ПОЛИТОЛОГИЯ ЖАУАПТАРЫ
1) Саясаттану пəні ғылым ретінде
Саяси ғылым (саясаттану) – саяси қатынастардың барлық облыстарын зерттейтін қоғамдық ғылымның бекітілген термині.
Саясаттану ең жас гуманитарлық ғылымдардың бірі. Саясаттанудың өз алдына жеке дербес ғылым болуы 19 ғасырдың бірінші жартысында, Германиядағы мемлекетті зерттеуді мақсат еткен құқықтық мемлекетпен пайда болуынан басталады
2) Саяси ғылымның құрылымы жəне оның негізгі əдістері.
Саяси ғылым (саясаттану) – саяси қатынастардың барлық облыстарын зерттейтін қоғамдық ғылымның бекітілген термині. Саясаттану саясат туралы сұрақтарды зерттеуде бағыттаушылық қызмет атқарып, олардың жүйелі əрі комплекстізерттелуін қамтамасыз етеді, сонымен қатар, көп жағдаайда зерттеушілердің назарынантыс қалып қоятынсаяси құбылыстарды, оқиғаларды, институттарды зерттейді.
Əдістері
а) қоғамның саяси институттарының – мемлекет, партиялар жəне т.б. жұмыс жасау заңдылықтарын құрылымдық – функцияналдық талдау əдісі;
ə) саяси жүйе құрылымын, əртүрлі елдердің саяси билік механизмдерініңқызмет атқару нəтижелілігін салыстырмалы талдау əдісі;
б) саяси субъектілерін, олардың қоғам дамуындағы рөлін дифференцияциаланған талдау əдісі;
в) саяси жоспарлау менболжау жəне ұзақ мерзімді бағдарламалардың, экономикалық, əлеуметтік өзгертулердің зардаптарының есебін жүргізу əдісі.
3) Қазіргі қоғамдағы саясаттанудың негізгі функциялары.
териялық функция, оның мақсатыəр түрлі кезеңдерде қоғам дамуының мінез-құлықын түсіндіруші негізгі концепциялы парадигмаларды қалыптастыру болып табылады;
методологиялық функцияның мақсаты саяси шындықты тануда зерттеушіні тиімді тəсілдермен қаруландыру (əдістерді жоғарырақ қараңыз);
практикалық функцияекі аспектіден құралады: саясаттанудың қолданбалы мағынасын күшейту (шындық өмірге қатыстыру, саяси тəжірибелердің қажеттіліктерге назар аудару ); билікпен өзара қатынас.
болжаушылық функция; ғылыми сараптамалар өткізуді, саяси процестерді үлгілеуді болжайды;
танымдық, ол саяси шындықты нақты саяси процестер жəне құбылыстар арқылы аңғаруға ұмтылады;
идея – тəрбиелік, адамның саясатқа қосылуына, өзінің азаматтық дұрыс көзқарасын қалыптастыруға көмектеседі жəне т.б.
Осы қызметтер жүзеге асырылу нəтижесінде саясаттану тек қана оқып қоя салатын емес, іс-əрекет ететін ғылым ретінде алға шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |