Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов және т.б. еңбектеріндегі сауаттылықты дамыту мәселесі
Орындаған: 7M01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының
2-курс, 201-топ магистранты:
Айғали Диас Омарғалиұлы Қабылдаған: ф.ғ.д., академик Сманов Б.
АЛМАТЫ, 2022
А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов және т.б. еңбектеріндегі сауаттылықты дамыту мәселесі. «Ж.Аймауытұлы жалпы дидактика барлық пәгдерге тиісті оқытудың жалпы заңдары, жолдары, оқытуға қатысты мәселелер туралы сөз ететіні, ал жеке әдістемелік дидактиканың жалпы ережелерін тек пәндердә оқытқанда, қалай жинастыру, қандай әдіс қолдану туралы баяндайтынын айтады. Ж.Аймауытұлы сабақ беру үйреншікті жай шеберлік еместігін, ол үнемі жетілдіруді қажет етенін үнемі жаңалық табатын өнер», -деп бағалайды. Қазақ тілін, әдебиетін оқыту әдістемесі ғылымының тарихында Ахмет Байтұрсынұлының көшбасшы болғаны белгілі. А.Байтұрсынұлының оқудың негізі білімді өз бетінше алу екенін айтқан пікірлері әлі күнге дейін өзінің мәнін жойған жоқ. Ол педагогиканың өзекті мәслесі болып отырған оқушының өз әрекетіндегі субъектілік қызметін арттыру міндетіне сай келеді. Ғылым өзінің 1928жылы Қызылорда қаласында басылып шыққан «Тіл жұмсар» атты әдістемелік еңбегінде: «Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек. Мұғалімнің қызметі- өздігінен алатын ... білімнің ұзақ жолы үшін ... балаға жұмысты әліне шағындап беру мен бетін белгіленген мақсатқа қарай түзеп отыру», - деп жазған А.Байтұрсынұлының бұл ойы бүгінгі қазақ әдебиеті әдістемесінің де негізіне жатады деуге болады. Баланың білімді өздігінен алатын жолдарын анықтау- әдістеменің басты міндеті мен қызметі екені сөзсіз. Бұл мәселелер А.Байтұрсынұлының «Баяншы», «Әлиф-ба астары» сияқты жекеленген әдістемелік еңбектерінде де айтылған. Әдіскер ғалым ретінде А.Байтұрсынұлы бастаған істі әрі қарай дамытушылардың бірі Мағжан Жұмабаев баланы әдебиетпен таныстыруға аса үлкен мән берген. Ол жұмыстың жүзеге асырылуын бастауыш мектептен бастап мұқият дайындау керек деп танып, өзінің «Бастауыш мектептегі ана тілі» атты белгілі әдістемелік еңбегін жазды. Онда М.Жұмабаев әдіскер-ғалым ретінде төрт жылдық бастауыш мектептің әр жылына сәйкес ана тілі бойынша бала тілін дамыту үшін жаттығулар жүйесін жасап ұсынған.
Аса көрнекті әдіскер-ғалым М.А.Рыбникова «Әдістеме дегеніміз- уақытты үнемдей білу.Оқушы үшін жігерін ақылмен жұмсау, оқу материалынан негізгі және басты мәселелерді таба білу, сыныптың еңбегін ұйымдастыру шеберлігі, оқушылардың әр түрлі жеке әрекеттеріне ықпал етуді алдын-ала ұйымдастыру»,-деп әдістеме ғылымына анықтама береді. Әдістеменің жалпы құрылымы жайында В.В.Голубков былай дейді: «Қай пән бойынша болмасын барлық әдістеме оқытушы жұмысының ұсынымдарын, материалдарын және әдістерін құрастырумен өзара ұқсас, сондай-ақ олар не үшін, нені және қалай деген үш негізгі сұрақтарға жауап береді.
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің қамтитын аймағы мектептегі әдебиет пәні сабақтары мен әдебметке байланысты сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыстар және базистік оқу жоспарының инвариантты бөлігінен берілетін таңдау курстарында жүргізілетін әдебиет сабақтарында мұғалім мен оқушының оқу-тәрбие ісінде өзара қарым-қатынасы болып табылады. Сөз өнерін, көркем әдебиеттің өзін әдебиет тарихы мен әдебиеттану ғылымында белгілі дәрежеде оқып үйрену негізінде оқушыларға әдеби білім, адамгершілік, ізгілік ,имандылық, тәрбие беру мен білім-білік дағдыларын қалыптастыру заңдылықтарын ашу-оның қарастыратын басты мәселесі.
Әдебиет пәні жеке тұлғаның, адамның рухани әлемін, оның адамгершілігін, ойлауын, көңіл-күй сезімін, тілін, шығармашылық әрекет- бастауларын қалыптастыруда ерекше орын алады.
Әдістеменің даму тарихында, қалыптасу үрдісінде әдеби білім беру негізгі қағида болып табылатын оқу бағдарламалары мен оқулықтар жасау мәселелері, әдебиет сабағын оқытуды жетілдіру сияқты мәселелер әдебиет пәні құрылымын құрайды.
Әдебиет пәні оқушы бойында биік эстетикалық талғамды дамытуды, өнер туындысындағы, табиғаттағы, адамдар қарым-қатынасындағы үйлесім мен әсемдікті танып ұға білуге, дұрыс бағалауға, әсерленуге, терең пайымдауға үйретеді, сонымен бірге ол көркем әдебиетке деген сүйіспеншілікті, ынта-ықыласты оята отырып, оқырман мәдениетін қалыптастырады.
Әдебиет пәні оқушыны өнер туындысын тануда қажетті біліммен, біліктілік дағдылармен қаруландырып, онда көркем бейнені қабылдауға қажетті сезім сергектігін, шығарманы мазмұн мен түр бірлігінде, көркемдік тұтастыққа қабылдай білуді; шығармада кескінделген мінездер сырын, шығарма идеясын, жаазушы позициясын шығарма арқауына сүйене отырып ашуды; өзіндік ой толғамында дербестік, идеялық-көркемдік құндылығы жоғары туындыларды ғана қалайтын талғампаздықты, көркем туындыларды салыстыра отырып, қарастыра алу біліктерін қалыптастыруды көздейді. Осы негізде мектептегі қазақ әдебиеті пәні жеке тұлғаның үйлесімді дамуына қызмет атқаратын негізгі эстетикалық пән деген тұжырымға келеміз. Қоғамның және мәдениеттің даму өзгерістеріне сай әдебиет пәнінің бағдарламалары, оқулықтармен қатар оны оқыту әдістемелігі де жетілдіріліп отырады және ол қалыптасқан отандық әрі әлемдік тәжірибеге негізделеді. Әдістеме ең алдымен мұғалімнің шығармашылық әрекетінің жүйелі болуына қызмет ететіндіктен, ол әдебиетші мұғалімге жоғары талаптар да қояды. «Әдебиетші мұғалім ең алдымен көркем сөз сипатын ашатын заңдылықтарды білуі керек. Сондай-ақ көркем туындыны талдаудың ғылыми әдістемелерін жетік меңгеруі қажет. Әдеби шығармаларды талдауда мұғалім мен оқушы арасында бірлескен еңбек, бірлескен шығармашылық, өнерпаздық орын алуға тиіс»,-дейді белгілі әдіскер мұғалім Қ.Бітібаева.
Сонымен оқытушы және оқушының оқу әрекетіндегі бірлестіктер мен дербестік сипаттарын, ұйымдастыру жолдарын қарастыруға әдістеме ғылымы қолда бар бай тәжірибеге сүйенеді және оның таяу болашақтағы даму бағыттарын айқындайды.
Ол бағыттар: - әдеби білімді саралауды жүзеге асыру, бағдарламаларды қайта қарап, тұжырымдама негізінде батыл жаңарту; V-ІХ сыныптарды негізгі базалық біліммен қамтамасыз ететін базалық білім бағдарламаларын, оқушының жеке сұранысы мен мүддесіне, қызығушылығы мен бейімділігіне қарай екі жылдық бағдарламада сараланған толық орта білім деңгейлерін қамтамасыз ететін жарыспалы бағадарламалар жасау;
- әдебиетті оқытудың гуманистік, адамгершілік-эстетикалық сарынын күшейту, сабақ үрдісінде жазушы көтерген ізгілікті тағылымды, өнегені ашуды, ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді танытуды, сол арқылы оқушының ұлттық рухани санасын қалыптастыруды нысана тұту;
- оқушының көркемдік-ассоциациялық, образдық ойлануына, әдебиетті өнер табиғатына сай оқи білуіне, шығарманың идеялық-эстетикалық мән-мағынасына терең бойлап, тебірене қабылдауына, кейіпкер тағдырына ортақтасуына жағдай жасап, стандартқа сай білім, біліктілікпен қаруландырып, оқырман ретіндегі мәдениетін көтеру;
- оқытудың шығармашылық сипатын көтеру, оқушылардың оқу еңбегіндегі ой дербестігін, оқу-танымдық қабілеттерін дамытуды қамтамасыз ету, сабақ тиімділігін арттыру нәтижелігіне қол жеткізу;
- оқытуды демократияландыру, сабақта мұғалім мен оқушы арасында бірлескен мақсатты қарым-қатынас, субъект-субъект дәрежесіндегі еркін диалог ахуалын туғызу, нақтылы сынып жағдайында әдеби білім нәтижелігін қамтамасыз ете алатын мұғалім ізденісін қолдау;
- әдебиет пәнінің гуманитарлық циелдегі басқа да пәндермен, білім салаларымен пәнаралық, пәнішілік байланысын тиімді пайдалану, тіл мәдениеті, шешендік өнер, тіл дамыту бойынша тіл мен әдебиетке ортақ бағдарлама жасау;
- әдебиет оқулықтарының ,оқу кітаптарының мазмұны, ғылыми-дидактикалық негіздерін түбегейлі жақсарту,оқулықтарға білім берудің жаңа технологиясын ендіру.
Бұл бағыттар жалпы білім беретін қазақ мектебіндегі әдеби-білім тұжырымдамасының негізгі ұстанымдары. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің бұл тұжырымдамада көрсетілген негізгі бағыттары әлемдік тәжірибеге де сай келеді деуге болады.
«Әдебиетті оқыту әдістемесінің таяу болашақтағы дамуы оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіру, оқытуды саралау, пәндердің сондай-ақ жеке әдістемелердің интеграциялануы, оқыту деңгейінің қазіргі ғылым, мәдениеттің даму деңгейіне жақын келуі, вариативті бағдарламалардың, сабақтардың жаңа технологияларын жасау, әдебиетті оқыту әдістерінің жаңа түрлерін іздестіру болып табылады».
Отандық әдістемеліктің даму бағыттарының әлемдік тәжірибенің даму бағыттарымен үндес келуі егеменді еліміздің білім дамуының әлемдік білім кеңістігімен үйлесімде болу тенденциясын басшылыққа алады.
Көркем шығармаларды оқышуларға танытудағы алғашқы тәжірибелер(1879-1940)
Ғылым атаулының қайсысының болсын өзіне тән дүниеге келу, даму жолдары болады. Қазақ әдебиеті пәні де сондай жолдардан өтіп өзінің қалыптасу дәуірін басынан кешірді. Қазақ әдебиеті пәнін орта мектепте оқыту проблемаларының мерзімді баспасөзде, педагогикалық және әдістемелік басылымдарда сөз болуы, іргелі зерттеу жұмысының арқауын құрауы сияқты күрделі мәселенің тарихына арналған еңбектер осы күнге дейін жазылған жоқ. Осыған орай қазақ әдебиеті пәнінің ғылым ретінде қалыптасуына атсалысқан ғалым-әдіскерлеріміздің ой-пікірлеріне әділ баға беру қажеттігі туындайды. Қазақ әдебиеті пәнінің орта мектептерде оқытылуы тарихының жасалуы оның әр кезеңдері арасындағы заңды байланыстарды ашып, әдістемелік ойдың бірте-бірте тереңдей, кемелдене түскенін айқындап береді. Ұлттық әдебиеті оқыту пәні ретінде мектеп бағдарламасына еңгізу, әдеби білімнің мазмұнын айқыңдау, қазақ әдебиетін шәкірттерге меңгертудің тиімді жолдарын ғылыми түрде негіздеп беру мәселелері бір айдың немесе бір жылдың жемісі емес. Қазақ әдебиетінің пән болып оқытылуының жағдайын зерттеп, оның білім мазмұның айқыңдау, оқулықтар мен бағдарламалар жасау сияқты міндеттер алға қойылды, сол себепті ғылыми экспедициялар құрылды. ВКП(б) Орталық Комитетінің 1932 жылғы 25 августе қабылданған «Бастауыш және орта мектептердің оқу программасы мен жұмыс режимі туралы» қаулысы осыған сәйкес Қазақ АССР Орталық Атқару комитеті мен Халық Комиссарлар Советі қабылдаған қаулы, ВКП (б) Орталық Камитетінің 1933 жылы қабылданған «Бастауыш және орта мектептердің оқулықтары туралы» қаулысы республикада халық ағарту ісінің жаңдана түсуіне игі ықпалын тигізді. Партиялық және мемлекеттік құжаттар ғылыми негізделген тұрақты бағдарламалар мен оқулықтар жасау, оқушылардың материалистік көзқарасын қалыптастыратын білімдер жуйесін, яғни пән құрамы мен мазмұнын айқындау міндетін қойды. Алайда қазақ әдебиеті пәні бойынша бағдарламалар мен оқулықтар жазу, әдеби білім құрылымы мен мазмұнын белгілеу оңайға түскен жоқ.
Қазақ әдебиетінің пән ретіндегі жолы 1930 жылдардан басталады десек, одан бергі ғылыми жарты ғасырдан астам уақытта қаншама күрделі шешілгенін айқын пайымдаймыз. Бағдарламалар мен оқулықтар жасаудағы тәжірибенің болмауы, әдебиетті, оның тоериясы мен оқыту әдістемесін жақсы білетін мамандардың аздығы осы бағыттағы жұмыста көптеген қиындықтар туғызды. 1939-1940 жылын қазақ әдебиетінің пән ретінде қалыптасқан мерзімі деп санаймыз. Ойынымызды тұжырымдай келе айтарымыз, Ыбырай Алтынсарин ашқан қазақ мектептерінен бастап оқытыла бастаған әдебиет пәні 1927 жылға дейін жеке пән болып саналмады, ол қоғамтану пәнінің құрамына енгізіліп отыр. Тарихи деректерге сүйене отырып қазақ әдебиеті пәнінің мектепте пән болып қалыптасуы мектеп тарихымен бүтіндей сабақтас мәселе екендігіне көз жеткізуге болады. Пәннің бастапқы қалыптасу кезеңінде мектеп сұраныс көзі қызметін атқарды. «Қазақстанда он сегізінші ғасырдың аяғында қазақ балалары үшін мемлекет құзырына қарасты мектептер пайда бола бастады. Атап айтқанда, 1789 жылы Орынборда мешіт жанынан мектеп ашылса, келесі қадам 1825 жылы Орынбор қаласында Неплюев кадет корпусы, 1825 жылы Омск кадет корпусы, 1841 жылы Ішкі Бөкей Ордасында Жәңгір хан ашқан қазақ мектебі ашылып, оларда қазақ балалары қабылданатын болды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында 1861 жылдан бастап орыс-қазақ мектептері Троицкіде, Торғайда, Ырғызда, қазанда, Перовскіде ұйымдастырылды. 1876 жылы Қазақ мұғалімдер семинариясының директоры Н.И.Ильминский идеясы бойынша қазақтарды орыс алфавиті көмегіменоқыту қолға алынып, бұл жұмысқа Торғай облысы мектептерінің инспекторы болып тағайындалған Ы.Алтынсарин тартылды.
Ы.Алтынсарин орыс сауатын оқытатын бірнеше ауылдық мектептер ашты.
Жалпы ХІХ ғасырдың екінші жартысында, ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанда мектептің білім жүйесі мынадай еді:
1. Орта оқу мекемелері – ерлер мен әйелдер гимназиялары, жылдық училищелер, мұғалімдер семинариялары.
2. Бастауыш оқу мектептері- қалалық училищелер, орыс-қазақ және орыс-туземдік мектептер мен училищелер, ауылдық-болыстық мектептер, бастапқы сауаттылық беретін мектептер.
3. Кәсіби оқу мекемелері-мұғалімдер семинариялары мен мұғалімдер мектептері, ауыл шаруашылығы мектебі, фельдшердік мектеп және қолөнер мектебі.
Бұл мектептердің саны, әрине көп емес еді.
1898 жылға қарай 730 бастауыш мектеп , оның ішінде 262 діни мектеп болған. Оларда бүкіл Қазақстан территориясындағы мектеп жасындағы балалардың барлық санының 93,9%-ы қамтылған, ал оның ішінде қазақ ұлты балаларын атап көрсетсе, бұл көрсеткіш ұлғая түседі», - дейді Т.Тәжібаев.
Т.Тәжібаевтың монографиялық зерттеуінен бұл деректерді келтіру себебіміз, біріншіден, қазақ балаларының саны ол мектептерде өте аз болғанын ,екінші, аталған мектептерде оқу орыс тілінде (негізінен) жүргізілгеніне және қазақ балаларын орысша бастапқы сауаттылыққа яғни тілмаштық іске жарайтындай деңгейіне бағытталып жүргізілгеніне көңіл аудару еді. Оларда жалпы білім беру, соның ішінде математика, табиғаттану ілімдері қарастырылған.
Бұл мектептерде орыс тілінде оқып жазу, арифметика дағдылары, діни оқу сияқты пәндер оқытылған, оның оқу-материалдық базасы нашар, қаржыландыруы өте қанағаттанғысыз жағдайда болған, ол оқыту деңгейінің тіптен нашарлығын 1882 жылы Түркістан өлкесіне халық училищелерінің бас инспекторы Забелиннің «Басқа ұлттарға білім беру ісінің дамуы мен нәтижесінің шектентыс төмендегі сатыда тұрғанына менің көзім жетті»,-деп жазғанымен сипаттауға болады. Ал ішкі Орда халық училищелерінің инспекторыН.Леванов мектептерде оқу құралдарының жоқтығын жаза келіп, балалар орысша оқып, жазуды өте нашар меңгергенін және толық сауаттылықты, белгілі дәрежеде дамыту туралы бұл мектептерде сөз қозғау да мүмкін еместігін айтады.
Міне, отар елдердегі халыққа білім берудің осындай жағдайында, бодандық шектеушіліктің соншалықты саяси және рухани төзгісіз жағдайында қазақ балалары үшін қазақ тілінде алғашқы оқулық «Қырғыз хрестоматиясы» (Қазақ хрестоматиясын) жазып, баспадан шығарып, оны мектеп тәжірибесіне енгізуі Ы.Алтынсарин тарапынан тарихи бастама болды, бұл қазақ әдебиеті үлгілерін мектепте оқытудың алғашқы қадамы еді. Ы.Алтынсарин тұңғыш қазақ оқулығын неге хрестоматия түрінде жазуды таңдап алған деген сұрақ тууы мүмкін.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ресей педагогтары арасындапәнді оқытудың негізгі мақсаты- мектептен алып шығатын ақпараттар беру емес, жалпы іскерлікті қалыптастыру, атап айтқанда ,ойлау, сөйлеу, жұмыс қабілеті, тәртіптілік дағдыларын бірінші кезекке машықтандыру деген пікір үстем болды. Ол пікірді ұстанушылардың ой-ниеті кейін тез ұмытылады немесе өмірде тіптен пайдаланылмайды, ал логикалықб ойлау, жаңа жағдайларға тез бейімдей білу, сөйлеу және жазу, жұмыс істей білу іскерліктері барлық жерлерде керек болады, олар әрі әрқашан ұмыт болмайды- деп түсінген. Сол себептен де мектепте жалпы дағдаларға айрықша мән беріліп,,оқу құралдары негізінен хрестоматиялық сипатта жасалынған болатын. ХХ ғасырдың бас кезінде бастауыш училищелері (мектептері) үшін құрастырылған әдеби оқулықтардың хрестоматиялық түрде болғанын осындай үстем педагогикалық идеяның ықпалы деп түсінуге болады. Сонымен қатар бұл оқулық бастауыш оқу сатысыны арналған еді. Ы.Алтынсарин Торғай, Ырғыз, Ақттөбе, Николаев уездерінде уездік екі кластық мектептер ашады, бұлардың кейінгі екеуінде тек қазақ балалары оқыды, кейін Бөрте, Қарабұға, Обаған, Жетіқара, қаратоғай болыстарында да осындай мектептер1881 жылы Омбы қаласынан қазақтың тұңғыш оқытушылар мектебі ашылған. Ы.Алтынсарин өзі ашқан жаңа мектептердің жұмысына ждұрыс бағыт беріп, үнемі көмек көрсетіп отыратын рухани басшысы да болды. Өзінің бір хатында «оларға» (мектеп жастарына) адамгершілік жағынан әсер етуге де бар күшімді салып отырмын»,- деп жазды Ыбырай. Ы.Алтынсарин өзінің ағартушылық идеяларын халыққа кеңінен жеткізу мақсатымен жаңа мектептерді қаншама көп ашқанымен, бүкіл қазақ балаларын толық қамти алмайтынына көзі жетіп, жаңа оқулықсыз бұл мектептерде де күткен нәтижелерге қол жетпейтінін байқады. Олар үшін ендігі жерде оқулық жасауға кірісіп, 1876-1879 жылдары бұл мақсатына да жетіп, 1879 жылы Орынборда «Қырғыз (қазақ) хрестоматиясы атты оқулық жазып, баспадан шығарады. Қазақтың алғашқы оқулығы шыққан қарсаңда Қазақстанда қазақ тілінде оқулықтың болмағанынан Ы.Алтынсариннің өз жазғаны да хабардар етеді.
Қазақ халқының сауатсыздығынан, қазақ тілінде басылған бірде-бір кітаптың жоқтығынан оқу орындарының мұғалімдері қазақ балаларын оқытқанда, амалсыздан қазақ тілінің орнына татар тілін пайдаланып жүр. Сондықтан шәкірттерге амалсыздан татар тілінен ешқандай кемдігі жоқ ана тілін тастап, татар тілін үйренуге тура келеді. Екінші жағынан татардың кітап тілі араб, парсы сөздеріне толған, сол себепті ол сауатсыз қазақтарға түсініксіз. Бұл тілде басылып шыққан кітаптардың бәрі де тек дін туралы жазылған кітаптар, сондықтан олар осы жағынан алып қарағанда, дүниелі мақсаттарды көздейтін орыс-қазақ мектептерінде пайдалану үшін қолайсыз»- деп жазды ол.
Ұлы ағартушының халқының сауатсыздығы үшін күйзеле отырып перзенттік сезімінен туған, үлкен өкінішпен айтылған бұл сөз, оның оқулық жазуына түрткі болған еді.
Мұндағы мақсаты туралы ол тағы да былай деп жазды:
«Бұл кітапты құрастырғанда мен біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы болу жағын, сонымен қатар жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап болу жағын көздедім».
Хрестоматия орыс әрпімен басылып шықты. Ол туралы: «бұл шығарған кітабіміз көздеген мақсатпен сәйкес болып, орыстың ғылыми кітаптарын пайдалана білуге тікелей жол салып беру үшін және сол орыс кітаптарына мағынасы жағынан да,әрпі жағынан да қайшы келмеуін көздеп, орыс әрпімен бастырғанды қолайлы деп таптық»- деп жазды автордың өзі.
Ы.Алтынсариннің қазақ әдебиеті үлгілерін енгізіп алғаш жазған қазақ оқулығының дүниеге келу себебінің өзі біріншіден, қазақ балалары үшін оның өзі ашып ұйымдастырған мектептердің қажеттігінен, сұранысынан туған еді. Ы.Алтынсаринге дейін әдеби мазмұндағы қазақ оқулығы былай тұрсын, таза қазақ тілінде оқытатын мектептің де болмағанын жоғарыда келтірген едік. Ондағы мақсат қазақша әдеби оқулық жазуға қоғамдық сұраныстың болмағанын дәйектеу еді. Ендігі жерде Ы.Алтыгсарин екі бірдей маңызды, қажетті тарихи бастама жасады:
а)қазақ тіліндегі оқулықты қажет еткен таза, қазақ мектептерін ашты;
ә) ашылған қазақ мектептерінің сұранысын қанағаттандырды, алғашқы оқулық жасап шығарды.
Ы.Алтынсарин өзі бастаған ұлы істің жалғасы үзілмеуін қалады және солай болатынына сенгендіктен де оның тарихи маңызына өте зор мән берген болатын.
«Мазмұны балалардың білімін көтеретін, тақырыбы оларды қызықтыратын кітаптарды асықпай, бірақ алған бағыттан қайтпай, қазақ өз тілінде шығара беру керек»,* деп жазды Ы.Алтынсарин.
«Қазақ хрестоматиясы» азақ әдебиеті пәнінің атасы, әдебиет оқулығын жасаудағы алғашқы тәжірибе деп бағаланады. Басталған іс үзіліп қалмай, ыбырай оқулығы үлгісінде қазақ тілінде әдеби мазмұндағы оқулықтардың шығып, бүгінгі кәсіби педагогикалық сападағы әдебиет пәніне ұлғасуымен ұштасты.
«Қазақ хрестоматиясы» кейін біраз қысқартылып 1889,1896,1899 жылдары «Махтуба» деген атпен, араб алфавитімен басылды. «Махтуба» арабша «хаттар» деген мағынада 1906 жылы А.Васильев редакциясымен едәуір толықтырылып, орыс алфавитімен қайта жарияланды.
Кітаптың құрылымы жөнінде «Сөз басында» Ы.Алтынсарин былай деп жазды:
Бұл басылып отырған бірінші кітаптағы мақалалар мынадай тақырыптарға бөлінеді:
1. Балалар өмірінен алынған әңгімелер. Бұлар түрлі орыс хрестоматияларынан, көбінесе, М.Паульсонның хрестоматиясынан алынды.
2. Әр түрлі жинақтардағы адамдар өмірінен алынған әңгіелер.
3. Қазақ ақындарының ең жақсы өлең*жырларынан үзінді.
4. Қазақтың мақал-мәтелдері.
Ы.Алтынсарин оқулығында балаларды қазақтың әдеби мұраларымен ғана таныстыруды мақсат етпеген, ол кітапты басқа әдебиет үлгілерімен де қамтамасыз еткен.
Ол адамзаттың игілікті озық құндылықтарының қазақ қауымының да рухани игілігіне айналуын армандаған, әлемдік қауымдастықты аңсауды кемеңгерлікпен мәдени инетеграцияны сезіне білген.
Ы.Алтынсарин аударған, Л.Н.Толстой, К.Д.Ушинский, И.Паульсон т.б. педагогтардың шығармашылық тәжірибесінде бар құбылыстың кейбірі «Қазақ хрестоматиясының» басылымдарына енгізіліп отырады. Атап айтқанда әйгілі «Азбуканың» авторы Л.Н.Толстой оқулық құрастырғанда таза дидактикалық мақсатта балаларға арнап әлем әдебиетінің үлгілерін сұрыптап өңдеген.
Ә.Дербісалин зерттеуі бойынша «Қазақ хрестоматиясына» енген шығармалардың отыздан астамының түпнұсқасы табылған. «Ы.Алтынсарин жасөспірімдерге адамгершілік рухта тәрбие бере алатын еңбектерді ғана аударды және осы аудармалары арқылы оның қандай нақтылы тәрбие мәселелеріне көңіл бөлгендігін де біле аламыз. Ағартушы аудармаларының негізгі тақырыптары еңбек, адамды сүйе білу, кішіпейілдік, қарапайымдылық, үлкенді сыйлау, жолдасты қадірлеу т.б.болды. Бұлмәселелер Алтынсариннің педагогикалық идеяларының озық сипатын танытады», деген Ә.Дербісалиннің пікірінн Алтынсариннің ұлттық талғам мен адамзаттық құндылықтарды үйлестіре білген, жоғары мәдениетті, аса білімді педагог болғанын аңғарамыз. Алтынсариннің өзі бұл істе көп еңбектенгенің айтады. «Бұл кітапта келтірген әңгімелердің қазақтар үшін ұнамды болуы жағын көздедім. Сондықтан бұл кітапқа енгізілетін әңгімелерді тергенде көп қиыншылықтарға кездестім, әрбір мақаланы әр жағынан ойлап барып қосу керек болды», - дейді. Алайда Алтынсарин орыс тіліндегі мәтін-дерді жөнсіз қазақыландыра бермеген, олардың түпнұсқадағы стильдік ерекшеліктері мен оқиға тартысына байланысты барлық қасиеттерін толық сақтай аударған. Ы.Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясында» халқының әдебиетін мәдени мұра ретінде тани білді, оны жинап бастыруға талаптанып «Хрестоматиясының» екінші кітабында қазақтың төл әңгіме, аңыздарына кеңірек орын беруді ойластырған. Ы.Алтынсарин «Қазақ хрстоматиясына » енгізген ауыз әдебиеті үлгілерін төрт түрге бөліп қарауға болады: аңыз әңгімелер – «Лұқпан әкім», «Таза бұлақ», «Жиренше шешен» т.б ертегілер – «Қара батыр», «Тазша бала» т.б.; эпостық шығармалар – «Қобыланды» және басқа да жырлардан үзінділер, мақалдар мен мәтелдер, жалпы саны – 69. Осыларға қоса сол кездегі қазақ әншілері мен жыршылары шығарған кейбір өлең, айтыстарды да кездестіруге болады. Ы.Алтынсариннің оқулығында өзі жазған қысқа да өнегелі әңгіме, өлеңдер бар: «Кел, балалар, оқылық!», «Өнер- білім бар жұрттар» сияқты өлеңдерінде оқу-өнерге шақырса, «Қыпшақ Сейтқұл», «Киіз үй мен ағаш үй» әңгімелерінде отырықшылық мәдениетті көркем уағыздайды. Ы.Алтынсариннің әңгіме, өлең сияқты шағын көлемді туындыларға көбірек көңіл аударып жазғандағы мақсаты сол кездегі жаппай сауатсыздық жағдайында білім есігін жаңа ашқан қазақ балаларының оқып меңгеруіне дидактикалық тұрғыдан ұсынған жеңілдік деп қарауы еді. Оның әңгімелері, өлеңдері шын мәнінде өз заманында оқулық дәрежесінде қызмет етті.
Ы.Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясында» және басқа да мақалалары мен хаттарында қазақ мектебі тәжірибесінде оқу әдістемесін тұңғыш рет енгізді.Әдістемелік жүйесі 4 буыннан тұрады:
1) материалдарды оқуға балалардың жас ерекшеліктеріне, педагогикалық прогресшіл талаптарға сай сұрыптап енгізу;
2) материалдың орналасу, берілу тәртібі оның тәрбиелік-өнегелік мәндерінен тууы керек және ол оқушыларға оқыту әдістемесін алғашқы болып сөз етеді.
3) оқушының материалды меңгеруде көңіл аударатын мәселелері;
4) оқытушының әрекеттері.
Әрине, Ы.Алтынсарин әдістеме туралы айтқанда белгілі бір оқу бағдарламасына сүйенді деп айта алмаймыз. Ол кеөзде оқулық мазмұны мен оқытудың мақсат-мазмұнын айқындайтын бағдарлама жоқ еді. Ы.Алтынсарин мәселені бағдарлама жасаудан емес, хрестоматия құраудан бастады және оның хрестоматиясы ауыз әдебиетінің, белгілі ақындар өлеңдерінің әлемдік әдебиет үлгілерінен құрастырылған, сонымен бірге өзіне дейінгі хрестоматия жасаудың классикалық тәжірибесін меңгеріп барып құрастырылған оқулық құралы болды, қазақ педагогикасы, қазақ оқу әдістемесі, қазақ оқулығының бастапқы тәжірибесі болды. Ы.Алтынсариннен басталған қазақ педагогикасының желісіндегі ірі тұлға – ұлы Абай еді. Абайдың ағартушылық ойлары туралы Т.Тәжібаев: «Ол не туралы жазса да, әрдайым халық ағарту жөнінде, халыққа өнегелі тәрбие беру жөнінде айтады» - деп тұжырымдаса, ал көрнекті педагог Ә.Сембаев Абай қара сөздері арнайы педагогикалық еңбек болғанымен, онда дидактикалық үрдістер негіздері бар екендігіне назар аударады.
«Абай оқу процесін ұйымдастырудың тиімді дидактикалық принциптерін ұсынды. Онда өтілетін материалды біртіндеп күрделендіру, белгілі нәрседен белгісізге көшу, көрнекті құралдарды және құрғақ жаттау емес, өздігімен ойлануға, түсінуге септігі тиетін нанымды дәлелдерді пайдалану сияқты күрделі ұсыныстары бар» -деп жазды.
Оқу пәндерінін жетекші пәндік критерийлерінің бірі оның білім мазмұнының тәрбиелік,өнегелік мәні болса, қазақ әдебиеті пәнінің білім мазмұнының негізгі құрамдас бөлігі ауыз әдебиеті өзінің тәрбиелік, өнегелік мазмұнымен пәндік сипаттаудың осы негізгі элементтерін бойына сіңірген. Бұл тұрғыдан алғанда пәндік бастаудың бір саласы ауыз әдебиеті отаншылдық, перзенттік сезімге үндеуімен, дүниетанымдық мазмұнымен, ғасырлар бойында ұрпақтан-ұрпаққа рухани қазынаны жеткізген тарихи-шежірелік білімімен ауызекі мектеп қызметін атқарып келді. Бүгінгі ғылым оны «халық педагогикасы» деп атап, дербес ғылым саласы ретінде дәйекті зерттеп,(Қ.Жарықбаев, С.Калиев т.б.) ауыз әдебиетінің ұлттық педагогиканың бір құралы болғанын танып отыр.
Міне, сол әдебиет халықтық ауызек мектептен, Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясынан» бастап оқулық түрінде заттанып, білім мазмұнының құрамдас бөлігі ретінде мектептердегі көркем әдебиет туындыларына, аударма еңбектерге енгізіле бастады. Бұл процесс ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанда демократиялық ағартушылық қозғалыстың даму қарсаңында біршама қарқынды жүрді. Сол кездегі баспадан шыққан оқулықтардың екі бағытта болғаны байқалады. Бірінші бағыттағысы төтенше оқу мектептеріне арналған оқулықтар еді: Н.Нұрбайұлы «Қазақша әліппе» (1910 ж.,Уфа), Е.Закарияұлы «Қазақ әліппесі»,(1910 ж.,Қазақ), М.Малдыбаев «Қазақша жаңа әліппе», (Уфа,1912 ж.), бұл оқулықтар мұсылмандық-имандылық сипатта болды. Екінші бағыттағысы Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» үлгісін ұстанған оқулықтар еді: С.Көбеев «Үлгі тәржіме»,1910 ж.(Крылов мысалдарының қазақша аудармасы), О.Алмасов, Т.Мендешев, К.Бейсембаев ауылдық мектептерге арнап орыс мектептері хрестоматияларын аударып бастырады. Соның ішінде М.Ронгинскийдің жинаған әдеби материалдарының қазақша аудармасы да болған.
Н.И.Ильминскийдің жүйесі бойынша қабылданған 1870 жылғы Халық ағарту министрлігінің ұлттық мектептер туралы бірінші заңы бойынша барлық ұлттық мектептер орыс емес ұлт балаларының орыс тілін меңгеру дәрежесіне қарай 3 категорияға бөлінеді. Бірінші категория мектептерінде орыс тілін меңгергенше алғашқы жылы орыс әрпімен басылған оқулықтар бойынша ана тілінде оқуға рұқсат етілді. Екінші категория мектептерінде оқу орыс тілінде жүргізілді. Алайда ондағы мұғалімдер жергілікті ұлттардың тілін білуге міндетті болды.
Ана тілін орыс тілін меңгергенге дейін ауызекі түсіндіру үшін ғана қолдануға рұқсат етілді. Үшінші категориядағы мектептерде оқу тек орыс тілінде ғана жүргізілді, ана тілін қолдануға рұқсат етілмеді. Ұлттық мектептерді орыстандыру саясаты үздіксіз күшейтіліп отырылды. Бұрынғы ережедегі ауылдық бастауыш мектептердің алғашқы екі жылында ғана ана тіліндегі оқулық бойынша оқытуға немесе оны ауызша түсіндіруге ғана қолдануға рұқсат етілді.
Төңкеріске дейінгі орыс-қазақ мектептері әр түрлі типті болды және олардағы оқу мерзімдері де бөлекше болды. Әр округқа (Астрахань губерниясы,Далалық генерал-губернаторлық, Түркістан генерал-губернаторлық т.б. округтер) орыс-қазақ мектептері үшін әр түрлі өзіндік ерекше ережелер болды. Орыс-қазақ мектептерінде тек Ресейдегі баспадан шыққан оқулықтарды ғана пайдалануға болатын еді. Олардың ішінде негізінен әдеби материалдар орыс әдебиетінен аударылған аудармалар және қазақ әдеби мұраларының үлгілерінен құрастырылған оқулықтар болды. Мысалы: Ы.Алтынсариннің «Қырғыздарды (қазақтарды) орыс тіліне үйретудегі бастапқы жетекші құрал «Қазақ хрестоматиясы» қазақ тілінде басылды; орыс тілінде (материалды жергілікті ұлт тіліне аударып оқыту міндеттелді) А.С.Алекторовтың «Русско-киргизская азбукасы», В.Васильевтің «Букварь для киргиз» деп аталатын оқулықтары пайдаланылды, кейбір мектептер К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстойдың, Н.А.Бобровжиковтың, А.П.Вахтеровтың, Д.И.Тихомировтың осы тектес оқулық құралдары дарық көреді. Онда негізінен әдеби материалдар жинақталған. Сонымен бірге ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанда қазақ балалары үшін 2-3 жылдық ауылдық мектептер, 1 кластық 4 жыл оқитын орыс-қазақ мектептері, 6 жыл оқитын екі кластық орыс-қазақ училищелері ашылды.
Ал оларды оқулықтар мен және оқушылармен қамтамасыз ету де қиындай түседі. Осы кезде мектеп инспекторлығы жұмысында екі ғана қазақ болды. Олар- Алтынсарин (1876 ) мен Ғ.Балғынбаевтар (1906 ) жылы болды. Дәстүрлі мұсылман мектептрінен басқа ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанда татар жазушысы И.Гаспринскийдің негізін салған үлгідегі жәдит мектептері ашыла бастады.
Түркістан, Ақтөбе,Жаркент, Верный,Қазақ т.б. қалалардағы бұл мектептердің дәстүрлі ескі тәсілдік мұсылман мектебінен айырмасы- мұнда мұсылман ілімімен бірге жалпы білім беру көзделді. Мәселен, Мамановтар мен Тұрысбековтердің жаңа әдістік мектебінің оқу жоспарында дін сабақтарының бес түрі, жалпы білім беретін пәндердің 8 түрі болған. Оның ішінде ана тілін яғни қазақ тілін барлық бес жыл бойында үздіксіз оқу көрсетілген. Бұл жоспар аздаған өзгешеліктері болмаса, сол кездегі басқа да жаңа тәсілдік мектептерге тән болған. Жаңа тәсілдік мектептің тез тарауы жаңа оқу құралдарын жасауды қажет етті. Сөйтіп ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстан мектептерін қажетін өтеу мақсатында оқу материалы ретінде орыс әдебиеті шығармаларынан аудармалар қазақ әдеби мұралары үлгісіндегі хрестоматиялық оқулықтар түрінде беріле бастайды. Бұлар әлі ғылыми-педагогикалық жүйеден алыс болса да, сөз жоқ әдебиет пәні оқулығының алғашқы ізденістерден туған үлгі нұсқалары еді, олар кейінде пайда болған әдебиеттік оқулықтар жасау жолындағы тәжірибе ретінде де маңызды болып табылған әдеби білімнің мазмұнын құрудың бастамасы болды.
Қазақ әдебиеті пәнінің әдеби –білім негіздері, әдістемелік ой-санасы ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ баспасөз беттерінде тарихи-әлеуметтік қажеттіліктің тілі негізінде қоғамдық пікірде көрініп құрылып жатты. «Айқап» журналы, «Қазақ» газеттері ағартушылық идеялар көрігі болды. Мәселен, «Айқап» журналы оқулықтар, өлең кітаптары қазақ тілінң тазалығы, басылып шыққан халық ауыз әдебиеті жинақтары туралы рецензия, сын мақалаларды көптеп жариялады, бұның өзі әдеби-теориялық ой-пікір қалыптастыруда жетекші ұстаным болды. Журналдың айрықша көңіл аударған мәселелерінің бірі- қазақ тіліндегі оқулықтарға талап-тілектің күшейтілуі еді. ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ тілінде жарық көрген М.Нұрбаевтың «Қазаша әліппе», «Ғалия» медресесі шәкірттері шығарған «Әліпп» яки төте оқу, Қ.Қожықовтың «Әліппе», А.Байтұрсыновтың «Оқу құралы», М.Малдыбаевтың «Қазақша ең жаңа әліппе» атты оқулықтары жан-жақты талқыланды. Оқулықтардың педагогикалық сипаты балаларға түсінікті жазылу тұрғысынан бағаланды, таза қазақ тілінде талап етілді. Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясын» үлгіге ұсына отырып, олар прогресшіл озық-әлемдік сыншылдық-ғылымдық ой-пікірмен сабақтасып жатты. Жалпы қазақ мәдениетінің даму тарихындағы сияқты қазақ әдебиеті әдістемесінің бастауларының қалыптасуына ХХ ғасырдың бас кезінде елеулі қызмет атқарған ағайынды Каримов баспаханасында, осыған үндес оқу құралдары жарық көрді. Мәселен, 1913-1914 жылдары сол Қазан қаласындағы ағайынды Каримов баспаханасынан көптеген педагогикалық жарияланымдар шыққан. Соның ішінде Омар Қарашевтің «Бала тұлпар», «Аға тұлпар»; Иманғали Бейсенұлының «Әдебиет өрнегі», Тайыр Жомартбаев «Балаларға жеміс», Кенжеғали Абдоллаұлы Сырғалиннің «Қазақ балаларына жәрдем», Ахмет Байтұрсыновтың «Әліппе» т.б. жазған оқулықтар болған. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында Қазақстанда Совет үкіметін орнату, орнығу процесінің күрделілігі, соған байланысты халық ағарту жүйесіндегі қиындықтар, әдеби және мәдени мұраларға, ұлттық рухани қазынаға түбірімен басқа да көзқарас салдарынан туған әдебиет тарихын сұрыптау ,әдеби өнімдер беру ісіндегі өлшемдер құбылмалылығы сияқты саяси-экономикалық, әлеуметтік дағдарыс-күйзелістері әсерінен әдебиет пәнінің пән ретінде қалыптасы кезеңі де кешеңдеді. Мектептегі сабақтар аты белгілі, таптық позициясын әкімшіліктер анық деп тапқан аздаған ақындардың жекелеген өлеңдерін оқытумен шектелді. Бұл әңгімеге көңіл аударып отырғанымыз- тарихи жолымызды ғайбаттау немесе айыптау емес, зерттеу мәселесі қазақ әдебиеті пәнінің қалыптасу процесінің тарихи негізін айқындау ниетінен туып отыр. Ал тарихты ешкім де мойындамай, елемей өте алмайды, керіснше тарих-алдағы дамудың ілгерілеу бағытында бағдар болып тұратын темірқазық болып табылады. 1920 жылғы 26 августа (тамыз) Бүкілроссиялық Орталық Атқару Комитеті мен РСФСР Халық Комиссарлары Советінің РСФСО құрамында Қазақ Автономиялық Советтіке Социалистік Республикасын құру туралы қаулысы қабылданды. Ендігі жерде Қазақстандағы Халық ағарту ісі де, мектептердегі оқу-тәрбие ісі Советтік саясаттан туындап отырды. Мектеп коммунистік идеологияны ұрпақ санасына егу институтына айналды. Бұл-тарих.
В.И.Лениннің «Біздің мектеп саласындағы ісіміз де сол буржуазияны құлату жолындағы күрес; саясаттан тыс мектеп деген өтірік және екіжүзділік екенін біз ашықтан-ашық мәлімдейміз», - деген тұжырымдамасы оқу бағдарлама мен оқулықтардың, оқу әдістемелік құралдардың, мектептегі оқу-тәрбие ісінің мазмұнын бағыттады. 1918 жылы Москвада болған интернационалист мұғалімдердің Бүкілроссиялық бірінші съезіндегі В.И.Лениннің «Жаңа педагогиканың міндеті- мұғалімдердің қызметін қоғамды социалистік жолмен ұйымдастыру міндетімен байланыстыру»,- деген сөзі содан кейінгі 70 жыл бойында Кеңес мектебінің сипатын белгілеп берді.
Қазақстандағы халық ағарту ісі де қайта қаралып, 1918 жылғы 1 Қазаннан бастап барлық бастауыш және жоғары бастауыш училищелер, діни мектептер мен медрселер, төменгі және орта дәрежелі оқу орындары біріңғай Кеңес еңбек мектебі болып қайта құрылды. Олардың бәрі Халық Ағарту Кмиссариаты қарамағында берілді.
1917-1918 жылдары Қазақстанның мектептерінде балалар ескі оқулықтар, оқу жоспары мен ескі бағдарлама бойынша оқытылады, жаңа оқу жоспары болғандықтан оларды жасап алу жер жердің өз еркіне берілді, тіпті қазақ мектептерінде қазақша сауап ашу әліппелері де болмады. Солай болса да қазақ мектептерін ашу ісі өрістей берді. 1914-1915 оқу жылында қазақ оқушылары барлық оқушылар қатарында 7,5% болса, 1920-1921 оқу жылында 21,7%-ке жетті. 1-5 сыныптардағы қазақ оқушыларының проценті үш есе дерлік көбейді.
1925-1926 оқу жылына қарсы Қазақстанда біріңғай екі басқышты еңбек мектептері қалыптасқан, оның түрлері мынадай болды; мектеп-коммунерлер, ересек балалар мектебі, бастауыш мектеп-коммунерлер, ФЗО, шаруа жастар мктебі т.б. Олар РСФСР Халық Ағарту Комиссариаты 1921 жылы шығарған «Біріңғай жетіжылдық еңбек мектебінің» бірінші және екінші басқыштарының бағдарламаларын жасауды қолға алды. 1923 жылы жасалынған Біріңғай еңбек мектебінің I, II, III және IV жылғы оқуының жаңа бағдарламаларын пайдаланды. Тек 1924 жылы ғана Қазақстанның Халық Ағарту Комиссариатының білім Орталығы қазақтың төрт жылдық мектептері үшін уақытша бағдарлама жасады.
Пәндік жүйемен құрылған бұл алғашқы Қазақстандық бағдарлама қазақ тілінің ауқымына ауызекі сөйлеу тілін дамыту, кітап оқу жазу және граматика еңгізілді, сонымен бірге бұларды ана тілінің барлық сабақтарында төрт жыл бойы өту тиіс болды. Сөйтіп 1925-1930 жылдарға дейін қазақ мектеғптері ана тіліндегі оқулықтарсыз, оқу құралындарсыз жұмыс істеді.
1925 жылы Н.К.Крупскаяның басқаруымен Мемлекеттік Ғылыми Кеңес ұсынған «комплексті бағдарламалар» шығуы қазақ мектептерінде әдебиет пәнінің жеке оқу пәні болып қалыптасуын біраз жылдарға шегеріп тастады. Россия мектептерінде де дербес пән болып оқытылатын әдебиет пәні даралық сипатынан айырылып қалды. Әдебиет «қала», «деревня», «капитализм және жұмысшы табы» т.б. сол сияқты қоғам танытушы кешенді тақырыптарға дәйектеме, иллюстрациялық құралдарға айналдырылды.
1928 жылдары ғана Қазақстанға жеткен бұл «комплексті бағдарламалар» бойынша оқыған балалар сауат ашу дәрежесінен аса алмады, елдегі қоғамдық өзгерістер туралы әңгіме – негізгі нысана болды. 1929 жылы қаңтардан бастап латын алфавитіне көшу қосымша проблемалар тудырды, атап айтқанда, қазақ мектептері ана тіліндегі оқулықтарсыз, оқу құралдарынсыз жұмыс істеді, қазақ мектептерінің оқушыларына екі бірдей әліппені (орыс, латын) үйренуге тура келді.
Латын әліппесін қолдану ана тілін үйретуге де ешқандай жеңілдік келтірмеді.
Бұрынғы Одақ көлемінде 1931 жылғы «ФЗО бағдарламаларының жаңа проектісі бойынша сыныптық сабақ жүйесінің орнына бригадалық еңбек топтары тәсілі формасына көшу- мектептің дамуына әсерін тигізіп, Қазақстанда оқу пәндері әлі айқындала қоймаған шақта тоқырау туғызды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: Әдебиетті оқыту әдістемесінің тарихы
Б.Д.Жұмақаева «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» Оқулық «Қыздар университеті» баспасы Алматы, 2015