Психология тарихы” пәні бойынша Оқу әдістемелік кешен. 050103 «Педагогика және психология»


Ѓылыми психологияныњ принциптері мен жалпы зерттеу єдістері



бет12/16
Дата23.02.2016
өлшемі1.5 Mb.
#6048
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

11. Ѓылыми психологияныњ принциптері мен жалпы зерттеу єдістері



7. Сабақтың тақырыбы:

Психологияның дербес ғылыми пән болып қалыптасуының тарихи даму жолдары.
Сабақтың жоспары:

1. Психологиядағы ғылыми бағыт- бағдарлар.

2. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы психологиядағы дағдарыс.

3. Батыстық психологияның бүгінгі даму бағыты.
Сабақтың мақсаты:

Студенттерді психологияның даму тарихымен, XХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы психология дағдарысымен, Батыстық психологияның бүгінгі даму бағытымен таныстыру.



Теориялық мәліметтер:
ХХ ғ. басында өркендей бастаған ғылым мен өндіріс-экономикалық талаптарына орай сана (интроспекттік) психологиясының дағдарысы қылаң берді. Сана психологиясының дағдарысы, сонымен бірге, ғасыр аяғында Францияда кең өріс алған невропатология және психиатрия саласындағы зерттеулердің нәтижесімен де байланысты еді. Бұл зерттеулер адам психикасын кейде саналы басқарылмайтын құбылыстар мен көрініс беретінін дәлелдеді. Мұндай бей санаға тәуелді әрекет қылықтар эксперименталды және клиникалық талдауға алынды. Осының нәтижесінде психология сана жөніндегі ғылым емес деген пікір пайда болды.

Бұл дәуірдегі психологияның қарқынды дамуына Ч. Дарвиннің эволюциялық тағылымыда үлкен ықпал жасады..

Генетикалыќ психология. Швейцария ғалымы Ж.Пиаженің генетикалық психология теориясы психология ғылымының кең µріс жайѓан баѓыттарынныњ бірі. ¤з зерттеулерін негізге ала отырып, Ж.Пиаже генетикалыќ єдісті психологиялыќ болмысты тануда жетекші єдіснамалыќ принцип дєрежесіне кµтерді.

Пиаженің негізгі міндеті адам интеллектісінің құрылымын зерттеу.

Батыстық психологияның бүгінгі даму бағыты.

Ашыќ даѓдарыс кезењдерінде пайда болып, кейін елеулі µзгерістерге кезіккен айтарлыќтай мањызды теориялыќ баѓыттар (необихевиоризм, енофрейдизм, гештальтпсихология) 60 жылдардыњ басында µздерініњ б±рынѓы абыройынан айырыла бастады. Єрекет-ќылыќ пен психиканы т‰сіндірудегі теориялыќ ішкі ќайшылыќтар олардыњ негізгі бастау позицияларын ќайта ќарастыруды талап етті. Б±л даѓдарыстардыњаса бір мєнді себебі-экспериментальды зерттеулер мен теориялар саласында жања µнімді кµзќарас, баѓыттардыњ туындауынан болды: танымдыќ іс-єрекет зерттеулері аймаѓында когнитивтік психология , гуманистік психология, ми жµніндегі ѓылымдар шењберінде адам санасын зерттеуге орай - нейрофизиология , нейроморфология, нейропсихология, ќанат жайѓан жєне бір баѓыт-б±л адам психологиясы еді.




8. Глоссарий


1. Эмпиристік бағыт.

2. Ассоциативтік психология.

3. Құрылым психологиясы.

4. Вюрцбург мектебі

5. Функционализм ағымы.

6. Бихевиоризм.

7. Фрейдизм.

8. Генетикалық психология.

9. Когнитивтік психология

10. Гуманистік психология

11. Детерминизм принципі

12. Сана мен іс-әрекет принципі .

13. Даму принципі

9. Сабақтың тақырыбы:

Жүйке жүйесінің атқаратын қызметі.
Сабақтың жоспары:

Жоғарғы жүйке жүйесінің қызметі.

Адам миының құрылысы.

Рефлекс және оның түрлері.
Сабақтың мақсаты:

Студенттерді жүйке жүйесінің атқаратын қызметімен, жүйке қызметінің рефлекстік табиғатымен, жоғарғы жүйке қызметінің заңдылықтарымен таныстыру.


Теориялық мәліметтер:
Жүйке жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып отырады, айналадан келген тітіркендіргіштерге жауап қайтарылады.

Жүйке жүйесі нейрон – деп аталатын жеке клеткалардан құралған. Бұл нейрондардардың екі түрлі тармағы болады олардың бірі ұзын тармақты нейрит (оксан), ал екіншісі – көптеген қысқа тармақты дендрит деп аталады. Нейрондардың тарамдала келіп, өзара түйінделіп келіп бітетін жерін жүйке орталықтары дейді. Жүйке орталықтарына орталық перифериялық (шеткі) вегетативтік (ішкі) жүйке жүйелерінің өн бойына орналасқан.

Орталық жүйке жүйесіне жұлын мен ми жатады.

Орталық жүйке жүйесінің екінші бөлігі ми. Оның орташа салмағы ересек адамдарда 1400 грамдай.

Мұндағы сопақша, аралық және ортаңғы ми – бәрі қосылып келіп ми бағанасын құрайды.

Сопақша ми – жұлынның тікелей жалғасы. Мұнда жүрек қызметінің, қан айналысы мен ас қорытудың жүйке орталықтары бар. Біздің дем алу, түшкіру, шайнау, жұтыну т.б. сияқты түрлі реакцияларымыз сопақша мидың қызметі.

Сопақша мидың сырт жағында, ағаш жапырағына ұқсас мишық орналасқан. Мишық организмнің қозғалысын, жүріс – тұрысын басқарып отырады.



Орталық мида – құлақ пен көзден баратын тітіркендіргіштерді, скелет еттерінің қалпын реттейтін жүйке орталығы бар.

Аралық ми – көру төмпешіктерінен және төмпешік асты аймағынан тұрады. Бұл бөлім дененің барлық рецепторларын ми қабығымен байланысады.

Ми сыңарлары – екі бөліктен (оң және сол жақ) тұрады. Ми сыңарларының салмағы мидың жалпы салмағының 80% тең.
Жүйке жүйесінің қызметі рефлекс арқылы жүзеге асып отырады.

Рефлекс туралы алғаш айтқан француз ғалымы Ренэ Декарт.

Рефлекс – латын сөзі қазақша –”бейнелеу” деген мағынаны білдіреді.

Рефлекс сырттан немесе іштен келетін тітіркендіргіштерге организмнің қайтаратын жауап реакциясы.


10. Реферат


1. Жүйке жүйесі туралы жалпы ұғым.

2. Жүйке жүйесінің атқаратын қызметі.

3. Жүйке қызметінің рефлекстік табиғаты.

4. Шартсыз рефлекстердің шартты рефлекстерден айырмашылығы.

5. Шартты рефлекстердің васалу жолдары.

6. Қозу, тежелу процестері және олардың атқаратын қызметтері .

7. Жоғарғы жүйке қызметінің заңдылықтары.

8. Тежелудің түрлері.

9. Мидың анализдік және синтездік қызметі .

10. Бірінші және екінші сигнал жүйелері туралы .

11. Динамикалық стереотип туралы.

12. И.П.Павлов ілімінің психология ғылымы үшін маңызы .

13. Негізгі жүйке процестері.

11. Сабақтың тақырыбы:

Жоғарғы жүйке қызметінің заңдылықтары.

Сабақтың жоспары:

Иррадиация құбылысы туралы.

Өзара индукция заңы туралы.
Сабақтың мақсаты:

Студенттерді жүйке жүйесінің атқаратын қызметімен, жүйке қызметінің рефлекстік табиғатымен, жоғарғы жүйке қызметінің заңдылықтарымен таныстыру.


Теориялық мәліметтер:
Жоғарғы жүйке жүйесінің заңдылықтары. И.П. Павлов ми қабығында жүріп отыратын қозу және тежелу процестерінің ішкі заңдылықтарын ашты. Ол осы процестердің алғаш пайда болған жерінен жайылатынын (иррадиация), кейін бір жерге шоғырланатынын (концепция), тәжірибелік зерттеулер арқылы дәлелдеді.

Иррадиация құбылысы: шартты рефлекстердіңң мида жайылып, оның әлі берік жасалмаған кезінде көрінеді. М: бала әліппеге үйрену кезінде “ы”, “і” әріптерін айыра алмай қиналады, мұның себебі алғашқы кезде қозу процесінің бір орында тұрмай, жан – жаққа жайылуында болып отыр.

Ми қабығында қозу мен тежелеудің бір жерге жмнақталып жоғырлануыда (концентрация) үнемі болып отырады.Қозу мен тежелу процестерінің жайылу және шоғырлану заңы организм өмірінде аса маңызды биологиялық роль атқарады. Қозу мен тежелеудің ішкі заңдылықтарының бірі өз ара индукция заңы. Бұл заң бойынша егер мидің бір алабында қозу процесі туса, басқа бір алабында міндетті түрде тежелеу процесі туады, керісінше, тежелеу процесі болған оған қарама – қарсы процесс ---- қозу пайда болады.

Мидың бір алыбында қозу тежелу процесімен қоршалатын болса, бұл құбылысты теріс индукция дейді. М. Адам бір нәрсе туралы барлық ынтасын салып ойланған кезде, өзінің айналасында не болып жатқанын байқамайды, бұл біздің миымызда теріс индукция. Екінші бір жағдайда ми қабығының бір алабында пайда болған тежелу айналысындағы алаптарда қозу процесін тудырады, бұл құбылыс оң индукция деп аталады. Оң және теріс индукцияла бір мезгілде пайда болса, бір мезгілдік индукция, бірінен кейін бірі пайда болса, бір ізділік индукциясы деп аталады.




12. Тест тапсырмалары
1. Объективті дүниенің субъективті бейнесі бұл -...
А) Психика

В)Қиял


С) Әдіс

D) Ғылым

Е) Қабілет

2. Тірі жәндіктер психикасының алғашқы даму сатысы?

А) Интеллектуалдық

В) Сенсорлық

С) Коммуникативтілік

D) Перцептивтілік

Е) Аддитивтілік

3. Әрекет-қылық психологиясын ғылымға енгізген бағыт:


а) Фрейдизм.

в) Гуманизм.

с) Когнитивизм.

д) Бихевиоризм.

е) Дуализм.

4. Саналық психологияның әдіснамалық негізі:


а) Идеализм.

в) Сенсуализм.

с) Материализм.

д) Метафизика.

е) Дуализм.

5. Ғылыми психологияның объектив мәнін анықтауға негіз болған философиялық категория:

а) Интроспектілік бақылау.

в) Бейнелеу теориясы.

с) Сана біріншілігі.

д) Гештальтизм.

е) Психоанализ.

6. Психиканың пайда болуын адамның келіп шығуымен байланыстырған бағыт

а) Биопсихизм

в) Пансихизм

с) Антропсихизм

д) Нейропсихизм

е) Фрейдизм

7. Сезімдік психика кезеңіне тән процесс.


а) Қабылдау

в) Түйсіну

с) Саналы ойлау

д) Сөзді өрнектеу

е) Әрекетпен бейнелеу

8. Жеке адам санасының дамуы тәуелді:


а) Қоғамдық-тарихи шарттарға

в) Биологиялық заңдылықтарға

с) Табиғаттан тыс күштерге

д) Биологиялық заңдар мен қоғамдық шарттарға

е) Қоғамдық шарттар мен табиғаттан тыс күштерге

9. Саналы іс-әрекеттің бірінші формасы.


а) Болжастыру

в)Тану


с) Қабылдау

д) Сезу


е) Көру

10. Шартты рефлекстердің жасалу жолдарын ашқан:


а) Павлов

в) Сеченов

с) Рубинштейн

д) Выготский

е) Декарт

11 . Саналы іс-әрекеттің автоматты түрде орындалуы.


а) Инстинкт

в) Интеллект

с) Дағды

д) Апперцепция

е) Аккодомация

12 . Материя эволюциясының шындыққа сай схемасы:

а) жануар - өсімдік - адам.

в) өсімдік - жануар - адам.

с) адам - жануар - өсімдік.

д) жануар - адам - өсімдік.

е) өсімдік - адам - жануар.

13 . Психикалық бейне негізі -

а) материя қасиеті, ми қызметі.

в) табиғаттан тыс күштер туындысы.

с) тумадан берілген қабілет.

д) адамға өздігінен қосылатын қасиет.

е) адам миының өзіндік қасиеті.

14 . Психикалық процестердің бастапқы атқаратын міндеті:

а) ойлау және қорытындылау.

в) анализдеу

с) синтездеу

д) жалпылау және негіздеу

е) сигнал жеткізу және реттеу

15 . Жәндік-жануарлар дүниесі кезеңіне сай психикалық құбылыс.

а) сезім

в) тітіркену

с) қабылдау

д) ойлау

е) сөйлеу

16 . Психика дамуының ең жоғары шегі - интеллектуалды тірішілік түрі.

а) кооцерваттар

в) су жануарлары

с) өсімдіктер

д) қанатты жануарлар

е) сүтқоректілер.

17. Сананың пайда болу негізі.

а) тума беріледі

в) табиғаттан тыс күштен

с) табиғаттан

д) еңбек пен қоғамдық қатынастардан

е) адамның өзіндік әрекетінен.

18 . Сана қалыптасуының негізгі себебі.


а) тума қасиеттер

в) қоршаған орта

с) тіл мен еңбек

д) үлгі мен өрнек

е) инстинкт

19. Сана бұл -

а) табиғат өнімі

в) қоғамдық болмыс

с) инстинкттік өнім

д) дағдыланудан

е) табиғаттан тыс берілетін қасиет

20. Гештальт деген:

А) Құрылым, тұтастық, жүйе

В) Әдет-ғүрып, салт-дәстүр

С) Қиял, арман, елес (сағым)

D) Әдіс, тәсіл, мақсат

Е) Ойлау, білім, оқу

21. .Жануарлар психикасының дамуы тәуелді


а) қоғамдық-тарихи шарттарға

в) биологиялық заңдылықтарға

с) табиғаттан тыс күштерге

д) биологиялық заңдар мен қоғамдық шарттарға

е) қоғамдық шарттар мен табиғаттан тыс күштерге

22 . Психиканың рефлекторлық принципін алғашқы айқындаған ғалым психолог.

а) Павлов И. П.

в) М. И. Сеченов

с) Л. С. Рубинштейн

д) Б. Ф. Ломов

е) А. Н. Леонтьев

23. Екі сигналдық жүйе теориясының авторы:

а) Декарт

в) И. П. Павлов

с) Маслоу

д) И. М. Сеченов

е) А. Н. Леонтьев

24. Жәндіктер қылығының тумадан беріліп, ұрпақтан үрпаққа берілу қасиеті:

а) сезімдік

в) инстинкт

с) дағды

д) интеллект

е) саналық

25. Адам психикасының дамуы тәуелді


а) қоғамдық-тарихи шарттарға

в) биологиялық заңдылықтарға

с) табиғаттан тыс күштерге

д) биологиялық завдар мен қоғамдық шарттарға

е) қоғамдық шарттар мен табиғаттан тыс күштерге

26. Адамда ғана жақсы дамыған ми аймағы -


а) желке (қарақүс)

в)төбе (еңбек)

с) көру зонасы

д) шеке / есту зонасы

е) маңдай

27. Қоғамдық даму заңдарымен өзгеріске келетін психикалық құбылыс.


а) инстинкт

в) дағды


с) интеллект

е) адам сезімдері

28. Психика қандай негізгі қызмет атқарады:

а) Бір күйден екінші күйге өту.

в) Ағза реакцияларын

с) Өмірлік маңызды мәселерді ағзаға хабарлау.

д) Ішкі мүшелер іс-әрекетін реттеу.

е) Бейнелеу және іс-әрекет пен мінез –құлықты реттеу.

29. Психологияның қандай бағыты адам мінез-құлық реакциялар тізбегі ретінде қарастырады:

а) Бихевиоризм

в) Гештальт-психология

с) Гуманистік психология.

д) Психоанализ

е) Интроспективті психология

30. Шартсыз рефлекс:

а) Туа бітті пайда болған рефлекс.

в) Белсенді іс-әрекет процесінде пайда болатын рефлекс,

с) Жүйе пайда болған рефлекс

д) Сырттан берілетін рефлекс

е) Стресс кезінде пайда болатын рефлекс.

31. Психоналитикалық теориясының негізін қалаушы:

а) К.Хорни

в) З.Фрейд

с) К.Юнг.

д) А.Адлер

е) Э. Фромм.

32. Эксперименттік психология білімінің негізін салушы:

а) Спиноза

в) Декарт

с) Аристотель

д) Платон

е) В. Вундт

33. Психиканың пайда болуының физиологиялық негізі:

а)Сана


в)Жүйке

с)Ой


д)Ми

е)Қиял


34. Психикалық бейне:

а) Бейне шартына тәуелсіз

в) Айнала қоршаған шындықтың нақты көшірмесі болып табылады.

с) Айнала қоршаған ортаға әсер ететін фото бейнені көрсетеді

д) Таңдаулы мінездемені арқалайды

е) маңыздылықтың тегін көрінісі

35. Қай ғалымның айтуынша адам өзінің жаны білетін нәрсені есіне түсіреді?

а) Шарден

в) Аристотель

с) Демокрит

д) Сократ

е) Платон.

36. Тірі жәндіктер психикасының алғашқы даму сатысы?

а) Интеллектуалдық

в) Аддитивтік

с) Перцепвтілік

д) Сенсорлық

е) Коммунативтілік.

37. Психикалық жүйке жүйесі иелеріне тән деген көзқарас қай шеңберде дамиды.

а) Нейропсихизм

в) антропопсихизм

с) биопсихизм

д) гилозоизм

е) панпсихизм

38. Жоғарғы жүйке әрекетінің типтері туралы ілімді өңдеген:

а) В.С. Мерлин

в) С.Л. Рубинштейн

с) И.П.Павлов

д) А.Н.Леонтьев

е) В.М. Бехтеров.



13. Сабақтың тақырыбы:

Сана – психика дамуының жоғарғы сатысы.
Сабақтың жоспары:

Адам санасының пайда болуы мен алғы шарттары.

Адам санасының қалыптасуындағы еңбектің ролі.
Сабақтың мақсаты:

Студенттерді психика дамуының жоғарғы сатысы–сана екендігімен, адам санасының қалыптасуындағы еңбектің ролімен және сөз бен қарым– қатынастың ролімен таныстыру.



Теориялық мәліметтер:

Сана- адамның материя дамуының белгілі бір сатысында пайда болған қасиеті.Ол-ең көлемді қалыпқа келген және жоғары деңгейде кемелденіп жетілген мидың қызметі, материялық дүниенің жетілген бейнесі.Сана жеке адамға тән дара қасиет. Адамда жеке санамен қатар өмір сүрген ортасына байланысты қалыптасқан қоғамдық сана да болады. Бұл екеуі бірімен- бірі тығыз байланысты.

Жер бетіндегі тіршілік эволюциясының қолы жеткен ең жоғарғы жетістігі – ойлай білетін адамның дүниеге келуі.

Еңбек адамның дене бітімін жетілдіріп қана қойған жоқ, сонымен бірге оның психикалық жетілуінің, санасының қалыптасуымен дамуының негізгі факторы болып табылады.

Сонымен қатар еңбек адамды қоғамдық тіршілік иесіне айналдырды, биологиялық жан иесі еңбектің арқасында адам дәрежесіне көтерілді.

Адам еңбектің көмегімен өзін айнала қоршаған табиғатты ғана өзгертіп қойған жоқ, сонымен бірге өзі де өзгеріп дами берді.

Қоғамдық сипат алған еңбек адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауын және өзара көмегін талап етті, дыбыстық белгілер енді еңбекке бастап қойған жоқ, еңбекті жүзеге асырушы дәрежесіне көтерілді.

Сөйлеудің қалыптасуы адамдардың психикалық дамуындағы алғашқы төңкеріс болды.

Сөйлеу белгілері жоғарғы жүйке қызметін жетілдіреді, соның нәтижесінде жануарларда болмайтын 2-ші сигналдық жүйе қалыптасты.

Сөйлеу таным деңгейін жаңа сатыға көтереді, және ойлаудың жаңа түрі дамиды. Ол жоғарғы сатыдағы жануарлардың дерексіз ойлауын жетілдіреді. Ал дерексіз ойлау дегеніміз - сананың өзегі.

Сөйлеу, сөз-біздің саналық болмысымыздың формасы - қарым қатынас деңгейін шеңберін кеңейте түседі.

Адамның қалыптасуындағы еңбектің рөлі. К.Маркс пен Ф.Энгельс адам жануарлардың арасындағы физикалық та, психикалық та тұрғындағы түбегейлі айырмашылық еңбекпен түсіндіріледі деп атап көрсетеді. Еңбек адамның дене бітімін жетілдіріп қана қойған жоқ, сонымен бірге оның психикалық жетіліуінің, сананың қалыптасуы мен дамуының негізгі факторы болып табылады. Сонымен қатар еңбек адамды қоғамдық тіршілік иесіне айналдырады, биологиялық жан иесі еңбектің арқасында адам дәрежесіне көтерілді.

Адамның сыртқы табиғатты және өзін-өзі тануы ендігі жерде өзі жасап жатқа және саналы түрде жетілдіріп жатқан қоғамдық өндіріске енді өз тарапынан үлкен ықпал жасай бастады. Еңбек жұмыс атқаратын органдар-бас пен қолды жетілдірді. Адамның қолы сан салалы әрі өте нәзік еңбек оператцияларының арқасында өз дамуының шыңына жетті. Және тек қана еңбек орган болып қалмады, сонымен бірге таным құралына, ақырында, творчестволық құралға айналады.



14. Глоссарий
Сана –
Бейсана –
Өзіндік сана –
Антропопсихизм –
Панпсихизм –
Биопсихизм –
Нейропсихизм --

Ассимиляция –
Диссимиляция –
Каоцерваттар –
Тітіркену –
Сезгіштік –
Ганглиозды –
Инстинкт –
Дағды –
Интеллект --

15. Сабақтың тақырыбы:

Психиканың дамуын бейнелеу теориясы тұрғысынан түсіну.
Сабақтың жоспары:

Психиканың дамуын бейнелеу теориясы тұрғысынан түсіну.

Жан қуаттарының топтастырылуы.
Сабақтың мақсаты:

Студенттерді психиканың дамуын бейнелеу теориясы тұрғысынан қалай түсінуге болатындығымен және жан қуаттарының топтастырылуымен таныстыру.


Теориялық мәліметтер:

Психикалық әрекетті ғалымдар бейнелеу теориясы негізінде түсіндіреді.

Осы қисынның іргетасы Әл-Фараби еңбектерінде алғаш сөз болған. Әл-Фараби “Философиялық трактаттар”. Алматы ғылым 1973, 301-бет. Бұл теория бойынша сыртқы дүние біздің сезімде, мида, түйсік, қабылдау, елестеу, ой-сезім түрінде бейнеленеді. Бұлардың бәрін бір сөзбен адамның санасы немесе психикасы деп атайды.

Неорганикалық материяның (өлі табиғат) өзінде де түрлі нәрселер сәулеленеді. Мәселен, заттың айнадағы сәулесінен біз оның суретін көреміз, ал егер затты алып кетсек оның суретінің де айна бетінен жоғалып кететіні мәлім. Психикалық бейне де осы іспеттес яғни сыртқы орта әсер етпейінше мида еш қандай психикалық құбылыс пайда болмайды. Айна бетіндегі бейнеде адам миындағы бейнеде “бейнелену” деген бір сөзбен аталғанымен бұл екеуінің арасындағы айырмашылық жер мен көктей. Айна бетіндегі сәуле “жансыз” сәуле болып табылады. Ал адам миындағы пайда болатын бейнелеу процесінің айна бетіндегі сәуледен бір ерекшелігі соңғы бейне өте күрделі, ол жүйке процестерінің жұмысынан туады. Мидағы бейненің екінші бір ерекшелігі – сөздің жәрдемімен бейнеленуі. Бейнеленудің осы бір түрі ұзақ уақыттық тарихи дамудың нәтижесінде адамдардың еңбек ету қызметінің негізінде пайда болған.

Жантану ғылымынан хабары бар кісі өзінің жан дүниесінің қыры мен сырын, яғни жеке басының қайталанбас болмысын танып білуге, онымен ылғи да санасып отыруға, сондай-ақ құрбы-құрдас, аға-іні, апа-сіңілі дегендей, ағайын-туыс, жегжат-жұрағаттарымен дұрыс қарым-қатынас жасауға мүмкіндік алады. Айналадағы, толып жатқан фактілер мен қағида-ережелерді іріктеп, сұрыптап жүйеге салу түгілі, тіпті бастан кешірген күйініш пен сүйініштің өзін басқа біреуге айтып беру де оңай тірлік емес. Ал, көңіл күйіңді саналылықпен ұғынып, мінез-құлқыңды басқару кімге болса да ауадай қажет.

Психологиядан біршама түсінігі бар адам өзін-өзі аңғара алып, ұнамды-ұнамсыз қасиеттерін таразыға сала алады. Сонымен бірге кісінің өзін-өзі тәрбиелей алуына, өз мінезінің олпы-солпы жерлерін тап басып, кемістігін түзеуіне, өзіндік сана-сезімдері мен қабілет бейімділіктерін дамыта түсуіне мүмкіндік береді. Жантану ғылымы, әсіресе, өзгелердің жан дүниесін танып-білу үшін қажет. Жан сыры туралы ғылымның негіздерін меңгерген адам алдымен ақыл-ой жұмысын (кітап оқу, лекция тыңдау, өз бетінше білімін көтеру, т.б. ) тиімді етіп ұйымдастыра алуға машықтанады ( шапшаң оқу, тез жазып, жылдам есептеу, қысқа да нұсқа сөйлей алу, тәуліктегі уақытты барынша үнемдеп, дұрыс пайдалана алу, т.б. ) .

Психология пєні, сондай-аќ ілім-білімді миѓа саналылыќпен тоќудыњ т‰рлі айла,єдіс-тєсілдерін білуге адамды ж±мылдырумен ќатар, кісініњ ерік-жігерін, ќажыр-ќайратын шыњдай т‰суге, сезім д‰ниесін жетілдіре т‰суге жєрдемдеседі.Адамды байќаѓыштыќ пен байсалдылыќќа, зейінділік пен зеректікке, тапќырлыќ пен ойланѓыштыќќа баулып, тєрбиелейді.


16. Реферат

Жеке тұлғаның қоғамдық мәні.
Тұлғаның жеке және дара ұғымдарын талдау.
Жеке тұлғаның белсенділігі.
Қажеттіліктер,қызығулар және олардың түрлері.
Дүниетаным, сенім және мұрат туралы.

Жеке тұлға және оның психологиялық табиғаты.

Жеке адамның мұқтаждықтары мен қажеттілігі.

Жеке тұлғаны зерттеудегі эксперименттік тәсілдің мәні.

Адамның қажеттіліктері мен мұқтаждығы және іс-әрекет түрлері.
Жеке адамның кісілік сипаттары мен психологиялық құрылымы.
Жеке адамның бағыт - бағдары және оның түрлері мен психологиялық ерекшеліктері.

Жеке тұлғаны зерттеудің мақсат– міндеттері және оның қоғамдық мәні.

17. Сабақтың тақырыбы:

Жеке тұлғаны зерттеудің мақсат-міндеттері.
Сабақтың жоспары:

Жеке адамның бағыт - бағдары және оның түрлері мен психологиялық ерекшеліктері.

Жеке адамның кісілік сипаттары мен психологиялық құрылымы.
Сабақтың мақсаты:

Студенттерді жеке тұлғаны зерттеудегі эксперименттік тәсілдің мәнімен,

жеке адамның кісілік сипаттары мен психологиялық құрылымымен,

жеке адамның бағыт - бағдары және оның психологиялық ерекшеліктерімен таныстыру.


Теориялық мәліметтер:

Жеке адамды зерттеудің мақсат-міндеттері және оның қоғамдық мәні.

Адамдарды зерттейтін ғылымдар ішінде психологияның алатын орны айрықша және ол – адамтану ғылымдары жүйесіндегі жетекші пән. Психология адамның даралық сипаттарын қарастырады, оның кісілік қасиеттерін өрістетуді мақсат етіп қояды.

Табиғаттағы ақыл-оймен сана иесі - адамның өзіндік сипат белгілері – оның еңбектену әрекеті нәтижесінде материялдық игіліктерді өндіретіндігі, дыбысты анық сөйлеу тілі арқылы қарым-қатынас жасап, әлеуметтік ортада тіршілік ететіндігі. Осындай белгілеріне байланысты адам хайуанаттар дүниесінен ерекшеленіп, эвалюциялық дамудың ең жоғары сатысына көтеріледі. өзін қоршаған ортаға белсенді түрде ықпал етіп, дүние сырын танып білу иесіне (субъектіге ) айналады.

Адам бойындағы даралық қасиеттер оның өзгелерге қарым-қатынасынан байқалады. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа туған нәресте де, ересек адакм да ақыл – есі ауысқан жынды да дара адам (индивид) болып саналады. Осындай ерекшеліктерімен қатар қалыпты дамыған, өмір тәжірибесі мен өзіндік қасиеті, әлеуметтік ортада өз орны бар адам жеке адам деп аталады. Жеке адмның азаматтық, ксілік, тұлғалық қасиеттеі болады. Жеке адам қоғамдық өмірде тіршілік етіп, өзге адамдармен қарым-қатынас жасайды. Осындай іс-әрекеттеріне сәйкес жеке адманың тұлғалық сипаттары сомдалады, қадір-қасиеттері қалыптасады.

Жеке адамның кісілік қасиеттері мен даралық ерекшеліктері оның іс-әрекеттегі белсенділігінің өрістеуіне ықпал етеді. Адам белсенді қимыл-әрекеті оның мінез құлқынан, ниет-тілегі мен бағыт-бағдарынан айқын байқалады. Ниет-тілектері адакмның тіршілігінен, іс-әрекет түрлерінен, әлеуметтік ортада атқаратын қызметі мен ісінен айқын көрінеді. Сөйтіп жеке адамның ішкі дүниесінің сыры, жан сарайы, психикасының даралық ерекшеліктері сыртқа бөлініп тұрады.

Сыртқы нәрселермен тіршілік ететін орта әлеуметтік жағдайлармен ыңғайласып, адмға жанама түрде әсер етеді де оның психикасын дамытады. Адамның тіршілік ортасы үнемі өзгеріп те, өзгертіліп те отырады. Жеке адм бойындағы сапалық ерекшеліктерімен оның психологиялық дара өзгешелігін білдіретін қасиеттер - темпераментімен мінезі, психикалық процестерді басынан кешіруі, сезім күйлері мен іс-қимылы және қабілеті бірдей адам жоқ. Даралық сапалар тарихи қалыптасып, жеке адамның кісілік қасиеттерін құрайды. Әрбір адамның мінез-құлық ерекшеліктері де әлеуметтік ортада дамып жетіледі.

18. Тест тапсырмалары
1. "Жеке тұлға дамуының қайнар көзі - іс-әрекет" деп қай теорияны қарастырады?

А) Когнитивті

В) Бихевиористік

С) Іс-әрекеттік

D) Гуманистік

Е) Психодинамикалық

2. Қажеттіліктердің қанағаттануы
А) Қызығу

В) Эмоциялар

С) Сана

D) Ерік


Е) Сезім

3. Өзгелерге қиындық тудыруға бағытталған қасақана жасалынатын


саналы әрекеттер.

А) Серіктестік

В) Тай-таластық

С) Ынтымақтастық

D) Ұжымшылдық

Е) Өзімшілдік

4. Мектепке дейінгілерде жетекші іс-әрекет:

А)0қу


В) Еңбек

С) Қолөнер

D) Ойын

Е) Өнер


5.Адамды белгілі бір іс-әрекетке итермелейтін психологиялық ішкі күш:

А) Мотив

В) Мақсат

С) Дағды


D) Арман

Е) Мінез


6. Балалық шақта қоршаған орта шындығын игеруге бағытталған іс-әрекет түрі:

А)0қу


В) Еңбек

С) Ойын


D) Әнімділік

Е) Мотив


7.Адам іс-әрекетінің негізгі түрлері:

А) Оқу, жұмыс, тәрбие

В) Оқу, еңбек, ойын

С) еңбек, оқу, даму

D) Еңбек, оқу, қалып

Е) Оқу, жұмыс, даму

8.. Іс-әрекеттің психологиялық мәні:
а) Тума қабілет

в) Жаттанды орындау

с) Белсенді жасампаздық

д) Дағдылы қайталау

е) Нұсқаларға бағыну

9. Белгілі жағдайда адамды нақты іс-әрекетке бағыттайтын фактор.


а) Сыртқы күш

в) Сеп-түрткі

с) Мақсат

д) Қажеттік

е) Қалау

10. .Іс-әрекеттің болашақ нәтижесін күні бұрын идеалды болжау.


а) Ниет

в) Түрткі

с) Мақсат белгілеу

д) Қажеттік

е) Қызығу

11. Іс-әрекеттің жан қабілеттерімен байланысын зерттейтін ғылым.


а) физиология

в) логика

с) психология

д) педагогика

е) дефектология

12. .Адамның рухани-мәдени сан-алуан қажеттіктерінінің бір түрі -


а) қорек

в) ұрпақ жалғасы

с) баспана

д) кәсіп


е) ұйқы

13. Әлі орындалмаған іс-әрекет нэтижесінің санадағы бейнесі -


а) жоспар

в) ой


с) болжам

д) пікір


е)ұғым

14. Балалардың алғашқы әріп тану әрекетімен байланысты дағды түрі-


а) қимыл-әрекеттік

в) интеллекттік

с) сезімдік

д) сезімдік-қимыл

е) сезімді - ой.

15. Қандай да бір әрекетті қажетсінуден пайда болатын адам қасиеті -


а) ептілік

в) әдет


с) дағды

д) шеберлік

е) талант

16. Адамның саналы іс-әрекетін қалыптастыратын шарт.


а) биологиялық

в) болмыстан тыс күш

с) өз тәжірибесі

д)тіл қатынасынан

е) дағдыланудан

17. Іс-әрекет түзілуінің негізі -


а) субъекттің қалауы

в) сыртқы қасиеттер тума қажеттілік

с) сыртқы күштер

д) тума қажеттілік

е) субъекттің объектпен байланысы

18 . Адамның әлеуметтік болмысына себепші қажеттілік.


а) мәдени

в) баспана

с) ұрпақ жалғасы

д) ұйқы


е) қорек

19. Іс-әрекеттің нақты көрініске келетін танымдық қүрылым бірлігі


а) сеп-түрткі

в) жоспарлау

с) белсенділік

д) ақпаратты өңдеу

е)шешім қабылдау

20 . Дағды интерференциясы дегеніміз -


а) жаңа дағдыға қолдау

в) жаңа дағдыға кедергі

с) бейтарап қимыл

д) дағды тұрақтығы

е) дағды ауысуы

21. Оқу әрекетінің міндеті -


а) жаңалық ашу

в) өткен тәжірибе, білімді игертіп, практикада қолдануға үйрету

с) жаттағанды жаңғыртып бару

д) көргенді сол күйінде орындауға машықтану

е) ептіліктер мен әдеттер қалыптастыру

22 . Іс-әрекеттің нақты көрініске келетін танымдық құрылым бірлігі.


а) сеп-түрткі

в) жоспарлау

с) белсенділік

д) ақпаратты өңдеу

е)шешім қабылдау

23 . Адамдар арасындағы қатынастардың өзгеруіне ықпалды себеп -


а) табиғи жағдайлары

в) экологиялық ауытқулар

с) әлеуметтік-психологиялық орта

д) жеке адам қалауы

е) жаратылыстан тыс күш

24 . Іс-әрекет қырларының ішінде психологияны зерттейтіні


а) объект құрылымы

в) субъект жоспары

с) іс-әрекет мазмүны

д) іс нәтижесі

е) қызмет барысы

25 . Әрекет-қылықтың түрткісі (мотиві) дегеніміз


а) инстинктті керексіну

в) саналы қабылданған қажеттілік

с) сыртқы ықпал нәтижесі

д) жеке бастың қызғуы

е) импульстік ниеттер

26 . Қоғамдық қызметке бағытталған әрекеттер жиынтығы.


а) манипуляция

в) операция

с) іс-әрекет

д) еңбек


е) қимыл

27 . .Білімдер дағдылардың қалаған нақты әрекетте көрінуі


а) шабыт

в) ептілік

с) шеберлік

д) талант

е) дарындылық

19. Сабақтың тақырыбы:

Іс-әрекеттің құрылымы.
Сабақтың жоспары:

Жеке адам және оның іс-әрекеті.

Іс-әрекеттің мақсаты мен мотивтері (түрткілері).
Сабақтың мақсаты:

Студенттерді жеке адамның іс– әрекетімен, іс–әрекеттің мақсаты мен мотивтерімен, құрылымымен, түрлерімен таныстыру.



Теориялық мәліметтер.

Адамның белгілі бір мұқтаждығын қанағаттандыруға бағытталған белсенді қылықтары Іс-әрекет деп. аталады. Жануарлар іс-әрекеті жөнінде бұл ұғымды қолдануға болмайды. Адамның іс-әрекетінің жануарлар іс-әркетінен айырмашылығы әрі артықшылығы. Мысалы: жануарлар табиғатқа бейімделген яғни табиғаттағы дайн өнімді пайдаланылады. Ал адам іс-әрекет үстінде өзінің қажеттілігін мұқтаждығын қанағаттандыру үшін табиғаттағы, қоршаған ортадағы дүниені өзіне бейімдеп қайта құрады.

Жеке Адам өзінің іс-әрекетінің нәтижесін тек өзі үшін ғана емес, қоғам үшінде басқа адамның мүддесі үшінде өндіреді. Қазіргі кездегі адамдардың іс-әрекеті көпшілік жағдайда ұжымда жүргізіледі, яғни алға қойылған мақсат көпшіліктің күш жұмсауымен орындалады. Адамның іс-әрекеті өзінің алдына қойған мақсатымен сипатталады. Егер, мақсат болмаса іс-әрекетте болмайды. Тек адамның еркінен тыс кездейсоқ қимылдар болуы мүмкін. Кейде адам алдына мақсат қоймай бір іс-әрекеттерді жасайтын кезі болды. Мысалы: қызбалықпен жөнсіз іс-әрекетке ұрысып, соңынан өзі ыңғайсыз жағдайда сезінеді.

Қажеттілік пен мұқтаждықтың негізінде, адамда іс-әрекеттің мотивтері пайда болады яғни мұқтаждықты қанағаттандыру үшін адамның ішкі қозғаушы және алға итермелеуші күші, себебі.

Ал мақсат дегеніміз адамның белгілі бір іс-әрекетті орындауға ұмтылуы. Іс-әрекет процес інде адамның алдында, тек бір ғана мақсат тұрманды, бір-бірімен байланысқан мақсаттың бүтін бір жүйесі тұрады. Жеке адамның іс-әрекетінің қайсысын болсада психо-физиологиялық процестердің күрделі құрылымдарынан тұрады. Оның қарапайым элементі – қозғалыс. Адамның жасайтын жеке қозғалыстарының бірігуін іс-әрекет деп. атайды.

Бір мақсатқа біріккен, бағытталған қимыл-қозғалыстың жиынтығын ғана іс-әрекет деп. танула болады. Іс-әрекеттің қай түрін алмасада белгілі бір құрамды бөліктерден яғни компоненттерден тұрады.

Мұндай құрылым :


    1. мақсатты қоя білу

    2. жұмысты жоспарлау.

    3. оның неғұрылым тиімді әдістерін іріктеп алу

    4. Іс-әрекетті орындау

    5. Іс-әрекеттің нәтижесін тексеру

    6. жіберген қателерді тексеру

    7. қорытынды жасау

Жеке адамға тән іс-әрекеттің түрі санаулы, олар:

а) ойын іс-әрекеті

ә) оқу іс-әрекеті

б) еңбек іс-әрекеті



20. Бақылау тапсырмалар
Бақылау сұрақтары

(Үй тапсырмасы бойынша түсінігін тексеру).

Адам іс- әрекеті туралы
Іс- әрекеттің мақсаты
Іс-әрекеттің мотиві
Іс-әрекеттің құрылымы
Ойын іс-әрекеті
Оқу іс-әрекеті
Еңбек іс-әрекеті
Жеке адамға тән іс-әрекеттің түрлері
Ойынның бала психикасын дамытудағы ролі.
Адам іс-әрекеті мен жануарлар іс-әрекетінің айырмашылықтары.

21. Сабақтың тақырыбы:

Дағдыны қалыптастырудағы жаттығудың маңызы.
Сабақтың жоспары:

Дағды туралы түсінік .

Дағдыны қалыптастыру жолдары.

Дағдыларды топтастыру.
Сабақтың мақсаты:

Студенттерді дағды туралы, дағдыны қалыптастырудағы

жаттығудың маңызымен, дағдыны қалыптастыру жолдарымен, дағды мен әдеттерді топтастыру жолдарымен таныстыру.
Теориялық мәліметтер.

Алғашқы да саналы орындауда қажет ететін іс-әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автаматталынуын дағды деп атайды.

Дағды адам әрекетінің қай қайсысында да ерекше маңыз алады. Іс-әрекетке жақсылап дағдылану арқылы адам өндіріс құралдарын, дене шынықтыру, спорт атрибуттарын, ақыл-ой жұмысын меңгеруде жақсы табыстарға жетеді.

Мектептегі оқу-тәрбие процесінің міндеті балаға тек білім беру ғана емес, сонымен қатар оны түрлі дағды әдеттерге, бір нәрсені істеп үйренуге жаттықтыру болып табылады.

Дағды бірнеше түрге топтастырылады. Олар:


    1. Мектептік (сенсорлық-тікелей қабылдау) кітап,жазу, есептеу т.б.

    2. Спорт (қозғалыс) коньки тебу, футбол ойнау, күрес т.б.

    3. Еңбек,түрлі мамандық (интелектік дағдылар) дәрігер мұғалім т.б.

Дағдыға машықтанудың жолдары. Дағдылану негізінен бірнеше бағытта жүріп отырады:

1)Бірнеше рет қайталау арқылы, дағдылануға кеткен уақыт біртіндеп азая береді.

2)Дағдыланған сайын атқаратын жұмыстың сапасы арта түседі.

3) Дағдыланған сайын әрекеттер ұшырысатын қателердің саны бірте –бірте азая

береді.

4) Дағдылануда әдепкі кедте адамның күш- жігері жұмсалатын болса, бара-бара

онысы бәсеңси береді.

Дағдыланудың жылдамдылығы бірнеше себептерге байланысты:



  1. Егер дағдыланатын әрекект қиын болса, дағдыланудың нәтижесі бір дегеннен көнілден шықпаса, онда дағды біртіндер қалыптасаыды, көп уақытқа сақталады.

  2. Адам әрекетке дағдылануда өзінің бұрынғы тәжірибесінде болған әрекеттерді қатыстырып отырса оған қызығушылық пайда болады, тезірек дағдылануы мүмкін.

  3. Оқыту, үйрету әдісі жеңіл, көрнекті әсерлі болса, адам дағдылануға тез үйренеді. Ал егер оқыту үйрету әдісі нашар болса, дағдылана алмайды.

Мысалы: Кейбір мұғалімнің балалары хат тануға тез үйреніп, есепті тез, қатесіз шығаратын болса, кейбір мұғалімнің балалары тез үйрене алмайды. Мұның себебі, үйрету әдісі көңілдегідей болмағандықтан. Сондықтан балаларды оқытып тәрбиелегенде тәлімгердің көңіл - күйі, үйрету шеберлігі жоғары деңгейде болуы керек.

4) Дағдылануға қажетті жағдайдың қоллайлы, қолайсыз болуыныңда маңызы зор. Мысалы: Оқу әдісі жақсы балалардың алдында мақсат болғанымен, егер балалардың оқитын сыныпы қараңғы, суық, оқу құралдары өте нашар, қағазы жаман болса, мұндай жағдайларды дағды тез қалыптаса қоймайды.



22. Глоссарий

Әрекет –
Интериоризация –
Икемділік –
Дағды –
Дағдының тасымалы –
Дағдының интерференциясы –
Әдеттер –
Динамикалық стереотип –
Жалпы икемділік –
Жеке икемділік –
Ептілік –
Іс - әрекет мақсаты –
Іс - әрекет мотиві –
Іс - әрекет құрылымы –


23. Сабақтың тақырыбы:

Адами ортақтасудың жалпы сипаттамасы.
Сабақтың жоспары:

Ортақтасу формалары

Ортақтасу түрлері

Ортақтасудың қызметтері

Ортақтасу құрылымы.
Сабақтың мақсаты:

Студенттерді топтағы адамдардың өзара қарым–қатынас түрлерімен, зерттеу тәсілдерімен, ортақтасу формаларымен, қызметтерімен, түрлерімен таныстыру.



Теориялық мәліметтер:

Ортақтасу – қарым-қатынас психологияның негізгі ұғымы. Ортақтасусыз жеке адамның тұлғалық қалыптасу үрдісін, жалпы қоғам дамуын түсініп талдауға болмайды. Ортақтасу адамдарды біріктіру және дамыту тәсілі.



Ортақтасу моделі

Субъект-1 Субъект-2


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет