«Психология және адам дамуы» пәнінің


Дәріс тақырыбы. Темперамент



бет4/6
Дата17.06.2016
өлшемі0.52 Mb.
#141942
1   2   3   4   5   6

Дәріс тақырыбы. Темперамент.

Жоспар.


1. Темперамент туралы жалпы түсінік.

2. Темперамент физиологиялық негізі.

3. Темперамент туралы теориялар.

4. Темпераменттің типтері.



Дәрістің қысқаша мазмұны.

Темпераменттің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәйекті етіп түсіндірген И.П.Павловтың ілімі темпераментті ғылыми сара жолға түсірді. Соңғы жылдары көрнекті орыс психологы Б.М.Тепловтың лабораториясында жүйке жүйесінің типтері одан әрі зерттеле түсті. Бұл зерттеулерде И.П.Павловтың жүйке жүйесінің төрт түрлі типі туралы ұғымы адамдардың жеке өзгешеліктерін, әсіресе, оның темпераменттерін анықтауда ерекше маңызды ғылыми теория екені дәлелденді.

Темперамент жайлы ғалымдардың пікіріне тоқталсақ: темперамент - жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл-қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады.

Темперамент туралы алғашқы ой-пікірлер ғылымда өте ерте кездің өзінде-ақ айтыла бастады. Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы, дәрігер Гиппократтың еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер айтылған. Гиппократтың ойынша, әртүрлі темпераменттер адамдар мен жануарлардың денесіндегі төрт түрлі сұйық затқа байланысты деген. Олар: денені жылытып тұратын - қан, салқындататын - сөл, құрғататын - баурдағы сары өт және оған дымқылдық беретін қара өт. Осы төрт түрлі сұйықтың араласуының пропорциясын грекше «красис», латынша бұл терминді темпераментум деп атап кеткен. Сөйтіп, Гиппократ адамдағы темпераменттердің әртүрлілігі ағзадағы осы төрт түрлі сұйық заттың бір-бірінен аз- көптілігіне байланысты деп түсінген. Мәселен, қанның пропорциясы көп болса - сангвинник (латынша «сангиус»), ал сөл көп болса – флегматик (грекше «флегма»), ал ағзада қара өт көп болса – меланхолик (грекше «мелай-нехоле»), сары өт көп болса – холерик (грекше «холеот») темпераменті деп аталған.

Темпераменттің типтері. И.П.Павлов жүйке жүйесінің типтері туралы ілімі бойынша әртүрлі темперамент өкілдерін былайша сипаттады:

Сангвинник – эмоциялық қозуы шапшаң, күшті, бірақ тұрақсыз. Оның көңіл-күйі әп-сәтте өзгереді. Ол - әсершіл адам, ұнатқан, сүйген нәрсесіне елігіп, әуестенуі де оңай. Ақкөңіл, көпшіл, сөзшең, қайырымды.

Холерик – эмоцияға берілуі шапшаң, сезім күйлері оқыс ауытқып, құмарта көтеріп кететін шыдамсыз, күйгелек кісі. Ол әп-сәтте күйіп-піседі. Ашуланса, бұрқ-сарқ етіп, қызу екпіні сарқылып барып басылады. Іске шапшаң кіріседі, бастаған ісін аяқтап шығады. Қимыл әрекетті сүйеді, тез қозғалады. Сезімтал болғандықтан, түрлі әсерге тез беріліп, ызақор, ашуланшақ болады.

Флегматик – эмоциялық қозуы әлсіз, көңіл-күйі байсалды, желікпейді, ашуланбайды, орнықты қалпында ұзақ сақталады. Оның жадырап қуануы да, жабырқап қайғыруы да қиын. Аз қозғалады, сылбыр не баяу қимылдайды. Іс-әрекеті тиянақты, бастаған ісін аяқтайды. Байсалды, орнықты келеді. Өте сақ, сенімі тұрақты, бір қалыпты, салқынқанды, жай темппен сөйлейді.

Меланхолик – эмоциялық көтерілуі табанды, күшті, тұрақты болады. Сыртқы көрінісі әлсіз келеді. Әр нәрседен ауыр әсер алады. Көңіл-күйі баяу, жабырқау, сыртқы жағдайдан сескеніп, үрейленіп тұрады. Кедергі кездессе уайымдайды. Өкпелегіш, сөзге сараң, жайбасар келеді. Адамдармен қарым-қатынасы жоқ, ұялшақ, тұйық.

уақыт жетпейді. Сол жағдайға байланысты мұндай балалар пассивті, әрі оқуда артта қалушылар қатарына қосылып жатады.

Зерттеуші Б.М.Теплов былай дейді: «Темперамент ерекшеліктеріне тәуелді адамдар іс - әрекеттің соңғы қорытындысымен ажыратылмайды, олардың қорытындыға жету қабілетімен ажыратылады». Осы ойды дамыту барысында психологтар зерттеу жүргізді және іс - әрекетті орындау амалымен, темперамент ерекшелігінің арасындағы байланысты анықтайды. Әрбір адамда қандай да бір қызметті орындауда қызметтің жеке даралық стилі өндіріледі. Қызметтің жеке даралық стилі адамда өздігінен пайда болмайды, ол оқу, тәрбие процесінде қалыптасады.

Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:



    1. Темперамент дегеніміз не?

    2. Темперамент типтерін атаңыз.

    3. Темперамент типтеріне психологиялық сипаттама беріңіз.

Әдебиеттер:

      1. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

      2. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. А., 1995

      3. Немов Р.С. Психология. М., 1998

      4. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000

      5. Столяренко Л.Д. Основы психологии. М., 1997


Дәріс тақырыбы. Мінез туралы түсінік.

Жоспар.


  1. Мінез туралы түсінік.

  2. Мінез бітістері.

  3. Мінез туралы теориялар.

  4. Мінез типтері.

  5. Мінездің қалыптасуы.

Дәрістің қысқаша мазмұны.

Мінез – жеке адамның өзіне тән қылық әрекетінде, тіл қатынасында тұрақты қалыптасатын дара ерекшеліктерінің жиынтығы. И.Кант мінезді темпераментпен салыстыра отырып, оны адамда жүре пайда болатын қасиет деп анықтады. Сондай – ақ, ол адамның даралық қасиеттеріндегі туа пайда болатын ерекшеліктер мен жүре пайда болатын ерекшеліктерді бөліп көрсетеді. Адам мінезінің қалыптасуы қоғамдық болмыспен, әлеуметтік ортамен тығыз байланысты. Осылар мінездің дамуы үшін шешуші роль атқарады. Мінез өзгермейтін тума қасиет емес, ол өмірде қалыптасады.

Мінез ерекшеліктері адам қызығушылығымен тығыз байланысты, бірақ оның бұл қызығулары мәнді әрі тұрақты болуы шарт. Адам мінезі сан алуан. Бұл іс - әрекетте айқын көрінеді: біреудің барша қимылы – шапшаң, екіншісі – асықпайды, бірақ ісі тыңғылықты, үшіншісі – іске ойланбастан асым салады, кейін барып ойланады да, жағдайға қарай ісін ретіне келтіреді. Адам мінезінде көрінетін мұндай ерекшеліктер – мінез бітістері деп аталады. Қандай да бітіс әрекет – қылықтың тұрақты, қайталанып отыратын нақты белгісі.

Мінез бен темперамент ұқсастығы адамың физиологиялық ерекшеліктеріне, яғни жүйке жүйесінде болған тәуелділіктен. Мінездегі ұстамдылық – ұстамсыздық – ұстамдылық, қозғалғыштық – салғырттық т.б. тікелей темпераментке байланысты. Бірақ мінез темпераментке түгелдей тәуелді емес.

Мінезі тұрақталған адамды темперамент дербес әрекет көрінісі болудан қылып, мінез бітістеріне сай әрекет – қылықтардың іске қосылу динамикасын айыруға көмектеседі. Мінез құрастырушы көптеген қасиеттер біртұтас, олар даралап, шектеуге келе бермейді. Ал кейбір қасиеттер: еріктік, сезімдік, ақыл – сапалық адам мінездерінің ерекше құрамды бөліктері ретінде таңдауға келеді. Барша мінез бітістері өзара заңдылықта байланысқан: батыр адам - да табанды: ашық адам – жайдарлы, сенімді, достыққа тұрақты т.б. Қабілетсіз адам болмайтыны сияқты мінезсіз де адам болмайды. Жаман болсын, жақсы болсын, әйтеуір адамда бір мінез бітісі болады.

Адамның өмір жолы мен әрекетінің сипаты түрліше болатындықтан, оның мінез бітістерінде басқа біреуде қайталанбайтын жеке ерекшеліктер көптеп кездесіп отырады. Адамның сансыз мінез бітістерінің кейбірін белгілі топтарға жинақтауға болады. Олар мына төмендегідей: Адамның өзіне - өзі қатынасын білдіретін мінез сипаттары да осы топтың негізгі бір жағы. Бұларға кішіпейілділік, қарапайымдылық, өзін - өзі сынай алу, талап қоя білушілік және бұларға қарама – қарсы өр көкіректік, мақтаншақтық, жасқаншақтық т.б. жатады. Мінез бітістерінің келесі тобын адамның өзіне - өзі меңгере алу қабілетіне орай қалыптасқан өзгешеліктері құрайды. Бұл топты мінездің еріктік сапалары немесе мінездің жотасы деп атайды. Бұларды да адамның жалпы бағыты мен дүниетанымына, жоғарыда көрсетілген мінез бітістерінің мазмұнынан тыс қарауға болмайды. Сондықтан да сотқар адамның жөнсіз батылдығы мен мемлекет мүлкін тонаушы ұрының жылпос «пысықтығын» мінездің еріктік сапаларына кіреді деп ойлау шындыққа сай келмейді.

Мінезде жеке бітістер және сапалармен қатар тұлғаның қоршаған ортаға икемдесуін қамтамасыз етуші жалпы қылық тәсілі – мінез типтернін ажыратуға болады. Мінез типін анықтауда нақты адамдар мінезінің жалпы да мәнді, өмірлік қажетті тараптары ескеріледі.

Мұндай адамдардың ішкі жан дүниесі дөрекі қарапайымдылыққа негізделген: тіршілік үшін болған әрекет – қимылы тіке, бірбеткей. Күнделікті күйбең мүдделеріне жетуде ойланып- толғануды білмейді, өз мүдделерін шектей алмайды. Олар үшін кедергі біреу – ақ – сыртқы; ішкі сапалық, жандүниелік қиыншылықтарды өлшестіруге ақылы жетпейді, бар көздегені – мол, оңай олжа, бір мезеттік игілік. Бұл адамдардың барша ынта – ықыласы, нақты, қалыпты жағдайды пайдаланумен қажеттерін мейлінше толық қамтамасыз ету. Ыңғайласу, жағымпаздықпен ішкі дүниесін тысқы жағдайларға бағындыру – мұндайлардың негізгі мінездік болмысы.

Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:


    1. Мінез дегеніміз не?

    2. Мінез бітістері дегеніміз не?

    3. Мінездің құрылымын ашыңыз.

    4. Мінездің қалыптасу механизмін анықтаңыз

Әдебиеттер:

      1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

      2. Немов Р.С. Психология. М., 1998

      3. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000

      4. Столяренко Л.Д. Основы психологии. М., 1997


Дәріс тақырыбы. Қабілет туралы жалпы түсінік.

Жоспар.


  1. Қабілет туралы түсінік.

  2. Жалпы және арнайы қабілет.

  3. Нышан және қабілет.

Дәрістің қысқаша мазмұны.

Қабілет  қоғамдық және жеке адамдық зор мәнге ие. Экономика мен ғылымның, өнердің дамуында әлеуметтік объективтік жағдайлармен қатар адамдардың  қабілеттері  де маңызды орын алады Қабілетті адамның жетістігі — оның нервтік психикалық қасиеттері комплексінің іс-әрекет талаптарымен сәйкес келуінің нәтижесі болып табылады. Кез келген іс-әрекет күрделі де сан қырлы болып келеді. Ол адамның психикалық және физикалық қуатына әр түрлі талап қояды. Егер жеке адамда бар қасиеттер жүйесі осы талаптарға сай болса, онда іс-әрекетті табысты, әрі жоғары дәрежеде орындай алады. Егер осындай сәйкестік болмаса, онда индивидте  қабілет  болмағаны.

Міне, сондықтан қабілетті адамнын басқа бір қасиетімен (заттың түстерін жақсы айыру, пропорцня сезімі, музыкалық есту т. б.) шатастыруға болмайды.  Қабілет  әр кезде де жеее адам қасиеттерінің синтезі. Белгілі бір істі үздік орындауға мүмкіндік беретін адамның әр түрлі жеке қасиеттерінің қиысып келуін, яғни адам қасиеттерінің синтезін қабілет деп атайды. Қабілеттіліктің өлшемі- белгілі бір істің нәтижелі болып орындалуында. Қабілет адамның іс-әрекетінің белгілі бір түріне, өнер саласының біріне жарамдылығын жақсы көрсете алады. Қабілеттің дамуы оны қажет ететін қызмет саласында және әрекетке үйрену үстінде көрініп отырады. Қабілеттің дамуы адамда тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағдының болуына байланысты болады.

Қабілеттердің  құрылымы жеке адамның дамуына тәуелді.  Қабілеттердің  дамуын репродуктивтік және творчестволық деп аталатын екі деңгейге бөледі.  Қабілет  дамуының бірінші деңгейіндегі адам білім игеруде, іс-әрекетті меңгеруде, оны белгілі үлгіде жүзеге асыруда жоғары іскерлік көрсетеді. Қабілеттің дамуының екінші деңгейінде адам жаңа, соны туынды жасай алады.

Қабілеттің дамуы мен көрінісінің ең жоғары деңгейі «талант», «дана» деген терминдермен аталады. Талантты және дана адамдар практикада, өнерде, ғылымда зор қоғамдық мәні бар нәтижелерге жетеді. Қабілетті осындай деңгейлермен қоса оның бағыт-бағдарына, мамандық ерекшеліктеріне қарай түрлерге бөлу қажет. Әдетте, психологияда осы бағытта жалпы және арнаулы  қабілеттерді  зерттейді.

Жүйке жүйесінің кейбір анализаторларының ерекшеліктері де туысынан пайда болады. Мұны физиологиялық нышан д.а.

Физиологиялық нышан қабілеттің дамуында белгілі орын алады. Нышан көп мәнді қасиет, яғни сол нышанға негізделіп, адам өмірінің жан-жақтылығына қарай түрлі қабілет қалыптасады. Нышанның ықпалымен қалыптасқан қабілеттің түрін дарындылық деп атаймыз.

Қабілет адамнан әрекеттің бір түрімен айналысуға мүмкіндік беретін бейімділікте байқалады. Бейімділік пен қабілет көп жағдайларда бірге болады. Себебі адамның бір нәрсеге қабілеттілігі оның бейімділігіне орай қалыптасады. Бейімділік- адамның белгілі бір әрекетпен айналысуға бет бұрысы, оған көңіл аууы, оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Нағыз бейімділік адамның әрекетке тек құшарлығы ғана емес, оны нәтижелі етіп орындауында.

Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:


  1. Қабілет дегеніміз не?

  2. Нышан дегеніміз не?

  3. Қабілеттің түрлерін атаңыз және оларға анықтама беріңіз.

Әдебиеттер:

  1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

  2. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

  3. Немов Р.С. Психология. М., 1998

  4. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000


Дәріс тақырыбы. Еріктің жалпы сипаты.

Жоспар.


  1. Ерік туралы түсінік.

  2. Ерік туралы психологиялық теориялар.

  3. Еріктің Физиологиялық негіздері.

  4. Ерік сапалары.

Дәрістің қысқаша мазмұны.

Адамды әрекетке бағыттайтын, мақсат қоюға талаптандыратын бір түрткі болады, мұны психологияда мотив не түрткі д.а. Кез-келген түрткі сан-қилы қажеттермен тікелей, не жанама түрде байланысып жатады. Адамды әрекетке итермелейтін негізгі түрткі- оның қажеттіліктері. Адам өз қажеттеріне байланысты алдына түрлі мақсаттар қояды. Осы мақсаттарды орындау үшін түрлі әдіс-амалдар қарастырады. Осының салдарынан қимыл-қозғалысқа, іс-әрекетке түсіп отырады.

Ойланып істелетін, алға мақсат қоюды қажет ететін, түрлі кедергілерді жеңе білуден көрінетін қимыл-қозғалыстарды психологияда ерік амалдары н/е ерік д.а. Сонымен ерік дегеніміз адамның өз мінез-құлқын меңгере алу қабілеті.

Ерік-бұл адамның мақсат қоя отырып жұмыс орындау барысында кезіккен сыртқы немесе ішкі кедергілерді жеңумен байланысты өз әрекеттерін қолдап, реттей білу қасиеті.

Ерік адамның практикалық және танымдық әрекетін ретке келтіруден көрініп, соларды жүзеге асырудан тұрады. Ерік туралы эмоциялық теорияны ұсынушы неміс психологы В.Вундт. Оның көзқарасы бойынша, ерік эмоциялық сезімдердің тек бір түрі ғана болып табылады. Ерік ең күшті сезімдердің, аффектердің ерекше варианты. Жағымды сезімдер ерікке негіз болып, оларды тудырып отырады. Әрине ерікті эмоцияның бір түрі деп айтуға болмайды. Өйткені ерік пайда болу үшін, оған адамның түрлі жағымды сезімдері түрткі болмайды, керісінше адамның мұқтаждықтары себеп болады. Америка психологы Джемс ерік адамда пайда болған ойдың еріксіз қимылға айналуы дейді. Оның пікірінше, адамның қимыл-әрекеттері ой арқылы өздігінен қимылға айналып кетеді. Мысалы, адам көзін жұмып тұрып екі қолын екі жағына созып, бір қолын алдына, екінші қолын артына қарай қимылдатса, адамның қолы өздігінен біраз қимылдай бастайды. Немесе адам жіпке бір тасты байлап, қолын созып жіпке тізген тасты жай айналдырам деп ойласа, жібі қимылдап өздігінен айналғандай болады. Міне, осындайды Джемс ерік әрекеті деп ойлайды.       
Еріксіз әрекеттердің физиологиялық негізі болып табылатын шартсыз байланыстар тізбегі - инстинкт әректі ырықсыз орындалады. Психологияның табиғи – ғылыми негіздерін қалаған И.М.Сеченов пен И.П.Павловтың ілімі ерікті әрекеттердің негізі мұндағы материалдық процестер, сыртқы әсер мен мидың уақытша байланыстары шартты рефлекстер деп түсіндіреді. И.М.Сеченов ерікті әрекеттердің физиологиялық механизімін зерттей отырып, адамның ассоциациялық рефлекстердің жиі қайталану жолымен өзінің қимылдарын жіктеп ажыратуға бейімделетіндігін және сол рефлекстер арқылы қимылдарын тоқтатын қабілетерді игеретіндігін дәлелдейді.

Ерік әрекеттерін орындауда адамның саналы әрі мақсатты қимыл-қозғалыстарын ретеуші екінші сигналдық жүйенің маңызы орасан. Екінші сигналдық жүйе адамның қозғалыс (моторная) қуатын арттырумен бірге, барша психикалық процестерінің: ойлау, қиял,ес,зейін, сезім-бастау көзі. Осындан, ырықты әркет бас миі қабығының барша бөліктерінің біркелкі қызметінің нәтижесі ретінде көрінеді.

Ерік құрылымы. Еріктік әрекеттің орындалу кезеңі өзінің күрделі құрылымына ие. Шешімнің орындалуы қандай да мерзіммен байланысты. Егер шешімнің орындалуы ұзақ мерзімге кейін қалдырылса, онда ол ниет қана. Ниет соңға ысырылған әрекетке дайындық ретінде танылып, шешімге байланысты көзделген мақсатты білдіреді. Мысалы, оқушы келесі жылдан бастап «бескең оқуды жоспарлайды, яғни ниет қояды. Мұндай ниет ерікті әрекет жасауға жеткіліксіз. Бұл әрекетте мақсатқа жетудің жоспарлау сатысын ғана байқаймыз. Жоспарлау-күрделі ой әрекетімен ұштасқан, қабылданған шешімнің тиімді әдістері мен құрал-жабдығын іздестіру кезеңі.

Ерік-адамның өз болмысын билей алу қабілеті, өз ұмтылыстары, сезімдері мен құмарлықтарына тоқтам беру қасиеті.

Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:


  1. Ерік дегеніміз не?

  2. Еріктің физиологиялық негізін ашыңыз.

  3. Ерік сапаларын атаңыз және оларға анықтама беріңіз.

Әдебиеттер:

  1. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

  2. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000

  3. Столяренко Л.Д. Основы психологии. М., 1997

Дәріс тақырыбы. Эмоция және сезім.

Жоспар.


    1. Эмоция және сезім туралы жалпы түсінік

    2. Эмоция мен сезімнің ерекшеліктері

    3. Эмоциялар түрлері.

    4. Адамдағы жоғары сезімдер

Дәрістің қысқаша мазмұны.

Сезімдер- адамның өзіне, өзге адамдарға, айналадағы заттар мен құбылыстарға көңіл – күйінің қатынасын білдіретін және оларды бейнелейтін психикалық процесс. Сезім - өте күрделі психикалық процестердің бірі. Сезімдер адамның тіршілік қажетіне, өзара қарым-қатынасына байланысты сан алуан формаларда көрінеді. Адам сезімдері тарихи әлеуметтік сипатта болады. Демек, Адамның өмірі қоғамға байланысты, оның әрекеті де қоғамдық саналы әрекет.

Эмоция - адамның органикалық мұқтаждықтарын қанағаттандыру мен қанағаттандырмауға байланысты туатын психикалық күйлер. Эмоцияларды бірнеше топқа жіктеуге болады. Оардың бір тобы – жағымды, не ұнамды эмоциялар деп аталады.

Адамның шамадан тыс зорлануын психологияда стресс – ( «стресс» - ағылшын сөзі, шамадан тыс зорлану деген мағына береді) деген терминімен белгілейді. Күрделі эмоциялардың бірі көңіл. Кейпіне қарап адамдарды шат, жайдары, жылы жүзді, ызалы, түсі суық деп ажыратады. Адамның көңіліне айналасын қоршаған дүние әсер етіп отырады. Көңіл – күй деп – біршама бәсең, бірақ әжептәуір ұзағырақ, психикалық процестер мен адамның барлық мінез – құлқында көрінетін жалпы эмоциялық жағдайларды айтады. Аффектер дегеніміз – қысқа уақытқа созылса да бұрқ етіп, қатты көрінетін эмоцияның бір түрі. Аффектілік жағдайдың тууы ми қыртысында күшті қозу бөлігінің болуымен байланысты.

Адамгершілік сезімдер: достық, жолдастық, адалдық, ар – намыс, борыш, жауапкершілік, т. б. Интеллектік сезімдер: тану процестерімен, ақыл – ой әрекетімен байланысты білуге құмарлық, күдіктену, сенімділік, жаңашылдық, болжау. Эстетикалық сезімдер: адамның шындықтағы қандай болмасын бір сұлулықты сезінуі.

1) Сүйіспеншілік сезім. Бұл достық сезімге жақынырақ. Шынайы сүйіспеншілік – адамды шаттандыратын тамаша сезім, ол парасаттылықты арттыруға септігін тигізеді, адамды тек сүйікті адамы үшін ғана емес, сондай – ақ басқа адамдар бақытты болуы үшін ерлік жасауға шақырады.

2) Эстетикалық сезім дегеніміз – адамның шындықтағы қандай болмасын бір сұлулықты сезінуі. Бұл текті сезімдер сұлу, сымбатты, өмірге үйлесімді әсем нәрселерден ләззат алуы кезінде байқалады.

3) Интеллектік сезімдер адамның тану процестерімен, ақыл – ой әрекетімен тығыз байланысып жатады. Интеллектік сезімнің түрлеріне: таңсықтау, білімге құмарлық, күдіктену, сенімділік, интуиция, болжау, т. б. сезімдер жатады.

Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:


  1. Эмоция дегеніміз не?

  2. Сезім дегеніміз не?

  3. Адамдағы жоғары сезімдерді атаңыз

  4. Аффект дегеніміз не?

  5. Стресс дегеніміз не?

  6. Құмарлық дегеніміз не?

Әдебиеттер:

  1. Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993

  2. Рубинштейн Р.С. Основы общей психологии. М., 2000

  3. Столяренко Л.Д. Основы психологии. М., 1997


Дәріс тақырыбы. Мектепке дейінгілердің психикасының дамуы.

Жоспар.


    1. Мектепке дейінгілердің психикалық дамуының негізгі тенденциялары.

    2. Мектепке дейінгі кезеңдегі жетекші іс-әрекет ойын ретінде.

    3. Мектепке дейінгі жастағы бала психикасындағы жаңа құрылымдар.

Дәрістің қысқаша мазмұны

Мектепке дейінгі кезең (3-6 жас) дейін созылады. Қазіргі кездегі психикаға деген көзқарастар бір бағытта емес. Шетел психологиясы, отандық психологтарының кейбір ұстанымдарында айырмашылықтар бар. Отандық психологияда психиканың дамуының екі бөлігін ажыратып көрсету. Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауының дамуы туралы айтқан кезде біз бағдардың даму құралдары және тәсілдері жөнінде айтамыз. Л.А.Венгердің көрсетуі бойынша осы кезеңде сенсорлық эталондар пайда болады. Эталон дегеніміз – адамзат мәдениетінің жетістіктері, сол арқылы біз дүниені тани аламыз. Эталондарды меңгеру нәтижесінде қабылдау процесі тікелей сипатқа ие болады.

Қоғамда қалыптасқан эталондарды меңгеру, балалардың ойлауының сипатын өзгертеді, осы кезеңнің аяғында эгоцентризмнен, децентрацияға өту байқалады.

Есте сақтау сапасы – баланың осы материалға деген қызығушылығына және белсенділігіне байланысты болады. Төрт-бес жаста балаларда есте сақтаудың ырықты формалары қалыптаса бастайды. Оның қалыптасуында ойынның маңызы зор.

Баланың қиялы ойын барысында қалыптасып, басқа іс-әрекет түрлеріне әсер етеді. Үш-төрт жастағы балалар ойын барысында бір затты екінші затпен алмсатырады және олардың арасында ұқсастық бар. Ересек жастағы балаларда қиял алмсатырылатын заттарға, ұқсамауы мүмкін. Интериоризация пайда болады – яғни шындықтағы затпен, ойын іс-әрекеті барысында әрекет жасайды.

Сонымен психикалық дамудың бірдей жас шағы кезеңіндегі балаларды біріктіретін негізгі психологиялық белгілер – олардың қоршаған дүниеге көзқарасы, олардың қажеттері мен қызығулары және осы қажеттілік пен қызығулардан туындайтын бала іс-әрекетінің түрлері. Сондықтан бұлардың бәрі негізгі жетекші іс-әрекет арқылы дамиды. Мектепке дейінгі бала үшін негізгі жетекші іс-әрекет – ойын болып табылады.

Ойын – мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал тигізетін жетекші, басты құбылыстың бірі. Ойын арқылы бала қоршаған орта мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды. Ойын баланың психикасында сапалық өзгерістер туғызады. Ойын Ойынның түрлері, оларға жалпы сипаттама. Ойынның шығуының, құрылымының, функциясының, тарихи - әлеуметтік сипаты. Шетелдік психологияда ойын теорияларына сынай талдау ( К.Гросс, С.Холл, В.Штерн, Г.Спенсер, К.Бюлер ). Отандық психологияда ойын іс-әрекетінің мәселелері. Сюжетті рольдік ойынның пайда болуы. Баланың психикалық дамуымен қалыптасуындағы ойынның ролі. Мектеп жасына дейінгі шақтағы негізгі психологиялық жаңа құрылымдар Д.Б.Эльконин бойынша.

Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар:



  1. Мектепке дейінгі шақтағы баланың психикалық даму ерекшеліктерін қаратырыңыз.

  2. Мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының қалыптасуы.

  3. Ерте сәбилік шақ пен мектепке дейінгі шақтағы баланың психикалық дамуының салыстырмалы сипаттама беріңіз?

Әдебиеттер:

  1. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. А.В.Петровский редакциясымен. А,1987 ж.

  2. Солодилова О.П. Возрастная психология – в вопросах и ответах. М, 2005 ж.

  3. Обухова Л.Ф. Возрастная психология. М, 1977ж.

  4. Обухова Л.Ф. Детская психология: теории, факты. Проблемы. М,1995ж.

  5. Мухина В.С. Тетская психология. М, 1985 ж.

  6. Хрестоматия по возрастной и педагогической психологии. Под.ред. И.И.Ильясова, В.Ляудис. М, 1981 ж.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет