Реферат «Қоғамның әлеуметтік құрылымы»



бет1/6
Дата24.03.2023
өлшемі51.73 Kb.
#471051
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6
Реферат «?о?амны? ?леуметтік ??рылымы»




РЕФЕРАТ
«Қоғамның әлеуметтік құрылымы»


Орындаған: Жарылғап А.А.
Тексерген: Сулейменов А.
Топ: 116


Жоспары:


  1. Кіріспе.

  2. Негізгі бөлім.

1. Қоғамның әлеуметтік құрылымы жайлы ұғым
2. Әлеуметтік топ және оның түрлері
3. Әлеуметтік стратификация жөніндегі концепциялар.

  1. Қорытынды.

  2. Қолданылған әдебиеттер


Кіріспе
Қоғам дегеніміз әлеуметтік құбылыстардың біртұтас жиынтығы. Ал әлеуметтік құбылыстар деп адамдардың мінез-құлқы мен іс-әрекеттерінің табиғат пен қоғамда тудыратын өзгеріс, қозғалыстарды айтамыз. Әлеуметтік құрылым дегеніміз қоғамның ішкі құрамы, оның элементтерінің жиынтығы мен олардың арасындағы сан алуан байланыстар. Әлеуметтік құрылымның басты элементтері: а) өзара тығыз байланыста, қарым-қатынаста болатын индивидтер немесе адамдар жатады; б) қоғам мүшелерінің бірігуі, топтасу негізінде пайда болып, дамып отыратын әлеуметтік қоғамдастар және в) сол қоғамда қалыптасқан, белгілі бір функцияларды атқаратын әлеуметтік институттар жатады.

Қоғамның әлеуметтік құрылымы жайлы ұғым қазіргі заманғы батыс социологиясында түрліше түсіндірілгенімен, бірақ олардың бәріне ортақ жалпы белгі бар: батыстың социологиялық теорияларының әрқайсысы өздігінше қоғамдық құбылыстарды екі салаға: экономикалық құбылыстар саласына және экономикалық емес құбылыстар саласына бөлінуі тиіс деп санайды. Ал марксистік социология болса қоғам өмірін екі негізгі салаға бөледі: қоғамдық базиске (экономикалық құрылымға) және қоғамдық қондырмаға.Қоғамдық қондырма саяси және заңдық қондырмаларға, қоғамдық сананың формаларына жіктеледі. Қоғамдық базисті өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар бірлігі құрайды. Осы екуінің бірлігі өндіріс тәсілі болып табылады. Өндіріс тәсілінің элементтері: еңбек, еңбек құралы және еңбек заты.



Қондырманың құрамын екі салаға: әлеуметтік-саяси қондырма мен қоғамдық сананы формаларына бөлуге болады. Әлеуметтік-саяси қондырмаға қоғамдық өмірдің түрлі формалары: ру, тайпағ ұлт, мемлекет т.б. және қоғамдық ережелер мен нормалар жатады. Қоғамдық сана қоғамдық болмыстың бейнесі ретінде бірнеше формада көрінеді: саяси, құқықтық, философиялық, діни, моральдық, эстетикалық және ғылыми саналар формасында бейнеленеді. Қоғамдық сананың формалары өзара бір-біріне әсер етеді және қоғамдық болмысқа кері әсер ете алады. Базистің қондырмаға тигізетін әсері шешуші роль атқарады. Өндірістік қатынастардың сипатына қарай қондырма таптық немесе тапсыз болуы мүмкін. Саяси және экономикалық жағынан үстем тап мәдени өмір саласында да үстем болады, себебі материалдық өндіріс құралдары мен рухани өндіріс құралдары да солардың қолында болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет