Сіздің мінезіңіздің кейбір қырларын анықтайтын сауалнама тесті
Нұсқау: Сізге сұрақтар ұсынылады, соларға қысқа жауаппен «ия» немесе «жоқ» деп жауып беруіңіз қажет. Сұрақтарға ашық жауап беруге тырысыңыз. Сіздің мәліметтер жасырын түрде сақталады және жеке жұмыс жасағанда сізбен пайдалады. Нәтижелердің әлеуметтік маңыздылығы жеке жұмыс жасағанда да құпиялы түрде қалады.
Сонымен, бастайық:
Мен ылғи да қоятынмын және қоямында өзімнің алдыма анық және нақты мақсат.
Менің өмірімде алдағы көзге түсер көріністі көруім қажет, мен үшін маңызды.
Мен үшін күннің қалай өткені маңызды: қуаныш немесе реніш әкеле ме?
Мен болашақ туралы көп ойланбаймын.
Мен ешқашан алдына қарай ойлаймаймын.
Мен жаңалықтың адамымын, және өмірге алдыңғы маңызды әлеуметтікті енгізуге күресемін.
Егер менің жүйеленген мақсатыма әке-шешем кедергі келетін болса, мен ойланбастан, оларды тәрбиелеймін, тіпті шарт жасасам да психология-педагогика кітабін түні бойы оқысам да.
Өзімді басқалармен салыстыра отырып, олардан өзімнің ақылдырақ және биік екенімді ұғынамын.
Мен өзімнің жолдастарымды таңдаймын, тек мақсатты адаммен дос боламын.
Егер адамның қаражаттары бола тұра жұмсамаса, мен ешқандай тартынусыз оларды өзіме аламын және өзімнің мақсаттарыма жұмсаймын.
Егер менің (ойларым) мақсаттарым, басқа адамдардың мақсатымен сай келес, мен өз мақсатымнан айнымаймын.
Мен мынадай принципті ұстанамын: «Кім менімен бірге болмаса, сол маған қарсы» деген.
Жоспарға дайындық жасап жүріп, мен ылғи да адамдардан ақыл-кеңес сұраймын олардың айтқан кеңестерін жерге тастамаймын.
Маған біреу қарсы келсе, мен артқа шегінемін.
Маған ешқандай жайлылық қажет емес. Мен «еңбекқормын» және осынымды мақтан тұтамын. Кез-келген жағдайда жұмыс жасай аламын, тек алдымдағы мақсатқа жету үшін.
Ия, мен заңды бұзамын, бірақ «Амал өзінің мақсатын ақтайды». Заңдарды шығаратын адамдар, ал оларға қателесу тән қасиет.
Ғаламды өзгерту – міне менің соңғы мақсатым.
Менің ойымша «көпшілікпен бірге тұрып, олардан бос болу» мүмкін емес.
Мақсатыма ылғида жетемін, себебі қара күшті басқарамын.
Мен мынадай принципті ұстанамын: «Әдіс маңызды емес – нәтиже маңызды».
Сенбеймін, міне, мына мені, күндердің күнінде мені жұмыстан кетуімді сұраса.
Ақымақтар ғана мені өз сәтсіздіктеріне кінәлайды.
Мен тәрбиелеудің қажеті жоқ. Өзімнің қателіктерімді принциптеріме сай түзетемін.
Маған көңіл аударғанда, мен сасқалаптап, ұяламын.
Мен ылғида үрейде жүремін, менімен және менің туыстарымен ештеңе болмаса екен деп.
Мен өз ойымды іске асырғанда, маған тоқтау өте қиын, және тоқтату қиын.
Өз денсаулығым жайлы жиі қауіптенемін.
Өз ойымды өмірде іске асыру үшін, жиналыстарда сөз сөйлеймін, газетке жазамын, басшылармен кездесемін.
Мені көре алмайтын және маған қас жауларым бар, бірақ мені өз қозғалысымда тоқтату ешкімнің қолынан келмейді.
Мен өзімді сапалы толық емес сезімінен арыла алмаймын.
Не өтініш, не қатер мені тоқтата алмайды, мақсатыма жету үшін.
Мен мықты, шешім қабылдай алатын адамдарға қызығамын.
Түнде нашар үйықтаймын. Түнгі дыбыстардан аянамын.
Көпшілікті жек көремін. Адамдар мені қоздырады.
Өзіме-өзім тұруға, және әдепсіз адамдарға сөз қайтаруға, беттерінен алу қолымнан келмейді.
Мен ақылды, мықты, шешім қабылдай алатын өзіне-өзі сенімді адаммын. Таңдаған мақсатымның дұрыстығын білемін.
Ұсақ ыңғайсыздықтарды және одан да зорларын мен өте қиын өткеремін.
Мен адамдарды келекетіп ызағылдырамын және оларды айнытпай саламын, сондықтан айналадағылар мені әртіс деп айтады.
Мен дәрекі, сыйыспайтын, әдепсізбін.
Өзгелерден ерекше болғанды ұнатпаймын. Барлығы сияқты өмір сүремін.
Айналадағылардың қайғысы мен қуанышы мені алаңдатпайды.
Жақсылық үшін күрес және елге деген махаббат осы менің мәнім.
Жолы болмайтындарды жек көремін. Әр адам өзін-өзі тәрбиелеу керек, мына мен сияқты мысалы.
Аутотренинг, шығармашылық даму, өз білімін жетілдіру, - міне осы мақсатымның жемісі мәні.
Өз ісіне берілу міне, менің ойымша ең бастысы осы адамның.
Шешім қабылданғыш деп мені атай алмайсын. Мен ылғи да күмәнданып, бірнәрседен қорқамын.
Мен білімді адаммын, бірақ емтихандарда сасқалақтап, жаман жауап беремін.
Көңіл-күйім ылғи жаман, кей-кездері өмір сүрім келмейді.
Мен ойлаймын, көпшіліктің көзқарасы ылғи да дұрыс, және соларға қосыламын.
Өмір менің көзімді, ылғи менің дұрыстығыма көз жеткізеді, сол үшін де күресуге болады.
Нәтиженің кілті және талдауы:
Егер сіз мына сұрақтарға «ия» деп жауап берсеңіз. Олар: 1, 2, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 15, 16, 17, 19, 20, 21, 22, 23, 26, 28, 29, 31, 36, 41, 42, 43, 44, 45, 50.
Онда әр жауапқа бір ұпайдан қойыңыз.
Ұпай санын санап алыңыз.
-
23 ден 26-ға және жоғары. Сіз мақсатты адамсыз, саяси адамсыз, жігерлі, қайратты, іскер адам. Білімді, шығармашылық деңгейі жоғары, ұйымдастырушылық сезімталдығыңыз сіздің өз ойыңызда, және жеткен жетістіктерді жұмыс бабында қатаң болуы және саясаткерлерге жақын бола алуы. Бұл сөзсіз әрине құнды ҚР білім жүйесінің қалыптасуының ұсынымдары. Қолданылған әдіс біздің мемлекетіміздің заңына сәйкес келуі, және адамдарға ыңғайлы болуы керек. Осы жаңалықты үйреніңіз, ой елейнен өткізіңіз.
-
15 тен 22 ұпайға дейін. Сізде ғаламдық нәтижелі ойлар мен және сайма-сайлық мақсаттар. Бірақ ойыңызды толық іске асыру сізде байқалмайды. Және те тексерілмеген әдістерді пайдаланбайсыз. Сізде паранояльді акцентуация жоқ деп сеніммен айта аламын. Бірақ сіз мақсатшыл, жігерлі өз пікіріңізді дәлелдей және жұмыстағы қарым-қатынасты қатаң қадағалайсыз.
-
6 дан 14 ұпай аралығында. Сіздің ойыңыз, мақсаттарыңыз, жеке мінез көрсетеді. Қоршаған ортаның, мемлекеттің, ұжымның қажеттіліктері сізді аса алаңдандырмайды. Үлкен қиыншылықтар, проблемалық ситуациялар сіздің қимылыңызбен мақсатқа жете қоюыңыз беймәлім. Сіздің іс-әрекетіңіз немесе оларды жалпы тоқтату керек. Сізді мақсат қуған тұлға деп атай алмайсыз. Жүйелі түрде жоспар құру, өзін-өзі тәрбиелеуде, және дамытуда үлкен қажеттілік туындап тұр.
-
0 ден 5 ұпайға дейін. Алынған ұпайлар саны, дұрысы кездейсоқ алынған болуы керек. Сізді мақсатшыл деп айта алмайсың. Бұл сіздің, кінәңіз емес. Сізге қайтадан тест (сұрам) сауалнамасын оқып, өз мінезіңізде қандай қасиеттер жоқ, бірақ тест сауалнамасында берілген, соны анықтаңыз.
Көрсетілген тест-сауалнаманы іріктеп алынған азғана магистранттарға жүргізу ( анонимдік тестілеу), олармен әрі қарай сенімді әңгімелесу нәтижесі осы тестіні валидті, әрі жеткілікті сенімді деп есептеуге және оны зерттеушіге қалыптастырушы (түрлендіруші) эксперементі барысында пайдалануды ұсынуға негіз болады.
Психокоррекциялық іс-әрекеттердің әдістемелік проблемаларының ішінде ең күрделісі және қиын шешілетіні – ол педагогтың жалпы психологиялық коррекция әрекеттерінде және зерттеуші- қалыптастырушы (түрлендіруші) экспериментті ұйымдастырушының жұмысында да нәтижелілік мәселесі.
Шешімнің күрделілігі мынадай кедергілеуші факторларға байланысты:
-психолого-педагогикалық қауымдастықтармен, жоғарғы буын жетекшілермен, тәрбие, білім беру, өзіндік даму жүйелерімен қалыптасқан, пікір, сенімділік, ұстанымдар жүйесімен қамтамасыз етілген эксперттердің субъективизмі және т.б.;
-коррекциялық іс-әрекеттердің нәтижелілігін анықтайтын және психолого-педагогикалық әдебиеттерде зиян келтіретін коррекциялық жұмыстарды анықтайтын критерийлердің жоқтығы;
-коррекцияның нәтижелілігін анықтайтын жүйені бірыңғайлайтын мақұлданған нұсқаулардың, ережелердің жоқтығы.
Ұсынылған әдісті абсолютты толық және терең деп ойламасақ та, дегенмен, бұл құрастырылған сипаттағы сауалнама-тестіні тиімді деп есептейміз (әсіресе, анонимдық түрде), түрлендіруші экспериментке қатысушы барлық контингентке пайдалануға болады.
Бұл тестіні қолданудың пайдалылығы мыналарда деп көреміз:
-
Оның нәтижесі экспертті топ мүшелерінің субъективті пікірлеріне тойтарыс береді және адекватты қақтығыстар негізінде конструктивті алқалық пікір қалыптастырудың факторы болады.
-
Ол қолдануға ыңғайлы, өңдеу кезінде аз уақыт алады.
-
Тест нәтижесі оңай өңделеді, және эксперимент контингентінің мүшелерімен қосымша әңгімелесу арқылы әрі қарай ақпарат жинау мүмкіншілігі бар.
-
Эксперт тобының қорытындысының байсалдылығы, қомақтылығы зерттеуші-экспериментаторға кең көлемді, үлкен зерттелуші топта диагностикалаушы және қалыптастырушы эксперименттерді ұйымдастыруына және жүргізуіне мүмкіндік береді.
Коррекциялық іс-әрекеттер критерийлерін анықтауға
арналған сауалнама- тесті
Нұсқау: Сіздерге таратылған қағазға жағарғы жағына өз символыңызды қойыңыз. Өзіңіз жайлы мәліметтерді, аты-жөніңізді көрсетіп қажетті жоқ. Тест анонимдік түрде өтеді. Қиын емес тапсырмалардың бір қатарын орындаңыз және өз пікіріңізді рет-ретімен тіркеңіз.
Сұрақ пен тапсырманы жазудың қажеті жоқ. Жалпылама түрде ғана қолданылады және барлық жауаптар жасырылған. Қажет болған жағдайда жеке деректерді анықтау қажет болса, біз қайсыбір эксперементалдық мүшесін, символ бойынша тауып аламыз.
Шын көңілден жауап бергендеріңізге алғыс білдіреміз.
Эксперементалдық топ.
1-бөлім. Психодиагностика.
1. Жалпы алғанда психодиагностика мені қанағаттандырды. Сұрақтардың қарапайымдылығы және анықтығы біркүрделігі жауаптардың нағыз сол, өз өмірімде кездеспегендер.
А) Өте дұрыс.
Б) Психодиагностика мені қанағаттандырмады. Аудиторияда шулы болды. Қалай ойлағанымдай жауап беруге, назарымды аударуға мүмкіндік болған жоқ.
В) Жауаптарды эксперементатор айтып отырды.
2. Өзімнің темпераментім жайлы, жүйке іс-әрекетім жайлы толыққанды жауап алуға болады деп ойлаған емеспін.
А) Толығымен келісемін.
Б) Өз темпераментім жайлы түк білмеймін бәрін ұмыттым.
В) Көмескі елестер қалды, бірақ менімен қайталанған сұхбаттар болған жоқ.
3. Менің мінез-құлқымның ерекшелігі жайлы толық жан-жақты мәліметтер алуға, зерттеуші күрделі емес сұрақтармен, бір күрделілігі бар жауаптарды алуға болады деп ешқашан ойлаған емеспін.
А) Шешімдермен келісемін.
Б) Аудиторияда шулы болды. Көп айғайлар. Сұрақтарға жолдастар қызулы жауап берді. Жауап беру қиын болды.
В) Тест үрдісінде өзім жайлы мәліметтерді жазбағандықтан мінез-құлқымның ерекшелігін ұмыттым.
4. Жоғарғы ғылым ұйымдастырушылық деңгейде; индивидтің акцентуинтивтік мінезінің жақтарын эксперементші сауатты көрсете білді.
А) Бұл солай.
Б) Аудиторияда шулы болды. Барлығы қызулы жауап беріп отырды, ерекше сұрақтарға, назарымды аударуға мүмкіндік болған жоқ.
В) Өзімнің акцентуациям есімде жоқ. Жалпы бәрін ұмыттым.
5. Мен өзімнің ойлау қабілетім жайлы толық қанды қанағаттандым және мәліметтер алдым. Ойлаудың дамуының деңгейін әр түрін эксперементатор ұйымдастырушылық түрде, сауатты асықпай өткізді.
А) Өте дұрыс.
Б) Аудиторияда тәртіп болған жоқ, қалып келгендер көп болды. Шудан сұрақтар және шешімдер қабылдаулар естілген жоқ.
В) Қазір ештеңе есімде жоқ.
6. Эксперементатордан индивидтің дамуының ұсынымдарын жазба форма түрінде алдық. Еске сақтау диагностикасы дер кезіндегі процесс.
А) Дұрыс мақұлдау. Диагностикалық тәжірбиені болашақта қолдануды ойлаймын.
Б) Дұрыс емес мақұлдау. Көп жүгіріс, кешігушілік. Аудиториядан шығып кету көп болды.
В) Диагностиканың нәтижесін және процестері өткезілген көмескі есімде.
7. «Қабылдау» диагностикасы және «зейін» есімде қалды. Мен өзіме аталған процесстердің ерекшеліктерін белгілеп алдым және оларды ылғи да дамытып эксперементалды методикада қолданам.
А) Өте дұрыс.
Б) Ұйымдастырылмаған түрде өтті процесс диагностикасы. Нәтижесін мен алған жақпын, жазуға үлгермедім.
В) Көп уақыт өтті. Қабылдау мен зейін жайлы ештеңе есімде жоқ.
8. Қиял диагностикасы маған қатты ұмытылмас әсер қалдырды. Эксперементатордың ұсынымдарын одан алған мәліметті, өз қиялымның деңгейін жақсы меңгердім және әрі қарай дамутудамын.
А) Маған деген қатынасты мақұлдаймын.
Б) Басқа да танымдық процесстердей бір жерге жұмарланған психодиагностика қиялы нақты болған емес.
В) Есіме әрең түсіремін. Елестету қиял түсінігін мен қабылдаған жоқпын.
9. Зерттеуші өте жоғары-ғылыми әдістемелік деңгейде, мұқият дайындалған. Жалпы өзімнің қабілеттерім жайлы нақты түсініктерім және терең білім деңгейіндегі менің арнайы қабілеттерім.
А) Өте дұрыс.
Б) Диагностика барысында көп сұрақ айғайлар болды. Нақты ұйымдастырылған жүйе болған жоқ.
В) Бұл процессті мен көмескі есіме түсіремін. Ешқандай жазбалар менің арнайы қабілеттерім жайлы сақталған жоқ.
10. Ақыл-ой дамуының психодиагностикасы қажетті жоғары ғылыми деңгейде. Мен өз интеллектуалды күш-қуатымды дамытып, жоғары сатыға жетілдіруге тырысамын.
А) Маған қатысты мақұлдау дұрыс.
Б) Эксперементшінің ұйымдастырушылық қабілеттілігі, одан басқа; Ақыл-ой дамуының өткізілу технологиясын нашар біледі.
В) Ақыл-ой дамуының деңгейі жайлы ешқандай мәлімет жоқ, және сұрайтын ешкім жоқ.
11. Психодиагностика креативтігі өте сенімді әдістермен өтті. Шығармашылық өзімнің деңгейімді мен шама-шарқымды білемін. Дамуға байланысты келесі ұсынымдарды және жүйелі танымдық және шығармашылық өзін-өзі дамытуды білемін.
А) Мақұлдау дұрыс. Шындыққа сай келеді.
Б) Дұрыс емес. Мен өзімнің креативтік мәліметтерді сақтаған жоқпын.
В) Жалпы осы түсініктің мазмұны есімде жоқ.
12. Бірнеше этап арқылы эксперементші қарым-қатынасты зерттеді. Алды-артын байқағыш және әдепті. Менің көп деректерге «көзім ашылды». Қарым-қатынас және қатынаста болу жүйесі әбден толық жетілген, интеллектің дамуы және қабылдауы.
А) Өте дұрыс.
Б) Бірнәрсе болды, бірақ у-шу болғандықтан менде ешқандай мәліметтер сақталынған жоқ.
В) «Тұлға аралығындағы қатынас» жайлы білмеймін.
ІІ-Бөлім. Зерттеуші эксперементатордың психокоррекциялық танымдық іс-әрекет бағалары.
1. Менің көзқарасым бойынша бұл мәселенің шешімімен айналасатын тәлімгер, уақыты мен күшін ақтайтын көкейтесті, перспективті жұмыспен айналысады.
А) Өте дұрыс.
Б) Ішінара дұрыс.
В) Менің өзімде ешқандай өзгерістер болып жатқан жоқ.
2. Тәжірбиелі тәлімгердің эксперементалдық іс-әрекетінен менде өзімде ұйымдастырушылық, танымдық даму қажеттіліктері туындады.
А) Дұрыс.
Б) Ішінара дұрыс.
В) Заман ағымында көкейтесті мәселе емес.
3. Дұрыс шешім қабылдауға, бір-біріне әсер етуге, танымдық даму процессінде әбден меңгеріп алуға жұмыс істегенде үйренеді.
А) Бұл таласпайтын дерек.
Б) Ұжымның кейбіреуінде ғана айтулы өзгерістер болады.
В) Тәжірбие – формальды құбылыс. Бұл қағазда ғана болады, шындығында емес.
4. Біз ұжымның құрылымдық танымының алдын-ала ойланған еркін ықпал етуіне. Оқытушы педагогтардың тәлімгердің іс-әрекетін күшейтетін, белсенді мекеме институт ассистенттері шықты.
А) Өте дұрыс.
Б) Бір немесе екі ассистенттен құрылған бұл түк бермейді. Ұжым керек, бұған әлі алыс.
В) Эксперементалдық ұжымда мынадай ұйым жоқ.
5. Эксперементатордың ықпалымен менде мінезімнің жақсы жақтары көрінеді.
А) Өте дұрыс.
Б) Қажеттілік туындады, бірақ үйреншікті әдеттер «жоғары алды».
В) Ұжымның ешбір мүшесі бұнымен аналыспайды. Алдымызда мақсат құру болған жоқ.
6. Жалпы мақсатқа бағынған ұжымдық іс-әрекеттің дамуы мақсатындағы бекітілімнің ықпалымен менде айтарлықтай нақты қарым-қатынас нәтижелі өзара әрекеттік төмендеп нақты нәтижелер қалыптаса бастады.
А) Мақұлдау дұрыс.
Б) Жалпы қарым-қатынас, барлығы сол деңгейде қалды. Біздің өмірімізге жаңаша нысан іс-әрекеттерді енгізуге зерттеуші тәлімгердің қолынан келген жоқ.
В) Ұран мен өтініш қарым-қатынастың дамуының нысаны бола алмайды.
7. Менде және менің байқауымша, менің жолдастарымның маңызды жақтары жақсарды, сапалы пысықтығы, мақсаттылығы, ойлау іс-әрекеттігі, еріктілігі.
А) Өте дұрыс.
Б) Аталмаған процесс баяу түрде өтеді.
В) Ерекше өзгерістер байқалмайды.
8. Эксперементалдық ұжымда жалпы келіспеушілік жойылды. Әрбір эксперементалдық ұжымның дамуына, жиналыста, отырыста ең қажет болып саналады. Ол әр жеке адамның дамуына көмегін тигізеді.
А) Бұл солай.
Б) Деструктивті келіспеушіліктер өте көп. Себепсіз бірін-бірі кінәлау, жанжол, төмен сынамалы психологиялық көзқарастар, қорғаныстар т.б.
В) Деструктивті келіспеушілікті және констуктивті негізді анықтауға тәлімгер эксперементатордың жолы болған жоқ. Сондықтан бәрі сол қалпында қалды.
9. Жүйелі түрленетін эксперементте менде жеке когнетивтік процесстер жақсарды, жүйелі мақсатталған іс-әрекеттік кемелденіп, дамумен жалғасуда.
А) Өте дұрыс.
Б) Өзімдегі ерекше өзгерістерді байқамаймын не қабылдауға, не зейінге, не еске.
В) Тек сөйлескен басқа нақты зерттеушімен ештеңе істелінген жоқ.
10. Менде ойлаудың барлық түрлері жақсарды, теориялық, ауызша, ойлау, практикалық, шығармашылық, зерттеулерді, эксперементтің ықпалымен мақсатты іс-әрекеттің арқасында.
А) Дұрыс.
Б) Аздаған қозғалыс байқалады.
В) Барлығы ешқандай өзгеріссіз қалды.
11. Мақсаттық іс-әрекеттік процессте. Белсенді қалыптасатын эксперементтердің ықпалымен. Зерттеуші тәлімгердің бағытымен, менде қарқында ауызша-логикалық ойлау қалыптасты, диалогиялық сөйлеу. Мен өзімді танымайтын жанымдағы адамдарда мендегі өзгерістерді байқады.
А) Өте дұрыс.
Б) Кей-кезде өзімдегі жаңалықты сеземін.
В) Ішкі дүниемдегі ешқандай өзгерістерді байқамаймын.
12. Жалпы тұтас алғанда эксперемент сәтті өтті. Менде инновациялық қасиеттер қалыптасты, жаңа заманның талабына сай, көпшіліктің сұранысына байланысты.
А) Өте дұрыс.
Б) Кей-кезде өзімдегі жаңа сезімдерді сеземін, бірақ бұл сезімдер тез өтеді.
В) Маған эксперементтік зерттеу ешқандай әсер еткен жоқ. Қандай болдым, солай қалдым.
Тесттің қортындылары өзіне мынадай процедурлық компоненттерді кіргізеді.
-
Әр көзқарасқа бір балл қосылады.
-
Әр литердің жалпы сапалық балы саналады.
-
95-100% литердің «А» барлық сұранғандардың өте жоғары деңгейі психодиагностикалық және психокоррекциялық тәжірбиелі эксперементтік практикалық зерттеуі.
-
Бары 8-10% жауабы литердің «Б» және «В» зерттеудің өте жоғары деңгейде өткенін айтады.
-
50% жауаптары литердің «Б» және «В» зерттеуінің өте жоғары деңгейде өткенін айтады. Ал қалғаны литердің «А» психокоррекциялық процесстің орташа екенін айтады.
-
Өте жоғарғы сапа нұсқаларын литердің «Б» және «В» эксперементтерінің дайындықтарын анықтайды және ол диагностикалық коррекциялық зерттеуді жүргізілуден аластатылады.
-
Сұраунамада, 2 немесе 5 нұсқалары белгіленген, олар жарамсыз деп саналады және санауға қатыспайды.
Біздің көзқарасымыз бойынша, диагностиканың критериерінің және ерекше коррекциялық таным дамуының практикалық зерттеуінің өте тиімді басқаларымен салыстырғанда.
Қорытынды
Психологиялық коррекция – адамның қайсыбір кемшіліктері қасиеттерінің жеткіліксіздігі анықталған жағдайда ғана ұйымдастырылып өткізілмейді, сонымен бірге әлеуметтік мәртебесі жоғары ойшыл адамдардың аса жоғары латентті, жасырын қасиеттерін анықталғанда да қолданылады. Беделдің жоғарғы деңгейдегі қарапайым тұрмыстың пайымдылығын жоққа шығарып, креативті зерттеушілерін дайындаған диагностикалық нәтижелер бірнеше қатар тексеріп индивидтің ерекше қасиеттерінің дамуға іс-әрекеттеріне продуктивті толықтырумен коррекцияны енгізуге ықпал ететін, сенім артатын және анықталған әдістеме тірекке негізделіп құрылу керек. Психокоррекцияның және психодиагностиканың жұмысының деңгейін анықтау. Жақсы дайындалған және балансталған критерилер бойынша психологиялық және психокоррекциялық жұмыстың деңгейін анықтау. Ол психология методология негіздерін кемелдендірудің баламасыз жолы.
Оқитындарға тапсырма
1-тапсырма
Өздеріңіз жүргізетін диагностикалау және түрлендіру эксперименттерінің критерийлерін дайындаңыз.
Өздеріңіз дайындаған критерийлерді айқындайтын технологиялық үрдістерді құрастырыңыз (ашық жабық, қиыстырылған тест-сұрақтар, сауалнамалар, мүдделі адамдардан интервью алудың жоспары, сенімділік сұхбаты немесе оригинальды бейстандартты психолого-педагогикалық инструменттер жоспары).
2-тапсырма
Өздерің дайындаған материалды семинарлық /практикалық/ сабақта қорғаңыздар. Мәтінге өз ойларыңның, курстастардың, психологияның теориялық - әдіснамалық негіздері пәні оқытушысының ескертулері негізінде толықтырулар мен түзетулер енгізіңіз.
3-тапсырма
Түзетілген, толықтырылған әдістеменің негізінде өздеріңнің коррекциялық іс-әрекеттеріңнің деңгейін анықтайтын зерттеу жүргізіп, оны дипломдық жұмысыңызға қосымша ретінде тұжырымдаңыз.
7- Дәріс. Білім беру мекемелеріндегі психологиялық кеңестер берудегі әдіснамалық мәселелер
Қарастыратын сұрақтар
1. Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесіндегі психологиялық кеңес беру принциптерінің дамуы және жетілдірілуі.
2. Білім беру мекемелеріндегі психологиялық кеңес берудің мақсаттарын, міндеттерін, технологиялық үрдістерін жетілдіру мәселелері.
3. Психологиялық кеңес берудің түрлері.
4. Мектеп психологының жұмысты жоспарлауы.
5. Психологтың жоспарлы қызметінде психологиялық бөлменің рөлі.
6. Мекемелердегі ата-аналар мен жанұядағы ересек адамдармен жұмыс жасаудағы жаңа бағыт.
7. Психолого-педагогикалық кеңес берудің тиімді критерийлерін анықтау.
Білім беру мекемелеріндегі психологиялық кеңестер – бұл психологтың спецификалық қызметінің жүйесі, негізгі нақты ақпарат, анализденген және дұрыс құрылған жауап.
Білікті қызметтің тиімділігі принциптердің, әр бағыттағы мақсат-міндеттердің, интеллекті мамандардың шығармашылық потенциялына, жалпы психологиялық құндылықтарына мінездеме беріледі.
Қысқаша түрде біздің бекітуіміздің теориялық аспектісін көрсетеміз.
Бірінші принцип - өзіне деген аяусыз көзқарас. Өз интеллектісіне анағұрлым бостандық берген сайын соғұрлым кеңірек әрі тәуелсіз болады. Өзіндік білім алу, шығармашылықты дамыту, шығармашылық ойларды жүзеге асыру. Кеңес беру тәжірибесінде принцип қалыптасады.
Екінші принцип – психолого-педагогикалық кеңес беру процесін білім беру мекемелеріндегі оқушылар мен оқытушылардың жан-жақты жеке тұлғалық қалыптасуларына бағыттау. Олардың іс-әрекетінде, қарым-қатынастарында қандай да бір кемшіліктердің болмауы – ол творчестволық интеллектінің басқа жекетұлғалық қасиеттерден биіктеу тұратын приоритет ретінде.
Үшінші принцип – білім беру мекемелерінің ұйымдастырушылары және тәрбиелеушілері тәрбиеленушілердің өзіне зиян қасиеттерден (ішімдік, темекі шегу, нашақорлықты аз мөлшерде болса да қолдану т.б.) аулақ болу, ол үшін білімді дұрыс ұйымдастыру және тәрбиелеу интеллекті, біліктілікті, дағдыларды қабілеттерге қалыптастырып, тұлғаны қандай да бір жағдайда дұрыс шешімге келеді.
Тәрбиеленуші мен тәрбиешінің диалогтық сөйлей алу қабілетін, терең ойлау және тапқырлықтың, сөздік-логикалық ойлаудың дамуына түрткі болатын іс-әрекеттерді сыйлау және мадақтау (шығармашылық әдебиеттерді оқу, анықтау сөздіктері құнды факторларды жадында ұзақ уақыт сақтауға көмектеседі).
Төртінші принцип – жиналыс, отырыс, жиындарда мәселелерді ұжымдық талқылау және басқарушылық шешімге келу кезінде қызметтік субординация принципін шеттету. Бұл принцип тұлғаның және әріптестердің шығармашылық потенциалының дамуына әсер етеді, сонымен қатар жан-жақтылықты қалыптастырады.
Бесінші принцип – психологтың пікір-талас, дискуссия, диалогты сөйлеу және ойлауды дамыту – ол жекетұлғалық және ұжымдық қасиеттердің дамуының негізі екенін тәрбиеленуші мен тәрбиешінің сана-сезіміне енгізуі, ал ақпаратты ойланбай сіңіре беру және оны интеллектпен терең өңдемей тарата салу - әлеуметтік дамуды тежеу болып табылады.
Алтыншы принцип – ұжым мүшелері, акцентуанттардың, тәрбиеленуші және тәрбиелеуші төзімді және терең білімдерінің психикалық ерекшеліктері - бұл эпилептоидтар, истеройдтар, неврастениктер, шизоидтер және т.б., акцентуанттармен мақсатты бірлесіп олардың психикалық процесстер мен көңіл- күйлерінен акцентуалданған мінез- құлықтарын позитивтілерімен алмастыру.
Жетінші принцип - өзінің жеке тұлғалық ерекшеліктерін терең менгеру және өзінің кәсіби – жекетұлғалық қасиеттерін үнемі жаңғыртып отыру, әсіресе мінезін, идеалды түрде төмендегілердей қасиеттер жиынтығына әкеледі:
- Мақсатқа ұмтылыс, тапқырлық, өнегелілік-жігерлілік қасиеттердің жоғары деңгейі;
- Қоршаған ортаны идеялармен толғандыра алатын, нақты мақсаттардың болуы, позитивті сипаттағы іс-әрекеттерге еліктеу, шығармашылық жағынан өзін-өзі дамытуға құштарлық, өзін-өзі тәрбиелеу;
- Өзіне адамдарды қарата білу, оларды кеңеспен қамтамасыз ету , тәжірибелік жұмыстарына көмек көрсету, толығырақ айтсақ, білім беру мекемелеріндегі психолог - жан-жақты, интеллектуалды, орнын толтыра алмас тұлға.
Білім беру мекемесіндегі психологтың іс- әрекет кеңесінде біз басты екі бағытты ұсынамыз: психологтың инициативасы бойынша кеңестер – жоспарлы кеңестер және жалпы мектеп ұжымының инициативасы бойынша кеңестер, ата – аналардың психологиялық-педагогикалық жүйесінде жүзеге асырылатын кеңестер.
Өзара қатынасты, өзара әрекетестіктік жүйені, жеке тұлғаны, топты, ұжымды мінездейтін ақпараттың жинақталуына байланысты психологтың инициативасы бойынша кеңестер ұйымдастырылады.
Мектепте өткізілетін әрекеттік түрдегі кеңестер тақырыптық жиналыстарда, отырыстарда дәстүр бойынша дұрыс ойластырылған, талқыланған болуы керек.
Кесте – 6 Білім беру мекемесіндегі кәсіби психологтың іс-әрекетінің жүйесі
Мектептегі психолог қызметінің негізгі бағыттары.
|
Психолог
тың белгіленген бағыттарының негізгі міндеттері.
|
Психологтың жұмысының мазмұны және ұсынылатын әдістері
|
Білім беру мекемесіндегі психологтың өзіндік актуализациялау жүйесі.
|
Бастауыш мектептегі оқушылардың білім алуы.
|
Жарамсыз психикалық процесстердің болмауы үшін әр бір баланың дамуына оптималды жағдай жасау.
|
Төменгі сыныптарда кадрларды дайындауда зерттеуде әртүрлі әдістерді, жобалы тесттерді қолданып мектеп жетекшілігіне көмектесу. Жауапты басқарушымен бірігіп төменгі сынып мұғалімдерінің іс-әрекет әдістерін ұйымдастыру.
10-11сынып оқушыларынан ассистенттер кеңесін құру.Олардың құрамында жоғарғы сынып оқушылары, мұғалім мамандығын таңдағандар, мұғалімдер, психологтар.
|
Балаларға арналған шығармашылық әдебиеттерді оқу; Ғылыми әдебиеттерді зерттеу.
Мұғалімдер мен ұйымдастырушы психологтардың жоғарғы сыныптардан ассистенттерді шақырып, төменгі сынып оқушыларының өзекті білім беру мәселелерінің психологиялық- педагогикалық консилиумдарын ұйымдастыру.
|
Төмеңгі сыныптағы өскелең оқушылардың білім алуы
(5-7сыныптар)
|
Өскелең балалардың дамуы үшін қолайлы жағдайлар
тудыру. Ой қабілетін, таным қабілеттілік қасиеттерін дамыту. Оларды мектеп ішілік және мектептен тыс іс-шараларға қатыстыру. Өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыру «заңнамалық және орындаушылық».
|
Авторлық және жобалық тестерді дайындау және қолдану. Мектеп
жетекшілігіне педагогикалық кадрларды дайындауда көмектесу. Жас өспірім ерекшеліктеріне байланысты қарастыру.
- жыныс мүшелерінің дамуы
- жеке қабілеттіліктерінің байқалуы
- «мен» концепциясының пайда болуы, критикалық ойлау
- өз ойының қалыптасуы
- достық қатынасының дамуы.
|
Қазіргі заман авторларының әдебиеттерін оқу. Ғылыми әдебиеттерге анализ жасау. Өзін-өзі
тәрбиелеу тенденциясын дамыту. Жас өспірім арасындағы қарама-қайшылықты бақылау. Еңбекшіл, ересек адамдарға көмек көрсету қасиеттерін дамыту.
|
Жоғарғы сынып жас өспірімдерінің білім алуы
(8-9 сыныптар)
|
Олардың интеллектуалды дамуын қадағалау. Әрқайсысын жоғарғы сынып оқушысы ретінде дайындау. Өзін-өзі басқаруды бұлжытпай дамыту. Сақтандыратын іс-әрекеттерде өзін-өзі оқыту жүйесін құру.
Жоғарғы сынып оқушыларының жеке қабілеттерін анықтап, дамуын қадағалау.
|
Төзімді әдістерді қолдану, соның ішінде жобалы тестерді. 8-9 сыныптарға кадрларды дайындауда директорға тікелей көмек көрсету. Әрдайым қызмет етуші психологты қалыптастыру және дамыту. Яғни, оқыту негізінде өзгені сыйлау, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу.
|
Қазіргі заман авторларының әдебиеттерін оқу. Отандық авторлардың жас өспірімдер туралы ғылыми әдебиеттерін зерттеу. Олардың шығармашылық ойлау қабілетіне көз салу, өзінің даму жолында өз бағытын анықтау. Мектеп қатарында педагогтар мен оқушылардың дамуында жан-жақты интеллект, батыл мінезге тән қасиеттерінің байқалуы.
|
Жоғарғы сынып оқушыларының білім алуы
(10-11(12) сыныптар)
|
Өзін-өзі басқару қабілетін дамыту және жүзеге асыру. Жоғарғы сынып оқушыларында психологиялық-педагогикалық ойлау қабілетін дамыту. Кәсіптік өзін-өзі анықтауда кеңестер жүйесін қалыптастыру және 9 сыныпта бастаған шығармашылық өзін-өзі дамытуды жалғастыру. Педагогикалық сыныпты құру және педагогикалық әдістерді біріктіру.
|
Төзімді әдістерді пайдалану, соның ішінде жобалы тестер. Жетекшілікпен бірлесе отырып, жоғарғы сыныптарға педагогикалық кадрларды таңдап алуда көмектесу. Сағаттық төлем ақысымен жоғары мамандандырылған мамандарды жоғарғы оқу орындарынан, колледждерден шақырту. Тәжірибелік профориентациялық авторлық парадигманы меңгерту.
|
Жеке ұйымдастырушылық қызметті жүзеге асыруда әдеби кітаптарды оқуға уақыт бөлу. Яғни қазіргі жастардың даму негізі бейнеленген. Жоғарғы сынып оқушыларының білім алуының көздейтін ғылыми әдебиеттерді әзірлеу. Өзекті тақырыптарға байланысты анализ жасау. «Ойлау қабілетінің және интеллект дамуының негізі», «Жас өспірім достығы және махаббат» т.б. тақырыптар нәтижесінде жасалған жұмыстарды ашық түрде баспаға беру.
|
Педагогикалық кадрлардың мектепте мамандықтарын психолого-
педагогикалық жетілдірулері
-11(12) сынып оқушыларының ата-аналарының психолого-педагогикалық білімдері
|
Мұғалімдер мен тәрбиешілердің мамандығын жоғарылатуда мектепішілік
институт құру. Оған мамандарды өз еркімен қабылдау. Әртүрлі дидактикалық әдістерді және түрлерін пайдалану. Ең алдымен мұғалімдердің өзін-өзі дамыту қабілетіне қол жеткізу.Тұлғалық мінез-қылықты дамыту. Кері мінез-қылықтардан арылту. Шығармашылық қабілеттілігін, құндылықтарын дамыту.
Білім мекемесін-де ата-аналарға он бір (он екі) жылдық оқыту Университетін құру. Оқытудың бірінші жылында ата-аналарға жұмыс және сабақ жоспарларын дайындау.
|
Мектептегі МБЖ қызметтілік жағдайын дамыту үшін мектеп әкімшілігімен бірлесе жағдайды
қалыптастыру. Яғни мектеп мұғалімдерінің және олардың жетекшілерінің белсенді жұмыс жасауы үшін МБЖ-ны орталыққа қалыптастыру. Яғни жас мамандарға категория және қызметін жоғарлатуда тез арада аттестациядан өту мақсатында МБЖ ішінде шеберлердің экспериментальді тәжірибелі қызметіне жүйе құру.
Мектеп әкімшілі-гімен бірлесіп ата-аналар Уни-верситетінің психолого-педагогикалық жұмыс істеу шарттарын құру. Университеттегі ата-аналар-тың-даушыларға аттестация жүйесін енгізу.
|
Жоспар әзірлеп, оған кәсіптік өзін-өзі актуализациялау бөлімін кіргізу: өзін-өзі оқыту; шығармашылық- ты дамыту т.б. сияқты
кәсіптік тұлғалық қасиеттер. Кәсіптік өзін-өзі актуализациялау, жоспар мазмұнындағы тәжірибелік сұрақтарды реттеуде ИПППК сабақтарына қатысу.
Психолого-педагогикалық біліміндегі әртүр-лі әдіс-тәсілдерді қолданып, ата-аналарға арналған Университеттерде дәрістерді өзі беру.
|
Мұндай кеңестердің мазмұнына жатқызамыз: педагог және қатысушылардың өзара әрекеттестік және өзара қатынастарының тиімді түрлерінің даму мәселелері; субъектің жоғарғы жүйке әрекетінің түрлерін, сол сияқты объект ретінде мектептегі білім және басқарушылықты қарастыратын сұрақтар; оқушылар мен оқытушылардың интеллектуалды шығармашылық потенциалдарын дамыту мәселелері; педагогтардың оқушылардың ата-аналарымен өзара әрекеттестік мәселелері және т.б. Осы топқа біз психолог өзі ұйымдастырып өткізетін психолого-педагогикалық консилиумдар тақырыптары төмендегідей болуы мүмкін:
- Стандартқа сәйкес жоғарғы сынып оқушысы. Қалайша екі жаққа жағымды әлеуметтік мақсат қойып, оқушымен өзара әрекеттессе? «Еңбекқұмарларымен» қалай жұмыс жасау керек?
- Мектепте акцентуанттар болады – кіші және жас жеткіншектер. Акцентуанттардың көңіл-күйлерінен және психикалық процесстерден акцентуацияланған мінез-қылықтарын шығару үшін қандай әдістерді қолданған дұрыс болады? (Сынып жетекшілеріне арналған консилиум (5-9 сыныптар)
- Біздің мектеп сыныптарында оқитын дарынды балалармен не істеуіміз керек?
- «Жоғарғы сынып оқушысы – педагог» жүйесінде кенеттен пайда болған даудың бастаушысы кім болуы тиіс?
- Білім мекемесіндегі, құрылымында, дамуында және конструктивті даудың рұқсатымен ұжым және жеке тұлғалардың дамуының факторы ретіндегі бұзылған даулардан сақтандыратын мектеп жетекшілерінің рольдері.
Аталған тақырыптар қазіргі білім мекемелерінде пайда болатын әлеуметтік жағдайларды көрсетті (28 б.48-56).
Мектеп психологының белгіленген әрекетінде практикумдар болады – кеңес берудің өзіндік түрлері – педагогтармен кітаптан алынған (22 б.445-452) әлеуметтік-педагогикалық мәселелер мен жағдайлар және психологтың бақылау нәтижелерінен құрастырылған шешімдер, жүйкелік «шабуылдар» мұндай маңызды психолого-педагогикалық мәселелер бойынша «Оқушылардағы эвристикалық ойлаудың қалыптасуы бойынша ең жақсы идея», «Оқушылардағы таным процесстерінің дамуының ең жақсы технологиясы», «Жүріс-тұрыстың ең жақсы эмоционалды және жігерлі түрлері» және т.б. [31, б.217-297].
Педагогтардың психологиялық кеңестерінің тиімді және өзіндік түрлерінің бірі дидактикалық ойындар болуы мүмкін: «Дәстүрлі және инновациялық білім үлгілері», «Қазақстан Республикасының білім жүйесі және оның жолдарының толық жетілдірілуі», «Қазіргі білімнің жағдайы және жаңа мектепті құру жолдары», «Қазақстан Республикасындағы жаңалықтар және балаларды тәрбиелеу концепциясы» және т.б. [32, б.321-335].
Психологтың кеңесі бойынша жеке кеңестер келесі факторлар бойынша құрылады:
- Бастауыш сынып мұғалімінің кейбір жағымсыз қылықтары бойынша бастауыш сынып оқушыларымен сенімді әңгімелер жүргізу;
- Бақылаулар, әңгімелер, тестер және т.б. өткізген кезде мұғалімдер мен тәрбиешілер байқай алмаған оқушылардың интеллектуалды ерекшеліктерін, оның жалпы және арнайы қабілеттерін табу;
- Екі досты табу, оның біреуі «басқарушысы», ал екіншісі «бағынушы»;
- Педагогтардың байқай алмаған жоғарғы сынып оқушыларының және жас жеткіншектердің мектепке бара жатқандағы, мектептен келе жатқандағы, жай далада жүрген кездегі девиантты мінез-қылықтары;
- Жоғарғы сынып оқушысының әрекетінің алдын алу үшін ата-анасынан ақша сұрауы («махаббат романдары»);
- Ашық акцентуанттарға психикалық процестегі және көңіл-күйіндегі мінезінің толық немесе жеке бөлшектерін шығару мәселелері бойынша кеңес беру;
- Мәселелі жағдайлар жайлы өзіндік қатысушы-басшыларға кеңес беру;
- Тәрбиеленушілердің және акцентуантты балалардың жүйке жүйелерін әлсіздендіретін педагог-акцентуанттарға кеңес беру;
- Ұжыммен басқару тәсілдерін қолданатын және білім мекемелерінде пайда болатын мәселелер бойынша мектеп басшыларына кеңес беру.
Әртүрлі жағдайларда психолог өзіндік ынтасы бойынша психологиялық кеңес беретін болса, ол иілгіш, дамыған, көп қырлы психолого-педагогикалық интеллекті бар болуына, көптеген сұрақтарға хабардар болуына, өзінің кеңесінің мазмұнында әлеуметтік маңыздылық бар болуында және кеңес алушы оның ақыл-кеңестерін дұрыс қолданынатынына сенімді болуы қажет.
Кеңестің екінші түрі – оқушылардың ата-аналарының және қоғам ұжымының сұранысы бойынша кеңес. Бұл кеңес тағы екі түрге бөлінеді.
Біріншісі – бұл мекемеде оқитын барлық оқушыларды, олардың ата-аналарын, бастауыш, орта, жоғарғы сыныптарда Білім мекемесі Уставының «Психологиялық қызмет» бөлімімен анықталған барлық бағыттарда жұмыс атқаратын педагогтарға ақысыз кеңес беру.
Екіншісі – ақылы кеңес беру, оны психолог өзі дайындап, білім мекемесінің басшысымен ақылдасып, шешіледі. Мұнда оқушыларға кеңес беру кірмейді, өйткені ол ақысыз болуы тиіс.
Психологтың жұмыс уақытынан тыс кезде жүргізетін ақылы психолого-педагогикалық кеңестің мазмұнына есейген адамдарға жақсы өмір сүріп, жұмыс істеу үшін жасайтын мұндай мәселелерді атауға болады:
- Үйлену алдындағы достық, махаббат, қорқынышты, алаңсыздықты, мазасыздықты тудыратын мәселелі жағдайлар оқуға, жұмыс істеуге, мамандығын көтеруге бөгет жасайды. (Мәселелер өте көп);
- Жұмыс орнында жалпы қабілеттерін (ойлау, жады, қабылдау, көңіл аудару т.б.) дамытуда қиындықтар көретін адамдарға кеңес беру;
- Жұмыс орнында қиындықтар көретін акцентуантты адамдарға психодиагностика және психокоррекция жүргізу (күнделікті жанжалдар, жұмыс орындарының ауысуы, бағынушылық қабілеті жоқ, басқа адамның көзқарасын қабылдамау, күнделікті жанжалдарды ұйымдастыру т.б.);
- Адамдарға өмірлеріндегі өзіндік мәселелерге психологиялық кеңес беру (жұбайымен ажырасу, шығармашылық әрекетке бөгет жасайтын жанұядағы күнделікті ұрыстар, балаларын тәрбиелеуде сұрақтарға әртүрлі көзқараспен қарайтын ата-аналардың бір-бірімен келіспеушіліктері және басқа да мәселелер);
- Адамдардың денсаулығының көңіл-күйлеріне және өзіндік мәселелеріне психологиялық кеңес беру (психогендік жүрек аурулары, депрессивті көңіл-күй, бас аурулары, жұмыс істеу қабілетінің төмендеуі, стресстер, фрустрациялар және т.б.);
- Адамдарды жұмысқа қабылдауда, кадрларды бөлуде, рационалды басқарушылық шешімдерді дайындауда және басқа қиындықтарды мемлекет басшыларына және жеке меншік мекемелерге кеңес беру.
Қайталасақ, ақылы әрекет тек қана психологтың өзі ғана ұйымдастырып, бірінші басшымен келістіріледі, өзіндік шекарасы болады, ал түскен пайда білім мекемесінің «Психологиялық қызметінің» материалды базасын жақсартуға, нақты оқушылар контингентіне ақысыз қосымша білім беруге, психологты және оның ассистенттерін жақсы жұмыс атқарғандары үшін материалды мадақтауға жұмсалмайды.
Біздің ойымызша, психологке ақылы ақыл-кеңес беруді ұйымдастыруда тиімді көмек көрсетуде, зияткерлік-шығармашылық қасиеттерін, ұйымдастыру білігі мен дағдысын өзінше дамытуда әйгілі психолог Р.С.Немовтың оқулығы мен американдық психолог Дэвид Майерсаның бірқатар ұсыныстары көмек бере алады.
Психологиялық ақыл-кеңес берудің маңызды әдіснамалық мәселелерінің бірі психологиялық қызмет көрсетудің материалдық базасын қалыптастыру, дамыту мен жетілдіру болып табылады. Бұл мәселелердің оң шешім табуы психологтың білімін ұйымдастыра білу, табандылық, мақсат қою мен оған жету, іскерлік, адамгершілік, ерік-жігер, зияткерлік, азаматтық, дүниетанымдық қасиеттеріне тікелей байланысты болып келеді. Егер бұл қасиеттер болмаған жағдайда ары қарай жылжудың, жұмыстың пайда беруі екіталай. Мұндай келеңсіз жағдайлар материалдық жағдайы жақсы білім ұйымында, тіпті дарынды деген психолог-маманның кетуінен кейін де пайда болуы мүмкін. Келеңсіздіктердің алдын алудың бірден-бір жолы психолог-маманның өзіне шәкірттер даярлауы, психологиялық белсенді топ құруды талап етеді.
Мектеп психологының материалдық базасы алдымен, психология кабинетін, психологиялық жеңілдену бөлмесі мен адами фактор – психологиялық-педагогикалық белсенділік пен білім беру ұйымының психологиялық қызмет қорын қамтиды.
Біздің ойымызша, психологиялық кабинет дыбыс естілмейтін, шамамен 36 м2 болатын төмендегідей құрал-жабдықтары бар, түрлі жастағы адамдарға психологиялық көмек көрсетуді қамтамасыз ететін бөмеден тұрады:
- Соңғы он жыл көлемінде түрлі баспалардан шыққан, психологиялық-педагогикалық тақырыптағы маңызды мәселелерді қамтыған әдебиеттермен, сондай-ақ отандық және алыс-жақын шетелдердің психологиялық-педагогикалық журналдар;
- Жас ерекшеліктеріне байланысты топтарда жүргізілген психодиагностика нәтижелері қамтылған материалдар мен жоспар, психокоррекция бойынша ұсыныстар;
- Психология бойынша оқушылармен, ата-аналармен, педагогтармен, басқа да қатысы бар адамдармен сабақтарды ұйымдастыруға арналған қажетті жинақ;
- Түрлі жастағы мектеп оқушыларымен жеңіл сынақтар ұйымдастыру мен өткізуге арнаған реквизиттер;
- Жеке және топтық тренингтер өткізуге арналған тарататын материалдар;
- Дыбыс жазатын қондырғылар.
Кабинетте міндетті түрде психологтың құпия жағдайда алынған мәліметтері бар құжаттарды сақтайтын сейф болуы тиіс. Психологиялық жеңілдету бөлмесінде білім беру мекемесінің материалдық мүмкіндіктері мен демеушілердің көмегіне қарай жабдықталады. Сондай-ақ, бюджеттік қаржы есебінен де алынып, мына бағытқа арналады:
- түрлі мезгілде жұмыс күнін аяқтайтын әкімшілік пен педагогтардың психологиялық жүктемелерін жеңілдетуге;
- сабаққа дейін жекелеген окушылармен жұмыс жүргізуге;
- жұмыс тәртібінде жоғары қабілет пен күшті қажет ететін (физика, химия, биология сабақтарында т.б.) сағаттарда жекелеген қызметкерлер және оқушылармен жүмыс;
- жұмыс басында жұмысқа аса қиындықпен кірісетін жекелеген оқушылар, мұғалімдер, қызметкерлерге арналған психологиялық қолдау көрсетуге;
- денсаулығы жақсы оқушылар мен мұғалімдерге психологиялық алдын-алу жұмыстарын ұйымдастыруға;
- танымал психологиялық-педагогикалык ғылыми технологияларды үйрену мен жаңа технологиялардың тиімділігін анықтауға мүмкіндік беретін диагностикалық бақылау сынақтарын жүргізу, нәтижелерді салыстыру мен тәжірибеде тиімді қолдануға ұсыныс жасауға;
- оқу үдерісін бағалау мен тиімді жүзеге асыруға бағытталған психологтар әзірлеген, жаңа оқыту технологиялары бойынша экспериментті қалыптастыруды ұйымдастыруға арналады [35, б. 423-469].
Психологиялық қызмет көрсету кабинеті мен бөлмесінің тиімді жұмыс істеуіндегі маңызды факторлардың бірі «өзіміз шештік - өзіміз жасадык» деген ұстаным бойынша жұмыс істейтін кабинет кенесі болып табылады.
Кеңес кабинеті - психологопедагогикалық кадрларды әзірлеп шығаратын арнайы әлеуметтік институт болып табылады.
Кеңес мүшелерін психолог жас мамандардан, жоғары сыньш оқушыларынан, жоғары білімі бар маман - ата-аналардан ерікті түрде төмендегі көрсеткіштер бойынша жасақтайды:
-
Жоғары оқу орнында психолог, педагог мамандығы бойынша білім алуға талаптанған жастар;
-
психологиялык-педагогикалық ойлау қабілеті жеткілікті деңгейде жоғары дамыған;
-
педагогикалық еңбек нәтижесі жоғары бағаланған (бұл көрсеткіш жас маман мұғаліммен әңгімелесу барысында анықталады);
-
сынып жетекшісіне, пән мұғалімдеріне көмекші ретінде нәтижелі жұмыс істеп жүрген жоғары сынып окушылары (көрсеткіштері);
-тәжірибелі мүғалімдермен, жас мамандардың тәлімгерлерімен бірге бақылау, әңгімелесу барысында анықталады;
-жас ұрпақ тәрбиесінде ата-ананың белсенді қатысуы (көрсеткіштер бақылау және пән мүғалімдерімен, мектеп басшыларымен әңгімелесу барысында аныкталады);
-адамгершілік-психологиялық қасиеттерінің жеткілікті деңгейде жоғары болуы (көрсеткіштер сенімді технологияларды тестілеу нәтижесі бойынша анықталады) [16, б. 230-266; 24, б.268-277].
Сондай-ақ, психолог, кеңес мүшелері оның тірегі әрі сенімді серігі және жоғары білікті мамандарды әзірлейтін әлеуметтік тапсырыс болғандықтан, авторлық әдістемелерді қолдана алады.
Психологиялық кабинет пен психологиялык жеңілдеу бөлмесі кеңесінің біліктілігін арттырудың бір жолы біз үсынған такырыптар бойынша психологиялық, педагогикалық практикумдар болуы ықтимал.
Достарыңызбен бөлісу: |