ПОӘК «Таңдау бойынша аспап» пәннің оқу-әдістемелік құралы



бет1/4
Дата09.06.2016
өлшемі367 Kb.
#124986
  1   2   3   4

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Құжат СМК 3 деңгей

ПОӘК



ПОӘК

042-18.1.32/02-2013

ПОӘК

«Таңдау бойынша аспап» пәннің оқу-әдістемелік құралы


Редакция № 1 ______

«Таңдау бойынша аспап»

ПӘНІНЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

5В010600 «Музыкалық білім» мамандығы үшін
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫ

2013 жыл





ПОӘК

042-18.1.32/02-2013

Ред. № 1 _______20__ ж.

Бет 2__

Мазмұны:





1

1 Глоссарий













2

2 Тәжірибиелік сабақтар













3

3 Студенттің өздік жұмысы














































































ПОӘК

042-18.1.32/02-2013



Ред. № 1 _______20__ ж.

Бет 3_


1 ГЛОССАРИЙ
АККОРД – (латынша accordae– үйлестіремін деген мағынада)үш, немесе одан да көпдыбыстардан тұратын, тігінен орналасқан біртұтас жүйелі үндестік.

АЛЬТЕРАЦИЯ – («альтерация» латын тілінде – «өзгерту») дыбыстарды жарты тонға немесе бүтін тонға жоғары – төмен өзгертуді айтады. Қара клавиштерден шығатын қосалқы дыбыстарды жазу үшін альтерация белгілері деп аталатын шыртты таңбалар (диез, бемоль, дубль диез, дубль бемоль, бекар) қолданылады.

АНСАМБЛЬ - әншілер немесе аспапта ойнаушы шағын топтан құралған орындаушылар. Ансамбльдің дуэт (екі кісі), трио (үш кісі), квартет (төрт кісі), квинтет (бес кісі) және т.б. сияқты түрлері бар. Ансамбльдер бір тектес аспаптардан да, әр түрлі аспаптардан да құралады.

АППЛИКАТУРА – музыка аспабында ойнаған кезде басатын саусақтардың орналасу, алмасу тәртібі және олардың нотадағы белгісі.

ӘУЕН - өзінің жүйелік қиысу жағынан белгілі әсемдік тацуып, көркемдік жағынан бүтін бір бейне болып, лад пен өлшем-ырғақтағыөзара қатынаста үйлескен бір дауысты дыбыстардың тізбегі (гректің melodia - ән айту, өлең, ән, әуез).

ВАРИАЦИЯ – (құбылту деген сөз) баста алған тақырыпты сол күйінен бірнеше рет құбылтып берген музыка түрін айтады.Музыканың негізгі үндік жағы сақталады да, ырғағы, екпіні, өлшеуі, лады өзгеріп, құбылып кетеді.

ГАММА – жалпы октава аралығында орналасқан дыбыстар тізбегін музыка желісінде (ладта) айтады.

ГАРМОНИЯ – (гректің harmonia – байланыс, үйлесу, сай келу) көпдауыстылық құрылым, музыкалық дыбыстардың бүтін тік құрылымды жинағы.

ДЫБЫС КҮШІ – біздің есту сезімдеріміздің дыбыстың қатты немесе жай шығуын қабылдауы. Дыбыстың күші дыбыс тербелісінің шегіне – амплитудасына немесе тербелу қимылының серпілісіне байланысты. Серпіліс көлемі неғұрлым кең болса, дыбыс соғұрлым күшті болып келеді, серпіліс тарылған сайын – дыбыс жай шығады.

ДЫБЫС ТЕМБРІ – дыбыстық бояу.

ДЫБЫСТЫҢ ҰЗАҚТЫҒЫ – дыбыстардың уақыт шамасымен өлшенетін созылу қашықтығы.

ЕКПІН (темп) – музыкалық шығармалардың жылдамдық қозғалысын айтады.

КУЛЬМИНАЦИЯ – (латынша culmen - шың) әуен дамуының ең жоғарғы сатысы – оның шиеленісу шыңы.

КҮЙ - қазақ халқының ертеден келе жатқан аспаптық музыкасы. Халық күйші - композиторлары Қорқыт, Құрманғазы, Дина артында көптеген күйлер қалдырды.

Күйді тындағанда оның нәзік дыбыстарына, әуеніне жете көңіл бөлу керек.



МАРШ - мереке шерулері мен мемлекеттік қонақтарын салтанатты түрде қарсы алған кезде, жорықтарда, солдаттар сап түзегенде ойналады. Елдік, ерлік рухтағы ерекше күш- жігермен орындалатын шығарма.

МЕЛИЗМ – арнайы белгілермен көрсетілген қысқа әуендік айналымдар (мелизм – грекше melos - әуез, ән, әуен деген мағынада). Негізгі міндеті - әуендегі дыбысты әуездік әшекеймен безендіру. Басты түрлері: форшлаг, мордент, группетто, трель.

МЕТР – музыкалық шығармада күшті және әлсіз үлестердің бірқалыпты алмасып келуін айтады.

МОДУЛЯЦИЯ – бір тональдіктен екінші тональдікке ауысу.

МУЗЫКАЛЫҚ АКУСТИКА - музыкалық дыбыстар мен үндестіктердің табиғатын және музыкалық жүйелер мен құрылымдарды зерттейді.

МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ – музыкалық тәрбие, оқыту, даму ұғымдарының бірілігінде қарастырылады. Музыкалық білілімділік мазмұнын қрай келе кәсіби сферада (сазгерлік, орындаушылық, оқытушылық, музыканы зерттеу және т.б.) немесе музыкамен әуесқой ретінде өз бетімен шұғылдану әрекеттерін жүзеге асыруға көмектеседі.

МУЗЫКАЛЫҚ ДЫБЫС – белгілі биіктігі, ұзақтығы, күші және тембрі бар дыбысты айтады.

МУЗЫКАЛЫҚ ДЫБЫСТАРДЫҢ БИІКТІГІ – белгілі бір жиіліктегі дыбыстардың тербелістерін қабылдап, түйсіну болып табылады.

МУЗЫКАЛЫҚ ЖАНР – белгілі бір тарихи жағдайдың әсерімен пайда болып, мазмұны мен түр жағынан үздіксіз дамып, өзіне тән кейбір тұрақты белгілерін сақтап қалған шығарманың түрі.

МУЗЫКАЛЫҚ СТИЛЬ – көркемдік әдіс пен тәсілдер жиынтығы; өткен дәуірдің, қазіргі замандағы көркемдік әдіс-тәсілдер мен бағыт-бағдарламасы анықталған музыкакның өзіндік дара ерекшелігі, қолтаңбасы.

НОТА – («nota» – лат., итал. – «таңба») музыка дыбыстарын жазатын белгілі бір таңба.

ОКТАВА – бір дыбыстың келесі сегізінші биіктікте қайталануын айтады (октава – лат. – сегізінші; дыбыс тізбегінің сегізінші басқышы деген мағынада).

ПОЛИФОНИЯ – (гректің poly – көп, және phone – дыбыс, дауыс)көпдауыстылық құрылым, көлденең үйлестік негізінде қабылданып, бір уақытта екі немесе одан да көп әуеннің үйлесе дамитын дербес бірлігінде қалыптасады.

ПРЕЛЮДИЯ – бір актінің кіріспесі. Кейін прелюдия белгілі бір аспапқа арналған өз алдына шығарма болып кетті. Прелюдияны көп жазғандардың ішінде И.С.Бах.

РЕГИСТР – дыбыс тізбектерінің бояулық қасиеттері жағынан бір-біріне ұқсас, жақын аумағы. Үш регистр: төменгі регистр, немесе «бас» регистр, бұған – субконтроктава, контроктава, үлкен октава жатады; орталық – кіші және 1-2 октавалар; жоғарғы – 3-4-5 октавалардан құралады.

РОНДО – (франц. – шеңбер, дөңгелену) – бір тақырыпқа қайта-қайта келе беретін музыка түрі. Мұнда бас тақырып әннің қайырмасына ұқсайды. Сол бас тақырыпқа қайталап келекр алдында жаңа музыка болады. Оны эпизод дейді.

СОНАТА – (итал. - дыбыстау) екі тақырыптың күресі, талас-тартысы. Соната бір аспапқа жазылады: фортепианоға, скрипкаға т.б. Соната бір бөлімді, екі-үш-төрт бөлімді болады. Оның әрбір бөлімі қарама-қарсы болады. Бірақ бәрінің идеялық-көркемдік желісі бір сағаға құяды.

ТАКТ – бір күшті үлестен келесі үлеске дейінгі аралықтағы музыкалық шығарманың бір бөлігі.

ТОНАЛЬДІК – тоника дыбысымен айқындалатын ладтың орналасуындағы биіктік дәрежесі.

ТРАНСПОЗИЦИЯ (латынша transposition – көшіру, орын ауыстыру) – музыкалық шығарманы қандай да болмасын бір интервалға жоғары немесе төмен, болмаса бір тональдіктен екінші тональдікке көшіруі.

ФУГА – (лат. – жүгіру, қуу) әр дауыс бір-біріне бағынбайды, өзінің даму жолы болады. Бірақ беталды әр дауыс жүре бермейді, жалпы гармония-полифония заңдары бойынша ұласып отырады. Фугада бір дауыс екінші немесе үшінші дауысты қуып отырған сияқты болады. Фуга атануы содан.

ЭТЮД – (франц. – үйрену, зерттеу, жаттығу) үйренуге, дағдылануға арналған шығарма. Аспаптың қай-қайсысына да болса ойнап үйренгенде, орындаушы белгілі бір шығарма орындамас бұрын осы шығарманы ойнап жаттығады. Бірақ, этюд – көркем шығарма да бола алады. Мысалы, Шопеннің этюдтары оқулық емес, көркем этюдтар, «концерттік».

ЫРҒАҚ (ритм) – музыкалық шығармалардағы әр түрлі дыбыс ұзақтықтарының белгілі мерзімде алма-кезек ауысып отыруы.

1-апта

Тақырыбы 1.

Музыкалық – теориялық білімнің негіздерін игеру.



Мақсаты: музыкалық – теориялық білімнің негіздерін білу.

Негізгі сұрақтар мен олардың тезистік берілулері:

  1. Нота.

  2. Ырғақ. Жай метрлер мен өлшемдер


Нота – («nota» – лат., итал. – «таңба») музыка дыбыстарын жазатын белгілі бір таңба.

Музыкалық дыбыс төмен және биік дыбыстардан тұрады. Негізгі дыбыстар және оның атаулары (ноталары). Дыбыстар арасындағы қашықтық тон және жарты тон. Альтерацияның белгілері. Қара клавиштердің атаулары, ноталық жазу. Ноталық стан, қосымша сызықтар, скрипка және бас кілттері, скрипка мен бас кілттерде ноталық жазу.

Дыбыстардың ұзақтығы: дыбыстар ұзақтығының арақатынасының кестесі. Үзілістің кестесі: жартылай төрт бөлігінен, сегіздік бөлігінен, такт, тактердің шегі.

Музыка белгілі бір уақыт ішінде жазылып, орындалып, тыңдалып, қабылданатын көркем өнер түрі. Музыкалық шығарманы дұрыс ойнап, айтып, санай білу немесе музыкалық қимыл қозғалысын бір бағытта ұстап меңгере білу өлшем шамасына, яғни метрге байланысты. Кең мағынада ритм-музыка көлемінің архитектоникалық негізі (музыкалық ырғақтық тұтас пішін, кульминациялардың ара қатынасы, ырғақтық жалғасулар мен комбинациялық алмасу шарттары, ауыр және жеңіл такты үлестері, өлшемнің ең жоғары тәртібі). Өлшем және ырғақ түсініктерінің байланысы. Метр дегеніміз-бірқалыпты жүйедегі кесінді, бір уақытта тең ұзақтықтардың алмасулары, яғни қозғалыстың бір қалыптылығы (жүректің соққанындай). Ритм (ырғақ) дегеніміз-дыбыс толқындарын белгілі бір уақытта ұйымдастырушы. Музыканың өзінің бөлшектік екпініне қарай күшті үлес, әлсіз үлес болып такті ішінде бөлініп орналасуын және бір қалыпты алмасуларын метр (өлшем) деп атаймыз. Метр мен (өлшем) размер. Жай, күрделі және аралас метрлер мен өлшемдер. Жай, күрделі және аралас өлшемдерде ұзақтықтарды тәртіпке келтіріп топтастыру. Такт. Такті сызығы. Затакт (толық емес такт).



Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Күрделі және жай өлшемдер деген не?

  2. Кез-келген шығармадағы ырғағын ажырата білу.


2-апта
Тақырыбы 2.

Музыкалық – теориялық білімнің негіздерін игеру.



Мақсаты: музыкалық – теориялық білімнің негіздерін білу.

Негізгі сұрақтар мен олардың тезистік берілулері:

  1. Тональдіктер.

  2. Музыкалық терминдер.

Мына жай терминдерді жаттау қажет.



  1. Adagio (адажио) - асықпай, жай

  2. Agitato (аджитато) – көтеріңкі сезіммен толғана

  3. Allegro (аллегро) - тез

  4. Andante (анданте) – баяу, асықпай

  5. Contabile (каптобиля) - әндете

  6. Dolce(дольче) – нәзік, жұмсақ

  7. Forte (форте) – қатты (дыбыс)

  8. Piano (пиано) - ақырың

  9. Vivo (виво) – тезірек

  10. Moderato (модерато) – орташа, ұстамды

  11. Allegretto (аллегато)-жүргек

  12. Andantino (андентино)-тезірек

  13. Agitato (агигато)-көтеріңкі сезіммен толғана

  14. A tempo(темпо)-алдынғы екпін (тездетіп немесе жайлағаннан кейін алдынғы екпінге қайта түсу).

  15. Ritenuto (ритенуте)-жайлай,

  16. Rallentando (реллентанто)-жай

Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Музыкалық терминдер жатқа білу.

  2. Шығармадағы тоналдікті анықтау



3-апта
Тақырыбы 3.

Музыкалық аспаптар



Негізгі сұрақтар мен олардың тезистік берілулері:

  1. Басқа халықтардың музыкалық аспаптары

  2. Қазақтың халық музыкалық аспаптары

Кәсіби музыкалық аспаптарға симфониялық (опералық), үрлеп ойнайтын және эстрадалық оркестрлер құрамына енетін аспаптар жатады. Кәсіби аспаптардың шығу тегі халықтық музыкалық аспаптарға саяды. Музыкалық аспаптардың даму жолы адамзат қоғамының, оның мәдениетінің, музыкасының, орындаушылық өнерінің жолымен тығыз байланысты. Музыка жанрларының дамуына орай кейбір музыкалық аспаптар халық арасына кең тараған, өзгермей қазіргі заманға жеткен, ал бірқатары біртіндеп жойылып, олардың орнына жаңа музыкалық аспаптар пайда болған. Осы кездегі симфониялық оркестрде қолданып жүрген скрипка, флейта, гобой, кларнет, литавра, арфа, фортепьяно, т.б. ертеден келе жатқан аспаптар қатарына жатады. Бұл аспаптарды жетілдіру жұмысы 15 ғ-дан басталды, ал 18 ғ-да кеңінен қолға алынды. 16 – 18 ғ-лардағы брешан және кремон шеберлері (Гаспаро да Сало, Н.Амати, А.Страдивари, Дж.Гварнери) жасаған скрипкалар өте жоғары бағаланды.

Дыбыс шығару ерекшеліктеріне қарай музыкалық аспаптар негізінен үрлемелі (флейта, кларнет, саксофон, гобой, труба, валторна, сурнай, лимба, шоор, қурай, сыбызғы, т.б.); шекті ысқылы (виола, скрипка, альт, виолончель, контрабас, гиджак, икили, қылқобыз, т.б.) жәнешертпелі (арфа, лютня, гитара, балалайка, жетіген, дутар, рубаб, чанг, домбыра); соқпалы (барабан, литавра, ксилофон, челеста, нагора, дойра, дауылпаз, дабыл), т.б. болып бірнеше топқа бөлінеді. Қазіргі заманда қолданылатын ‘‘электрлі музыкалық аспаптар’’ тобы бар.



Музыкалық аспаптардың әрқайсысының өзіне тән дыбыс тембрі (бояуы), динамикалық мүмкіндігі (ырғағы), белгілі бір диапазоны болады. Музыкалық аспаптардың дыбыс шығару сапасы аспаптарды жасауда қолданылатын материалдардың түрі мен қасиетіне, пошымына, дыбыс шығару тәсіліне байланысты. Музыкалық аспаптардың алғашқы қарапайым түрлері табиғаттағы түрлі дыбыстарға, адамның, хайуанаттардың дауысына еліктеуден шыққан. Ол ‘‘халықтық’’ және ‘‘кәсіби музыкалық аспаптар’’ болып бөлінеді. Әр халықтың музыкалық аспаптарының өзіндік ерекшеліктері болады. Сондай-ақ өзара этникалық, тарихи-мәдени байланысы бар бірнеше халықтарға ортақ әрі олардың “ұлттық аспабы” болып саналатын музыкалық аспаптар бар. Мысалы, бандура тек Украинада, пандури мен чонгури Грузияда ғана болса, гуслижалейкаволынкалар орыстарда, украиндарда, белорустарда да бар; саз,тарзурна Әзірбайжан мен Арменияда кездессе, Өзбекстан мен Тәжікстанның бірқатар аспаптары ұқсас болып келеді. 19 ғасырдың аяғында В.В. Андреевтің және оның серіктері С.И. Налимов, Ф.С. Пассербский, Н.П. Фоминдердің көмегімен кейбір музыкалық аспаптар (балалайка, гусли, домрат, т.б.) жетілдіріліп, солардың негізінде орыс халық аспаптар оркестрі құрылды.

Адырна - қазақ халқының өте ерте заманнан келе жатқан көп ішекті музыка аспабының бірі. Ежелгі заманда бұл аспапты аңшылар ұстаған. Садақ атып, жебе тартып, аң- құстарды аулаған. Әуелде адырна садақ пішінді болды. Кейін бұл аспапты бұғы, марал, арқар тұрпатты аңдардың тұлғасына ұқсастырып жасады.Әуелі ағаштан құрап шанақ, мүйіз жасалынып, шанақтың асты- үсті терімен қапталады.Мүйізге жағалай құлақтар бекітіліп, ішіктер байланады. Сөйтіп, аспапты екі тізенің үстіне қойып, оң қол, сол қол саусақтарымен іліп тартып ойнайды. 
Аса таяқ - сілку арқылы үн шығаратын көне музыкалық аспап. Ұзындығы 110- 130 см. Тұтас ағаштан арнайы қалыпта жасалады. Басы күрек тектес. Бас жағына түрлі темір сақиналардан сылдырмақтар тағылып, өрнектермен әшекейленеді. Аса таяқ өзіндік үнімен ерекшеленеді. Аспапты ырғап, шайқап ойнайды. Аса таяқ аспабын ертеде көбінесе бақсылар қолданған. Қазіргі кезде көне үлгілері қайта жасалынып, ұрмалы музыкалық аспаптар тобына қосылады. 
Домбыра - қазақ халқының арасына өте ерте және кең тараған, ғасырлар сырын сақтаған қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспаптың бірі. Өзіне тән ерекшелігі бар, ішекті, шертпелі аспаптар тобына жатады. Домбыра әр түрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып, немесе құрап жасалады. Мойнына он тоғыздан жиырма екі санына дейін пернелер байланады. Арнайы құлақ күйге келтіріледі.Домбыраның екі ішектісінен басқада үш ішекті, қос жақты, кең шанақты, қуыс мойын, шіңкілдек деп аталатын түрлері бар. Даусы майда, қоңыр, құлаққа жағымды. 
Дауылпаз - ұрып ойналатын музыкалық көне аспаптың бірі. Халық тұрмысында кеңінен қолданылған. Әсіресе, бұрынғы кезде, жаугершілікте дабыл қағып, белгі беру үшін пайдаланған. Аспаптың жасалу құрылысы анағұрлым күрделі. Ол тұтас ағаштан ойылып жасалады. Бет шанағы терімен, қапталады. Иыққа асып алып алу үшін қайыстан арнайы аспалы бау бекітіледі. Дауылпаз ағаш тоқпақпен ұру арқылы дыбысталады. Қазіргі кезде дауылпаз аспабы көптеген фольклорлық ансамбльдерде кеңінен қолданылып жүр. Дауылпаз тектес аспаптар әр түрлі атпен басқа халықтарда да кездеседі. Айталық, өзбек халқында - «Тәбльбасс», Қырғызда « Доолбас» деп аталады. 
Жетіген - қазақ халқының өте ерте заманнан келе жатқан жеті ішекті шертпелі музыка аспабы. Аспап ағаштан құрастырылып жасалады. Құрылысы өте қарапайым. Жетіген аспабы талай жүздеген жылдар өтседе, баяғы қарапайым күйінде. Жетілдірілген түрінде он үш ішек байланып, арнайы тиектер қойылады. Аспаптың үні өте нәзік, құлаққа жағымды. Ел арасында аспаптың шығуы жайында көптеген аңыздар айтылады. Сол бір аңыздың бірінде: өткен заманда өмір сүрген бір қарияның жеті баласынан айрылған қасіретті қайғысынан туындаған әуен деседі. Бізге «жетіген» деген атау осылай жеткен. Қазіргі кезде жетіген аспабы көптеген ансамбльде ойналып, кеңінен насихатталып келеді. 
Желбуаз – үрлемелі аспаптар тобына жататын, ерте заманнан келе жатқан, ел көзіне еленбеген көне музыкалық аспабының бірі. Аспап иленген мал терісінен жасалады. Сырт көрінісі меске ұқсас. Аузын бекітіп тұратын тығыны болады.Әуен шығаратын екі сырнай түтікше бекітеді. Мойынға асып алып жүруге ыңғайлап, қайыстан арнайы бау тағылады. Ұстап жүруге өте жеңіл. «Желбуаз» аспабын белгілі компазитор Н. Тілендиев « Отырар сазы» оркестрінде қолданды. 
Қыл қобыз - ерте заманнан келе жатқан қазақ халқының екі ішекті ысқышпен ойналатын аспабының бірі. Өзіндік жасырын сыры мол, адамның еркіне көне қоймайтын, күрделі аспап. Ішегі жылқының қылынан жасалады. Қобыз аспабының екі ішектісімен бірге – үш, төрт ішектілер және «нар қобыз», «жез қобыз» деп аталатын түрлері де бар.Қобызды ағаштан шауып немесе құрап жасайды. Беті жартылай терімен қапталады. Ол дыбыстың жаңғырып шығуы үшін керек. Ерте заманда қобызды тек бақсы – балгерлер ғана ұстаған. Халық аңызында қобыздың пайда болуы Қорқыт ата есімімен тығыз байланысты екені де айтылады. 
Сақпан - өзіндік үнімен ерекшеленетін сілкімелі қазақ халқының көне музыкалық аспаптарының бірі. Ертеде үй тұрмысында, әсіресе мал шаруашылығында кеңінен қолданылған. Қойшылар көктемгі төл кезінде бұл аспаптың дыбысымен қой қайырған. Шаруалар егістікке қонған құстарды үркіту үшін де пайдаланған. Кейбір өнерпаздар сақпанмен өзінің әуенін сүйемелдеген.Сөйтіп, сақпан музыкалық аспап дәрежесіне көтерілді. 
Шаң қобыз - бітімі бөлек, ойналуы ерекше қазақ халқының көне музыкалық аспабы. Үні құлаққа жағымды, адам даусына жақын. Аспапта ойнау ерін мен тістің арасындағы қуысқа тікелей байланысты. Ойнау кезінде орындаушы оң қолымен тілшенің ұшын шалып отырып, шапшаңдата дыбыстайды. Дыбысы тілшені қозғалысқа келтіргенде шығады.Аспапта жеке ән- күй орындап қана қоймай, басқа да көне музыка аспаптарымен бірге халық әуендерін сүйемелдеуге болады. Шаң қобыз аспабының құрылысы қарапайым, жұқа тақтайшадан жасалады. 
Саз сырнай – алты тесікті үрлеп ойналатын аспап. Саз балшықтан күйдіріліп жасалады. Мұның бетіне өрнек ойылып, ол жыланкөзбен көмкерілген 
Үскірік – үрлеп ойнайтын аспаптардың ескі түрі. Саусақпен басып дыбыс шығаратын үш тесігі бар. Саз балшықтан күйдіріліп жасалады. Аспаптың дыбысы үскіріп соққан боран мен қатты желдің уіліне ұқсас болғандықтан – үскірік, кей жерлерде уілдік деп аталады. 
Сыбызғы - үрмелі аспаптардың ішінде кең тарағаны. Бұл аспап бақташы-малшылардың өмірімен тығыз байланысты болғандықтан, ел ішіндегі қариялар оны «жылқы малының азаны» деп атаған. Сырты жылтыр сары қурайдан жасалатын сыбызғының сырты малдың ішегімен кейде мал өңешінің ақ шелімен қапталады. Бұл оның жауын-шашынға төзімді болып сақталуына, қурайдың жарылып кетпеуіне және үнінің таза сақталуына байланысты қолданылатын әдіс-тәсіл. Сыбызғы аспабының үні самал желдей майда, тембрі жұмсақ, ерекше әсерлі. 
Бұғышақ – сүйек пен мүйізден жасалатын аспаптардың бір түрі. Аспаптың дыбысы марал мен бұғылардың даусына ұқсас болғандықтан, жайылып жүрген маралдарды бір жерге жинау үшін қолданылады. Аспаптың бұғышақ аталуы «бұғы шақырғыш», «бұғы сыбызғы» деген түсініктерден туындаған. 
Шертер – ішекті-шертпелі аспаптардың ішінде беті терімен қапталып жасалатын үш ішекті, шертіп ойнайтын көне аспап. Ішегі жылқы қылынан тағылғандықтан, ертеде ол «шертпе қыл» деп аталған. Осы нұсқасында ол қылқобызға ұқсас, алайда ол ыспалы емес, шертпелі аспап. Қазіргі кезде шертер ең көне (архаикалық), және дамыған нұсқа деп бөлінеді. 
Керней тұтасымен металдан жасалады. Кернейге дыбыс ойықтар салынбайды, үрлеу арқылы дыбыс шығарылады. Кернейдің жез металынан жасалатын үлгісінің жалпы ұзыны 1 метр 50 см, ені 30-35 см болып жасалса, ағаштан жасалатын кернейдің ұзындығы 1 метр, шеңбер аумағы 20-25 см етіліп, сыртына түйе өңешін қаптап жасайды. Бұл – ағаштың жарылып кетпеуі үшін қолданылатын халықтық әдіс. Керней этнографиялық аспап ретінде сирек кездеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет