Реферат тақырыбы: Бруцеллезде сойыс өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау Орындаған: Тексерген



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата19.12.2023
өлшемі181.29 Kb.
#487025
түріРеферат
  1   2   3   4   5
Google



ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Ветеринария факультеті
Ветсансараптау және гигиена кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Бруцеллезде сойыс өнімдерін ветеринариялық санитариялық
сараптау
Орындаған:
Тексерген:
АЛМАТЫ, 2017 ж.
1


Жоспары:
I. Кіріспе...............................................................................................3
II. Негізгі бөлім
1. Бруцеллез және оның қоздырушысы.........................................4
2. Бруцеллез кезінде сойғанға дейінгі диагностика.....................5
3. Бруцеллез кезінде сойғаннан кейінгі диагностика...................6
4. Бруцеллез кезінде сойыс өнімдерінің санитариялық
бағасы...................................................................................................7
III. Қорытынды...................................................................................9
IV. Пайдаланған әдебиеттер............................................................10
2


І. Кіріспе
Бруцеллезбенауылшаруашылығы малдарының бәрі де ауырады.
Қоздырушысы - қой мен ешкiде – мелитензис, шошқада – суис, iрi қарада –
бовис деп аталатын бруцеллез бактериясы. Адамды осы қоздырушылардың бәрі
де зақымдайды деп есептеледі. Алайда өте қауiптiсi қой мен ешкi бруцеллезiнiң
қоздырушысы – мелитензис. Қоздырушы түрлерiнiң бiр түлiктен екiншi түлiкке
ауысып отыруы мүмкiн. Демек, мелитензис қой мен ешкi сүтiнде ғана кездесiп
қоймай, сиыр сүтiнде де болуы ықтимал.
Адамның бруцеллезбен зақымдануының 45-80%-тi бруцеллез
қоздырушысымен зақымданған сүт пен сүт өнiмдерi арқылы жүреді.
Салқындатылған сүттiң iшiнде бруцеллез бактериясы 60 күн, қышқылдығы
кілегейде – 10 күнге дейін, сары майда -67 күнге дейін, iрiмшiкте (сырда) 42
күнге дейiн қышқылдығы 120-140
0
Т қымызда 3 күнге дейiн өмiр сүредi. Сүттi
60
0
С температурада 30 мин бойы пастеризациялау бруцеллез бактериясын
өлтіреді.
Бруцеллез мал сүтi 5 минут қайнатылады немесе күйдірілген май
дайындалады. Серологиялық реакциясына оң нәтиже бергенмен, аурудың
клиникалық белгiсi бiлiнбеген мал сүтiн 70
0
С ыстықта-30 мин пастеризация
жасағаннан кейiн тағамға пайдаланады. Аурудан таза емес фермалардағы
реакция бермеген сиырлардың сүтiн сеператордан өткiзедi және осы
шаруашылықтың өзiнде пастеризация әдiсiмен залалсыздандырады. Сүт
қабылдайтын пункт, сүт зауыты немесе май зауытына тек қана пастеризациядан
өткен кілегей шығарылады.
Бруцеллез ауруы бар шаруашылықтарда қой мен ешкiнi саууға тиым
салынады. Ауру мал жойылады. Вакцина егілген малдан алынған сүт,
табындағы сиырдың соңғы түсік тастап, сол сиырды табыннан шығарғаннан
кейінгі 6 ай бойы пастерлейді. 
3




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет