Психикалыќ процестерді зерттеу їшін ўсынылєан тестілер жиынтыєыныѕ їлгісі


Ойлаудың түрлерін зерттеу әдістемелері



бет6/31
Дата21.11.2022
өлшемі0.91 Mb.
#465368
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
0,1,2,3,4 тест

Ойлаудың түрлерін зерттеу әдістемелері

1. "Фигураларды қос" әдістемесі

Көрнекі -әрекеттік ойлауды бағалау
Балаға суреттің жоғары жағында көрсетілгендей, төменгі жағындағы фигураларды түзу сызықпен қосуды ұсыныңыз (10, 10а суреттер)
Мақсат тапсырманы мүмкіндігінше тез және дәл орындау. Барлық сызықтардың түзу болуы және фигуралардың бұрыштары дәл қосылуы қажет.Сонымен бірге,фигуралардың нұсқасы үлгі-суреттерде бейнеленген орындарында сызықтарының үстін баса жүргізілгені дұрыс.
Жұмыстың ұқыптылығы, дәлдігі және жылдамдығы бағаланады.
Егер бала барлық жұмысты орындауға 100 секундтан кем уақыт жіберсе, егер барлық сызықтар дәл берілген нұсқалармен сәйкес келсе,олар түзу және фигуралардың бұрыштарын дәл қосқан болса, яғни тапсырма өте жақсы орындалған, баланың көрнекі-әрекеттік ойлау деңгейі жоғары болғаны.

10-сурет 10а-сурет
2. "Артық зат" әдістемесі

Бейнелі-логикалық ойлау-талдау және жинақтау ақыл-ой амалдарын бағалау
11- суретте әр карточкада төрттен, әртүрлі заттар бейнеленген. Барлығы 6 карточка. Балаға біріншісін көрсетіңіз де, 4 заттың біреуі артық екенін түсіндіріңіз. Соны анықтап,өз шешімін түсіндіру қажет.Бұдан кейін балаға ойланып,қалған үш затты бір сөзбен қалай атауға болатынын айтуды сұраңыз.
Егер 6-7 жасар бала артық затты дұрыс тауып және кемінде 4 карточкадан жалпылаушы сөзді дұрыс тапса, онда көрнекі ойлау деңгейі жақсы болғаны.

11-сурет
3. "Қисынсыздықтар" әдістемесі

Бейнелі-логикалық ойлауды бағалау
Балаға әртүрлі қисынсыздықтар бейнеленген суретті (12 сурет) көрсетіңіз.Одан суретті мұқият қарап,ненің дұрыс салынбағанын, неліктен және қалай дұрыс болуы керектігін айтуын сұраңыз.
Тапсырма орындауға 2 минут уақыт жіберіледі.
Егер бала 8 ден артық қисынсыздық байқаса-бұл жақсы нәтиже.

12-сурет
4. Сөздік-логикалық ойлауын бағалауға арналған әдістеме

Бала сұрақтарға жауап береді:

  1. Жануарлардың қайсысы үлкен:- ат әлде ит?

  2. Таңертең кісілер ертеңгілік ас ішеді. Ал кешке ше?

  3. Күндіз далада жарық, ал кешке ше?

  4. Аспан көгілдір, ал шөп ше?

  5. Шие,алмұрт, қара өрік, алма- бұлар не?

  6. Поезд келе жатқанда неліктен шлагбаумды түсіреді?

  7. Москва, Астана, Карағанды-бұлар не?

  8. Қазір сағат неше? (Балаға сағат көрсетеді де, уақытты айтуын сұрайды.)

  9. Кішкентай сиыр - бұл бұзау. Кішкентай ит және кішкентай қой -бұл ?..

  10. Ит көбірек қайсысына ұқсайды - мысыққа немесе тауыққа?

  11. Автомобильге тежегіш (тормоз) не үшін қажет?

  12. Балға мен балта бір-біріне несімен ұқсайды ?

  13. Тиін мен мысық бір-біріне несімен ұқсайды?

  14. Шеге мен винттің айырмашылығы неде?

  15. Футбол, биіктікке секіру, теннис, жүзу-бұлар не?

  16. Транспорттың қандай түрлерін білесің?

  17. Кәрі кісінің жастан қандай айырмашылығы бар?

  18. Адамдар спортпен не үшін айналысады?

  19. Егер кімде-кім жұмыс істегісі келмесе неге жаман деп есептелінеді?

  20. Конвертке не үшін марка желімдеу керек?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет