Психиатрияға кіріспе тармақ психиатрияның жалпы мәселелері тарау



Pdf көрінісі
бет169/321
Дата01.03.2024
өлшемі5.77 Mb.
#493550
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   321
Психиатрия(каз)(@kaz medical students) (1)

Жарақаттық ақылкемдігі бас-ми жарақатының алыс салдарының 
салыстырмалы тҥрде сирек кездесетін кӛрінісі, жиі бастың ашық жарақаты 
және бассҥйек негізінің сынуымен мидың ауыр контузиясы нәтижесінде 
дамиды. Ақылкемдігі дисмнестикалық тип бойынша дамиды. Клиникалық 
кӛрінісінде сылбырлық, аспонтандылық, жігерсіздік немесе тітіркену 
ҧсатамаларымен ҥзіліп тҧратын эйфория болады.
Қарт адамдарда бас-ми жарақаты ішінен ми шайқалуы басым кездеседі. 
Бҧл жағдайда жеңіл жарақаттардың ӛзінде әрқашан сана жоғалуы кӛрініс 
береді. Жедел кезеңінде жиі бас айналу байқалады. Жарақаттан кейін ес 
бҧзылыстары айқын кӛрініс береді. 


~ 262 ~ 
Этиологиясы, патогенезі және патоморфологиялық ӛзгерістер 
 
Бас–ми жарақаты кезіндегі пайда болатын бҧзылыстар, соның ішінде 
психикалық бҧзылыстар оның ауырлық дәрежесіне, орналасуына, сонымен 
қатар, басқа да кӛптеген жағдайларға - бір уақытта басқа мҥшелердің 
зақымдалуы, жалпы қан жоғалту, инфекциялар, интоксикациялар қосылуына 
және басқа да клиникасына әртҥрлі симптоматика беріп, психикалық 
бҧзылыстардың полиморфизмін кӛрсететін факторларға байланысты. 
Бас-ми жарақатының жедел кезеңіндегі психозды ми гемодинамиканың 
жедел бҧзылыстармен байланыстырады. Жарақаттық психоз кӛрінуінде, 
дамуында және ағымында капиллярлар ӛткізкізгіштігінің жоғарылауы 
нәтижесінде болатын ми ісінуінің едәуір маңызы бар. 
Бас–ми жарақатының жабық және ашық тҥрлерінде де жедел кезеңінде 
жалпы милық симптомдар кӛрінеді. Ашық жарақаттың клиникалық кӛрінісі 
ми зақымдалуына, инфекциялық ҥрдістің, жиі іріңді менингоэнцефалит 
дамуына байланысты болады. 
Бас-ми 
жарақатының 
жедел 
кезеңіндегі 
психоздар 
кезіндегі 
патоморфологиялық 
ӛзгерістер 
бас 
миының 
ісінуімен 
және 
геморрагиялармен кӛрінеді. Бас-ми жарақатының алыс салдарының 
патоморфологиялық субстраты энцефалопатия болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   321




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет