Р. Б. Доскалиева



Pdf көрінісі
бет32/114
Дата02.12.2022
өлшемі1.66 Mb.
#466315
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   114
Doskalieva R.B. Psihologiialyq diagnostika 2018

Т.Т.Тәжібаев Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірдің, оқу-
ағарту ісінің дамуы мен мектептер тарихын және Ш.Уалиханов, 
Ы.Алтынсарин, 
А.Құнанбаевтардың 
философиялық, 
психологиялық, 
педагогикалық 
көзқарастарын 
жан-жақты 
зерттеген ғалым. Оның К.Ушинский, Л.С.Выгодскийдің 
психологиялық көзқарасы туралы зерттеулерінің де зор ғылыми 
маңызы 
болды. 
Жиырмасыншы 
жылдары 
Шымкент 
педтехникумында Ж.Аймауытовтан дәріс алған Т.Тәжібаев қазақ 
психологиясының екінші өкілі.
1939-1964 жылдары «Халық мұғалімі» журналы және басқа 
да баспа беттеріндегі жарияланған мақалаларында сол кездердегі 
психология ғылымының көптеген теориялық көкейтесті 
мәселелерін қарастыра отырып, классикалық психологияның 
тарихы, оның даму, қалыптасу жолдарына талдау жасаған.
Т.Тәжібаев- ұлттық мінез бен этнопсихологияға, қазақ 
халқының этнопедагогикалық мұрасына байланысты да зерттеу 
жасаған ғалым. Еңбектері: «Бастауыш мектеп оқушыларының 
ауызекі сөзі мен жазба сөзінің салыстырмалы анализі», 
«Психология 
ғылымының 
зерттеу 
әдістері», 
«Бала 
психикасының дамуы», «Абайдың психологиялық көзқарастары», 
«Абайдың педагогикалық көзқарастары», «Психология и 
педагогическая психология К.Д.Ушинского», «Философские, 
психологические и педагогические взгляды Абая Кунанбаева» 
және т.б.


57 
Бүгінде Т.Т.Тәжібаевтың педагогика мен психология 
теориясының дамуына қосқан үлесі зор болып саналады.
Педагогика ғылымының профессоры Шәрапи Әлжановтың 
(1901-1938) 30 жылдары мұғалімдерге арнап «Ес және есте 
қалдыру мәселелері», «Ой мәселелері», «Дағдылану мәселелері» 
атты көлемді еңбегінде («Халық ағарту, қызметкерлерінің білімін 
көтеру жайында басты материалдарының жинағы», Қызылорда, 
1936) шәкірт психологиясының жас ерекшелігі және дара 
ерекшеліктері жайлы сөз қозғалады, осы салада жүргізген 
эксперименттік зерттеулердің нәтижесін оқырман назарына
ұсынады. Олар:«Аз ұлттарға жоғарғы оқу орындарында сабақ 
беру методикасы», «Жоғарғы оқу орындарында кадрлар даярлау 
мәселесі», «Ауыл мектебін политехникаландыру жолдары», «Ұлт 
мектептері қазіргі кезеңде», «Эстетикалық тәрбие негіздері 
(«Ауыл мектебі», 1933, №4). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет