыруына байланысты;
6) дәрiлiк заттар мен биологиялық препараттарды арнайы бiлiмi, жұмыс тәжiрибесi жоқ, асептика мен антисептика нормаларын сақтамайтын адамдардың пайдалану тәуекелi;
7) дәрiлiк заттарды қолдануда (көзге, қоршаған ортаға шашу, түсу) абайсыз болу тәуекелi;
8) сақтау процесiнде өзгерген қасиеттерi бар дәрiлiк заттарды қолдану тәуекелi (температуралық режимдердi сақтамау, физикалық, химиялық факторлардың әсер етуi);
9) биологиялық препараттар салынған жануарларда инфекцияның латенттiк өршу нысаны болғанда асқыну және ауыр салдарлар тудыратын;
10) табиғи және климаттық факторларға ұшыраған жануарларға биологиялық препараттарды қолданғаннан кейiн туындайтын;
11) тасымалдаудың бұзылуы кезiнде дәрiлiк заттар қасиеттерiнiң өзгеруiне байланысты;
12) жасанды және химиялық және биологиялық құрамдастардың сапасына сәйкес келмейтiн дәрiлiк заттарды пайдаланумен байланысты;
13) құрамында дәрiлiк заттар мен биологиялық препараттардың қалдық мөлшерi бар мал шаруашылығы өнiмдерiн тамаққа қолданатын адамдардың өмiрi мен денсаулығына зиян келтiру тәуекелi.
Ветеринарияда пайдаланылатын дәрiлiк заттар мен биологиялық препараттарды қолдану кезiнде мынадай тәуекелдерге байланысты негiзгi қауiпсiздiк талаптарын назарға алу қажет:
1) жануарлардың қырылуына әкеп соқтыратын асқынулардың туындауы;
2) дәрiлiк заттардың сапасына немесе дұрыс тағайындалмауына (диагнозына) байланысты тиiмсiздiгi.
Дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды қолданғаннан кейiн жануарларда, сондай-ақ байланыста болатын жануарларда, мал шаруашылығы өнiмiн қолданған адамдарда және қоршаған ортада асқынулардың болуын анықтайтын негiзгi факторлар: жануарларға арналған дәрiлiк заттардың, биологиялық препараттардың қауiпсiздiгi мен қолданылу тиiмдiлiгi оларды ұтымды тағайындаумен қамтамасыз етiледi. Тағайындау кезiнде аурудың диагнозын, жануардың түрi мен жасын, қолда бар дәрiлiк нысандарды, мөлшерлеменi, қолдану ретiн және емдеу курсының ұзақтығын, жаңа реакциялардың дамуын болдырмау жөнiндегi ықтимал шараларды және жануарларға арналған басқа да дәрiлiк заттармен өзара әрекеттесуiн ескеру керек.
Жануарларға арналған дәрiлiк затты, биологиялық препаратты кез келген қолдану жануарларға арналған дәрiлiк заттың атауын (заттаңбада жазылған), серия нөмiрiн, мөлшерiн, салу жолын; жануарларға арналған дәрiлiк затты қабылдаған жануарды (ларды) сәйкестендiрудi; дәрiлiк затты, биологиялық препаратты тағайындау себептерiн және дәрiлiк затты, биологиялық препаратты тағайындаған және қолданған адамның (дардың) қолдарын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарлары үшiн сою алдында ұстау және (немесе) мал шаруашылығы өнiмiн пайдалану мерзiмiн көрсете отырып, құжатталуы тиiс.
Достарыңызбен бөлісу: