20
берілетіндей ешбір ерекшелік жоқ?! Сен де – бiз сияқты пендесің. Сен
ешқашан бiзден артық бола алмайсың», – дедi.
Балалар, мiнеки, олар Аллаһ тағаланың елшiсiн «жынды, ақымақ» деп
жала жауып, қорлады. Өйткенi олар Аллаһ
тағалаға иман келтіріп, Оған
бойсұнудан бас тартты.
Пайғамбардың сабыры
Һуд өз қауымының жала жауып, балағаттағанына төзімділік көрсетті.
Оларға: «Ей, қауымым! Мен ақымақ та, ақылынан адасқан да емеспiн және
өтiрiк те айтып тұрған жоқпын. Мен өздерің сияқты адам болсам да, Аллаһ
тағала менi сендерге пайғамбар етiп жiберді. Бәлкiм, егер Аллаһ
тағала
сендерге елшi жiбермесе, сендерді
ұмыт қалдырып көңiл бөлмесе,
таңғаларлығы сол болар едi. Ей, қауымым! Мен бала кезiмнен сендердiң
араларыңда өмiр сүрiп келемiн. Менiң
бiрде-бiр рет өтiрiк айтып, жалған
сөйлегенiмдi естідіңдер ме? Менiң
ақымақтық немесе бұзықтық
жасағанымды көрдiңдер ме? Мен сендердiң бұл айтқандарыңа ренжімеймін.
Әрi сендердiң иманға келулеріңнен үмiтiмдi үзбеймiн», – дедi.
Һуд уағыз-насихатын жалғастырып, қауымына: «Мынау
ғажап
жаратылысқа және ондағы нәзiк тәртiпке қараңдаршы. Аспан, жұлдыз, жер,
тауларға бiр назар салыңдаршы. Сөйтіп, осыларды жаратқан Жаратушыға
иман келтiріңдер! Аллаһ
тағалаға сенiп, Одан күнәларыңның кешiрiлуiн
тілеңдер. Аллаһ Мейірімді әрі Кешірімшіл. Аллаһ
тағала сендердi кешіріп,
нығметтерге бөлеп, мал-мүліктерің мен күш-қуаттарыңды арттырады. Бiз
бiр Аллаһқа ғана ғибадат жасап, Оған ешкімді ортақ етпеуге мiндеттiміз. Ей,
қауымым! Ақылмен ойлап, менiң сөзiме құлақ салып, түсiнiңдер. Сендердi
жаратып, көптеген игілікті нәсіп еткен Аллаһ тағалаға қарсы шықпаңдар.
Аллаһқа бағынып, Оның пайғамбарына ерiңдер», – деп айтты.
Достарыңызбен бөлісу: