Құрастырушы: ф.ғ. к., доцент Қажыбаева Г. К



Дата11.06.2016
өлшемі381.71 Kb.
#128735

Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/37




Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Филология, журналистика және өнер факультеті

Қазақ филологиясы кафедрасы

050205- «Филология: қазақ филологиясы» мамандығының студенттеріне арналған

«ХV-XVШ ғасырлардағы қазақ әдебиетінің тарихы»



ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

Павлодар




Пән бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/38








БЕКІТЕМІН

ФЖж¤ факультетініњ деканы


_________ Ж.Т.Сарбалаев

« ___» ___________2010 жыл



Құрастырушы: ф.ғ.к., доцент Қажыбаева Г.К.


Қазақ филологиясы кафедрасы

050205- «Филология: қазақ филологиясы» мамандығының күндізгі бөлім студенттеріне арналған «ХV-XVШ ғасырлардағы қазақ әдебиетінің тарихы»


пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама 2009__ж. «___» _________бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленді.
Кафедра отырысында ұсынылды 20_ж. «___»____________№_____ Хаттама

Кафедра меңгерушісі ______________ Жүсіпов Н.Қ. 2010__ж. «____» ________

(қолы) (аты-жөні)

_______Филология, журналистика және өнер факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды 2010_ж. «_____»____________ №____ Хаттама


ОӘК төрағасы ___________ Жұманқұлова Е.Н. _______ 2010_ж. «_____»___________

(қолы) (аты-жөні)

КЕЛІСІЛДІ

Кафедра меңгерушісі ______________ Жүсіпов Н.Қ. 2010__ж. «____» ________

(қолы) (аты-жөні)




1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары

Қажыбаева Гүлден Кеңесқызы

ф.ғ.к, доцент

Қазақ филологиясы кафедрасы _____А1__ корпусында (мекен-жайы), 324 аудиторияда орналасқан. Байланысу телефоны 1255


2 Пән туралы мәліметтер

3 Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр

Кредиттар саны

Аудиториялық сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны

Студенттің өздік жұмысының сағат саны

Бақылау түрлері

барлы-ғы

дәріс

практи-ка

зертха-налық

студия-лық

жеке

барлығы

СОӨЖ



























































Бар-лығы

2

30

15

15

-

-

-

60

15

емтихан


4 Пәннің мақсаты және міндеттері

Пәнді оқыту мақсаты:

«ХV- XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиетінің тарихы» пәні- қазақ әдебиеті сан ғасырларға созылатын өткен жолымен, тағылымға толы тарихи тағдырымен студенттерді барынша жете таныстыру. Сол арқылы оларды қазақ халқының рухани өмірінің көрінісі боп саналатын әр кездердегі әр алуан дәрежедегі, әр түрлі жағдайда сөз ұстаған арқылы мен тереңнен толғайтын абыз- жырауларының шығармашылық болмысы турасында белгілі бір жүйеге түскен сындарлы ұғым, білім қорын қалыптастыру. Халықтың ауыз әдебиеті мен жеке авторлар шығармашылығының рухани үндестік табуы арқылы жасалған асыл қазына- ұлт әдебиетінің нәрлігі мен әрлілігіне тұщындыру арқылы, олардың туған ұлтына деген мақтаныш сезіміне дем беру, сол арқылы студенттер санасын сәулелендіру. Әдебиеттің ұрпақ пен ұрпақты жалғастырушы, қадым замандар мен бүгінгі күннің, келешек дәуірдің арасына тартылған алтын арқан екендігіне көзін жеткізу.



Пәннің міндеттері:

- ХV- XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиетінің тарихын білу;

- жыраулар поэзиясын меңгерту;

- жыраулар поэзиясының ерекшеліктерін білу;

- жыраулар поэзиясының көркемдігін игеру.


5 Білімге, икемділікке және дағды-машықтарға қойылатын талаптар

Студенттер білуі тиіс:

- жыраулар толғауларын ажырата білу білуі тиіс.

- жыраулар поэзиясының идеялық, эстетикалық мазмұнын аша білуі тиіс.

- жыраулар поэзиясын талдауда оның табиғатын білуі тиіс.

- жыраулар толғауларын талдауды меңгеруі тиіс;

- жыраулар толғауларын жатқа білуі тиіс.


Студенттер істей білуі тиіс:

-Студенттер тақырып таңдау, материал жинау, конспекті жазуды меңгере біледі.

- жыраулар толғауларының түрлерін ажырата алады.

- жыраулар толғауларының идеялық, эстетикалық мазмұнын аша білуге

дағдыланады.

- жыраулар толғауларын талдаудағы оның табиғатын біледі.

- жыраулар толғауларының түрлерін меңгереді.
6 Пререквизиттер

- Тіл біліміне кіріспе.

- Әдебиеттануға кіріспе.

- Мәдениеттану.

- Философия.

- Халық ауыз әдебиеті.

Ежелгі дәуір ідебиеті
7 Постреквизиттер

Қазақ әдеби тілінің тарихы

Тіл мәдениеті

8 Тақырыптық жоспар

1- тақырып. Кіріспе. Қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы қоғамдық- әлеуметтік, саяси жағдай. Асан Қайғы.

2- тақырып. Сыпыра жырау Сұрғалтайұлы (XIV ғасыр)

3- тақырып. Асан Қайғы Сәбитұлы (XIV- XVғ.ғ.)

4- тақырып. Қыдан тайшы (XIV- XVғ.ғ.)

5- тақырып. Қазтуған жырау Сүйіншіұлы (XVғ.)

6- тақырып. Шалкиіз (Шәлгез) Тіленшіұлы (XV- XVI ғ.)

7- тақырып. Доспамбет жырау. (XVIғ.)

8- тақырып. Жиембет жырау (XVII ғ.)

9- тақырып. Марғасқа жырау (XVII ғ.)

10- тақырып. Бұқар жырау Қалқаманұлы (1693- 1781)

11- тақырып. Ақтамберді жырау Сарыұлы (XVIII ғ.)

12- тақырып. Тәтіғара жырау (XVIII ғ.)

13- тақырып. Үмбетей Тілеуұлы (XVIIIғ.)

14- тақырып. Көтеш Райымбекұлы (1718- 1798)

15- тақырып. Шал ақын Күлекеұлы (1748- 1819)

16- тақырып. Қобылан Бөрібайұлы (1777- 1884)

Абыл Тілеуұлы (1777- 1884)


9 Пәннің қысқаша сипаттамасы (5-8 сөйлем)

«ХV-XVШ ғасырлардағы қазақ әдебиетінің тарихы» пәні – жыраулар поэзиясы студенттерге әдебиеттің тарихын, қазақ әдебиеті тарихының өзіндік ерекшелігін көрсететін пәндердің бірі екендігін, дамуына қойылатын алғы шарттарынан, қойылатын талаптарынан мәлімет береді. Қазақ әдебиетінің тарихы- өзіне лайықты салмағы бар, даму- өркендеу жолы бар әлем елдерінің біразының, соның ішінде түркі тілдес халықтардың әдебиеттерімен табиғи байлынысы бар елеулі пән. Аталмыш пәнді игеру әр түрлі кәсіби ортамен тығыз араласатын әдебиет мен тіл маманының өзге халықтардың ұлттық ерекшеліктері мен тарихи болмысын тануына да қапысыз қызмет етеді. Ұлттық сипат салт- дәстүрге байланысты жайларды, қоғамдық әлеуметтік қатынастардағы мемлекеттер аралық іргелі мәселелерді де дұрыс түсініп, бағамдауына игі әсерін тигізеді. Ал, әлеуметтік руханияттың бір бұтағы, қастерлі қайнар көздерінің бірінен саналатын ұлт әдебиетін жете меңгерген маман әманда әлемдік құбылыстарды жете танитын, логикалық ой- танымды терең зерделі жандардың қатарында болмақ.


10 Курстың компоненттері

Дәріс тақырыптары

1- тақырып. Кіріспе.

Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы, феодалдық қатынастардың дамуы. XVI ғ. Қазақ хандығының нығайып, территориялық жағынан ұлғаюы. Алғашқы қазақ заңы – «Қасым ханның қасқа жолының» жасалуы. XVI ғ. Екінші жартысында әлсіреген хандықты біріктіруде Ақназар ханның үлесі.

Асан қайғы (Хасан Сәбитұлы XIV- XVғ.ғ.) өмірі туралы мәлімет. Аңызға жиналған данышпан. Аңыздардағы қиял мен тарихи шындықтың көрінісі. «Жерұйық» идеясының көрініс табуы. Асан толғауларының тақырыптық ерекшеліктері, дидактикалық сарын. («Ай, хан, мен айтпасам, білмейсің», «Қилы- қилы заман болмай ма» тирадасы).

2- тақырып. Сыпыра жырау Сұрғылтайұлы. (XIV ғасыр)

Жыраулар шығармашылығының қазақ әдебиетінен алар орны. Жыраулар мұрасының қазақтың ұлттық әдебиетінің ауызша дәстүрмен өмір сүрген бірнеше ғасырлық тарихынан деректі мәлліметтер беретіндігі. Жыраулар атанатын шығармашылық тұлғаның әлем халықтарының, түркі жұртының ішінде қазақтарға тән екендігі. Ежелгі батырлық жырлар мен тарихи жырларды дүниеге әкелуші жыраулардың бірден- бір беделді өкілі болып саналатын Сыпыра жыраудың ел басқару ісіне араласқандығы. Тоқтамыс хан мен Едіге арасындағы жанжалды оқиға кезіндегі абыз жырау Сыпыраның елдің бірлігін сақтау мақсатында айтқан жырының мәні мен мазмұны. Жырау шығармасынан көрініс тапқан оқиғаның Сыпыраның өмір сүрген дәуірін айқындауға куәлік ететіндігі.



3- тақырып. Асанқайғы Сәбитұлы (XIV- XVғ.ғ.)

Асанқайғы Сәбитұлының қазақ әдебиетінен алар орнын пайымдауға қызмет ететін 1897 жылы «Дала уалаяты» газетінде басылған Асан жайлы, Жәнібек хан туралы ел аузынан жиналған деректі әңгімелердің мәнділігі. Асанның өмір сүрген дәуірі мен жасын анықтауға қызмет ететін хатқа түскен мағлұматтар. Асанның 1393 жылы Тоқтамыс хан атынан Литва билеушісі Яголға екі адамның бірі болып елшілікке баруы. Қазақ хандығының 15 ғасырдағы хал- жайын баян ететін «Қырында киік жайлаған», «Әй, хан, мен айтпасам, білмейсің», «Алты атанға қос артып» шығармаларында баяндалатын тарихи оқиғалар болмысы. Жыраудың дін, ғылым, адамгершілік, ел бірлігін жырлаған туындылары.



4- тақырып. Қыдан тайшы (XIV- XVғ.ғ.)

Қыдан ташының өмір сүрген дәуірі. Жыраудан қалған «Қара қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным» шығармасында сипатталатын оқиғалар. Ақжол би (Дайырқожа) мен Қобыландының өзара жауласуы. Қазақ қауымының 1456 жылғы басынан өткен жағдайын сипаттайтын Қыдан тайшы туындысының «Жылау, жылау, жылау күн» деп басталатын халық жырымен мазмұндастығы. Шәкәрім Құдайбердіұлы мен М. Әуезовтің Қыдан шығармашылығы, жоғарыда аталған туындыларға байланысты пікірлері. Жыраудан қалған зарлы жыр оқиғасының ХХ ғасырдың 70- жылдарында өмірге келген І. Есенберлиннің «Көшпенділерә трилогиясына өзек болуы.



5- тақырып. Қазтуған жырау Сүйіншіұлы (XVғ.)

Қазтуған жыраудың шығармашылық келбеті. Автор туындыларында баяндалатын 1480- 1481 жылдардағы оқиғалар. Көркем сөз иесінің ата-анасы, өзі туралы, туып- өскен ата жұрты жайлы жырлары. Жыраудың Асанқайғы, Абаттармен ара- өатынасынан мағлұмат беретін туындысы. Толғау иесінің «Шығыстан туған хандары» аңсауының түпкі себебі, бұл мәселенің Иван үшінші мен Ахмет, Меңлігерей мен Иван үшінші арасындағы қатынастарды баян ететіндігі.



6- тақырып. Шалкиіз (Шәлгез) Тіленшіұлы (XV- XVI ғ.)

Шәлгез жыраудың революцияға дейін жарық көрген шығармалары. Шәлгез есімін ғалымдарымыздың әр түрліше оқу себептері. Шәлгездің Би Темірді жырлаған туындылары. Жыраудығ өзі өмір сүрген ортасына шығармашылық тұлға, ақылгөй, азамат, қол бастаған сардар ретінде жастайтанылуы, Шәлгездің ерекше қасиеттерін күндегендердің оны Би Темірдің қасынан кетуге міжбүр еткендігі. Жыраудың «Би Темірді қажы сапарынан тоқтатуға айтқан» жырының өмірге келу тарихы. Автордың «Ер Шобан», «Шағырмақ бұлт жай тастар», т.б. туындыларында суреттелетін жауынгерлік рух. «Ер Шобан» жырына байланысты Ә. Дербісәлин, М. Мағауин пікірі. Ғалымдардың Шалкиізді сахара эпосын жасаушылардың бірі деп есептейтіндігі.



7- тақырып. Доспамбет жырау. (XVIғ.)

Азаулы жұрты туралы тұңғыш жырлаған жыраудың автопортреті. Доспамбеттің әйелі, балалары туралы шығармалары. Туындыгердің «Ер Мамайдың алдында шеит кештім өкінбен» дейтін сөзіне орай оны 1549 жылы өмірден өткен Мамайдан бұрын өлген деп білетін. М. Мағауин пікірі. А.А. Новосельский зерттеуіне сүйене отырып, жыраудың 1593- 1594 жылдарға дейін өмір сүргені анық деп танитын Ә. Дербісәлин тұжырымы. Жыраудың «Озушылар, озмаңыз», «Азау, азау дегенің» туындыларында баяндалатын жайлар, автордың өмірбаянын анықтауға тигізер жәрдемі.



8- тақырып. Жиембет жырау (XVII ғ.)

XVII ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ елінің тарихи тағдырын танытатын Жиембет туындылары. Жиембет атының әдебиет тарихында қалуына негізгі себепкер болған- Жолымбет пен Есім хан арасындағы қалмақ ханының қызына байланысты оқиға. Жиембеттің Жолымбет оқиғасына дейінгі Есім ханмен арадағы байланысын көрсететін жыр жолдары. Жағдай ушыққаннан кейінгі Жиембет қалағын дәлелдейтін автор туындысы. Жыраудың қазақ хандығының іргесін нығайтуға қосқан үлесін көрсететін жыр шумақтары. Автор туындыларындағы «Есім, сені есірткен есіл менің кеңесім. Ес білгеннен Есім хан, қолына болдым сүйесін, қолтығыңа болдым демесін... Менің ер екендігімді көргенсің, Әзелден бірге жүргенсің, Дегенімді қылғансың»- деп келетін жолдарының Жиембеттің сол кездегі қазақ хандығының ірі тұлғасы, Есім ханның әрі ақылшысы, әрі досы болғандығына куәлік ететіндігі. Профессор Х. Сүйіншәлиев зерттеуінде айтылатын Жиембет жайлы ел аңызы. Есім ханның, оның билігіндегі елдің көшпенділіктен отырықшылыққа бет алғандығынан мәлімет беретін жырау шығармасындағы жекелеген шумақтар.



9- тақырып. Марғасқа жырау (XVII ғ.)

Марғасқаның Есім ханмен Тұрсын хан арасындағы трагедиялы жағдайды баян ететін «Қатағанның хан Тұрсын» атты шығармасы. Бұл оқиғаның сол кезді көзімен көрген Әбілғазы хан шығармасында, бергі заман тарихшылары Ш. Уәлиханов, М. Тынышбаев, М-Ж. Көпеев жазбаларында суреттелуі. Қырғыздың Шоңбағыш руының билеушісі Көкемнің Тұрсын ханның опат болуына байланысты оқиғаға қатынасы. Көкем мен Есім хан достығы. Есім ханның Ташкентте Көкемнің еткен еңбегін ескеріп, «Көкемнің көк күмбезі» деген ескерткіш- мұнара тұрғызғандығы. Тұрсын ханның Қоңырбике атты қызынан өрбіген ұрпаөтар: Өскембай, Құнанбай, Абай, Шәкәрім т.б. Күнгей Алатаудағы Санташ асуына орнатылған ескерткіш. Осы жайлардың барлығын Тұрсын хан мен Есім хан арасындағы қантөгіс жайлармен тікелей және жанама байланыстылығы.



10- тақырып. Бұқар жырау Қалқаманұлы (1693- 1781)

Бұқар жыраудың қазақ елінің іргелі жұрт болуына сіңірген азаматтық, шығармашылық еңбегі. Қазақтардың Ресеймен, Жоңғар хандығымен арада болған мемлекеттік саясаты кезінде Бұқар ұстанған принцип. Жыраудың Бөгенбай батыр ерлігін әспеттейтін шығармалары. Абылай ханға Бөгенбай өлімін естіретін шығармасында жырланатын XVIII ғасырдағы қазақтар мен қырғыздар арасындағы жаугершілікті Бұқардың ешбір туындысында сөз етпеу себебі. Бұқар жырау дипломатиясы. Абылайдың Ресеймен араздасқан тұсында жыраудың Қазыбек би мен Қабанбай позициясын ұстануы. Еділ бойы қалмақтары мен арадағы соғыстың жай- күйінен, Қасым Абылайұлының өмірге келген сәтінен мәлімет беретін туындылары. Бұл шығармалардың деректілігінің тарихи жазба ескерткіштер мен фольклорлық мұралар арқылы дәйектілігі.



11- тақырып. Ақтамберді жырау Сарыұлы (XVIII ғ.)

Қазақ жұртының іргелі халық болуына жеке басының ерлігімен, жалынды жырларымен үлес қосқан сөз зергерінің шығармашылық кредосы. Тәуке хан тәрбиесін көрген Аөтамбердінің найман жұртының рубасы көсемі, әскербасы батыры болғандығын хабардар ететін Қ. Халидовтың «Тауарих- хамсасының» берер дерегі. Дулат Бабатайұлының «Ер Еспембет» дастанындағы Ақтамберді туралы мәліметтер. Арғын мен Найман елдерінің арасындағы араздық кезінде автордың «Уа, қарт Бөгенбай» туындысының әлеуметтік мазмұны. «Жағалбай деген ел бар», «Атадан тудым жалқы боп», «Жеңгеме жамау түскенін» шығармаларынан жас кезінде көрген қорлығын, жалғыздығын бейнелейтіндігі. Жыраудың қол бастап, сөз бастаған тұсында өмірге келген «Әділ жан болғым келеді», «Әкем көрген зорлықты» туындыларынан аңғарылатын автордың кісілік келбеті.



12- тақырып. Тәтіғара жырау (XVIII ғ.)

Тәтіғара шығармашылығы туралы Ш. Уәлиханов пікірі. Жыраудың шығармасының алғаш рет Ш. Уәлиханов еңбегінде елеп- ескерілуіне себеп болған жағдайлар. Ә. Марғұланның Тәтіғараны өз заманының суырып-салма ірі тұлға деп білетіндігі. Е. Ысмайыловтың Тәтіғараны ежелден келе жатқан «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын» секілді жырларды жаңғырта жырлаған жыршы деп бағалайтындығы. «Қамыстың басы майда, түбі сайда», «Кебеже қарын, кең құрсақ» секілді Тәтіғара жырларының авторды жорық жыршысы ретінде танытатындығы. Жыраудың Абылай ханның сыртқы жауларға қарсы күрестерінде оның қасында болып, қарулы қолдың рухын көтеріп айтқан туындыларының көркемдік ерекшеліктері. Автор шығармаларында көрініс тапқан оның замандастары: Жәнібек Шақшақұлы, Сары мен Баян, Олжабай батырлар туралы өлеі жолдарының тарихи деректермен сәйкестігі. Жырау мұрасы жайлы Х. Сүйіншәлиевтің пікір- тұжырымдары.



13- тақырып. Үмбетей Тілеуұлы (XVIIIғ.)

Үмбетей жыраудың Абылай ханды идеал тұтатындығын көрсететін туындылары. «Бөгембай өліміне», «Бөгембай батырдың өлімін Абылай ханға естірту» жырларында көрініс беретін Бөгембай, Қабанбай, Сары, Баян, Сағынбай батырлардың ерлік бейнелері. Бұқарғағ Жауқашарға, Ақтамбердіге арнап айтылған туындыларындағы ел бірлігі, азамттық, кісілік парасат мәселесі. Үмбетей есімі мен шығармасына байланысты М. Мағауин пікірлері. Жырау мұрасында сөз болатын қырғыздар мен қазақтар арасындағы тарихи оқиғалардың азамттық тарихтағы шынайы көрінісі. Осы оқиғаларға байланысты А. Левшин, Ш. Уәлиханов еңбектерінде айрықша аталатын «Яны кыргиз» жұрты жайлы мәліметтер. Бөгембай батырдың қол бастаған сардар ретіндегі шығармасындағы кескін- келбеті. Абылай ханның өмірбаянын Жоңғар ханның тұтқынынан құтылуына себепкер болды деп есептелетін майор Миллер елшілігінің жырау шығармасында сөз болмау жайы, осы мәселенің кейінгі Көкбай Жанатаевтың «Сабалақ» дастанында жырлануына негіз болған жағдайлар. Аталмыш мәселелердің әдебиет тарихын зерттеушілерінің еңбектерінде қарастырылатындығы.



14- тақырып. Көтеш Райымбекұлы (1718- 1798)

Ақындық өнердің алғашқы өкілдерінің бірі болып саналатын Көтеш ақын өмірге келген орта, тарихи жағдай. «Жасыбайдың өлімі» атты жау мергені қолынан қапыда өлген Жасыбай батыр жыры, оның қазақ өлеңінен алатын орны. Көтештің «Абылай, Ботақанды сен өлтірдің» туындысы туралы зерттеушілер пікірі, сол кездегі тарихи жағдай. Абылайдың өз кезінде шексіз билікті иеленген хан болғандығын дәлелдейтін Ш. Уәлиханов еңбегінде келтіретін деректер, оның осы шығармамен байланысты жайлары, Көтеш ақынның шығармашылық тұлға ретінде қазақтың қара өлеңіне қосқан үлесі. Ақынның әкесі Райымбекке, Шоң мен Шорманға арналған шығармаларының көркемдік ерекшеліктері мен тарихи деректілігі.



15- тақырып. Шал ақын Күлекеұлы (1748- 1819)

Ел шежіресін хатқа түсіріп жырлаған Шал ақын туралы Ш. Уәлиханов мәліметі. Ақын мұрасын жазып алушылар мен зерттеушілер еңбегі. Ақынның өлеңдерін ХХ ғасырдың басында хатқа түсірген Хасен Шаяхметұлының Қазан университетінің кітапханасында сақталған материалының сонылығы. Шалдың Абылайға айтылған «Өлеңге тоқтамайды Шал дегенің» туындысының қандай жағдайда өмірге келетіндігін дәлелдейтін деректер. Осы шығармаға байланысты Ғ. Әбетов, М. Мағауин, Х. Сүйінщәлиев, Ө. Күмісбаев, Ж. Тілепов, т.б. пікірлері. Шал ақынның әкесінің жасына байланысты, оның Абылай ханмен арадағы қатынастарына байланысты Сейтен Сауытбеков жазбасы арқылы жеткен деректердің мәні мен маңызы. Ақынның перзент, ұрпақ мәселесіне орай шығарылған туындысының қазақ әдебиетінің ХІХ-ХХ ғасырда өмір кешкен көрнекті сөз шеберлері Қашаған мен Аралбай, Кенен шығармаларымен дәстүрлік жағынан туыстастығы мен өзгешелігі. Ақынның діндәр автор екендігін көрсететін туындылары. Шалдың қазақ әдебиетіндегі алғашқы айтыскер ақын болңандыңын дәлелдейтін өлеңдері.



16- тақырып. Қобылан Бөрібайұлы (1777- 1884жж), Абыл Тілеуұлы (1777- 1884жж).

Қобыланды бөрібайұлының ақындық, сазгерлік өнері, мақал- мәтелге айналып кеткен туындылары. Ақынның XVIII ғасырдағы қазақтардың жоңғарлармен, торғауыттармен арада қткен айқастарда қол бастаған аруақты ер -Батыр Баянды жырлауы. Саққұлақұлы Нұралыға арнаған шығармасының өз кезінде аса өткір айтылған туынды болып есептелетіндігі. Сондай- ақ, Қобыланның жарлықты, жоқшылықты жырлаған туындыларының қоғамдық теңсіздікті қазақ әдебиетінде алғашқылардың бірі болып жеріне жеткізе өрнектеген автор болып табылытындығы. Кәрілікті жырлаған ақын шығармаларының Бұқар жырау, Шал ақынның осы мәселеге арналған туындыларынан тақырыптық тұрғыдан ұқсастығы мен айырмашылығы.

Абыл Тілеуұлының Сүйінғара, Құлбарақ секілді ел қорғаған ерлер туралы толғаулары. Баймағанбет, Қайыпқалиға айтқан сындары. «Қырымның қырық батырын» жырлаушы ретінде Мұрат, Нұрым, Қашаған, Марабай секілді ақындарға жасаған ұстаздық қызметі.

Тәжірибешілік сабақтардың мазмұны

1- тақырып. Жыраулар шығармашылығы: туындыгерлердің қазақ әдебиетінен алар орны, ерекшелігі. Толғау жанры: өмірге келу, қалыптасу кезеңдері және оның дәстүр жалғастығы.

Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы, феодалдық қатынастардың дамуы. XVI ғ. Қазақ хандығының нығайып, территориялық жағынан ұлғаюы. Алғашқы қазақ заңы – «Қасым ханның қасқа жолының» жасалуы. XVI ғ. Екінші жартысында әлсіреген хандықты біріктіруде Ақназар ханның үлесі. Асан қайғы (Хасан Сәбитұлы XIV- XVғ.ғ.) өмірі туралы мәлімет. Аңызға жиналған данышпан. Аңыздардағы қиял мен тарихи шындықтың көрінісі. «Жерұйық» идеясының көрініс табуы. Асан толғауларының тақырыптық ерекшеліктері, дидактикалық сарын. («Ай, хан, мен айтпасам, білмейсің», «Қилы- қилы заман болмай ма» тирадасы).



2- тақырып. Сыпыра жырау өмір сүрген дәуірі, шығармашылығы. Жыраулар институтының қоғамнан алар орны: ақын, жыршы секілді шығармашылық тұлғалардан жыраулар атанатын көркемсөз шеберлерінің айырмашылықтары мен ұқсастық жайлары.

Жыраулар шығармашылығының қазақ әдебиетінен алар орны. Жыраулар мұрасының қазақтың ұлттық әдебиетінің ауызша дәстүрмен өмір сүрген бірнеше ғасырлық тарихынан деректі мәлліметтер беретіндігі. Жыраулар атанатын шығармашылық тұлғаның әлем халықтарының, түркі жұртының ішінде қазақтарға тән екендігі. Ежелгі батырлық жырлар мен тарихи жырларды дүниеге әкелуші жыраулардың бірден- бір беделді өкілі болып саналатын Сыпыра жыраудың ел басқару ісіне араласқандығы. Тоқтамыс хан мен Едіге арасындағы жанжалды оқиға кезіндегі абыз жырау Сыпыраның елдің бірлігін сақтау мақсатында айтқан жырының мәні мен мазмұны. Жырау шығармасынан көрініс тапқан оқиғаның Сыпыраның өмір сүрген дәуірін айқындауға куәлік ететіндігі.



3- тақырып. Асанқайғы Сәбитұлы шығармашылығы. Қарақалпақ, қырғыз әдебиеттеріндегі Асанқайғы бейнесі. Асанқайғы және қазақ хандығының қалыптасу кезеңдері. Асанқайғы және Алтын Орда заманы. Асанқайғының дін, ғылым, адамгершілік, ел бірлігін жырлаған шығармалары. Сыпыра жырау жіне Тоқтамыс, Едіге би заманындағы қазақ елі.

Асанқайғы Сәбитұлының қазақ әдебиетінен алар орнын пайымдауға қызмет ететін 1897 жылы «Дала уалаяты» газетінде басылған Асан жайлы, Жәнібек хан туралы ел аузынан жиналған деректі әңгімелердің мәнділігі. Асанның өмір сүрген дәуірі мен жасын анықтауға қызмет ететін хатқа түскен мағлұматтар. Асанның 1393 жылы Тоқтамыс хан атынан Литва билеушісі Яголға екі адамның бірі болып елшілікке баруы. Қазақ хандығының 15 ғасырдағы хал- жайын баян ететін «Қырында киік жайлаған», «Әй, хан, мен айтпасам, білмейсің», «Алты атанға қос артып» шығармаларында баяндалатын тарихи оқиғалар болмысы. Жыраудың дін, ғылым, адамгершілік, ел бірлігін жырлаған туындылары.



4- тақырып. Қыдан тайшы шығармашылығы. Қыдан тайшы дәуіріндегі қазақ елінің жай –күйі.

Қыдан ташының өмір сүрген дәуірі. Жыраудан қалған «Қара қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным» шығармасында сипатталатын оқиғалар. Ақжол би (Дайырқожа) мен Қобыландының өзара жауласуы. Қазақ қауымының 1456 жылғы басынан өткен жағдайын сипаттайтын Қыдан тайшы туындысының «Жылау, жылау, жылау күн» деп басталатын халық жырымен мазмұндастығы. Шәкәрім Құдайбердіұлы мен М. Әуезовтің Қыдан шығармашылығы, жоғарыда аталған туындыларға байланысты пікірлері. Жыраудан қалған зарлы жыр оқиғасының ХХ ғасырдың 70- жылдарында өмірге келген І. Есенберлиннің «Көшпенділерә трилогиясына өзек болуы.



5- тақырып. Қазтуған жырау Сүйіншіұлы шығармашылығы. Қазтуған жырау және қазақ хындығы. Қазтуған шығармаларында көрініс тапқан 1480- 1481 жылдардағы тарихи оқиғалар.

Қазтуған жыраудың шығармашылық келбеті. Автор туындыларында баяндалатын 1480- 1481 жылдардағы оқиғалар. Көркем сөз иесінің ата-анасы, өзі туралы, туып- өскен ата жұрты жайлы жырлары. Жыраудың Асанқайғы, Абаттармен ара- өатынасынан мағлұмат беретін туындысы. Толғау иесінің «Шығыстан туған хандары» аңсауының түпкі себебі, бұл мәселенің Иван үшінші мен Ахмет, Меңлігерей мен Иван үшінші арасындағы қатынастарды баян ететіндігі.



6- тақырып. Шалкиіз (Шәлгез) Тіленшіұлы. Шәлгез (Шалкиіз( мұрасының жариялануы, зерттелуі (ХІХ-ХХ ғасырлар. Шәлгез (Шалкиіз) шығармаларында бейнеленетін тарихи тұлғалар, олардың қазақ халқының азаматтық тарихындағы орны. «Ер Шобан» жыры: зерттелуі, жариялануы. Шығарма туралы әдебиеттану ғылымындағы ғалымдар пікірі.

Шәлгез жыраудың революцияға дейін жарық көрген шығармалары. Шәлгез есімін ғалымдарымыздың әр түрліше оқу себептері. Шәлгездің Би Темірді жырлаған туындылары. Жыраудығ өзі өмір сүрген ортасына шығармашылық тұлға, ақылгөй, азамат, қол бастаған сардар ретінде жастайтанылуы, Шәлгездің ерекше қасиеттерін күндегендердің оны Би Темірдің қасынан кетуге міжбүр еткендігі. Жыраудың «Би Темірді қажы сапарынан тоқтатуға айтқан» жырының өмірге келу тарихы. Автордың «Ер Шобан», «Шағырмақ бұлт жай тастар», т.б. туындыларында суреттелетін жауынгерлік рух. «Ер Шобан» жырына байланысты Ә. Дербісәлин, М. Мағауин пікірі. Ғалымдардың Шалкиізді сахара эпосын жасаушылардың бірі деп есептейтіндігі.



7- тақырып. Доспамбет жырау. Доспамбет жырау шығармашылығы Доспамбет мұрасына байланысты ғылымдар көзқарасы.

Азаулы жұрты туралы тұңғыш жырлаған жыраудың автопортреті. Доспамбеттің әйелі, балалары туралы шығармалары. Туындыгердің «Ер Мамайдың алдында шеит кештім өкінбен» дейтін сөзіне орай оны 1549 жылы өмірден өткен Мамайдан бұрын өлген деп білетін. М. Мағауин пікірі. А.А. Новосельский зерттеуіне сүйене отырып, жыраудың 1593- 1594 жылдарға дейін өмір сүргені анық деп танитын Ә. Дербісәлин тұжырымы. Жыраудың «Озушылар, озмаңыз», «Азау, азау дегенің» туындыларында баяндалатын жайлар, автордың өмірбаянын анықтауға тигізер жәрдемі.



8- тақырып. Жиембет жырау: өмір сүрген дәуірі, шығармашылығы.

XVII ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ елінің тарихи тағдырын танытатын Жиембет туындылары. Жиембет атының әдебиет тарихында қалуына негізгі себепкер болған- Жолымбет пен Есім хан арасындағы қалмақ ханының қызына байланысты оқиға. Жиембеттің Жолымбет оқиғасына дейінгі Есім ханмен арадағы байланысын көрсететін жыр жолдары. Жағдай ушыққаннан кейінгі Жиембет қалағын дәлелдейтін автор туындысы. Жыраудың қазақ хандығының іргесін нығайтуға қосқан үлесін көрсететін жыр шумақтары. Автор туындыларындағы «Есім, сені есірткен есіл менің кеңесім. Ес білгеннен Есім хан, қолына болдым сүйесін, қолтығыңа болдым демесін... Менің ер екендігімді көргенсің, Әзелден бірге жүргенсің, Дегенімді қылғансың»- деп келетін жолдарының Жиембеттің сол кездегі қазақ хандығының ірі тұлғасы, Есім ханның әрі ақылшысы, әрі досы болғандығына куәлік ететіндігі. Профессор Х. Сүйіншәлиев зерттеуінде айтылатын Жиембет жайлы ел аңызы. Есім ханның, оның билігіндегі елдің көшпенділіктен отырықшылыққа бет алғандығынан мәлімет беретін жырау шығармасындағы жекелеген шумақтар.



9- тақырып. Марғасқа жырау.

Марғасқаның Есім ханмен Тұрсын хан арасындағы трагедиялы жағдайды баян ететін «Қатағанның хан Тұрсын» атты шығармасы. Бұл оқиғаның сол кезді көзімен көрген Әбілғазы хан шығармасында, бергі заман тарихшылары Ш. Уәлиханов, М. Тынышбаев, М-Ж. Көпеев жазбаларында суреттелуі. Қырғыздың Шоңбағыш руының билеушісі Көкемнің Тұрсын ханның опат болуына байланысты оқиғаға қатынасы. Көкем мен Есім хан достығы. Есім ханның Ташкентте Көкемнің еткен еңбегін ескеріп, «Көкемнің көк күмбезі» деген ескерткіш- мұнара тұрғызғандығы. Тұрсын ханның Қоңырбике атты қызынан өрбіген ұрпаөтар: Өскембай, Құнанбай, Абай, Шәкәрім т.б. Күнгей Алатаудағы Санташ асуына орнатылған ескерткіш. Осы жайлардың барлығын Тұрсын хан мен Есім хан арасындағы қантөгіс жайлармен тікелей және жанама байланыстылығы.



10- тақырып. Бұқар жырау Қалқаманұлы

Бұқар жыраудың қазақ елінің іргелі жұрт болуына сіңірген азаматтық, шығармашылық еңбегі. Қазақтардың Ресеймен, Жоңғар хандығымен арада болған мемлекеттік саясаты кезінде Бұқар ұстанған принцип. Жыраудың Бөгенбай батыр ерлігін әспеттейтін шығармалары. Абылай ханға Бөгенбай өлімін естіретін шығармасында жырланатын XVIII ғасырдағы қазақтар мен қырғыздар арасындағы жаугершілікті Бұқардың ешбір туындысында сөз етпеу себебі. Бұқар жырау дипломатиясы. Абылайдың Ресеймен араздасқан тұсында жыраудың Қазыбек би мен Қабанбай позициясын ұстануы. Еділ бойы қалмақтары мен арадағы соғыстың жай- күйінен, Қасым Абылайұлының өмірге келген сәтінен мәлімет беретін туындылары. Бұл шығармалардың деректілігінің тарихи жазба ескерткіштер мен фольклорлық мұралар арқылы дәйектілігі.



11- тақырып. Ақтамберді шығармашылығы.

Қазақ жұртының іргелі халық болуына жеке басының ерлігімен, жалынды жырларымен үлес қосқан сөз зергерінің шығармашылық кредосы. Тәуке хан тәрбиесін көрген Ақтамбердінің найман жұртының рубасы көсемі, әскербасы батыры болғандығын хабардар ететін Қ. Халидовтың «Тауарих- хамсасының» берер дерегі. Дулат Бабатайұлының «Ер Еспембет» дастанындағы Ақтамберді туралы мәліметтер. Арғын мен Найман елдерінің арасындағы араздық кезінде автордың «Уа, қарт Бөгенбай» туындысының әлеуметтік мазмұны. «Жағалбай деген ел бар», «Атадан тудым жалқы боп», «Жеңгеме жамау түскенін» шығармаларынан жас кезінде көрген қорлығын, жалғыздығын бейнелейтіндігі. Жыраудың қол бастап, сөз бастаған тұсында өмірге келген «Әділ жан болғым келеді», «Әкем көрген зорлықты» туындыларынан аңғарылатын автордың кісілік келбеті.



12- тақырып. Үмбетей жырау.

Үмбетей жыраудың Абылай ханды идеал тұтатындығын көрсететін туындылары. «Бөгембай өліміне», «Бөгембай батырдың өлімін Абылай ханға естірту» жырларында көрініс беретін Бөгембай, Қабанбай, Сары, Баян, Сағынбай батырлардың ерлік бейнелері. Бұқарғағ Жауқашарға, Ақтамбердіге арнап айтылған туындыларындағы ел бірлігі, азамттық, кісілік парасат мәселесі. Үмбетей есімі мен шығармасына байланысты М. Мағауин пікірлері. Жырау мұрасында сөз болатын қырғыздар мен қазақтар арасындағы тарихи оқиғалардың азамттық тарихтағы шынайы көрінісі. Осы оқиғаларға байланысты А. Левшин, Ш. Уәлиханов еңбектерінде айрықша аталатын «Яны кыргиз» жұрты жайлы мәліметтер. Бөгембай батырдың қол бастаған сардар ретіндегі шығармасындағы кескін- келбеті. Абылай ханның өмірбаянын Жоңғар ханның тұтқынынан құтылуына себепкер болды деп есептелетін майор Миллер елшілігінің жырау шығармасында сөз болмау жайы, осы мәселенің кейінгі Көкбай Жанатаевтың «Сабалақ» дастанында жырлануына негіз болған жағдайлар. Аталмыш мәселелердің әдебиет тарихын зерттеушілерінің еңбектерінде қарастырылатындығы.



13- тақырып. Көтеш Райымбекұлы шығармашылығы.

Ақындық өнердің алғашқы өкілдерінің бірі болып саналатын Көтеш ақын өмірге келген орта, тарихи жағдай. «Жасыбайдың өлімі» атты жау мергені қолынан қапыда өлген Жасыбай батыр жыры, оның қазақ өлеңінен алатын орны. Көтештің «Абылай, Ботақанды сен өлтірдің» туындысы туралы зерттеушілер пікірі, сол кездегі тарихи жағдай. Абылайдың өз кезінде шексіз билікті иеленген хан болғандығын дәлелдейтін Ш. Уәлиханов еңбегінде келтіретін деректер, оның осы шығармамен байланысты жайлары, Көтеш ақынның шығармашылық тұлға ретінде қазақтың қара өлеңіне қосқан үлесі. Ақынның әкесі Райымбекке, Шоң мен Шорманға арналған шығармаларының көркемдік ерекшеліктері мен тарихи деректілігі.



14- тақырып. Шал ақын Күлекеұлы

Ел шежіресін хатқа түсіріп жырлаған Шал ақын туралы Ш. Уәлиханов мәліметі. Ақын мұрасын жазып алушылар мен зерттеушілер еңбегі. Ақынның өлеңдерін ХХ ғасырдың басында хатқа түсірген Хасен Шаяхметұлының Қазан университетінің кітапханасында сақталған материалының сонылығы. Шалдың Абылайға айтылған «Өлеңге тоқтамайды Шал дегенің» туындысының қандай жағдайда өмірге келетіндігін дәлелдейтін деректер. Осы шығармаға байланысты Ғ. Әбетов, М. Мағауин, Х. Сүйінщәлиев, Ө. Күмісбаев, Ж. Тілепов, т.б. пікірлері. Шал ақынның әкесінің жасына байланысты, оның Абылай ханмен арадағы қатынастарына байланысты Сейтен Сауытбеков жазбасы арқылы жеткен деректердің мәні мен маңызы. Ақынның перзент, ұрпақ мәселесіне орай шығарылған туындысының қазақ әдебиетінің ХІХ-ХХ ғасырда өмір кешкен көрнекті сөз шеберлері Қашаған мен Аралбай, Кенен шығармаларымен дәстүрлік жағынан туыстастығы мен өзгешелігі. Ақынның діндәр автор екендігін көрсететін туындылары. Шалдың қазақ әдебиетіндегі алғашқы айтыскер ақын болңандыңын дәлелдейтін өлеңдері.



15- тақырып. Қобылан Бөрібайұлы

Қобыланды Бөрібайұлының ақындық, сазгерлік өнері, мақал- мәтелге айналып кеткен туындылары. Ақынның XVIII ғасырдағы қазақтардың жоңғарлармен, торғауыттармен арада өткен айқастарда қол бастаған аруақты ер- батыр Баянды жырлауы. Саққұлақұлы Нұралыға арнаған шығармасының өз кезінде аса өткір айтылған туынды болып есептелетіндігі. Сондай- ақ, Қобыланның жарлықты, жоқшылықты жырлаған туындыларының қоғамдық теңсіздікті қазақ әдебиетінде алғашқылардың бірі болып жеріне жеткізе өрнектеген автор болып табылытындығы. Кәрілікті жырлаған ақын шығармаларының Бұқар жырау, Шал ақынның осы мәселеге арналған туындыларынан тақырыптық тұрғыдан ұқсастығы мен айырмашылығы.



О¤Ж мазм±ны




ОӨЖ түрі

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Сағат көлемі

Фил (қ)-41



1

Дәріс сабақтарын өңдеу




Сабаққа қатысу

15 (1х15)

2

Үй тапсырмасын орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

15 (1х15)

3

Қосымша материалдарға дайындық

Конспект

Коллоквиум

16

4

Семестрлік тапсырманы орындау

Конспект

Семестрлік тапсырманы қорғау

10

6

Бақылау шараларына дайындық







4




Барлығы







60



Студенттерге өздігінен оқуға берілетін тақырыптар

  1. Жыраулар поэзиясының зерттелу жайы.

Ұсынылатын әдебиет: [1], 1- 16 бет, [4], 1-55 беттер, [6], 1-120 беттер

  1. М. Мағауин – әдебиет тарихын зерттеуші.

Ұсынылатын әдебиет: [8], 1- 100 беттep, [9], 1- 96 беттер.

  1. Толғау жанрының табиғаты туралы.

Ұсынылатын әдебиет: [8], 1- 85 беттep, [7], 1- 44 беттер.

  1. Жырау, жыршы, ақын: ерекшеліктері мен ұқсастықтары.

Ұсынылатын әдебиет: [3], 1- 200 бет.

  1. Жыраулар шығармашылығындағы арнау толғаулар.

Ұсынылатын әдебиет: [3], 1- 200 бет.


Қорытынды бақылау және ағымдағы үлгерім түрлері бойынша үлес салмағын бөлу

Р/С

Қорытынды бақылау түрі

Бақылау түрі

Үлес салмағы

1.

Емтихан

Емтихан

0,4

Жіберу рейтингісі

0,6

2.

Сынақ

Сынақ

0,4

Жіберу рейтингісі

0,6

3.

Курстық жұмыс (жоба)

Курстық жұмыс (Курстық жоба)

0,4

Жіберу рейтингісі

0,6



Бақылау шараларының күнтізбелік кестесі


1 рейтинг (1 семестр)

Барлық

балл


Апта

1

2

3

4

5

6

7

8

Аптадағы максим. сағат

10

11

10

11

10

11

11

26

100

Дәріс сабағына қатысу

СӨЖ түрі

ҮТ 1

ҮТ2

ҮТ3

ҮТ4

ҮТ5

ҮТ6

ҮТ7

ҮТ8

24

Бақылау формасы

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Макс. балл

3

3

3

3

3

3

3

3

Үй тапсырмасын орындау

СӨЖ түрі

ҮТ 1

ҮТ2

ҮТ3

ҮТ4

ҮТ5

ҮТ6

ҮТ7


ҮТ 1

32

Бақылау формасы

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ


Қ

Макс. балл

4

4

4

4

4

4

4

4

Ќосымша материалдарға дайындық

СӨЖ түрі




ҚМ1

ҚМ3

ҚМ4




ҚМ5

ҚМ6




10

Бақылау формасы




К




К




К

К




Макс. балл




2

2

2




2

2




Семестрлік тапсырманы орындау

СӨЖ түрі

СТ




СТ




СТ










14

Бақылау формасы

Р1




Р2




Р3










Макс. балл

4




4




4










Межелік

бақылау


Тақ. №

























20

Бақылау формасы



















МБ




Макс. балл






















20




2 рейтинг (1 семестр)

Барлық

балл


Апта

9

10

11

12

13

14

15

Аптадағы максим. сағат

12

9

12

9

12

9

37

100

Дәріс сабағына қатысу

СӨЖ түрі

ҮТ 9

ҮТ10

ҮТ11

ҮТ12

ҮТ13

ҮТ14

ҮТ15


26

Бақылау формасы

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ


Макс. балл

3

3

3

3

3

3

3

Үй тапсырмасын орындау

СӨЖ түрі

ҮТ91

ҮТ10

ҮТ11

ҮТ12

ҮТ13

ҮТ14

ҮТ15


24

Бақылау формасы

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ

Қ


Макс. балл

4

3

4

3

4

3

3

Ќосымша материалдарға дайындық

СӨЖ түрі

ҚМ5

ҚМ6

ҚМ7

ҚМ8

ҚМ9

ҚМ10

ҚМ11

18

Бақылау формасы

К

К

К

К

К

К

К

Макс. балл

3

2

3

2

3

2

3

Семестрлік тапсырманы орындау

СӨЖ түрі

СМ4




СМ5




СМ6




СМ7

12

Бақылау формасы

Р




Р




Р




Р

Макс. балл

3




3




3




3

Межелік

бақылау


СӨЖ
















МБ




20

Бақылау формасы






















Макс. балл



















25


Шартты белгілер: ҮТ – үй тапсырмасы №, ,Қ –оқу үрдісіне қатысу, ҚМ –қосымша материал, К- конспект, СМ-семестрлік жұмыс, МБ – межелік бақылау №1.
11 Курстың саясаты

  • Дәріске, тәжірибелік сабаққа, ОСӨЖ-ге қатысу;

  • Сабаққа кешікпеу, сабақтан қалмау;

  • Тапсырмаларды уақытында орындау;

  • Оқу үрдісіне белсенді қатысу;

  • Берілген тапсырмаға жауапкершілікпен қарау.

12 Әдебиеттер тізімі

Қолданылатын әдебиеттер

Негізгі:

  1. Абай. Шығармаларының 2 томдық жинағы. 1 т. – А, Жазушы, 1995; 2 т. 1995.

  2. Алдаспан. А, Жазушы, 1997.

  3. Әуезов М. Әдебиет тарихы. А, Білім, 1991.

  4. Байтұрсынов А. Ақжол. А, Жалын, 1991.

  5. Бес ғасыр жырлайды. Екі томдық. Құрастырғандар: М. Мағауин, М. Байділдаев. 1т. А, Жазушы, 1989.

  6. Дербісәлин Ә. Әдебиет туралы толғаныстар. А, Ғылым, 1990

  7. Дүійсенбаев Ы. Эпос және ақындар мұрасы. А, Ғылым, 1986

  8. Жұмалиев Қ. XVIII- XIX ғасырлардағы қазақ әдебиеті. А, Мектеп, 1967

  9. Исмайылов Е. Ақындар. А. ҚМКӘБ, 1956

  10. История Казахской ССР. 5 томдық. 2т. А, Наука, 1979.

  11. Қабдолов З. Сөз өнері. А, Қазақ университеті, 1992.

  12. Қазақ әдебиетінің тарихы. 1т, 2- кітап. А, Ғылым, 1960.

  13. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы, 1т, А, Қазақ университеті, 2001.

  14. Қазақ әдебиетінің тарихы, 3т, А, Ғылым, 2000.

  15. Мағауин М. Ғасырлар бедері. А, Жазушы, 1991.

  16. Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. А, Жазушы, 1985.

  17. Негимов С. Ахын- жыраулар поэзиясы. А, Ғылым, 2002.

  18. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. А, Санат, 1997.

  19. Сәтбаев Ш. Уақыт шуағы. А, Ғылым, 2000.

  20. Тілепов Ж. Тарих және әдебиет. А, Ғылым, 2001.

Қосымша:

  1. Байырғы түркі өркениеті. Жазба ескерткіштер. А, Ғылым, 2001.

  2. Богданова Н. Киргизская литература. М: Советский писатель, 1957.

  3. Бердібаев Р. Байкалдан Балқанға дейін. А, 1998.

  4. Валиханов Ч. Ч. Собрание сочинений в 5 томах. Том 1. А, Наука, 1985.

  5. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. А, Мектеп, 1974.

  6. Давкараев Н. Очерки по истории дореволюционной каракалпакской литературы. Ташкент: Изд. АН Узбекской ССР, 1959.

  7. История калмыцкой литературы. В 2томах. Том 1. Элиста: Калмыцкое книжное издательство, 1981.

  8. Қожа Ахмет Йасауи. Хикметтер. Аударған Жәмішев Ә- А, Жазушы, 1991.

  9. Қыраубаева А. Ғасырлар мұрасы. А, Мектеп, 1988.

  10. Левшин А. Описание киргиз- кайсацких или киргиз- казачьих орд и степей. Ч.2. СПб, 1832.

  11. Сәтбаев Қ. Ғылым және мәдениет туралы таңдамалы мақалалары. А, Ғылым, 1989.

  12. Сыдиықұлы Қ. Біртума жыр саңлақтары. А, Ғылым, 2001.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет