~ 196 ~
клиникалық суреттемесінде сенестопатиялар, ӛз денсаулығына аса кӛңіл
бӛлу, мазасыздану басымдылық кӛрсетеді. Шын мәнінде жоқ дерт жӛнінде
ойлар оңай пайда болады, әртҥрлі мамандарға қаралып, емделгісі келеді.
Олар жағымсыз сезімдерге кӛп кӛңіл бӛледі, ауыр дерт жӛнінде
ойлар
мазалайды. Науқас денесінің жеке бӛліктеріндегі немесе локализациясы
белгісіз жағымсыз сезімдерге шағымданады. Мҧндай сезімдер жиі қандай-да
бір соматикалық немесе басқа топ ауруларына ҧқсас болып келеді.
Ипохондриялық кӛріністер науқас шағымдарының ішінде басты орын алады.
Ауыр дерт жӛніндегі ойлар аса бағалы сипат алады. Ӛзіндегі басқа да қажу,
кӛңілінің тҥсіп кетуі және т.б. тәрізді психикалық бҧзылыстарды науқас дерт
салдарымен немесе соматикалық сәтсіздік салдарымен байланысты деп
есептейді. Әртҥрлі мамандарға кӛрініп, ӛзінде ауыр дерттің бар екендігін
дәлелдеуге тырысады. Мҧндай науқастарда жиі ағза жҥйесінің
функциональды бҧзылыстары байқалады. Бірақ бҧл ауытқулар ӛздері
сипаттаған жағдайдың ауырлығына сәйкес келмейді.
Терапия
нәтижесінде, ӛмір салтын ӛзгертуге ҧсынымдар берілгенде
ипохондриялық кӛріністер әлсірейді немесе толық жойылады. Олар
сақталып, тҧрақты сипат алғанда науқастар ӛздерінің, ерекше шараларын
қолданады, бҧл ипохондриялық синдром характерологиялық бҧзылыстармен
бірігіп жҥретін ипохондриялық тҧлға дамуы жӛнінде айтуға мҥмкіндік
береді.
Невротикалық депрессия (депрессивті невроз)
Әртҥрлі психикалық аурулар арасында патоморфоздың негізгі
тенденцияларына сәйкес аффективті бҧзылыстар,
соның ішінде депрессивті
бҧзылыстар жиіледі.
Невротикалық депрессияның клиникалық кӛріністерінің суреттемесі ХХ
ғасырдың 30-шы жылдарында пайда болды. Бҧл невроз тҥрі бірбеткей,
ригидті, компромиссті шешім қабылдауға және ситуацияны жан-жақты
бағалауға қабілетсіз мінезбен адамдарда кездеседі деген мәлімет бар.
Аурудың бастапқы кезеңінде дистониялық сипаттағы вегетативті бҧзылыстар
байқалады, артынан жабырқаулы кӛңіл-кҥй, ҧйқы бҧзылысы, қорқыныш ҥрей
пайда болады. Жабырқаулық баяу ҥдейді, және, ереже бойынша,
науқастар
бҧл кҥйді психожарақаттық ситуациямен байланыстырмайды. Таңертең
науқастар әлсіздік, қалжырау сезінеді. Невротикалық депрессия жиі
жанҧялық-жыныстық қатынасқа қатағаттанбаушылық
әсерінен дамиды,
сондықтан науқастар жҧмысқа асығады, онда олар ӛздерін жақсы сезінеді.
Психожарақаттық ситуацияның субьективті шешімінің жоқтығына
қарамастан, невротикалық депрессиямен науқастарда ситуацияның сәтті
шешілетіндігіне ҥміт сақталады, осыған байланысты
оларда суицидальды
ойлар дамымайды.
Невротикалық депрессияда тҧрақты вегетативті бҧзылыстар байқалады,
олар жиі гипотония, спастикалық колит және т.б. Тҧлғаның невротикалық
~ 197 ~
дамуына
ӛту
кезеңінде
қандай-да
бір
ситуацияға
байланыссыз
жасаурағыштық бақыланады. Осы бҧзылыс науқасты психиатрға кӛрінуге
мәжбҥрлейді.
Невротикалық депрессияның ҧзақ ағымында
және жарақаттық жағдай
сақталғанда невроздың негізгі формасына - обсессивті-фобиялық,
астениялық, истериялық тҥрлеріне сейкес келетін мінез-қҧлықтық
бҧзылыстармен тҧлғаның невротикалық дамуына ауысу орын алуы мҥмкін.
Достарыңызбен бөлісу: