3.4 Бағақалыптастыру стратегиясының түрлері
Баға стратегиясының негізгі түрлеріне төмендегілер жатады:
Жоғарғы баға стратегиясы. Бұл стратегияның басты мақсаты — өндіріліп, шығарылып отырған жаңа тауар өте құнды болғандықтан, ол үшін бірқалыпты нарықтық бағадан жоғары төлеуге дайын сатып алушылардан «қаймағын сүзіп алу» жолымен үстеме пайда табу.
Орта баға стратегиясы (бірқалыпты бағақалыптастыру). Тауардың өмірлік циклының құлдырау фазасынан басқа барлық кезеңінде қолданылады, пайданы ұзақ мерзімді перспектива ретінде ұстанатын фирмаларға тән.
Төменгі баға стратегиясы (нарыққа ену стратегиясы) тауардың өмірлік циклының кез келген фазасында қолданыла алады. Бұл стратегия баға бойынша сұраныс икемділігі өте жоғары болғанда тиімді болып табылады.
Кешендік сатуды ынталандыру стратегиясы (шығындық лидер) тауар бірлігін сатуда қолданбай, бір тұтастай сатқанда қолданылады. Сатудың шығындық лидері – фирма өзінің басқа да тауарларын өткізу мақсатында сатып алушыларды тарту бойынша фирманың минималды пайдамен өткізілетін тауары.
Қосымша тауарлар стратегиясы сатып алушылардың көңілін аудару үшін жарнамалық іс-шара болып табылады. Бұл жағдайда фирма негізгі тауарға қосымша бұйымдар жинағын ұсынады, тұтынушы «қаныққан» тауарды сатып алуға тоқтам жасайды. Бұл стратегияның қиындығы, баға құрамына стандарттық жинақталым ретінде нені қосу керек, ал қосымша ретінде не ұсыну керек екендңгңнде.
«Лидер соңынан еру» стратегиясы. Олигополиялық нарықта жиі қолданылады. Бұл жағдайда нарықтағы үлесі ауқымды болып табылатын фирмалардың бірі жабдықтаушылармен жариялы емес түрде негізгі лидер болып табылады.
Мәртебелі баға стратегиясы өте жоғары бағамен сатылатын тауарларды және тауар маркасы мен тауар сапасына ерекше көңіл аударатын нарық сегменттерін қарастырады. Бұл стратегия фирма және оның тауарларының жоғарғы мәртебелілігі болған жағдайда және минималды бәсекелестік шартында мүмкін болады.
Шығындық көзқараспен байланысты тауарлар бағасының статегиясы. Тауарлардың өндірілуі шығындық көзқараста қарастырылады, егерде тауар бірлігінің өндірілу көлемінің өзгеруі басқаларының өндірісінің өзгеруімен қатар болса. Бұл негізгі өнім өндірісі үдерісіндегі жолай өндірілетін қосалқы тауарларға байланысты.
Сұраныс көзқарасымен байланысты тауарлар бағасының стратегиясы. Тауарлар өзарабайланысты болады, егерде олардың біреуінің бағасы екіншіге әсер етсе. Бұл бір тауар екінші тауарды алмастыратын дәрежеде болған шартта мүмкін болады.
Баға бекітудегі қызметтерді үйлестіру стратегиясы. Ол екі жағдайда пайда болады: баға бойынша шешімдерді қабылдаужәнен қатарлас баға саясатын жүргізу. Кейбір елдерде баға бойынша мәлімелерді жасасу заңмен тиым салынған, сондықтанда фирмалар екінші жағдайға ұмтылады.
Бағалық дискриминация стратегиясы. Фирма тауар мен қызметтерді оларды өндірудегі шығындарына қарамай әр түрлі бағамен сатады.
«Байланыстырылған бағақалыптастыру стратегиясы». Бұл стратегияны қолдану кезінде тауар бағасы мен оның шығындары тең болатындай соммадағы тұтыну бағасына бағдарланып бекітіледі.
«Өзгермейтін баға» стратегиясы. Фирма ұзақ мерзім бойында өзгермейтін бағаны сақтау мен бекітуге ұмтылады, өйткені өндіріс шығындары өзгеретін жағдайда фирма, баға саясатын қайта қарастыру орнына, тауар құрамы мен қорапталыну мөлшерін, сыртқы бейнесін өзгертуге тырысады.
Нольмен аяқталмаған немесе психологиялық баға стратегиясы – нольмен аяқталған соммаға қарсы бағаның қандайда бір төмендеуі. Тұтынушыларда фирма өз бағасын терең талдап, оларды минималды түрде орнатуға тырысады деген пікір қалыптасады.
Бағалық жолақ стратегиясы бір атаудағы тауардың әр бағасы сапаның белгілі бір деңгейін анықтайтын баға диапазонын айқындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |