Психология және арнайы білім беру кафедрасы


Психика эволюциясының теориялық негіздерінің қалануы



бет22/52
Дата17.01.2022
өлшемі0.64 Mb.
#454615
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   52
Салыстырмалы педагогика және психология

Психика эволюциясының теориялық негіздерінің қалануы

ХХ ғ. басында белгілі орыс зоологы В.А.Вагнер жазған бірқатар әдістемелік еңбектерінде жануарлар психологиясы бойынша ілімдердің талдауы жасалып, салыстырмалы-психологиялық зерттеу әдісінің негіздері берілді.

Ленинград университетінің салыстырмалы психология және зоопсихология профессоры В.А.Вагнер ресейлік салыстырмалы психологияның әдістемелік негіздерін қалаушысы болып саналады. Ғалым жануарлардың мінез-құлқын, жүріс-тұрысын, инстинкттерін зерттеп, олардың ақыл қабілеттеріне толық талдау жүргізген.

Осы кезеңде Мәскеу университетінде еңбек еткен белгілі эволюционист А.Н.Северцов психика эволюциясының өзекті мәселелерімен айналысады. «Эволюция және психика» атты еңбегінде А.Н.Северцов психика маңызын эволюция факторы ретінде негіздеді және жануарлардың қоршаған айнала құбылыстарына бейімделуінің екі түрін анықтады:

1) жануарлар құрылыстарының баяу өзгерістері

2) қоршаған айналаның құбылыстарына жедел бейімделуі

Жануарлардың мінез-құлқы мен жүріс-тұрыстарының мұндай өзгерістері психикамен ретке келтіріліп отырады.

Психика эволюциясы және адам санасының пайда болу теориялық мәселелерінің қалауына Л.С.Выготский зор үлесін қосты. «В.Келердің кітабына алғашқы сөз», «Адам тәрізді маймылдар интеллектін зерттеу» атты еңбектерінде Л.С.Выготский жоғары саналы маймылдардың, дара адам және жас баланың интеллекті жөніндегі деректерді талдады.

Бұл еңбектерінде Л.С.Выготский салыстырмалы-психологиялық әдісті «маймылдың мәдениетті адамға дейінгі» жолын түсіндіру үшін пайдаланады.

Ресейлік салыстырмалы психология ғылымының қалыптасуы ХХ ғ. көрнекті ғалымы Н.Н.Ладыгина-Котс есімімен байланысты. Н.Н.Ладыгина –Котс психика эволюциясының теориялық негіздерін қалап, инстинкттердің бір-біріне бейімделу жөнінде және үйрену мен ойлау қабілеттерінің эволюциясы жөнінде түсініктердің негіздерін қалады. Ғалым жануарлардың ойлау қабілеті деңгейлерін ұсынды: көрнекі-ұтымды, көрнекі-көркемді ойлау және сөйлеу арқылы ойлау. Н.Н.Ладыгина-Котс дүние жүзінде алғашқы болып шимпанзе баласы мен адам баласына жүйелі түрде салыстырмалы зерттеулерді өткізді.

Психика эволюциясы теориясының әрі қарай дамуын А.Н.Леонтьев жүзеге асырды. Л.С.Выготскийдің шәкірті, ол А.В.Запорожец, А.Р.Луриямен бірге психиканың пайда болуы және дамуы мәселесімен айналысты. А.Н.Леонтьев теория жүзінде және эксперимент нәтижесінде психика эволюциясының дамуы концепциясын негіздеді, психиканың даму кезеңдерін ұсынды (негізгі еңбектері: «Психика дамуының очеркі» 1947ж., «Психика дамуының өзекті мәселелері» 1972ж., «Психика эволюциясы» 1999ж). А.Н.Леонтьевтің шәкірттері К.Э.Фабри, С.Л.Новоселов, Н.Н.Мешкова, Г.Г.Филиппова психика эволюциясы жөніндегі теориялық түсініктерді ғылыми зерттеулер негізінде қалыптастыру жұмыстарын жалғастырды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет