Қрдсм «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шжқ рмк



бет4/8
Дата09.06.2016
өлшемі0.76 Mb.
#124972
1   2   3   4   5   6   7   8

4. Иллюстрациялы материалдар

5. Әдебиет:

Негізгі:

1. Орманов Н.Ж., Орманова Л.Н.Фармакотерапия 1 и 2 том. Шымкент,2012 г.

2. Орманов Н.Ж., Егизбаев М.К. Фармакотерапия в кардиологии, Шымкент, 2012г.

3. Орманов Н.Ж., Садырханова Г.Ж., Орманова Л.Н., Мусахова М.О., Фармакотерапия в пульмонологии, Шымкент, 2012г.

4. Орманов Н.Ж., Егизбаев М.К., Орманова Л.Н., Сарманова Н.М., Фармакотерапия в ревматологии, Шымкент, 2013г.

5. Орманов Н.Ж., Орманов Т.Н., Садырханова Г.Ж., Фармакотерапия болезней органов пищеварения, Шымкент, 2013г.

6. Гузева В.И., Михайлов И.Б. Фармакотерапия нервных болезней у взрослых и детей. – М. Медицина 2002.

7. Шток В. Фармакотерапия в неврологии. – М. Медицина, 2005.

8. Клиническая фармакология / Под ред. В.Г. Кукеса. – М.: Изд-во Моск. Мед. академия, 2008.

9. Клиническая фармакология . Национальное руководство + СД / под ред. Ю.Б. Белоусова, В.Г. Кукеса, В.И. Петрова, В.К. Лепахина, Л.Е. Зиганшиной. – М., «Геотар – Медиа», 2008.- 1000 с. Электронные ресурсы.

10. Клиническая фармакология. Консультант врача. Электронная информационно –образовательная система на СД.- М., «Геотар – Медиа», 2008.

11. Белоусов Ю.Б. Клиническая фармакология. – М.: Медицина, 2002.

12. Белоусов Ю.Б., с соавт Клиническая фармакология и фармакотерапия. – М.: Медицина, 2001.

Қосымша:

1. Орманов Н.Ж., Орманова Л.Н. Фармакология кесте мен сызбада, Шымкент,2011 жыл.

2. Орманов Т.Н. Дәрілердің өзара әсерлесуінің белсенділіктері,Шымкент, 2013 жыл.

3. Федюкович Н.И. Справочник по лекарственным препаратам. Минск, 2001.

4. Лепахин В.К. с соавт. Клиническая фармакология с международной номенклатурой лекарств. – М.: ГОЭТАР, 2002

5. Лоуренс Д.Р., Бенитт П.Н. Клиническая фармакология. – пер с англ. В 2-х т., М.: Медицина, 2002.

6. Середенин С.Б. Лекции по фармакогенетике. Учебное пособие. М., 2004.

7. Филипенко Н.Г., Поветкин С.В. Клиническая фармакология и фармакотерапия в таблицах, схемах и алгоритмах.- М., «Медицина», 2004-116 с.

8. Машковский М.Д. Лекарственные средства . пособие для врачей. М., 2005.

9. Крылова Ю.Ф. Взаимодействие лекарственных средств.М., 2005.

10. Волошин П.В., Тайцин В.И. Лечение сосудистых заболеваний головного и спинного мозга. – М., «МЕД-пресс-информ», 2005.

11. Дополнительное лекарственное обеспечение ( ДЛО) . Консультант врача. Электронно – информационная образовательная система для практикующих врачей на СД. Версия 2. – М., «Геотар – Медиа», 2007

12. Перевод с английского Левина О. Фармакотерапия в неврологии и психиатрии. М., 2007.

13. Левин О.С. Современные подходы к диагностике и лечению боли в спине. – Москва, 2008.

14. Клиническая фармакогенетика : уч. пособие / под ред. Н. П. Бочкова, В.Г. Кукеса – М, «Геотар-Медиа», 2007 – 248 с.

15. Ф.Леманн-Хокрн, А.Лудольф. Лечение заболеваний нервной системы. – Москва. МЕДпресс-информ. – М., 2004.

16. Штрибель Х.В. Терапия хронической боли. Практическое руководство. «ГЭО-ТАР - Медиа», 2006.

17. Эни С.Д., Койл Дж.Т. Фармакотерапия в неврологии и психиатрии. – М.: МИА, 2007.

18. Михайлов И.Б. Основы фармакотерапии детей и взрослых, руководство для врачей. М.: АСТ, СПб.: Сова, 2005.

19. Гудман Г., Гилман Г. Клдиническая фармакология по Гудману и Гилману. Перевод 10-го издания. – М.? «Практика», 2006г. – 1648с.

20. Клиническая фармакология / Под ред. В.Г.Кукеса, А.К. Стародубцева /- М.: Изд.дом «ГЭОТАР-МЕД», 2006.-640с.

21. Белоусов Ю.Б., Гуревич К.Г. Клиническая фармакокинетика. – М.: Изд.дом «ГЭОТАР-МЕД», 2005.-288с.

22. Мартынов А.И., Мухин Н.А. Внутренние болезни.- М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2005.

23. Мухин Н.А., Моисеев В.С. Пропедевтика внутренних болезней. – М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2004.



6. Қорытынды сұрақтары:

«формулярлы жүйе» терминіне анықтама.


Кредит № 2

Дәріс №1


1. Тақырыбы: фармакотерапиясының дәрілерін таңдауда клинико-фармакологиялық Жүйке жүйесі аурулары жолдар принциптері

2. Мақсаты: Студенттерді жүйке жүйесі аурулары фармакотерапиясының дәрілерін таңдауда клинико-фармакологиялық жолдар принциптерімен таныстыру.

3. Дәріс тезистері.

Психотропты дәрілер адамның психикалық қызметінің бұзылысында қолданады. Оларды психоздардың әртүрлі симптомдарымен жүретін (қорқыныш, үрей, алаңдау сезімдері) невроздық және неврозтәрізді бұзылыстарды емдеуде қолданады.

Психотропты дәрілерге келесі дәрілік топтар жатады: 1) нейролептиктер (антипсихотикалық дәрілер) 2) транквилизаторл.ар (анксиолитиктер) 3) седативті дәрілер 4) антидепрессанттар 5) нормотимиктер (литий препараттары) 6) психоқуаттандырғыштар 7) ноотропты дәрілер

Нейролептиктер

Нейролептиктер – психоздардың өнімді симптомдарын (саңдырақтау, галлюцинациялар, психомоторлы қозу) жоятын аурудың дамуын тоқтататын, седативті әсері бар дәрілік заттар тобын айтамыз. Әсер ету механизмі – лимбиялық жүйенің дофаминді рецепторлерін тежейді. Нейролептиктер Д2 дофаминорецепторлерді тежеп, антипсихотикалық әсер пайда етеді.

Жіктелуі


  1. Фенотиазин туындылары: аминазин (хлорпромазин), фторфеназин (флуфеназин, модитен), левомепромазин (тизерцин), этаперазин (перфеназин), трифтазин (трифлуоперазин, стелазин)

  2. Тиоксантен туындылары – хлорпротиксен (труксал)

  3. Бутирофенон туындылары: галоперидол (галофен), дроперидол

  4. Дибензодиазепин туындылары – азалептин (клозапин, лепонекс)

  5. Бензамидтер – сульпиридтер (эглонил, догматил)

Нейролептиктердің қолдану тиімділігімен қауіпсіздігін бағалау критерилері:

1. Лабораторлы 2. Параклиникалық: а) ЭКГ б) тонометрия (көз қысымын өлшеу)

3. Клиникалық: науқас жағдайының динамикасын және препаратқа жағымсыз реакцияларын ескеру

Қолдану көрсеткіштері:

1. Жедел психоздар, қарт психоздары, ми жарақаты 2. Нейролептоанальгезия 3. Қатерлі гипертермия, сонымен бірге жүрекке, ірі тамырларға және өкпеге операция жасағанда температураны түсіру мақсатында 4. Жаңа туған нәрестелердегі пилороспазм (бұл мақсатпен аминазин белгіленеді) 5. Наркозбен, цитостатиктермен уланумен, сауле терапиясымен байланысты құсу 6. Ұзақ жүретін кекірік 7. Өкпе ісінуі (артериялық қысымын төмендету үшін күре тамырға аминазин белгілейді).

Егер науқастар препараттарды ауыз арқылы қабылдамаса, деканоаттарды бұлшық етке енгізген дұрыс.



Бір-бірімен әсерлесу: Нейролептиктер наркозға арналған дәрілердің, наркотикалық анальгетиктердің, этанолдың, ұйықтататын және седативті препараттардың, сонымен бірге антигипертензивті дәрілердің әсерлерін потенцирлейді. Нейролептиктер өздерінің холиноблокаторлық әсерлеріне байланысты ішектің перистальтикасын азайтады және парацетамол, леводопа, дигитоксин және литий тұздары секілді дәрілердің абсорбциясын азайтады.

Анксиолитиктер (транквилизаторлар)

Анксиолитиктер – қорқыныш, абыржу, алаңдау сезімдерін жоятын, миорелаксанттық әсерлері бар дәрілік заттар тобы.

Жіктелуі


  1. Азепамдар: диазепам (сибазон, седуксен, реланиум), хлордиазепоксид (хлозепид, элениум), феназепам, оксазепам (тазепам, нозепам), мезапам (медазепам, рудотель)

  2. Азоламдар – альпразолам (альпракс)

Транквилизаторлардың қолдануының тиімділігімен қауіпсіздігін бағалау үшін науқас жағдайының динамикасымен препаратқа жағымсыз реакцияларын зерттейді.

Қолдану көрсеткіштері: 1) невроздармен невроз тәрізді жағдайлар 2) психосоматикалық жағдайлар 3) тырысулармен бұлшық еттердің спастикалығы 4) эпилептикалық статус 5) ұйқысыздық 6) атарактанальгезия, премедикация

Бір-бірімен әсерлесу: транквилизаторлар наркозға арналған дәрілердің, наркотикалық анальгетиктердің, этанолдың, ұйықтататын және седативті препараттардың, сонымен бірге антигипертензивті дәрілердің әсерлерін потенцирлейді. Бауыр ферменттерінің индукторлары (фенобарбитал, спиронолактон) транквилизаторлардың биотрансформациясын қуаттандырады. Керісінше, циметидин, этанол, оральды контрацептивтер секілді препараттар оны тежейді.

Сибазон мысалында, дәрінің қауіпсіздігімен тиімділігін бағалау үшін қандағы оның концентрациясын анықтаумен науқас жағдайының өзгеруін тіркеуден басқа белгілі бір арнайы әдістер жоқ.

Нормотимиктер (литий тұздары)

Литий тұздары негізінен манияларды емдеу және алдын-алу үшін қолданады. Әсер ету механизмі: жүйке талшықтарынан норадреналиннің бөлінуін азайтады. Препараттардың активтілігі тек ауруларда көрінеді. Литий карбонаты, литий оксибутираты, микалит – ішке, литонит – күре тамырға енгізіледі. Әсерлері антипсихотикалық дәрілерге қарағанда баяу дамиды (2-3 апта). Қолдануы: 1) маниакальды жағдайларда 2) алкогольды абстиненцияны азайту үшін. Жанама әсерлері: диспепсия, шөлдеу, тремор, полиурия, бұлшық еттердің босаңсуы. Қолдануға қарсы көрсеткіші: бүйрек, қалқанша без функцияларының бұзылуы, жүктілік, холецистит, жара ауруы.

Литий препараттары – бұл терапевтикалық әсерінің кеңдігі аз дәрілер болып табылады, сондықтан емдеудің қауіпсізіді үшін қажетті: 1) қандағы литий құрамын үнемі мониторлау (аптасына 1 рет ағзаның тұрақтануына дейін және әр айда оның тұрақтануынан кейін); 2) эндогенді креатин клиренсін анықтау.

Препараттың дозасын жекеленген түрде клиникалық суреті және қандағы литийдің қандағы құрамына байланысты анықтайды. Клиникалық эффект ем басталуынан 2-4 аптадан кейін байқалады.



Бір-бірімен әсерлесу: литий препараттарымен кейбір бейстероидты қабынуға қарсы дәрілерді, антибиотиктерді, тиазидті қатардағы диуретиктерді бір уақытта белгілеу литийдің бүйрек клиренсінің төмендеуіне және қан плазмасындағы оның концентрациясының жоғарылауына әкеледі.

Седативті дәрілер

Негізгі әсері тыныштандыратын болып табылады. Оларға натрий, калий бромидтері, шүйгін шөп, сасық шөп тұндырмалары жатады. Әсер ету механизмі: бас миындағы тежегіш процестердің жоғарылауы. Бромидтер ішек қарын трактысынан жақсы сіңіріледі. Бүйрекпен ұзақ уақыт шығарылады (қосымша ішекпен, тер және сүт бездерімен). Қолдануы: невороздарда, қозу кезінде, ұйқысыздықта. Препараттар кумуляцияға ұшырап, созылмалы уланудың себебі болуы мүмкін (бромизм). Оның симптомдары: апатия, есте сақтаудың бұзылуы, терінің зақымдануы, шырышты қабықтардың тітіркенуі – жөтелмен, тұмаумен, іштің өтуімен, конъюнктивитпен сипатталынады. Улануды емдеу: препараттарды қабылдауды тоқтату, натрий хлоридін, көп мөлшерде су және несеп айдайтын препараттар беру керек.

Седативті дәрілердің қолдануының тиімділігімен қауіпсіздігін науқас жағдайының динамикасын және препаратқа жағымсыз реакцияларын ескеру арқылы бағалайды.

Бір-бірімен әсерлесу: транквилизаторлар орталық жүйке жүйесін тежейтін препараттардың эффектісін күшейтеді. Бром препараттарының емдік әсерін күшейту үшін бір уақытта натрий хлоридін қолдануды шектейді.

Антидепрессанттар

Антидепрессанттар – депрессиялар мен супдепрессияларды емдеуге арналған дәрілік заттар тобын айтамыз.

Жіктелуі


  1. Қайтымды әсерлі моноаминооксидаза (МАО) ингибиторлері

Пиразидол (пирлиндол), бефол

  1. Нейрональды ұсталудың ингибиторлері

А) Таңдамалы емес әсерлі: амитриптилин (триптизол), кломипрамин (гидифен), имипрамин (имизин, мелипрамин)

Б) Таңдамалы әсерлі: флуоксетин (прозак), флувоксамин (авоксин)

3. Атиптік антидепрессанттар – азафен

Антидепрессантардың қолдануының тиімділігімен қауіпсіздігін бағалау критерилері:

1. Лабораторлы 2. Параклиникалық: а) ЭКГ б) тонометрия (көз қысымын өлшеу) 3. Клиникалық: науқас жағдайының динамикасын және препаратқа жағымсыз реакцияларын ескеру

Қолдану көрсеткіштері: 1)әртүрлі этиологиялы депрессивті жағдайлар 2) психосоматикалық аурулармен жүретін депрессивті жағдайлар 3) функционалды түнгі энурез 4) қарт деменциясы 5) әртүрлі ой және физикалық бұзылыстар.

Бір-бірімен әсерлесу: антидепрессанттарды бір-бірімен тек бір топтың шегінде ғана қиыстыруға болады, ондай болмаған жағдайда гипертоникалық криздің, күшті тырысулардың даму қауіптілігі бар. Антидепрессанттар орталық жүйке жүйесін тежейтін препараттардың эффектісін күшейтеді.


Психоқуаттандырғыштар

Психоқуаттандырғыштар деп көңіл-күйді жоғарылататын, психомоторлы активтілікті пайда ететін, шаршау сезімін төмендедетін, физикалық және ақыл-ой жұмыс қабылетін жоғарылататын, уақытша ұйқы қажеттілігін төмендететін дәрілік заттар тобын айтамыз.



Амфетамин (фенамин). Әсер ету механизмі. Синапс аралығында норадреналиннің және дофаминнің мөлшерін жоғарылатады. Осыған байланысты ойлау процестері күшейеді, ұйқышылдық жойылады, тәбет төмендейді, тыныс алу орталығы қуаттанады. Шеткерлік -адреномиметикалық қасиетінен артериялық қысым жоғарылайды. ІҚТ жақсы сіңіріледі. Гематоэнцнфалды бөгеттен жақсы өтеді. Қолдануы: невроздық супдепрессиялар, патологиялық ұйқышылдық (нарколепсия). Жанама әсері: кумуляция, үйренгіштік, дәріге тәуелділік, қозу, мазасыздық, тахикардия. Меридил. Шеткерлік адреномиметикалық қасиеттері жоқ, жүрекке әсер етпейді, психоқуаттандырғыш активтілігі төмен. Сиднокарб. Психоқуаттандырғыш әсері жоғары препарат. Әсері біртіндеп басталынып, ұзақ уақыт сақталынады. Әсер ету механизмі. Норадренергиялық жүйенің активтілігін жоғарылатады. Симпатомиметикалық қасиеттері, эйфория, қозғалыстың қозуы болмайды. Жанама әсері. Дозасы асып кеткен жағдайда қозу, мазасыздық,, артериялық қысымның жоғарылауы пайда болады. Кофеин. Психоқуаттандырғыш және аналептикалық қасиеттері бар препарат. Кіші дозаларда (150 мг) – психоқуаттандырғыш әсер, орташа дозада (300-500 мг) – аналептик ретінде, токсикалық дозаларда – жұлынға әсер етіп, тырысуларды пайда етеді. Аздаған миотропты спазмолитикалық қасиетке ие. Гликогенолизді жоғарылатып, гипергликемияны пайда етеді. Асқазан бездер секрециясы мен диурезді жоғарылатады. Қолдануы: психиканы қуаттандыру үшін, шаршаған сезімінде, мигрень, гипотензия. Жанама әсері: үйренгіштік, психикалық дәріге тәуелділік (теизм), қозу, мазасыздық, ұйқысыздық, тахикардия, аритмиялар.

Психостимуляторлардың қолдануының тиімділігімен қауіпсіздігін науқас жағдайы-ның динамикасын және препаратқа жағымсыз реакцияларын ескеру арқылы бағалайды.

Бір-бірімен әсерлесу: психостимуляторларды бір уақытта антидепрессанттармен, альфа-адреномиметиктермен және эфедринмен бірге беруге болмайды (артериялық қысым күрт жоғарылауы мүмкін).

Ноотроптар

Ноотроптар деп мидың зат алмасу процестеріне жағымды әсер көрсететін дәрілік заттар тобын айтамыз. Ноотроптардың қолдануы ұзақ уақыт, қосымша антигипоксиялық, тырысуға қарсы әсерлері бар. Пирацетам (ноотропил). Ой әрекетін (ойлау, есте сақтау қабылеті) қуаттандыратын препарат. Антигипоксиялық, тырысуға қарсы әсерлер көрсетеді. Гематоэнцефлды және плацентарлы бөгеттерден жақсы өтеді. Бүйрекпен шығарылады. Қолдануы: ақыл ойдың жетіспеушілігі (атеросклероз, бас ми сүйегінің жарақаты), балалардың ақылының жетіспеушілігі. Ішке және парентеральды бірнеше ай енгізіледі. Жанама әсері – диспепсия, ұйқының бұзылуы. Аминалон (гаммалон) – гаммааминомай қышқылының (ГАМК) препараты. ГАМК – тың метаболиттік активтілігін (ұлпалы тыныс алуын) жоғарылатады. Антигипоксиялық әсер көрсетеді. Қолдануы: мидағы қан айналымның бұзылысында, ақыл қабылетінің жетіспеушілігінде, атеросклерозда, инсультте, эпилепсия кезінде. Жанама әсері – диспепсия, аретриялық қысымның төмендеуі, ұйқының бұзылуы. Ноотроптарға сонымен бірге пантогам, пиридитол (энцефабол) препараттары жатады.

Ноотроптардың қолдануының тиімділігімен қауіпсіздігін науқас жағдайының динамикасын және препаратқа жағымсыз реакцияларын ескеру арқылы бағалайды.

Адаптогендер

Оларға дибазол, беметил, милдронат, жень-шень, қытай лимоннигі, элеутерококк, қызғылт семізот препараттары жатады. Олар ағзаның физикалық және психикалық жұмысқа тұрақтылығын, инфекциялық ауруларға қарсы тұрақтылығын жоғарылатады, ағзадағы зат алмасу процестерін жақсартады.

Адаптогендердің қолдануының тиімділігімен қауіпсіздігін науқас жағдайының динамикасын және препаратқа жағымсыз реакцияларын ескеру арқылы бағалайды.

Аналептиктер

Жалпы әсерлі ОЖЖ қуаттандырушы дәрілік заттар тобын айтамыз. Негізгі әсерлері – тыныс алу және тамырқозғалтқыш орталықтарын қуаттандырады. Кордиамин. ОЖЖ – гі тыныс алу және тамыр қозғалтқыш орталықтарын қоздырады. Үлкен дозаларда – клоникалық тырысуларды пайда ету мүмкін. Қолдануы: жедел және созылмалы қан айналымның бұзылыстарында, тамыр тонусының төмендеуінде, тыныстың әлсіздігінде, жедел коллапста, асфиксияда, шок кезінде, сирек наркотикалық, ұйықтататын, наркоздық дәрілермен уланғанда. Бемегрид. Ұйықтататын дәрілердің антагонисті (барбитураттардың улы эффектісін төмендетеді). Қолдануы: барбитураттармен уланған кезде, тыныс тоқтаған кезде, наркоздан шығуды жеңілдету үшін. Жанама әсері. Үлкен дозаларда – жүрек айну, құсу, тырысулар. Камфора – жедел және созылмалы жүрек жетіспеушілігінде, коллапста, тыныстың тежелуінде, дәрілермен уланғанда қолданады.

Аналептиктердің қолдануының тиімділігімен қауіпсіздігін науқас жағдайының динамикасын және препаратқа жағымсыз реакцияларын ескеру арқылы бағалайды.



4. Иллюстрациялы материалдар

5. Әдебиет:

Негізгі:

1. Орманов Н.Ж., Орманова Л.Н.Фармакотерапия 1 и 2 том. Шымкент,2012 г.

2. Орманов Н.Ж., Егизбаев М.К. Фармакотерапия в кардиологии, Шымкент, 2012г.

3. Орманов Н.Ж., Садырханова Г.Ж., Орманова Л.Н., Мусахова М.О., Фармакотерапия в пульмонологии, Шымкент, 2012г.

4. Орманов Н.Ж., Егизбаев М.К., Орманова Л.Н., Сарманова Н.М., Фармакотерапия в ревматологии, Шымкент, 2013г.

5. Орманов Н.Ж., Орманов Т.Н., Садырханова Г.Ж., Фармакотерапия болезней органов пищеварения, Шымкент, 2013г.

6. Гузева В.И., Михайлов И.Б. Фармакотерапия нервных болезней у взрослых и детей. – М. Медицина 2002.

7. Шток В. Фармакотерапия в неврологии. – М. Медицина, 2005.

8. Клиническая фармакология / Под ред. В.Г. Кукеса. – М.: Изд-во Моск. Мед. академия, 2008.

9. Клиническая фармакология . Национальное руководство + СД / под ред. Ю.Б. Белоусова, В.Г. Кукеса, В.И. Петрова, В.К. Лепахина, Л.Е. Зиганшиной. – М., «Геотар – Медиа», 2008.- 1000 с. Электронные ресурсы.

10. Клиническая фармакология. Консультант врача. Электронная информационно –образовательная система на СД.- М., «Геотар – Медиа», 2008.

11. Белоусов Ю.Б. Клиническая фармакология. – М.: Медицина, 2002.

12. Белоусов Ю.Б., с соавт Клиническая фармакология и фармакотерапия. – М.: Медицина, 2001.

Қосымша:

1. Орманов Н.Ж., Орманова Л.Н. Фармакология кесте мен сызбада, Шымкент,2011 жыл.

2. Орманов Т.Н. Дәрілердің өзара әсерлесуінің белсенділіктері,Шымкент, 2013 жыл.

3. Федюкович Н.И. Справочник по лекарственным препаратам. Минск, 2001.

4. Лепахин В.К. с соавт. Клиническая фармакология с международной номенклатурой лекарств. – М.: ГОЭТАР, 2002

5. Лоуренс Д.Р., Бенитт П.Н. Клиническая фармакология. – пер с англ. В 2-х т., М.: Медицина, 2002.

6. Середенин С.Б. Лекции по фармакогенетике. Учебное пособие. М., 2004.

7. Филипенко Н.Г., Поветкин С.В. Клиническая фармакология и фармакотерапия в таблицах, схемах и алгоритмах.- М., «Медицина», 2004-116 с.

8. Машковский М.Д. Лекарственные средства . пособие для врачей. М., 2005.

9. Крылова Ю.Ф. Взаимодействие лекарственных средств.М., 2005.

10. Волошин П.В., Тайцин В.И. Лечение сосудистых заболеваний головного и спинного мозга. – М., «МЕД-пресс-информ», 2005.

11. Дополнительное лекарственное обеспечение ( ДЛО) . Консультант врача. Электронно – информационная образовательная система для практикующих врачей на СД. Версия 2. – М., «Геотар – Медиа», 2007

12. Перевод с английского Левина О. Фармакотерапия в неврологии и психиатрии. М., 2007.

13. Левин О.С. Современные подходы к диагностике и лечению боли в спине. – Москва, 2008.

14. Клиническая фармакогенетика : уч. пособие / под ред. Н. П. Бочкова, В.Г. Кукеса – М, «Геотар-Медиа», 2007 – 248 с.

15. Ф.Леманн-Хокрн, А.Лудольф. Лечение заболеваний нервной системы. – Москва. МЕДпресс-информ. – М., 2004.

16. Штрибель Х.В. Терапия хронической боли. Практическое руководство. «ГЭО-ТАР - Медиа», 2006.

17. Эни С.Д., Койл Дж.Т. Фармакотерапия в неврологии и психиатрии. – М.: МИА, 2007.

18. Михайлов И.Б. Основы фармакотерапии детей и взрослых, руководство для врачей. М.: АСТ, СПб.: Сова, 2005.

19. Гудман Г., Гилман Г. Клдиническая фармакология по Гудману и Гилману. Перевод 10-го издания. – М.? «Практика», 2006г. – 1648с.

20. Клиническая фармакология / Под ред. В.Г.Кукеса, А.К. Стародубцева /- М.: Изд.дом «ГЭОТАР-МЕД», 2006.-640с.

21. Белоусов Ю.Б., Гуревич К.Г. Клиническая фармакокинетика. – М.: Изд.дом «ГЭОТАР-МЕД», 2005.-288с.

22. Мартынов А.И., Мухин Н.А. Внутренние болезни.- М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2005.

23. Мухин Н.А., Моисеев В.С. Пропедевтика внутренних болезней. – М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2004.



6. Қорытынды сұрақтары:

1. Жүйке жүйесі ауруларын атау

2. Олардың симптомдарымен синдромдары


Кредит № 2

Дәріс №2


1. Тақырыбы: Ауырсыну синдромы фармакотерапиясының дәрілерін таңдауда клинико-фармакологиялық жолдар принциптері. Критикалық жағдайлар фармакотерапиясының дәрілерін таңдауда клинико-фармакологиялық жолдар принциптері

2. Мақсаты: Студенттерді ауырсыну синдромы фармакотерапиясының дәрілерін таңдауда клинико-фармакологиялық жолдар принциптерімен, критикалық жағдайлар фармакотерапиясының дәрілерін таңдауда клинико-фармакологиялық жолдар принциптерімен таныстыру.

3. Дәріс тезистері. Ауырсыну – ағзаның тітіркендіргіштерге жауап реакциясы. Ауырсыну – барлық ағзада таралған, ол афферентті жүйке ұштарында орналасқан – ноцицепторлермен қабылданады. Ағзадан тыс (экзогенді) ауырсынуды пайда ететін факторларға: термиялық, механикалық, химиялық факторлар жатады. Ағзаның ішіндегі (эндогенді) факторларға: қабыну медиаторлары брадикинин, гистамин, серотонин жатады. Простагландиндер – ноцицепторлердің тітіркендіргіштерге сезімталдығын жоғарылатып, ауырсыну сезімін пайда етеді. Ауырсынудың маңызы: 1) жағымды, яғни қабыну процесінің орналасу орнын көрсетеді 2) жағымсыз, яғни қатты ауырсынуды баспаса ол шокқа, ал ол өлімге де әкелу мүмкін. Анальгетиктер – таңдамалы ауырсыну сезімталдығын жоятын препараттар тобы. Басқа сезімталдықтың түрлеріне әсер етпейді. Анальгетиктер үш топқа бөлінеді: 1) Орталық әсерлі опиоидты (наркотикалық) анальгетиктер; 2) Орталық әсерлі опиоидты емес анальгетиктер; 3) Шеткерлік әсерлі (наркотикалық емес) анальгетиктер.

Наркотикалық анальгетиктер. Әсер ету механизмі: ОЖЖ – де ораналасқан опиатты рецепторлермен байланысып, ауырсыну сезімін төмендетеді. Опиатты рецепторлермен әсерлесу принциптеріне байланысты келесі топтарға бөлінеді: 1. Агонистер – опиатты рецепторлермен байланысып, ауырсыну сезімін төмендететін дәрілер: морфин (словальгин), омнопон (пантопан), фентанил (сентанил), трамадол (трамал), промедол (тримеперидин гидрохлориді), пиритрамид, эстоцин; 2. Агонист-антагонистер – агонистерді рецепторлер байланыстығынан ажыратып, өздері байланысады да, ауырсынуға қарсы әсер көрсетеді: А) анальгетик ретінде – пентазоцин (лексир), бупренорфин (норфин), нальбуфин (нубаин); Б) агонистермен уланғанда – налорфин; В) диареяға қарсы – лоперамид гидрохлориді

3. Антагонистер – агонистерді рецепторлер байланыстығын бұзып, өздері рецпторлердің бөгетін пайда етеді: налоксон, налтрексон. Агонистердің жалпы қасиеттері: 1) Орталық әсерлер: а) ауырсынуды жояды б) ОЖЖ тежелінуі (сопақша мидағы орталықтардың тежелінуі) в) эйфория г) үйренгіштік д) физикалық және психикалық дәріге тәуелділік; 2) Шеткерлік әсерлер: а) ІҚТ – на әсері б) қуықтың бұлшық еттеріне әсері в) бронхтарға әсері. Морфин – опий алкалоиды. Өте күшті ауырсыну сезімін жояды. Орталық әсерлері: 1) анальгетикалық әсер (ауырсыну жойылады) 2) тыныс алу орталығы тежеледі (дозасы асып кеткенде, тыныс тоқталу мүмкін) 3) жөтел орталығының тежелуі 4) құсық орталығының тежелуі 5) аштық орталығының тежелуі (тәбеттің төмендеуі) 6) жылу реттегіш орталықтың тежелінуі (дене температурасының төмендеуі) 7) ұйқының пайда болуы 8) көз қимыл жүйкенің қозуы (миоз пайда болады) 9) кезеген жүйке орталығының қозуы (брадикардия) 10) тамырқозғалтқыш орталыққа әсері жоқ., артериялық қысым өзгермейді. Шетерлік әсерлері:1) ІҚТ сфинктерлерінің тонусының жоғарылауы (іштің қатуына әкеледі); 2) Асқорыту бездерінің секрециясының төмендеуі; 3) Қуық сфинктерлерінің тонусының жоғарылуы (зәр шығуын қиындатады); 4) Бронхтар тонусының жоғарылауы (бронхоспазмға әкеледі).

Агонистердің жалпы қолдануы: жарақаттар, миокард инфактісі, тууды жансыздандыру, премедикация, операциядан кейінгі кезеңде, онкологиялық ауруларда.

Пентазоцин. Анальгетикалық активтілігі төмен, үйренгіштікті және дәріге тәуелділікті аз пайда етеді. Жанама әсері: құсу, жүрек айну, бас айналу, тыныстың тежелінуі. Нальбуфин, бупренорфин – пентазоцинге қарағанда күштілігі жоғары, күре тамырға енгізгенде морфинге теңеседі. Налорфинагонистердің барлық эффектілерін азайтады агонистермен уланған кезде қолданады). Күре тамырға, бұлшық етке, тері астына енгізіледі. Наркомандарға енгізгенде абстиненция синдромын пайда етеді (диагностика үшін). Лоперамидорталық эффектілері жоқ. ІҚТ-ның перистальтикасын төмендетеді. Іштің өтуінде, балаларға да ішке белгіленеді. Налоксон. Бұлшық етке, күре тамырға енгізгенде әсері 1-3 минуттан басталынып, 4 сағатқа дейін сақталынады. Қолдануы: 1) наркотикалық анальгетиктердің дозасы асқанда 2) бензодиазепиндердің, барбитураттардың дозасы асқанда 3) алкогольмен уланғанда 4) наркоздан шығуды жеңілдету үшін 5) дәріге тәуелділіктің диагностикасында. Налтрексон. Активтілігі жоғары, әсері 24-48 сағат, морфинизмді емдеу үшін қолданады.

Опиоидты емес анальгетиктер: 1) Орталық әсерлі 2 - адреномиметиктер: клонидин (клофелин) морфинге қарағанда анальгетикалық активтілігі жоғары. Тынысты тежемейді, дәріге тәуелділікті пайда етпейді. Жедел және созылмалы ауырсынуларда тиімді; 2) Антидепрессанттар: амитриптилин, имзин – созылмалы ауруларда, фантомды ауырсынуларда (аяқ – қол жоқ жерде), онкоауруларда қолданады; 3) Эпилепсияға қарсы дәрілер: карбамазепин, натрий вальпроаты – созылмалы ауырсынуларда, үштік жүйке невралгиясында, онкоауруларда қолданады.

Наркотикалық емес анальгетиктер: 1) Анальгетик - антипиретиктер: парацетамол және оның препараттары (цитрамон), кеторолак трометамин; 2) Стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер тобындағы анальгетиктер: а) салицилаттар: ацетилсалицил қышқылы (аспирин), метилсалицилат, месалазин, натрий салицилаты б) пиразолондар: метамизол (анальгин), баралгин, бутадион (фенилбутазон). Әсер ету механизмі. Простагландиндердің синтезін тежейді (простагландинсинтетаза ферментіне әсер етеді) – ауырсыну сезімі төмендейді, температура төмендейді, қабынуға қарсы әсер көрсетеді. Парацетамол. Қабынуға қарсы активтілігі жоқ препарат. Көбінесе анальгетикалық және ыстықты түсіретін препарат ретінде қолданады. ІҚТ – нан жақсы сіңіріледі. Қолдануы: невралгияда, бас ауруында, қызба кезінде ыстықты түсіру үшін. Жанама әсері. Ұзақ қолданғанда бауыр және бүйрек функцияларын бұзады. Улы дозаларда – анемия, тері зақымданулары байқалады. Кеторолак трометамин. Тек қана анальгетикалық әсер көрсетеді, ыстықты түсіретін және қабынуға қарсы активтілігі жоқ. Анальгетикалық күші наркотикалық препараттарға тең. Қолдануы: бас және тіс ауырсынуларында, невралгияда, жарақаттарда, күйіктерде, онкоауруларда, операциядан кейінгі кезеңдерде. Жанама әсері: ісінулер, бауыр және бүйрек функцияларының бұзылуы, қысқы курстармен енгізіледі. Метилсалицилат. Бұлшық ет және буындардың ауырсынуларында жергілікті қолданады. Месалазин. Спецификалық емес жара колитінде және басқа ауруларда қолданады. Анальгин. Анальгетикалық, қабынуға қарсы және ыстықты түсіретін қасиеттерге ие. Қолдануы: қан жасалу жүйесінің тежелінуі (агранулоцитоз, лейкопения), аллергиялық реакциялар. Баралгин. Құрамында анальгин, спазмолитик, ганглиоблокатор бар спазмолитикалық қасиетке ие препарат. Спазмдар кезінде, бүйрек, ішек және бауыр шаншымаларында, бас, тіс ауырсынуларында, ревматизмде қолданады.

Ауырсыну синдромы фармакотерапиясы дәрілерінің бір-бірімен әсерлесуі. Наркотикалық анальгетиктерді наркоз кезінде жүрек-тамыр жүйесі функциясының күшті тежелу қаупі кезінде жүрек-тамыр және хирургияның басқа аймағында ауырсыну әсерін күшейту үшін премедикация үшін дәрілердің кешеніне кіреді. Опиоидтарды нейролептиктермен (немесе транквилизаторлармен) қиыстыру нейролептоанальгезия секілді ауырсынудың белгілі бір түрін береді. Анальгетиктерді басқа седативті-гипнотикалық дәрілермен бірге бір уақытта белгілеу соңғылардың әсерін күшейтеді. Қуаттандырғыш әсерлі дәрілерді (амфетамин) опиоидтармен бірге беру созылмалы ауырсынуы бар науқастарда соңғылардың әсерін күшейтеді.

Ауырсыну синдромы фармакотерапиясы дәрілерінің қолдануының тиімділігімен қауіпсіздігін науқас жағдайының динамикасын және препаратқа жағымсыз реакцияларын ескеру арқылы бағалайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет