Практикум бастапқы кәсіптік білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің оқу процесінде оқу



Pdf көрінісі
бет47/83
Дата16.03.2024
өлшемі3.07 Mb.
#495826
түріПрактикум
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   83
Косолапова-Н.В.-Тіршілік-қауіпсіздік-негіздері

Аэрозольді өрт сөндіргіш оттексіз жанып жатқан электр 
қондырғыларының, əр түрлі материалдардың, қатты заттардың
жанғыш сұйықтар мен жеңіл жанатын өрт ошағын сөндіруге арналған.
Аэрозольді өрт сөндіргіш құралы бу шығаратын көмірқышқыл 
(бромды этил, хладон, хладондар қоспасы немесе бромды этил мен 
хладонның қоспасы жəне т.б.). Сорғыш типтегі құралға өрт сөндіргіш 
заттар мен өрт сөндіргіш құрылғылармен жəне қосымша (жұмыстық) 
газдар (мысалы, ауа, азот) құйылады. Қолмен іске қосатын аэрозолды 
өрт сөндіргішінде қуат өлшемінің жұмысы 0,25; 0,5; 1,0 л. болады.
Аэрозолды өрт сөндіргіш құрылғылары оңай, ал құрамдарын дұрыс 
пайдалансаң сенімді. Бұндай кішкентай құрал автокөліктің тұтануын 
сөндіру кезінде кең таралған.
5.5-
сурет. 
Көмірқышқылды ОУ-2 
өрт сөндіргіші 


82
 
Аэрозолды 
өрт 
сөндіргіштің 
кемшілігі оны пайдалануда абай болу 
қажет, қауіпсіздік техникасын сақтаған 
абзал жəне адамның тыныс алу 
жолына түспегені дұрыс. 
Ұнтақты өрт сөндіргіш – бұл өте 
кең қолданылатын өрт сөндіру түрі, 
Жанудың барлық түрін тоқтатуда 
қолданылады. 
Оның 
үш 
түрі 
шығарылады: қолды (тасымалды), 
қозғалмалы жəне стационарлы. Өрт 
сөндіру құралы ретінде жадпы жəне 
арнайы 
белгіленген 
ұнтақтар 
қолданылады.
Қолды (тасымалды) өрт сөндіргіш 
ОП-5 (5.6-сурет) мотоцикл тұтанғанда, жеңіл жəне жүк автокөліктері 
жанғанда, ауылшаруашылық техникалық жанғандай қолданылады. 
Сонымен қатар, ток қысымы бар электр қондырғыларды сөндіруде өте 
тиімді. Пəтерлердегі, қонақ үйлердегі, кеңседегі, шеберханалардағы, 
гараждардағы, химиялық объектілердегі өрт сөндіру қалқанына 
осындай өрт сөндіргіш құралды қосу ұсынылады. -50 мен +50 
температура арасында құралдар тиімді жұмыс жасайды.
Өрт сөндіруші ОП-5 əрекет принциптері мынаған негізделген. 
Ажырату-іске қосу жұмысын жасауда құрылғы жұмыс газымен (азот, 
көмірқышқыл газ) бітеледі. Газ түтік арқылы астына түседі де, 
атқылау қысымын тудырады. Ұнтақ сифонды түтікте қысылады. 
Шүріппені басып ұнтақ шығаруға болады. Жанып жатқан жерге 
тұскен ұнтақ ауа оттегін жояды. 
ОП-5 өрт сөндіргіш құралын пайдалану үшін пломбаны үзу, чеку 
жырту қажет. өрт ошағына бағытап тетікті барынша көтеру жəне 
шүріппені басу; 5 с өртті сөндіруге кірісуге болады.
Ұнтақты өрт сөндіргіштің кемшілігі пайдаланған соң ұнтақ 
толықтай жиналмауы мүмкін. Мысалы, автокөлік қозғалтқыш майын 
сөндіруде ұнтақ жəне температура қозғалтқыш жұмыс істеу 
қабілеттілігін төмендетіп жібереді.
Өрт сөндіргіш құралдарды сақтау және қолдануда болмайтын 
жағдайлар:
5.6-
сурет. Ұнтақты ОП-5 өрт 
сөндіргіші 


83
 
 
өрт сөндіргішті күннің тікелей түсуінен, атмосфералық 
күркіреулерден, агрессивті ортадан қорғау; 
 
өрт сөндіру құралының аузын жақын тұрған адамға шашу; 
 
Өрт сөндіргішті жылу беретін құралдардың жанында қалдырмау; 
 
Белгілемей өрт сөндіргішті пайдалануға болмайды. 
Тыйым салынады
 
корпусында сызат, ажырату-іске қосу басында тесік болса, 
түйіндердің дұрыс емес қосылуында пайдалануға; 
 
корпусында шамадан тыс қысым болғанда кез келген жұмысты 
жасауға; 
 
өрт сөндіргішті ұруға немесе газ шығатын түтікшенің аузын ұруға. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет